АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 7 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

5. Репродукциялық түсіру – құқық қорғау органдары қызметінде әртүрлі құжат, схема, мәтіндер мен сызбалардың, дактилоскопиялық карталардың және басқа да тегіс беттегі объектілердің фотокөшірмелері қажет болған жағдайда тіке үстінен түсіру арқылы жүзеге асырылатын әдістің бір түрі. Репродукциялық әдіспен түсіру кезінде (түсірілетін объектінің көлеміне байланысты) сақина кигізілген немесе кигізілмеген жай айналы фотоаппарат «Зенит» тәрізді және т.б. арнайы репродукциялық құрылғылар қолданылады.

Жақсы сапалы репродукция алу үшін түсірілетін объектіге фотоаппаратты үстінен тік (паралелль) және жарықтандыру объектісінің бір қалыпты болуын орнықтыру, сондай-ақ фотоаппарат объективінің осі суретке түсіретін объектінің ортасы арқылы өтуін қалыптастыру қажет.

Репродукциялау – арнайы рефлекстік қағазды қолдану көмегімен де жүзеге асырылуы мүмкін. Рефлекстік қағаз эмульсиялық жағымен суретке түсірілетін бейне көрінісінің бетіне қойылып, астыңғы жағынан жарықтандырады. Рефлекстік қағаз арқылы жарық түпнұсқаның қара бөліктерімен сіңіріліп, ақ бөліктерінен көрініс табады.

6. Ірі масштабта немесе макротүсіру кішкентай объектілердің табиғи өлшемін түсіру немесе микроскопты қолданбай-ақ тікелей үлкейтіп түсіретін әдіс болып табылады. Ол тергеу әрекеттерін және сараптамалық зерттеу жүргізу барысында жүзеге асырылады. Егер оқиға болған жерден қандай да бір үлкен емес іздер немесе басқа да объектілер табылып, оны бекіту қажеттілігі туындаған жағдайда макротүсіру әдісі қолданылады (мысалы: бұзу құралдарының іздері, қылмыскермен қалдырылған ұсақ заттар). Бұл әдісті қолдану көмегі арқылы сарапшы нақты бір қорытындыға келуге мүмкіндік беретін белгілерді анықтайды. Сонымен қатар, бұл белгілерді көрнекі түрде бейнелеп бекіту үшін қолданады.

Макротүсіру әртүрлі фотоаппараттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Мұндай мақсатта бұрын көбінесе: «ФМН-2», «УЛАРУС-2», «МСК-1» тәрізді арнайы құрылғылар және т.б. қолданылған. Оқиға болған жерде макротүсіру әдісі әдетте 1:10-нан 20:1 дейінгі масштабтағы көріністі алуға мүмкіндіктер беретін ұлғайтылған сақина кигізілген «Зенит» тәріздес айналы фотоаппараттар көмегімен орындалады. Қазіргі кезде тәжірибеде цифрлы фотоаппараттар да кеңінен қолданылуда.

Макротүсіру «Зенит» фотоаппаратына арнайы қондырғы орнату көмегімен де жүзеге асырылуы мүмкін, ол арасында терімен бекітілген екі тіреуіштен тұрады. Алдыңғы тіреуішке объектив, ал артқысына – фотоаппарат корпусы орнатылады. Тіреуіштерді қозғалту нәтижесінде фотоаппараттың артқы қақпағы мен объективтің арасындағы арақашықтық өзгеріп, ол түсірілетін объектінің бейне көрінісі масштабының өзгеруіне әкеп соқтырады.

Егер «Зенит» фотоаппараты «Индустар-50» объективімен жабдықталған жағдайда макротүсіруге арналған қондырғының көмегімен объектінің бейнесін үш есе үлкейтуге болады. «Гелиос-44» және «Мир-1» объективтері 2,64 және 4,2 есеге дейінгі үлкейтуге мүмкіндік береді.

Аз масштабты алуға қарапайым түсірілім түрі қолданылады, ал ірі көлемді масштаб микроскоптың оптикалық жүйесі көмегімен алынады.

Макрофотография әдісін: биология, археология, геология, металлургия саласындағы әртүрлі ғылыми және техникалық мәселелерді шешу кезінде пайдаланады. Ал криминалистер оны бұзу құрал-саймандардың іздерін, оқ, гильза, басқа да ұсақ заттарды – заттай дәлелдемелерді, оқиға болған жерден табылған іздерді және т.б. суретке түсіру үшін қолданады.

