АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Грин Александр. 6 страница

Читайте также:
  1. DER JAMMERWOCH 1 страница
  2. DER JAMMERWOCH 10 страница
  3. DER JAMMERWOCH 2 страница
  4. DER JAMMERWOCH 3 страница
  5. DER JAMMERWOCH 4 страница
  6. DER JAMMERWOCH 5 страница
  7. DER JAMMERWOCH 6 страница
  8. DER JAMMERWOCH 7 страница
  9. DER JAMMERWOCH 8 страница
  10. DER JAMMERWOCH 9 страница
  11. II. Semasiology 1 страница
  12. II. Semasiology 2 страница

деген бір сөз болмаса, басқа сөзбен айтып жеткізу қиын.

Айнадағы қыз Ассоль сияқты жай ғана езу тартты. Күлкісі мұңлы екен. Мұны көрісімен ол бөгде біреуді көргендей-ақ шошып кетті. Ол айнаға бетін басып, көзін берді. Бір жүрек елжірететін тәтті ойлар бұлдыр сағымдай ойнап, жалт етіп өте шықты, қыз бойын жинап, қуана күлді де, іс тігуге отырды. Қыз іс тігіп отырғанда біз оған жақындап, ішкі сарайына үңіліп көрелікші. Бұл өзі екі қыздан, екі Ассольден тұрады,


 

 

екеуінің мінезі бір-біріне кереғар келсе де, баяғыда-ақ үйлесіп, жарасып кеткен. Мұның біріншісі – матростың, ойыншық жасайтын ісмердің қызы, екіншісі – ағып тұрған өлең-жыр, күллі ырғақ-ұйқастары, бейнелері, үйлесіп-үндесіп жатқан сырлы сөздері бір-біріне жарық пен көлеңкені алмастыра түсіріп, құбылып-құлпырып жататын бір әуезді әлем. Ол өмірді өзі кешкен тәжірибесіне қарап, там-тұмдап қана біледі, бірақ мұның үстіне жалпы құбылыстың өзгеше астарлы жақтарын да көретін. Мәселенки, біз бір затқа ойлана қарап, толғанып көрсек, одан со заттың өзіне ғана емес, адамға тән кейбір мінездерін, ерекшеліктерін көреміз және олардың адам сияқты алуан-алуан болып келетінін де байқаймыз. Ассоль де тап осы сияқты (егер сіз оны шынымен көрген болсаңыз), жұрттың назарынан тыс жатқан жәйттерді көріп-біліп отыратын. Осы бір көңіл көзінің жітілігі болмаса, күнделікті қарадүрсін, жайдақ өмір оның сезімтал жанына мүлде жат еді. Ол кітапты оқи білетін және оны өзгеше жақсы көретін, бірақ, өзі күнде қалай өмір сүріп жүрсе, кітапты да солай астарлы мағынасын ұға оқитын. Өз еркінен тыс, бөлекше бір шабытпен ол қадам басқан сайын, жылу мен жарық сияқты талай қызықты ашып жатады. Кейде, бірнеше күн қатарынан ол дүниеге қайта туғандай түлеп, жаңғырып жүреді. Смычок тартып қалғанда тыныштық қалай ғайып болса, қимыл- әрекетке толы тірлігі де солай болып, қыздың күллі көрген- білгені, істеген ісі, айналасындағы заттары ғажайып бір сырлы дүниеге айналып жүре береді. Ол көңілі алабұртып, жүрексініп, түн ортасында тұрып талай рет теңіз жағасына барған, со жерде таң атқанша жүріп, ақ пейілімен алқызыл желкенді кеменің келуін күткен. Бұл оның бір бақытты сәттері еді, біз ертегі-аңыз әлеміне тап осылай көз жұмып, алаңсыз кете алмаймыз ғой, ал бұ қыз да осы ғажайып сиқырлы әлемді біржола тастап шыға алмас еді Осының бәрін басқа бір кезде ақылға салып ойлап көрсе, ол «бұған қалай сенгенмін, жарқыным-ау?!» деп өзіне-өзі қайран қалар еді. Теңізбен жымия қоштасып, шын тірлікке мұңайып қайта оралған қыз енді іс тігіп отырып, өз өмірін есіне түсірді. Бұл бір көңілсіз


