АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мунайгеологиялык аудандастыру Бакиров, Брод бойынша

Читайте также:
  1. G) табыстар бойынша
  2. G) табыстар бойынша
  3. Бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер
  4. Бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару
  5. Бойынша жалпы ережелер
  6. модулі бойынша тесттік тапсырмалар

Қазақстанның мұнай газ бассейндерінің жіктемесін қсынды:Каспий маңы, Оңт.Мангышлак, Солт.устірт, Оңт.Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан, Ертіс маңы, Іле бассейні, Теңіз бассейні,Қызылқұм бассейні, Солт.Торғай, Сырдария, Алакөл, Балхаш бассейні. Мұнайгазды облыс провинцияның бөлігі болуы мүмкін, немесе жекелеген құрылымы ретінде қарастырылады. Облыс көршілес территориялардан геологиялық құрылысы, даму тарихы, мұнайгазды кешендердің ерекшелігімен ажыратылады. Мұнайгазды аудан облыстың бір бөлігі. Аудан мөлшері орташа тектоникалық құрылымдарды қамтиды, біркелкі өнімді қабаттардың, мұнай-газ кенорындарының ұқсас түрлерімен сипатталады.

Мұнайгазды бассейн – ұзақ уақыт аралығында төмен майысу жағдайында болған, салдарынан қалың қабатты шөгінділер жиналған көптеген мұнайгазды белдемдер тараған жер қабығының ірі құрылымы.

Шөгінді бассейндер қалыптасу тарихына қарай келесі топтарға бөлінеді:

1) платформалық облыстар бассейндері – синеклизалар (Москва, Париж), өтпелі грабендер (Рейн, Суэц), платформалардың континеттік пассивті шеттері (Африка континентінің батыс шетінің ойпаңдары);

2) қатпарлы облыстар бассейндері – таулы-қатпарлы (эпигеосинклиналдық), таулы-жақпарлы (эпиплатформалық) құрылымдардың шегіндегі ойпаңдар және континенттердің активті шеттері (Афган-Тәжік ж.б.);

3) гетеорогенді бассейндер - өтпелі, бір бөлігінде платформалық, басқа бөлігінде қатпарлы облыстарға жатады (Солтүстік Карпат алды, Аппалач алды ж.б.).

Қазақстан мұнайгазды аймақтарының жалпы сипаттамасы.

Қазақстанда Каспий маңы және Тұран мұнайгазды провинциялары, соның ішінде бірнеше мұнайгазды облыстар және перспективті өңірлер айқындалған. Қазіргі уақытта 200-ден астам мұнай, газ, мұнайгазды, газдыконденсатты кенорындары ашылған.

Каспий маңы ойпаңының геологиялық құрылысында үш кешен белгіленеді: тұз асты, тұз кешені, тұз үсті.

Тұз асты кешенде – девон, таскөмір, төменгі пермь, тұз үсті кешенде - триас, ортаңғы – жоғарғы юра, төменгі бор және неоген (плиоцен) аймақтық өнімді қабаттар белгіленген. Каспий маңы провинцияның тұз асты шөгінділерінде Қашаған, Теңіз мұнай, Қарашығанақ газдыконденсатты кен орындары, Жанажол, Кенқияқ, Имашев, Урихтау, Алибекмола ірі кенорындары ашылған. Тұз асты шөгінділерінде массивтік шоғырлар кең тараған, сирегірек қабатты-массивтік шоғырлар кездеседі. Өнімді қабаттардың тереңдігі 2700-3600 м-ден (Жанажол) 3800-5500 (Теңіз, Қарашығанақ) дейін. Тұз асты газды-конденсатты мұнай шоғырларында күкіртті сутегінің мөлшері 24 % дейін барады.

Тұз үсті кешенінде көптеген мұнайгаз кенорындары белгілі (Кенбай, Доссор, Макат, Сагыз ж.б.) Кен орындары тұзды күмбездермен, антиклиналдармен және брахиантиклинал иілімдермен байланысты. Мұнайгазды қабаттардың тереңдігі 800-1000 м, сирегірек 2000-3000 м.

