АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Депрессивті невроз

Читайте также:
  1. VI. Невроз навязчивости
  2. Влияние личностных особенностей и ситуационных факторов на возникновение неврозов
  3. История учения о неврозах
  4. Классификация неврозов
  5. Профилактика, лечение и психокоррекция неврозов
  6. Системный невроз
  7. Цель преподавания курса «учение о неврозах»
  8. Что такое невроз и как от него излечиться?
  9. Этиология, патогенез и механизмы формирования неврозов

3. Конструктивті және деструктивті стресстер

4. Психоэмоциялық стресстер

Психотерапия ерте заманнан белгілі. Сол кезден бастап – ақ бір адамның келесі адамға көрсететін ықпалы ерекше сөздер арқылы, құдіреті күшті Алла тағаланың қатысуымен деп есептеледі. Психотерапиялық әсерлер жалбарыну, үшкір, денені ұйыту, сендіру арқылы беріледі. Бағзы заманнан – ақ адам психикасына еткен ықпалдардың бейнесі өнер туындыларында да жақсы сақталған. Орта ғасырда адамдардың бір – біріне ықпалы сиқыршылық не көзбайлау деп бағаланады. Пәлсапашылар, діндарлар, емшілер мен дәрігерлер темірдің магнитке тартылуы – магнитизмге тән деп, табиғаттың ерекше құбылысы ретінде қарады. Магнетизм туралы трактаттар жазылады. Осы құбылысты ұғындыру үшін көптеген зерттеулерде түсініксіз, табиғаттан тыс күштер туралы айтады. Магнетизм құбылысына ХVІ ғасырдың Парацельс (1493 – 1541) көңіл аударды. Оның ойынша, магниттің құпия күшін емдеу ісіне көңіл аударды. Оның ойынша, магниттің құпия күшін емдеу ісіне пайдалануға болады. Магнит темірдің кесегін өзіне тартқандай, ауруды өзіне тартып, организмді аурудан босатады. Парацельс дифтериядан тынысы тарылған емшектергі балалар мен миына қан құйылған, өлім халіндегі шалдарды емдеуге магнитті қолданды. Парацельстің тәжірибесінде магнитті қолдану сіңірдің түйілуі мен құрысып қалуды тоқтатты, адамдарға көмектесті. Мұндай өзгерістер истериялық сал ауруы мен истериялық тіл байлану кезінде болатыны қазір белгілі. Нәтижелі зерттеулер а болды, бірақ олар туралы лақап жылдам тарады. Әсіресе бұл мәліметтер жын – шайтан мен құдайға сенетін адамдарға ерекше әсер етті.

Магнит күші арқылы емдейтін Парацельстің даңқы арта бастады. Тек ғылымның мерзімсіз өлімі бұл салтанатты тоқтатты. Парацельс өлген соң магнетизм қайтадан астрологтар мен пәлсапашылардың қолына ауысты.

Екі ғасырдан соң, 1766 жылы веналық дәрігер Франц Месмер «Планеталардың адамға әсері» деген тақырыпта медицина ғылымы докторының дәрежеін алуға диссертация қорғады. Мұнда ол әлем магнетизмі жайында және планеталар мен алыс жұлдыздардың адамға ететін әсері туралы жазды.

Месмер медицинада ғана емес, заң мен пәлсапа саласында да танымал, әмбебап ғалым еді. Ол Венаның бай адамдарының бірі, әуезшілердің меценаты Леопольд Моцартпен және оның шыны гармоникада жақсы ойымен таңдандырған данышпан баласы Вольфганг Амадеймен бірге әуезбен шұғылданды. Ғылымнан және концерттерден қолы бос уақытта ол дәрігерлік қызмет атқарды. Месмер де магнитпен емдеудің тәсілін байқап көруге шешім жасады. Парацельс сияқты ол да жасына қарамай, аурулардың бәрін қабылдады. 15 – 20 адамның 2 – 3 уі жеңілденіп, 1 – 2 уі мүлде жазылды. Осыдан соң Месмердің даңқы елге жайылып, жан – жақты адамдар ағыл – тегіл келе бастады.

