АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

МГ пайда болуынын рифтогенді моделі

Читайте также:
  1. I.4. ОСНОВНІ МОДЕЛІ ЗВЕРТАННЯ В УКРАЇНСЬКІЙ МОВІ
  2. OC Windows NT Server пайдаланылады
  3. Аналітичні показники та середні характеристики рядів динаміки. Трендові моделі
  4. Бап. Байланысты гранттарды пайдалану
  5. бап. Билiктi асыра пайдалану
  6. Бап. Бюджеттік кредитті пайдалану
  7. бап. Контрацепцияны пайдалану
  8. Бап. Контрацепцияны пайдалану 1 страница
  9. Бап. Контрацепцияны пайдалану 10 страница
  10. Бап. Контрацепцияны пайдалану 11 страница
  11. Бап. Контрацепцияны пайдалану 12 страница
  12. Бап. Контрацепцияны пайдалану 2 страница

Мұнайгаздың жаралу тегінің рифтогенді моделі бойынша басында континенттік, сонан-соң континент аралық теңіздерде қалың қабатты (10-12 км) шөгінділердің жиналуын жобалап түсінеді. Шөгінділердің жиналуының тоқырау режимі, тотықсыздану геохимиялық жағдайда органикалық заттарға мол сазды жыныстардың (мұнайгазды аналық свиталар) қалыптасуына қолайлы болады. Литосфераның табанына жақындаған ыстық мантиядан (астносфералық көмпиме) келетін жоғары жылу ағыны органикалық заттың тамшы-сұйық мұнайға өңделіп ауысу процесін белсендіреді.

Теңіздік (ішкі континенттік) рифттер өзінің даму барысында мұхиттық бассейнге өзгеріп ауысады. Мұхиттың екі жағынан континенттердің пассивті шеттері пайда болады. Олар бастапқы рифттік шөгінді бассейндердің қалдығы болып саналады.

Егер де рифтогенез мұхиттың ашылуымен жалғаспай рифт фазасында тоқтап қалса, рифт құрылымының үстінде әдетте ірі ойпаңдар (синеклизалар) салынады. Континент ішінде рифттекті аймақтық мұнайгазды белдемдер қалыптасады (мысалы Батыс Сібір және Солтүстік теңіз кенорындары). Сонымен, рифтогенді геодинамикалық режмдер континенттер ішінде болуы мүмкін және континенттердің пассивті шеттерін қамтып континент-шеттік болуы мүмкін.

Қазақстанның алып және ірі мұнай-газ кен орындары орындары Қашаған - Каспий теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан. Мұнайдың жалпы геологиялық қоры 7 млрд. тонна шамасында. Мұнай шоғырлары таскөмір шөгінділерімен байланысты - органогенді-сынық әктастар, доломиттер. Коллекторлар түрі жарықшақты, кеуекті-жарықшақты. Мұнай шоғыры массивті, рифогенді. еңіз мұнай кенорны Атырау облысының Эмба ауданында, Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 км қашықтықта орналасқан. Құрылым сейсмикалық барлау жұмыстардың нәтижесінде айқындалып 1974 ж барлау жұмыстарына дайындалған. Барлау бұрғылау жұмыстары 1980 ж басталып, сол жылы кен орны ашылды. Сандық пішінді қанаттары тікшіл, жайпақ кең дөңес бөлігімен сипатталатын тектонды-седиментациялық антиклиналға бейімделген. Мұнай горизонттары ортаңғы-төменгі таскөмір және девон шөгінділерімен байланысты. Өнімді қабаттың жабынының дөңес бөлігіндегі тереңдігі 3870 м. Өнімді қабаттың қимасы сынық, органогенді-сынық әктастардан және доломиттелген мергелдерден тұрады. Коллекторлар жарықшақты, каверналы-жарықшақты, кеуекті-жарықшақты, ашық кеуектілігі 24% дейін, өткізгіштігі 30мкм2 дейін. Мұнай қанығу коэффициенті 0,82. Мұнайдың тығыздығы 789 кг/м3. Мұнай күкіртті 0,7%, парафинді 3,69%. Мұнай-су деңгейі-5415 м. Массивті шоғыр, биіктігі 1548м.

