АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Экология

Читайте также:
  1. География, природа, экология
  2. ЗЕМЛЯ, ПРОДОВОЛЬСТВЕННАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ, СЕЛЬСКОЕ ХОЗЯЙСТВО, ЭКОЛОГИЯ
  3. Лингвоэкология на современном этапе. Определение понятия «лингвоэкология»
  4. Промышленная экология
  5. Раздел 5. Основные этапы эволюции жизни и биосферы. Эволюционная экология.
  6. Спектр и интенсивность загрязнения подземных вод Саратовской области (Экология 2012)
  7. Терминология науки «Лингвоэкология»
  8. Техника безопасности, охрана труда и пожарная безопасность. Промышленная экология.
  9. Экология
  10. Экология
  11. Экология

23. Төменде сіздерге төрт түрлі құрлық биомдарының графиктері берілген.

Қосымша: средняя – орта, месяцы- ай (Я- 1-інші ай...), общая годовая- ортақ жылдық, осадки- жауын мөлшері, низкая- төменгі, высокое- жо,арғы, очень- өте, умеренная- біркелкі.

Жоғарыда көрсетілген графиктерді қолданып, төмендегі тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтаңыз.

A. График (I), мәңгі жасыл, жалпақ жапырақты өсімдіктердің және ағаш өсімдіктерінің сан алуан түрлерінің мекендейтін биомасын көрсетеді.

B. График (II), өсімдіктердің САМ жолы фотосинтезін қолданатын биомасын көрсетеді.

C. График (III), өсімдік түрлерінің аз және жер беті көбінесе қынамен жабылған арктикалық тундраны көрсетеді.

D. График (IV), шөптәрізді өсімдіктердің басым болып, ағаш өсімдіктерінің мекендемейтін биомасын көрсетеді.

 

 

24. Организмдердің бір-бірімен қарым қатынас түрлері жайлы тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтаңыз.

A. Комменсализм- популяция көлемі мен түрдің таралуы бір-біріне тәуелді.

B. Бәсекелестік- бәсекелестік симметриялы болған жағдайда, әлсіздеу ағза түрінің жойылып кетуіге алып келуі мүмкін.

C. Жыртқыштық- құрбан (жертва) болатын популяциясына, жыртқыштардың тығыздылығы, олжаның (құрбан) тығыздылығы және қорғаныш тиімділігі әсер етеді.

D. Мутуализм- екі популяция көлемі бір-біріне тәуелді болып келеді.

Молекулярлы және Жасуша Биологиясы

25. Тыныс алу процессі туралы біліміңізге сүйене отырып, келесі тұжырымдардың дұрыс немесе қате екендігін белгілеңіз.

A. Өздерінің бойымен электрондарды жоғарырақ энергетикалық деңгейден төменірек деңгейге көшіре отырып, АТФ өндірісімен байланысты соңғы электрон қабылдаушы молекулаға жеткізетін электрон тасымалдаушы молекулалар жиынтығы субстрат деңгейіндегі фосфорлану деп аталады.

B. Аэробты ағзаларда кездесетін негізгі метаболизм жолдарының бірі, және оның барысында тағам молекулаларынан алынған ацетил топтары CO2 мен H2O-ға тотығатын жол лимон қышқылы циклі деп аталады.

C. Гликолиз тек қана оған қарағанда 15 есе көп АТФ беретін митохондриядағы глюкозаның тотығу процесіне бастама болғандықтан, гликолиздің адам жасушаларындағы рөлі маңызды емес.

D. Лимон қышқылы циклының реакциялары оттегіні қажет етпейді.

 

26.

       
   
 

Альфа-спиральдар полипептид тізбегінің көп кездесетін құрамдас бөлігі болса да, олар полипептидтің белгілі бір минимум ұзындықта болуын қажет етеді. Тізбектің ұзындығы альфа-спиральдың қалыптасуына қалай әсер ететінін табу үшін, сіз әр түрлі ұзындықтағы пептидтер үшін айналма дихроизмдерін (спиральдану өлшемі) өлшейсіз. Жалпы альфа-спираль құрылысына және сіздің экпериментіңіздің нәтижесіне сүйене отырып, келесі тұжырымдардың дұрыс немесе қате екендігін белгілеңіз.

 

A. Сутектік және иондық байланыстарымен қамтамасыз етілетін тұрақтылық арқасында Альфа-спираль 4 аминқышылынан бастап құрылады.

