АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Болжау функциясы

Читайте также:
  1. B) Дарбин-Уотсон статистикасы
  2. B) персонал санын жоспарлау
  3. C) персонал мониторингі
  4. C) ынталандыру (мотивация)
  5. D) икемділік принципі
  6. E) макроорта, тікелей орта, ішкі орта
  7. Exercise 6 Read the text and write suitable heading to each paragraph
  8. IIIIIIIIIIIIIIIIIIII
  9. А бiлiм беретiн траектория
  10. а) инженерлік шаралар
  11. ААААААААААААААААААААА
  12. Белсенділік принципін бірнеше аспектілері

Тарихи таным мен тарихи сана.

Тарих арқылы жастарды тәрбиелеу.

1. Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:

1) мәдени-көзқарастық;

2) өндіргіш күштер функциясы;

3) әлеуметтік күштер функциясы.

Ғылым философиясы

1. Ғылымның пайда болуы, негізгі даму кезеңдері. Ғылымды зерттеу аспектілері.

2. Ғылым динамикасы. Ғылымдагы дәстурлер мен жаңалықтар

Негізгі әдебиет:

1. Методологические проблемы истории: учеб. Пособие для студентов, магистрантов и аспирантов ист. И филос. специальностей учрежд., обеспечивающих получение высшего образования / В.Н. Сидорцов [и др.]: под ред. В.Н. Сидорцова. – Мн.: Тетра Системс, 2006.- 352 с.

2. Смоленский Н.И. Теория и методология истории. / Н.И. Смоленский.-2-е изд. М.: Изд. Центр Академия; 2008. 272 с.

3. Смоленский Н.И. Проблемы исторического сознания // Историческое сознание: сущность и проблемы изучения / отв. ред. Н.П.Пищулин. — М., 2002.

4. Румянцева М.Ф. Теория истории. Учеб. Пособие / М.Ф. Румянцева. М.: Аспект Пресс, 2002.-319 с.

5. Всемирная история: Учебник для вузов/ Под ред. –Г.Б. Поляка, А.Н. Марковой. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1997. – 496 с.

Қосымша әдебиет:

1. Барг М.А. Эпохи и идеи: становление историзма. — М., 1987.

2. Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм, XVII-XVIII вв. М., 1988

3. Косминский Е.А. Историография Средних веков. V — середина XIX в.: лекции. - М., 1963. - С. 143- 144.

4. Соловьев СМ. История России с древнейших времен // Соч в 29 т. - М., 1989. - Т. 5.

Тақырып 5: Тарих қағидалары және негізгі әдіснамалық мәселелері.

1. Тарих зерттеуінің екі концепциясы.

2. Формациялық концепциясы.

3. Өркениеттік концепциясы.

4. Ф. Бродельдің тарихи уақыт дамуының әр түрлі формалар идеясы.

5. Ф. Бродельдің ғаламдық тарих тұжырымдамасы.

Тарих бүтін құбылыс, бірдей ғылым деген мәселе жаңа емес. Бұл мәселенің шешуіне екі концепция қарастырылады.

Біріншіден, тарих бірдей үрдіс ретінде қарастырылады. Бұл түсінік теориялық ойда дәстүрлі болып табылады. Бұл концепция Ағарту кезеңінің гуманистер, тарихшылар мен ойшылдар өкілдеріне, утопиялық социализмге, классикалық неміс философиясына, экзистенция философиясына, марксизм концепциясына, позитивизмге, идустриалды және постиндустриалды қоғам концепцияларға тән.

Екіншіден, тарих мәдениеттер, елдер, ұлттар, континенттер, өркениеттер тарихы ретінде қарастырылады. Бұл ьағыттың негізін қалаушысы деп XIX ғасырдың тарихшысы Н.Я.Данилевский (1822-1885) саналады. Кейінірек өркениеттік теория О. Шпенглер еңбектерінде (1880-1936), П.Сорокин (1 889-1968) еңбектерінде, Н.А.Бердяев (1874-1948) және АТойнби (1889-1975) еңбектерінде қарастырылды.

Мысалы, Н.Я.Данилевский Мәдени-тарихи типтер діни, эстетикалық, саяси және әлеуметтік-экономикалық белгілерімен ерекшеленеді жэне осы аталған әрекет салаларының барлығында жасампаз бола бермейді. Мысалы, грек өркениеті эстетикада жетістікке жетсе, семиттіктер - дінде, ал, римдіктер - құқық пен саяси ұйымдастыру салаларында жетістіктерге жетті. Ол он бір мэдени-тарихи типтер ді бөліп көрсетті.

А.Тойнби тарихта типологиялық тұрғыда ажыратылатын отыз алты өркениет бар деп есептейді. Ол өркениеттерді дамуы "толық іске асқан” және "іске аспаған” (мысалы, христиандық несториандық, христиандық монофизиттік, христиандық қиырбатыстық және т.б.) деп бөледі. Дамуы толық іске асқан өркениеттердің өзі тәуелсіз және сателлиттер деп бөлінеді. Тәуелсіздердің өзі мынадай өркениеттерге бөлінеді:

- өзгелермен байланысты емес (орта американдық, андтық);

- өзгелерден туындамайтын (шумер-аккад, мысыр, эгей және т.б.);

- өзгелерден туындайтын (сириялық, африкандық, православиелік-христиандық және т.б.).

Өркениеттердің көпшілігі адамзаттық прогрестің, әлемдік тарихтың біртұтас ағынына қосылып кетеді.

Шпенглердің пікіріңше, Еуропалық рационализмді “өмір философиясы” тұрғысынан сынай отырып, ол өзінің мәдениет мифологиясы концепциясын ұсынады. Оның мәнісі, О.Шпенглер жануарлар мен өсімдіктер өмірі жэне адам өмірі арасында салыстыру (аналогия) жүргізіп, тарихты биологияландырады. Туылу, өсу, қартаю және жойылу - міне, тек өсімдіктер мен жануарларға ғана емес, саналы адамға да, оның шығармашылық күш-жігерімен құрылған мәдени ағзаларға да бұйырған үлес осы. “Өмірдің тамырының соғуы” пайда болу, даму және құлдырау кезеңдерін бастан өткізетін жекелеген оқшау тұйық мәдениеттердің құрылуына әкеледі. Ол осындай сегіз өркениетті жариялайды:

1. мысырлық,

2. үнділік,

3. вавилондық,

4. қытайлық,

5. аполлондық (грек-рим),

6. “магиялық” (византиялық-арабтық),

7. “фаустық” (батысеуропалық),

8. Майя халқы.

Әлемдегі экономикалық байланыстардың дамуы жаңа және қазіргі кездегі тарихта дүниежүзілік тарихтың бірдейдігін дәлелдеді. Бұл ХХ ғасырда глобалды тарих концепциясының қалыптасуына әкелді. Бұл бағыт бойынша француз тарихшысының Ф. Бродель (1902—1985) және неміс философы К.Ясперстің (1883-1969) еңбетері өз көрінісін алды.