Екі ғасыр ішінде Франц Месмердің есіміне байланысты түсініксіз, ғажап күші бар магниттің флюид ілімі тарады. Месмердің тсінігі бойынша біздің айналадағы ортада флюид сұйық ретінде тараған. Оны табуға, өлшеуге, сезінуге болмайды. Әлем осы сұйыққа толы. Ол планеталарға және Жердегі адамдар тағдырына ғажайып әсер етеді. Ол сезілмейтін сәуле ретінде де таралады, адамдардың қарым – қатынасын осы сәуле билейді.

Месмер магнитпен емдеу кезінде магниттік теорияға қайшы болатын нәрселерді байқады. Кейбір ауру адамдардың айтуы я айықпауы магниттің жанасуы мен жанаспауына байланысты емес екен. Келушілердің көптігі соңшалық, Месмер өзінің ғажап әсерлі тағасын кейбіріне кигізіп те үлгермеді. Алайда келушілерге ғажайып емшіні көрудің өзі сырқатын жеңілдеткендей әсер етті. Ауру адамдаар өздерінің неліктентәуір болғанына мән беріп жатпады.оларға бәрібір еді. Олар Месмерге, оның қолындағы магнит пен кебісіндегі алтын тағаға қол тигізіп, жанасуды ғана ойлайды. Месмер әбден абыржыды. Парацельстің магнитті қандай ауруларға және қалай қолдану керектігі жайында айтқандарын ойына түсірді. Онда әр мүшеге магниттің қалай әсер ететіні туралы анық жазылған – ды. Алайда ол магнитсіз де әсердің болатынына көзі жеткізді.

Егер ол кезде магниттік флюид туралы теорияны емес, дәрігердің, яғни емдеушінің күшіне сенгенде, қазіргі тілмен айтқанда, сену мен өзін - өзі сендіру болатынын ескергенде, психотерапия бір ғасырға кешеуілдемес еді.

Алайда Месмер ғылыми тәжірибе жүзінде анықталған теорияны емес, өзінің ойдан шығарған теориясын іс жүзінде қолдануға тырысады. «Магнит болмаса да, барлық тірі клекткалардың бөлінетің құдіретті флюид бар» дейді Месмер. Сөйтіп ол жануарлар магнитизмді туралы ілімді жасады.

Месмер емдеуге шөлмекті, бақты пайдаланады, оларға «өзінің флюидін беріп», «әлемнен қайтадан флюдті жинайды». Барлық емдеу жағдайы құпия сақталады. Магниттік бөлменің төріне құрылған шымылдықтың ар жағынан ұнамды әуез естілісімен, үстіне алтынмен апталып, күміспен қапталған қамзолы бар, қолы гауһар сақиналарға толы Месмер бір топ шәкіртттерімен сахнаға шығады. Ол әуез ырғағымен ауру адамдарды сипап өтеді. Осы кезде бірнеше әйелдерде истерикалық дерт қозады. Олардың бұл күйі «аурудың дағдарыс кезеңі» деп саналып, осыдан кейін ауруынан айығады деп есептелген. Айтарлықтай нәтиже беремегенмен, ел арасында Месмердің даңқы арта бастайды. Ол белді дворян семьяларының құрметті қонағы атанды. Венадан Парижге келіп, Людовик ХVІ корольдің сарайында да болды. Сыры беймәлім, осы түсініксіз құбылыстарды әуес көретіін аристократтар сарайлары мен салондарында Месмердің есімі жиі айтылып жүреді.

Ол кезде де итальяндық Калисторо сияқтылар адамдардың тағдырын болжап, дұға оқып, ішірткі беретін. Месмердің кейін оның жолын қуушы, әуечқой магнетезер Пюнсегюр мүлде күтпеген жерден гипноз ілімінің ең маңызды мәселесі ретінде жасанды сомнамбулизм ең маңызды мәселесі ретінде жасанды сомнамбулизм (ұйқы ауруы) қбылысын ашты. Ол дененің қатты дірілі, истериялық бұлығу кезінде магнит қолданған. Бұл орайда ауырған адамның ерекше ұйқыға кеткені байқалады. Оны ояту мүмкін емес, бірақ ол берілген нұсқауларды орындайды («лунатиктердегі» сияқты орнынан тұрады, сөйлейді).

