АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

БЦЖ – ВАКЦИНАСЫН САЛУ АЛГОРИТМ

Читайте также:
  1. А. 3. 10 Алгоритм лікування та діагностики порушення ритму серця
  2. А. 3. 2 Алгоритм лікування артеріальної гіпертензії
  3. А. 3. 6 Алгоритм діагностики та лікування ішемічна хвороба серця
  4. Алгоритм 1. Зупинка артеріальної кровотечі за допомогою закрутки
  5. Алгоритм 3.1. Транспортна іммобілізація
  6. Алгоритм 4.3. Діагностичний і лікувальний (перша медична допомога) пошук при струсі мозку.
  7. Алгоритм L.
  8. Алгоритм RLE
  9. Алгоритм автоматического формирования парных симметричных ключей шифрования-дешифрования открытых сообщений на рабочих станциях абонентов корпоративной системы.
  10. Алгоритм анализа реальности достижения поставленных профессиональных целей.
  11. Алгоритм ведения при тяжелой форме ГБП
  12. Алгоритм виконання курсової роботи

Көрсеткіші: туберкулездің алдын алу

 

Керекті құралдар:

· мақта шариктері, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел

· резеңке қолғап

· БЦЖ вакцинасы және ерітіндісі

· ампула қоюға арналған мензурка

· қара қағаздан жасалған жарықтан қорғайтын конус

· 2 шприц (туберкулин шприці және 2 мл)

· қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап

· қолданылған заттар салатын дез ерітіндісі бар ыдыс

· 70% спирт

 

1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

3. Керекті құралдарды дайындау

4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

5. Қораптан вакцинасы, ерітіндісі бар ампулаларды алып, мойынын 70%

спиртке малынған мақта шаригімен сүрту.

6. Стерильді салфеткамен жауып сындыру.

7. Қолданылған мақта шариктерін, салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа

салу.

8. Ампуланы мензуркаға қою.

9. 2 мл шприцтің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу және

канюляға инені бекіту. Иненің қалпағын шешіп ерітіндісі бар ампуладан шприцке 2 мл сорып алу.

10. Ерітіндіні вакцинасы бар ампулаға енгізу (жайлап, қабырғасының

бойымен). Вакцинаны шприцпен сорып-жіберу арқылы араластыру.

11. Шприцті арнайы қорапқа салу.

12. БЦЖ вакцинасының дайын ерітіндісін 5-6 мин бойы мензуркаға бетіне стерильді салфетка және конус жауып калдыру, одан кейін вакинаны жарық көзінде тексеру.

13. Туберкулин шприцінің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу

және канюляға инені бекіту, қалпағын шешу. Ерітілген БЦЖ вакцинасы бар ампуладан 0,2 мл вакцинаны сорып алу.

14. Қалған вакцинасы бар ампуланы мензуркаға қою, стерильді дәкемен және конуспен жабу.

15. Шприцтен ауаны стерильді мақтаға 0,1 мл дейін шығару (мақтаны

дезерітіндіге салу). Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қою.

16. Баланың сол жақ иығының жоғарғы 3/1 бөлігін 70%спиртке малынған

стерильді мақта шаригімен өңдеу (шарикті дезерітіндісі бар ыдысқа салу). Спирт кепкенше тосу.

17. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні керіу, иненің тесігін жоғары

қаратып, шприцті 10-150 ұстап, жайлап тері ішіне вакцинаны енгізу (белгісі «лимон қабықшасы»).

18. Инені алу. Инъекция орнын спиртпен өңдеуге болмайды. Туберкулин

шприцін қорапқа салу.

19. Қолғапты шешу, қорапқа салу.

20. Қолды жуу, кептіру.

21. Иммунопрофилактиканың 6-7 қағидаларын ұйымдастыру және орындау

Ескерту. 1. Жаңа туған нәрестелерге енгізу дозасы 0,05 мл, шприцке 0,1 мл сорылып алынады.

2. БЦЖ ревакцинациясын өткізу алдында міндетті түрде Манту сынамасын қою қажет.