Қарашығанақ мұнайгазды конденсатты кенорны Батыс-Қазақстан облысында, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км қашықтықта орналасқан. 1970-1971 жж. Сейсмикалық материалдарды қайта қарастыру нәтижесінде, 1977 ж. құрылымдық салыныстардан кейін, 1979 ж. П-10 параметрлік ұңғымамен ашылды. Көтерілім биіктігі 1700 м, мөлшері 16×29 км риф құрылымы түрінде бейнеленеді. Мұнайгаздыконденсатты бөлігінің биіктігі 1420м, мұнай қабатының қалыңдығы 200м. Өнімді горизонт биогермді әктастар, доломиттерден тұрады, олардың геологиялық жасы-жоғарғы девоннан төменгі пермнің артин ярусына дейін. Коллекторлар кеуекті, кеуекті-каверналы, екуектіліктің орташа мөлшері мұнай бөлігінде 9,4%, газдыконденсатты бөлігінде 10,7%. Газбен қаныққан коллектордың орташа тиімді қалыңдығы 200 м, мұнаймен қаныққан-45,7 м. Максималды газбен қаныққан қалыңдық 814 м, мұнаймен қаныққан-170 м. Газбен қанығу коэффициенті 0,90, мұнаймен қанығу-0,92.

Жапқыш - кунгур ярусының тас тұздары, шоғырдың жоғарғы нүктесінің белгісі – 3526 м. Газ-мұнай деңгейі – 4950 м, су-мұнай деңгейі - 5150 м. Конденсаттың тығыздығы 778-814 кг/м3 аралығында өзгереді, құрамында парафиннің мөлшері 1,8-3,0%, шайырлар -1,0-1,7, күкірт -0,55-2,16%, меркаптан -0,09-0,26%. Мұнайдың тығыздығы 810-888 кг/м3, құрамы: күкірт 0,54-1,98%, парафин 3,71-6,64%, асфальтендер 0,07-0,71 %.

Жаңажол газдыконденсатты кенорны Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында, Ақтөбе қаласынан оңтүстікке 240 км қашықтықта орналасқан. Көтерілім сейсмикалық барлау жұмыстарымен 1960ж. белгіленген. Іздестірі барлау 1961 ж. басталған. Мұнайдың бірінші өнеркәсіптік ағыны 1978 ж. ұңғымадан алынған. Өнімді қабат-ортаңғы карбонның карбонатты шөгінділері КТ-I. 1984 ж. екінші өнімді қабат ашылған КТ-II-ортаңғы карбонның москва ярусы-төменгі карбон. Кенорны субмеридиан бағытта созылған брахиантиклиналь қатпарында орналасқан. Шоғырлар массивті – қабаттық, дөңес, тектоникалық экрандалған. КТ-II өнімді қабаты әктастармен бірге доломит қабатшаларынан тұрады. Коллекторлар кеуекті, ашық кеуектілігі 9,5-12,6 %, өткізгіштігі 0,06-0,39 мкм2. Мұнайқаныққан қалыңдығы 7,7 м-ден 54 м-ге дейін өзгереді, газбен қаныққан қалыңдық 29-52 м. Мұнай жеңіл, тығыздығы 809-827 кг/м3, тұтқұрлығы төмен, күкіртті (1,1%), парафинді (4,9-7,1%). Жоғарғы өнімді қабат КТ-I органогенді – сынық әктастар, доломиттерден тұрады. Коллекторлар кеуекті-каверналы, кеуектілігі 11-14%, өткізгіштігі 0,008-0,17 мкм2. Жапқыштар төменгі пермнің сазды жыныстары және кунгурдің галогенді қабаттары. Газдымұнайлы кен орны Өзен Маңғыстау облысында, Жаңа Өзен қаласының оңтүстігінде 12 км, Ақтаудың оңтүстік-шығысында 150 км орналасқан. Аймақтық геологиялық-геофизикалық жұмыстар 1953-1956 ж. жүргізілген. Тереңдік бұрғылау 1960 ж. басталды. Кенорны 1962 ж ашылды. Кен орны ірі брахиантиклиналь қатпарына бейімделген. Құрылымның мөлшері валанжин ярусының табаны (-900 м) бойынша 45×9 км, амплитудасы 200 м. XII өнімді горизонттың жабыны (жоғарғы юра, -1130 м) бойынша көтерілімнің мөлшері 41×11 км, амплитудасы 300 м. Өнеркәсіптік өнімді шөгінділер жоғарғы бор, төменгі бор, жоғарғы және ортаңғы юрада белгіленген, өнімді қабаттың қалыңдығы 1300 м. Бор комплексінде 12 газ горизонты, юра қабаттарында 13 мұнай және мұнайгазды горизонттар айқындалған. Тұтқыштар типтері бойынша шоғырлар қабаттық, қабаттық дөңес, тектоникалық экрандалған. Коллектрлар кеуекті құмтастар мен алевролиттер. Кеуектілік 18-25%, өткізгіштік 0,02-0,3 мкм2. Өнімді горизонттардың жапқыштары қалыңдығы 2 м-ден 60 м-ге дейін саздар. Коллекторлардың тиімді қалыңдығы газды шоғырларда 4-30 м, юра горизонттарында 2,6-167 м аралығында. Мұнайдың тығыздығы 844-874 кг/м3, күкірттің мөлшері 0,16-2%, парафин 16-22%, шайырлар 8-20%. Бор шөгінділеріндегі газдың құрамы метанды, азот 8%, көмір қышқыл газы 2%.