ХІХ ғасырдың 40 – жылдары Манчестерге белгілі француз магнетизері Шарль Лафонтен келді. Оның сеансына Джемс Брэд қатысты. Ол магнетизмнің ғылымға қайшы екенін әшкереледі. Гипноз құбылысына ғылыми тұрғыдан қарау осы кезден басталған еді. Гипноз (грекше – ұйқы) терминін тапқан да – осы Брэд. ӨЗінің «Нейрогипнология» деген кітабында Брэд гипнозды физиологиялық құбылыс деп қарады.

Жылытырағыш затқа ұзақ қадалып қарағаннан, көру мүшесі шаршап, гипноз пайда болады дейді ол. Брэд өзінің хирургиялық практикасында гипнозды анестезияның (жансыздандырудың) тиімділігін арттыруға қолданды.

ХІХ ғасырдан белгілі Сальпетриер неврологиялық клиникасының директоры, француз невропотологы М.Ж. Шарконың (1825 - 1893) тексерулері гипноздың психофизтологиялық негізін ашуға көмектесті. Шарко гипнозды жасанды неврозды (гипноз кезінде истериялық бұлығу), нерв жүйесінің зақымдануы деп қарады. Бұл гипнозға деген ғылыми көзқарастың жетілуін тежеді. Франциядағы Ненси мектебінің бастығы Берегейм жоғарғы айтылғандарға қарсы шықты. Беренгеймнің айтуы бойынша, гипноз9 – үйретуден болған ұйқы. Алайда осыған дейін француз дәрігері Льебо да осылай айтқан екен.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басныда гипнозды психологиялық және физиологиялық тұрғыдан пайдалану жөнінде арнайы жұмыстар жүргізілді. Сендіру, түсіндіру сияқты әсерлерді қолданатын психотерапияляқ әдістің бір түрі – рационалды психотерапия туралы алғашқы сөз осы кезде айтылады. Бұл ілімді жасаушы неміс физиологы Э.Дюбуа – Реймон былай дейді: «Ауру адамның өз ауруы туралы теріс пікірін өзгерту үшін оған дау – дамайларды ақылмен шешуді түсіндіру және үйрету керек».

Орыс клиницистері де ауырған адамға психотерапиялық әсерді қолданды. Бұдан жүз жыл бұрын М.Я. Мудров: «Өнер арқылы қайғырушыны жұбатуға, шыдамсызды тыныштандыруға, қорқақты батыр, тұйықты ашық, өткір сезімді етуге болады. Бұл өнер дененің ауырғанын, зарығуды жеңеді» деген екен. Ауру адамға дәрігердің игілікті әсері туралы орыс клиницистері В.А. Маккасеин, С.П. Боткин, Г.А. Захарьин, Б.С. Корсаковтар жазған. Психотерапия мен гипнотерапияның практикада іс жүзінде пайдалануда А.А. Токарский көп еңбек сіңірді. Ол ресейде бірінші болып Мәскеу университетінде гипнология кафедрасын ашты. В.М.Бехтерев бірінші гипнология кафедрасын ашты. В.Н.Мясищев, М.С. Лебединский, Н.В. Иванов, В.Е. Рожнов және басқалар психотерапия саласында көп еңбек сіңірді. И.П. Павло сендіру мен гипноздың физиологиялық механизмін ашты. И.П. Павловтың ілімі И.М. Сеченовтың орталық нерв жүйесіндегі қозу мен тежеу процестеріне негізделген.

 

№ 4 Дәріс

Тақырыбы: Психотерапияның қалыптасып дамуы.

Сұрақтары: 1. Психотерапия ғылымының даму тарихы.

2. XVI ғасырдағы магнетизм құбылысы:

3. Франц Месмердің үлесі.

4. Гипноз құбылысы.