 

МАНТУ СЫНАҒЫН ҚОЮ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: диагностикалық

 

Керекті құралдар:

· мақта шариктері, салфеткалар, пинцет бар стерильді үстел

· резеңке қолғап

· стандартты туберкулин

· ампула қоюға арналған мензурка

· туберкулин шприці

· қолданылған шприцті тастайтын арнайы қорап

· қолданылған заттар салатын дез ерітіндісі бар ыдыс

· 70% спирт

 

1. Иммунопрофилактиканың 1-4 қағидаларын ұйымдастыру және орындау.

2. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

3. Керекті құралдарды дайындау

4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Резеңке қолғап кию.

5. Қораптан туберкулин ерітіндісі бар ампулаларды алып, мойынын

70%спиртке малынған мақта шаригімен сүрту.

6. Стерильді салфеткамен жауып сындыру. Қолданылған мақта шариктерін,

салфетканы дезерітіндісі бар ыдысқа салу. Ампуланы мензуркаға қою.

7. Туберкулин шприцінің қорабын ашу. Шприцке қалпағымен инені кигізу

және канюляға инені бекіту, қалпағын шешу. Туберкулин ерітіндісі бар ампуладан 0,2 мл препаратты сорып алу.

8. Қалған туберкулині бар ампуланы мензуркаға қою, стерильді дәкемен

жабу.

9. Шприцтен ауаны стерильді мақтаға 0,1 мл дейін шығару (мақтаны

дезерітіндіге салу). Шприцті стерильді үстелдегі салфетканың астына қою.

10. Баланың білегінің орта бөлігін 70%спиртке малынған стерильді

мақта шаригімен өңдеу (шарикті дезерітіндісі бар ыдысқа салу). Спирт кепкенше тосу.

11. Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен теріні керіу, иненің тесігін

жоғары қаратып, шприцті 10-150 ұстап, жайлап тері ішіне туберкулинді енгізу (белгісі «лимон қабықшасы»).

12. Инені алу. Инъекция орнын спиртпен өңдеуге болмайды.

13. Туберкулин шприцін қорапқа салу.

14. Қолғапты шешу, қорапқа салу.

15. Қолды жуу, кептіру.

16. Сынаманы бағалау үшін 72 сағаттан кейін келуін сұрау (3 күні).

 

Манту сынамасын бағалау 72 сағаттан кейін өткізіледі:

«Теріс қорытынды» -ине ізі

«Күдікті» -кез келген мөлшердегігиперемия немесе папула 1-4 мм

«Оң» -папула 5мм және одан жоғары

«Гиперергиялық реакция» -папула 15 мм және одан жоғары

БАЛАЛАРДА КЕЗДЕСЕТІН ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТУ АЛГОРИТМДЕРІ

СТЕНОЗДЫ ЛАРИНГИТ (ЖАЛҒАН КРУП)

Стенозды ларингит – көмей тұсында тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен және тыныс жетіспеушіліктің дамуымен сипатталатын жедел ауру.

Даму механизмы:

1) Дыбыс тесігі маңының тарылуы

2) Байланыс асты аймақтың ісінуі

3) Көмей қуысында қақырықтың жиналуы

Клиникалық белгілері:

 

- дауыстың қарлығуы

- дөрекі, ит үрген тәріздес жөтел

- тыныс тапшылық белгілері

- бала мазасыз, төсекте тыныш жата алмайды, цианоз, инспираторлы ентігу, тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қатысады (мұрын қанаттары, қабырға аралық, диафрагма және т.б.).

 

Жедел көмек алгоритмі

1. Баланы тегіс жерге басын жоғары көтеріп жатқызу немесе отырғызу немесе қолға алу.

2. Қысып тұрған тар киімнен босату.

3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

4. Тыныштық жағдай жасау.

5. Алдандыру шараларын өткізу (сирақ бұлшық еттеріне қыша қағазын қою немесе қыша аяқ ванналарын жасау).

6. Эуфиллин, ас содасы, қақырық түсіргіш шөптер қосылған бу ингаляцияларын өткізу (алмастырып отыру қажет).

7. Бұл шара тиімді болмаған жағдайда – көк тамырға 2,4% эуфиллин ерітіндісі, тамшы түрінде енгізген тиімді болады – 1 мл/жасына 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде.

8. Ауыр жағдайларда – гормонотерапия - преднизолон 1-2 мг/кг тәулігіне.