Макрофотография трасологиялық және баллистикалық сараптама жүргізу, сондай-ақ құжаттарды соттық-техникалық зерттеу кезінде қолданылуы мүмкін. Ол фотосуретке түсірудің – репродукциялық, контрастылық, инфрақызыл және ультракүлгін әдістерінің құрама бөлігі болып табылады.

Макрофотография кез-келген фотоаппараттармен жүзеге асырылады. Макрофотография жалпы фотосуретке арналған аз форматты камераларда, сондай-ақ арнайы стационарлық құрылғыларда орындалады.

 

§3. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың

ерекшеліктері

 

Тергеу әрекетін жүргізу барысында фототүсірілімдер өте жиі қолданылады. Фототүсірілім объектілеріне: оқиға болған жердің жалпы жағдайы мен оның бөлігі, мәйіт, іздер және басқа да заттай дәлелдемелер жатады.

Тергеу қарауын жүргізу кезінде оқиға болған жерді суретке түсіру. Оқиға болған жердің жағдайын және ол жерден табылған қылмыстық іздер мен басқа да заттай дәлелдемелерді дұрыс әрі толық бекіту тергеу әрекетінде қойылатын негізгі талаптардың біріне жатады.

Оқиға болған жерді суретке түсіру келесідей тәртіпте орындалуы тиіс:

а) оқиға болған жер және оның жекеленген бөлігінің жағдайы жөнінде толық мағлұмат алатындай көрнекі түрде түсірілуі шарт;

ә) оқиға жағдайы барынша толық, әрі дәлме-дәл түсірілуі қажет;

б) қажет болған жағдайда түсірілген объектілердің көлемі жөнінде мәлімет бере алатындай етіліп (метрлік және масштабты) түсірілуі тиіс.

Оқиға болған жерді түсіру келесідей әдіс түрлері арқылы жүзеге асырылады: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістері.

Бағдарлап түсіру – оқиға болған жердің өзін ғана түсіріп қоймай, сонымен қатар айналадағы оған жақын тұрған объектіні де қамтып түсіруге арналған әдіс. Оқиғаның нақты қай жерде болғандығы жөнінде бағдарлап білу мақсатында қолданылатын, яғни оқиға болған жердегі жылжымайтын объектіні оқиғаға, қылмысқа еш қатысы болмаса да айналамен қамтып қоса түсіру әдісі. Мысалы: жол-көлік оқиғасы болған жағдайда оқиға болған жердегі жол белгілерінің қоршаулары, оған жақын орналасқан жылжымайтын объектілер қоса түсіріледі.

Шолып түсіру – бұл оқиға болған жерді қоршаған айналасынсыз тек өзін ғана түсіру әдісі. Бұл әдісті қолдану кезінде фотоаппарат оқиға болған жердің толық көрінуіне немесе оның көпшілік бөлігінің көрінуіне мүмкіндік беретін нүктеге қатысты орналастырылады. Шолып түсіру арқылы оқиға болған жердің жағдайын анықтауға және орналасқан заттар туралы дұрыс түсінік алуға болады.

Түйінді түсіру – оқиға болған жердің жеке учаскілерін және ондағы қылмыстық материалдық белгілерінің барынша көп шоғырланған жерлерін ірі масштабта түсіру әдісі (мысалы: қылмыстың материалдық басым бөлігі, яғни мәйіттің жатқан жері, өрт ошағы және т.б. көрсетіледі).

Детальды түсіру – бұл жеке іздерді және заттарды өлшеу масштабымен түсіру әдісі. Заттай дәлелдемелер мен іздердің сыртқы белгілерін бейнелеп көрсету үшін детальды түсіру әдісі қолданылады. Детальды түсіру әдісінің объектілеріне: қару-жарақ, оқ, гильза, қылмыс құралдары мен олардың іздері, қол, аяқ, көлік-құралдарының іздері, ұрланған заттар мен өзге де объектілер жатады. Детальды түсіру кезінде фотоаппаратты объектінің тек өзі немесе оның қажетті бөлігі ғана кадрға сиятындай қашықтықта орналастыру қажет.