Газдыконденсатты кенорны Жетібай Маңғыстау облысында, Ақтау қаласынан оңтүстік-шығыста 80 км орналасқан. Құрылым 1952-1956 ж жүргізілген аймақтық геологиялық-геофизикалық жұмыстардың нәтижесінде белгіленген. Іздестіру бұрғылау жұмыстары 1959 ж басталып, 1961 ж кен орны ашылды. Кен орны солтүстік-батысқа созылған брахиантиклиналь қатпарына бейімделген. Юра горизонттының жабыны бойынша (-1620 м) құрылымның мөлшері 22,5×6,5 км. Өнімді шөгінділер жоғарғы және ортаңғы юра, оларда 13 горизонт белгіленген, литологиялық құрамы құмтастар, алевролиттер, саздар. Қиманың өнімді бөлігінің қалыңдығы 700 м. Өнімді горизонттардың жатыс тереңдігі 1700-2500 м. Тұтқыштардың типі бойынша шоғырлар қабаттық, дөңес-қабаттық, сонымен бірге массивті-қабаттық, литологиялық экрандалған шоғырлар. Коллекторлар кеуекті, ашық кеуектілігі 16-22%, өткізгіштігі 0,06-0,239 мкм2.

Мұнайдың тығыздығы жеңіл және орташа 830-870 кг/м3, шайырлы 4,53-15,5%, жоғары парафинді 17,2-23%, аз күкіртті 0,2-0,28%. Еріген газдың құрамы: метан 59%-76,4%, ауыр КС 22-37%, азот 1,3-5,8%, көмір қышқыл газы 0,3-1,1% Газды телпектерде метанның мөлшері 78,6%, ауыр КС 11-18%, азот 10,3%, көмір қышқыл газы 0,23-1,2%. Газдымұнайлы кенорны Құмкөл Қарағанды облысы, Жезды ауданында орналасқан, Қызыл Орда қаласынан солтүстік-шығысқа 150 км. Құрылым сейсмикалық барлаумен дайындалып, 1983 ж іздестіру бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде 1984 ж ашылды. Арысқұм ойпаңының Ащысай горст-антиклиналінде орналасқан. Юра-бор өнімді комплексі бойынша Құмкөл құрылымы күрделі пішінді брахиантиклинал түрінде бейнеленеді, амплитудасы неокомда 50 м, юра шөгінділерінде 150 м. Кен орны көп қабатты алты шоғырдан тұрады, екеуі неоком терригенді шөгінділерінде, қалғандары юрада. Бор шөгінділеріндегі шоғырлар мұнайлы, юрада – газдымұнайлы және мұнайлы (Ю-III). Резервуардың типі бойынша шоғырлар қабаттық дөңес, тектоникалық және литологиялық экрандалған. Өнімді горизонттардың жатыс тереңдігі 1063 м (М-I), 1270 (Ю-IV). Өнімді қима құмтастар мен алевролиттерден тұрады, тиімді қалыңдығы 0,6-12,4 м. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 19,3-23,7%, өткізгіштігі 0,17-1,13 мкм2. Бор және юра шоғырлардағы мұнайдың құрамы жақын. Тығыздығы 812-819 кг/м3, күкірттің мөлшері 0,11-0,52%, парафин 10,8-11,5%, асфальтен 0,11-0,92%, шайырлар 4,8-8,42%. Еркін газдың құрамы: метан 56,7-77,9%, этан 9,0-14,0%, пропан 4,2-10,2%, бутан 1,2-4,7%, көмірқышқыл газы 0,5-0,9%, гелий 0,15-0,22%.

