АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 13 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Әртүрлі үлгідегі қару-жарақтың түрін ажырату үшін оның жүйесі, құрылымы және моделі қолданылады.

Атыс құралының жүйесі – атыс құралының жеке құрылысы, ол көбінде конструктордың аты-жөнімен немесе кәсіп орынның атымен байланысты болады. Моделі – өндірістік кәсіпорын өнімдері конструкцияның нақты өзгеруіне байланысты ерекшеленеді. Кейбір түрлері 19-20 суреттерде көрсетілген.

Атыс қаруларынан снарядтар мен гильзаларда әртүрлі іздер қалады. Оқтағы іздер қаруды оқтау мен ату нәтижесінде пайда болады. Оқтау кезінде пайда болған іздердің идентификациялық маңызы болмағандықтан, олар жарамсыз болып табылады. Ату кезінде оқпанның ішіндегі оқтың ойық жиектерімен байланысқа түсуі арқылы оның сыртқы қабатында шұңқыр-сызық іздер пайда болады. Осы іздерді қолдана отырып идентификация жүргізіледі.

Тегіс оқпанды қарулардың бытыраларында (картечьтерінде) көбінде елеусіз іздер қалады, сондықтан да қару идентификациялауға жатпайды. Қару жүйесінің барлық түрлерінен ату кезінде гильзаларда іздер қалады. Ал автоматты және жартылай автоматты қарулардан ату кезінде гильзаларды лақтырудан іздер қалады.

Оқтау кезінде гильза түбінің жоғарғы жағында магазин аузынан шығудың сызықты іздері және гильза корпусында патронник жиегінің іздері қалады. Ал ату кезінде соққыш пен патронник құрылысынан гильзаның капсюлі мен түбінде шұңқырланған іздер қалады. Гильзаны лақтыру кезінде қарудың қайтарғыш (отражатель) пен лақтырғыш бөліктерінен гильзаның корпусында, қалпағында, шеңберлі ойығында шұңқырланған және сызықты іздер қалады. Осы гильзамен оқтағы іздер жекеленген және тұрақты болғандықтан, олар идентификация үшін маңызды.

Криминалистикалық тәжірибеде зауытта өндірілгенмен қатар, қолөнерлік және қолдан жасалған атыс қаруларының әртүрлі түрлері кездеседі. Мысалы, сыртқы көрінісі жағынан атыс қаруына ұқсағанымен де, олар атыс қаруына жатпайды. Сондай-ақ, керісінше, сыртқы көрінісі басқа заттар мен бұйымдар сияқты болса да олар атыс қаруы тобына жатады (автоқалам, қолшатыр және т.б.).

Осындай заттарды атыс қаруына жатқызудың криминалистикалық белгілері (критерийлері) әскери-техникалық критерийлерден ерекшеленеді. Жалпы белгісі – белгілі бір мақсатта қолдануға арналуымен қатар, атыс қаруына жатқызу үшін арнайы белгілері де болуы керек. Олар: снарядтың лақтырылуы үшін жарылғыш заттар газының энергиясын қолдану; снарядтың қозғалысын бағыттайтын оқпанның болуы; оқ-дәрінің (зарядтың) от алуы үшін арнайы құрылғының болуы; конструкцияның жеткілікті беріктілігі және қауіпсіздігі; снарядтың жеткілікті әсерінің болуы.

Затты ату құралы қатарына жатқызу үшін соңғы белгісі сандық мағынаға ие болу керек. Криминалистикада осы белгілерді бағалау критерийлері әскери-техникалық талаптарға қарағанда көрсеткіштері минимальды болады. Қару-жарақтың конструкциясы атыстың бірнеше рет болуын қамтамасыз етуі керек. Снарядтың зақымдау әсерін (қирату күшін) бағалаудың ғылыми критериі 0,05 кгм/мм 2 тең минимальды меншікті кинетикалық энергия болып табылады. Бұл көрсеткіш әртүрлі калибрлі снарядтардың 1,1 – 3,0 кгс.м бастапқы кинетикалық энергиясына сәйкес келеді (қирату күшінің әскери-техникалық критерийі 8 кгс.м құрайды).

II. Барлық оқ-дәрі жабдықтарын келесідей топтарға бөліп көрсетуге болады:

Сот баллистикалық зерттеудің келесі объектілеріне оқ-дәрі жабдықтары жатады. Оқ-дәрі жабдықтары бірнеше құрама бөліктерден тұратын күрделі түсінікті көрсетеді. Оқ-дәрі жабдықтары ұғымы патрон ұғымына тепе-тең.

Қолданылатын оқ-дәрі жабдықтарының мынандай түрлерін көрсетуге болады: әскери, аңшылық, спорттық, оқытуға арналған.

Патрон – деп әдетте, гильза арқылы бір бүтінді құрайтын оқты (бытыра, картечь), порохты, капсюльді айтамыз.

