АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Читайте также:
  1. I. Организация выполнения выпускной квалификационной работы
  2. II. Порядок подготовки, защиты и оценки квалификационной работы
  3. II. Работы учеников Уильяма Джеймса: Дж. Дьюи, С. Холла, Дж. Кэттела, Э. Торндайка
  4. II. Рекомендации по оформлению контрольной работы.
  5. II. Требования охраны труда перед началом работы.
  6. II. Требования охраны труда перед началом работы.
  7. II. Требования охраны труда перед началом работы.
  8. III. Истоки психологии в России: работы И.М. Сеченова
  9. III. Общие методические указания по выполнению курсовой работы
  10. III. Требования охраны труда во время работы
  11. III. Требования охраны труда во время работы
  12. III. Требования охраны труда во время работы

Ф КГМА 1-8-21/02

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Казақстан тарихы және әлеуметтік - саяси пәндер кафедрасы

 

ДӘРІС

 

 

Тақырыбы: «Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика».

Пән: «Экономикалық теория негіздері»

Мамандығы: «051301-Жалпы медицина», «051302-Стоматология»

 

Курс: 1

Уақыт (ұзақтығы): 100 минут

 

 

Қарағанды – 2007 ж

 

 

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

Хаттама №____ «____»_______ 2007 ж.

Кафедра меңгерушісі: О.К.Никитина

 

· Тақырыбы: «Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика».

· Мақсаты: қоғам дамуындағы ұлттық экономика және оның көрсеткіштері құрылымының, мемлекеттің жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық өнім көрсеткіштерінің мәнін түсіндіру, оларды өлшеу әдістерімен таныстыру, нарықтық ұлттық байлықтың құрамы мен құрылымын қолданудың қажеттілігін, орны мен рөлін анықтауға бағыттау, сонымен қатар оларды қоғамдық өмірде қолдана білуге үйрету.

· Дәріс жоспары:

1. ұлттық экономиканың құрылымы.

2. қоғамдық ұдайы өндірістің мазмұны мен түрлері.

3. негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

4. ұлттық есеп жүйесі.

5. жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім: есептеу әдістері.

6. ұлттық табыс: өндіру, бөлу, қайта бөлу.

 

Дәріс тезистері:

Ұлттық экономика ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді мақсаттардың және соғай орай фискалдық саясаттың стратегияларын зерттейді және олардың негізгі зерттеу объектісі болып табылады. Ұлттық экономика макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтау, экономикалық тәртіп пен экономикалық саясатты зерттейді. Ұлттық экономиканың негізгі мақсаттары келесідей: экономикалық өсу; экономикалық тиімділік; бағаны тұрақтандыру;

экономикалық еркіндік; табыстардың әділ салынуы; экономикалық қамтылу кепілдігі; сыртқы сауда байланысын нығайту.

Өндіріс процесінің қоғамдық түрі қандай болмасын үзіліссіз болуы керек, яғни белгілі бір сатылары кезеңмен қайталанып және қайта қайталанып жүріп отыруы қажет. Өндіріс процессінің тұрақты қайталануы және үзіліссіз жаңғыруы ұдайы өндіріс деп аталады. Ұдайы өндірісті екі типке бөліп қарайды: жай және ұлғаймалы. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының үзіліссіз өзгермеген күйде жаңаруын жай ұдайы өндіріс дейміз. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануы және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз. Жай ұдайы өндірісте өндіріс нәтижесінде алынған қосымша құн өндірушінің өзіндік тұтынуына жұмсалады. Егер қоғам жай ұдайы өндіріс шеңберінен шыға алмайтын күйде болса, онда ол өзінің болашағын «жеп қояды». Демек, оның заттық негізі – алдыңғы циклде жиналған ұлттық байлықты жояды. Ұлғаймалы ұдайы өндірісте қосымша құнның бір бөлшегі тағы да қажет өндіріс- құрал – жабдығы мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалады.

