АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ГЛОССАРИЙ 15 страница

Читайте также:
  1. DER JAMMERWOCH 1 страница
  2. DER JAMMERWOCH 10 страница
  3. DER JAMMERWOCH 2 страница
  4. DER JAMMERWOCH 3 страница
  5. DER JAMMERWOCH 4 страница
  6. DER JAMMERWOCH 5 страница
  7. DER JAMMERWOCH 6 страница
  8. DER JAMMERWOCH 7 страница
  9. DER JAMMERWOCH 8 страница
  10. DER JAMMERWOCH 9 страница
  11. II. Semasiology 1 страница
  12. II. Semasiology 2 страница

М.А.Чошанов нәтижелілікті, үнемділікті, тұтастықты, басқармалықты, түзетуді педагогикалық технологияның белгілеріне жатқызады [21,4].

Ғалымдардың жоғарыда көрсеткен педагогикалық технологияның негізгі белгілері туралы тұжырымдарын талдай отырып, олардың барлығына тән ортақ ерекшеліктің бар екендігіне көз жеткізуге болады. Оған: жүйелілік, басқармалық, нәтижелілік жатады. Қарқынды оқыту технологиясы бойынша педагогикалық технологияның негізгі белгілеріне жаңашылдық, қарқындылық, ғылымилық жатқызылды. Себебі, қарқынды оқыту технологиясы – жаңа педагогикалық технология ретінде, біріншіден, оқу үрдісін ғылыми негізделген бірізділікпен, жүйелілікпен шешуді, яғни ғылымилықты, екіншіден, жаңа, ұтымды әдіс-тәсілдер пайдалану арқылы оқу үрдісін қарқындатуды, үшіншіден, қарқынды оқыту технологиясы жаңа педагогикалық ойлаумен, оқу үрдісін мүлдем жаңа тұрғыда дамытумен байланысты студенттер мен студенттердің, студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеттері арқылы әр қатынасушы қандай да бір жаңалық тудырып, оқу нәтижесіне өз үлесін қосуын, яғни жаңашылдықты көздейді

Педагогикалық технологияны оқытудың барынша ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде де, оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер мен ұстанымдардың түсіндірме жүйесі ретінде де және нақты жүзеге асатын оқыту үрдісі ретінде де түсінуге болады. Яғни, педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі – оқу үрдісінің қойылған мақсатқа жетуге кепілдік беретіндігінде.

Педагогикалық технология – педагогика ғылымының оқыту, білім беру, оның мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындайтын және педагогикалық үрдісті алдын ала жобалайтын, алға қойған мақсатқа жетуге кепілдік беретін бір бөлшегі. Ол – білім стандартында көзделген оқыту нәтижелеріне қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас қызметін бейнелейтін үрдіс.

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.

Қорыта айтқанда, педагогикалық технологияның негізгі ерекшелігін былай көрсетуге болады:

1 Ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа бағытталған, алдын ала жобаланған педагогикалық әрекет.

2 Оқу үрдісін іске асырудың маңызды техникасы.

3 Қойылған мақсатқа нәтижелі жету үрдісі.

4 Педагогикалық жүйенің барлық өзара байланысты элементтерін ескеретін оқыту үрдісі.

5 Әдістеменің методологиялық негізі.

6 Нақты, белгілі ұсыныстар беретін динамикалық, процессуалды оқыту үрдісі.

7 Бір ғана пән немесе бір ғана мақсатты орындауға бағытталмай, керісінше, оқу үрдісін іске асыруда жан-жақты әрекет ететін үрдіс.

8 Студент объект емес, субъект ретінде қаралатын үрдіс.

Қазақ тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту, соның ішінде қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту – соңғы кездерде қолға алынып жүрген тың мәселелердің бірі.

