АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Туткыштардын калыптасу мерзімін айкындау

Читайте также:
  1. Мунай-газ жиналымдарынын калыптасу. Дифференциалдык устау тасілінін устанымдары
  2. Шогырлардын калыптасуында катпарлар мен жарылу бузылыстардын ролі

Қатпарлық дислокациялар тұтқыштары әр түрлі жоғары иілген дөңес құрылымдар ретінде белгіленеді (антиклиналдар, диапирлік қатпар, күмбез тәрізді көтерілімдер). Олардың арасында ең көп тарағаны антиклиналдық тұтқыштар. Мұнай және газ шоғырлары көбінесе осы тұтқыштармен байланысты. Құрылымдық тұтқыштардың мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Жекеленген құрылымдардың ауданы 5000 км2 жетеді, қатпардың биіктігі 1000 м дейін болады.

Жарылымдық дислокациялар тұтқыштары антиклиналдар, диапирлік қатпарлар, моноклиналдар шегінде сынғыш тектоникалық қозғалыстардың әсерінен пайда болған жарылу бұзылыстарымен байланысты, әсіресе олар тұзды күмбездер және басқа диапирлік қатпарлар шегінде кең тараған.

Тектоникалық бұзылыстар – лықсымалар, ығыспалар, бастырмалар қатпарларды күрделендіріп, олардың құрылымын өзгертіп, мұнаймен газдың жиналу жағдайларына әсерін тигізеді. Бұзылыстардың айырылым беті (жазықтығы) тектондық экран ролін атқарып, тектоникалық экрандалған тұтқыштарда көптеген жекеленген шоғырлардың пайда болуына әкеледі.

Стратиграфиялық тұтқыштар тау жыныстардың бұрыштық үйлесімсіз жатыс пішіндерімен байланысты. Үйлесімсіз бетінің үстінде флюидтіректі – жапқыш жыныстар орналасады, ал төменгі құрылымда қатпарланған немесе моноклиналды қабаттық резервуарлар болуы қажет. Осындай жағдайда стратиграфиялық экрандалған тұтқыштар пайда болып оларда мұнайгаз шоғырлары қалыптасады.

Литологиялық тұтқыштар пайда болуы коллектор – жыныстардың литологиялық өзгерткіштігімен байланысты: құмдар мен құмтастар қабаттардың өрлеуі бойымен сыналануы, коллекторлардың кеуектілігі мен өткізгіштігінің өзгеруі, жарықшақтығының өзгеруі. Жиірек литологиялық тұтқыштар сазды жыныстар ішіндегі линза тәрізді құмды денелер түрінде белгіленеді, немесе көне өзендердің арна шөгінділерімен байланысты болады.

Риф түзуші организмдердің (коралдар, мшанкалар) тіршілік әрекеттерінің нәтижесінде жабыны дөңес пішінді риф денелері пайда болуы мүмкін, олар кейінірек флюидтіректі жыныстармен жабылса – риф текті тұтқыштар қалыптасады. Риф текті тұтқыштардың табаны жайпақ, жабыны дөңес пішінді. Бұлар литологиялық тұтқыштардың бір түрі ретінде көптеген аудандарда кең жайылған. Мысалы, Каспий маңы ойпаңының шеткі бөрт белдемдерінде ірі мұнай мен газ шоғырлары риф массивтерімен байланысты.

25 Мұнай және газ кенорындары

Қазақстандағы ірі мұнайлы аудан Маңғыстау түбегі. 1948 жылдан бастап аймақты жүйелі зерттеу жұмыстары басталды. 1957 жылы «Мангышлакнефтегазразведка» тресі құрылды. Бұл өңірде Жетібай (1961), Өзен (1962) ірі мұнай-газ кенорындары ашылды. Оңтүстік Маңғыстау мұнай – газды провинциясын зерттеп, Өзен, Жетібай кеніштерін барлаған бір топ мұнайшылар Ленин сыйлығының лауреаты деген жоғары дәрежелі атақпен марапатталды. 70-жылдардың соңы 80-жылдардың басында жүргізілген іздеу-барлау жұмыстарының ең маңызды нәтижесі Оңтүстік Ембінің тұз астындағы қабаттардың мұнай-газды екенін анықтау болды. 1978 жылы тұз астындағы қабаттарда Жаңажол кен орны ашылды. Тұз астының стратиграфиялық бағанасында төменгі пермнен девонды қоса бірнеше мұнайлы қабаттар анықталды. 1979 жылы Каспий маңы ойпаңының солтүстігінде мұнайгазды конденсатты Қарашығанақ кенорны ашылды. Ол өзінің аумағы, қор көлемі, өзіне тән құрамы мен қасиеттері жағынан өзгеше. 1980 жылы Атырау облысының Ембі ауданында ең ірі кенорындарының бірі Теңіз ашылды. Мұнай шоғырлары девон, төменгі-ортаңғы таскөмір риф массивті шөгінділерімен байланысты. 1995 жылы осы бағалы кенді ашушылар-жұмыс жетекшісі Б.С. Сағынгалиев және бір топ мұнайшылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына иегер болды.