 

 

сұрқай тіршілік екен. Әкесі екеуінің томаға-тұйық өмірінен кейде безе қашқандай болушы еді, со кездің өзінде-ақ бұ мұңлықтың жанына именшек бұйығылық пен қасірет әжімі із салыпты, әрине, бұл кісі бойын сергітіп, жадыратпаса керек. Жұрт «Ол есуас, оны қайтесің» деп күлетін; қыз бұған да көндігіп кетті; кейде оны қатты қорлап, тәлкек ететін, сонда көпке дейін таяқ жегендей, денесі дел-сал боп жүретін. Капернада мұны әйел екен деп ешкім көзге ілген емес, бірақ солардың көпшілігі-ақ бұ қыздың өздерінен артық екенін, оған тәңірім өзгеше бір беймәлім қасиет бергенін еміс-еміс, соқыр сеніммен сезетін, Капернаның тұрғындары аяқ-қолы балғадай, бет-аузы майдан жылтырап тұратын, тығыршықтай, топ-толық әйелдерді ұнататын, мұнда әйелді бөксесіне алақанымен салып қалу немесе оны базардағы сияқты иықпен қағып өту жақсы көрудің белгісі саналатын. Бұндай сезім қит етсе ақырып қалатын аңның әдетін еске түсіреді. Ассуята мен Аспазия сияқты қанша қылықты да сұлу болғанымен, жүйкелеп қалған кісілерге әзәзіл шайтанмен бірге тұру қандай азап болса, Ассольдің осы бір парықсыз ортада тұруы сондай азап еді: махаббат дегенің бұл жердегілердің есіне де кіріп шықпайтын. Мәселенки, солдат кернейі дарылдап тұрғанда, скрипканың сыңсыған мұңды үні сіресіп тұрған полкті орнынан қозғай алмайды ғой. Оның үстіне қызымыздың бұл айтылғанға ешқандай қатысы жоқ-тын.

Тап сол сәтте қыздың өзі ыңылдап өлең айтып отырғанымен, кішкентай шебер қолдары жып-жып етіп істі тындырып жатыр: ол жіптің ұшын тісімен қиып тастап, көзімен алысты шарлайды, сонымен бірге көйлектің желбіршегін біркелкі бүктеп, машинамен тіккендей сырғытып отыр. Лонгрен уақытында келмей кешігіп жатса да, Ассоль онша абыржи қоймайды. Соңғы кездері ол балық аулау үшін немесе серуендеп қайту үшін қайығымен түнде талай жерге шығандап кетіп қалады.

Жоқты-бардан қорқып, оның берекесі қашпайды, әкесі бір жамандыққа ұшырап қалар деп ойламайды да. Бұл тұрғыдан алғанда Ассоль әлі де болса, со баяғы күнәсіз пәк


 

 

пейілмен ертеңгілік: «Саламатсың ба, құдай!», кешкілік: «Қош сау бол, құдай!» деп былдырайтын сәби күйінде еді.