Психотерапияда ғылым негіздерінде тек қана психологиялық әдістер мен құралдар қолданылуда көрсетілген фармакологиялық және ағзалық әдістер мен құралдарға тиым салынады. Қазіргі кездерде психотерапияны зерттер әдістері клиникалқы – бағдарлы психотерапия мен жеке адамға бағдарлы психотерапия болып екіге бөлінеді.

Клиникалық бағдарлы психотерапияда қолданылатны әдістер:

- гипноз

- аутогендік жаттығу

- сендіру мен өзін - өзі сендірудің түрлері.

Жеке адамға бағдарлы психотерпияда көптеген психологиялық ағымдар мен мектептердің үлгілеріне негізділген әдістер мен тәсілдер қолданылады.

Қазіргі медициналық емес психотерапияда психотерапиялық әдістердің мазмұны мен бағыттарын қамтитын міндеттерді шешуге бағытталған;

- науқастық психологиялық проблемаларын зерттеу және оларды шешуге көмек көрсету;

- психологиялық денсаулығын нығайту және өзін - өзі сезінуін жақсарту

- қоғамдағы адамдармен үйлесімді және сапалы қарым – қатынас орнатуда қолданылатын құралдардың психологиялық заңдылықтарын, механизмдерін зерттеу:

- өмір сүру әрекетіндегі табысқа жету деңгейін, творчестволық потенциалын қолдана білуге, жеке басының дамуына ықпал ету.

Психотерапияның негізгі мақсаты – адамның өз өміріне өзі өзгерістер енгізуіне көмектесу. Сендіру (суггестия) науқас ұйықтай алмай, мазасызданған кезде және гипноз жағдайында жүргізіледі. Мұндай сендірудің екі әдісі бар – сөз арқылы (вербальді) және заттар арқылы. Мысалы, маскүнемдікпен ауырған адамдарда арақтың дәміне, исіне, бөтелкенің түріне т.б. реакция пайда болады. Сөздің мағынасы арқылы сендіру – тікелей, ал заттар арқылы сендіру жанама сендіру деп аталады. Маскүенмдікті емдеген кезде апомофиннің орнына басқа бейтарап заталынса, онда оның нәтижесі бірдей болып шығады. Бұл әдіс ұйықтататын дәрілермен емдеу кезеңінде де пайдаланады.

Сендіру және өзін - өзі сендіру бар. Әр адамдардың сену деңгейлері – түрліше болады. Кейбір адамдар тез сенгіш келеді, ал басқалар ондай емес. Мысалы, көру залында бір адам жөтелсе, басқалар да соған қосылып жөтеле бастайды. Дәрігер сендіруді психотерапия мақсатында пайдалануы мүмкін.

Гипноз - әдісі көптеген адамдарға таныс болғаынмен, олардың психотерапия мен гипноз туралы түсінігі жалпылама болады. Психотерапияда гипноздан басқа көптеген әдістер тараған. Гипнотикалық сеанстардың мақсаты – гипнотикалық ұйқы туғызу. Терапиялық әсер болуы үшін адамды қатты ұйықтату міндет емес. Гипнотикалық ұйқының жеңіл, орта және терең кезендері бар. Жеңіл кезеңде (сомноленттік) гипноздағы адам маужырап, жалпы тыныштықты сезінеді, аяқ – қолы ұйып, ауырлағанымен, айналадағы дыбыстарды естиді, болып жатқанды ұғынады, сөзбен сендіруге қарсы тұрып белсенді қозғалыс жасайды. Орта кезеңде (гипнотаксия, каталепсия) ауру адам қайда екенін, айналада не болып жатқанын сезінеді, бірақ денесінін қалпын өзгерте алмайды, сендірудің бәрін орындайды. Сеанстан кейін сырқат адам сендірудің мәнін есіне сақтайды. Терең кезеңде (сомнабулизм – жүйкесі бұзылған адамның ұйқы кезіндегі жүрісі) ауру адам айналадағының бәрін шаттастырып, толық бағынады, кей кезде кейбір мәліметтерді ойындасақтағанымен, кейін ұмытыпкетеді. Басқаша айтқанда, ауру адам сендірудің маңызыны есте сақтай алмайды. Ауру адамды «жағдайыңыз жақсы, ұйқыңыз бен сергектігіңіз қалыпты» деп, аурудың белгілеріне байланысты сендіреді. Сеанстың ұзақтығы 30 минут, ал оның саны 5 – тен 40-қа дейін. Гипноздың физиологиялық негізі әлі де жан – жақты тексерілмеген, И.П. Павловтың айту бойынша, гипноз дегеніміз – мидың жарты шар бөлігіндегі жүйке процестерінің «күзет нүктелерін» тежеу. Осының нәтижесінде дәрігер мен ауру адамның арасында сөз арқылы байланыс (раппорт) орнайды.

