АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

X X Х І т а р а у

 

Келсем Биче мен Ботвель төргі бөлмеде отыр екен. Қызды көрген соң барып көңілім орнына түсті. Өзін көріп, әңгімелессем, маған сол жетіп жатыр. Биче сабырлы көрінді, ал Ботвель болса әлденеге абыржулы.

– Көп шаруа тынды, – деді ол. – Мен тергеушіде болдым, ол газетке даярланған материал сияқты Бичені бұл істен бөліп тастауға уәде етті, сондай-ақ оның сотқа жеке басының қатысу-қатыспауы жөнінде де келістік. Биче өз куәліктерін оған хатпен жіберетін болды. Мен бұдан басқа да біраз жерге соғып, бәріне де ақша тастап кеттім. Құдды, қалтамнан ақша саулап төгіліп отырғандай болды. Биче, сіз енді қайтып кемелер сатып алмайсыз ба?

– Егер құқыма біреу қол сұғар болса әрқашан да сатып аларым хақ. Бірақ бұл маған сабақ болды. Тағы да басыма бәле тілеп алардай маған не көрініпті, – деді қыз маған қарап. – Бұлай болар деп кім ойлаған.

– Сұмырай зәрем қапты, – деді Ботвель. – Мен Бутлерге сигар, шарап, гүл жібермекпін. Дегенмен де, Гарвей, сіз ғой бұл бәлеге шатылмаған бейкүнә жансыз, сонша уақыт өліктің жанында қалай отыра алдыңыз?

– Менің қабырғамды қайыстырған басқа мәселе, – дедім, ойлы қалпы маған назар салып отырған қызға қарап сөйлеп.


 

 

– Өйткені, сіздің атыңызға кір келтіретін болды-ау деп зығырым қайнап отырды. Ал, бұл жағдаяттың пәлендей қитұрқысы болмағанмен, араға талай жыл салып бастасыңмен тосын ұшырасқандай оқыс нәрсе екені де ақиқат, әйтсе де түбі болмай қоймайтын бәле еді ғой бұл.

Осы бәлеге қатысы бар дегеннің қайсысы болмасын қандай жағдайда душар келгенін егжей-тегжейлі кеңестік. Ботвель қонақүйдің ішкі құрылысын жөнді білмейтін. Биченің қағаз табыңдар деуі мұң екен, Ботвель лып етіп алып келді. Ол келгенше Биче маған қарап:

– Енді көңіл хошыңыз қалай? – деді.

– Сізге келуді ойлаумен болдым. Ойындағысын лезде айтып бітіргісі келгендей, қыз қолын көтере берді де, табан астында өңін өзгертіп, салқын ғана:

– Оны білем ғой, – деді, – қазір мұнда келердегімнен бәрін де байыптырақ ойластыратын болғам. Міне, сөйтіп... Биче не өкініш білдіріп, не самарқау отырса, дәл осы салмақты қалпын көргендей тынышсызданбас едім – десе

де әліптің артын бақтым. Қыз жымиып күлді.

– Қамқорлығыңызға тағы да ризалығымды білдіремін,

– деді Биче. – Ботвель, сынық қарындаш әкеліпсіз ғой.

– Рас-ау, – деді Ботвель. – Бірақ дәл мынадай қиямет күндерде қарындаш өзінен-өзі ұшталып кетсе де таңданар емен! Гарвейдің мені құптары хақ.

– Принципінде қарсы емеспін!

– Әйтсе де, бәкісіз болмас, – деп күлді Биче маған бәкі мен қарындашты ұсынып жатып. – Нағыз қажет принцип осы болса керек.

Оның ренжімегеніне шүкірлік етіп, қарындашты ұштап бердім. Биче әуелі қарындаштың өткір ұшын біраз үйкелеп көрді де, қонақүйге қайдан кіріп, қалай шығатынын, бөлмені, дәлізді, сатыны сызып көрсете бастады.

Еңкейіп, қыздың иығынан аса қарап тұрмын. Қашаннан қалып алғандай, қыздың нәзік саусақтарына іліккен қарындаш қалт кетер емес. Құдды көзімен көріп қағазға түсіргендей. Биче бірден Бутлер, комиссар, Гарден төртеуіміздің де


 

 

нобайымызды сызып шықты. Тура жапон жазуындай көзге ұрып тұр.

– Суретті осынша тез және шебер салуыңызға қарағанда бүрыннан машықтанған болуыныз керек, – дедім мен.

– Сурет салғанды жақтырмаймын, – деп қыз әшейін ермек қылғандай, лезде сызғышпен сызғандай ғып бір тегіс линия жүргізіп өтті. – Жоға. Бұл мен үшін оңай шаруа. Егер сіз аңшы болсаңыз, ауладағы тауықты атып алып құмардан шығар ма едіңіз! Мен де сондаймын. Оның үстіне, өз басым суретпен түпнұсқаны жоғары қоямын. Сонда да, Браун жөнінде өздеріңізбен ақылдасып алғалы тұрмын. Сөйлесіп көрдіңіздер ғой, оны білсеңіз керек. Оған ақша бергеніміз жөн болар ма екен?