9. Десенсебилизациялық ем - тавегил, диазолин және т.б.

10. Муколитиктер - ацетилсистеин, бромгексин.

ГИПЕРТЕРМИЯ

Гипертермия - қорғаныш-компенсаторлық реакция, ағзаның ауруға деген иммунды жауабы:

1) қанның бактерицидтік қасиеті артады

2) лейкоциттердің белсенділігі артады

3) эндогендік интерферонның бөлінуі артады.

Қызба өзінің қорғаныш қызметін тек белгілі бір деңгейде ғана орындайды. Температураның одан әрі жоғарлауы барысында тыныс алу және қан айналымына салмақ түсу артады (әрбір t°>37°С – тыныс алу жиілігі минутына 4 дем алыс қозғалысына артады, ал пульс – минутына 10 соғуға артады), бұл қанға оттегінің түсуін арттырады; бірақ оттегі мөлшерінің бұлай артуы тіндердің оттегіге деген қажеттілігін қанағаттандыра алмайды да гипоксия артады. Бұл кезде бірінші кезекте орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады да құрысып тырысулар дамиды. Көбіне бұл жағдай дене температурасы t°- 39°-40°С көтерілігенде байқалады.

Гипертермияның түрлері:

1 ) Қызыл (жеңіл) - жылу жасау жылу бөлуге тең. Жалпы жағдайы аса бұзылмайды. Тері қабаты аздап қызарған, жылы, дымқыл.

2) Ақ (ауыр) - жылу жасау жылу бөлуден артық, себебі перифериялық тамырлар тарылады. Тоңу, қалтырау. Тері қабаты боз.Тырнақ ойықтары, еріндері көгерген.

 

Гипертермия кезіндегі көмек алгоритмі

1. Баланы төсекке жатқызу.

2. Қысып тұрған тар киімнен босату.

3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

4. Гипертермияның түрін анықтау:

· Егер қызыл болса – қызу түсірудің физикалық әдістерін қолдану, көп мөлшерде сұйықтық беру, ыстық түсіретін дәрілер беру.

· Егер ақ түрі болса –қызыл түріне ауыстыру (жылыту, жылы сұйықтық беру, спазмолитиктер: но-шпа, папаверин енгізу)

5. Температураның көрсеткішіне сәйкес шаралар өткізу:

а) t – 37-37,50 С- көп сұйықтық беру

б) t – 37,5-380 С- физикалық әдістер қолдану

в) t – 38-38,50 С- ауыз арқылы ыстық түсіретін дәрілер беру (парацетамол, панадол, аспирин) немесе цефекон балауызы тік ішекке енгізу.

6. Оттегі беру.

7. Шара өткізуден 20-30 мин өткеннен кейін баланың зәрге отыруын және дене температурасын қадағалау.

ҚҰРЫСЫП ТЫРЫСУ СИНДРОМЫ

Құрысулар - дене және аяқ-қолдардың түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бұлшық еттердің жиырылуы.

Фебрильді құрысулар - жоғары температура кезінде.

Афебрильді – тууылу кезіндегі жарақаттарда, бас миының зақымдануында болады.

Ырғақты құрысулар – көбіне эпилепсия кезінде.

Құрысулардың жергілікті және жайылған түрлері бар.

Құрысу синдромының кезеңдері:

I. Тоникалық -а) сыртқы ортамен байланыстың кенет жоғалуы;

б) көз қарасы бір орында тұрмайды, одан әрі жоғары және бір жаққа тігіледі;

в) басын артқа шалқайту;

г) қолдары бүгілген және аяқтары тік жазылған

II. Клоникалық -а) басында бет, одан әрі дене, аяқ-қолдарының бұлшық еттері жиырылады және жылдам жайылады;

б) тері қабаттары бозарған.

Жедел көмек алгоритмі

1. Баланы тегіс, жұмсақ жерге жатқызу, жарақаттайтын заттарды алып тастау.

2. Басын тез арада бір жақ қырына бұрып жатқызу.

3. Қысып тұрған тар киімнен босату.

4. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

5. Күрек тістерінің арасына шиыршықталған салфетка немесе мақтамен (бинтпен) оралған шпатель салу.