Барлық адамзаттың тарихында тарихи синтез идеясын Ф. Бродель үлкен фактілік материалды қолданыпдәлелдеді. Бұл концепциясын дәлелдеу үшін тарихшы адамдардың материалдық өміріне, географиялық жағдайыне, климатына, табиғатына, мәдениетіне, саяси өміріне негізделді. Тарихшының пікіріңше, глобалды тарих саяси, экономикалық, саяси және мәдени бағыттарға бөлінеді.

Негізгі әдебиет:

1. Методологические проблемы истории: учеб. Пособие для студентов, магистрантов и аспирантов ист. И филос. специальностей учрежд., обеспечивающих получение высшего образования / В.Н. Сидорцов [и др.]: под ред. В.Н. Сидорцова. – Мн.: Тетра Системс, 2006.- 352 с.

2. Смоленский Н.И. Теория и методология истории. / Н.И. Смоленский.-2-е изд. М.: Изд. Центр Академия; 2008. 272 с.

3. Смоленский Н.И. Проблемы исторического сознания // Историческое сознание: сущность и проблемы изучения / отв. ред. Н.П.Пищулин. — М., 2002.

4. Румянцева М.Ф. Теория истории. Учеб. Пособие / М.Ф. Румянцева. М.: Аспект Пресс, 2002.-319 с.

5. Всемирная история: Учебник для вузов/ Под ред. –Г.Б. Поляка, А.Н. Марковой. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1997. – 496 с.

Қосымша әдебиет:

1. Левада Ю.А. Историческое сознание и научный метод // Философские проблемы исторической науки / отв. ред. А.В. Гулыга, Ю.А.Левада. — М., 1961.

2. Бродель Ф. Динамика капитализма. Смоленск, 1993

3. Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм, XVII-XVIII вв. М., 1988

4. Данилов А.И. Историческое событие и историческая наука // Средние века. - М., 1980.

 

Тақырып 6: Тарихи қажеттілік және тарихи дамуындағы динамика мәселелері.

1. Тарихи қажеттілік: түсуінің екі варианты

2. Тарихтағы себеп-салдардарының пайда болуы мен қалыптасуы.

3. Табиғат заңдары мен тарих заңдарының ара-қатынасы.

4. Тарихтағы Қажеттілік және Кездейсоқтық мәселесі.

5. Тарихи дамуының циклдық идеясы. Прогресс және регресс теориялары.

Әлем тарихы кездейсоқ оқиғалардың синтезі ретіндеқаратсыруға болады. Макс Вебердің пікіңше, әлем тарихын жын, шайтан жасаған жолмен салыстыруға болады. Тарихтың ғылыми түсінуі броун қозғалысымен салыстыруға болады.

Жалпы, тарих ол детерминизм, себеп салдар басшылық ететін ғылыми сала.

Тарихи қажеттілігінің екі түрлі түсіну нұсқасы бар. Олар:

Біріншіден, теологиялық.

Екіншеден, діни емес.

Теологиялық концепцияны алсақ, Ж. Боссюэ (1627— 1704) жазған: «...империялардың өркендеуі мен құлауына әкелетіні Құдайдың шешімімен байланысты».

Екінші концепция бойынша, тарихи философиялық жағынан «қажеттілік» ұғымының мағынасын алсақ, ол «заңдылық» ұғымымен байланысты. Бұл бағыттың негізінде XVII ғасырдағы рационализм жатады. Ағартушылар тарихты табиғаттың жалғасуы ретінде қарастырды. Мысалы Ш. Монтескьенің географиялық детерминизм концепциясы. Тарихи дамуының анқытаушысы ретінде географиялық среда, климат, табиғат, ландшафт болып табылады.

Г. Гегельдің философиясында тарих заңдары идеясы жатыр.

Маркстің философиясы.

Шотландия экономисі және ойшылы А.Смиттің (1723-1790) айтуынша, бағаның негізінде еңбек жатады. Тарихи заңдар демографиялық, экономикалық, психологиялық заңдармен тығыз байланысты, олардан тыс болмайды.

Таптың күрес заңы.К. Маркс.

Л.Г.Морган (1818-1881) неке мен отбасы формаларының эволюция заңы.

тарихтың негізгі міндеті — біздің жеке басымыздың мәдениетті жұмыс істеу және коғамның саналы мүшесі болу қабілетін дамыту. Тарихты зерттеудің қиялды дамытуда да маңызы зор. Тарихпен айналысқан кезде шатасқан және үзінді мәліметтердің ішінен зерттеуге қажетті оқиғаны немесе кезеңді табу үшін қиялды дамыту арқылы оны елестету қажет. Адамзаттың өткен өмірін бізге шашылып қалып, аздаған түрлі-түсті тастары ғана жеткен үлкен мозайк суретпен салыстыруға болады, біз осы қалдық тастар негізінде, суреттің қандай болғаны жайлы ұғымды құрастыруымыз қажет. Тарихтағы қиял шынайылық талабымен тығыз байланысты, ол барлық белгілі фактілермен санасуы және оған қайшы келмеуі тиіс.

Мысалы, XVII-VIII ғасырлардағы феодализмнің дамуын түсіндіру үшін романтикалық теория ұсынылды, оның өкілдерінің пікірі бойынша, феодализм күйреген Рим Империясының тәртібінен пайда болды. Шынында да, империяның аяқ кезіндегі кейбір дәстүрлер феодалдықты еске салады. Бірақ бұл теория ешқашан Рим билігінде болмаған Германиядағы феодалдық құрылыстың қайдан пайда болғанын түсіндіре алмайтын болғандықтан, сәтсіз деп танылды. Осы негізгі талаптардың нәтижесінде, тарихпен айналысу қиялды дамытуға ықпал еткенімен, оны белгілі бір дәрежеде ұстауға үйретеді. Осы арқылы қиял тәртіпке келтіріліп, сенімді түрде пайдалана алатын біздің тыңдампаз құралымызға айналады.

Негізгі әдебиет:

1. Ясперс К.Смысл и назначение истории. — М., 1991. — С. 275.

2. Боссюэ Ж. Размышление о всемирной истории: в 3 ч. — М., 1893. — Ч. 3.

3. Всемирная история: Учебник для вузов/ Под ред. – Г.Б. Поляка, А.Н. Марковой. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1997. – 496 с.

4. Методологические проблемы истории: учеб. Пособие для студентов, магистрантов и аспирантов ист. И филос. специальностей учрежд., обеспечивающих получение высшего образования / В.Н. Сидорцов [и др.]: под ред. В.Н. Сидорцова. – Мн.: Тетра Системс, 2006.- 352 с.

