АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе. Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыты өткен сайын қарқын алып

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. Кіріспе
  9. Кіріспе
  10. КІРІСПЕ
  11. Кіріспе

Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыты өткен сайын қарқын алып, ұлттық жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді.

Тәуелсіздік жолы қиын – қыстау кезеңдерден, қасіретті жылдар мен қанды қырғындардан, қазаға толы азаттық күрестерден тұрды. Сондықтан да, отан тарихындағы ұлт – азаттық қозғалыс пен ұлт зиялыларының азаттық жолында жүргізген қажымас күресін өз дәрежесінде объективті түрде зерттеу және оны халық санасына дұрыс жеткізу – тәуелсіз ел тарихшыларының алдында тұрған ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Негізгі бөлім

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күнмен бастап, коммунистік идеялар мен бүркенген отаршыл ұлы державалық орыс шовимизмінің біздің ұлтымызға «құрастырып» берген, саясаттандырған «ұлттық тарихымызды» - ұлттық көзқарас тұрғысынан жаңаша объективті зерделеу процесі басталып, әлемдік ортақ өркениет пен адамзаттық игілік құндылықтарын басшылыққа алған отандық тарих ғылымы ізденіс үстінде дамып келеді.

Бұл тақырыпты алудағы негізгі мақсатым 1916 жылғы көтерілісте толығымен зеріттелмей ашылмай қалған оқиғалар бар. Мен оларды толығырақ аша түскім келеді. Міне менің пікірім осындай. Көтерілістің үлкен екі ошағы болды олар: Торғай және Жетісу. Торғайдағы көтеріліс ошағы туралы сөз болғанда Амангелді Иманов пен Әліби Жангелдиннің есімі ғана айтылып келді. Амангелді Иманов бұл көтеріліс сардарбегі еді. Ал ол кездегі көтеріліс ұйымдастырушылары Шолақұлы мен Әбдіғапар Жанбосынұлы, Кейкі Көкембайұлы сияқты батырлар тарихтың тасасында қалып қойды. Ол туралы кейбір шығармаларда тіпті жағымсыз әнгімелерде айтылып келеді. Оның тарих сахнасында жағымсыз кейіпте қалуына Амангелді Имановты өлтірді деген жала да себеп болған секілді. Әбдіғапар Жанбосынұлы байсалды, ойшыл жан еді. Амангелді қалың топтың алдында ешбір жаннан сескенбейтін жүрек жұтқан қас батыр болса, Әбдіғапар мәселені тереңнен ойлап, алыстан толғап, ел азаматтарымен ақылдасып шешуді қалайтын кемеңгерлігі басым боды. Кеңестік кезеңде 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс туралы көптеген шығармалар, оның ішінде проза, поэзия, драма жанрларындағы шығармалар жазылды. Бұл шығармалар авторларының арасында Торғай ақындық мектебінің өкілдері де баршылық. Атап айтқанда, Омар Шипин, Нұрхан Ахметбеков, Күдері Жолдыбаев, Сәт Есенбаев, Қарсақ Қопабаевтар Торғайдағы көтерілістің куәгерлері ретінде бұл тақырыпқа көбірек қалам сілтеді. Алайда кеңестік цензура олардың тарихи шындықтан ауытқуына әсер етпей қойған жоқ. Аталған ақындар шығармаларында Амангелді мен Әлібидің бейнесі ғана сомдалып, көтеріліс көсемі Әбдіғапар мен Оспан бейнелері жағымсыз етіп көрсетіледі немесе мүлде аталмайды. Біздің қолымызға 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс тақырыбына арналған Сатыбалдыұлы Файзолланың «Әбдіғапар хан» деп аталатын поэмасы ғана бар. Ақынның бұл шығармасы сол кезеңде 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс тарихын бұрмалап көрсетушілерге жауап ретінде жазылған. Ел оны жадына халық шежіресін хаттаған, байсалды, аз сөйлеп, көп іс тындыратын, еліне елеулі, халқына қалаулы азаматы деп танитын. Ендеше Әбдіғапардың есімі аталып, ақ киізге көтеріліп, хан сайлануының осындай негіздері де бар-ды. Әбдіғапар «хан» деген атақты Шыңғыс әулетінен шыққандарға ғана тән дәреже екенін жақсы білетін. Сондықтан да қарадан шығып хан болғанына ризашылығын білдірді де, өзін «әмір» атауды жөн көрді.