6. Құрысуға қарсы препараттар енгізу:

- диазепам 0,1мл/кг - тік ішекке инесіз туберкулин шприцімен 4-5 см тереңдікке (ИВБДВ), 2 рет қайталау, аралығы 10 минут, егер тиімсіз болса көк тамырға немесе бұлшық етке - реланиум (седуксен)

- 0,1 мл/жасына (0,3-0,5 мг/кг) немесе

- дроперидол – 0,2мл/кг немесе

- 25% магний сульфат – 0,2мл/кг немесе

- ГОМК 50-100 мг/кг (1 мл – 200 мг)

7. Оттегі беру.

8. Құрысудың себебін анықтау және жою.

ЛАРИНГОСПАЗМ

Ларингоспазм – айқын спазмофилияның түрі. Ерте жастағы балаларда дамиды. Ауру ағзада кальцийдің мөлшерінің төмендеуі себебінен құрысуға бейімділікпен және жоғарғы жүйке - бұлшық ет қозғыштықпен сипатталады.

Ларингоспазм – дыбыс желбезегінің тарылуы. Көбіне жылау, айғайлау, баланың қорқуы кезінде дамиды. Шулы және сырылдаған тыныс алумен және дем алысынң бірнеше секундқа тоқталуымен анықтлады. Бұл кезе бала бозарады, одан әрі цианоз және қысқа мерзімді есін жоғалту пайда болады, ұстама терең - шулы «әтеш айқайы» тәріздес тыныс алумен аяқталады. Ұстамадан кейін бала ұйқыға кетеді.

Жедел көмек алгоритмі

1. Баланы қатты, тегіс жерге жатқызу.

2. Қысып тұрған тар киімнен босату.

3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

4. Тыныштық жағдай жасау.

5. Балаға суық су шашу, жамбасын шапалақтау, шпателмен тілдің түбін басу, мақтамен төменгі мұрын жолдарын тітіркендіру, мұрнына үрілеу.

6. Бұлшық етке реланиум (0,1 мл/жасына) енгізу.

7. Міндетті түрде көк тамырға 10% кальций глюконат енгізу (1,0 мл/жасына).

8. Шара тиімсіз болса – трахеяның интубациясы.

9. Жүрек тоқтаған жағдайда – жүрекке тікелей емес массаж.

10. Тыныс алуы қалпына келгенде - оттегі беру.

ТЫНЫС АЛУ ЖӘНЕ ЖҮРЕК СОҒУЫ ТОҚТАЛҒАНДАҒЫ КӨМЕК

 

Реанимацияның халықаралық деңгейдегі схемасы 4 бөліктен тұрады.

Бұл схема «Элементарлы реанимация негіздері» деп аталады.

«А» - келешекте сізге немесе балаға туатын қауіп барлығын тексеріңіз. Әр жағдайда әр түрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, оларды сіз тез арада бағалауыңыз қажет.

«В» - ауа өткізгіш жолдарын тексеру (өткізгіштігі сақталған ба?).

«С» - тыныс алуын тексеру (бала тыныс алып жатыр ма?):

- кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз

- тыныс алу дыбысын тыңдаңыз

- баланың тынысын өз бетіңізде сезініңіз

«Д» - циркуляцияны тексеріңіз – жүрегі соға ма

- пульсін іздеңіз (иық артериясы, ұйқы артериясы)

Егер тыныс алуын анықтай алмасаңыз- «жасанды дем беру» өткізу;

Егер пульсін анықтай алмасаңыз- «жүрекке тікелей емес массаж».

Жасанды дем беруді өткізу сатылары:

1. Баланы арқасымен тегіс, қатты жерге жатқызу.

2. Иық астына валик салу.

3. Баланың басын абайлап артқа қарай шалқайту, иегін көтеру.

4. Жоғарғы тыныс жолдарын шырыштан, бөгде заттардан тазарту – резеңке грушамен немесе электросорғышпен.

5. Баланың аузына және мұрнына салфетка салу.

6. Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз: баланың аузы және мұрын үстіне (1 жасқа дейінгі балаларға); баланың аузының немесе мұрынының үстіне (ересек жастағы балаға).

7. Баланың кеудесі абайлап, ақырын көтерілуге жеткілікті мөлшерде ауаны баланың тыныс алу жолдарына үріп енгізу (баланың жасы неғұрлым кіші соған сәйкес енгізілетін ауаның көлемі аз болу қажет).