5. Смоленский Н.И. Теория и методология истории. / Н.И. Смоленский.-2-е изд. М.: Изд. Центр Академия; 2008. 272 с.

Қосымша әдебиет:

1. Смоленский Н.И. Проблемы исторического сознания // Историческое сознание: сущность и проблемы изучения / отв. ред. Н.П.Пищулин. — М., 2002.

2. Румянцева М.Ф. Теория истории. Учеб. Пособие / М.Ф. Румянцева. М.: Аспект Пресс, 2002.-319 с.

3. Бродель Ф. Динамика капитализма. Смоленск, 1993

4. Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм, XVII-XVIII вв. М., 1988

5. Манту П. Промышленная революция XVIII столетия в Англии. – М., 1937.

Тақырып 7: Тарихтағы қозғалыс күштер мәселесі (Детерминизм).

1. Идеалды қозғалыс күштердің тұжырымдамасы.

2. Тарихтағы материалдық факторлары.

3. Жағрапиялық детерминизм.

4. Психологиялық детерминизм.

5. Демографиялық детерминизм.

Тарихта қозғаушы күштер мәселесі теориялық мәселелер ішінде фундаменталды болып саналады. Алғаш рет бұл мәселенің қалыптасуы философиямен байланысты. Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Греция ойшылдары келесі сұраққа жауап іздеді: «Әлем деген не?».

Фалесте ол су, Анаксименде ол ауа, Гераклитте от және т.б.

Идеалды қозғаушы күштер концепциясы.

Бұл бағыттың негізін қалаушысы платон болып саналады. Стихяилық материализм. Платон ілімі ол объективтік идеализм жүйесі. Ойшылдың піі бойынша, рух, ой, идеялар адамнан тыс өір сүреді.

Августин дүниежүзілік тарихи даму концепциясын дүниеге шығарды. Дүниежүзілік тарих ол құдай жоспарының іске асыруы.

Құдайлықтық және рационалды көзқарастың синтезін Дж. Вико қарастырды.

Тарихтағы материалдық факторлары.

Ежелгі Рим тарихшысы Аппиан (I ғасырдың соңы—70-е жж. II в.) Ридегі азаматтық соғыстар туралы кітабында бұл соғыстардың себебі жерге жеке меншік үшін болды.

И. Г. Гердер (1744—1803), Ж. Ж. Руссо: жеке меншіктің пайда болуы мемлекеттің қалыптасуына әкелді. возникновение имущественного неравенства привело к образованию государства,

Реставрация кезеңіндегі тарихшылар (О.Тьерри, Ф. Гизо).

Марксизм.

Психологиялық детерминизм

Демографиялық детерминизм

Тарихтың теориялық әдіснамалық мәселелері, ғылымның түсініктемелік – категориялық аппараты пәнде қарастырылған. Тарих ғылымының қалыптасу белестері, тарих ғылымының теориялық мәселелері және тарих ғылымының әдіснамасын түсіндіру. Тарихи зерттеулер барысында жалпы ғылыми әдістерді жатсынбай, өзіне ғана тән әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып қазақ ғылымдары талай шығармаларды жарыққа шығарды. Тарихи зерттеулер әдістемесі курсының мақсаты студенттердің ғылыми реферат, курстық жұмыс, диплом жұмысын орындауында, ғылыми студенттік қоғамдарда, үйірмелерде жұмыс істеу кезінде ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білуге үйрету. Студенттерге ғылымның салалары оның зерттеу әдістері, тарихи білім аймағында кездесетін біріншілік және екіншілік құжаттар, ғылыми ақпараттың басылымдар, интернет көздерінде ғылыми ақпаратты іздеу әдістемесі жайлы түсінік беру.

 

Негізгі әдебиет:

1. Лужков Ю.М. Развитие капитализма в России. 100 лет спустя: спор с правительством о социальной политике. — М., 2005

2. Всемирная история: Учебник для вузов/ Под ред. –Г.Б. Поляка, А.Н. Марковой. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1997. – 496 с.

Қосымша әдебиет:

1. Бродель Ф. Динамика капитализма. Смоленск, 1993

2. Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика и капитализм, XVII-XVIII вв. М., 1988

3. Бродель Ф. История и общественные науки. Историческая длительность // Философия и методология науки / под ред. И. С. Кона. — М., 1977.

 

Тақырып 8: Тарихилық қағидасы.

1. «Тарихилық» ұғымы.

2. Тарихилық қалыптасуының мәселесі.

3. Тарихилық концепциясындағы жеке даралық идеясы.

4. Тарихилықтың қарама-қарсылығы ретінде «архаизация» және «модернизация» бағыттары.

Тарихи танымның құрамында фундаменталды орынды тарихылық қағидасы алады. Ол тарихи танымның ерекшеліктерін көрсетеді.

«Тарихилық», мәселенің тарихи қоюы, тарихи таным арқылы фактілік материалды жинау деген ұғымдарды бөлек қаратыру керек.

Тарихилық қағидасы қоғамдық ортаның құбылыстары мен міңезін сипаттайды. Тарихилық қағида ХІХ ғасырдың соңында шықты. Бұл кезеңгі зерттеулерде «тарихилық» деген үғым пайда болды.

Антикалық авторлардың еңбектерінде тарихи дамуының деректері мен себептері туралы көп сұрақтар қойылған.

Орта ғасырларда тарихи ой құдайлық жоспарымен тығыз байланыстырды.

Жаңа кезеңде тарихилық қағидасының дауы Дж. Викомен байланысты.

Ағартушылар бұл мәселе бойынша келесі тұжырым жасады: тарих циклдық емес, прогрессивті түрде дамиды.

Тек қана И. Гердер тарихи дамуының иорганикалық негізін қарастырды. Оның пікіріңше, тарихта ешқандай қайталау жоқ. Әрбір кезең өзгеше, бір біріне ұқсастығы жоқ. Ең біріншіден, ұлттың мінезі және мәдениеті ереше орын алады.

Г. В. Ф. Гегельдің философиясы.

ХХ ғасырда тарихилық қағидасы{der Historismus) Германия тарихшыларымен қарастырылды. Э.Трельч (1865—1923) және Ф.Мейнеке (1862—1954) есімдерімен байланысты.

Тарихилық ол ғылыми танымның негізі және мәні деп есептеленеді. Тарихилықтың негізгі мазмұны оның индивидуалдығында және даму идеясында көрінеді. Ф.Мейнеке.

Негізгі әдебиет:

1. Историография античной истории / под ред. проф. В. И. Кузищина. — М., 1980.

2. Всемирная история: Учебник для вузов/ Под ред. –Г.Б. Поляка, А.Н. Марковой. – М.: Культура и спорт, ЮНИТИ, 1997. – 496 с.

