АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бап. Нысаналы трансферттер

Читайте также:
  1. C) Дивиденттер мен пайыздар.
  2. Бап. Байланысты гранттарды пайдалану
  3. Бап. Баланы ауыстыру 5 страница
  4. Бап. Бюджеттiк инвестициялар туралы жалпы ережелер
  5. Бап. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
  6. Бап. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер
  7. Бап. Бюджеттік кредит бойынша борышты аудару
  8. Бап. Бюджеттік кредиттеу туралы негізгі ережелер
  9. Бап. Бюджеттік кредитті пайдалану
  10. бап. Дауларды шешу
  11. Бап. Заттай нормалар
  12. бап. Контрацепцияны пайдалану

1. Нысаналы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттерге және нысаналы даму трансферттеріне бөлінеді.
2. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекітілген сома шегінде:
1) жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін, жергілікті бюджеттер шығыстарының ұлғаюына және (немесе) кірістерінің азаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың өкілді және атқарушы органдарының, актілерін қабылдаудан туындайтын төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған;
2) төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджеттерге беретін, мемлекеттік органдар функцияларының мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне берілуіне байланысты жоғары тұрған бюджет шығыстарының ұлғаюына әкеп соғатын, заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге бағытталған трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады.
3. Жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджетте бекітілген сомалар шегінде беретін трансферттер нысаналы даму трансферттері болып табылады.
4. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін тиісті жоғары тұрған органға жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесі мен олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімдерді ұсынады.
5. Жергілікті бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығыстар берілетін нысаналы даму трансферттерінің көлемі ескеріле отырып, жергілікті бюджеттерде айқындалады.
Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері әр объект бойынша жеке бөлінбей, бір сомада бөлінеді және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында жергілікті бюджеттерде осы мақсаттарға көзделген шығыстарды ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар бөледі.
6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу кезінде бөлінеді. Мұндай нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, кезекті қаржы жылында нысаналы даму трансферті берілмейді.
7. Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негіздемеде немесе үлгі жобада көзделмеген қосымша құрамдас бөліктердің енгізілуіне байланысты тиісті жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
8. Нысаналы даму трансферттерін бөлу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
9. Төмен тұрған бюджеттерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыстың жергілікті атқарушы органының резервінен қаражат бөлу нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.
10. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің, белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны жеке-дара қаржыландыру жоспарының негізінде аударады.
11. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім:
шешілуіне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсаттар мен міндеттерді;
нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тікелей және түпкілікті нәтижелерді;
тиісті жергілікті атқарушы органның қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне табыс етуі туралы міндеттемені;
тараптардың шешімі бойынша айқындалатын басқа да жағдайларды қамтитын құжатты білдіреді.
12. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарлама әкімшісі мен тиісті жергілікті атқарушы орган арасында ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірілмей бір қаржы жылына жасалады.
12-1. Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы алынған күннен бастап алты ай ішінде осы Кодекстің 154 және 156-баптарының талаптарына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға құжаттама ұсынылғанға дейін осы Кодекстің 79-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің 2-1) тармақшасында көрсетілген аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған нысаналы даму трансферттері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органмен жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасаспайды.
13. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында одан әрі бөлінген жағдайда, облыстың жергілікті атқарушы органы аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы тиісті келісімдер жасасады.
14. Жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің көлемі өзгерген жағдайда, нысаналы трансферттердің көлемі өзгерген күннен бастап бір ай ішінде нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімге тиісті өзгерістер енгізіледі.
Егер бюджетті нақтылау кезінде қосымша нысаналы трансферттер бөлінсе, Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан кейін және мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттың шешімі бекітілгеннен кейін бір ай ішінде осы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасалады.
15. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жарты жылдың және бір жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
16. Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеу, нысаналы трансферттерді аудару, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

47-бап. Төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік
кредиттер

1. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және қаржы жылы ішінде қолма-қол ақшаның болжамды тапшылығы жағдайында, тиісінше облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттерден бюджеттік кредиттер берілуі мүмкін.
2. Төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік кредиттер осы Кодекске сәйкес беріледі.

48-бап. Трансферттерді пайдалану кезінде нәтижелерге қол
жеткізбегені үшін жауаптылық

Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу кезінде:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (астананың) әкімі және жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімнің уақтылы жасалмағаны үшін жауаптылықта болады;
жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері нәтижелер туралы жасалған келісімдер негізінде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердің аударылмағаны үшін жауаптылықта болады;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшылары нысаналы трансферттерді нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келісімге сәйкес келмейтіндей пайдаланғаны, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін жауаптылықта болады.