Туран мұнайгазды провинциясы Оңтүстік Маңғыстау, Солтүстік Үстірт, Оңтүстік Торғай және Шу-Сарысу облыстарына бөлінеді.

Оңтүстік Маңғыстау мұнайгазды облысы аттас мезозой ойысын қамтиды. Ең ірі кен орындары газдыконденсатты-мұнайлы Жетыбай және газдымұнайлы Өзен кен орындары 1961 ж. ашылып, қазіргі уақытқа дейін игеруде. Оңтүстік Маңғыстауда мұнайгаз кен орындары брахиантиклиналь және күмбезді көтерілімдермен байланысты. Коллекторлар бор, юра шөгінділерінде құмтастар, алевролиттер, триаста - доломиттер, доломиттенген әктастар, әктастар. Шоғырлардың кең тараған түрі қабатттық дөңбек-күмбезді, сирегірек қабаттық тектоникалық және литологиялық экрандалған. Шоғырлардың жатыс тереңдігі 3000-4000 м дейін. Маңғыстаудың юра шөгінділеріндегі мұнайдың құрамында парафин көп мөлшерде кездеседі.

Солтүстік Үстірт мұнайгазды облысы 1964 ж. ашылды. Кен орындардың көпшілігі Бозащы көтерілімінде орналасқан (Қаламқас, Қаражанбас, Солтүстік Бозащы). Қазақстан геологтарының сұлбасы бойынша Бозащы көтерілімі Каспий маңы провинцияның Оңтүстік Эмба мұнайгазды облысына жатады. Кен орындары брахиантиклиналь және күмбез пішінді көтерілімдерге жатады. Кең тараған шоғырлар – қабаттық дөңбек-күмбезді, сирегірек тектоникалық, литологиялық және стратиграфиялық экрандалған шоғырлар кездеседі. Мұнайгазды сыйғызушы таужыныстар - құмтастар алевролиттер. Өнімдік горизонттардың жатыс тереңдігі 500 м-ден - 3000 м-ге дейін.

Оңтүстік Торғай мұнайгаз облысы аттас ойпаңда орналасқан. Ойпаңның оңтүстігінде Арысқұм ойысы, Солтүстігінде Жыланшық ойысы орналасқан, олар Майбұлақ айыршығымен бөлінген. Оңтүстк Торғайдағы ең ірі кен орны Құмкөл (1984), Арысқұм, Қызылқия, Нұралы, Дощан, Майбұлақ, Ақшабұлақ ж.б. ашылған. Кен орындардың қимасында алты өнімді горизонт белгіленеді, неокомда – 2, юрада –4. Мұнайгаз сыйғызушы тау жыныстар – құмтастар, алевролиттер, гравелиттер.

Мұнай және газ шоғырлары қабаттық дөңбек-күмбезді, сонымен бірге тектоникалық, стратиграфиялық, литологиялық экрандалған. Өнімді қабаттардың жатыс тереңдігі 1000-2000 м.

Шу-Сарысу газды облысы аттас ойпаңда орналасқан. Шу-Сарысу ойпаңының шөгінді тысының қалыңдығы 5400 м, негізінді карбонатты, терригенді, тұзды девон, таскөмір, пермь шөгінділерінен тұрады. Палеозойдың қимасында екі тұз қабаты белгіленеді төменгі - фамен, жоғарғы - төменгі пермь.

Бірінші газ кен орны Үшарал-Кемпіртөбе, Шу-Сарысу облысында 1962 ж. ашылды. Газ шоғырлары көмірсутекті – азот-гелий газдарынан тұрады. Кейінгі жылдары Солтүстік Үшарал, Айрақты, Придорожная, Амангельді, Орталық Малдыбай ж.б. кен орындары ашылды.