80-жылдардың басында Қазақстанның оңтүстігінде жаңа мұнайлы облыс ашылды – Оңтүстік Торғай бассейні. Бұл облыстағы ең ірі кенорны Құмкөл 1984 ж. ашылды. Құмкөлдің мұнайлы қабаттары ортаңғы-жоғарғы юра және неоком шөгінділерімен байланысты. 90-жылдардың соңында Каспий теңізінің солтүстік-шығыс қайраң бөлігінде геологиялық-геофизикалық жұмыстар кешенді түрде жүргізіледі. Бұл жұмыстардың нәтижесінде Қазақстандағы ең алып кенорны Қашаған ашылды. Қашаған мұнайының бастапқы қоры 7 млрд. тонна деп есептелді.

Қазіргі уақытта 214 кенорны ашылған, оның 81 өндіруге қосылған. 2004 ж. 59 млн. Тонна мұнай, 20,5 млрд. м3 газ өндірілген. Бекітілген мұнайдың алынатын қоры 4 млрд. тонна, газдың – 3 трлн. м3, Қаламқас-теңіз, Ақтоты, Қайран кенорындарында өнеркәсіптік қоры ашылған. Каспий теңізінің Қазақстан секторының болжау қоры 12-17 млрд. тонна деп бағаланады. 10-15 жылдан кейін теңіз кенорындары тұрақты түрде жылына 100 млн. тонна мұнай беріп, осы өнімді 25-30 жыл аралығында сақтауға мемлекеттік бағдарлама бағытталған. Қазақстанның ресурстық негізін үш кенорны құрастырады.: Теңіз – 6-9 млрд. баррель мұнай, Қарашығанақ – 2,3 млрд. баррель мұнай және газды конденсат, Қашаған – 10 млрд. баррель мұнай. Қазақстанда 3 мұнай өңдейтін және 3 газ өңдейтін завод жұмыс істейді. Көмірсутектерді тасымалдау мұнай құбырлары, газ құбырлары, теңіз порттары арқылы және темір жол транспортымен жүргізіледі.

2001 ж. Каспий құбыр консорциумының бірінші кезегі іске қосылды – жылына 28 млн. тонна мұнай тасымалданады, 2008 ж. – 58 млн. тонна, ал 2011 ж. – 68 млн. тонна. Атырау-Самара мұнай құбыры бойынша жылына 30 млн. тонна мұнай өткізу жоспарланып отыр. 2005 ж. қаңтарында Атасу-Алашанькоу (Қытай) мұнай құбыры іске қосылды. Құбырдың бірінші кезегінде жылына 10 млн. тонна, кейін 20 млн. тоннаға жеткізу жоспарланған. Бұл мұнай құбырын Каспий маңы алқабымен (Кеңқияқ) жалғастыру белгіленген. Ақтау порты арқылы жылына 10 млн. тонна мұнай, қалғаны темір жолмен тасымалданады. Кең байтақ Қазақстанда мұнай-газ кенорындарын іздеу-барлау жұмыстары Батыс Қазақстан (Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Орал, Каспий теңізі) өлкелерінде, Оңтүстік Қазақстанда (Оңтүстік Торғай), соңғы жылдары Шығыс Қазақстанда (Зайсан ойпаңы) жүргізіледі. Осы жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстан мұнай қорының мөлшері бойынша әлемдегі ең бай мемлекеттер қатарына қосылды.Мұнай және мұнай өнімдерінің қажеттілігі XX ғасырдың басында өнеркәсіптің дамуымен байланысты айтарлықтай аса күрт өсті. Осы кезеңнен бастап мұнайды өндіріп шығару әрбір он жыл аралығында еке еселеніп, жетпісінші жылдардың ортасында жылына 3 млрд т жетті. Соңғы жылдары мұнай шығару деңгейі жылына 3,5 млрд. т маңайында тұрақталды. Мұнайдың дәлелденген қоры Әлем бойынша 150 млрд. т астам. Ең көп мұнайдың қоры Сауд Аравия елінде – 48500 млн.т.

