АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 8 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Тергеу барысында қателіктер кетіп, түсірілген фотосуреттерді кейіннен шығару мүмкін емес болған жағдайларда, ол туралы анықтама жазылады және тергеушінің қолымен куәландырылып, іске тіркеледі.

Түсірілген фотосуреттер хаттамада түсіндірме мәтінмен жазылып баяндалады. Мәтінде – түсірілім объектісі жүргізілген тергеу әрекетінің атауы, уақыты (айы, күні, жылы), фотосурет тіркеліп отырған тергеу әрекетінің хаттамасы көрсетілуі қажет.

Егер түсірілім кезінде ерекшелік белгісін сипаттау үшін сандық кестелер қолданылған жағдайларда, түсіндірме мәтінде қандай сан белгіленгендігі көрсетілуі тиіс. Мұндай түсіндірмелер әсіресе тушьпен немесе сиямен жазылған мәтіндегі ерекшеліктер стрелкамен белгіленген жағдайда өте қажет. Түсіндірме мәтін түсірілген суреттің артқы бетіне немесе фотосурет жапсырылатын қағазға жазылады. Олар мөрленіп, тергеуші немесе анықтама жүргізушінің қолымен куәландырылады. Егер суретті мамандар түсірсе, олар өз қолдарын қояды. Мүмкіндігінше куәгерлердің қолдарымен де куәландырылады.

 

§4. Сот-зерттеу фотографияларының әдістері

 

Микрофотография – зерттеліп отырған объектілердің микроқұрылымы мен микробедерін анықтау және бекіту мақсатында қолданылатын сот-зерттеу әдістерінің бір түрі. Бұл әдіс құжаттарды зерттеу барысында кеңінен қолданылады, атап айтқанда: қиылысатын штрихтардың басып жазылу кезектілігін анықтау кезінде, қарындаш штрихтары мен көшірме қағазының бояуын ажырату кезінде; трасологиялық зерттеулерде, мысалы: бұзу құралдары мен құрал-саймандарынан қалған іздерді идентификациялау үшін; атыс қаруларын атылған оқтар мен гильзалары арқылы идентификациялау; криминалистік зерттеу барысында яғни, лакпен боялған заттарды, талшықтарды, өсімдік бөлшектерін және есірткі заттарының құрамын, шыны, металл үгінділерін идентификациялау, сондай-ақ идентификациялық емес мәселелерді шешу кезінде қолданылады.

Микрофотография келесідей екі түрлі әдіспен жүзеге асырылады: а) объектіні кішкене ғана үлкейтіп түсіру, арнайы қысқа фокустық объективтермен және микрообъективтермен қамтылған фотокамералар арқылы орындалады. ә) объектіні едәуір үлкейтіп түсіру жарықтандырғыш, электронды микроскоппен жабдықталған фотокамералар арқылы жүзеге асырылады. Микротүсіру кезінде жарықтандыру жеткілікті түрде күшті және бірқалыпты болуы керек.

Микрофототүсірілім жоғары шешу қабілеттілігі бар қарама-қарсы түсті фотоматериалдарда орындалады.

Жарық сәулелі, электронды, жарық өткізгіш растрлы үлгісіндегі микроскоптар. Бұл құралдардың әртүрлі ұлғайту дәрежесінде өткізгіштік қабілеті жоғары фотосурет шығаруға мүмкіндік беретін фотокамералары бар.

Жарық сәулелі микроскоптар арқылы тоқ күшіне байланысты әртүрлі ұлғайту еселігімен (20х, 50х, 100х, 200х және т.б.) фотосуретке түсіруге болады. Электронды микроскоптарда шағын мөлшердегі еселіктен 50 000х дейін және одан да жоғары еселікте фотосуретке түсіруге болады.

Жарықфильтрмен фотосуретке түсіру әдісі. Жарықфильтрмен түсірілетін түсірілім түс ажыратқыш деп аталады. Оның мақсаты – белгілі бір зерттелетін объектінің немесе оның бөлшектерінің түс өзгешеліктерін (айырмашылықтарын) анықтау, ол әртүрлі жарықтықтарда бір уақытта үлкейтілген немесе кішірейтілген өзгешеліктермен жүзеге асырылады. Бұл тәсіл нашар көрінетін (немесе байқалатын) мәтінді, құжаттағы қосып жазуды анықтауға, қандай да бір бояу жағылған көрінбейтін жазуды оқуға мүмкіндік береді.

