АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

МГ ресурсы жане коры, олардын категориялары

Читайте также:
  1. V1: Ресурсы и экономика природопользования
  2. Архитектурой компьютера называется ее логическая организация, структура и ресурсы, которые может использовать программист.
  3. Базы данных и лингвистические информационные ресурсы (ЛИР)
  4. Биоресурсы
  5. В) Интернет-ресурсы
  6. В) программное обеспечение и интернет-ресурсы
  7. ВНЕШНИЕ РЕСУРСЫ
  8. ВОДНЫЕ РЕСУРСЫ ДЛЯ СПОРТИВНОГО ТУРИЗМА
  9. Возможности и ресурсы. Каковы возможности и ресурсы сторон в настоящее время ?
  10. Вопрос 3. Трудовые ресурсы мира: количественный и качественный аспекты.
  11. Вопрос Финансовые ресурсы
  12. Вопрос №10 Ресурсы и факторы производства.

Геологиялық кор - ашылған шоғырлардағы мұнай, газ және конденсаттың мөлшері. Олардың жер қойнауында бар болуы геологиялық-геофизикалық зерттеулер, бұрғылау мәліметтері, ұңғымаларды сынамалау және тәжірибе немесе өнеркәсіптік игеру, пайдалану жұмыстарымен дәлеледенген.

Ресурстар – ашылмаған шоғырлардағы мұнай, газ және конденсаттың мөлшері. Олардың жер қойнауында болу мүмкіндігі геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде болжау түрінде негізделеді.

Шығару қоры – қазіргі техникалық тәсілдер және игеру технологиясын қолдану арқылы шығарылатын геологиялық қордың бөлігі.

Мұнай, газ, конденсаттың өнеркәсіптік маңызы бар қорлары зерттелу дәрежесіне қарай барланған (А, В және С1 категориялары) және алдын ала бағаланған (С2 категориясы) түрлеріне бөлінеді.

Мұнай және газ ресурстары дәлелдену дәрежесі бойынша перспективті (С3 категориясы) және болжамдық (D1 және D2 категориялары).

А категориясы шоғырдың типін, пішінін және мөлшерін, тиімді мұнай және газбен қаныққан қалыңдығын, коллектордың түрін, өнімді қабаттың коллекторлық қасиеттерінің мұнай және газбен қанығу өзгерістерін, мұнай, газ және конденсаттың құрамы мен қасиеттерін, сонымен бірге игеру жағдайлары тәуелді шоғырдың негізгі ерекшеліктерін қамтамасыз ететін толық зерттелген шоғырдың қоры. А категориясының қоры мұнай және газ кен орнын бекітілген игеру жобасына сәйкес бұрғыланған шоғыр бойынша есептеледі.

В категориясы - мұнай және газдың өнеркәсіптік ағыны алынған ұңғымалар негізінде мұнайгаздылығы белгіленген шоғырлардың қоры. Шоғырлардың типі, пішіні және мөлшері, тиімді мұнай газбен қанығу қалыңдығы, коллекторлық қасиеттерінің өзгерістерінің сипаты, өнімді қабаттардың мұнай – газбен қанығуы, мұнай, газ және конденсаттың құрамы, қасиеттері және басқа параметрлері, сонымен қатар игеру жағдайларын анықтайтын шоғырдың негізгі ерекшеліктерінің зерттелу дәрежесі, шоғырдың игеру жобасын қарастыруға жеткілікті болу қажет.

В категориясының қоры бекітілген мұнай кен орнын игерудің технологиялық нұсқасына

сәйкес немесе газ кен орнын тәжірибелі - өнеркәсіптік игеру жобасына сәйкес бұрғыланған шоғыр бойынша есептеледі.

С1 категориясы – мұнай және газдың өнеркәсіптік ағыны алынған ұңғымалар және сынамаланбаған ұңғымаларда геологиялық – геофизикалық зерттеулердің дұрыс болу негізінде мұнайгаздылығы белгіленген шоғырдың қоры.