B. Альфа-спиральда бірінші амин қышқылының карбонил тобындағы оттегі мен бесінші амин қышқылының амид азоты арасында сутектік байланыс түзіледі. Сондықтан 5 амин қышқылынан қысқа спираль бола алмайды. Бірақ егер алты амино қышқылы болса, екі сутектік байланыс көмегімен тұрақты альфа-спираль түзіле алады.

C. Альфа-спираль тек бес амин қышқылы амидтік байланыс түзіп, олардың арасындағы мықты коваленттік байланыс оларға спиральдық геометрия берген кезде ғана түзіледі.

D. Эксперимент нәтижесі бойынша ақуыздың альфа-спиральдық бөлігінің ұзындығы максимум 10 амин қышқылы бола алады.

 

27. Төменде K+ каналының үлгісі берілген. Бұл бір полипептидтің төрт көшірмесін құралған трансмембраналық ақуыз. K+ каналының арқасында K+ иондары мембрана арқылы тасымалданады. Төмендегі үлгіге сүйене отырып, келесі тұжырымдардың дұрыс немесе қате екенендігін белгілеңіз.

 
 

A. Ақуыздың екінші реттік құрылымы көбінесе альфа-спиральдардан құралады.

B. Канал баррель түрінде құрылып тұрғандықтан, ол төртінші реттік құрылымда тұр.

C. Трансмембраналық ақуыздың мембранадағы бағыты оның қызметіне әсер ете алатындықтан, дұрыс бағытта болу өте маңызды.

D. Каналдың трансмембраналық бөлігі көбіне полярлы емес амин қышқылдарынан құралған.

 

28. Сіз Oxyphiliae (ферментация немесе тыныс алуды іске асыра алатын бактерия) бактериясының екі бірдей көлемдегі сұйық ерітіндідегі дақылын алып, оларды бірдей көлемдегі қорекпен қамтамасыз еттіңіз дейік. Сіз A ерітіндісін ауа өткізбейтін ыдысқа, ал B ерітіндісін ашық ыдысқа көшірдіңіз. Эксперимент туралы берілген ақпаратты қолданып, келесі тұжырымдардың дұрыс немесе қате екендігін белгілеңіз.

A. A дақылы барлық энергиясын гликолиз арқылы алады, ал B дақылы қосымша энергияны Кребс циклі және тотыға фосфорланудан алады.

B. B дақылы қоректі тиімдірек пайдаланғандықтан қоректі тезірек тауысады.

C. Бірдей уақыт өткеннен соң A дақылында B дақылына қарағанда жасуша саны көбірек болады.

D. A дақылына метаболизм үшін қосымша органикалық заттар қосу қажет. Оларсыз дақыл өледі.

 

 

29. Төменде В оперонының сызбасы берілген. B-R: B-XYZ гендерін өшіретін B репрессордың кодына жауапты. Ter: транскрипция терминаторлары. P: транскрипция промоторлары. O: оператор, және Enh: энхансер (күшейткіш). B опероны негативті және позитивті бағытта бақылана алатынын еске сақтаңыз. Төмендегі сызбаға сүйене отырып, келесі тұжырымдардың дұрыс немесе қате екенендігін белгілеңіз.

A.

 
 

Pxyz-тан басталатын мРНК транскрипттері 3 трансляциялық стоп сигналдарға ие.

B. B репрессор транскрипті операторға байланысып, Pxyz генін бақылайды.

C. Pxyz -тан басталатын мРНК транскриптінде бір ғана AUG старт кодоны болады.

D. Pxyz-тан бастала алатын B репрессор мРНК транскрипті кез келген Bxyz ақуызымен тоқтатыла алады.

 

30. Сіз мембраналық протеині ретінде тек Na+-K+ насостары бар липид везикулаларын дайындадыңыз. Төмендегі суретте көрсетілгендей әрбір циклда насос бір Na+ бір бағытта және бір K+ қарама қарсы бағытта тасымалдайды деп қарастырыңыз. Барлық Na+-K+ насос молекулаларының әдетте цитоплазмаға бағытталатын бөлігі везикуланың сыртқы жағына бағытталған. Келесі берілген жағдайларда не болатынын болжаңыз.

I. Везикуланың ішіндегі және сыртындағы ерітіндіде Na+ мен K+ екеуі де бар, бірақ АТФ (ATP) жоқ.

II. Везикуланың ішіндегі ерітіндіде Na+ мен K+ екеуі де бар; ал және сыртындағы ерітіндіде екі берілген ион да АТФ та бар.

III. Везикуланың ішіндегі ерітіндіде Na+; сыртындағы ерітіндіде Na+ және АТФ бар.

IV.

 
 

Ерітінді құрамы В жағдайындағыдай, бірақ Na+-K+ насос молекулаларының кейбіреуі сыртқа, кейбіреуі ішке қарайтындай кездейсоқ бағытталған.