Қолданылатын жарықфильтрі тікелей объективтің оправасына кигізіледі немесе ұстағыш арқылы объективтің алдына орнатылады. Фильтр – түсірілетін объектінің сипатына және зерттеу мақсатына сәйкес іріктеліп алынады. Бұл жағдайда спектрді бейнелейтін түстердің диаграммасын қолдану пайдалы болып қалуы мүмкін. Диаграмма бөліміндегі қарама-қарсы орналасқан түстер қосымша болып табылады (оптикалық қосылыстар кезінде ақшыл түс береді).

Егер түрлі-түсті бояғыш заттарын қолдана отырып орындалған жазудың көрінісін күшейту қажеттілігі туындаған жағдайларда фотосурет фильтрмен түсіріледі, оның түсі штрихтердің түсіне қосымша болып табылады. Мысалы, ақ қағаздың бетіндегі сары штрихтерді көк, көгілдір немесе күлгін түсті фильтрлермен түсіру керек.

Сұр немесе қара фонда орналасқан түсті деталь үлкейту мақсатында сол түстегі фильтрмен немесе онымен диаграммада жақын орналасқан түстердің біреуімен фотосуретке түсіріледі, ал контрастіні кішірейту мақсатында фотосуретке түсіру қосымша түс фильтрін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Егер түсті детальды түсті фонда түсіру және контрастіні күшейту қажет болса, онда деталь түсіне немесе фонның түсіне қосымша түс фильтрі қолданылады.

Түсі бірдей екі детальды дифференциациялау қажет болған жағдайда, салыстырылатын детальдердің түсіндей түстегі фильтрлер қолданылады. Салыстырылатын детальдердің реңінде кішкене өзгешеліктердің болуының өзі, олардың суреттегі бейнесі тығыздығы бойынша бірдей емес екенін көрсетеді.

Түсірілім іріктеліп алынған фильтрден өткізілетін сәулелерге сезімтал фотоматериалдарда жүргізіледі.

Контрастылы түсірілім. Контраст негiзінде объектілердің түс айырмашылықтары бойынша, яғни көлеңкелі контрастыларды қоса алғанда, бедердің беткі қабатындағы көлеңкелердің бедер детальдерінен екендігін көрсететін байланыстардың болуын анықтайтын түсірілімдер контрастылық деп аталады.

Мұндай түсірілім құжаттардағы көрінбейтін және нашар байқалатын (тазарту, өңдеу, қырып өшіру және т.б. жолымен өзгертілген) мәтіндерді анықтауға мүмкіндіктер береді.

Контрастылы, ерекше контрастылы және өте жоғары контрастылы материалдарды пайдалану және оларды контраст негізінде жұмыс істейтін айқындауыш құрылғыда өңдеу арқылы бейне-көрінісін шығару суретке түсірудің ең қарапайым жолы болып табылады.

Контрастылық түсірілімнің ең күрделі тәсілі бірнеше негатив пен диапозитивті бірінен кейін бірін әзірлеу кезектілігімен, яғни контратиптеу жолымен жүзеге асырылады. Объектіні контрастылы, ерекше контрастылы немесе өте жоғары контрастылы материалдарды пайдалану арқылы суретке түсіріп, оны контраст негізінде жұмыс істейтін айқындауыш құрылғыда орта немесе аздап төмендетілген тығыздыққа жеткенге дейін ұстай отырып шығарады. Алынған негативтен контраст штрихталған, репродукцияланған немесе диапозитивтік фотопленкада диапозитив басып шығарады, оны да контраст негізінде жұмыс істейтін айқындауыш құрылғыда өңдеуден өткізеді.

Диапозитивпен контакт жасау тәсілі арқылы екінші негативті басып шығарады, одан – екінші диапозитивті әзірлейді, сөйтіп әрі қарай жалғасады; операцияны қажетті көлемдегі контраст пайда болғанша қайталайды.

Қайта көшіру кезінде объектіге жарықтың біркелкі түспеуіне байланысты, негативтің жекелеген учаскелеріндегі тығыздық ерекшелігі шамалы күшейтіліп берілетіндіктен, фототүсірілімді кемінде екі қарама-қарсы жақтан қойылатын жарық беру қондырғысын пайдалану арқылы, жарықтың біркелкі түсуін қадағалау қажет.

