АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

МГ багалау жане іздеу-барлау жумыстарындагы геохимиялык зерттеулер

Читайте также:
  1. Жер койнауы мунайгаздылыгынын геохимиялык жане гидрогеохимиялык корсеткіштері
  2. Унгымаларды бургылау кезіндегі геологиялык, геофизикалык, геохимиялык

Мұнайгазды іздеу геохимиясы мұнайгазды іздеу болашағын бағалаудың геохимиялық белгілерін, геохимиялық көрсеткіштерді айқындау, осы көрсеткіштерді мұнай және газ кенорындарын іздеуде қолдану сауалдарымен айналысады. Іздеу жұмыстарының әр түрлерімен байланысты мұнайгаз іздеу геохимиясының екі кезеңі немесе екі бағыты белгіленеді. Бірінші кезең жарым-жартылай барланған территориялардың болашағын салыстырмалы түрде бағалау үшін алдын ала іздеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Мұнда геохимиялық зерттеулер мұнайгаз аналық жыныстарды, мұнайгазды қабаттарды, мұнай және газ шоғырларының қалыптасу және сақталу жағдайларын айқындаумен байланысты. Бұл сауалдарды зерттегеннен кейін геохимиялық әдістермен мұнайгаздылықтың сандық бағасы беріледі және мұнай және газдың болжау қоры есептеледі. Екінші кезең – нақтылы іздеу жұмыстары. Алаңдарды тереңдік бұрғылауға дайындауда, геохимияның міндеті құрылымдық ұңғымалардың қимасын зерттеу арқылы жер қойнауында мұнай және газ шоғырларының бар болуын болжау. Перспективті горизонттарды бұрғылау және сынамалау барысында геохимия мұнайгазды қабаттарды айқындаумен айналысады.

Мұнайгаздылықтың болашағын бағалаудағы геохимиялық зерттеулер. Алғашқы кезеңде, жаңа аудандарда немесе мұнайгаздылығы әлі белгіленбеген қималарды зерттегенде геохимияның алдындағы маңызды міндет мұнайгазды қабаттарды айқындау. Бұл сауалды шешуде геохимиялық әдіс жыныстардағы органикалық заттардың құрамында мұнай тектес заттарды табуға негізделген, яғни аллохтонды органикалық затты (эпибитумоидты) табу. Бұл белгілер судың құрамында органикалық компоненттердің және метанның гомологтарының артқан мөлшерімен толықтырылады. Қатқабаттардың газдылық жағдайында сулардың және жыныстардың көмірсутекті газдармен жоғары мөлшерде қанығуы өте маңызды болады.

Нафтидтерді (эпибитумоидтарды) табу мұнайгазды қатқабаттың мұнайгаздылықты екенін көрсетеді. Ал эпинафтидтерді (жоғары метаморфталған мұнайдың алмасу және ыдырау өнімдері – кериттер және антраксолиттер) табу - өткен мұнайгаздылы қатқабаттар туралы айтады, яғни соңғы катагенез немесе метаморфизм әсерінен бұзылған шоғырларды белгілейді.

Сондықтан, жоғары сатыда метаморфталған эпинафтидтерді табу қатқабаттардың мұнайгаздылығының болашағын бағалағанда қолайсыз белгі деп санау керек.

Мұнайгазды өндіретін щөгінділерді айқындау. Жыныстардың мұнайгазды өндіретін қасиеттерін органикалық компоненттердің сипатын зерттеу, олардың таралуы, осы заттардың минералдық ортамен байланысын, олардың өзгеру сатыларын айқындау негізінде бағалау қажет. Практика жүзінде бағалау үшін Н.Б.Вассоевич ұсынған түсінікті қолдану қажет. Оның пікірі бойынша, мұнайгаз жаралу процестері тоқтаған кезде, мұнайгаз жиналымдары әрі қарай болмайды. Осыған байланысты, айта кету керек, таужыныстарды үлкен тереңдікке батып, жыныстар органикалық заттар өзінің көмірсутектерді шығаратын жоғары мүмкіншілігіне жететін, термодинамикалық жағдайда болады. Басқаша айтқанда, мұнай өндіру мүмкіншілігі біртіндеп әлсіреп белгілі бір тереңдікте мұнайгаз шығару қасиетін жоғалтады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша көмірсутектердің ең жоғары жаралуы 1-5 км тереңдікте байқалады. Көмірсутектердің жаралуының басқаша сұлбасын В.А.Соколов ұсынды. Ол тік бағытталған қимада жоғарыдан төмен қарай биохимиялық және термокатализ зоналарын белгілейді. В.А.Соколов бойынша литосфераның қимасында мұнайгаздың пайда болуының тік бағытталған белдемдігі органикалық заттың құрамымен, температура және қысыммен анықталады. Н.Б.Вассоевич бойынша бұл процесс литогенез сатыларына тәуелді.

Мұнайгаздылықтың болашағын сандық бағалау. С.Г.Неручев және А.Е.Конторович мұнайгаздылықтың сандық болашағын бағалаудың сандық әдістемесін ұсынған. Болжау қорды бағалаудың С.Г.Нерцчевтің генетикалық әдісінің мағынасы мынада: оның пікірі бойынша «шағын мұнайдың» эмиграциясына дейін мұнайгаз өндіруші жыныстардың битумоидының құрамы, мұнай өндірмеген шөгінділердің битумоидына шамамен сәйкес болған және катализ сатысы бірдей. Қалдық автохтонды синбитумоид және эмиграцияға қатысқан «шағын мұнайдың» құрамын біле тұра материалдық баланс теңдеуі бойынша органикалық заттан ауысқан «шағын мұнайдың» мөлшерін анықтауға болады. Ол мұнай шығарушы жыныстардан «шағын мұнайдың» эмиграция коэффициентін (к) шығарады, бір белдемнің шегінде аналық жыныстардың қалдық автохтонды битумоидтың мөлшері анықталады (Q қал). Соңында мұнай аналық жыныстардан қоныс аударған мұнайдың мөлшері анықталады (Q эм). Бұл шама (Q эм) ашылған және ашылмаған кенорындардың жиынтық қорының (ресурсының) мөлшерін айқындайды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.003 сек.)