3. Барг М.А. Эпохи и идеи. Становление историзма. — М., 1987.Экономическая история. Исследования. Историография. Полемика. — М.: Наука, 1992.

4. Смоленский Н.И. Научный историзм и проблема реформ // Армагеддон. - Кн. 11.-М., 2001.

5. Экономическая история зарубежных, стран / Под ред. В. И. Голубовича. — Минск: Экоперспектива, 1996.

Қосымша әдебиет:

1. Бродель Ф. Динамика капитализма. Смоленск, 1993

2. Рочестер А. Американский капитализм. – М., 1950.

3. Варга Е.С. Экономические кризисы. – М., 1974.

4. Кредер А.А. Американская буржуазия и “Новый курс”. – Саратов, 1988.

Тақырып 9: Тарихи танымдағы объективтілік мәселесі, әдістері.

1. Тарихи танымдағы «объект» және «субъект» мәселесі, қалыптасуы мен дамуы.

2. Тарихи перспектива және тарихи танымның объективтік критерия мәселесі.

3. Тарихи зерттеуінің әдістері.

Ресей тарихнамасында мәселенің гносеологиялық жағы жақсы ашылған. Ол объективтілік, механизмдері, табиғаты. И.Д. Ковальченко, А.Я.Тишков және т.б.

Антикалық кезең. Гносеология қалыптасуының бесігі Ежелгі Греия болып саналады. Алғаш рет бұл мәселені Фукидид ашқан. Геродоттан басқаша өз пікірін айтқан Фукидид болған оқиғаларды реалистік жағынан түсіндіруге тырысты. Сонымен тарихшы деректерге көп назар аударған. Оның мақсаты айтылған мәліметтердің нақтылығын орнату болып табылды.

Тациттің көзқарасы нақтылай болған.

Орта ғасырлар. Жаңа кезең

Ғылыми ойдың белсенділік мәселесі: тарих және кванттық механика.

Әдістер.

Қазіргі заманғы ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.

Ғылыми әдістер эмпирикалық және теориялық әдістер болып бөлінеді.

Эмпирикалық әдістерге төмендегілер жатқызылған:

1) бақылау – объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;

2) суреттеу – объектілер туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;

3) өлшеу- объектілерді ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;

4) тәжірибе жасау – құбылысқайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады:

1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;

2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;

3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.

Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

- анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;

- синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;

- абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

- дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;

- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б

- классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).

Зерттеу процесі барысында төмендегідей интерғылыми әдістер қолданылады:

• экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;

• интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында көрінбейтін, бірақ осы қатар мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;

• модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;

• ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;

• эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің тұжырымдары мен ойлары;

Күрделі құрылымды объектілерге анализ жасау үшін төмендегі әдістерді қолданады:

- декомпозиция – үлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бөлу;

- селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;

- агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға біріктіру.

Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.

Жоғарыда айтылып өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.

Ғылыми әдістерге қойылатын талаптар.

1. Әдістің детерминациясы яғни танымдық әрекет пен нысанның зандылықтармен алдын ала келісілуі. Ол теориялық білімнің әдістің нормативтік меңгеру құралдарына өту диалектикасынан көрінеді.

2. Зерттеу әдісінің берілуі әрекеттің заңдылықтарының әдісімен алдын ала келісуіне байланысты.

3. Әдістің нәтижелілігі мен сенімділігі нәтиженің жоғары ықтималды болып әдістің әр компонентіне тәуелді болатындығын көрсетеді.

4. Әдістің үнемділігі.

5. Әдістің анықтылығы мен тиімді танымдылығы.

6. Әдіске жаттыққандық.

Әдістер ғылыми әрекеттің тұтас жүйесіне кіріп жалпы онтологиялық және гносеологиялық негіді болып келеді. Нақты ғылыми зерттеулерде әдістердің алуан түрлілігі жайлы айтылады. Біз ғылыми әдіс пен ғылым әдісін айырып көрсетуіміз керек.

Ғылыми танымның әдістерін 4 деңгейге бөлеміз:

1. Эмпирикалық;

2. Экспериментальдық;

3. Теориялық;

4. Метатеориялық.

Әдістер төрт үлкен топқа бөлінеді.

Ғылыми зерттеу бағытын таңдау. Ғылыми зертту жұмысының мақсаты жан- жақты түбегейлі,шынайы нысан, процесс не құбылысты зерттеу; оның құрылымын ғылымда таным әдістері мен принциптері негізінде құрылған қарым қатынастар мен байланыстарды зерттеу; олардан алынған нәтижелердің адамзаттқа пайдасын іс – тәжрибеге енгізу.

Ғылыми зерттеудің нысаны болады. Кез келген ғылыми зерттеу жұмысының нысаны болып реальды немесе идеальды жүйе есептеледі.

Ғылыми зертеулер қоғамдық өндіріспен байланысына орай, мақсаттық тағайындалуына, қаржыландыруына байланысты және зерттеу ұзақтығын сай жіктеледі.

Ақпараттық ресурстар, мәліметтер базасы. Мәліметтер базасы библиографиялық және фактографиялық болып бөлінеді. Сонымен бірге мәліметтер базасын салалық, көп тақырыпты, ішкі, сыртқы деп бөлеміз.

Ақпараттық ресурс және ақпараттық өнімді сандық жағынан сипаттайтын құрылымдық бірлік болып ғылыми құжат есептеледі. Ол өз бойында ғылыми техникалық ақпаратты ұстайды. Ақпаратты көрсету тәсіліне байланысты жіктеу.

 

Негізгі әдебиет:

1. Зайцева Т.И. Зарубежная историография XX- начало XXI века: учебное пособие. – М.: «Академия», 2013. – 144 с.

2. Жуков Е. М. Очерки методологии истории. — М., 1980;

3. Ковальченко И.Д. Методы исторического исследования. — М., 1987;

4. Хвостова КВ., Финн В.К. Проблемы исторического познания. — М., 1997; Смоленский Н. И. Проблема объективности исторического познания // Новая и новейшая история. — 2004. — № 6.

5. Экономическая история. Исследования. Историография. Полемика. — М.: Наука, 1992.

6. Экономическая история капиталистических стран / Под ред. Ф. Я. Полянского и В. А. Жамина.

Қосымша әдебиет:

1. Экономическая история зарубежных, стран / Под ред. В. И. Голубовича. — Минск: Экоперспектива, 1996.

2. Бродель Ф. Динамика капитализма. Смоленск, 1993

3. Ковальченко И.Д. Теоретико-методологические проблемы исторических исследований. Заметки и размышления о новых подходах // Новая и новейшая история. — 1995. — № 1.

 

Тақырып 10: Батыраңқылықтық тарих.

1. Құрылымдық тарих мәселесі.