Контрастылы түсірілім тәсілдерінің біріне объектінің біріктірілген екі негативтегі кескіндемесін шығару жатады. Екінші негативті алу үшін фотокамераға фотопластинканы салу кезінде эмульсияны объективке қаратып емес, керісінше қарама-қарсы жаққа қаратып қою керек. Бұл ретте камераның кассеталық бөлігін дәлдігі көзделгеннен (тураланғаннан) кейін пластинканың қалыңдығына тең келетін қашықтыққа артқа жылжытады. Негативтердің эмульсиясын бейнені толық қамтитындай және шеттері бекітілетіндей етіп бір-біріне сәйкестендіреді. Түсірілім біріктірілген негатив арқылы суретті ұлғайту құралының көмегімен шығарылады.

Ультракүлгін сәулелерінде фотосуретке түсіру. Мұндай түсірілімдегі бейне көрінісі – түсірілім объектісінен көрініс табатын фотоматериалға ультракүлгін сәулелермен әсер ету немесе ультракүлгін сәулелерінің әсерінен пайда болған көрінетін люминесценттік жарықты жіберу арқылы шығарылады (алынады).

Бұл әдіс көбінде жалған құжаттарды зерттеу кезінде келесідей жалғандықтарды: жазбаларды химиялық жолмен өңдеуді, қырып-өшіріп жазылған мәтіндерді, ұқсас құжаттардағы жазуларды бақылап қарау кезіндегі әртүрлі дифференцацияларды анықтау мақсатында пайдаланылады.

Толқын ұзындығын 400-ден 340 миллимикронға дейін ультракүлгін сәулелері арқылы көрінетін фотосуреттер жай айналы объектив көмегімен алынады, ал толқын ұзындығы көлемі аз сәулелер арқылы алынатын фотосуреттер – кварцтық немесе айналы-линзалық объектив құралдары арқылы жүзеге асырылады. Фотоаппарат объективінің алдына ультракүлгін фильтр (УФС-1, УФС-2, УФС-3, УФС-4 немесе басқа) орналастырылады, ал түсірілім объектісі аналитикалық люминесценттік лампа арқылы жарықтандырылады.

Көрінетін жарық фокусына қарағанда ультракүлгін сәулелерінің фокусы объективке жақын болғандықтан, жарықтың байқау нақты (резкость), тура көзделгеннен кейін камераның кассеталық бөлігі аздап объективке қарай жылжытылады. Фокусқа түзету өлшемдері масштаб кескініне қарағанда көбірек, ал фильтрден өткізілетін ультракүлгін сәулелерінің толқын ұзындығына қарағанда азырақ жасалады. Ол экспериментальды бірқатар сынақ түсірілімдер жасау жолымен айқындалады.

Көрінетін ультракүлгін сәулелерінде суретке түсіру кезінде әдетте сәулелермен әсерленбеген фотоматериалдар (диапозиттік пластинкелер, «позитив пленкелері», «микрат», фототехникалық пленкелер) қолданылады.

Ультракүлгін сәулелерімен әсерленген көрінетін люминесценцияны фото түсіру кезінде кәдімгі әйнекті объектив арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда ультракүлгін фильтрді объективтің алдына емес, қуатты лампының алдына орналастырылады. Шағылысқан ультракүлгін сәулелерді сіңіру үшін объективтің алдына жарықты бөгейтін фильтр орналастырылады, бұл люминесценцияның суреттік бейне көрінісін жоғары дәрежеде нақтылы көрінуіне мүмкіндік туғызады. Оны түс ажыратқыш түсірілім ережелеріне сәйкес алады.

Инфрақызыл сәулелерінде фотосуретке түсіру. Жылу сәулелерімен жарықтандырылатын объектінің түсірілімі инфрақызыл сәулелерінде түсіру деп аталады. Ол инфрақызыл сәулелерін әртүрлі материалдармен сіңірудегі айырмашылықтары арқылы кейбір (мысалы: қарындашпен жазылған мәтіндегі, анилінді сия құйылған мәтіндегі) ерекшеліктерді айқындауға мүмкіндік береді. Бұл түсірілімді кез-келген кәдімгі фотокамераның көмегімен жүзеге асыруға болады. Объективке инфрақызыл фильтр кигізіледі (ИКС-1, ИКС-2 немесе ИКС-3), ал объект қыздырылған электрлампылар арқылы жарықтандырылады. Мұндай түсірілімдердің ерекшеліктерінің біріне инфрақызыл сәулелеріне сезімтал «инфрахром» фотопластинкелерді немесе фотопленкелерді пайдалану жатады. Фильтрді жіберу қолданып отырған фотоматериалдардың спектрлік сезімталдығына сәйкес болуы қажет. «Инфрахром» фотоматериалының қорабында оның инфрақызыл сәулелерге сезімталдығының шегі көрсетіледі. «1000» - деген белгі фотоматериалдың 1000 миллимикронға дейінгі толқын ұзындығының сәулелеріне сезімталдығын білдіреді.

