АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Имидж дегеніміз не?

Читайте также:
  1. Anteflexio дегеніміз не?
  2. Акцент на имидже и респектабельности – семейная маска.
  3. Внутренняя общественность и имидж организации
  4. Вопрос № 1. Ваш имидж и внешний вид.
  5. Вопрос № 1. Имидж.
  6. Вопрос № 3. Значение имиджа для профессионала.
  7. ЗАДАНИЯ ДЛЯ САМОСТОЯТЕЛЬНОЙ РАБОТЫ ПО ТЕМАМ: «ПЕРСОНАЛЬНЫЙ ИМИДЖ», «КОРПОРАТИВНЫЙ ИМИДЖ»
  8. Или Имидж как средство общения
  9. Имидж брэнда
  10. Имидж деловой женщины
  11. Имидж и внешний вид.

Әңгімелесуші адамның санасындағы сіздің образыңыз туралы көзқарас. Ол сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстаудың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ. Сонымен, имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы. Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын америкалық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі мен оның карьерасымен тікелей сабақтас. Әлбетте, бұл тұстағы басты мәселе – журналистің өз мамандығын жан-жақты жете меңгеруі. Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген журналист қана жоғары бағаланып, көрермен мен оқырманның ыстық ықыласына бөленбек.

Оқырман мен көрермен журналистің жазу шеберлігімен қатар, ол ұсынатын деректерге ерекше назар аударады. Ғаламдасу дәуірі атанған ХХІ ғасырда әдемі сөздер мен бейнелі құрмалас сөйлемдерді қолдану арқылы оқырманның көкейінен шығамын деу – әбестік. Одан гөрі нақты деректер мен жүректі селт еткізер мәліметтер журналист салмағын арттырмақ. Мұндай мағыналы мақалалар жазып, бейнесюжеттер жасау үшін тапқан дереккөздерді жақсы имиджімен тәнті етуіміз керек. Сонда ғана қызметі ілгерілеп, жұмыс жайлы, қаламақы қалың болмақ. Бұл жолда күн құрғатпай біліміңізді арттырып, әртүрлі мамандық саласында атқарылып жатқан жаңалықтарды назарыңыздан қағаберіс қалдырмауыңыз міндет. Бұл – сіздің имиджіңізді табысты жалғастыратын берекелі бағдаршам. Атап айтқанда ол:

• өзіңізге деген сенімді арттырады;

• талантыңыз бен талабыңыз мойындалады;

• дерек көздерінің сенімі нығайып, информация алу жолы жеңілдейді;

• бәсекелестікте әріптестеріңізді басып озасыз.

Жалпы, табысқа қол жеткізу имиджін қалыптастыру үшін өркениет талаптарын орындау қажет:

• әрбір кездесудің мазмұнына сәйкес киініп, сөзіңіз бен ісіңіз сырт көзге сыйлы да сымбатты көзқарас тудыруы тиіс;

• халықаралық стандарттар мен ережелердің негізін білу шарт;

• осы оқыған-тоқығаныңызды журналистикада көздеген мақсатыңызға жету үшін пайыммен пайдалану.

Елімізде журналистика саласында қызмет ететін қыз-келіншектердің қатары кейінгі жылдары күрт көбейді. Бірқатар БАҚ-тарда олардың саны 60-70%-ды құрайды. Қалай болғанда да, республикамыздағы журналистер көп дүниені алматылық және астаналық әріптестерінен үйренетіндігі белгілі. Астанада тұрып жатқан 10 жыл ішінде көзбен көріп, көңілге түйген жайттармен ой бөлісейін. Үлкен көштің алғашқы кезеңінде Алматыда сәнді киім, сымбатты көріністермен танылған журналистер 1997-98 жылдары Астанаға іссапармен келген тұстарында өздерінің сымбаты мен салтанаттарынан жұрдай айырылғандай әсер қалдырған еді. Арқаның аязы мен боранын сылтау еткен көрікті қыздарымыз киім киіну мен боянуларында салақтық жібергендігі шындық. Бүгінде сол сәттерді әзілмен еске алатын әріптестеріміз Сарыарқаның қытымыр қысқы аязы мен жаздағы аптап ыстығындағы аңызақ желі сол күйінше қалғанын айтып, бірақ уақыт өте келе, қыздарымыздың өз имиджіне сергек қарай бастағандығын жиі тілге тиек етіп отырады. Әрине, бәрі күрт өзгерді деу дұрыс болмас, өйткені телевизиядан көп журналистер қатысатын баспасөз конференцияларын көріп отырғанда, көзге оғаш көрінетін тұстар көңілде кірбің қалдырады. Асығыс жүріп, асығыс киінетін қайсыбір қарындастарымыздың бет-әлпеті мен киім киісі жаңа ғана асүйде тамақ пісіріп шыққан адамға ұқсайды. Әркімнің жағдайы әртүрлі деп сынаққа сылтау айтушылар аз болмас. Дегенмен журналист мамандығын таңдап алып, халыққа ақпарат беруге құқық алсаң, онда сөзіңе ісің сай болғаны ләзім. Бұл тұста бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары да журналистердің сырт пішіні компания имиджіне тікелей әсер ететіндігін ұмытпаған жөн.