Жоғары оқу орындарының орыс топтарында қазақ тілін жаңа технология арқылы оқыту мәселесіне тоқталып, оны зерттеуші ғалым - Қ. Қадашева. Осы мәселе бойынша Қ. Қадашева 2001 жылы “Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: өзге тілді дәрісханалардағы қазақ тілі” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады [22]. Ғалым бұл еңбегінде қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі, сондай-ақ, әлем тілдерін оқыту әдістемесіндегі ғылыми тұжырымдар мен практикалық бағыттар, оқытудың озық технологиялары бойынша пікір-көзқарастарды қорытындылай отырып, қазақ тілін өзге тілді дәрісханада оқытудың жаңаша жаңғыртып оқыту әдістемесінің ғылыми-теориялық негізін жасады. Үйренушінің өз қабілет белсенділігіне негізделген интерактивті бағыттарын ұсынды. Тілді үйретудің озық әдістемелерінің бірі ретінде көп деңгейлік оқыту әдістемесінің басты бағыттары мен түрлерін алғаш рет теориялық тұрғыдан талдап, білім беру жүйесінде пайдаланылуға тиімді үш деңгейлік оқыту әдістемесінің нәтижелі екендігін дәлелдеп ұсынды. Аталған әдістемелермен тығыз байланысты болып табылатын білім деңгейін бағалаудың түрлері (рейтинг, тест), оқыту барысында қолданылатын оқытудың техникалық құралдары талданып, оларға қатысты тың тұжырымдар жасады.

“Жаңаша жаңғыртып оқыту жүйесінде үйренуші бұрынғы дәстүрлі ұғымдардағы әрекетсіз енжар тұлға емес. Ол – оқыту үрдісінде бастан-аяқ қатыстырылатын, танымдық іс-әрекетін толық іске қосқан белсенді тұлға”,-деп көрсетедi ғалым [22,58].

Қазақ тілін мамандыққа қатысты оқыту арқылы оқыту сапасын арттыру және қазақ тілін оқытуды жаңа технологияның әдіс-тәсілдерімен жаңарту мен модуль жүйесін қолданудың маңызын көрсеткен ғалымдардың бірі – Р.Ә.Шаханова. Ол қазақ тілін оқытуда жаңа технологияны ендіру, студенттердің оқу-біліктілік жұмыстары жағдайын бағалауға көмектеседі, әрбір оқытушының жұмыс қарқындылығын арттырады дей отырып [16,81], жаңа технология әдістері арқылы қазақ тілін сапалы меңгерту үшін төмендегілердің іске асуы тиіс деп есептейді:

а) жаңа технологияны әдістемелік тұрғыдан қамтамазыздандыру;

б) модульдердің практикалық құрылымдарын дайындау;

в) оқытудың жоспарланған нәтижелеріне жетудің әдістемелік ұйымдастыру шарттарын жасау;

г) жаңа технология бойынша модульді өткен кезде студенттермен жұмыс түрлерін жоспарлау және ұйымдастыру;

д) жаңа технология бойынша қазақ тілін оқытудың жоспарланған және өлшеу әдістемесін қорытындыланған құжаттарын дайындау [16,82].

Жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімдерінде қазақ тілін модульмен оқыту мәселесін теориялық жағынан да, әдістемелік қырынан да зерттеп, ол туралы докторлық диссертация қорғаған ғалым – К. Жақсылықова [23].

Ол модуль арқылы оқыту мәселесінің мазмұнын, ішкі құрылымын, жүйесін анықтап берді.

Тілді үйретудің сапасын арттыру, модуль арқылы оқытудың әдістемелік жүйесіне қатысты ғылыми пікірлер, тұжырымдамалар жүйеленді. Бұлардың бәрі – тілді оқыту теориясына қосылатын жаңа ғылыми ұғымдар. Сондай-ақ еңбекте:

- орыс тілді бөлімдерде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру бағыты мен ана тілімізді модуль арқылы оқыту әдістемесінің жүйесіне теориялық сипаттама беріліп, олардың негізгі белгілері мен өлшемдері анықталды;

- модуль арқылы оқытудың негізгі қағидалары мен заңдылықтары белгіленді және негізгі ұстанымдары анықталып, олардың жалпы дидактикалық ұстанымдары мен байланысы көрсетілді;

- модульдік оқытудағы кері байланыс модулі құрылды.

