АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ГЛОССАРИЙ 2 страница

Читайте также:
  1. DER JAMMERWOCH 1 страница
  2. DER JAMMERWOCH 10 страница
  3. DER JAMMERWOCH 2 страница
  4. DER JAMMERWOCH 3 страница
  5. DER JAMMERWOCH 4 страница
  6. DER JAMMERWOCH 5 страница
  7. DER JAMMERWOCH 6 страница
  8. DER JAMMERWOCH 7 страница
  9. DER JAMMERWOCH 8 страница
  10. DER JAMMERWOCH 9 страница
  11. II. Semasiology 1 страница
  12. II. Semasiology 2 страница

Өз заманының әрі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог – жазушы, қазақ балалары үшін дүниетанымдық ғылымдар негізін оқытатын алғашқы білім ордасын ашушылардың бірегейі – Ыбырай Алтынсарин екені белгілі жайт. Қазақ елін қараңғылықтан алып шығып, көкірек көзін ашқан, халық рухының қамқоршысы болған Ыбырай Алтынсарин еңбегінің жалпы қазақ мәдениетінде алатын орны ерекше. Ал педагогика тарихы мен оқыту жүйесінің шежіресінде бұл есім алтын әріптермен жазылады. Жастарға өмірлік оқудың есігін ашып, өнер-білімнің алғашқы бастаушы бола білген Ыбырай Алтынсаринның алғашқы қадамы 1861 жылы Торғай даласында келіп, мектеп ашудан басталады. Жергілікті орындардағы жағдай әкімшіліктің қарсылығына ұшыраған алғашқы бастама сәтсіздеу болады. Бірақ Ыбырай ел ішінде жүріп мектептің пайдасы мен болашағы,н түсіндіре жүріп, өз үйінде 4-5 баланы оқытып, жаңа мектеп ісінің әуелгі кірпішінің қалайды, негізін салады. Алғашқы мектеп Торғайда 1964 жылы ашылады. Онда он төрт қазақ баласы оқуға келеді. Мектеп бағдарламалары уездік училищелердің оқу жоспары және оқу бағдарламаларымен жұмыс істеуге тиіс болды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметінде тағайындалады. Бұның өзі ұстаз – ақынның барлық қайрат –жігерімен қызмет істеуіне мол мүмкіндік береді. 1879 – 1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде - Торғайда, ырғызда, Троицкіде, Ақтөбеде жаңа мектептер өз оқушыларын қабылдайды. 1883 жылы Торғай қаласының өзінде қолөнер мектебі жұмысын бастайды. Бұл мектеп қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болады. 1886 жылы Ы.Алтынсариннің тікелей қатысуымен Орынборда қазақ мұғалімдер даярлаудың нағыз орталығына айналды.

Ыбрай Алтынсариннің негізгі прогресшіл оқытушылық көзқарасының қалыптасуына К.Д.Ушинскийдің пдагогикалық идеялары көп әсер еткені туралы зерттеушілер талай рет жазған еді. Оның ұйымдастырған орыс-қазақ мектептерінің түрі қазақ халқының әлеуметттік тұрмыс жағдайына сәйкестендіріледі. Сондықтанда мұндай мектептер ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақ даласының көпшілік аймақтарында ашылды. Бірақ сол кездегі патша өкіметінің саясаты мектептің кең тынысы жұмыс істеп, халық ағарту ісімен айналысуына толық мүмкіндік бере қоймайды.

Қазақ даласында ашылған мектептерде Ыбырай Алтынсарин қаламынан 1879 жылы шыққан «Қазақ хрестоматиясының» маңызы мен ролі ерекше болды. Еңбектің алғы сөзінде ұлі ұстаз былй деп жазады: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізге тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың мектепте тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім».

Ел өмірімен жете таныс, қазақ өмірінің күнделікті тіршілік тұрқын жақсы білетін Ыбырай үшін кез келген тәрбиелік мәні бар нәрсе қалтарыста қалмады. Сондықтан да ол былай деп жазады: «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына, мысалы құрғақ жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білем».