1999 жылы «Қазақстан» телеарнасының «Ақшам» бағдарламасында бас редактор болған тұстағы бір оқиғаны мысалға келтіре кетейін. Ол кезде «Ақшамда» үш корреспондент қызмет жасайтындықтан, Астанада өтіп жататын күнделікті жаңалықтарды эфирге қамтамасыз ету мүмкін емес еді. Сондықтан да сағат 22:00-де эфирге шығатын жаңалықтарды қазақ және орыс тілдерінде жүргізетін екі диктор қарындасымызды ресми органдарда өтетін оқиғаларға тілші ретінде жіберуді ұйғардым. Алғашында олар «хабар жазу қолымыздан келмейді» деп сылтауратты. Көмектесетінімізді айттым. Осылайша, эфирге түр-сипатын лайықтап, сөйлеу мәнерін ұғынықты жеткізуге үйренген диктор қарындастарымыз Үкіметте, Парламентте жарқ ете түскенде, «бұл қайдан шыққан сымбатты да сұлу журналистер деп оларға депутаттар мен министрлердің ерекше назар аударғаны құпия емес. Ескерте кететін жайт, екі диктор да – Ақмолада туып-өскен, жергілікті жердің суығы мен ыстығына үйренген тәжірибелі мамандар. Олардың журналистер арасына осылай қосылуы жаңа астанадағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, әріптестерінің дұрыс киінуіне барынша ықпалын жасады. Маған бас редактор ретінде олар өздерінің атына айтылған жақсы да жылы сезімдегі лебіздерді мақтанышпен жеткізетін. Бұл мен басқарып отырған «Ақшам» бағдарламасының рейтингісінiң өсуіне де біршама септігін тигізді.

• Өкінішке қарай, қазір де теледидар айнасынан кейбір журналист қыздардың біртүстегі киіммен: қып-қызыл не жап-жасыл, сап-сары, әйтпесе демалыста жүргендей гүлдерге көмкерілген бейнесін көріп, іштей қапаланып отырасың. Әсіресе, арзан бағалы Қытай көйлектерінің түсі көзге қораш, ерсі әсер қалдырады. Өйткені бұл бұйымдардың құны төмен болғандықтан, бояуы да ұнамсыз. Кей кезде осындай киімдермен эфирде stand-up жасайтындарға қолма-қол телефонмен хабарласып, журналистер имиджіне нұқсан келтірмеуін ескерткім келеді. Көш жүре түзеледі. Бұл – ақиқат. Ал анығы, біз Тәуелсіз мемлекет екендігімізді, жаңа астанасымен әлемді қайран қалдырған ҰЛТ екендігімізді ұмытпауымыз міндет. Астанаға күн сайын келіп-кетіп жататын шетелдік делегациялар өте көп. Қазақтың мәдениеті мен салтын байқап көру үшін теледидарды қосқан, «сырт көз – сыншы» демекші, мейман осындай түрлі-түсті журналистерімізді көргенде, қандай көзқараста болатындығын өзіңіз ойлай беріңіз. Сол себептен де БАҚ жетекшілері өз журналистерінің талантын бағалап қана қоймай, сырт пішіндерінде бағамдап отырулары тиіс. Ол үшін dress code – киім кию өнерін үйрену артықтық етпейді. Бұл жөнінде арнайы оқулықтар да жеткілікті, сайттарда сұрауыңызға қажетті мәліметтер мол.