Жергілікті жерде детальды түсіру барысында күн сәулесі түсірілетін объектінің алдына немесе артына емес, тек жанына түскен кезде ғана нақты, әрі айқын фотосуреттер алынады. Қысқы уақытта фотосуреттер алу үшін сары және қызғылт-сары жарықфильтрлері қолданылады.

Ғимарат, тұрғын-жай және т.б. жабық жерлерде детальды түсіру кезінде күн сәулесі терезеден түсіп тұрған жағдайда терезеге мата іліп, қараңғы жерлерді түсіруге есептелген ұстау (выдержка) қолданылады.

Оқиға болған жерді түсіру көп жағдайларда электрлік тұтану шырағы арқылы жарықтандырылады.

Мәйітті түсірудің де өзіндік әдістері бар. Алғашқыда мәйітті қоршаған ортамен қамтый отырып бірнеше жағынан түсіреді. Кейіннен мәйіт қоршаған ортасыз тек өзі ғана түсіріледі. Оны түсіру барысында орналасу жай-күйі жағдайын, денесінің ашық жерлерін және киімін толық бейнелеп көрсетуге аса көңіл бөлінуі керек. Мәйіт қоршаған ортасыз екі қарама-қарсы жағынан түсіріледі. Түсіру кезінде фотоаппарат объективінің негізгі оптикалық осі мәйіттің ұзына бойлық осіне перпендикулярлы болатындай етіп орналастыру қажет. Сонымен қатар, аппарат объективін төмен қаратып мәйітті жоғарғы жағынан вертикальды түсіру әдісі ұсынылады. Мәйіт табылған ғимарат, үй-жай және т.б. жерлер өте тар болған жағдайда, ол панорамалық әдісті немесе кең бұрышты объективті қолдану арқылы түсіріледі.

Панорамалық түсіру әдісі мәйітті бас жағынан беліне дейін, содан соң белінен аяғына дейін жеке-жеке түсіріп, одан бір фотосурет шығаратын екі немес үш, төрт үзіндіден тұрады.

Жарақат, күйік, қан іздері, киімінің бүлінуі сияқты сипаттағы ерекшеліктер миллиметрлік масштабпен ірі көлемде суретке жеке түсіріліп бекітіледі. Мәйіт табылған кезде қандай жағдайда (үсті-басы кір, лас, қатып қалған және т.б.) болса, суретке алғашқыда сол күйінде түсіріледі, содан соң мәйітке әрлеу жұмыстары (сот-медициналық, мәйітті ерітіп қалпына келтіру және т.б.) жүргізгеннен кейін де суретке түсіріледі. Танылмаған мәйітті түсіру тануға көрсету үшін түсірілетін әдіс-тәртібімен жүзеге асырылады. Танылмаған мәйіттің суреті картамен бірге қылмыстық тіркеу органына жіберіледі.

Іздер мен заттар – яғни заттай дәлелдемелер олардың табылған жерлері мен орналасу жағдайы, сыртқы құрылысының жалпы және жеке белгілері көрсетіле отырып суретке түсіріледі.

Бастапқыда оқиға болған жердің белгілі бір учаскесінде шоғырланған барлық іздер мен заттар тобы түсіріледі. Елеулі ұзындықтағы учаскедегі іздер тобы (мысалы: аяқ киім, көлік құралдарының іздерінің жолы) панорамалақ әдіспен түсіріледі. Содан соң біртекті іздердің ішінен толық әрі нақты түскен іздер іріктелініп алынып, миллимертлік масштабты сызғыштың көмегімен жеке-жеке суретке түсіріледі.

Нашар көрінетін қолдың майлы іздерінің фототүсірілімі (әйнек, пластмасса, жылтыр бетті заттарда қалдырылған) қараңғы бөлмеде күңгірт әйнекті фотокамерамен 1:1 масштабымен жүзеге асырылады. Қолдың іздері аз форматты аппаратпен («Зенит») ұзартқыш сақиналарды пайдалану арқылы түсіріледі. Күн сәулесінің зиянды әсерін жою үшін, затқа із үшін кесілген кескіні бар қара қағаздың парағын салу қажет. Ізді жарықтандырғыш рефлекторына жарық өткізбейтін қара қағаздан жасалған конусты кигізу арқылы алынатын сәулені қырынан түсіру жолдары ұсынылады. Егер із түссіз материалдарда орналасса, онда оған қарама-қарсы жағынан белгілі бір қашықтықта қара түсті мата немесе қағаз қою қажет. Әйнекте орналасқан із өтпелі жарықтықпен түсірілуі мүмкін. Бұл жағдайда тік тұрған ұстағыш арқылы әйнекті бекітеді және оның үстін із үшін кесілген «маскамен» жабады.