2. Тарихтағы семиотика ғылымының мәселелері.

3. Сандық тарих (клиометрия), яғни «Сериалдық» тарих мәселелері.

1960-1970-шы жылдары Батыс гуманитарлы білім саласында сциентизм ілімі өзінің ең жоғары өркендеу деңгейіне жетті. Структурализм, ессіздік (ақылсыздық), клиометрия, психоанализ деген бағыттар таратыла бастады. Францияда М. Фуконың төрме, ақылсыздық туралы еңбектері шығады. АҚШ «квантитативтік төңкеріс» орын алған, Э. Фромм және Э. Эриксон көзқарастарына сай психологиялық тарих дами бастады.

Француз тарих ғылымының дамуында 1968 жылы болған «қызыл мамыр» тарихи оқиғасы маңызды орын алады. Бұл оқиға Париж көшелеріне студенттердің шығуымен және өз талаптарын қоюымен байланысты. Студенттердің мақсаты ескі жоғары оқу орындардың жүйесін жаңарту. Студенттер үш «П» қарсы шығады: «патрон» (ин), «патер» (әке), «профессор». Бұл оқиғаның нәтижесінде білім беру жүйесінде реформалар өткізілді. Мемлекет өмірінде демократияландыру және жаңарту үрдістері өз орын алды.

Француз қоғамында болған өзгерістер «Анналы» мектебі мүшелерінің көзқарастарына өз әсерін тигізді. 1968 жылы мамыр, маусым айларында Ф. Бродельдің орнына М. Ферро, Ж. Ле Гофф, Э. Ле Руй Ладюри үшелерінен құрылған ұжымдық директорат («триумвират») орнатылады.

Сонымен, ХХ ғасырдың 70-шы жылдары «Анналы» мектебінде «үшінші ұрпақ» қалыптасты.»Ұрпақтың» өкілдері микротарихпен айналаса бастады, глобальды тарих өз өзетілігін жоғалтып қалды.

Бұл кезде тарих ғылымында келесі бағыттар дами бастады:

1. Сандық, немесе «сериалдық» тарих (П. Шоню)

2. «Адамсыз тарих» (Э. Ле Руй Ладюри)

3. Құндылықтар мен діл әлемін зерттейтін тарихи антропология (Ж. Ле Гофф, Ж. Дюби, Ф. Арьес, М. Воввель және т.б.).

П. Шонюдің пікірі бойынша, «тарих сериалды болмаса, ол тарих емес». Оқиғаларды тек қана математикалық әдістер арқылы анализ жасаған сериалды түрде зерттеу керек. Демография, география ғылымдарына тарихшы ерекше орын берді. Ол саяси тарихқа қарсы шықты.

П. Шюнюдің еңбектері:

«Классикалық кезеңдегі Еуропалық өркениет»

«Ағарту кезеңіндегі Еуропа өркениеті»

Тарих әлеуметтік ғылым ретінде. Жаңа кезеңдегі уақыт, кеңістік және адам».

Осы кезде ғалымдар тарихты семиотикамен байланыстырды. Семиотика ол белгілер жүйесі туралы ғылым.

Негізгі әдебиет:

1. Зайцева Т.И. Зарубежная историография XX- начало XXI века: учебное пособие. – М.: «Академия», 2013. – 144 с.

2. Гуревич А.Я. Исторический синтез и школа «Анналов». - М.: Наука, 1993.

3. Одиссей. Человек в истории. – М.: Наука, 1991.

4. Ревель Ж. История и социальные науки во Франции на примере эволюции школы «Анналов» // Новая и новейшая история. – 1998. - № 5,6.

 

 

Тақырып 11: Тарихтағы діл (менталитет, ментальность) мәселелері.

1. Тарихи антропология парадигмасы

2. Тарихтағы ажал (өлім) мәселесі.

Сонымен, 1960 жылдан бастап тарихи ғылымда зерттеу әдістері қайта қарастырылды. Тарих «адамдарсыз қалды» деген түсінік қалыптасты. Осы кезеңде басқа мәселелермен діл мәселесі тарихи зерттеулерде бірінші орын алды.

Діл дегеніміз тарих ғылымында таным құралы ретінде пайда болды. Сондықтан тарих ғылымының объектісі өзгере бастады, кеңейте бастады. Зерттеу объектілеріне мынадай дәстүрлі емес мәселелер пайда болды: балашақ кезі, неке, отбасы, әйел, қариялық, ауру, өлім мәселелері және халық және зиялы мәдениеттер, мәдени тәжірибенің тарихы, белгілер мен белгілік салт дәстүрлер, төменгі әлеуметтік топтар, маргиналдық топтар бойынша зерттеулер тарих ғылымында негізгі орын алды.

Казус, кездейсоқ мәселелер көтерілді. «Анналы» мектебі «үшінші ұрпағының» ерекшелігі ретінде ортағасырлық тарих және ерте жаңа кезең тарих (ерте индустриалды қоғам) кең зерттеленді, ал ежелгі кезең, жаңа кезең және қазіргі заман тарихына назар толық аударылмаған.

Негізгі тақырып ретінде қазіргі кездегі әлемнің христиандық Ортағасырлардан қалыптасуы қарастырылды. Діл тарихын зерттеген кезде сериалдық, демографиялық деректер қолданылды.

Діл тарихы тарихи антропология деген атқа ие болады. Бұл парадигма, үлкен концепция ретінде пайдаланды. Ғалым ең біріншіден осы дәуірде қалыптасқан жеке тұлғаға назар аударды. Басқаша бұл бағыт «жаңа тарихи ғылым» деп аталды.

Тарихтың зерттеу объектісі өзгерді. Сауда тарихының орнында көпестер тарихы, дәстүрлі аграрлы тарихтың орнында шаруалар тарихы, капитализм тарихы орнында банк қызметкерлері мен өсімқор тарихы зерттеленді.

Ф. Арьес дәуірдің ортақ белгілері мен сипаттамасын іздеді, М. Вовелль әр түрлі әлеуметтік топтардың ділдерін қарастырды, П. Шоню еңбектерінде діл ой-пікір ретінде саналды.

Ж. Ле Гофф өзінің танымал «Оратғасырлық Еуропа өркениеті» еңбегінде ортағасырлық Еуропа әлемінің белгілерін тапты. Ж. Дюби неке, отбасы институты және ортағасырлық Франция қоғамындағы әйелдерге қарым-қатынастарын зерттеді.

1970-1980-ші жылдары тарих ғылымында ажал мәселесі жиі қойылды. Бұл мәселемен Ф. Арьес, М. Вовелль, П. Шоню, Ф. Лебрен, Ж. Шиффоло, Ж. Делюмо қалыптасты. Зерттеу объектісіне демографиялық, діни, философиялық қозқарастар кірді.