Алғашқы рет қоғамдық ұдайы өндірісті талдау негізін XVIII – ші ғасырдың ортасында физиократтар мектебі жүзеге асырды. Оның басты өкілі француз экономисі Франсуа Кэне болды және осы тұралы ол өзінің белгілі «Экономикалық кесте» еңбегінде баяндады. Мұнда жай қоғамдық ұдайы өндірістің жиынтық өнімі белгілі құнмен қоғамда қалай бөлінетіндегі көрсетілген. Франсуа Кенэ қоғамда ұдайы өндіріс байланысының түп тұлғасын жасады. Ол ұдайы өндіріс терминін дүние әкелді.

Қоғамдық ұдайы өндірісті барынша терең әрі жан – жақты талдауды К. Маркс жүзеге асырып және оны «Капиталдың» екінші томында баяндады. К. Маркс қоғамдың өндірістің екі бөлімшесінің арасындағы пропорционалдықты қамтамасыз ететін жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс мәселесін шешетін механизмді ашты. Қоғамдың ұдайы өндіріс мәселесіне ағылшын экономисі Джон Кейнс белгілі дәрежеде мән берді. Өзінің тереңдігімен, ауқымдылығымен дараланған 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстан кейін Дж. Кейнс ұлғаймалы өндіріс процесінің бұзылу себептерін ашуға талпынды. Ол экономикалық дағдарыстың басты себебі - тұрғындардың төлем қабілетіне сұранымның төмендеуі деп есептеді.

Кейнстік теорияны жалғастырушылардың бірі – ағылшын экономисі Джон Робинсон болып табылады. Оның есептеуінше, ұдайы өндіріс процесінің бұзылуы сұранымның артта қалуымен болады, ал ол қоғамдағы табыстың дұрыс бөліндеуінен туындайды.

Қоғамдық өндіріс дәстүрлі түрде тек қана материалдық ұдайы өндіріс саласын және оның екі бөлімшесін қамтиды: өндіріс құрал жабдығының өндірісі; тұтыну заттарының өндірісі.

Бірінші бөлімше өндіргіш күштердің заттық факторын ұдайы өндірсе, екіншісі- адам үшін тұтыну заттарын ұдайы өндіреді. Адам – қоғамның басты өндіргіш күші. Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесі бұрынғы өзгермеген ауқымда қайталанады және жаңғырады. Бұл жағдайда барлық қосымша өнім өзіндік тұтынуға жұмсалады. Ұлғаймалы ұдайы өндірісте өндіріс процесі көбейген мөлшерде қайталанады және жаңғырады. Бұл жағдайда қосымша өнімнің бір бөлігі өндірісті ұлғайтуға жұмсалса, келесі бөлігі- тұтынуға жұмсалады. Өндіріс процесі тұрақты түрде жаңғыруы үшін, ондағы қоғамдық өнімнің өткерілуін қамтамасыз ету керек, яғни оның құндық және натуралдық түрлерінің жеке бөлшектерін орнына келтіру қажет. Жай ұдайы өндірісте осы бөлшектер сол өз мөлшерінде қалпына келтірілуі керек, ұлғаймалы ұдайы өндірісте еселенген түрде болады. Ол үшін екі бөлімшелердің арасындағы белгілі пропорцияны сақтап қана қоймай сонымен бірге оның ішкі пропорциясының сақталуы талап етіледі.

Жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қарастыра отырып мынаны байқаймыз: экономиканың кез келген түрінде ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі артығырақ кездеседі. Мұнда өндіріс үлкен ауқымда және сапалық жаңа түрде тұрақты жаңара түседі. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс екі типте болады: экстентивті және интенсівті.

Экстенсивті ұлғаймалы ұдайы өндіріс бұрынғы техникалық негіздегі өндіріске қосымша еңбек пен материалдық- заттай ресурстарды қосу арқылы жүзеге асады, бірақ жұмыскерлердің біліктік деңгейі бұрынғыша қалады.