2-бөлім. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА ТҮСІМДЕР МЕН ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ

8-тарау. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТТЕР, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА, АСТАНА, АУДАН (ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛА)
БЮДЖЕТТЕРІ АРАСЫНДА БЮДЖЕТКЕ ТҮСЕТІН ТҮСІМДЕРДІ БӨЛУ

49-бап. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер

1. Мыналар:
1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;
2) қосылған құн салығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
4) шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;
5) ойын бизнесі салығы;
6) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы;
7) тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы;
8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар;
9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруден алынатын салық;
10) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы;
11) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі;
12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі;
13) жергілікті маңызы бар ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым;
14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат берілгені үшін алым;
15) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттік тіркелгені (есепке қойылғаны) үшін алым;
16) дәрілік заттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;
17) шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;
18) радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиіліктегі құрылғылардың мемлекеттік тіркелгені үшін алым;
19) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берілгені үшін төлемақы;
20) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
21) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
22) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
23) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
24) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
25) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;
26) кеден бақылауын және кеден операцияларын жүзеге асырудан түсетін түсімдер;
27) отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар;
28) консулдық алым;
29) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж;
30) жеке басын куәландыратын құжаттар берілгені үшін мемлекеттік баж;
31) жүргізуші куәліктерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
32) механикалық көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
33) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
34) нотариаттық іс-әрекеттер жасалғаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
35) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
36) мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж;
37) халықаралық техникалық байқау сертификатының берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.
2. Мыналар:
1) республикалық меншіктен түсетін кірістер:
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері;
республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
республикалық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлесіне кірістер;
республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
екінші деңгейдегі банктердің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшін және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар;
республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер;
республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдері;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінде (шығыстар сметасында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсімдер республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.
3. Мыналар:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;
3) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады.
4. Мыналар:
1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдендірілген трансферт республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады.
5. Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.24 N 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

50-бап. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер

1. Мыналар:
1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
3) қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы;
4) облыстық маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдарымен жүргені үшін алым;
5) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
6) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы облыстық бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.
2. Мыналар:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
облыстық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
облыстық коммуналдық меншіктің мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;
облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;
3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
5) облыстық бюджетке басқа да салықтық емес түсімдер облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.
3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша облыстық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
4. Мыналар:
1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен трансферттер;
2) республикалық бюджеттен трансферттер облыстық бюджетке трансферттер түсімдері болып табылады.
5. Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер облыстық бюджет есебіне жазылады.

51-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне
түсетін түсімдер

1. Мыналар:
1) жеке табыс салығы;
2) әлеуметтік салық;
3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салық;
4) жер салығы;
5) бірыңғай жер салығы;
6) көлік құралдарына салық;
7) тіркелген салық;
8) мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
9) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
10) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
11) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы;
12) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
13) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
14) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
15) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
16) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
17) аукциондардан алым;
18) республикалық маңызы бар қаланың, астананың ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарымен жүргені үшін алым;
19) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж;
20) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
21) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
22) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
23) қалалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне салық түсімдері болып табылады.
2. Мыналар:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінен түскен түсімдер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкілді органдарының шешімдері бойынша өткізілетін мемлекеттік лотереялар кірістерінен түсетін түсімдер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;
2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;
3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне басқа да салықтық емес түсімдер (республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне салықтық емес түсімдер) болып табылады.
3. Мыналар:
1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемақы республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
4. Республикалық бюджеттен трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне трансферттердің түсімдері болып табылады.
5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінің есебіне жатқызылады.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

52-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін
түсімдер

1. Мыналар:
1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы;
2) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
3) жеке және заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер мүлкіне салық;
4) жер салығы;
5) бірыңғай жер салығы;
6) көлік құралдарына салық;
7) тіркелген салық;
8) мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектер үшін арнайы арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
9) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
10) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
11) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
12) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
13) аукциондардан алым;
14) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
15) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
16) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
17) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
18) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне түсетін салық түсімдері болып табылады.
2. Мыналар:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер;
2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсетуді) өткізуінен түсетін түсімдер;
3) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне басқа да салықтық емес түсімдер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне салықтық емес түсімдер болып табылады.
3. Мыналар:
1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
4. Облыстық бюджеттен берілетін трансферттер аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне трансферттердің түсімдері болып табылады.
5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарын сатудан түсетін түсімдер ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетіне есептеледі.
Ескерту. 52-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9-тарау. БЮДЖЕТ ДЕҢГЕЙЛЕРІ АРАСЫНДА ШЫҒЫСТАРДЫ БӨЛУ

53-бап. Республикалық бюджеттің шығыстары


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.007 сек.)