С1 категориясының қоры геологиялық барлау және пайдалану бұрғылау жұмыстарының нәтижесі бойынша есептеледі және мұнай кен орнын игерудің технологиялық нұсқасын немесе газ кен орнын тәжірибелі - өнеркәсіптік игерудің жобасын құрастыруын – қамтамасыз ету дәрежесінде зерттелуі қажет.

С2 категориясы - мұнай мен газдың бар болуы геологиялық және геофизикалық зерттеулер мәліметтерімен дәлелденген шоғырдың қоры.

С3 категориясы - мұнайгаздылы ауданда орналасқан, геологиялық-геофизикалық зерттеу әдістерімен шектелген, тереңдік бұрғылауға дайындалған алаңдардағы мұнай мен газдың перспективтік ресурстары.

D1 категориясы - өнеркәсіптік мұнайгаздылығы дәлелденген ірі аймақтық құрылымдар шегінде бағаланатын литологиялық-стратиграфиялық кешендердегі мұнай мен газдың болжамдық ресурстары.

D2 категориясы - өнеркәсіптік мұнайгаздылығы дәлелденбеген ірі аймақтық құрылымдар шегінде бағаланатын литологиялық – стратиграфиялық кешендердің болжамдық мұнай-газ ресурстары. Бұл комплекстердің мұнайгаздылығы геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеулердің мәліметтері негізінде болжанады. Қазіргі уақытта келтірілген жіктеме және шетел фирмаларының жіктемесінің айырмашылықтары бар. Сондықтан, 1998 жылы әлемдік мұнай конгресі және инженер-мұнайшылардың қоғамы жаңа жіктеме қабылдады, мұнда алынатын қор дәлелденген және дәлелденбеген деп бөлінеді. Дәлелденбеген қорлар ықтимал және мүмкінге бөлінеді.

Дәлелденген алынатын қор – геологиялық кәсіптік мәліметтерді талдау негізінде шоғырлардан алынатын мұнайдың мөлшері, сонымен қатар олар қазіргі экономикалық жағдайларға және өндіру тәсілдеріне сәйкес ұтымды.

Дәлелденген қорлар бұрғыланған және бұрғыланбаған деп бөлінеді. Егер кәсіптік өнімділік өндіру және қабатты сынамалау мәліметтерімен расталса, қорлар бұрғылаумен дәлелденген деп саналады. Бұрғыланбаған дәлелденген қорға кәсіптік ағын берген ұңғымаларға жанасып жатқан учаскелер жатады, бұл учаскелер қабаттардың мұнайгаздылығы дәлелденген шегінде жатуы тиіс, олар ұңғымаларды орналастыру жүйесінің талаптарына сәйкес болуы қажет.

Алынатын ықтимал қорға шоғырдың толық зерттелмеген бөлігінің қоры жатады, оларды бұрғылау арқылы дәлелдеу қажет.

Алынатын мүмкін қорға ықтимал алынатын қордың шетінде орналасқан учаскелер жатады.

Алынатын қоры бойынша мұнай және газ кен орындарының жіктелуі: ұсақ (<10 млн. т, мұнай, <10 млрд. м3 газ), орташа (10-30 млн. т, 10-30 млрд. м3), ірі (30-300 млн.т, 30-500 млрд.м3), алып (>300 млн. т,>500 млрд. м3).

Батыс фирмалардың көпшілігі халықаралық жіктемені қолданады: өте ұсақ-мұнайдың алынатын қоры 1млн. баррелге дейін (<0,136 млн. тонн), ұсақ-1-10млн. барр. (0,136-1,36 млн. т), орташа - 10-100 млн. барр. (1,36-13,6 млн.т), ірі – 100-500 млн. барр. (13,6-68 млн.т) және алып >500млн. барр. (>68 млн.т).


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)