Интенсивті түрде өндіріс өте тиімдірек, техникалық жағынан жетілген өндіріс- құрал жабдығымен және кәдімдігідей білікті кадрларды қолдану арқасында жүзеге асады. Интенсивті ұлғаймалы ұдайы өндірісте өнімді жақсы техника мен технологиялар қолданады, сондықтан жұмыс күшіне деген тұтыныс қысқарады, бірақ оның біліктілік деңгейі мен сапасына талап күшейеді. Сондықтанда ұдайы өндірістің интенсивті жолы тауар мен қызмет көрсету өндірісі саласының және материалдық емес игіліктер (білім, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б.) саласының ашылуына кең мүмкіндіктер жасайды. Қоғамдық өндірісті интенсификациялау материалдық өндіріс пен қызмет көрсету саласымен шектелмей, сонымен қатар материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету саласын да қамтиды. Ұдайы өндірістің интенсивті типы көптеген түрлер мен бағыттарда жүзеге асады. Оларды қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:

Ø техниканы жаңарту мен өндірісті модернизациялау;

Ø ресурстарды дұрыс қолдану және үнемдеу;

Ø кадр біліктілігін көтеру және оны үнемдеу;

Ø еңбек тәртіптілігін күшейту, еңбекке мотивацияны күшейту;

Ø табиғатты қорғау шаралары;

Ø басқаруды жетілдіру;

Ø сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту;

Ø өндірісті гуманизациялауды көтеру.

Өндірісті гуманизациялау дегеніміз- өндірісте адамға қалыпты материалдық, құқықтық, ұйымдық- экономикалық жағдайлар жасау.

Интенсификацияның төмендегідей түрлері бар:

1) ресурсты сақтаушы, мұнда бір өнім бірлігіне шығынды үнемдеу арқылы жүзеге асады, сөйтіп ол мына бағыттарды қамтиды: еңбекті сақтау; материалды сақтау; энергияны сақтау; қорды сақтау; табиғатты сақтау.

2) ресурсты сыйымдылау, мұнда бір өнім бірлігіне шығынды арттыру байқалады.

3) бейтарап түрде, мұнда шығынның өсуі өнімнің өсу қарқынымен бірдей болады

Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштердің ең маңыздысы: жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады. Белгілі бір мерзім аралығында ұлттык экономиканың қызмет етуінің нәтижесіне жалпы сипаттама беру үшін макроэкономикалық көрсеткіштер колданылады.

Жалпы ішкі өнім - елдің аумағында орналасқан барлық отандык және шетелдік өндірушілердің бір жыл ішіндегі ақшалай соммасы.

Жалпы ұлттық өнім - тек осы мемлекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.

Таза ұлттык өнім = ЖІӨ- амортизация;

Ұлттық табыс = Т¥Ө - жанама салық;

Ұлттық табыс - әлеуметтік сақтаңдыру жарнасы- корпорациялар табысына салық-корпорациялар пайдасын қайта бөлу - транспорт төлемдері + дивидендтер + алынған пайыздар = жеке табыс

Ұлттық есептердің негізін ішкі өнімнің, ұлттық табыстың, күрделі қаржының, меншіктің әр түрлі нысанындагы кәсіпорындардың және т. б. кірістері мен шыгыстарының жиынтық есептері құрайды. Ұлттык есептерді өндірістің көлемі мен құрылымын, елдің шығынын, инвестициялық тұтынуды, салық салуды және т.б. экономикалық тұрғыдан болжам жасау үшін пайдаланады. Көптеген экономистердің пікірлері бойынша экономиканың ахуалын сипаттауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштер ЖІӨ және ЖҰӨ.

Мысалы,Қазақстанда қызмет жасайтын британиялық мұнай компаниясьшың жыл ішінде өндірген өнімінің құны ҚР-ның ЖІӨ-нің, ¥лыбританияның ЖҰӨ-нің бір бөлігін кұрайды. Оқушыға түсінікті болу үшін тағы бір мысал келтірейік, айталық, егер Ресейде уақытша тұрып жатқан қазақстандық азамат «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының 5 пайыз акциясына иегер болып, акциясынан дивиденд алып отырсын. Бүл ксзде Қазақстан азаматы дивидендінің жылдық сомасы ҚР-ның ЖҮӨ, ал Ресейдің ЖІӨ құрайды.

1. Қосымша құн әдісі.

ЖІӨ-ді есептеу барысында аралық және соңғы өнім ұғымдары пайдаланылады. Өндіріс процесінде жұмсалған тауарлар шикізат, материалдар, жанар-жағармай ретінде қолданылса, онда ол аралық өнім, ал осы аралық өнімді пайдаланып өндірілген дайын өнім соңғы тұтынуға жіберілсе, онда ол соңғы өнім. Мысалы, ұнның құны піскен нанның бағасына қосылады.