Із жағынан әйнекке қарсы фотоаппарат қояды, қарама-қарсы жағынан қара экран, ал қырынан жарықтандырғыш орналастырылады. Жарық (сәуле) әйнекке 45-60 – бұрышта бағытталады.

Қолдың көрінбейтін майлы іздері, оларды ұнтақтармен бояғаннан кейін немесе репродукциялық түсіру тәртібіндегі әдістермен суретке түсіріледі.

Аяқтың көлемді іздерін, көлік құралдарының, бұзу құралдарының іздерін түсіруде жарықтандырудың екі қайнар көзі қоланылады. Біреуі фотоаппаратпен қатар, ал екіншісі іздің қырынан орналастырылып түсіріледі. Біріншісі – іздің нақты формасын, екіншісі – ізді қалдырушы заттың құрылысының ерекшеліктерін көрсетуді қамтамасыз етеді. Қырынан түсірілетін жарықтың көзі іздің сызықтық ерекшеліктеріне байланысты перпендикулярлы түрде бағытталады. Ең қолайлы жағдай тәжірибелі жолмен таңдалады. Өзіндік ерекшеліктердің әртүрлі бағытта орналасуына байланысты жарық көздерін әртүрлі жағынан қою жолымен суретке түсіру керек. Ізді жарықтың бір ғана қайнар көзін пайдалану арқылы да фотосуретке түсіруге болады. Терең іздерде кездесетін артық көлеңкелерді жою үшін ақ қағаздан немесе матадан жасалған жарықтандырғыш экрандарды пайдаланып түсіреді. Экрандар жарық көзіне қарама-қарсы жағынан орналастырылады. Қардағы іздерді сары немесе сарғыш-күңгірт жарық фильтрлерімен қырынан жарықтандыру жолымен түсіруге болады.

Заттар – яғни, заттай дәлелдемелер – біріншіден табылған жерінде, ал одан кейін қарама-қарсы (контрастылы) түстегі ортада түсіріледі. Заттың айналасында көлеңкелердің пайда болуын болдыртпау үшін мата немесе қағазды төсеп, мықты қондырғылардың көмегімен түссіз әйнектерді белгілі бір арақашықтыққа орналастырады. Суретке түсірілетін объект әйнектің бетіне қойылады. Жазықтықта түсірілетін заттың жанына миллиметрлік масштаб қойылып фотосуретке түсіріледі. Заттарды түсіру кезінде екі жарықтықты қолдану қажет, тікелей – объектінің жалпы контурын көрсетіп және қырынан бедерлі белгілері көрінетіндей етіп түсіру керек. Заттай дәлелдемелердің жалпы түрін түсірумен қатар олардың белгілері (шығарылған фабрика маркасы, оның иесінің атауы, нөмері, зақымданған жерлері және т.б.) ірі масштабта түсіріледі.

Құжаттардың фототүсірілімі көбінде ұлғайтқыш сақина көмегімен және қосымша жарықтандыру көздерін пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Егерде құжаттарда – тазарту, қосып жазу, химиялық реактивтер қолдану арқылы өңдеу іздері мен басқа да жалған құжат жасау белгілері болған жағдайларда: микроскопты, ультрокүлгін және инфрақызыл – сәулелерінде түсіру, сондай-ақ түсті жарықфильтрді және т.б. қолдану арқылы арнайы түсірілім әдістері қолданылады.

Фототүсірілім адамдар мен заттарды тануға ұсыну кезінде қолданылады. Алдымен тануға ұсынылатын адамдар мен заттардың жалпы тобы, ал одан кейін танылған адам (фас, профиль) немесе зат (ірі масштабта сызғышпен) жеке-жеке түсіріледі.

Тануға көрсетілетін тұлғалардың немесе заттардың фототүсірілімі, топ мүшелерінің сыртқы түрлерінде ерекше өзгешеліктерді болдырмау туралы заң нұсқаулары талаптарының орындалуын тексерудің бірден-бір тиімді тәсілі болып табылады.