Арқаның Қарқаралы өлкесінде Құнанбай қажы мешітінде үлкен медресе жұмыс істегені белгілі. Онда сабақ береген ұстаздардың көпшілігі Уфадағы «Ғалия» медресесінің түлектері болған. Өз кезінің нәзирагөй ақындарның бірі, қазақтың мақал-мәтелдерін алғашқылардың бірі болып жинап бастырушы Кашафуддин Шахмарданұлы осы медреседе ұзақ жылдар бойы дәріс берегн. Қазақ тілінде көптеген кітаптар шығарған. Қазақ балаларына аранапЫбырай Алтынсарин жазған «Кел, балалар, оқылық» өлеңін өзінше толғап, ұзақ өлең шығарады. Халықты өнер білімге, ислам дініне насихаттауда көп еңбек сіңіреді. 1897-1898 жылдары Кашафуддин Шахмарданұлы 20-дан астам ктап бастырып шығарып, халық арасына таратады. «Махулат», «Маизурат», «Әдепті бала», «Ахуал» сияқты жинақтарының халық арасында ағартушылық идеяны жүзеге асырудағы маңызы ерекше болады.

Ғасыр басындағы қазақ халқының оқуға, білімге деген сұранысына сәйкес көптеген оқулықтар орыс тіліненен аударылып та басылып жатты. Орыс тіліндегі әдебиеттердің үлгісімен қазақ халқының өз арасынан педагогикалық жинақтар, оқулықтар жарық көрді. Айталық, 1907 жылы Қазан қаласында А.Жандыбаевтың «Жас ғұмырым», А.Мәметұлының «Әбрият», К.Ғ.Сырғалинның «Өнеге» атты шығармалары қазақ тілінде шыққан тұңғыш оқу құралдарының үлгісі саналады. Зертеушілердің пікірінше, осындай еңбектердің ішінде қазақ тілінде шыққан тұңғыш оқу құралы ретіндегі «Әбрияттың» ролі мен маңызы ерекше. 30 беттен тұратын шағын еңбекте сабақ оқытудың жолдары көрсетіледі. К.Сырғалинннің «Өнегесінде» ата анаға көзқарас, ауыл-аймақ, көрші-қолаңмен қарым-қатынас жасаудың реті туралы айтылып, тәрбиенің педагогикалық, дидактикалық қырлары қамтылады. Мұғалімнің ролі, әліппені оқудың, оқытудың жайы туралы, төте оқудың мазмұны сияқты әлеуметтік-педагогикалық пікірлер келтіріледі.

Қ.Сырғалинның «Қазақ балаларына жәрдем» деген оқулығы 1913 жылы Қазан қаласынана басылып шығады. Бұл оқулықтың маңызы балаларға әріптерді талдап көрсетіп, әріптердің жазылуы мен мағынасына толық түсінік береді. Әріптерді бір – бірлеп оқығанда сөздің басында, аяғында жазылғанда қандай мағына беретіндігін анықтайды. Оқытудың дидактикалық талаптарына сәйкес, сөз мағынасын оқушыға жақсы түсіндіріп беруге назар аударды. Оқулықтың негізгі принципі – балаларға таныс заттарды көрсете отырып, ол заттың таныс емес қасиеттерін айту, көрнекілік әдісі арқылы бірте-бірте табиғатта бар нақтылы заттарды таныту.

М.Қашимовтың «Әдеп», «Ақыл кітабы» атты оқулықтары да қазақ балаларын сауаттандыру ісінде елеулі рөл атқарды.

Осылайша ұлы далада оқу-ағарту ісі баяулап болса да дамып келе жатты. Ресми мәліметтерге қарағанда 1916 жылы қазақ училищелерінің саны 600 –ге жетті, онда барлығы 19 мың бала оқыды. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер қатарында Спандияр Көбеев, ағартушы Ахмет және Әбуғали Балғынбаевтар, С.Мендешев, Ғ.Бабин,А.Құдайбергенов т.б. халық ағарту ісіне өз үлестерін қосты.