A. 1 жағдайда. АТФ жоқ болса, иондар тасымалдана алмайды.

B. 2 жағдайда. Насос АТФ гидролизін қолданып, K+ иондарын везикула ішіне, ал Na+ иондарын ішіне тасымалдайды. АТФ таусылған соң насос жұмысын тоқтатады.

C. 3 жағдайда. Насос тек алғашқы үш қадамды іске асырады да, тоқтап қалады. Құрылымдық өзгерістер қатаң бірінен соң бірі болу керек болғандықтан, кейінгі қадамдар орын ала алмай насос тоқтап қалады.

D. 4 жағдайда. Нәтиже В жағдайындағыдай болады, бірақ АТФ-ты гидролиздейтін бөлігі везикула сыртына бағытталған насостар активті емес болады.

 

31. Келесі тұжырымдардың дұрыс немесе қате екенендігін белгілеңіз.

A. ДНК репликациясы ДНК-дағы промотор тізбегінен басталады.

B. РНК полимераза РНК синтезін бастау үшін праймерлерді қажет етеді.

C. Оказаки фрагменттері дегеніміз ДНК репликация айырының (fork) жетекші тізбегінде жасалатын ДНК-ның қысқа үзінділері.

D. 5’ - 3’ бағыттағы ДНК синтезікезінде дезоксирибонуклеотидтер өсіп келе жатқан тізбектің 5’ OH тобына жалғанады.

 

32. Жасушаның төмендегі берілген үлгісін қолдана отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

 
 

Келесі доменді қарастырайық.

 

Солдан оңға: сигнал беретін тізбек, лиганд жалғайтын бөлік, странсмембранды домен, сигналды домен.

A. SRP (cигналды тану бөлшектері) болмаса рецептор ақуыз цитоплазмада болар еді, және өз функциясын атқара алмас еді.

B. Егер сигнал домені жойылған болса, ол плазмалық мембранаға енгізіле алмайды.

C. Липид қосқабатының іші гидрофобты болғандықтан трансмембраналық домен гидрофобты амин қышқылдарынан тұрады.

D. Лигандқа байланысатын домен жасуша сыртында болып, лигандқа жабыса алу үшін, ол ЭР-ң ішкі жағына (люмен) бағытталуы тиіс.

 

33. Адам иммундық жүйесі туралы біліміңізге сүйене отырып, келесі тұжырымдардың дұрыс немесе қате екенендігін белгілеңіз.

A. B-жасушалары уақыт өте келе антигендерге қарсы жоғарырақ танымашылдық/жабысқақ антиденелер жасап шығара алады.

B. T-жасушалары уақыт өте келе антигендерге қарсы жоғарырақ танымашылдық/жабысқақ Т-жасуша рецепторлырын жасап шығара алады.

C. Жеке бір В-жасуша вирус капсид ақуызындағы көптеген түрлі епитоптарды тани алатын антиденелер жасай алады.

D. Әрбір адам жүздеген гендермен туылады. Ол гендердің әрбіреуі белгіді бір антигенді тануға арналған антиденеге жауапты.

 

34. Төменде электрон тасымалдаушы жолының бір бөлігі берілген. Бұл жолдың барысында электрондар NADH-тан O2-ге тасымалданады; Бұл реакция жнергиясы H+ тасымалына жұптасқан. Қалыпта жағдайда клеткалар тыныс алуды жүзеге асырады:

- O2 қолданады

- CO2 бөліп шығарады

- Бір қолданылған глюкоза молекуласына 36 АТФ жасап шығарады

 
 

X және Y препараттары, осы жолдағы белгілі бір аралық құрыламдардан электрон қабылдай алады. Бұл жоғарыда көрсетілген. Осы мәлімет және жоғарыдағы сызбаны қолдана отырып, келесі тұжырымдардың дұрыс немесе қате екенендігін белгілеңіз

A. Егер сіз жасушаға X препаратының қаныққан дозасын қоссаңыз, жасуша O2 қолданысын тоқтатады.

B. Егер сіз жасушаға X препаратының қаныққан дозасын қоссаңыз, H+ тасымалы тоқтатылып, АТФ өндірісі азаяды.

C. Егер сіз жасушаға Y препаратының қаныққан дозасын қоссаңыз, клетка CO2 өндірісін тоқтатады.

D. Егер сіз жасушаға Y препаратының қаныққан дозасын қоссаңыз,, H+ тасымалы тоқтатылмайды, және АТФ өндірісі жалғасады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.009 сек.)