Ажал мәселесімен алғаш рет француз тарихшысы Филипп Арьес айналысты. Оның пікіріңше, өлім адамның негізгі кезеңіне жатады. Соныдықтан бұл мәселеге міндетті түрде назар аудару керек. Дерек ретінде Арьес романды, эпосты, шіркеулік иконолартануын, өнертануын қолданылды.

Француз тарихнамасы орыс тарихи ғылымға өз әсерін тигізді. Ресей Ғылымдар Академиясы дүниежүзілік тарих Институтының тарихшылары «жаңа тарихи ңылым» бағытымен айнала бастады. Мысалы, А.Я. Гуревич, Ю.Л. Бессмертный.

Негізгі әдебиет:

Арьес Ф. Человек передлицом смерти. – М., 1991.

Зайцева Т.И. Зарубежная историография XX- начало XXI века: учебное пособие. – М.: «Академия», 2013. – 144 с.

Философия и методология истории. – М., 1977.

Қосымша әдебиет:

Гуревич А.Я. Историческая наука и историческая антропология // Вопросы философии. – 1988. - № 1.

 

Тақырып 12: Психологиялық тарих

1. Неофрейдизм және психологиялық тарих бағытының қалыптасуы.

2. Тарихтағы авторитарлық жеке тұлға мәселесі.

3. Тарихтағы ұқсастық мәселесі.

ХХ ғасырдың екінші жартысында американдық тарихнамасында психотарих, немесе психологиялық тарих, орын алады. Алғашқы психоаналитикалық пайымдаулары Фрейдке келеді. З. Фрейдтің еңбектері ХХ ғасырдағы психология ілімінде төңкеріс жасады. Фрейдтің концепциясы АҚШ тарихи ғылымына өз әсерін тигізді.

ХХ ғасырдың басында Австрия мен Германия елдерінде психологиялық әдістер арқылы көптеген саяси қызметкерлер, ғалымдар, өнер қызметкерлердің өмірбаяндалары жазылды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезінде АҚШ ғалымдар көше бастады.

1958 жылы Э. Эриксонның «Жас Лютер» деген еңбек жарияланды. Нақты тарихи деректерді қолданып, тарихтағы жеке тұлғаның орны және жеке тұлғаны психоаналитикалық әдістер арқылы зерттеу жайлы жалпытеориялық қағидалар дәлелденді.

1960-1970-ші жылдары АҚШ психотарих бойынша көп еңбектер шықты. Арнайы мерзімді басылымдар пайда болды, психологиялық тарих университеттік пәнге айналды.

Э. Фромм «Бостандықтан қашу» еңбегінде адамның екіжақтығын көрсетті. Бір жағынан, адам биологиялық адам, екінші жағынан ол жануарлар әлемінен бөлек тұрады. Сонымен, тарихтың мазмұны аданың өзі өзін табу, табиғаттан өзіп жіберген байланысты қайтару мақсатымен өзінің қажеттілігін іске асыру болып табылады.

Автордың пікірі бойынша, бостандық ол адамның негізгі байлығы. Бірақ бір уақытта адамдар бостандықтан қашады. Мысалы, тоталитарлық немесе авторитарлық билік қалыптасқан кезеңде. Э. Фромм тоталитаризм ұғымын германдық нацизмін, Б. Муссолин режімін, Мао Цзэдун билік еткен кезіңдегі Қытай коммунизмін, сталинизмді бағалаған кезде қолданылды. Бұл биліктің қалыптасуында психологиялық алғышарттар бар. Өйткені адамдар бостандықтан қашып, басқа адамға бағына бастайды.

Ғалым тоталитарлық сананың алғышарттарын Орта ғасырларда тапты. Ол дүниежүзілік тарихты адамзат өмірбаяны ретінде қарастыруға шақырды, ал Орта ғасырлар ол балашақ кезеңі ретінде қарастырылды. Бұл кезеңде әрбір адам өзінің қоғамдағы орнымен байланысты болды, ортағасырлық адам өзі өзін жеке тұлға ретінде қарастырмады.

Эрик Эриксон Германияда дүниеге келіп, психианалитиалық білім алды, Австрияда, З. Фрейдтің қызы жетекшілігімен Психанализдің Вена мектебінде, тәжірибесін өтті. АҚШ көп институттар мен клиникаларда жұмыс істеді, университеттерде сабақ берді. Гарвард университетінің профессоры деген атаққа ие болды.

Э. Эриксон этнолог, саясаттанушы, тарихшы, психоаналитик болды. Ол ұқсастық ұғымын ғылым айналымына енгізді.ғалымның пікірі бойынша, адам өмір бойы әлеуметтік өзгерістер әсерімен тұлға жағынан дамиды. Даму психоәлеуметтік дағдарыс ретінде өтеді. Еңбектерінде «Балашақ және қоғам», «Ұқсастық: жастық жақ және дағдарыс» ғалым өмір кезеңдерімен байланысты арнайы кестені келтірді. Ол ұқсастықтың сегіз кезеңдерін анықтады. Бұл кезеңдерде адам екі альтернатива, талдау алдында тұрады. Адамның талдауы оның келешек өміріне әсерін тигізеді.

Кезеңдер:

1. 0-1,5 жас, бұл кезеңде негізгі сұраққа жауап беріледі: «мен бұл дүниеге сенемін бе неесе сенбеймін бе?». Бұл ересектермен қатынас арқылы келеді.

2. 1,5-4 жас. Бала бұл кезде дербестік алады.

3. 4-6 жас, бұл ойын кезі.

4. 6-11 жас, бұл оқу кезі.

5. 11-20 жас, бұл кезде ұқсастық алу керек.

6. 20-25 жас, неке, отбасы құрады.

7. 25-65 жас,

8. 65 жастан

Сонымен, психоанализ өзінің бір жақты клинакалық концепциясынан философиялық және әлеуеттанулық доктринаға айналды. Ғалымдарға психоанализ әдістерінің қолдануы тарихтың болмаған пласттарына кіруге мүмкіндік береді. Қазір психологиялық тарих тарихи пәндерінің құрамына кірді.

Негізгі әдебиет:

Зайцева Т.И. Зарубежная историография XX- начало XXI века: учебное пособие. – М.: «Академия», 2013. – 144 с.

Фромм Э. Некрофилы и Адольф Гитлер // Вопросы философии. – 1991. - № 9.

Эриксон Э. Юность и кризис // Возрастная психология. Хрестоматия. – М., 2003.

Қосымша әдебиет:

Шестопал Е.Б. психланалитическое направление в исторической науке // История СССР. – 1991. - № 4.

 

Тақырып 13: Жаңа әлеуметтік тарих

1. Жаңа әлеуметтік тарих бағытының ерекшеліктері.

2. «Отбасы тарихы» мәселесі.