Оның пікірінше, құдаймен осылай атүсті таныстықтың өзі бәле-жәледен кәдімгідей қорған болады. Қыз оның жай- жағдаятына да түсінеді: құдай миллиондаған адамдардың тағдыр-талайымен шұғылданам деп ұдайы мұрнынан шаншылады да жатады, сол себепті де, Ассольдің ойынша, әлгі жұрт дүпеп жатқан үйге келіп түскен мейман абыр-сабырдан қолы тимей жатқан қожайын келгенше сабыр айлап, сарғая күтетіні сияқты, құдай тағала да өз бетімен қыбырлап тірлік кешіп жатқан пенделерін сыпайы ғана демеп-жебеп қойса болғаны. Юбкасын тігіп болғасын, Ассоль оны бұрыштағы үстелшеге апарып қойды да, шешініп жатып қалды. Шамы сөндірулі. Ұзамай ол көзінен ұйқы қашқанын, ұлы сәске кезіндегідей көңілі ояу, ой-санасы сергек екенін білді, тіпті қараңғылықтың өзі оған жасандылау болып көрінді, тұла бойы да көк дөнен көңілімен жарыса жөнелетіндей жеп-жеңіл боп лыпып тұр. Жүрегі асаудай тулайды, ол тура жастық үстінде – құлағының түбінде соғып тұрған тәрізді. Ассоль көрпесін бірде лақтырып тастап, бірде оған басына дейін оранып алып, өзіне-өзі кейіп, төңбекшіп, жата алмады. Ақырында ол маужыратып ұйқы шақыратын әсем бір суретті көз алдына әкелді: ол мөлдіреген тұп-тұнық суға тас лақтырып, оның үстімен жеп-жеңіл ұяң толқындардың жыбырлай тарап жатқанына қарады. Ұйқының да күткені осы екен, ол сусып келіп, кереуеттің бас жағында тұрған Меримен бірдеңе деп сыбырласты да, оның жымия күлгенін құптап, төңірегіне «Тш-ш-ш» әмір етті. Ассоль со замат ұйықтап кетті. Ол бұ жолы да ең сүйікті түсін көрді: бір нұрлы әлемде, миуалы ағаштар арасында, тамылжыған ән тыңдап, бір тылсым құбылыстарды көріп жүр екен, тұла бойын сағыныш пен аңсау, бір іңкәр сезім билеп алыпты, соныра ояна келгенде оның есінде осы гүлстан жайдан, аяғынан мұп-мұздай боп өтіп, жүрегіне шаттық боп құйылатын жалтыраған тұнық су ғана қалады. Осының бәрін көргеннен кейін, Ассоль со бір беймәлім өлкені қимай біраз жүрді де,

оянып түрегеп отырды.


 

 

Тіпті кірпік ілмеген кісідейін ұйқысы шайдай ашылды. Керемет бір жаңалық келетіндей жаны жадырап, табанда бірдеңені жасап тастайтындай құлшынып отыр. Жаңа қонысқа көшкендей үй ішіне таңырқай көз тастады. Таң сібірлеп келеді

– жарқырап атпаса да, төңірек көрінетіндей алакеуім жарық бар. Терезенің төменгі жағы қап-қара да, жоғары жағы құланиектеніпті. Далада, кәсек шетінен жылтырап таң жұлдызы көрінеді. Енді ұйықтамасын сезген Ассоль киініп, терезе алдына барды, оның ілгегін ағытып, кәсекті итере салды. Далада бір сергек, елгезек тыныштық бар екен: ол жаңа ғана орнаған сияқты. Алакөбенде бұталар қарауытады, әрегіректе ағаштар мүлгиді; тымырсық ауадан жер иісі келеді. Кесектің жоғарғы шетінен ұстап, Ассоль езу тартып күліп тұр. Кенет сонау алыстан, сырттан тіпті өз ішінен де әлде біреу атын атап шақырғандай селк етіп, ояу тұрып оянып кетті, осы ақиқат дүннеден де айқынырак бір дүние бар сияқты. Осы сәттен бастап қыз жүрегі үлпілдеп, алып ұшты да тұрды, өзіне қанат біткендей. Мысалға, біз сөйлесіп тұрған кісіміздің әңгімесін түсініп тыңдап тұрғамыз, бірақ ол әңгімесін қайталап айтса, біз оның тағы бір жаңа мәнін ұғамыз. Тап

қазір Ассоль де со күйде.