Орыс-қазақ мектептерінің саны аз болса да, қазақ хлқының мәдениеті мен оқу ағарту ісінің дамуында айтарлықтай үлкен үлесі болғанын айту парыз. Мұндай мектептерде болашақ дәрігерлер мен оқытушылар, жазушылар мен ақындар, жалпы қазақ қоғамының алғашқы зиялы азаматтары білім алып, тәрбиеленіп жетілді 1914-1915 оқу жылында жалпы білімберетін 2006 мектеп болды, онда барлығы 105,1 мың оқушы оқып,білім алды.

Қазақстанда оқу- ағарту ісінің шыңдап дамуы, алға басуы кеңес өкіметі кезеңінде бастағаны анық. Қалай десек те, Қазан революциясы Ұлы далаға ұлы дүбір, толағай табыстар әкелгенін айту парыз. Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінде РСФСР халық комиссарлар кеңесі мен халық ағарту комиссарияты жаңа мектеп құру жөнінде бірнеше құжаттар қабылдайды. Соның ішінде аз ұлттардың тілінде мектеп ашу жөнінде арнаулы қаулы қабылданады.1918 жылы 21 қаңтарда «Шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден бөлу» жөніндегі декрет қабылданады. Ал осы жылдың 16 қазанында «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже» шығады. Бұл құжаттардың сол кезеңдегі оқу-ағарту орындарын құру және оның бағыттарын белгілеудегі маңызы мен ролі ерекше болған.

1919 жылы 26 желтоқсанда «РСФСР халқының сауатсыздығын жою» туралы декрет шығады. Бұдаң соң елде түгелдей сауатсыздықты жою күресі басталып кетеді де, жер-жерде «Қызыл отау», «Қызыл бұрыштар» құру ісі басталады. Қазақстанда бұл жағдай 1921 жылы «Сауатсыздықты жою жөніндегі арнаулы төтенше комиссия» құрылғаннан кейін жүзеге аса бастайды. Қызу да қарқынды жүргізілген жаппай сауаттандыру ісінің нәтижесі ресми түрдегі мәліметтерде былайша сараланады. 1930 жылғы мағлұматтар бойынша ерлердің 95,2 пайызі әйелдердің 66,3 пайызы хат таныған (Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықтама,Алматы, 1980, 396-бет).

Алғашқы кездегі мектептің жалпы сипаты екі сатыдан тұрды. Бірінші сатыдағы мектептер бір жылдық, екі жылдық, үш жылдық және төрт жылдық болып бөлінді. Екінші сатыдағы мектептер жеті жылдықтан жоғары болды. 1920-1921 оқу жылдарында мектепте барлығы 144 мың бала оқыды.

1931-1940 жылдары Қазақстанда мектепте біім беру ісі ерекше қарқынмен жүргізіледі. 1930 жылы «Жаппай міндетті бастауыш білім беру», 1931 жылы «Бастауыш және орта білім туралы» қаулылар шығады. Бұл қаулылар мектеп санының өсуіне ондағы оқу сапасының жоғарлауына ерекше ықпал етеді. Енді екі – үш жылдық мектептер төрт жылдық бастауыш мектеп болып қайта құрылады. Егер 1930 жылы мектеп жасындағы балалардың тек 22 пайзы ғана мектепке барып сауаттарын ашса, 1937 жылы олардың 96 пайызы мектеп мектеп табалдырығын аттайды. Заман ағымында күрделі де қасіреті мол оқиғалар болып жатты, дегенмен мектепте қазақ жастарын оқыту ісі осылайша ілгері қадам басты. Кеңес мектептеріндегі оқыту ісінде жүргізілген саяси бағыт пен көзқарас туралы әңгіме өзінше бөлек тақырып. Қалай болғанда да, мектептің саны мен сапасының өсіп - өркендегені тарихи факт.

Аталған кезеңде мектеп үйлерін салу мен оның материалдық базасын жақсартуға да көп көңіл бөлінеді. 1933 жыл мен 1939 жылдар арасында 280 мың орындық 2614 мектеп үйі мемлекеттің қаржысының есебінен салынады. Мектептегі оқулар негізінен ана тілінде жүргізіледі. 30- жылдары мектептегі барлық пәндер бойынша оқу бағдарламалары бекітіледі. Көптеген оқулықтар жазылып, жарық көреді. Орыс тілінің пән ретінде оқытылуына ерекше мән беріледі.

