АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Баланы ауыстыру

Читайте также:
  1. IV. С ОСТРОВА НА ОСТРОВ 14 страница
  2. M. Pterigoideus medialis
  3. X X V І т а р а у
  4. X X І І т а р а у
  5. Б – Бумасы.
  6. Бап. Бала асырап алу 1 страница
  7. Бап. Бала асырап алу 2 страница
  8. Бап. Бала асырап алу 4 страница
  9. Бап. Бала асырап алу 5 страница
  10. Бап. Бала асырап алу 6 страница
  11. Бап. Бедеуліктен емделу

1. Баланы қасақана ауыстыру –
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Пайдакүнемдiк немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасалған дәл сол іс-әрекет –
үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

137-бап. Бала асырап алу жөнiндегi заңсыз әрекет

1. Бала асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаттық тәрбиешіге беру жөнiндегi заңсыз әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Пайдакүнемдік ниетпен жасалған немесе лауазымды адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

138-бап. Бала асырап алу құпиясын жария ету

Бала асырап алу фактiсiн қызметтiк немесе кәсiптiк құпия ретiнде сақтауға мiндеттi адамның не өзге адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де ұждансыз пиғылмен жасаған, бала асырап алу құпиясын бала асырап алушының еркiне қайшы жария етуi –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

139-бап. Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу
жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке
қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз
жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған
қаражатты төлеуден жалтару

Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамауы не кәмелетке толған еңбекке қабілетті адамның өзінің еңбекке қабілетсіз ата-анасын күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден үш айдан астам жалтаруы не еңбекке қабілетті адамның еңбекке қабілетсіз және материалдық көмекке мұқтаж жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға сот шешімі бойынша қаражат төлеуден алты айдан астам жалтаруы –
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

140-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi
мiндеттердi орындамау

1. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасауына әкеп соққан, дәлелсіз себептермен орындамауы немесе тиiсінше орындамауы –
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

141-бап. Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше
орындамау

1. Жас баланың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi қызметi бойынша осындай мiндеттер жүктелген адамның не осы мiндеттердi арнайы тапсырма бойынша орындайтын немесе мұндай мiндеттердi өзiне ерiктi түрде алған адамның тиісінше орындамауы, егер бұл жас баланың денсаулығына абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

142-бап. Қорғаншы немесе қамқоршы құқықтарын терiс
пайдалану

Қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулі түрде қысым жасауға әкеп соққан, қорғаншылықты немесе қамқоршылықты пайдакүнемдiк немесе қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) балаға зиян келтiріп өзге де ұждансыз пиғылмен пайдалану немесе қорғаншылығындағы (қамқорлығындағы) баланы қадағалаусыз немесе қажеттi көмексiз қасақана қалдыру –
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

143-бап. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан
Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз
әкету

1. Кәмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге заңсыз әкету –
екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Пайдакүнемдiк немесе өзге де жамандық ниетпен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

144-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы
өнімдерді жасауға тарту

Кәмелетке толмаған адамды эротикалық мазмұндағы өнім жасауға, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнім таратуға, жарналамауға және сатуға тарту –
бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3-тарау. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ
ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР

145-бап. Адамның және азаматтың тең құқықтылығын бұзу

1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiліне, ұлтына, тiліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына байланысты себептермен немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу –
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған дәл сол іс-әрекет –
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)