АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТТ 5 страница

Читайте также:
  1. DER JAMMERWOCH 1 страница
  2. DER JAMMERWOCH 10 страница
  3. DER JAMMERWOCH 2 страница
  4. DER JAMMERWOCH 3 страница
  5. DER JAMMERWOCH 4 страница
  6. DER JAMMERWOCH 5 страница
  7. DER JAMMERWOCH 6 страница
  8. DER JAMMERWOCH 7 страница
  9. DER JAMMERWOCH 8 страница
  10. DER JAMMERWOCH 9 страница
  11. II. Semasiology 1 страница
  12. II. Semasiology 2 страница

32.Тіркелген активтерке не жатқызылады?

Тіркелген активтер – салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы заңына және бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыстарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестииялар және биологиялық активтер.

Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтерге мыналар жатқызылады:

· Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

· концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;

· әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

· табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

Тіркелеген активтердің құны іс жүзіндегі салық кодексімен белгіленген жағдай мен тәртіпте өтелімді аударуды есептеу арқылы шегерімге жатады. ТА бойынща өтелім аударымын есептеу өтелімдік бөлімшелер мен топтар бойынша жүргізіледі.

ТА бойынша өтелім аударымын анықтау үшін есеп беру кезеңі

салықтық жыл болып табылады.

Мыналар тіркелген активтерге жатпайды:
1) жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер;
2)жер;
3) мұражай құндылықтары;
4) сәулет және өнер ескерткіштері;
5) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар

6) аяқталмаған күрделі құрылыс;
7) фильмқорына жататын объектілер;
8) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

9) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімдерге жатқызылған негізгі құралдар;
10) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес пайдалы қызмет мерзімі белгісіз деп танылған және салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі белгісіз материалдық емес активтер;
11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес жылдық жиынтық табыстан қосымша шегерімдер құқығы беріле отырып, 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген активтер;

33.Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?

Тіркелген активтер – салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы заңына және бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыстарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестииялар және биологиялық активтер.

Тіркелген активтер түскен кезде, оның ішінде қаржы лизингі бойынша және ТМҚ құрамынан аудару жолымен түскен кезде топтардың құндық балансын көрсетілген активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.

Тіркелген активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға монтаждауға және орнатуға арналған шығындар, ХҚЕС және ҚР БЕ пен ҚЕ туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар бастапқы құнын ұлғайтады.

Толық амортизация және құнсыздану нәтижесін сондай-ақ сатуға арналған активтер құрамына ауыстыру қоспаған жағдайда тіркелген активтердің бухгалтерлік есепте тануын тоқтату, осындай активтердің шығып қалуы болып табылады

Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтерге мыналар жатқызылады:

· Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

· концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;

· әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;

· табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

Тіркелеген активтердің құны іс жүзіндегі салық кодексімен белгіленген жағдай мен тәртіпте өтелімді аударуды есептеу арқылы шегерімге жатады. ТА бойынща өтелім аударымын есептеу өтелімдік бөлімшелер мен топтар бойынша жүргізіледі.

ТА бойынша өтелім аударымын анықтау үшін есеп беру кезеңі

салықтық жыл болып табылады.

34.Әлеуметтік төлемдербойынша шегерім дегеніміз не?

Әлеуметтік салаға жіберілген шығындар б\ша шегерім/ салық төлеушінің мынадай шығыс түрлері ретінде анықталады:

1. Салық салынатын табыстың 3 %-нан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде: нақты шеккен мынадай қызмет түрлерінің шығыстары:

· Медициналық қызмет

· Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық ж\е кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары ж\е жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы қызметі

· Ғылым, дене тәрбиесі ж\е спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылық\ын сақтау жөнінде қызмет көрсету саласындағы қызметі

· Қызметкер\дің олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тұлғалар қызметкерлерінің ж\е отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын-үй қорының объетілерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объекті/ін пайдалану кезінде алынуға жататын табыстардың іс жүзінде келтірілген шығыстардан асып кетуі

· Коммер емес ұйымдарға ж\е қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүлік құны

· Өтеусіз орындалған жұмыс\дың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен б\ты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады

· Көмекті алатын адам тарапынан өтініш жазу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік ж\е қайырымдылық көмекті

2. Мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін ж\е мүгедектердің жалақысының ж\е басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50% көлемінде

3. Жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шартты жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынасында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтады.

Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуына және бала тууына байланысты демалысқа ақы төлеуі жөніндегі шығыстарын есепті кезеңде шегере алады. Қызметкерлердің денсаулығының зақымдануына байланысты (мертігу т.б.с.с.) келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да заңдарда белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.

35.Теріс бағамдық айырма бойынша шегерім қай қезде пайда болады?

Теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерімге жатады.
Бағамдық айырманың сомасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.

Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік талаптарына сәйкес анықталады. Осылайша, ХҚЕС 21 «Валюта бағамдары өзгерістерінің ықпалы» шетелдік валютағы операциялар мен шетелдік қызметтік ұйымның қаржылық есептілігіндегі көріну тәртібі мен қаржылық есептілік көрсеткіштерінің көрініс валютасына қайта есептелуін белгілейді. Сондай-ақ шетелдік валютадағы операциялар шетелдік валютада есеп айырысуды талап ететін операциялар болып табылады, ал қолданыстағы валюта компанияның негізгі экономикалық ортасының валютасы (әдетте бұл кәсіпорын негізгі ақша ағымдарын жасайтын валюта). Аталмыш стандартқа сәйкес, бағамдық айырма дегеніміз – бір валютаның бірдей мөлшерін басқа валютаға айырбастағанда пайда болатын айырма.

Шетелдік валютадағы операцияларды бастапқы тану операция жасалған күнгі бағам бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ баланстың ақшалай баптары есепті күнгі бағам бойынша көрінсе, баланстың ақшалай емес баптары егер олар әділ құны бойынша есептелсе, операция жасалған немесе қайта бағаланған күнгі бағам бойынша көрінеді.

Салық кодексінің 84-бабының 2-тармағының 7-тармақшасына сәйкес, салық салу мақсатына орай табыс ретінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес іс жүзінде орындалуға тиіс міндеттеме мен бухгалтерлік есепте танылған осы міндеттеменің құны арасындағы оң айырма түрінде бухгалтерлік есептегі міндеттеменің танылуына байланысты туындайтын табыс қарастырылмайды.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 100-бабының 15-тармағына сәйкес, төленуге жататыннан (төленгеннен) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы қолдану кезінде бухгалтерлік есепте активтердің және (немесе) міндеттемелердің өзгеруіне байланысты туындайтын шығыс, салық салу мақсатында шығыс ретінде қарастырылмайды.

Осылайша, КТС есептегенде салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде пайда болған бағам айырмалары ескеріледі. Атап айтқанда, оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кетуі.

 

Блок

1.Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғаның қызметінен алынған табысына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?

ҚР заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және өздерінің тиімді басқару орны ҚР-да орналасқан өзге заңды тұлғалар резиденттер деп танылады. Негізгі басқаруды жүзеге асыратын және заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу үшін қажет стратегиялық коммерциялық шешімдерді қабылдайтын орын тиімді басқару орны (нақты басқару органы) деп танылады.Резидент еместің тұрақты мекемесі болып:

· тауарларды өндірумен, ұқсатумен, жинақтаумен, орап-буумен, жеткізумен, өткізумен байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез-келген орын;

· резидент еместің кез-келген басқару орны, филиалы, бөлімшесі, өкілдігі, бюросы,агенттігі, фабрикасы, цехы, дүкен, қоймасы т.б.;

· табиғи ресурстарды өндірумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген орын: шахта, кеніш, мұнай және газ скважинасы, каръер, жер үсті немесе теңіз мұнаралары және скважиналары;

· ойын автоматтарын, компьютерлік желілерімен байланыс арналарын, аттракциондарды, көлік немесе өзге де инфрақұрылымды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын кез келген тұрақты орын резидент еместің ҚР-ғы тұрақты мекемесі деп танылады.

Резидент емес/дің ҚР-ғы көздерден алатын табыс/ы болып:

· ҚР-да тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан,қызмет көрсетуден түскен табыстар;

· Нақты қызмет көрсетілген жеріне қарамастан, тұрақты мекеме арқылы ҚР-да қызмет атқаратын және осындай тұрақты мекемемен байланысты резиденттерге және резидент еместерге көрсетілген басқару, қаржылық, консультациялық, аудиторлық, маркетингтік заңдық, агенттік, ақпараттық қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

Резидент емес заңды тұлғаның ҚР-ғы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына белгіленген шегерімдерді жүргізбестен төлем көзінен табыс салығы салынуы тиіс.

Резидент еместердің ҚР-ғы тұрақты мекемеге байланысты емес, көздерден алынатын табыстарының төлем көзіне мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:

· дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар-15%;

· тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары-10%;

· тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйақылары -5%

· халықаралық тасымалдарға көлік қызметін көрсетуден түскен табыстар-5%

· ҚР-ғы көздерден алатын табыстар-20%

Резидент емес заңды тұлғаның табысына тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстың барлық түрлері жатады.

ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызметтің табыстар алуға тікелей байланысты шығыстар ҚР-да не одан тыс жерлерде жасалғанына қарамастан шегірімге жатады.

Резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін таза табысына 15 проценттік ставка бойынша корпоративтік табыс салығы салынады.
Таза табыс мынадай тәртіппен айқындалады:

· салық кодексіндегі табыстар мен шығыстар сомасына, сондай-ақ шегетін залалдар сомасына азайтылған, салық салынатын табыс

· алу

· салық кодексінде белгіленген ставканы табыстар мен шығыстар сомасына, шегетін залалдар сомасына азайтылған салық салынатын табысты көбейту жолымен есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы

2.Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құру арқылы жүзеге асырған Резидент емес заңды тұлғалар кімдер?

Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бірақ өмірлік мүдделерінің орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстің мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттері деп танылады. қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес резидент еместер болып танылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар резидент еместер деп танылады.Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк бір жүз сексен үш күн (келу және кету күндерiн қоса алғанда) Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болған жеке тұлға деп танылады

Резидент еместiң тұрақты мекемесi

1. Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп қызметін жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметін сол арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мынадай қызмет орындарының бірі танылады:

1) тауарларды өндіру, өңдеу, жинақтау, орау, буып-түю және беру жүзеге асырылатын кез келген орын;

2) кез келген басқару орны;

3) жер қойнауын геологиялық зерттейтін, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруге дайындық жұмыстарын және пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын және пайдалы қазбаларды барлауды және өңдеуді бақылау және қадағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін кез келген орын;

11) шет мемлекеттің не мұндай бірлескен қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес резидент емеспен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан жері. 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен 41-1) тармақшамен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы табысы аз азаматтарды қолдауға) бағытталған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын үкіметаралық келісім шеңберіндегі грант қаражаты есебінен алғанды өткізуден түскен табыс алып тасталуға жатады.

3. ҚР қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың табыстарына салық салу тәртібі қалай жүргізіледі?

Төлем көзінен табыс салығын есептеу мен ұстау тәртібі. 1. Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстарына Салық Кодекстің 194-бабында көрсетілген ставкалар бойынша, шегерімдер жүзеге асырылмай, төлем көзінен табыс салығы салынады.2. Төлем көзінен табыс салығын салық агенті табысты төлеуді жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысын төлеу кезінде ұстайды. 3. Төлем көзінен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емеске табысты төлейтін және салық агенттері болып табылатын мынадай тұлғаларға:1) дара кәсіпкерге;2) егер филиал, өкілдік қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстің 191-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;3депозитарлық қолхаттардың базалық активінің резидент эмитентіне жүктеледі. 4. Қолма-қол және (нeмece) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесін, тауарларды, мүлікті беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша резидент еместің алдындағы берешекті өтеу есебінен жүргізілетін борышты талап етуді есептен шығару немесе есебіне жатқызу табысты төлеу деп түсініледі. 5. Мыналар:1) сыртқы сауда қызметі шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткізуге байланысты төлемдер;2) резидент банктердің корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы eceп айырысуларды жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетуден түсетін табыстар;3) бір мезгілде мынадай талаптар:акцияларға немесе қатысу үлестеріне үш жылдан астам иелену;дивидендтер төлейтін заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары құнының 50 және одан да көп процентінің дивидендтерді төлеуі күнінде Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар болып табылмайтын тұлғалардың мүлкін құрауы орындалған күнгі дивидендтер; 5. Резидент емес заңды тұлғаның өз табыстарын үшінші тұлғалардың және басқа мемлекеттердегі өз бөлімшелерінің пайдасына жұмсауына қарамастан, осы резидент еместің табыстарына төлем көзінен салық салынады.

Төлем көзінен табыс салығының ставкалары: Қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместің Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай ставкалар бойынша төлем көзінен салық салуға жатады:1.Салық Кодекстің 192-бабында айқындалған табыстар –15 процент;2) Салық Кодекстің 192-бабының 4) тармақшасында көрсетілген табыстар – 20 процент;3) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 15 процент;4) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары – 5 процент;5) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар – 5 процент;6) құн өсімінен түсетін табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти –15 процент.

Салық есептілігін табыс ету Салық агенті өзі орналасқан жердегі салық органына резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзімде:1) төлем көзінен табыс салығын ұстау жөніндегі міндеттеме туындаған есепті

4. ҚР қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар дегеніміз кімдер?

Резидент емес заңды тұлға – ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай ҚР-нан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары. Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар тауарларды, көлік құралдарды уақытша әкелген кезде импортталған тауарларға, көлік құралдарға ҚҚС аталған резидент емеске тіркеу куәлігін берген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша төленеді.
Бұл ретте резидент емес уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына ҚҚС төленгені туралы төлем құжатын табыс етеді.

Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға тауарларды олар уақытша әкелген кезде уақытша әкелінген тауарлардың орналасқан орны бойынша салық органына келу тәртібінде уақытша әкелінген тауарларды әкелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті;
2) нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесін;
3) нотариалды куәландырылған мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның ұқсас) көрсете отырып, резиденттік еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмесін;
4) тауарлардың, көлік құралдарының әкелінуін растайтын құжаттарды:
оның негізінде уақытша әкелу жүзеге асырылған шартты (ол болған кезде);тауарға ілеспе құжаттарды табыс етеді.
Егер уақытша әкелінген тауарлар әр жерде болған жағдайда резидент емес барлық осындай уақытша әкелінген тауарлардан бойынша аталған құжаттарды бір уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына тапсырады.
Салық органдары осы тармақта көрсетілген құжаттардың негізінде резидент емес осындай құжаттарды тапсырған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оған белгіленген нысанда тіркеу куәлігін бере отырып, резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеуді жүзеге асырады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)