Физиологиялық тұрғыдан гипноз – ми қыртысындағы клеткаларда болатын тежеу процесіне негізделген жарым – жартылай ұйқы. Мұнда ми қыртыс клеткаларының бәрі тежелмейді, тек бір бөлігі ғана тежеледі, яғни «кезекші нүктелер» ұйықтамаған жағдайда дәрігер мен ауру адамның арасындағы қатынас сақталады («көпір, раппорт»). Психотерапияның әдістернің бірі ретінде гипнозотерапияны арнайы дайындықтан өткен дәрігерлер жүргізеді.

З. Фрейд катарсис-«тазалану» (Аристотельдің термині «катаризис») принципіне «психоталдауды» (бұрын болған психикалық зақымданудан ажырасу) қолданады. Катарсис әдісіне сүйене отырып, Фрейд артынан «санасыздық» туралы ойды дамытып, «психоталдау» әдісін құралды. «Мәдениетті психоталдау», «психодрама» - психоталдаудың өзгертілген түрлері В.М. Бехтерев психоталдаудан объективті бөлігі – «психоанемнезді» кең түрде пайдаланады.

Психотерапиялық әсерлердің ішінде өзін - өзі жаттықтыру үлкен орын алуда. Бұл әдісті ұсынған – неміс психотерапевті Генрих Шульц. 1932 жылы Шульц бұл жөнінде көлемді еңбек жазды. Өзін-өзі жаттықтырудың тарихи тамырларын зерттеу арқылы, ақыл-ойдың дене қызметіне тигізетін әсері үнділік діни ілім бойынша хатха мен йогта екендігі анықталған. Алайда Шульцтің әдісінде йогтардың діни – мистикалық ілімінің элементері мүлде жоқ.Тән жаннан айырылған соң «әлем рухымен» қосылып, йогтардың дене тұрқы ерекшеленіп, өз назарын бір нүктеге аударып, тынысын өзгертіп, айнадағылардан жекеленіп, ерекше бір жайбарақат жағдайға түседі.Йогтар жаттығудың арқасында тыныс алуын, жүрек соғуын және соматикалық қызметтерді өзгерте алады. Шульцтің жаттығу арқылы бұлшық еттерді босаңсытуға, салмақ пен жылыны, ішкі жайбырақаттық пен жеңілдікті сезінуге болатынын көрсетті. Қазір өзін-өзі жаттықтыру арқылы әртүрлі жүйке-психикалық зақымданудың алдын алуға болады.

№5 Дәріс

Тақырыбы: Психотерапияның ғылыми-зерттеу әдістері

Сұрақтары: 1. Психотерапиялық ғылыми-зерттеу әдістеріне сипаттама.

2. Клиникалық-бағдарлы және жеке адамға бағдарлы әдістер

3. Гипноз, аутогендік жаттығулар, сендіру мен өзін-өзі сендіру

Ауру адамға қатыгез, тұрпайы мінез көрсету, адам тағдырына бейқам қарау – дәрігерлік мамандыққа жат нәрсе. Егер студенттер секция залында шылым шексе, анекдот айтып қарқылдап күлсе, одан қандай дәрігер шығуы тиіс. Мұндай жағадай болмауы үшін дәрігер үнемі өзінің мамандық деңгейін және адамгершілік қасиетін шындауы керек.