Егер тірі адамды, яғни адамның өзін тануға көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайларда, тану фотосурет арқылы жүргізіледі. Танылатын тұлғаның фотосуреті оған ұқсас басқа тұлғалардың фотосуретімен бірге ұсынылады. Тануға көрсетілетін фотсуреттер саны үштен кем болмауы қажет. Тануға ұсынылатын адамның басы әртүрлі жағдайларда (фас, профиль) бірнеше рет түсіріледі. Сондай-ақ көрсетілетін фотосуреттер де осындай жағдайларда орындалуы тиіс. Әрбір тұлғаның фотосуреті бөлек қағаз беттеріне жабсырылады, ал алынған кесте реттік нөмірлермен белгіленеді.

Егер қандай да затты тануға көрсету қажеттілігі туындаса, сол зат басқа да көрсетілетін біртектес заттармен қатар орналастырылып түсірілуі (саны үшеуден кем болмауы) тиіс. Түсірудің алдында әр заттың қасына нөмірмен белгіленген қағаз немесе картон қойылады.

Тінту нәтижесінің бейнесін нақты сақтап қалу және сипаттау үшін тінту жүргізу барысында фототүсірілімдер жасалады. Дәлірек айтқанда, табылған құпия орындар тінту арқылы алынған заттай дәлелдемелер, олардың ерекше белгілері, құнды, бағалы заттар мен қағаздар және т.б. фотосуретке түсіріледі.

Іздестіріліп отырған зат табылған құпия орын, оқиға болған жерді суретке түсірудің ереже тәртібіндегідей: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін алдымен құпия орын орналасқан жер – қоршаған ортамен қатысты заттарды қамтый отырып, содан соң құпия орынның өзі толығымен, ал қажет болған жағдайларда оның жеке бөліктері (мысалы: құпия орынның құрылыс бөлігі) фотоға түсіріледі. Кейбір жағдайларда детальды түсірілімдер де (мысалы: құпия орынның механизмінің ұсақ бөлшектері) қажет болады. Аталған түсірілімдер тінту нәтижесін объективтендірудің қажетті құралы болып табылады.

Фототүсірілім тергеу экспериментін жүргізудің жағдайын, оның негізгі кезеңдері мен нәтижесін көрнекі түрде көрсету үшін қолданылады. Бұл дәлелдеу процесін объективтендіруге мүмкіндік туғызады. Тергеу экспериментін жүргізу арқылы тергеліп отырған оқиғаның механизмі, қандай да бір әрекетті жасау мүмкіндігі және т.б. анықталады. Тергеу эксперименті барысында фототүсірілімді қолдану оның нәтижесінің ақиқаттылығын куәландырып, дәлелдемелік күшін арттырады. Тергеу экспериментін жүргізу кезінде бағдарлап, шолып және түйінді фототүсірілім әдіс түрлері қолданылады. Мысалы, адамның объектіге қабырғаның тесіп жарылған тесігі арқылы кіру мүмкіндігін тексеру кезінде – жарылған тесікті жан-жағындағы қоршаған ортамен қосып, содан соң тесіктің өзін ірі масштабта түсіру керек. Түйінді түсіру тәртібімен эксперименттің жеке кезеңдері бекітіледі. Мысалы: тергеу экспериментіне қатысушы тұлға қабырғаның тесігіне кіру, содан соң ол тесіктен өту кезінде суретке түсіріледі. Ал шолып және түйінді түсіру кезінде эксперименттің түпкілікті нәтижесі, яғни нақты жағдайларда іс-әрекеттердің жасалу немесе жасалмау мүмкіндігі көрсетіледі. Мысалы: тесіктен өтіп шығу кезеңдері түсіріледі. Қажет болған жағдайларда эксперимент жүргізілетін жерлерді байырғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсе, ол жұмыстар жүргізілмес бұрын және жүргізілгеннен кейін де суретке түсіріледі.

Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау кезінде белгілі бір оқиға болған жер учаскелерін немесе жауап алынған тұлғалардың берген көрсетулеріндегі жеке объектілердің бейнесін көрнекі түрде бекіту және жүргізіліп отырған бұл тергеу әрекетінің нәтижесін объективтендіру мақсатында фототүсірілімдер жасалады. Объектілерді жергілікті қоршаған ортаны қамтый отырып және жауап алынған тұлғалардың берген көрсетулеріндегі жеке көріністерін кадрға сиятындай етіп ірі көлемде фотосуретке түсірген жөн.