 

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Елдің рухани өркендеуі, мәдениетінің биіктігі немен байланысты?

2. ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу – ағарту ісі қалай қалыптасқан?

3. Профессор Мекемтас Мырзахметовтың «Әріптер неге өзгерген» деген мақаласында не жазылған?

4. «Букварь для киргиз» - «Қырғыздар үшін әліппе» оқу құралының авторы

5.

Әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.

5. Жиенбаев С. Сауат мектебінде ауыз бен жазба сөзге үйрету // Ауыл мұғалімі, 1935. - №6.

6. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. – 6-8 б.

 

№3 Дәріс: Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері.

Мақсаты: Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлерімен танысу. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы алатын рөлін көрсету

1850 жылы Орынбор қаласында қазақ балаларына арналып 7 жылдық мектеп ашылды. Бұл мектепке Ыбырай Алтынсарин 9 жасында түсіп, оны 1857 жылы өте жақсы деген бағамен бітірді. Жаңа ашылған мектепке 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ыбырай оқуға түсті. Жергілікті өкімет орны оқушы қазақ балаларына өзгеше түрлі киім кигізіп, қазақша тамақ астыртып жүргендегі мақсаты – патша өкіметінің өрескел реакцияшыл саясатын бүркеу еді. Балалар мектепте орыс тілі, кеңсе қатынас хаттарын жазу үлгілері, есеп, татар тілі сияқты пәндерді және мұсылман діні сабағын оқыды. Балалар жұма күні намаз оқуға міндетті болды. Жас болғандықтан олар ораза ұстаудан босатылды. Патша өкіметі прогрессивтік дамуға көлденең тұра алмады. Оқушы балалардың ішінен прогрессивтік бағытқа еліктегендері де болды, бұл жөнінде әсіресе Ыбырай өзінің құрбыларынан озат шықты. Мектепте оқып жүрген кезінде Ы. Алтынсаринге Орынбор қаласында тұратын орыс демократтарының әсері болды. Ыбырай ұлы орыс мәдениетіндегі жетістіктермен әсіресе орыс әдебиетіндегі озат жетістіктерімен танысуға ынтызар болды. Ол сабақтан қолы босаса-ақ орыстың ұлы ақындары Пушкиннің, Лермонтовтың көркем сөздің Гогольдің тағы басқалардың шығармаларын мейлінше құмарланып оқыды. Олардың шығармаларын оқумен қабат, Ыбырай Орта Азия халықтарынан шыққан Фердауси, Низами, Наваи сияқты белгілі ақындардың да шығармаларымен танысты. Ы. Алтынсарин көркем шығармаларды, тарих, философия пәндері кітпртарын сол кезде Орынбор погран комиссясында қызмет істейтін белгілі ғалым В. Григорьевтің жеке кітапханасынан алып оқып, бірте-бірте білімін арттырды. Ы. Алтынсарин орыс тілін жете білген кісі. Ол шығыс халықтарының тілдерінен де толық хабары болған адам. 1857 жылы мектепті бітіргеннен кейін, Ы. Алтынсарин халық ағарту майданында қызмет істеуді мақсат етті. Бірақ, бұл мақсатына Ыбырай бірден жете алмады, себебі бұл кезде Қазақстанда ғылым жоқ болатынды. Сондықтан 1860 жылы ол Орынбор облыстық басқару мекемесіне тілмаш болып кіріп, сонда аз уақыт қызмет істеді. 1861 жылы Орынбор облыстық басқару мекемесі, Ыбырайдың тілегі бойынша Торғай және Ырғыз қалаларында қазақ балаларына арнап бастауыш мектептер ашуға рұқсат етті. Торғай қаласында бастауыш мектепті ашуды онымен бірге оқып, 1857 жылы Орынбор қаласындағы қазақ балалары үшін ашылған мектепті бітіріп шыққан Шаһназар Құлыбековке жүктеді. Бұл мектептерді ашуға өкімет тарапынан қаражат берілмеді және жергілікті өкімет орындары да ешқандай көңіл аудармады, жәрдем көрсетуден бс тартты. Ы. Алтынсарин тәуекелге бел байлап, өз бетімен мектеп ашу дайындығына кірісті. Мектеп ашуға дайындық жұмысы 3 жылға созылды. Бұл уақыттарда Ыбырай үйінде қарап жатпады. Бір жағынан ол Торғай бекінісі бастығына тілмаш болып қызмет істесе, екінші жағынан елден 3-4 бала жинап алы, өз үйінде оларды оқыта берді. Сөйтіп, уақытты бос өткізбей, мұғалімдік тәжірибесін арттырды. 1864 жылы 8 қаңтар күні көптен бері күткен халық мектебі ашылды. Ыбырай маңайындағы елдерді тұтас шақырып, жаңа ашылған бастауыш мектептің құрметіне той істеді. Ол балаларға сабақты өте қызғылықты, түсінікті етіп берді. Жеделдігі, зиректегі арқасында Ыбырай оқыту әдісін қызмет бабында, сабақ беру барысында үйреніп, бірте-бірте оның дидактикалық көзқарасы тізілді. Ол оқу процесін күнделікті өмірмен ұштастыруды көздеп, оқушы балалар мектептен білім, тәрбие алатын болса, олар өмірден қоса оқып, тәлім алатын болсын деді. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсариннің ұлы ағартушылық қызметінің алғашқы қадамы және оның саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптаса бастады. Ы. Алтынсарин белгілі тарихи кезеңде өмір сүрді. 1861 жылғы шаруалар ережесін қабылдағаннан кейін, патша өкіметі әр түрлі жергілікті өкімет орындарын, мектеп жұмысын, сот орындарын қайта құру жөнінде ережелер шығарды. Ы. Алтынсарин ру таласын және басқа да түрлі өрескел сорақылықтарды қоздырушы сұлтанда, ірі байлар Ыбырайдың үстінен әлденеше рет Орынбор оқу округіне, Торғай облысының соғыс губернаторына және ішкі істер министрлігіне арыздар берді. Ы. Алтынсарин байлардың жауыздықтарына қарсы күресті тоқтатпады, қайта күшейте түсті.