Көне, бірақ мұның басында әрдайым ең жаңа шаршысын тамақ астынан бір тартты да, есікті жауып, жалаң аяқ күйі лып етіп, жолға кеп түсті. Төңірек жым-жырт, меңіреу тыныштық, қызға бүкіл әлем жаңғырып, күмбірлеп тұрғандай сезіледі. Оған бүгін айналасының бәрі әсем, бәрі сүйкімді көрінеді. Жып-жылы шегеқұм аяғын жыбырлата қытықтайды, көңілді кеудесін керіп, еркін тыныстайды. Тұнжыр аспан аясында қарауытып, үй шатырлары мен бұлттар көрінеді. Шетендер мен қора-жайлар, итмұрын мен бау-бақшалар, ағараңдап жатқан жол сілемі – бәрі-бәрі мүлгиді. Күндізгідей емес, бәрі де өзгеріп кеткен – бәрі де сол заттар ғой, бірақ күндіз жоғалып кеткен бір қасиетін тапқан тәрізді. Бәрі де көзін ашып қалғып тұрғанмен, өтіп бара жатқан қызға ұрлана қарап қалып жатыр. Қыстақтан тезірек құтылғысы келгендей-ақ, қыз ұзаған сайын жүрісін тездетті. Капернадан әрі қарай шалғынды дала:


 

 

одан әрі жағалаудағы мұғар төбелерді қуалай жаңғақ ағашы, теректер мен каштандар өседі. Даңғыл жол жіңішкеріп барып, білте сүрлеуге айналатын жерге жеткенде ақ төсті жүндес қара ит Ассольдің аяғына орала кетті, бәленің көзіне қарасаң, қазір сөйлеп жіберетіндей. Ассольді танитын ит құйрығын бұлғап, қисалақтай қыңсылап, жарыса жүрді, «сенімен екеуміз түсінісеміз ғой» дегендей бүлкілдеп келеді. Ассоль иттің арбаса берген көзіне қайта-қайта қарап, егер тылсым бір күш бұған үндеме деп сиқырлап қоймаса ғой, бұл ит сөйлеп кетер еді-ау деп ойлады. Серігінің күле қарағанын көрген ит көңілдене арсалаңдап, құйрығын бұлғап, бүлкілдеп озып барады да, кенет шоқиып отыра кетті, сосын өштес жауы қапқан құлағының түбін тыр-тыр қасып алды да, кейін қарай жорта жөнелді.

Ассоль кісі белуарынан келетін, шығы төгіліп тұрған көкорай шалғынға келіп кірді, ол күлімсіреп, қаулап өскен шөп басын алақанымен сипап келеді. Шөптердің айқасып қалған сабақтары мен гүлдердің реңдеріне қарап, ол адамға тән көп қасиет нышандарын – тұрған тұрысын, талпынысын, қимыл-қозғалысын, кісіге көзқарасы мен кескін-келбетіне дейін тапқандай еді; егер ол енді құла түзден сап түзеп келе жатқан дала тышқандары кездессе, сарышұнақтар биі мен ұйықтап жатқан шілтенді қатты пысқырып қап шошытатын кірпілердің дөрекі ойынын көрсе – оған таң қалмас еді. Сол-ақ екен, алдынан бір қоңыр кірпі домалап шыға келді. Алдын кескен кісіге көшір қалай кейитін болса, бұл да жақтырмай «һүк-һүк деді пысқырып. Ассоль өзі білетін, көз қиығына іліккен шөп-бұта, жан-жануардың бәрімен тілдесіп келеді. «Амансың ба, дімкәсім» деді ол құрт жеп тастаған бозғылт нәркеске. «Үйде отырмайсың ба селтимей», бұны ол сүрлеудің тап ортасына шығып, жұрттың етегі қағып, тінжәу болып қалған бір өсімдікке айтты. Бір үлкен зауза қоңыз меңдуананың сабағын майыстыра, қайта-қайта құларман болып өрмелеп барады екен. «Жуан жолаушыны сілкіп таста» деп кеңес берді Ассоль. Айтқанындай, қоңыз тырс етіп құлап түсті. Осылай тебірене толқып, құбыла құлпыра жүріп