Газды кешендерге жоғарғы девон (фамен), төменгі пермь шөгінділері жатады. Шоғыр түрлері – қабаттық дөңбек-күмбезді, тектоникалық және литологиялық экрандалған. Коллекторлар жарықшақтанған әктастар, доломитттер, құмтастар және алевролиттер.

Газдың қоры айтарлықтай Амангелді кен орны өндірістік игеруге қосылды.

Перспективасы жоғары аудандарға Зайсан ойысы, сонымен бірге Іле ойысы жатады. Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер мұнай мен газ перспективасы бар аудандар қатарына Павлодар Ертіс маңы, Солтүстік Торғай, Солтүстік Балхаш маңы, Теңіз (Орталық Қазақстан) және Ортаңғы Сырдария шөгінді бассейндерін жатқызады.

 

40 Қазақстан мұнай-газды провинциялары

Мұнайгазды провинция деп ірі тектоникалық құрылымды қамтитын, геологиялық құрылысы, даму тарихы, сонымен бірге мұнайгазды шөгінділердің стратиграфиясы біркелкі өңірлерді айтады.

Мұнайгазды облыс провинцияның бөлігі болуы мүмкін, немесе жекелеген құрылымы ретінде қарастырылады. Облыс көршілес территориялардан геологиялық құрылысы, даму тарихы, мұнайгазды кешендердің ерекшелігімен ажыратылады. Мұнайгазды аудан облыстың бір бөлігі. Аудан мөлшері орташа тектоникалық құрылымдарды қамтиды, біркелкі өнімді қабаттардың, мұнай-газ кенорындарының ұқсас түрлерімен сипатталады.

Каспий маңы провинциясының сипаттамасы

Қазақстанда Каспий маңы және Тұран мұнайгазды провинциялары, соның ішінде бірнеше мұнайгазды облыстар және перспективті өңірлер айқындалған. Қазіргі уақытта 200-ден астам мұнай, газ, мұнайгазды, газдыконденсатты кенорындары ашылған.

Каспий маңы ойпаңының геологиялық құрылысында үш кешен белгіленеді: тұз асты, тұз кешені, тұз үсті.Тұз асты кешенде – девон, таскөмір, төменгі пермь, тұз үсті кешенде - триас, ортаңғы – жоғарғы юра, төменгі бор және неоген (плиоцен) аймақтық өнімді қабаттар белгіленген. Каспий маңы провинцияның тұз асты шөгінділерінде Қашаған, Теңіз мұнай, Қарашығанақ газдыконденсатты кен орындары, Жанажол, Кенқияқ, Имашев, Урихтау, Алибекмола ірі кенорындары ашылған. Тұз асты шөгінділерінде массивтік шоғырлар кең тараған, сирегірек қабатты-массивтік шоғырлар кездеседі. Өнімді қабаттардың тереңдігі 2700-3600 м-ден (Жанажол) 3800-5500 (Теңіз, Қарашығанақ) дейін. Тұз асты газды-конденсатты мұнай шоғырларында күкіртті сутегінің мөлшері 24 % дейін барады.

Тұз үсті кешенінде көптеген мұнайгаз кенорындары белгілі (Кенбай, Доссор, Макат, Сагыз ж.б.) Кен орындары тұзды күмбездермен, антиклиналдармен және брахиантиклинал иілімдермен байланысты. Мұнайгазды қабаттардың тереңдігі 800-1000 м, сирегірек 2000-3000 м.

Тұран мұнай-газды провинциясының сипаттамасы

Туран мұнайгазды провинциясы Оңтүстік Маңғыстау, Солтүстік Үстірт, Оңтүстік Торғай және Шу-Сарысу облыстарына бөлінеді.