Ы. Алтынсарин Қазақстанда ұлы ағартушылық идеясын қалың халық бұқарасына тарататын, сөйтіп, оны ілгері алып бара алатын кадрлар даярлауды ірі мақсат етіп қойды. Мұндай кадрларды ол тек азаматтық халық мектептері арқылы ғана дайындап шығаруға болатындығын ұғынды. Ы. Алтынсарин Қазақстанда халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны жолға қоюды, оған дұрыс бағыт беруді үлкен арман етті. Халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны ілгері алып бару үшін алғашқы кезде «түгел беріліп, халықты сүйетін, мен сияқты қазақ керек»,- деп жазды ол. 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалды.

Ы. Алтынсариннің аса көрнекті тарихи еңдегінің бірі – ол тұңғы рет Қазақстанда азаматтық халық мектептерін ашты, сол мектептреде орыс тілін және қазақтың ана тілін жеке пән етіп енгізіп, оны оқушы балаларға білім жолымен үйретті, азаматтық мектептерді патша үкіметінің реакцияшыл миссионерлік саясатына да, реакцияшыл ислам дініне де қарсы ұстай білді. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин бұл идеяны өзінің шығармаларын да дәріптеді, іс жүзінде де асыруға жедел кірісті. Оның ашқан мектептері қазақ даласына ұлы орыс халқының демократияшыл озат мәдениетін тарататын тіректі пунктке айналды. Алтынсарин ағартушылық жұмысын іске асыруда талай қиыншылықтарға кездесті, оған ағарту жұмысын тыңнан ұйымдастыруға тура келді. Торғай облысының бас қаласы Орынбор болды. Барлық облыстық мекемелер сонда тұрды. Ал Ы. Алтынсарин облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалғаннан кейін, үш жылға жуық Торғай қаласында тұрып, одан соң Қостанай қаласына көшіп барды, сонда тұрып облыста ағарту жұмысын басқарды. Ол Қостанай қаласына үш шақырымдай жерде, Тобыл өзенінің иініңде, бір кішкене көлдің жағасында, өз қаражатымен үй салдырып, сонда тұрып, инспекторлық қызмет атқарды. Өзінің өлер шағында, сол үшін орыс-қазақ мектептерінде істейтін мұғалімдерге бағыштады. Ол үй келешекте демалыс үйіне айналды. Ал 500 десятинадай өзіне тиісті жерін, ол Қостанай қаласында ашылғалы жатқан ауылшаруашылық училищесіне бағыштады.