 

Сәулелермен әсерленген фотоматериалдар «инфрахром» қараңғы жерде немесе арнайы фильтрлі шырақ (қою-жасыл түсті) жарығында өңделіп шығарылады.

Криминалистикалық зерттеулерде (көбінесе құжаттардағы қосып жазылған және жуып өшірілген химиялық реактивтерді қолдану арқылы өңделген жазбаларды анықтау үшін) инфрақызыл люминесценциялық түсірілімдер пайдаланылады. Бұл әдіс спектрдің көкшіл-жасыл зонасының (шекарасының) әсер етуі арқылы кейбір заттардың инфрақызыл сәулелерін шығару (қабілеттілігіне) мүмкіндігіне негізделеді. Зерттеу объектісі аса қуатты екі қайнар көздер арқылы жарықтандырылады, олардың әрқайсысының алдына көкшіл-жасыл фильтр (СЗС-8, СЗС-10, СЗС-14) орналастырылады. Объективтің алдына инфрақызыл немесе тығыздалған қызыл фильтр (КС-15, КС-17, КС-19) орналастырылады.

Қазіргі жағдайда қызыл және инфрақызыл люминесценциямен суретке түсіру барысында жарықтандыру көзі ретінде жарық толқынының ұзындығына сәйкес келетін оптикалық кванттық генератор (ОКГ) қолданылады.

Люминесценция нәтижелерін бекіту үшін сезімтал және қызыл, сондай-ақ инфрақызыл (инфра 740, 760, 780) спектрі бар фотопластинкалар қажет.

Гамма сәулесінде суретке түсіру әдісі. (Гаммаграфия). Фотоматериалға зерттелетін объект арқылы өтетін гамма – сәулелерінің әсер етуінен көлеңкелі-бейне көрінісін алу әдісі гаммаграфия деп аталады. Криминалистикада металдан жасалған заттардың, атап айтқанда: қару, оқ-дәрі, құлып, пломбылардың ішкі-құрылысын зерттеу үшін қолданылады. Рентгенографиялау үшін түсіру кезінде рентгендік пленкімен қуаттандырылатын металдық кассета пайдаланылады. Үстелдің үстіне оқталған кассетаны орналастырып (фальгасымен жоғары қаратып) оның үстіне зерттелетін объектіні қояды. Арнайы тіркеуішке объектінің үстінен гамма-сәулелердің қайнар көзі болып әсер етеді, осыдан кейін кескінді айқындау кезінде көлеңкелік бейне табылатын радиоактивті кобальтпен (СО°°) контейнерді іледі. Объектіден және кассетаның қабырғасынан өткеннен соң гамма-сәулелер фотоматериалға көрініс пайда болады.

Көрінетін жарық фокусына қарағанда ультракүлгін сәулелерінің фокусы объективке жақын болғандықтан, жарықтың байқау резкосты тура көзделгеннен кейін камераның кассеталық бөлігі аздап объективке қарай жылжытылады.

Түзету өлшемдері масштаб кескініне қарағанда фокусқа көбірек, ал фильтрден өткізілетін ультракүлгін сәулелерінің толқын ұзындығына қарағанда азырақ жасалады. Ол экспериментальды бірқатар сынақ түсірілімдер жасау жолымен айқындалады.

Көрінетін ультракүлгін сәулелерінде суретке түсіру кезінде әдетте түсті сәулелермен әсерленбеген фотоматериалдар (диапозитивтік пластинкалар, «позитив» пленкелері, «микрат», фототехникалық пленкілер) қолданылады.

Ультракүлгін сәулелерімен әсерленген көрінетін люминесценциалды фототүсірілім кәдімгі әйнекті объектив арқылы жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда ультракүлгін фильтрді объективтің алдына емес, аналитикалық лампаның алдына орналастырады. Шағылысқан ультракүлгін сәулелерді сіңіру үшін объективтің алдына жарықты бөгейтін фильтр орналастырылады, бұл люминесценция суреттік бейне көрінісін жоғары дәрежеде нақтылы көрінуіне мүмкіндік туғызады. Оны түс ажыратқыш түсірілім ережелеріне сәйкес алады.