 
 
 

 



 

 

отырып, біздің бойжеткеніміз шалғынды жазықтан бір үлкен төбенің жотасындағы тоғайға келіп кірді, енді оны жуан дауыспен гүрілдеп сөйлейтін (бұл оны кәміл біледі) қимас достары қоршап алған еді. Бұл ырғай мен жаңғақ тоғайының арасына біткен зәулім кәрі ағаштар еді. Олардың арбиып жайылып кеткен қара бұтақтары тоғайды төбесінен сипайды. Каштандардың салбыраған қалқан жапырақтары арасынан қауыз жарған ақ гүлдер қылқиып-қылқиып тұр, олардың жұпар иісі шық, шайыр иісімен араласа аңқиды. Ағаш-бұталардың кедір-бұдыр, тарам-тарам тамырларын басып өтетін сүрлеу, бірде ылдиға құласа, енді бірде қайқаң етіп өрге шығады. Ассоль үйінде жүргендейін еркін, ағаштармен адам сияқты жалпақ жапырақтарын қыса ұстап амандасады. Ол жүріп келе жатып, естіртіп те, ішінен де: «Бұл сенбісің, сен де амансың ба, бауырларым-ау, тіптен көбейіп кетіпсіңдер ғой! Мен асығыспын, бауырлар, жіберіңдер мені! Мен сендердің бәріңді де білем, бәрің де есімдесің, қатты құрметтеймін сендерді» деп күбірлейді. «Бауырлары» оған қолынан келген құрметін жасап жатыр – жапырақтарымен желпи сипап, сиқырлай үн қатады. Аяғы ылғал топыраққа былғанып, теңіз үстіндегі жарқабақтан келіп бір-ақ шықты, аптығын баса алмай, жар шетіне келіп тұрды. Мәңгі өшпейтін бір жігерлі отты сенім, шексіз қуаныш кеудесінде теңіздей толқып, буырқанып, көбік шашып жатты. Ол осы қуаныш-сенімін көңілімен, көзімен сонау көкжиекке ұшырып жіберсе, ол со жақтан зеңгір көкте шырқай шарықтанғанына шаттанып, теңіздің толқынымен бірге қайта оралып келіп жатты. Бұл кезде сонау көкжиегін алтын белдікпен бір тартқан теңіз әлі ұйқы құшағында еді, тек жар астындағы шұқыр-шұқанақтағы су бір көтеріліп, бір басылып жатты. Ұйқыдағы мұхит суының түсі жағада бозғылт болса, одан әрі көкпеңбек боп, алыстаған сайын барқынданып қарайып кетеді екен. Сонау құланиек жиектен жоғарырақ аспан жарқырап арай шашады, ақ мамық бұлттар жүзі қызарып, шырай жүгірді. Олардан жұмақ нұры төгілді. Түнерген әлемнің қарауытқан жүзі ағарып, қан жүгіргендей болды. Кенет көк бурыл көбік жалтырап, сонау алтын жиек бел ортасынан қақ жарылды


 

 

да, мұхит бетімен Ассольдің тап аяғының астына алқызыл кілемді жыбырлатып әкеп жайып тастады.

Ол тізесін құшақтап отыра кетті. Теңізге қарай ұмсына түсіп, аялы көздері шарасынан шыға көкжиектен көз алмайды, сонда көзінен ересек қыз нышаны жоғалып, сәби сияқтанып кетті. Ұзақ жылдар бойы сарыла күткен ынтызар арманы сонау жер шетінен келеді. Қыз бір қиырдағы тұңғиық теңіз еліндегі су астынан дөңкиген төбені көрді, оның төбесінен шырмауықтай ширатылып бір өсімдіктер қаулап өсіп тұр. Олардың нәзік сабақты теңге жапырақтарының арасынан таңғажайып бір гүлдер жайнап көз жауын алады. Өсімдіктердің өрлей өскен жапырақтары мұхит үстінде жалтырай жымырап тұр. Мұның мән-жайын Ассоль сияқты білетін кісі болмаса, өзге кісілер тек жалтырап, дірілдеп тұрған бір құбылысты ғана байқар еді.