Оңтүстік Маңғыстау мұнайгазды облысы аттас мезозой ойысын қамтиды. Ең ірі кен орындары газдыконденсатты-мұнайлы Жетыбай және газдымұнайлы Өзен кен орындары 1961 ж. ашылып, қазіргі уақытқа дейін игеруде. Оңтүстік Маңғыстауда мұнайгаз кен орындары брахиантиклиналь және күмбезді көтерілімдермен байланысты. Коллекторлар бор, юра шөгінділерінде құмтастар, алевролиттер, триаста - доломиттер, доломиттенген әктастар, әктастар. Шоғырлардың кең тараған түрі қабатттық дөңбек-күмбезді, сирегірек қабаттық тектоникалық және литологиялық экрандалған. Шоғырлардың жатыс тереңдігі 3000-4000 м дейін. Маңғыстаудың юра шөгінділеріндегі мұнайдың құрамында парафин көп мөлшерде кездеседі.

Солтүстік Үстірт мұнайгазды облысы 1964 ж. ашылды. Кен орындардың көпшілігі Бозащы көтерілімінде орналасқан (Қаламқас, Қаражанбас, Солтүстік Бозащы). Қазақстан геологтарының сұлбасы бойынша Бозащы көтерілімі Каспий маңы провинцияның Оңтүстік Эмба мұнайгазды облысына жатады. Кен орындары брахиантиклиналь және күмбез пішінді көтерілімдерге жатады. Кең тараған шоғырлар – қабаттық дөңбек-күмбезді, сирегірек тектоникалық, литологиялық және стратиграфиялық экрандалған шоғырлар кездеседі. Мұнайгазды сыйғызушы таужыныстар - құмтастар алевролиттер. Өнімдік горизонттардың жатыс тереңдігі 500 м-ден - 3000 м-ге дейін.

Оңтүстік Торғай мұнайгаз облысы аттас ойпаңда орналасқан. Ойпаңның оңтүстігінде Арысқұм ойысы, Солтүстігінде Жыланшық ойысы орналасқан, олар Майбұлақ айыршығымен бөлінген. Оңтүстк Торғайдағы ең ірі кен орны Құмкөл (1984), Арысқұм, Қызылқия, Нұралы, Дощан, Майбұлақ, Ақшабұлақ ж.б. ашылған. Кен орындардың қимасында алты өнімді горизонт белгіленеді, неокомда – 2, юрада –4. Мұнайгаз сыйғызушы тау жыныстар – құмтастар, алевролиттер, гравелиттер.

Мұнай және газ шоғырлары қабаттық дөңбек-күмбезді, сонымен бірге тектоникалық, стратиграфиялық, литологиялық экрандалған. Өнімді қабаттардың жатыс тереңдігі 1000-2000 м.

Шу-Сарысу газды облысы аттас ойпаңда орналасқан. Шу-Сарысу ойпаңының шөгінді тысының қалыңдығы 5400 м, негізінді карбонатты, терригенді, тұзды девон, таскөмір, пермь шөгінділерінен тұрады. Палеозойдың қимасында екі тұз қабаты белгіленеді төменгі - фамен, жоғарғы - төменгі пермь.

Бірінші газ кен орны Үшарал-Кемпіртөбе, Шу-Сарысу облысында 1962 ж. ашылды. Газ шоғырлары көмірсутекті – азот-гелий газдарынан тұрады. Кейінгі жылдары Солтүстік Үшарал, Айрақты, Придорожная, Амангельді, Орталық Малдыбай ж.б. кен орындары ашылды.

Газды кешендерге жоғарғы девон (фамен), төменгі пермь шөгінділері жатады. Шоғыр түрлері – қабаттық дөңбек-күмбезді, тектоникалық және литологиялық экрандалған. Коллекторлар жарықшақтанған әктастар, доломитттер, құмтастар және алевролиттер.

Газдың қоры айтарлықтай Амангелді кен орны өндірістік игеруге қосылды.

Перспективасы жоғары аудандарға Зайсан ойысы, сонымен бірге Іле ойысы жатады. Соңғы жылдары көптеген зерттеушілер мұнай мен газ перспективасы бар аудандар қатарына Павлодар Ертіс маңы, Солтүстік Торғай, Солтүстік Балхаш маңы, Теңіз (Орталық Қазақстан) және Ортаңғы Сырдария шөгінді бассейндерін жатқызады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)