Модуль арқылы оқытудың әдістемелік жүйесі орыс тілді бөлімдерде қазақ тілі сабағын оңтайлы, жүйелі ұйымдастыруға көмектеседі, қазақ тілін оқытудың сапасын арттырудың ұтымды жолдарын белгілейді деп атап өтедi ғалым.

Жаңа оқыту технологиясының бір түрі деңгейлік оқыту бойынша зерттеу еңбегін жүргізгендердің бірі – К.О. Өмірбаева [24]. Ол 2001 жылы “Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 5-сынып оқушыларының сөйлеу тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту” тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. Деңгейлік оқыту бойынша оқу материалын меңгертудің 4 деңгейін ұсынды:

1 Оқушылық.

2 Алгоритмдік.

3 Эвристикалық.

4 Шығармашылық.

Деңгейлік тапсырмалар – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы, спиральды, жүйелі тапсырмалар [24,161]. Диссертацияда деңгейлік тапсырмаларды түрлендіріп жүргізу арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға болатындығы және қазақ тілі сабағын қызықты, тиімді жүргізуге мүмкіндік туатындығы дәлелденді. Деңгейлік тапсырмалардың белгілері, түрлері, ерекшеліктері айқындалып, тиімділігі көрсетілді. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға қатысты төрт деңгейлік тапсырмалар дайындалып, іс жүзінде нәтижелері дәлелденді. Қазақ тілін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың нақты жолдары белгіленді.

Қорыта айтқанда, қазақ тілін жаңа оқыту технологиялары арқылы сапалы меңгерту мәселесі әлі де ізденуді қажет етеді.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1. Педагогикалық технология дегеніміз не және оған қандай анықтамалар берілген.

2. Оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу тиімділігі

Әдебиеттер:

1. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998.

2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998.

32. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001.

3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000

4. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989.

5.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989.

№15 Дәріс: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің мәселелері

Мақсаты Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің тарихы туралы мағлұмат беру

 

Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жоғары білікті маман даярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда студенттерге жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып білім беру үлкен маңызға ие.

Қазіргі қоғамның педагогика ғылымының алдына қойып отырған талаптары оқу үрдісіне үлкен өзгерістер енгізуді, оқытуды қарқындатуды көздейді. Сондықтан орыс топтарында қазақ тілін қарқынды оқыту – заман талабына, уақыт ағымына қарай туындап отырған әдістемелік жүйе.

Жалпы оқу үрдісін қарқындату мәселесі және кез келген оқу іс-әрекетінде мүмкін болатын нұсқалардың ішінен ең жақсысын іздестіруге байланысты идеялар бойынша көптеген

Оқу үрдiсін қарқындату мәселесін жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдардың бірі – Ю. К. Бабанский [32]. Ол өзінің “Интенсификация учебного процесса” деген еңбегінде мектепте жаңадан “Отбасы өмірінің этикасы мен психологиясы”, “Информатика және есептеу техникасы негіздері”, “Қоршаған ортамен танысу”, “Өндіріс негіздері” т.б пәндердің көптеп кіруі, уақыттың жетіспеушілігі сияқты оқушылардың оқу үлгерімінің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептерді көрсетеді. Мұндай пәндердің көптігі оқу үрдісін қиындатады, барлық пәндерді толық игеріп шығуға мүмкіндік аз. Осындай себептерді ескере отырып, ғалым Ю.К. Бабанский ұқсас пәндерді, мысалы, қоғамтану мен астрономияны, математика мен сызуды, қоғамтану мен мемлекет және құқық негіздері пәндерін бір-біріне кіріктіре отырып, оқыту үрдісін қарқындатуды көздейді. Ол мұғалім мен оқушы еңбегінің кез келген жағдайда тиісті деңгейде болып, олардың денсаулықтарына кері әсерін тигізбейтін, шамадан тыс күш түсірмейтіндей дәрежеде сабақты ұйымдастыру, сондай-ақ жасаған еңбектері әр кезде де нәтижелі болуы үшін ұтымды оқыту әдістерін таңдау қажет деп есептейді [32,6].