Алайда қарапайым халық Әбдіғапарды «әмір» деп емес, «хан» деп атап кетті. 1916 жылғы патша жарлығы туралы, оны Торғай қазақтар қалай қабылдады. Патша жарлығынан кейін ел ішінде толқу басталады. Торғайдағы жеті баулы арғын рулары – Ақташы, Тағышы, Байтәжі, Таз, Қараман, Қырықмылтық, Төлектің атқамінерлері бас қосып, тығырықтан шығудың лажын қарастырады. Мәжіліс «патшаға әскер бермейміз» деп шешім шығарады. Сонымен бірге қоңсы отырған қыпшақ руларымен хабар алысып, маңайдағы он үш болыс елдің бәрін жиып, тізе қосып қимылдауға бел буысады. Бұл кезде Торғайдың батыс жағындағы арғын рулары да бас қосып Оспан Шолақұлын «хан» сайлап, көтеріліске дайын отырған болатын. Жан-жаққа хабаршылар аттанып Торғайдағы арғын, қыпшақ, найманның бас көтерер азаматтары жиналып Жалдама өзенінің бойында жиын өткізеді. Патша өкіметінен түңілген халық тығырыққа тірелді. «Шешінген судан тайынбас,» — деп, тәуекелге бел байлаған ел, оның басшылары құрылтай шақыруды жөн көрді. 1916 жылы қараша айының 27-інде Жалдама өзенінің бойында 13 болыстың өкілдері жиналды. Құрылтай маусым жарлығына қарсы көтерілген халық шешімін мақұлдады. «Ел ағасыз болмайды, тон жағасыз болмайды» — деп халық айтқандай, алты болыс арғын, алты болыс қыпшақ, бір болыс найман елін басқаратын елбасы – хан сайлауды мақұлдады. Ел басына күн туған кезде батылдығымен, парасатымен, пайымдылығымен, әділдігімен көзге түскен, ертеден елге танымал Әбдіғапар есімі жеке дара аталды. Оның үстіне Әбдіғапар қыпшақтардың Тілеулі атасынан өрбіген, өскен тұқым, үш мың түтінді іргелі елдің өкілі. Сонымен Жалдамада өткен құрылтай Әбдіғапарды «хан» сайлайды. Сонымен бірге осы жиында әскербасылар да бекітіледі. Амангелді жиналған қолдың сардарбегі болып жарияланады. Сонымен осы қатарда айта кетсек патшаның жарлығына байланысты Губернатор Торғай өңірінен әскер алынатынын Әбдіғапарға айтты. Әбдіғапар ашықтан-ашық губернаторға қарсы шығады әскер жібермейміз деп. Сонда губернатор таң қалып бұл қалай Николайға қарсы шықпақшы тұр деп бірден 700 мың қолды Қостанай қаласынан Торғайға жібереді. Міне осындай үлкен көтеріліс Қазақстанның барлық аймағын қамтыған Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің екіншісі еді. Енді бұл кездегі көтерілісшілердің айтқан сөздері «біз ресей бодандығына кіргенімізге 50-жылдан асты бірақ бізді әскер қатарына қосқан жоқ, ғылым білімге, оқуға мәдениетке, өнерге де араластырмады тек қара жұмысқа ғылымнан тыс ұстады, ендігі айтқаны жаппай қара жұмысқа жегу біз бұған қашаңғы төземіз» - деген. Шаруалар көтерілісі деген кездегі Әбдіғапардың негізгі арман-тілегі қазақтарды бодандықтан шығару, өз тәуелсіздігімізді алу мақсатында болды.

 

 

Қорытынды

 

Қорта келгенде біз патшалық Ресейдің бодандығында бірнеше жыл бойы болдық онда өз мәдениетімізді, тілімізді, дінімізді пайдалана алмай орыстанып кеттік. Осыған қоса біздің тарихымызда да сол кезде көптеп шындықтар жойылып кетіп бұрмалаушылыққа ұшырады. Қазіргі таңда тәуелсіздігімізге қол жеткізгелі тарихымыз қайта өңделуде. Сонда да болса әлі кейбір шындықтар тарих сахнасына шыққан жоқ мен осыған Әбдіғапар Жанбосынұлын жатқызыр едім.

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)