Жауап алынған тұлғаның көрсеткен қозғалыс бағытын немесе оның көрсетулер беру кезіндегі қозғалысын жеке бөлшектеп панорамалық әдіспен бекіту қажет.

Бірнеше адамның бір жер бойынша берген көрсетулерін сол оқиға болған жерде тексеру кезінде жылжымайтын объектілерді кадрға бекіте отырып бір және сол нүктеден фототүсірілімдер жасау қажет. Бұл алынған көрсетулердегі сәйкестік пен айырмашылықтарды барынша дәлелдеуге мүмкіндік бере отырып, жүргізілген тергеу әрекетінің нәтижесін дұрыс бағалауды жеңілдетеді. Әрбір тұлғаның көрсетулерін тексеру барысындағы түсірілім нүктелері хаттамаға бекітіліп, схемада көрсетілуі тиіс. Көрсетулерін оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында алғашқыда тергеу экспериментін жүргізу және оның нәтижелерін бекіту кезіндегідей қолданылатын: бағдарлап, шолып, түйінді және детальды түсіру әдістері міндетті түрде қолданылуы қажет, ал содан соң – метрлік фототүсірілім жасалуы тиіс.

Сезіктіні ұстау кезінде түсірілетін фототүсірілімдер: сезікті тұлғалар қылмыс жасау үстінде немесе қылмыс жасап біте салып ұсталған; қылмыстың қалай жасалғанын көрген куәлер, соның ішінде жәбірленушілер көрсеткен нақты бір адамдар болған; оның денесінен немесе киімінен, болмаса тұрғын-жайынан қылмыс іздері табылған жағдайларда жүзеге асырылады.

Ұстау кезінде келесідей нақты жағдайларға байланысты: ұстау барысындағы объектілердің (тұрғын-жайдың, ғимараттың, жергілікті жердің, көлік құралдарының және т.б. сыртқы көрінісінің) жалпы жағдайы; ұсталған кездегі олардағы заттар (оның түрі және киімдері мен денелеріне орналасу жағдайы); тұлғаны ұстау кезінде оның лақтырып жіберуге әрекеттенген заттары; ұсталған субъектінің денесіндегі, киіміндегі іске маңызы бар іздер; ұсталған тұлғаның үстіндегі киімдері (олар ұрланған болуы, болмаса оны куәлер мен жәбірленушілер қылмыс жасау үстінде сол киімімен көруі мүмкін) фотосуретке түсіріледі. Аталған объектілер міндетті түрде шолып, түйінді және детальды әдістермен түсіріледі.

Куәландыру әрекеті барысындағы фототүсірілім. Куәландыру –айыпкерге, сезіктіге және куә мен жәбірленушіге жүргізілуі мүмкін. Фототүсірілімге міндетті түрде олардың денесіндегі ерекше белгілері мен жарақаттары, олардың орналасуы, сондай-ақ киімдері мен денелеріндегі балшық, топырақ т.б. (оқиға болған жердің бөлігі екендігін куәландыратын) және басқа да іздер бекітіледі. Куәландырылатын тұлға тәртіп бойынша, ұзына бойын ала отырып және беліне дейін, содан соң ұлғайтқыш сақинаны қолданып ірі масштабты әдіспен анықталған барлық ерекшеліктері көрсетіле отырып фотосуретке түсіріледі. Мұнда барлық түсірілімдер түсті материалдарда жүзеге асырылады.

Тергеу кезінде қолданылған фототүсірілімдер тиісті тергеу әрекетінің хаттамасында бекітіледі. Хаттамада келесідей мәліметтер қамтылып көрсетіледі: түсірілім объектісінің атауы, фотоаппарат моделі, объективтің маркісі, жарықтандыру түрі, жарықфильтрі, фотосуретке түсіру тәсілдері және т.б.

Түсірілім кезінде фотоаппарат орналасқан нүктелердің реттік нөмірін түсірілген фотосуреттердің кезектілік нөмерімен сәйкес етіп, жасалған жоспар немесе кестеде көрсете отырып хаттамаға бекіткен жөн.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)