Рентген сәулелерінде фотосуретке түсіру. Рентген сәулесінде фотосуретке түсіру – түсірілетін объект арқылы өтетін рентген сәулесімен фотоматериалға әсер ету нәтижесінде көлеңкелі бейне көрінісін алу әдісі.

Криминалистикада фототүсірілімнің бұл түрі – атыс қарулары, оқ-дәрі, құлып, пломбы бөліктерінің, олардың ішкі құрылысы мен жағдайын зерттеу үшін, жасырып тыққан металдан жасалған заттарды табу үшін, кірген оқ жарақатының дифференциациясын анықтау, бояу құйылған мәтіндерді оқу, ауыр металл тұз қосындылары бар көрінбейтін бояулармен жазылған (ауыр металдағы) жазбаларды анықтау үшін қолданылады.

Түсірілетін объектінің сипаты мен фототүсірілімнің мақсатына қарай жұмсақ рентген сәулелерінің (мягкие рентгеновские лучи), мысалы, РУМ-725Б қайнар көздері қолданылады. Түсіру арнайы рентгендік пленкілерде (РТ-1, РТ-2; РМ-1, РМ-6) немесе әдеттегі жай негативті фотоматериалдарда жүзеге асырылады.

Фотопластинкілер мен фотоқағазды қаптау үшін қолданылатын қара қағазға фотоматериалды орналастыру арқылы жоғары рентген сәулелеріндегі (жесткие рентгеновские лучи) фотосуретті алуға болады. Ал жұмсақ рентген сәулелерінде түсіру кезінде бір қабырғасы алюминдік фальгадан жасалған арнайы металдан жасалған кассетаны қолдануға болады.

Түсірілетін объектіні кассетаға салып (қағаз немесе металдан жасалған), оны рентген сәулелерімен жарықтандырады. Экспонирлендірілген фотоматериалды лабораториялық өңдеуден кейін ғана объектінің көлеңкелік бейнесі пайда болады.

 

§ 5. Бейне- және дыбысжазбаларын криминалистикада қолдану

 

Бейнежазбаға түсіру көбінде тергеу әрекетін жүргізу барысында қолданылады. Бейнежазба күрделі және әртүрлі жағдайдағы зерттелетін оқиғаның жай-күйін, оның жекеленген заттары мен іздерінің байланысын көрсету қажеттілігі туындағанда, қандай да бір жүргізілетін тергеу әрекетін, сондай-ақ жеке әрекеттер мен қосымша процестерді, оқиғаның немесе құбылыстың даму барысын толық бейнелеп көрсетіп бекіту мақсатында қолданылады. Мысалы: қылмысты жасау әдісі мен болған оқиғаның механизмін және т.б. анықтау үшін бейнежазбаға түсіріледі.

Бейнежазбаның өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері де болады. Бейнежазбаның кино-түсірім әдісіне қарағанда ерекшелігі түсіру кезінде магниттік лентаға дыбыс пен көріністі бір уақытта (синхрондық) бекітуге және оның сапасын қолдануға мүмкіндік береді. Бейнежазба кинотүсірілім сияқты лабораториялық өңдеуді қажет етпейді. Сонымен қатар, кинотүсіріліммен салыстырғанда бейнежазба жылдам ағымды оқиғаларды және олардың баяу көрінісін өндіріп жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Криминалистикалық бейнежазбаның әдеттегі фототүсірілімге қарағанда ерекшелігі оның алға қойған мәселесі мен бекіту әдісін қолдану мақсатында. Бейнежазба көзделген мақсатқа сәйкес, композициялық және техникалық жағынан дұрыс болу үшін міндетті түрде бейнежазбаға түсіру жоспарын алдын ала құрып алу қажет. Жоспарда мүмкіндігінше түсірілетін объектілерді және оларды бекіту мақсатын, қолданып отырған құралдардың құрылым масштабын, түсіру нүктелерін, оның техникалық тәсілдері мен қосымша жарықтандыру әдістерін көрсету керек.

Бейнежазба көбінде тергеу эксперименті, тінту, оқиға болған жерді қарау, жауап алу мен беттестіру және тануға көрсету, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау әрекеттерін жүргізу барысында қолданылады.