Ятрогения (ятропатогения) дегніміз дәрігердің тексеру, не профилактикалық іс - әрекеттері кезінде ауру адамның денсаулығына зиян келтіру, яки кең мағынада – ол медицина қызметкерлерінің ауру адамға тигізетін залалы деген мағынада қолданылады. Корроригения – мейіркештің тигізетін залалы, дидагтогения, не педагогения – оқытушының оқушыға келтіретін залалы.

Дәрігердің дұрыс емдеуінен адам соматикалық ятрогенияға ұшырайды. Психикалық ятрогения – психогенияның бір түрі (психикалық зақымнан кейінгі ауру), яғни ауру адаммен ойлап, байқап, мақстақа байланысты сөйлесеуінен болатын психикалық зиянды әсердіңі қорытындысы. «Күту эмоциясы» жаңа рефлекстердің тууын үдетеді деген В.М. Бехтерев. Дұрыс жолға қойылмаған медициналық ағарту жұмысы да ятрогенияны тудырады. Қалыпты жағдайдан ауытқуды дұрыстап түсіндірмеу асығыстық жасау, аңдамай сөйлеу және басқа жағдайлар – ятрогенияның көзі.

Дәрігердің өз кінәсінен жіберілген қателік білімнің таяздығынан, жұмысқа немқұрайды, жауапсыз қарйтындығынан туындайды. дәрігерге байланыссыз болатын қателер медицина салаларының нашар дамуның не аурудың белгілі түрде білібеуінің салдары. Мұндай қателер жоғарғы дәрежедегі мамандар мен үлгілі медицина мекемелеріне клиникалық, патаномиялық диагноздардың сәйкес келмеуінен де болуы ықтимал. Клиника ішіндегі өзара дау – дамай, дәрігердің жиі ауруы, асығуы мен шаршауы көптеген қателіктерге душар етеді.

Медицинаға қатысы жоқ адам дәрігердің диагностикалық қателерге көзқарастары әр түрлі. Дәрігер өз қатесін шындық тұрғыдан сезінсе, ал ауру адам оны дәрігердің білмеуімен не көмектескісі келмегенімен байланыстырады. Екі дәрігердің дербес ұсыныстарын да ауру адам қателікке санауы мүмкін. Мұндай жағдайда ауру адамға дәрігерлердің әрқайсысының өзіндік емдеу тәсілдерінің болатынын байыппен түсіндірген жөн.

Дәрігерлік құпияны сақтау Гиппакрат антында көрстілген. Болашақ дәрігерлер оқу орнын бітірер алдында осы антты қайталайды. Дәрігерлік құпияны сақтаудың әсіресе психиатриялық практикада мәні зор. Психиатр дәрігердің бақылауында болу адамдарда теріс ұғым тудырады. Ауру адамдардың, не олардың туыстарына берілетін және басқа мекемелерге жіберілетін анықтамаларда дәрігер психиатрдың кеңесі мен қорытындысы көрсетілмеуі керек. Азаматтардың психикалық денсаулығы туралы мәселені шешуді куәландыру жөнінде нұсқау бар. Балалар мен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерді психиатр тек ата – анасының ықтиярлығымен қарайды. Балаларды жалпылама қараған кезде мұндай ықтиярлықтың қажеті жоқ.

Психогенетика мен психопрофилактика. Жалпы гигиенының бір саласы психогигиена (гигиенос – ежелгі гректердің «шипалы», «емдік» деген сөзі) дегеніміз адамның психикалық қызметіне қолайлы жағдай жасап, оның психикалық денсаулығын сақтап, нығайтатын шаралар кешені.

Психопрофилактика психикалық аурулардың және невроздардың алдын алу, оларды бәсендету. Көне заман дәрігерлері ми мен дене қызметін қамтитын жалпы гигиенаға, неке гигиенасына көп көңіл бөлген. К.Гален «Құмарлық гигиенасы немесе өнегелі гигиена» деген кітап жазды. Бағзы замандағы Ж.Э.Д. Эскироль, Морель, Э.Крепелин секілді психиатрлар психогигиена мен психопрофилактканы дамытуда көп еңбек сіңірді. ХІХ ғасырдың екінші жартсында Ресейде психогигиена мәселелерімен шұғылдану басталды.