Ы. Алтынсарин ауыл шаруашылығы мамандарын, өнеркәсіп мамандарын даярлап, шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, осындай игілікті істің негізін салуды арман етті. Халықтан қаражат жинап, ол Торғай қаласында ремесленое училище ашып, қазақ балаларын жалпы пәндерден тыс түрлі қолөнер кәсібі мамандығына, ұсталыққа, тері илеу мамандығына үйретті. Қостанай қаласында ауыл шаруашылық училищесін ашуға жоғары үкімет орындарынан рұқсат сұрады, бұл мектептің пайдасына, өзіне тиісті 500 десятина жері де бағыш етті. Бұл училищені ашуға жоғарғы үкімет орындарының рұқсаты Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін барып алынды. Сөйтіп, Осы ауыл шаруашылық училищесі Алтынсариннің талабы бойынша Қостанай қаласында көп ұзамай-ақ ашылды.

Ы. Алтынсарин Қазақ халқының тарихында бірінші рет педагогикалық білімнің іргесін қалады. Ол орыс-қазақ училищелерінде математика, физика, химия, география, тарих, орыс тілі, қазақ тілі пәндерін оқытты. Блаларға орыс тілін оқытуға және ана тілін оқытуға айрықша көңіл бөлу керек екендігін дәлелдеп, мұғалімдерге нұсқау берді. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинскиймен белгілі педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгілерінде құрастырды. «Қазақ хрестоматиясы» 4 бөлімнен құралды: бірінші бөлім-өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелерден, ертегілерден құралды; екінші бөлім-үлкен кісілер тұрасындағы әңгімелерден құралды; үшінші бөлім-ел әдебиеті нұсқауларынан, әр түрлі өлең-жыраулардын; төртінші бөлім-мақалдар мен мәтелдерден құралды. «Қазақ хрестоматиясына» арналған сөз басында автор: «Ең алғашқы рет туып отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның мүмкін кейбір кемшліктері болар, бірақ ол дегенмен, ізсіз жоғалып кетпес, ең алғашқы рет оқытылайын деп отырған кітап ретінде көзделген мақсатқа дөп келер деген сеніммен өзімді-өзім жұбатып отырмын»,-деп жазды. Ы. Алтынсариннің осы бағасының өзі де, бұл еңбектің қазақ мәдениетінде үлкен орын алатындығын, өте маңызы зор екендігін сипаттайды. Аотынсарин ғылымды дәріптеп қана қойған жоқ, ол қазақ жастарына ғылымды меңгеру жолдарын да көрсетті. Оқу барысы, тәрбие жұмысы үлгілі сатыға қойылған халық мектептерін ашты.

 

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Ы. Алтынсариннің еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі

  1. «Букварь для киргиз» - «Қырғыздар үшін әліппе» оқу құралы

3. Ы.Алтынсарин – кемеңгер әдіскер

4.

Әдебиеттер:

1.Шағын комплектілі мектепте педагогикалық үрдісті басқаруға мұғалімді даярлаудың ерекшеліктері. Республикалық семинар кеңестің материалдары. Өскемен ШҚМУ, 2002.

2. Шашақова А. Халық тәлімі – тәрбие бастауы. – Алматы: «Рауан». – 1994. – 112 б.

3. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Ғылым», 1986. – 512 б.

4. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, «Мектеп»1988.

5. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы, 1965.

6. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.

7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.

8. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет

9. Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, «Ауыл мұғалімі» журналы, 1938., №14

10.Досмұхамедұлы Х. Аламан/ -Алматы,1991ж.

11. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.

№4 Дәріс: Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі. А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)