АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мунай-газ жиналымдарынын калыптасу. Дифференциалдык устау тасілінін устанымдары

Читайте также:
  1. Хозяйство кочевников Казахстана в V - начале XIII вв. 7 страница

Мұнайгаз жиналу жағдайларын, негізінде геотектоникалық факторлар анықтайды. Тектоникалық жағдайлар аймақтық миграция бағытын белгілейді, ал ең бастысы тектоникалық қозғалыстар жергілікті тұтқыштарды құрастырады. Осы тұтқыштарда мұнай және газдың өнеркәсіптік жиналымдары шоғырланады.

Көптеген зерттеушілердің еңбектерінде көмірсутектердің жиналымдары қарқынды төмен майысу аудандарымен ұштасуын белгілейді. Олардың пікірі бойынша шөгінділердің жиналуының жоғары жылдамдығы көмірсутектердің үлкен массаларының пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бірақ ірі кенорындары шөгінділер өте жылдам жиналмаған аудандармен ұштасқан. Шөгінділердің тез арада жиналған жағдайында, яғни бассейннің қарқынды төмен майысу, сондықтан көмірсутектердің үлкен массалары жылдам пайда болады, салдарынан флюидтер мүмкіншілігі бар бағыттармен тарап, жолында кездескен тұтқыштарда жиналады,ал қалған бөлігі ыдырап кетеді.. Мұнай мен газдың ірі кенорындары жер қабығының келесі тектоникалық бөлімдерімен байланысты:

1) платформадағы бел-белесті және дөңбек күмбезді көтерілімдер;

2) ірі ойпаңдардың шеткі белдемдері;

3) шеткі ойыстардың платформамен түйіскен беткейлері

И.И. Несторов мұнай мен газ қорының әртүрлі шоғырларда орналасуын талдау нәтижесінде геологиялық қордың 33% қабаттық дөңбек-күмбезді шоғырларда, 57% массивтік, шамамен 7% литологиялық шектелген, ал қордың азғантай бөлігі басқа күрделі шоғырлармен байланысты екенін көрсетті.

Мұнайгазды провинцияларда көмірсутектердің жиналымдары әдетте геологиялық жасы нақтылы шөгінділермен ұштасқан. Мысалы, Каспий маңы үшін тұз асты төменгі пермь және таскөмір құрылымдары, Туран плитасы үшін – юра және бор шөгінділері.

Мұнай-газ жиналымдары докембрийден бастап төрттік шөгінділерге дейін белгілі. Олардың ең ірілері девон-плиоцен аралығында кездеседі. Көне платформаларда девон және таскөмір шөгінділерінде, жас платформаларда юра және бор шөгінділерімен байланысты, тау аралық ойпаңдарда және альпі қатпарлы құрылымдардың шеткі бөлімдерінде өнімді қабаттардың геологиялық жасы палеоген және неоген.

Мұнайдың ең көп мөлшері мезозой шөгінділерінде орналасқан – 50%, қайнозой шөгінділерінде 30%., палеозой – шамамен 10%. Газдың негізгі қоры мезозой шөгінділерінде кездеседі.

Мұнай-газ кенорындарының тереңдік бойымен таралу ерекшеліктері де байқалады тереңдеген сайын олардың саны көбейеді (1-3 км), сонан соң азая бастайды.

Сұйық және газ көмірсутектер қорының қиманың тік бағыты бойымен таралуы бөлігінде (1,2-1,5 км) газ, төменірек (1,5-3 км) газдың қоры азайып, мұнайдың қоры көбейеді, ал одан әрі төмендеген сайын газмұнайлы, газдыконденсатты, ең соңында газды шоғырлар орналасады.

Қорының мөлшеріне қарай ірі кенорындары кішігірімдерінен сирек кездеседі, бірақ негізгі барланған қоры ірі кенорындарында шоғырланған.

Алынатын қоры 72,5 млрд. тонна 236 кенорнында мұнайдың әлемдік қорының 50% құрады, соның ішінде 15 кенорнының арқайсысының қоры 3 млрд. тоннадан астам.

Газдың қоры да шамамен осылай тараған. 11 газды кенорнының қоры газдың барлық белгіленген қорының 30% құрады, қоры 1-ден 10 трлн. м3.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)