Табиғи газ өнеркәсібінің дамуы кейінірек басталды, 1920 ж. бастап газды пайдалану әрбір 7-10 жыл аралығында екі еселенді, сөйтіп 1990 ж газды өндіру деңгейі 2540 млрд м3 болды. Қазіргі күні жыл сайын шамамен 3 трлн. м3 газ өндіріледі. Дәлелденген газ қоры әлем бойынша 143 трлн. м3, ең көп барланған қоры Ресейде – 51960 млрд м3 . Әлем бойынша ірі мұнай кенорындарының таралуы мынадай: Таяу және Орта Шығыс-48, Латын Америкасы-17, Солтүстік Африкада-14. Ірі газ кен орындарының таралуы: Солтүстік Америка-20, Батыс Европа (Солтүстік Теңіз) -7. Алып мұнай кенорындарының (шығару қоры 500 млн. т астам) таралуы: Таяу және Орта Шығыс-21, әлемнің басқа аумақтарында-13. Алып газ кенорындары (шығару қоры 500 млрд. м3 астам) бар болғаны-7. Мұнай өнеркәсібінің даму барысында әлем шенберінде бірнеше ірі мұнай-газ жиналу орталығы белгіленген. Біріншісі Таяу және Орта Шығыс, бұл аймақта жоғары көлемде мұнай өндіретін келесі елдер орналасқан: Саут Арабиясы, Біріккен Араб Эмираттары, Кувейт, Ирак, Иран және Катар. Американдық континетте мұнай-газ жиналу орталығы Мексика шығанағы маңы территориясы болып саналады. Бұл өңірде мұнай-газ өндіретін елдер қатарына АҚШ, Мексика, Венесуэла жатады.XX ғасырдың ортасында және соңғы он жылдықтарда тағы да бірнеше мұнай-газ жиналу орталығы ашылды. Бұлар Ресейдегі Шығыс Сібір мұнайгазды аймағы, Солтүстік Африка орталығы – Нигерия, Ливия, Алжир, Солтүстік теңіз аймағы – Ұлы Британия, Норвегия, Нидерланды.

150 жыл аралығында 90 мемлекетте 42 мың мұнай кенорындары, 26 мың газ және газдыконденсат кеніштері ашылған. Осы жылдарда 90 млрд. т мұнай және 60 трлн м3 газ өндірілген. Мұнай мен газдың әлемдік ресурстарының мөлшерін, жер қойнауындағы олардың қорын бағалау көптен бері ғалымдармен бірге жұртшылықты да ойландырады. Бұл сауалға жауап екі бағытта қарастырылады. Мұнай мен газдың жер қойнауындағы ресурсын бағалау әр түрлі аудандардың геологиялық құрылысы, көмірсутектердің пайда болуы және миграциясы, олардың жиналымдарының қалыптасу, таралу және бұзылу жағдайларын зерттеп білумен байланысты. Екіншіден мұнай мен газдың қолдануға қажетті жалпы мөлшері оның бағасымен байланысты. Зерттеушілердің көпшілігі көмірсутектердің жалпы мөлшерін айтарлықтай жоғары бағалайды: мұнай шамамен 2000 млрд. тонна, газ – 1000 трлн. м3. Мұнай мен газдың ресурсын бағалауда азайту және көбейту мөлшерлерінің арасында елеулі айырмашылық байқалады. 1984 ж. П.Бюролле (Франция) мұнайдың әлемдік ресурсын 303 млрд. тонна, ал Ж.Р.Фриш (Франция) 1986 ж. – 629 млрд. тонна деп бағалады. 12 әлемдік конгресте 1987 ж. Ч.Мастерс ж. б. (США, Канада) мұнайдың табысты ресурсын 235 млрд. тонна, ал келешектік табысты болу ресурсын 690 млрд. тонна деп бағалаған. Мұнай ресурсын бағалаудың төменгі мөлшерінің (200 млрд. т) өндіру бағасы 45 долл./т, ал ең төмен 10 долл./т өндіру бағасына сәйкес ресурсы шамамен 120 млрд. т. Бағалаудың ең кең тараған мөлшері 200-400 млрд. т, 45-80 долл./т бағамен өндірілуі мүмкін.

Қазақстанда мұнай-газ өнеркісібі экономиканың жетекші саласы, одан алынған табыс біздің елдің көркеюіне айтарлықтай үлес қосып отыр.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)