Ал ғалым В.М. Монахов оқытуды қарқындатудың негізі бағыттарын былай анықтайды:

1) жоспарланған оқу циклында берілген мамандыққа қатысты пәндерді ұтымды орналастыру;

2) оқу үрдісін жобалағанда әр студенттің бастапқы мүмкіндігі мен қабілетін ескеру (оқытудың жаңа технологиясы);

3) дидактикалық модульдің әр кезеңіндегі студенттің мүмкіндігі мен қабілетін ескеру;

4) оқу қызметін қарқындату және “неге оқытамыз? ”, “қалай оқытамыз?”, “немен оқытамыз? ” деген мақсаттарды айқындап алу. Ғалымның пікірінше, осы талаптар орындалғанда оқытуды қарқындатуға мүмкіндік туады [11].

Ал қазақ тілін қарқынды оқыту – әлі зерттелмеген тың мәселелердің бірі. Өйткені бүгінгі таңда студенттер алатын ақпарат жан-жақты дамып кетті. Интернет жүйесінің, электронды поштаның өсуі, олардың күнделікті тұрмысқа енуі студенттердің ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Ал берілген уақыт ішінде мол ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік аз. Сондай-ақ, орыс топтарында қазақ тілін үйретуде қазақ тілі тек қарым-қатынас құралы болып қана қоймай, ол студенттің шығармашылық қабілетін, пәндік және жалпы мәдениеттен хабардарлығын жеткізе алатын құрал да болуы тиіс. Осыдан келіп қазақ тілін қарқынды оқытудың себебі туындап отыр.

Қарқынды оқыту технологиясы – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған технология. Бұл оқыту технологиясы тілдерді үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейді. Яғни, қарқынды оқыту технологиясы– берілген уақыт мөлшерінде үлкен табыстарға қол жеткізе отырып, студенттердің шығармашылық қабілетін жетілдіруге, кәсіби шеберлігін шыңдауға негізделген оқыту технологиясының бірі.

Қарқынды оқыту (ҚО) технологиясы – белгілі бір психологиялық, педагогикалық және әдістемелік ұстанымдарға негізделген дидактикалық жүйе.

ҚО технологиясы төмендегідей 4 түрлі ерекшеліктермен ерекшеленеді. Олар:

1) меңгерілетін материалдың көлемі;

2) қолданылатын әдіс-тәсілдердің әр түрлілігі;

3) үйретілетін тілде тілдік қатынастың үнемі жүргізілуі;

4) жеке тұлғаның психологиялық резервтерінің белсендірілуі.

Осы жерде ҚО технологиясының өзге оқыту технологияларынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерін де атап өткен дұрыс. Бірінші белгісі – студенттер мүмкіндіктері мен мамандықтарын ескеру белгісі. Осыған сәйкес оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлері де, өткізу тәсілдері де өзгереді. Екінші белгісі оның мерзімімен байланысты. Бұл жерде қарқынды оқыту технологиясын қысқа мерзімді жеделдетіп оқытумен шатастырмау керек. Екеуінің айырмашылықтарын ажырата білу өте маңызды. “Интенсивность обучения определяется по формуле: Int= М

N

- где М – количество единиц обучения, а N – количество единиц времени обучения (занятий). Интенсификация учебного процесса – увеличение объема работ в фиксированные промежутки времени или наоборот, уменьшение временных интервалов при фиксированном объеме работ.