Сол сыңсыған өсімдік тоғайы арасынан бір кеме қалқып шыға келді. Сосын жүзіп барып, шашыраған арайдың дәл ортасына барып тоқтады. Алыс жағадан ол ақша бұлттай айқын көрінді. Төңірегіне шадыман-шаттық таратып, ол шарап, раушан гүл, қан шие ерін, алқызыл барқыт маздаған от сияқты алаулап тұр. Кеме Ассольге қарай тура тартып келеді. Оның құдіретті кеудесі мұхитты қақ айырып, екі жағына бұрсанған бурыл толқын қалдырып келеді. Қыз орнынан тұрып, қолын кеудесіне басқан кезде жарық құбылып барып, теңіз тына қалды. Жарқырап күн шықты, ол ұйқылы жер үстінде манаурап, керіліп-созылып жатқан тірлік иесі атаулының бет пердесін түріп тастады.

Қыз селк етіп, аңырып төңірегіне қарады. Тамылжыған ән-күйдің үні өшкен, бірақ соның үні әлі де қыз құлағында күмбірлейді. Осы бір құдіретті қиял әсері әлсіреп үзіліп барып, еміс-еміс есінде қалды, сосын ол талмаусырап шаршағанын сезді. Со сәт шөп үстіне жата кетті де, жай ғана есінеп, рақаттана көзін жұмып, маужырап ұйықтап кетті. Бұл – дүние-тірлік мүлде ұмытылған, өң-түссіз өткен, жас жаңғақтан да қатты бір шымыр ұйқы еді.

Ол жалаң аяғында жыбырлап ұшып-қонып жүрген шыбыннан оянып кетті. Аяғын бір-екі қозғағасын қыз көзін


 

 

ашты. Басын көтеріп, шашын жөндеді, қолында Грэйдің сақинасы барын білмейтін қыз, саусағының арасына бір шөп қыстырылып қалды ма деп оны түсіріп тастамақшы болып еді, анау түсе қоймады, сосын жұлып алып қарап еді, оқыс шапшыған фонтандай орнынан атып тұрды.

Оның саусағында Грэйдің шұғылалы сақинасы бөгде біреудің саусағында тұрғандай жалтырайды – со заматта ол өз саусағын өзі танымай қалғандықтан, мұны өзімдікі дей алмады. «Бұл кімнің әзілі? Әзілдеген кім? – деді ол жеделдетіп». Мен ұйықтап тұрмын ба осы? Бәлкім, тауып алып, ұмытып кеткен шығармын?» Сол қолымен сақина салынған оң қолына шап беріп, қайран қалып, оны аударыстырып көре бастады, сосын теңіз бен жасыл тоғайға күдіктене көз тастады. Бірақ бұта арасында бой тасалаған немесе қыбыр еткен жан көрінбеді, жалтырап шалқып жатқан көк айдыннан да бір белгі байқалмады, қыз жүзі бірте-бірте шырайланып, дуылдап кетті. Жүрегі әлденені сезгендей «иә» деп күбірледі. Бұ ғажапты қалай түсінуге болады, осылай ойсыз, тілсіз тұрып- ақ қыз оны жанымен сезіп, сақинаны ыстық көріп кеткендей. Ол тұла бойы дірілдеп, сақинаны саусағынан жұлып алып, уысына құйылған су сияқты, алақанына салып күллі жанымен, жүрегімен, шадыман шаттығымен ғайыпқа иланатын аңқау ақ көңілімен оған жаутаңдап қарай берді: сосын оны төстартқышының ішіне тығып, қуанышы қойнына сыймай, алақанымен бетін басып біршама тұрды да, басын төмен салып, жайымен кейін қарай жүре берді.