Патрон жабдықтарының қалған барлық элементтерін гильза құрайтын (біріктіретін) болғандықтан мұндай патрондар унитарлы деп аталады;

Патрондарды төмендегідей бірқатар топқа бөлуге болады:

1. конструкциясы бойынша: -унитарлы – барлық элементтері гильза арқылы біріктелінген; -унитарлы емес – оқ гильзаға орнықтырылмайды, оқпан ұңғысына орналастырылады; -гильзасыз патрондар – автоматтандырылған әскери қару-жарақ үлгілерінде ғана болады – винтовка С 11 (ФРГ);

2. қолданатын қару-жарақ оқпан ұңғысының сипатына байланысты: -иір оқпанды; -тегіс оқпанды; -аралас оқпанды болып бөлінеді.

3. қару-жарақты қолдану орны (мақсаты) бойынша: -жауынгерлік; -спорттық; -аңшылық қару-жарақ, (аң аулау мақсатында қолданылады);

4. қолданылатын қарудың түрі бойынша: -тапаншалық; -револьверлік; -аралас; -винтовкалық; -мылтыққа арналған.

5. дайындап шығару әдісі бойынша: -зауыттық; -қолдан жасалған; -қайтадан жасалған.

6. қолданылған қару жарақтың сипатына байланысты: -штаттық; -патронды алмастырушы;

7. калибрі бойынша: -кіші калибрлі (6,5 мм дейін); -орташа калибрлі (6,5мм-ден 9мм-ге дейін); -ірі калибрлі (9мм ден жоғары).

Элементтердің саны бойынша патрондар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ – гильзадан, капсюльден, порохтан және оқтан тұрады. Екінші топқа – гильзаны, капсюльді, порохты, тығын және бытыра немесе картечь немесе оқты жатқызамыз.

Аталған компоненттерді жеке-жеке қарастырып өтейік.

Порох – түтінді (қара), аз түтінді (механикалық араласқан түтінді және түтінсіз), түтінсіз болып келеді. Түтінсіз порохтар кең тараған, олар пішіні мен түсі бойынша ерекшеленеді.

Капсюль – оқ-дәрінің тұтандырғышы.

Снаряд – дегеніміз оқ-дәрі (патронның) лақтырғыш элементі, оған: бытыра немесе картечь, оқтар жатады. Бытыра мен картечь зауытта немесе қолдан жасалуы мүмкін. Өндірісте бытыраның үш тобы (ОМ, ОТ, СТ) және аңшылық картечь (КО) кең түрде шығарылады. Бытыра диаметрі өлшеміне байланысты (1,5-тен 5,0 мм-ге дейін) нөмір бойынша ерекшеленеді (11-ден 1-ге дейін). Картечьтің нөмері болмайды, ол тек қана диаметрі арқылы ерекшеленеді (5,25-тен 10,00 мм-ге дейін) бытыра мен картечь зауытта қорғасыннан жасалады. Зауытта жасалған бытыра шар тәрізді болып келеді, оның беті тегіс және жылтырап тұруы мүмкін. Қолдан жасалған бытыра немесе картечь – қорғасыннан, шегеден, темірден және басқа да қолда бар материалдардан жасалынуы мүмкін. Қолдан жасалған бытыра мен картечь форма жағынан әртүрлі болып келеді.

Оқтар келесідей түрде бөлініп топтастырылады: калибрі бойынша (кіші, орташа, ірі); құрылысы бойынша (қабықты, қабықсыз, жартылай қабықты); басқа бөлігінің формасы бойынша (үшкір қырлы, дөңгеленген, доғал, басы үшкір емес, бас бөлігі тегіс ұшты). Сонымен қатар, сауыт бұзар (бронебойная), сауыт бұзар-өртегіш, өртегіш (зажигательный), жарылғыш түріне (разрывной) топтастырылады.

Әдеттегі оқтар – олардың болаттан жасалған өзегі (сердечник) болады, бұл өзекті қорғасын жабылғысы қаптан тұрады, ал қорғасын жабылғысы болатпен қапталады.

Тығын – қолдан немесе зауытта жасалынуы мүмкін.

Зауыттан шығарылатын тығындар киізден жасалынады. Кейінгі кездерде патронға тығынның орнына ішіне бытыра немесе картечь салынған полиэтилендік контейнерлер қолданылады. Ал қолдан жасалған тығындар қолға түскен кез-келген материалдардан, атап айтқанда: картоннан, қағаздан, матадан, киізден және т.б. жасалады.

Гильзалар – аңшы мылтығына арналған гильзалар: металдан, картоннан немесе қағаздан, пластмассадан жасалған гильзалардың төменгі жағы міндетті түрде металмен қапталады. Бұл гильзалардың формасы цилиндрлі болып келеді. Автоматтандырылған немесе жартылай автоматтандырылған қарулардың гильзалары тек қана металдан жасалады, ол пішіні жағынан: цилиндрлі, шөлмекті, конусты болады.

Гильза құрылысының негізгі бөлшектері – қалыптан (корпус), түпкі қалпақшадан (донышка гильзы), қалпақшаның жиегінен (фланец), капсюль ұяшығынан (түпкі қалпақшаның ортасындағы) тұрады.