Таким образом, интенсификация – это деятельность, направленная на повышение уровня интенсивности. Поэтому различать интенсивность и интенсификацию принципиально важно”,-деп В.С.Страхова [31,18] жеделдетіп оқыту мен қарқынды оқытудың ара жігін ашып береді. Сондай ақ, Қ.Қадашева жеделдете оқыту жөнінде, қазақ тілін оқыту әдістемесінде интенсивті оқыту 1987 жылдан бастап пайда болды. Көптеген әдістемешілер қазақ тілін 3 ай немесе 6 ай ішінде толық үйретіп шығаратын жеделдете оқыту курстарын ашу жеткілікті деп есептеді. Сөйтіп, интенсивті оқыту “қысқа мерзімділік”, “тездету”, “жеделдету” дегендермен синонимдес болып шықты. Көптеген әдістемешілер “интенсивті оқыту” дегенді лексикалық-грамматикалық минимумды лингвоелтану материалдарын барынша мол етіп беру арқылы оқытып, қазақ тілін үйретуге болады деп есептеді. Нақтылы айтқанда, Қазақстанның қазіргі жағдайында жеделдете оқыту әдістемесі және практикасы бар болғанымен, бір жүйелі сипатта емес деген ой қорытындылайды [22,86]. Яғни, қысқа мерзімді жеделдетіп оқытуда көбіне сандық көрсеткіш беріледі. Ал қарқынды оқыту технологиясында сандық көрсеткішпен бірге сапа, мазмұн сияқты көрсеткіштер қатар жүреді. Бұл жерде, негізгі көзделетін мақсат – берілген уақыт көлемінде игеруге тиісті материалды сапалы меңгерумен ғана шектелмей, пәндік білімін тереңдету, белсендіру, жан-жақты білім беру көзделеді. Ал ол үшін қосымша уақыт берілмейді.

Қарқынды оқыту технологиясының негізін ашу үшін “оқуды белсендіру” ұғымын енгізуге тура келеді. Педагогиканың маңызды мәселелерінің бірі – студенттердің оқу іс-әрекетін белсендіру және оқу үрдісін белсендіретін әдістерді қолдану болса, “оқуды белсендіру” ұғымы осы мәселелерді шешудің негізі болып табылады. Бұл ұғым қарқынды оқыту технологиясын, біріншіден, белгілі бір бағыт ретінде көрсетсе, екіншіден, ол оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің көзі болып табылады. Қарқынды оқыту технологиясының өзіне тән әдістерінің бірі – студент пен ұжымның резервті мүмкіншіліктерін белсендіру әдісі. Белсендіру әдісі, ең алдымен, үйренетін тілде еркін тілдік қарым-қатынас жасау міндетін іске асырады. Сондай- ақ, тілдік іс-әрекетке қажетті білік пен дағдыны қалыптастырып, дамуын қамтамасыз етеді. Жеке тұлға мен ұжымның мүмкіншіліктерін белсендіру әдісінің ерекшелігі – жұмысты бірігіп атқаратын оқу тобын уақытша ұжым ретінде құру арқылы студенттердің резервті мүмкіндіктерін ояту. Сол арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Бұл әдістің оқу іс-әрекетінің негізгі түрлері тыңдалым, айтылым немесе оқылым ғана емес, керісінше, оқытушы мен студенттің, студент пен студенттің өзара белсенді тілдік қатынасы. Ал студенттердің белсенді тілдік қатынасын қалыптастыру үшін сабақты ұжымдық үлгіде ұйымдастыру қолайлы. Ұжымдық жұмыс ауыспалы жұптық жұмыс, жұптық жұмыс, үштік жұмыс түрінде болуы мүмкін. Сонымен бірге белсенділікті арттыруда рөлдік ойындардың, жағдаяттық тапсырмалардың алатын орны ерекше.