Сонымен, оқып жаза білетін кісілердің айтатыны сияқты, Грэй мен Ассоль шілденің тамылжыған бір сәтті күнінде, таңертеңгілік тағдыр айдап бірін-бірі тауып еді.

 

V

 

ӘСКЕРИ ӘЗІРЛІК

 

Кеменің палубасына көтерілгеннен кейін Грэй желкесін сипап бірер минут қимылсыз тұрып қалды, бұл оның не істерін білмей дағдарған шағы. Айкезбенің жылусыз


 

 

күлімсірегені сияқты бір енжар сезім ұшпа бұлттай жүзін бір шалып өтті. Оның көмекшісі Пантен тап осы кезде бір тәрелке қуырылған балық әкеле жатқан, Грэйді көрісімен оның бір түрлі аңтарылып тұрғанын сезе қойды.

– Сіз, бәлкім, бір жеріңізді соғып алған шығарсыз? – деді ол абайлап. – Қайда болдыңыз? Не көрдіңіз? Айтпақшы, қайда жүрсеңіз де өз еркіңізде ғой. Әлгі бір әзірде делдал келіп аса пайдалы бір сапар жайын айтып кетті, сыйлығы тағы бар көрінеді. Япыр-ау, сізге не болған?

– Рақмет, – деді Грэй күрсініп, бір ауыр жүктен құтылған кісідей. – Маған керегі сіздің ақылды, қамқор үніңіз екен. Төбемнен суық су құйғандай болды ғой. Пантен, командаға айт, бүгін біз зәкірді көтеріп, осы арадан он мильдей жердегі Лилиана өзенінің құярлығына барып тұрамыз. Оның арнасы таяз, қайырлап қаламыз, құярлығына теңіз жағынан ғана кіруге болады. Картаны келіп аларсыз. Лоцманды ертпеңіз. Әзірше осы... Айтпақшы, пайдалы сапардың маған көк тиынға керегі жоқ. Делдалға тап солай деп айтарсыз. Мен қазір қалаға кетем-дағы, кешке дейін сонда болам.

– Бірдеңе болып қалды ма?

– Ештеңе болған жоқ, Пантен. Кісінің әрнені қазбалап сұрай бергенін жақтырмайтынымды ескерсеңіз екен. Реті келгенде не болғанын сізге өзім-ақ айтам. Матростарға жергілікті док бос емес екен, кемені аздап жөндейміз дерсіз.

– Мақұл, – деді Пантен, бұрылып кетіп қалған Грэйдің артынан. – Бәрін де орындаймыз.

Капитанның жарлығы мейлінше айқын болғанымен, көмекшінің екі көзі бақырайып, көңілі ұйтқып, тәрелкесін ұстаған күйі каютасына қарай зытып берді: «Пантен, саған бір жұмбақты тастап кетті, білем. Ол контрабандаға ұрынғалы жүрген жоқ па? Біз қарақшының қара туын көтермесек, игі еді?» деп күбірледі. Ойы он саққа жүгірген көмекші осы жерге келгенде кілт тоқтады. Бұл балығын асығып-үсігіп жеп жатқанда, Грэй каютасына түсіп, ақша алды да, шығанақты кесіп өтіп, Лиссаның сауда кварталдарынан келіп шықты.


 

 

Енді ол нартәуекел деп іске аспай-саспай біржола кірісіп кетті. Өйткені осы сапарының уақ-түйек бұрылыс қалтарыстарына дейін көкірегінде сайрап тұр. Сол себепті де оның әрбір ойы, тебіреніс-толғанысы, әрекет-қимылы бір таңғажайып көркем дүниені тындырғандай, жігітті қуаныш ләззатқа бөлейді. Істің жөн-жобасы да сәтімен жұп-жұмыр боп түсе қалды. Шын шебердің қашауы соңғы рет тигенде безірейген мәрмәр тас жалтырап, жанданып жүре береді ғой, оның өмір жайлы ұғым-нанымы да енді осылай жарқырап жанданғалы тұр еді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)