3. «Әйелдер тарихы» және гендерлік тарих.

4. Тарихи урбанистика мәселелері.

5. Жаңа жергілікті тарих концепциясы.

Клиометрияға айналу тарихнамада жаңа бағыттардың қалыптасуына әкелді. Оның ішінде жаңа әлеуметтік тарих та бар. Бұл бағыт қазіргі кездегі АҚШ дамиды. Мұны «қансыз ғылыми төңкеріс» деп атайды. «Әлеуметтік тарихтың журналы» деген басылымның негізінде бұл бағыттың өкілдері бірікті. «Жаңа әлеуметтік тарих» құрамына «отбасы тарихы», «әйелдер тарихы», қалалар тарихы, спорт тарихы, қажеттілік тарихы және т.б. енді.

Бұл бағыттың ерекшелігі ретінде бағыттың қалыптасуының факторы болып әлеуметтік жағдай болып қарастырылды. Мысалы, тек қана ғылыми техникалық революция емес, экономикалық жағдайды жақсарту үшін, азаматтық құқықтар үшін қозғалыстар, Вьетнам мен Үндіқытайдағы соғыстарға қарсы бағытталған және студенттер, феминизм қозғалыстары.

Сонымен тарихи ғылымда америкалық халықтың дәстүрлері, мәдениеті зерттеленді, американдық қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтардың тарихы қарастырылды: «жаңа жұмысшылар тарихы», афроамерикандар тарихы, иммигранттар тарихы, локальды тарих және т.б.

Қазіргі кездегі американ тарихшылары ғылыми және қоғамдық өмірге кіріп, аналитикалық жұмыстар ғана шығармайды, олар кино, теледидар, радио, басылым арқылы американ қоғамына әсерін тигізеді. Тарихшылар жалпыдемократиялық қозғалыстардың жетекшілері ретінде алға шығады.

«Жаңа әлеуметтік тарихтың» негізгі бағыттарының бірі «отбасы тарихы» болып табылады. Бұл бағыттың іішнде демографиялық зерттеулер (неке құру, өлім мәселесі және т.б.), құқық зерттеулер (заңдар мен әдет ғұрыптар, мұрагерлік жүйесі), экономикалық зерттеулер (әйелдер жне балалар еңбегі, ерлер мәселесі және т.б.), әлеуметтік құрылымын анықтайтын зерттеулер, психологиялық аспектілер жайлы зерттеулер жүргізіледі.

Бұл бағыттың негізгі өкілі Майкл Б. Катц болып саналады. Ол «Америка тарихындағы билік және саясат» еңбегінде кедейлер мен кедейлер отбасылар жайлы зерттеу жүргізді.

Дәстүрлі тарих бойынша едей отбасылар ештене білмейді, жұмыс істеуге келейді, еріншек, жалқау адамдар.

М.Б. Катц Сэлливан фамилиялы отбасыны зерттеді. Отбасы ХІХ және ХХ ғасырдың рубежінде өмір сүрді. Ғалым бұл отбасыдағы бір біріне қарым қатынастарын, әр түрлі оқиғалардың түсінуін зерттеді. Ғалым кедей отбасының көршілермен, жұмысберушілермен әлеуметтік қамтамасыз ету органдарымен қарым қатынасын зерттеді. Зерттеуші анализ жасағанда дәстүрлі емес деретерді қолданды. Мысалы, балалар жәрдемақысының квитанциясы, дәрігерлер шақыру және дәрілер квитанциялары, аурулар туралы дәрігерлердің жазулары және т.б.

Еңбекте Катц Сэлливандар нормаға сай америандық отбасы екенін дәлелдеді. Бірақ олардың тағдыры ата аналардың жұмыссыздығымен өзгертілді. Олар жұмыс істеуге келеді.

«Жаңа әлеуметтік тарих» бағытының тарихшылары «негр» ұғымын ғылыми айналымнан шығарды. Оның орнына «қара американдық», немесе «афроамерикандық» ұғым енгізілді.

«Әйелдер тарихы» «отбасы тарихымен» тығыз байланысты. Дәстүрлі тарихта әйелдер тарихи зерттеулерде негізгі орын алмаады. Л. Гордон Массачусетс университетінің тарих профессоры, «Радикалдық Америка» журналының бас редакторы, Америкалық тарихи Ассоциациясының мүшесі. Ол әйелдер туралы көп еңбектер жазды.

Бұл бағытта белгілі әйелдердің өмірбаяны зерттеленді, екіншіден, әйелдер мектептері, ассоциациялары, институттары бойынша зерттеулер жазылды, үшіншіден, өндіріс жүйесіндегі және үй шаруашылығымен айналасатын әйелдер. Ерекше орынды афроамерикандық әйелдер жайлы тақырып алады. Гендерлік тарих қалыптаса бастады.

Демография, әлеуметтану, экономика, тарихи география, этносоциология және т.б. ғылымдар арасында тарихи урбанистика бағыты қалыптаса бастады. Урбан тарих құрамына әр түрлі зерттеулер кіреді.

Гарвард университетінің профессоры С. Тернстром Ньюбернпорт қаланың қарапайым жұмысшылар әлеуметтік тобын зерттеді. Зерттеуші келесі қорытыға келді: американдық жұмысшы өз әлеуметтік және экономикалық жағдайымен қанағаттандырылған.

Пенсильвания университетінің профессоры Т. Хершберг жетекшілігімен «Филадельфия әлеуметтік тарихының жобасы» атты зерттеулер жүргізілді. Жобаның мақсаты ХІХ ғасырда АҚШ ірі қаладағы кенттену және индустриалдандыру үрдістері қарастыру болып табылды. Бірінші жағынан, деректік база ұйымдастырылды. Екінші жағынан, қала бірнеші аймақтарға бөлініп, аймақатр тарихының зерттеулері басталды.

Иммгранттар тарихы қалыптаса бастады.

«Қаланың жаңа тарихы» бағытының тақырыбы ретінде қалалық география болып табылады. Гетто қалыптасуы туралы зерттеулер жасалған. Мысалы, қара африкандық және латиноамерикандық гетто.

Негізгі әдебиет:

Зайцева Т.И. Зарубежная историография XX- начало XXI века: учебное пособие. – М.: «Академия», 2013. – 144 с.

Смоленский Н. И. Теория и методология истории: учебное пособие / Смоленский Н.И. - 2-е изд., стер. - М.: Академия, 2008. - 272 с.

Шамшиденова Ф. Шетелдердің жаңа заман тарихының тарихнамасы: оқу құралы / Ф. Шамшиденова. - Алматы: [б. и.], 2006. - 182 б.

 

Тақырып 14: Тарихтағы «күнделікті тірлік» мәселесі

1. «Тарихты астынан зерттеу» мәселесі.

2. Ауызша тарих.