8. Үзіліс жасап баланың кеудесі төмен түскенге дейін тосу.

9. Дем беруді және үзілісті қайталау (белсенсіз дем шығару) - өздігінен дем алысы болғанға дейін, немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе өлілік таңбалар пайда болғанға дейін.

Жүрекке тікелей емес массажды өткізу алгоритмі

1. Баланы қатты, тегіс жерге жатқызу

2. Баланың оң жағына орналасу

3. Қолдардың керекті бөлігін төс сүйегінің төменгі 3/1 бөлігіне орналастыру, бірақ семсер тәріздес өсіндіге емес:

а) жаңа туған нәрестелерде - екі қолдың үлкен саусақтарымен баланың кеудесі айналдыра ұстау (қалған саусақтарды баланың арқасына салу) немесе бір алақанның екі саусағы (2 және 3 саусақтар), екінші алақан арқа астына салынады;

б) 1 жасқа дейінгі балаларда - бір алақанның екі саусағы (2 және 3 саусақтар);

в) 1-7 жасқа дейінгі бала – бір қолдың алақанының кең бөлігі;

г) 7 жастан асқан балаларда – екі алақанды «көбелек» тәріздес айқастыра ұстау.

4. Төс сүйегін ортаңғы және төменгі бөліктерінің шекарасында келесі тереңдікке төмен қарай басу:

а) 1-1,5 см – нәрестелерде;

б) 1-2,5 см – 1 жасқа дейінгі балаларда;

в) 3-3,5 см – ересек жастағы балаларда.

5. Кеудеге қысымды азайтып бастапқы қалыпқа оралу (қолды нүктеден алмаймыз).

6. Жасанды дем беруді тікелей емес массажбен қатар өткізгенде:

1:3 қарым қатынасымен (1 рет дем беру, 3 рет кеудеге басу) – жаңа туған нәрестелерде;

2:30 қарым қатынасымен (2 рет дем беру, 30 рет кеудеге басу)

7. Реанимациялық шаралар өткізуді бастаудан 1 минут өткеннен кейін өмірілік маңызды қызметтерінің қалпына келуін тексеру қажет (тыныс алуы, пульсі).

МҰРЫННАН ҚАН КЕТУ

Жедел көмек алгоритмі

1. Баланы басын төмен қарай түсіріп отырғызу.

2. Қысып тұрған тар киімнен босату.

3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

4. Тыныштық жағдай жасау.

5. Қан ағып жатқан жақтың мұрын қанатын мұрын қырына басып ұстау.

6. Кеңірсек маңына, желке тұсына мұзды мұйық, аяқтарына жылытқыш қою.

7. Қан кетіп жатқан мұрын қуысына тампон қою: 3% су асқын тотығымен, немесе суық сумен (тұзды ерітінді, ерте жастағы балаларда ана сүтімен, тамыр тарылтатын тамшылар); мұрын қабырғасына орамалға оралған мұз кесектерін қою.

8. Бұлшық етке енгізу:

- витамин К – жасына сәйкес дозада;

- 10% Са глюконат – 1мл/жасына

9. Шара тиімсіз болған жағдайда артқы тампонада жасау қажет.

10. Қан кетудің себебін анықтау және жою.

 

Жедел көмек алгоритмі

1. Баланы арқасына жатқызып денесінің төменгі бөлігін киімнен босату.

2. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

3. Сағат тілінің бағытымен баланың ішін жайлап сипалау.

4. Шара тиімсіз болған жағдайда – жел шығарғыш түтікше қою.

5. Шара тиімсіз болған жағдайда келесі препараттарды енгізу (әр келесі енгізілетін препарат алдында енгізілген препарат тиімсіз болғанда енгізіледі):

а) карболен рег os (белсендірілген көмір) немесе смекта - 1 мг/кг (1 мл=5 мг)

б) бұлшық етке - церукал немесе прозерин – 0,1 мл/жасына.

6. Газдың пайда болуына ықпал ететін тағамдарды алып тастау – сүт, қара нан, көкөністер, газдалған сусындар және т.б.


1 | 2 | 3 | 4 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.026 сек.)