Батыс статистикасында қайталама есептеуді болдырмау үшін қосымша құн көрсеткіші пайдаланылады. Қосымша құнға тек қана қарастырылып отырған кәсіпорында өндірілген өнімдер мен қызметтердің құны жатады. Басқаша айтар болсақ, өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның және т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалған құнның бір бөлігі қосымша құнға жатады.

2. ЖІӨ-ді шығыс бойынша есептеу әдісі.

ЖІӨ-ді шығыс бойынша есептеуде төмендегі өлшемдер қолданылады:

Ү-С + І + G+ NХ

С - үй шаруашылығының тұтыну шығыстары, олар азық-түлікке, киімге, демалысқа жұмсалған жәнс дәрігер, адвокат, ш-штараз және т.б. қызметтеріне кеткен шығыстар;

I - өндірушілердің құрылысқа, шикізатқа, материалдарға және техника сатып алуға жұмсаған инвестициялық шығыстары;

С - мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алуына кеткен шығыстары;

NХ - таза экспорт, яғни экспорт пен импорт арасындағы айырма.

3. ЖІӨ-ді табыс бойынша есептеу әдісі.

ЖІӨ-ді табыс бойынша есептеуде келесідей өлшемдер қолданылады:

Ү = W + Р + R + I+ Т + А

W - еңбек ақы;

Р - пайда;

К- рента;

I - пайыз;

Т- салықтар;

А - амортизациялық аударымдар.

ЖІӨ-ді табысы мен шығысына байланысты есептеуде төлем балансы мен бухгалтерлік баланстағы сияқты екеуі бір-біріне тең болуы қажет, ол кез-келген шаруашылық субьектілері табыстарына қарай шығын жұмсайды дегенді білдіреді.

С + І + G + NХ = Ү = W + Р + R + І + Т + А

ЖІӨ ағымдағы рыноктық бағалармен есептеледі, бұл оның номиналды маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылтып, таразылау керек, яғни тұтыну бағаларының индексін қолдану қажет, сөйтіп ЖІӨ нақты құнын білуге болады. Тұтыну бағаларының индексі ағымдық тұтыну қоржыны құнының базалық жылдағы осы қоржын құнына қатынасы арқылы анықталады.

Номиналды ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ -ге қатынасы бағаның көтерілу есебін, ЖІӨ-нің өсуін көрсетеді және оны ЖІӨ дефляторы деп атайды. ЖІӨ көлемін өлшеуде батыстық экономистер мен статистика қоғамдық өндірістің ұлғаймалы тұжырымдамасына сүйенеді. ЖІӨ материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметтерді ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де, яғни ғылым, денсаулық сақтау, өінім беру және т. б. қамтиды.

Ұлттық еcеп-шот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамытудың бір бағыты болып табылады. Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түркі қортындысы-тұрғындардың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.

Ұлттық өндірістің микроэкономикалық нәтижесінде алғашқы рет баға беру Ф. Кэне бастаған физиократтардың үлесіне жатады. Ол осы туралы өзінің көзқарасын «Экономикалық кесте» (1758ж.) деген белгілі еңбегінде баяндаған. Ф.Кенэ Францияның ХVIII-ші ғасырдағы экономикасының негізге ала отырып, жай ұдайы өндірістегі балансты талдауды көрсетеді.

Кейінірек макроэкономикалық элементті талдауды Д. Рикардо (1771-1823ж.ж.) «Саяси экономиясының басталуы және салық салу» (1817ж.), Т. Р. Ммальтус (1766-1834жж.) «Тұрғындар саны заңының тәжірбиесі» (1798ж.), К. Маркс (1818-1883жж.) «Капитал» (1867ж.) сияқты жұмыстарында қолданады. Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу неоклассикалық мектептің өкілдері. У. Джевонс (1835-1882жж.) Л. Вальрас (1834-1910жж.) белгілі үлес қосты. Ұлттық есеп-шот жүргізу теориясының дамуына Дж. М. Кейнс (1883-1946жж.) пен С. Кузнец (1901-1983жж.) айтарлықтай еңбек сіңіреді.