3. Тарихтағы әлеуметтік мәдениет мәселесі.

Германияда күнделікті тірлік тарихы немесе «төменгіден тарих» бағыты қалыптаса бастады. Бұл бағыттың зерттеу объектісі тарихи оқиғалар, ұлы тарихи тұлғалар емес, қарапайым адамдардың тарихы болып есептеледі.

Сонымен қатар, шіркеу, ауыл, бөлек отбасылар зерттеле бастады. Бөлек провинцияларға, қалаларға, қала кварталдарына, асханаға және т.б. назар аударылды. Бұл жұмыстың нәтижесінде көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. Мысалы, Констанц қаласында еңбек және тұрмыс тарихы жайлы мұражай, Гамбарг қаласында еңбек мұражайы, Вупперталь қаласында индустриализацияның ерте кезеңі жайлы мұражай ұйымдастырылды.

АҚШ «АҚШ ауызша тарихының ассоциациясы» құрылды.

Германияда ең таратылған мәселенің бірі жұмысшылардың тұрмысын зерттеу болып табылады. Германияда ауыз тарихы арқылы жазылған көптеген еңбетер шықты. Бірақ олардың авторлары кәсіби тарихшылар емес.

Көптеген шығармалар әйелдер тарихына арналған. Бұл бағытта әйелдердің күнделік еңбегі, отбасылық және қоғамдық өміріндегі әйелдердің орны жайлы зерттеулер жүргізген.

Фашизм жайлы зерттеулер жүргізілді. Ең біріншіден, әлеуметтік және психологиялық жағынан. Жобанң мақсаты фашизм кезіндегі қарапайым адамдардың орны.

Сонымен, бірінші орынға адамдардың әлеуметтік қызметтері шықты. Бірақ осы кезде деретер жинау жұмыстары жүргізілді.

Негізгі әдебиет:

Зайцева Т.И. Зарубежная историография XX- начало XXI века: учебное пособие. – М.: «Академия», 2013. – 144 с.

Смоленский Н. И. Теория и методология истории: учебное пособие / Смоленский Н.И. - 2-е изд., стер. - М.: Академия, 2008. - 272 с.

Шамшиденова Ф. Шетелдердің жаңа заман тарихының тарихнамасы: оқу құралы / Ф. Шамшиденова. - Алматы: [б. и.], 2006. - 182 б.

 

Тақырып 15: Микротарих және макротарих мәселелері.

1. Итальян микратарих ерекшеліктері.

2. Антропологиялық бұрылыс.

3. Тарихтағы дискурс мәселесі.

1970-ші жылдары Италияда микротарих бағыты орнатылды. Оның негізгі өкілдеріне Дж. Леви, К. Гинзбург, К. Пони, Э. Гренди жатады. Микротарихтың ерекшелігі ретінде тарихшылар кішентай тақырыптарды алып зерттейді, мысалы, бір адамның тарихы, бір күннің тарихы, бір ауылдың тарихы.

Италияндық микротарихшыларды «Квадерни сторичи» тарихи журнал біріктірді. Екіншіден, микротарихшылар «Микротарих» деген кітаптар сериясын жарияла бастады. Бүгін жиырадан астам кітаптар басылып шығарған. Бұл кітаптардың тақырыптары жас суретшінің өмірбаяны, индустриалды динамика, бір обылстағы әлеуметтік саяси динамика, қысмыстық іс, мемлекеттік мереке және т.б. болып табылады.

Карло Гинзбург, Болоньи университетінің профессоры. Өз еңбегін ол сот жұмысы бойынша есеп ретінде жазды. Ғалым еңбек кейіпкерінің рухани әлемін ашуға тырысты.

Микротарихтың мүмкіндігі шекарасыз емес, бірақ микротарихта адамның әлеуметтік байланыстары негізгі орын алады.

ХХ ғасыр классикалық еуропалық историзмнің қағидаларыны өзгеруімен белгіленді. Бұл өзгерістердің нәтижесінде тарихта жаңа адамның образы қалыптасты. Ресей тарихшысы М. А. Барг бұл көп ұзақты үрдіске «тарихнамалық төңкеріс» деген ат берді. Өзгерістер ХХ ғасырдың басында басталды, бірақ өзінің жоғары деңгейін 1960-19790-ші жылдары жетті. Бұл кезеңде «жаңа әлеуметтік тарих» қалыптасты. Бұл кезең құрылымдық тарихтың, сциентизмнің, көпшілік құбылыстар мен оқиғалардың басылым етуімен сипатталанады. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырда тарихта гуманизация үрдісі басталады. Бұл кезеңде антропологиялық бұрылыс басталды.

Белгілері:

- Микротарих макроүрдістермен бірігеді.

- Тарихтың гуманизациялауы.

- Тарихи таным үрдісінде тарихшыға өзі туралы ұмытпай керек, авторефлекия жасау.

- Тарихшының еңбегі ғылыми процедура емес, лингвистикалық процедура сияқты, мысалы, шығармашылық, дастан сияқты; нарративқа көшу.

- Әр түрлі концепциялардың іске асыруына құқы бар.

- «Анналы» мектебі, марксизм, семиотика, квантификация, діл тарих бағыттарының синтезі.

Мұндай белгілер классикалық еңбектерде көрініп тұр. Мысалы, Н.З. Дэвис «Мартин Геррдің қайта оралуы», Р. Даритонның «Мысықтың ұлы өлім жазасы».

Сонымен, ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы тарихнамада орын алған «антропологиялық бұрылыс» тарихи білімнің барлық дәстүрлі салаларында жаңарту және қайта пайымдау әкелді. Әр түрлі тарихи салаларында бірінші кезеңге жекелік пен ұжымдық тәртіп пен сананы зерттеу, тарихи үрдістегі адамның өлшемін анықтау, әлеуметтік өмір құрылымының адам санасын талдау, қарапайым адамдарды тұрмысын зерттеу мәселелері шығып отыр.

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында жылдам әдіснамалық ізденістер кезеңі басталды. Бұл үрдістің нәтижесінде әр түрлі жаңа концепциялар, жаңа ғылыми стратегиялар. Мысалы, «жаңа мәдени тарих», «интеллектуалды тарих», «Анналы» мектебінің «төртінші ұрпағы».

Негізгі әдебиет:

Зайцева Т.И. Зарубежная историография XX- начало XXI века: учебное пособие. – М.: «Академия», 2013. – 144 с.

Смоленский Н. И. Теория и методология истории: учебное пособие / Смоленский Н.И. - 2-е изд., стер. - М.: Академия, 2008. - 272 с.

Шамшиденова Ф. Шетелдердің жаңа заман тарихының тарихнамасы: оқу құралы / Ф. Шамшиденова. - Алматы: [б. и.], 2006. - 182 б.

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.074 сек.)