Қарқынды оқыту технологиясы студент әрекетін белсендіру, оқыту нәтижелілігі, оқу материалын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады. Яғни, қарқынды оқыту дегеніміз – ұжымдық іс-әрекет жүйесі арқылы жеке тұлға белсенділігін арттыруға негізделген, берілген материалды жылдам әрі сапалы меңгертуге бағытталған, ерекше үлгіде ұйымдастырылған тілдік қатынас.

Қарқынды оқыту технологиясы берілген уақыт мөлшерінде сапалы да нәтижелі, әрі ауқымды білім беруді, студент белсенділігін арттыруды, сол арқылы шығармашылық қабілетін шыңдауды көздейді.

Кез келген іс-әрекет нәтижелі болу үшін ең алдымен мақсат айқын болуы керек. Білім беру мақсаты айқын болғаннан кейін білім беру жүйесінің алдында “Қалай оқытамын?” деген сұрақ пайда болады. ҚО технологиясы негізгі мақсаттарын жобалаудан бастайды. Оқудың қарқындылығы ол мақсаттардың нақты, күшті болуымен тікелей байланысты. Мақсаттың әлсіздігі оқытушы мен студенттердің жауапсыздықтарына, оқудың шашыранды, бос, тәртіпсіз жүйеде өтуіне әкеліп соқтырады. Дұрыс қойылған мақсат оқу әрекетінің дұрыс өтуінің бірден-бір кепілі.

Алда тұрған негізгі мақсат журналистика бөлім студенттеріне берілген уақыт мөлшерінде ауқымды тілдік білім беруді, қазақша таза сөйлеп, жаза алатын, қазақша ойлай алатын дәрежеге жеткізуді, жан-жақты жетілген білікті маман дайындауды көздейді. Бұл аталған міндеттерді іске асыру үшін ҚО технологиясы алдына төмендегідей мақсаттар қояды:

а) алдына қатаң мақсат қою;

ә) қызығушылықты арттыру;

б) білім мазмұнына өзгерістер енгізу;

в) оқытуда белсенді әдіс-тәсілдер қолдану, яғни белсенді тілдік қатынас орнату.

г) оқу әрекетін қарқындату.

Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өткен жөн.

Қатаң мақсат қоюдың ҚО технологиясы үшін үлкен мәні бар. Ол әр жеке тұлғаның ойлау қызметінің дамуына әсер ету үшін студенттердің белсенді жұмыс істеуін талап етеді. Қарқынды оқыту технологиясының негізгі ерекшеліктері де осында. ҚО технологиясының бұл мақсаты төмендегідей талаптарды іске асыруы тиіс:

а) қойылған мақсат студент мүмкіндігін қанағаттандырарлықтай бағдарлы, күшті болуы тиіс және сол арқылы жоғары белсенділікті тудыруы тиіс. Бұл ережені үнемі есте ұстап отыру керек;

ә) мақсат қол жетерлік, яғни орындалатындай болу керек. Шындыққа жанаспайтын, тым жоғары қойылған мақсат қойылған мақсатты шешуде кері әсерін тигізеді;

б) оқу мақсатын студенттер саналы түрде түсіну керек;

в) қойылған мақсаттың болашақпен байланысы болуы тиіс, яғни бүгінгі күннің емес, ертеңгі күннің талабын орындайтындай болу керек;

г) қойылған мақсат өзгермелі болу керек, жағдай мен мүмкіншіліктің өзгеруіне орай, ол да өзгеріп отыруы керек. Бұл жоғарыда көрсетілген талаптарды төмендегі 2-сурет арқылы көрсетуге болады:

 

 


 

2-сурет - ҚО технологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері

 

ҚО технологиясының алдында тұрған екінші мақсаты оқуға деген қызығушылықты арттыру. Қызығушылықты ояту – оқытудың нәтижелілігін қарқындатудың ең маңызды тәсілдерінің бірі. Көптеген психологтер қызығушылық оқу мақсаттарына үлкен әсерін тигізетіндігін айтады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)