– Брауннің қазіргі шетін жағдайына орай, меніңше, ол Гезден кемені ақиқат сатып алып оған ақиқат ақша төлейтіндей болуы шарт. Әрине, оның ақша алмасына, яғни айтқанда, ақшалай емес, қағаз жүзінде ғана аларына сенімім кәміл. Сіздің орныңызда мен мұны заңгерге тапсырған болар едім.

– Мен де соны айтқам, – деді Ботвель

– Әйтсе де қиын түгі жоқ, – деп болмады Биче, – Браун кеменің нағыз қожасы болмаса да, әйтеуір, иесі болып саналатынын айтқан болатын.

– Иә, қағаз жүзінде ресми түрде болмаса да, біздің олай келісуіміз ықтимал. Қу мүйіздер ресми жағына үйір, ол ойымыздан шықса, біреудің мүкәмалын сатып, ақшасын аламын деп Браунның қулық-сұмдыққа барар жөні жоқ және де кәсібі сол болғандықтан бұл істі қағаз жүзінде реттеп қоюға оның қарсы болмасы хақ.

– Әлі де ойланып көрейік, – деді Биче өзінің салған суретіне ойлана қарап, менің сурет-сұлбамды айналдыра екінші сызық жүргізіп жатып. – Бәлки, сіздерге оғаш көрінер, сөйтсе де, осы ресми шаруаны ермек еткеннен гөрі марқұм Гезбен тіл тапқаным артық еді маған. Ендігі іс маған таныс. Мен барғанда Браун ағынан жарыла қойса?

– Әбден ықтимал, – дедім мен. – Дегенмен де, өзі қысылғансып, көкейін пара тескен өзінің сенімді бір түлкісін


 

 

жібермесіне кім кепіл, сол себепті, оның алдын орап, әуелі өзіңіз сөйтсеңіз қайтеді?

– Жөн айтасыз. Мұнымыз маған да, оған да жайлы. Әйтсе де... Жоқ, шынында да, сіздікі жөн. Біздің жоспарымыз бар ғой, – деп сөзін сабақтады Биче, қияқтай екі қасының арасына іркіле қалған әжімді жазып, ыңғайлана отырып, бір жымиып қойып – Ол жоспар бойынша, бар шаруаны жылы жауып қойып, «Періге» тартуымыз керек. Бала күннен ыстық палубаға шықпағалы не заман! Күндіз күйіп тұрды ғой. Ау, бұ не шу? Қозғалмасақ болмас.

Шынында да, қонақүйдің дағарадай терезелерінен жамырай шыққан әншілер даусы, музыка үні, қайтадан қайнаған мәз-мәйрам карнавал сарыны айқын естіліп еді. Мен дереу келістім. Ботвель жол жабдығын қамдағалы шығып кетті. Бичемен бір минут оңаша қалғаным сол еді, іле-шала осы үйдің қожалары, қыздың ағайындары – кемпір мен шал енді, екеуі де доп-домалақ, Биче таныстырғанда барып, олардың менің хикаямнан бейхабар екеніне көзім жетіп, жүрегім орнына түсті.

– Көңіл көтеріп, халық серуенін қызықтап қайтқалы келген екенсіз ғой, – деді кемпір, тыржия сөйлеп, осы қаланың даңғаза-шуы үшін ғафу өтінгені бет-әлпетінен көрініп тұр. – Біз шығуды қойғанбыз. Қазір бәрі де басқаша. Карнавалдың да сәні кетті. Менің кезімде бір Бреденердің өзі он екі сәйгүлік жегіп шығатын. Карльсонның жылжымалы павильоны

«Мұхитстаны» қандай еді, оның таңшолпаны мына мен болатынмын. Лакотт бағында су бұрғақтан шарап атқылайтын!.. Ой, шіркін, билеуші едік-ау!

– Бұрынғы күн қайда, – деді шал, түр-тұрпаты минут сайын семіп, шөгіп бара жатқан адамдай. – Тіпті, шығып, қызықтауға зауқың жоқ. Мың сегіз жүз... мейлі, әйтеуір соның бір жылы, Осборнмен жекпе-жек шыққаным бар. Киген қостюмі –«Етік киген мысық». Менен үш оқ суырып алды. Одан жетеу. Өліп кетті.

Қаздай тізілген екі қария да әбден көнеріп, мүк басып кеткендей, селбесіп әзер тұр, мен қайыр-хош айтыстым.


 

 

– Рақмет сізге, – деді кемпір кенет мығым сөйлеп, – Бичеге қыруар көмек көрсетіпсіз. Иә, қарақшыларды айтып тұрмын. Немене, бәрін де дарға асты ма? Бұрын мұнда қарақшы көп болатын.

– Қарақшы қаптап жүретін! – деді шал мұңая бас шайқап. Қариялар бәрін шатастырып тұр. Биченің көзімен ымдағанын аңғарып, бас иіп қоштастым да, қызбен бірге

шығып кеттім.

– Бұрынғы күн қайда... қаптап жүрген қарақшылар! – деген шалдың сыбырын шығып бара жатып құлағым шалып қалды.

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)