Психогигиена айналадағы ортаның, әлеуметтік, өндірістік, тұрмыстық себептердің адам психикасына ететін әсерін тексереді. Экология проблемалары жалпы гигиеналық және психогигиеналық мәселелермен байланысты. Психогигиена тұрмыс, отбасы, неке және бала емізетін әйелдер, жыныстық тәрбие гигиенасын т.б. қорғауға ықпал жасайды.

Психогигиена мен психопрофилактиканың ара жігін ажырату қиын. Психогигиена және психопрофилактика мәселелерімен дәрігерлердің бәрі де, оның ішінде психиатрлар, педиатрлар мен гигиенистер шұғылданады. Бұл мәселелердің көбісі емханаларда, диспансерлерде (психоневрологиялық, наркологиялық, онкологиялық т.б.) шешіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы психопрофилактиканы үш кезеңге бөледі. Бірінші кезеңде психикасы сау адамдарда жүйке – психикалық аурулардың алдын алу шаралары, екіншісінде басталған процесіт үзу, аурудың қайталануына қарсы шаралар, үшіншісінде мүгедек болудың адын алу шаралары жүргізіледі. Бұларды психикалықденсаулық сақтау мкемелері реттейді. Туа кемтар болған, жүйке – психикалық ауруларына шалдыққан балалардың әрі қарай дамуын бақылауда медициналық – гинетикалық лабораториялар мен кабинеттеріндің көмегі зор. Адамдардың психикалық денсаулығын сақтауда спорттың алатын орны ерекше. Спортқа жұртты жаппай тарту шаралары жүргізілген жерлерде жеке адамның ұнамды қасиеттері дамып, жігерін күшейтеді, айналадағы ортаның қолайсыз жағдайларына деген қарсылықты арттырады.

Балалардың ана құрсағында жатқандағы кезінен кейін психогигиена ата – ана денсаулығынан, анасының, нәрестенің физикалық – психикалық дамуынан, тамақтандыру сапасынан, сәби мен ата – аналарының психологиялық қарым – қатынасынан басталады. Жеке адамның қалыптасуына отбасының эмоциялық іс - әрекеті де бұған әсер етпей қоймайды. Ата – анасының маскүнемдікпен, не нашақорлықпен айналысуы отбасына келеңсіз жағдай туғызып, баланың психикасының зақымдануына, оның жеке басының қалыптасуына қолайсыз әсер етеді. Дұрыс тәрбиелемеу (аз қамқорлық жасау, шектен тыс қомқорлық жасау, «отбасының табынушысы», «жетім» ретінде) ұнамсыз әсер етеді.

Оқытудың дұрыс ұйымдастырылуы ой мен дене жұмысының және дұрыс демалудың да біркелкі бөлінуінің психопрофилактикада маңызы зор. Мұнда мектеп дәрігерінің атқаратын рөлі ерекше. Жүйке – психикалық зақымданудың алдын алу, яғни дәрістердің белгілі бір жүйемен ауысуын көздейтін сабақ кестесін жасауға қатысу мектеп дәрігерінің міндетіне саналады. Бұл орайда ұнамды эмоцияларға толы белсенді сауықтыру ойындарын ұйымдастырудың пайдасы мол.

Еңбек психогигиенасының мақсаты – жоғары автоматтандырылған, бір қалыпты ырғақты, конвейер жүйелі өндірістің зиянды жағдайларын азайту. Мұндай ұнамсыз әсерлерді азайтуда өндіріс гимнастикасының, сауықтыру кабинеттерінің орны ерекше. Адамдар арасындағы дұрыс мәдени қарым – қатынас, психикалық зақымдануды тежесе, ал өзгенің қайғысына қынжылмайтын пиғылы теріс, меңмендік, тәкаппарлық, басқаларға немқұрайды қарау психикалық жағынан өзгеруі туралы жоғарыда айтылды. Өзіне бағынатын адамдарға немқұрайды, не дөрекі қарауға болмайды.