• Ресми

• дәстүрлі

• спорттық үлгі

• элегантты стиль

• творчестволық

• романтикалық

бағыттағы киім үлгілері туралы жан-жақты пысықтап жазылған. Стилистердің бұл ұсынымдарынан өзіңізге ұнағанын және шамаңыздың жеткенін таңдап алуыңызға болады. Журналистика мамандығымен шетелдерде болғанда байқағаным, журналистер өздері қатысатын оқиғалардың мазмұнына сәйкес киімдерін талғап, таңдайды.

Өз имиджіңізді қалыптастырып, айналаңыздағы адамдар сіздің сыртқы бейнеңіз бен өзіңізді ұстап, сөйлеу мәдениетіңізді бағамдағанда, журналист ретіндегі брендіңіз айқындалады.

Бренд – имидждік образ. Визуалды, эмоционалды, рационалды әсерлер ақыл мен сана арқылы сіздің толыққанды портретіңізді ашады. Жас немесе егделігіңізге қарамастан, қызметіңіз бен мамандығыңыз арқылы сізге деген жеке көзқарас сұрыпталып, журналистің дербес бренді сомдалады. Осылайша дербес бренд арқылы журналистің кәсіби репутациясы, яғни оның беделі мен кемшілігі екшеліп, жұртшылық арасында оған деген қоғамдық пікір қалыптасады.

Журналист танымал болған сайын көрермен мен оқырман оның мақаласын іздеп жүріп оқиды немесе фамилиясын көрген соң, көтерілген мәселе тақырыбы айқайлап тұрса да, «суайттың сандырағы» деп газет не журналды жауып тастайды. Телевизияда бұл жайт журналист жүргізетін бағдарламаның рейтингісіне тікелей қатысты. Көрермен сіздің сөзіңізбен ілесе пікір жарыстырып, келіспеушілігін сол сәтте сездіреді және кейіннен өзі араласатын адамдар арасында аталған журналист туралы теріс пікір туғызуға тырысады.

Осылайша, журналистің дербес бренді үш түрлі принциппен ерекшеленеді:

• имидж;

• журналистің ықпалы мен беделі;

• оқырман не көрерменнің сізді жақсы қабылдауы.

Міне, осы асуларды алсаңыз, журналист ретіндегі сіздің жақсы брендіңіз есіміңізге ешқандай көлеңке түсірмейді.

Нәтижесінде сіз сыйлы да беделді журналист ретінде қаламақысы жоғары, шетелдік сапарларға жиі шығатын креативті корреспондент боласыз. Сонымен, осындай мықты брендтің пайдасы неде?

• Өзі туралы қоғамдық пікір қалыптастырғысы келетін жоғары лауазымы мемлекеттік қызметкерлер мен бақуатты адамдар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді мазмұнымен халыққа түсінікті жеткізе алатын журналист ретінде сізбен сенім орнатып, жұмыс жүргізуге ықтиярлы.

• Маман ретінде журналистің өз әріптестері арасынан озып шығуына жәрдемдеседі.

• Бәсекелес БАҚ-тар арасында осылайша ерекшелену журналист қызмет ететін компанияның да рейтінгісін арттырады.

• Журналист тікелей басшыларының өктемдігінен арылып, өзін толғандырған тақырыпта проблемалық материал таңдап, жазуына ерікті.

• Бұл жетістіктер журналистің ғұмырлық арман-мақсатының орындалуына жол ашады. Мамандығына көңілі толып, материалдық-тұрмыстық жағы жақсарған сайын көңіл күйі көтеріліп, таланты ашыла түседі.

• Кей кезде жақсы дербес бренд журналистің сирек кездесетін кемшіліктеріне кешіріммен қарауға көмектеседі. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

Жалпы, журналистің имиджі тақырыбында әртүрлі бағытта пікір жарыстыруға болар. Мысалға кез келген танымал журналисті алып, оның табысқа жету жолдары басқаша қалыптасқандығымен, дау тудыру мен өзім білемге салып, жалықпай саудаласу ақиқатқа апара қоймас. Автор ретінде мен өркениетті елдерде қалыптасқан принциптерге сараптама жасауға тырыстым. Өзім де соған ұқсауға ықыласты екендігімді жасырмаймын. Піл үлкен, бірақ ол денеңізді шағып, мазаңызды алмайды, ал маса кішкентай, бірақ шағып алғаннан кейін біраз уақыт мазаңыз кетіп, тыныштала алмайсыз.

Автор: Махат САДЫҚ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, философия докторы

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)