Өнеркәсібі дамыған барлық елдерді шалқасынан түсірген «Ұлы тоқырау» деп аталған 1929-1933-ші жылдардағы экономикалық дағдарыс макроэкономиколық талдаудың қажеттілігін көрсетті. Сондықтан ұлттық өнім құрылуының факторларын, жұмыссыздық пен инфляция сауалдарын, экономикалық өсу қарқынын және ұлттық өндіріс көрсеткіштерін болжай білу тек ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу арқылы шешіледі.

Қазіргі ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізуді (ҰЕшжЖ) жасаудың практикалық жұмыстарын ағылшын экономисі Р. Стоун (1913ж.) енгізді. Алғашқы рет оның ҰЕшжЖ схемасы 1953-і жылы БҰҰ-ның статистикалық бөлімінде басылып шықты. Қазір барлық әлемдегі елдерде ол стандарт рнтінде қабылданды. Ұлттық есеп-шот оның жүйесінде метрикалық түрде бейнеленген, онда әрбір есеп-шот көлденең (табыс) және тік (шығын) матрицаларда көрсетілген. Ұлттық есеп-шот жүйесін құрудағы ертеректегі талпыныстан Р. Стоун ұсынған айырмашылық сол, ал алғашқы рет макроденгейдегі екі еселей жазу принціпін «қоғамдық матрицаларда» қолданады. Стандарттық сипаттамалар – ұлттық өнім, тұтыныс, сауда баланысы және басқалары солай топталған, олар экономика құрылымы мен оның қызмет жасау процесіне толыққанды бейнеленгенін көрсетеді.Мұнда сондай-ақ қаржы баланысы ұлттық есеп-шот жүйесі және демографиялық есептеп шығару жүйесін құру енген.

Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім құнының сомасы құралады, сондай-ақ Қазақстандағы шетел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнімнен (ЖҰӨ) ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елднгісінен (пайыз, дивиденд, жалақы және т.б.) артық болады.

ЖІӨ=ЖҰӨ-сыртқы экономика операция бойынша сальдо.

Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсеткіші жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы барлық тауар мен қызымет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық рыноктық құнынан тұрады. ЖҰӨ тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі (енеді) немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп-шотын есептеудің мақсаты мынада:

а) қоғам экономикасының жай-күйін бақылау;

ә) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау,

б) мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

ЖҰӨ өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың (с1) амортизациясын (тозуын), материалдық өндіріс саласында таза өнімін (v+m) және сыртқы экономикалық қызымет бойынша табыс (m)-енгізіледі.

ЖҰӨ= с1 + (v+m) + m

ЖҰӨ-нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ экономикалық есептеу практикасы 1988-шы жылы енгізілді, сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өніміне (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шотын енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.

Халақаралық статистикада ЖҰӨ-ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылды.

  1. шығын немесе өндіріс бойынша;
  2. табыс немесе түсім бойынша;

Екі тәсілде бірдей болып бағаланады. Есеп-шоттың дәлдігіне қарай соңғысын ерекшелеуге болады.

ЖҰӨ шығындар бойынша мынаған тең:

CNP=C+I+Y+X;

Мұндағы CNP- жалпы ұлттық табыс,

C- тұтыну шығындары,

G- тауар мен қызымет көрсетуді мемлекеттік сатып алуы,

I- жалпы инвестициялар,

X-тауар мен қызымет көрсетуді таза экспорттау

ЖҰӨ табыстар бойынша осы жылғы өндірілген тауардың ақшалай табысы және қызмет көрсетуді ұсыну ретінде анықталады.

ЖҰӨ табыстар бойынша мынаған тең:

Y=W+R+i+P;

Мұндағы Y- жалпы ұлттық өнім

W- жалдамалы жұмысшының жалақасы,

P- фирма мен корпорацияның пайдасы,

R -ренталық төлемдер,

i -қарыз капиталына пайыз (%).

ЖҰӨ-ді номиналды және нақты деп айырады. Номиналды ЖҰӨ фактілік немесе ағымдағы бағамен өлшенеді, ал реалды ЖҰӨ көрсеткіші инфляция немесе дефляцияны (номиналды ЖҰӨ инфляция әсерінен тазарады, яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.

Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ/ баға индексі;

Номиналды ЖҰӨ=нақты ЖҰӨх ЖҰӨ дефляторы.

Тауар мен қызмет көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруін – баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылда әрбір бағаға индекс белгіленуі. Әр-түрлі тауардың баға индекстері жинақталып тауар санына бөлінеді.

Қоғамның экономикалық дамуының ең манызды жиынтық көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табысының қосындысын (рента,жалкы,капиталға пайыз (%), меншіктен, корпорация пайдасы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰӨ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:

ҰТ=ТҰӨ- жанама салықтар;

Дәстүрлі тәсіл бойынша, ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз.

ҰТ=ЖҚӨ-МШ;

мұндағы: ҰТ- ұлттық табыс,

ЖҚӨ-жиынтыққоғамдық өнім,

МШ- материалдық шығындар.

Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт статиядан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыныс пен қорлану). Өндіріс стадиясында ұлттық табыс барлық салада құрылатын таза өнім түрінде болады; бөлу стадиясында (және қайта бөлу немесе үлестіру)- әптүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас стадиясында- тауардың өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыныс заттарды түрінің жиынтығын құрайды; қолдану стадиясында-қорлану мен резерв түрінде болып келеді.

Қолданудың түпкірлікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады; а) тұтыну қоры; ә) қорлану қоры. Ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейі мен өсуі, сондай-ақ өндіріс аумағы иен оның өсуі қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50% құрайды. Ұлттық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына кем, шамамен 8-10% болады.

 

· Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан- 2030. Қазақстан халқына Президенттің Жолдауы. Астана, 1997

2. Назарбаев Н.Ә.Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы// Егемен Қазақстан, 19 наурыз 2004 ж.

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 18 ақпан 2005 ж.

4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан, 26 наурыз 2005 ж.

5. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория.

Оқу құралы.- Астана, 2002.- 464 бет.

6. Крымова В.Ж. Экономикалық теория. Алматы,2002. – 118 бет.

7. Аубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы,1998

8. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией В.И. Видяпина, А.И. Добрынина, Г.П. Журавлевой, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2004.- с. 662.

9. Экономическая теория: Учебник / Под редакцией А.И. Добрынина, Л.С.Тарасевича.- С-П.-2001.- с. 542

10. Курс экономической теории / Под общей ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е. А.- М-2004.-С.832.

11. Аубакиров Я.А. Экономическая теория в условиях рыночных преобразований: Учебное пособие.- Алматы.- 2003.- 200 с.

Қосымша:

1. Борисов Е.Ф., Волков Ф.М. Основы экономической теории (в Ж. «Эконом.Науки»).

2. Войтов А.Г. Экономика. Жалпы курс. М.,1995

3. Казаков А.П., Минаева Н.В. Экономика, курс лекций. М., 1998

4. Мамедов О.Ю. Основы экономической теории.

5. Моканелл К., Брю С. Экономикс М., ТТ 1.2. 2000.

6. Куликов Л.М. Экономикалық білім негіздері. М. «Қаржы және статистика».

7. Котлер Ф. Маркетинг негіздері. М.,1999.

8. Казаков А.П., Минаева Н.В. «Экономика». Дәрістер курсы. Жаттығулар. Тесттер. М., ЦИПКК баспасы. 1998.

9. Экономикалық теория курсы. Проф.Чепурина М.Н.,проф. Киселева Е.А. редакциясымен М., «АСА» Баспасы, «Экономика» бөлімі.2000,2001

 

· Бақылау сұрақтары (кері байланысы):

Ұлттық экономиканың құрылымы қандай?

Қоғамдық ұдайы өндіріс дегеніміз не?

Қоғамдық ұдайы өндірістің қандай түрлері бар?

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге не жатады?

Макроэкономикалық көрсеткіштер қалай есептелінеді?

Ұлттық есеп жүйесі дегеніміз не?

Жалпы ұлттық өнім қалай есептелінеді?

Жалпы ішкі өнім қалай есептелінеді?

Ұлттық табыс: өндіру, бөлу, қайта бөлу кезеңдері қалай жүзеге асады?

 

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.032 сек.)