Тергеу әрекеттері қандай тәртіпте жүргізілсе бейнежазбаға түсіру сондай кезектілікпен жүзеге асырылуы тиіс. Бейнежазбаға түсіру кезінде объектілерді – бағдарлап, шолып, түйінді және детальды әдістерді қолдана отырып түсірген жөн. Аталған түсіру әдістерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Бағдарлау әдісімен бейнежазбаға түсіру оқиға болған жердегі қоршаған ортаны түсіруден орталық объектіге өтіп оны ірі масштабта көрсету болып табылады. Осындай түсіру әдісі нәтижесінде объектілер жөнінде толық және динамикалық бағдарлау ақпараттарын алуға болады. Шолып түсіру әдісі арқылы оқиғаның жалпы жағдайы мен оның өзара байланысатын жеке элементтерін қажетті кезектілікті сақтай отырып бейнежазбаға түсіруге болады.

Бейнежазба процесінде алдағы тарауда айтылып кеткен фототүсіру әдістері қолданылады. Сонымен қатар, бұл түсірудің өзіне тән келесідей тәсілдері бар: бір және көпкамералы, бағыты мен бұрышын өзгертіп түсіру, камераны объектіге жақындата және алыстата отырып түсіру, панорамалы-жылжуды қолдана отырып түсіру тәсілдері.

Бейнежазбаның жалпы әдістерін таңдау фотографияға түсіру кезіндегі сияқты мән-жайлармен анықталады. Бейнежазбаға түсірудің арнайы әдістері бейнелеп бекітуге арналған әдіс мақсаты мен динамикалық ерекшеліктеріне қарамастан таңдалынады.

Бейнежазба криминалистикалық сараптама жүргізу барысында да қолданылады. Мысалы: дереу микробейнеге түсіру көмегімен сот-баллистикалық сараптама жүргізу кезінде, зерттеліп отырған әртүрлі объектілердегі атудан қалған зақымдардың, іздердің пайда болу механизмін бекіту үшін қолданады.

Тергеу әрекеті барысында дыбысжазбаны қолдану. Тергеу барысында дыбысжазбаны қолданудың негізгі мақсаты, бұл – жеке тергеу әрекеттерінің барысын қосымша түрде дыбыстай бейнелеп бекітуді қамтамасыз ету болып табылады. Әсіресе, жауап алу, беттестіру, айғақтарты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, тануға көрсету сияқты тергеу әрекеттерін жүргізу барысында кеңінен қолданылады.

Дыбысжазбаны көзделген мақсатқа сай бекітудің қосымша құралы ретінде қолдану жағдайлары жоғарыда аталған тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасында анықталады.

Тергеу әрекеттерінің барысын дауыстандыру мақсатында дыбысжазбасын қолдану әрекеттері, криминалистикада өңделген куәландыру сипатындағы процесуалды-криминалистикалық талаптарды кезектілікпен орындау тәртіптерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Сонымен қатар, бейнежазбаға байланысты жасалған криминалистикалық ұсыныстар жүйесіндегі техникалық сипаттағы талаптар сақталуы қажет (мысалы: дыбысжазбасына басатын жерлерді бөгде шулардан, дыбыстардан сақтандыру қажеттілігі туралы талаптар; микрофонды орналастыру жөніндегі қойылатын және т.б. талаптар).

Тергеушінің жұмысын жеңілдету мақсатында процесуалдық құжаттарды толтыру кезіндегі қолданылатын дыбысжазба тәсілдері (жауап алу, қарау, тануға көрсету хаттамалары және т.б.) мен іс бойынша бағдарлау сипатындағы дыбыстық ақпарат жинау тәсілдерінің әдетте қолданып жүрген кез-келген қызмет саласындағы дыбысжазба құралдары әдістерінен ешқандай айырмашылығы жоқ.

 

§6.Криминалистикалық фото-, бейне- және дыбысжазбаларын

қолданудың процесуалды-криминалистикалық рәсімделуі

 

Криминалистикалық фото-, бейне және дыбысжазбаларының қорытындылары процесуалды-криминалистикалық рәсімделгеннен кейін ғана тергеу процесіне толық қолданылуы мүмкін.

Фототүсірілім қолданылған тергеу әрекеттерінің хаттамаларында келесі мәліметтер орын алуы қажет:

1. фотосуретке түсірілген объектілер жайлы;

2. қолданылған фотографиялық құралдар (аппараттың типі, объективтің түрі, жарықфильтрінің маркасы және т.б.) туралы;

3. суретке түсірудің тәсілі мен жағдайы, жарықтандыру сипаты және түсірілім уақыты, оқиға болған жердің түсірілім нүктесі кестеде немесе жоспарда көрсетіле отырып хаттамаға бекітілуі тиіс;


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)