Амангелді газды кенорны Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында, Тараз қаласының солтүстігінде 165 км орналасқан. Құрылым 1974 ж сейсмикалық барлау нәтижесінде іздестіру бұрғылауға дайындалған. Сол жылы тереңдік бұрғылау басталып, 1975 ж 1 ұңғымадан газ фонтаны алынды. Жоғарғы турне-төменгі визе өнімді қабатының жабыны бойынша брахиантиклиналь қатпардың мөлшері 7×3 км (-1920 м), амплитудасы 240 м. Төменгі пермь өнімді қабаттың жабыны бойынша брахиантиклинальдің мөлшері 13,5×7 км, амплитудасы 400 м.Өнеркәсіптік газдылық жоғарғы турне, төменгі визе, төменгі серпухов, төменгі пермь шөгінділерімен байланысты. Газды шоғырлар қабаттық-дөңес, литологиялық экрандалған түрлеріне жатады. Шоғырлардың дөңес бөлігіндегі тереңдігі 850 м-ден (төменгі пермь) 1700 м-ге (төменгі турне) дейін. Коллекторлар құмтастар, алевролиттер, әктастар. Ашық кеуектілігі 10-14%-21,6%, өткізгіштігі 0,012-0,146 мкм2. Төменгі карбон газының құрамы, %: метан 67,25-86,2, этан 4,5-10,5, пропан 2,8-5,2, пентан 0,7-1,1, азот 4,6-14, көмір қышқыл газы 0-2,2, гелий 0,19. Төменгі пермь шоғырындағы газдың құрамы, %: метан 9,4-26,0, этан 0,2-1,97, пропан 0,02-0,49, бутан 0,5-0,7, пентан 0,06-0,16, азот 70,9-87,0, гелий 0,04-0,24, көмір қышқыл газы 0,15-1,3. Соңғы он жылдықта Қазақстанныңмұнай-газ секторы айтарлықтай алға басты. Мұнай және газдыконденсатты өндіру деңгейі өсті, өнімдердің жаңа түрлерін шығару жөнге салынды, товар өткізетін жаңа рыноктар меңгерілді. Мұнай-газ саласының келешекте дамуына жақсы жағдай қалыптасты. Ең алдымен, мұнай-газ саласының жүз жылдық тарихы,екіншіден жоғары маманды инженерлер, жұмысшылар, экономистер кадрлары. Үшіншіден, ғылыми және техникалық жоғары потенциал,көптеген геологиялық жағдайы күрделі кенорындарын барлау және игеру тәжірибесі.

Мұнай мен газға әрдайым артушы қажеттілік мұнайшылар мен ғалымдардың алдына жаңа міндеттер қояды, олардың негізінде іздеу-барлау жұмыстардың тиімділігін арттыру. Мұнай мен газды өндірудің ең басты бағыты Каспий теңізінің байлығын игеру (Қашаған,Құрмангазы ж.б.),Каспий маңы ойпаңының тұз асты кешенінің терең қабаттарын, тұз үсті кешенінің ұсақ және орташа кенорындарын толық жете зерттеу, сонымен бірге Оңтүстік Маңғыстау, Солтүстік Үстірт, Бозащы, Оңтүстік торғай, Шу-Сарысу алабтарында іздеу-барлау жұмыстарын дамыту. Арал маңы, Зайсан, Алакөл және басқа перспективті өңірлерде әр жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Болашақ геологиялық, геофизикалық, геохимиялық зерттеу жұмыстарын кешенді түрде жүргізу арқылы мұнай-газ геологиясының әр проблемаларын шешу мүмкіншілігі артады. Сонымен бірге, табиғи процестердің моделін жасау, резервуарлардың моделін жасау жұмыстарына, геофизикалық әдістердің жаңа түрлерін қолдануға көңіл аудару керек.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.004 сек.)