Психогигиенаның негізгі мідеті – адамдар қарым – қатынасында психиканы зақымдайтын жағдайлар мен себептерді азайту. Оның негізгі міндеттерінің бірі - өндірісте де, тұрмыста да шумен күресу. Көшедегі көлік, радиоқабылдағыш, теледидар мен әуез аспаптарының шуы неврология, невроз ауруларын тудырады. Психогигиеналық кешенде жыныстық өмірдің психогигиенасы белгілі орын алады. Әр түрлі үйлеспеушіліктің алын алу үшін бала жастан саналы жыныстық тәрбие беруді енгізу қажет. Балалық – жасөспірім уақытынан әр деңгейдегі (интеллект, инстинкті) жыныстық қарым – қатынасты білу неврозды тудыратын үйлеспеушілікті азайтады. Жыныстық сезіммен байланысты невротикалық және басқа бұзылулардың алдын алу үшін жыныстық дамудың жасқа қарай мерзімдерін, жыныстық ерекшеліктерді білу қвжет. Бұл мәселелерді жыныс туралы ғылым – сексология (латынша «жыныс», «логос» - ғылым) ғылымы зертейді.

Ғылымның урология, эндокринология, психиатряи, неврология, гинекология, дерматовенерология салдарымен байланысты бұл тарауы 1950 жылдардан бастап дамыды. Медициналық сексология, не сексопатология клиникалық медицинаның саласы ретінде жыныстық бұзылудың функционады, эмоционалды, дербес жақтарын зерттей отырып, диагностикалық, емдеу және алдын алу шараларын белгілейді. Қазіргі кезде сексопатология жеке клиникалық пән болы саналады.

Жыныстық қалыптасуға сәби жастағы себептер ғана емес, құрсақтағы себептер де әсер етеді. Ультрадыбыстық зерттеулер құрсақтағы нәрестенің өзінше тіршілік етіп, дыбыстарды еститінін көрсетті. Қазір жетілдірілегн әдісті қолдана отырып, 8 – 12 апталық нәрестенің аяқ – қолы саусақтарымен ойнап, басын қасып, көзін ашып – ұмғанын көруге болады. Егер анасының жатырындағы сұйықты алу үшін ине өткізсек, нәресте инеден қашып, қарама – қарсы жаққа ауысады. Соңғы жалдары құрсақтағы нәресте мен сәбидің жағдайын зертейтін жаңа микропсихология ғылымы пайда болды. Ата - анасынан белгілі мөлшерде ұнамды әсер алмаған нәрестенің (мәселен, «жоспарланбаған» баланың керегі болмаған кезде пайда болған нәрестенің) орталық жүйке – жүйесінің қалыптасуына келіссіз жағдайлар утаы екен. Бір – үш жастағы ұл – қыздарда жыныстық сана қалыптасады. Қыз – қыз екенін, ұл – ұл екенін түсінеді. 3 – 4 жастағы бала басқа жыныстыны киіміннн, шашына дауысын қарай ажыратады. Ер балаларға қарағанда, 1 – 3 жастағы қыз балаларөз ауруын сезгіш келеді. Мұндай жағдайда қыз балаларға мейірімділік аз болса. Олардың есеген кезде эрогендік және экстрагендік аймақтарының сезімталдығы тез дамиды. Қыз бала дұрыс тәрбиленуі үшін үш жасқа шейін анасымен болуы керек. Жезөкшеліктің, нашақорлықтың және жұққпалы жыныс ауруларымен ауырудың алдын алу үшін сәби кезден дұрыс жыныстық тәрбие берген абзал. Жас кезінде шешесімен эмоциялық қарым – қатынаста болмаған жезөкше, нашақор әйелдерден туған қыз балаларың бой жетіп, тұрмыс құрып, нәресте сүйген кездерінде аналық сезімі күшті болмайтынын байқаулар көрсетті.

 

№ 6 Дәріс

Тақырыбы: Психотерапиядағы динамикалық бағыттар

Сұрақтары:

1. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы психология дағдарысы

2. Батыстық психологияның бүгінгі жағдайы


1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.)