Гильзалардың түпкі қалпақшаларында – шығарылған зауыттың белгісі, калибрі, шығарған жылы және т.б. белгілер көрсетілуі мүмкін.

III. Сот-баллистикалық зерттеу объектілерінің біріне бөгеттен қалған ату іздерін де жатқызып, оларды екі топқа бөліп жіктеуге болады:

-атудан қалған негізгі іздер;

-атудан қалған қосымша іздер.

Атудың негізгі іздеріне – снарядтан (оқтан, бытырадан, картечьтен) пайда болған зақымдар жатады. Снарядтың энергиясына, бөгеттің қаттылығына және қалыңдығына, олардың кездесу бұрышына байланысты зақымдар өтетін және өтпейтін болып бөлінеді.

Өтетін зақымдар снарядтың бөгеттен өту нәтижесінен пайда болады. Олар тесіп өтетін және өтпейтін “соқыр” болып келеді. Өтпейтін зақымдар снаряд бөгетке енбеген жағдайларда пайда болады. Оларға үлкен емес шұқырлар, жанама зақымдар (снаряд объектінің тек шетін немесе беткі қабатымен өтеді), тайып кету іздері (рикошет) (снарядтың бөгет бетімен жанасып ұшу бағытын өзгертуі). Рикошеттің бөгет бетіндегі ізі тырналып (бороздка түрінде) ең жіңішке және ұзын жағы оқтың ұшып шығу жағына қарай бағытталады.

Атудың қосымша іздеріне – атумен қатар жүретін құбылыстың әрекеттері нәтижесінде пайда болатын іздер. Жақын арақашықтықтан ату кезінде пайда болатын қосымша іздер жақыннан ату іздері деп аталады. Қосымша іздердің пайда болуында порохтық газдардың, оқпан ауызының жалынының, порохтың өртенбеген түйірлері, капсюльдік құрамның ыдыраған бөлшектерінің, майлау бөлшектерінің және басқа да заттардың атқаратын рөлі үлкен. Атумен қатар жүретін құбылыстардың нәтижесінде келесідей іздер пайда болады:

 түйісу белбеуі (поясок обтирания) – оқтың кіретін жері жиектерінің ластануы, ол күйеден, металл бөлшектерінен, майдан тұрады. Түйісу белбеуі ату арақашықтығына байланыссыз пайда болады. Шыны, керамика, кафель, пластмасса және басқа да үгілетін бөгеттерде түйісу белбеуі байқалынбайды, өйткені мұндай бөгет бөлшектері оқпен түйісу кезінде бұзылып ұшады, оны жұмсақ заттар, маталардың бетінен көре аламыз.

 майлану қыртыстары (шөгінділер): оқпанның майлауымен байланысты, онда тапаншадан майлар 150 см-ге дейін ұшады. Бірінші атыстан кейін майдың болмауы да мүмкін;

 күйе қыртыстары (шөгіндері) кіретін саңылаудың жан-жағында орналасып, жақыннан ату нәтижесінде пайда болады. Мысалы: «Макаров» тапаншаларының жүйесінде 40 см-ге дейін). Егерде бөгет 0,5-тен 5 см-ге дейін арақашықтықтағы бірнеше қабаттардан тұрса, ату қашықтығы 1000 м болса да күйенің екінші қабатта пайда болуын көре аламыз. Бірінші қабатта күйе іздері болмайды;

 бөгетте порох түйірлерінің қыртыстануы мен енуі. Бұл белгі жақыннан ату нәтижесінде пайда болады;

 күйіп қалу – бұл жылулық жағынан жалынның бөгетке әсер етуі. Ол өте жақыннан және нысанаға тақап атудан пайда болады;

 бөгеттің ішін-ара қирауы порохтық газдардың әсерінен болады және нысанаға тақап және өте жақыннан атудан байқалады;

 қару-жарақ бөлшектерінің іздері. Адамға тақап атудан денесінде, маталарда оқпан ұңғысының іздері пайда болады – штанцмарка.

Атқан кезде пайда болған зақымданудың формасы, өлшемі және солардың кіру және шығу іздерінің және де каналдардың ерекшеліктері зерттеледі.

Кіру саңылауы сыртқы келбеті жағынан домалақ, оқтың бойлық кескініне дейін болады. Бірақ көбінесе бұл зақым домалақ, ал жиектері оқтың қозғалу бағытына қарай шеңберленіп келеді.

Оқ бөгетпен соғылу нәтижесінде бөгеттің бөлшектерін ұшырып түсіреді, «минус материал» атты құбылыс пайда болады. Егер бөгет осал болса радиалды және концентрлік сызықтарды байқауға болады.

Кіру саңылауының бірден-бір белгісі болып жан-жағында күңгірт түсті жиектің - түйісу белбеуі болып табылады.

Шығу саңылауы әдетте қисық пішінді болып кіру саңылауынан бірнеше есе үлкенірек болады. Оның шеттері оқтың ұшу бағытымен бағытталады. Саңылаудың жанында бөгет болуы мүмкін. Ату жарақатының каналы барлық жерінде бір диаметрлі немесе шығу саңылауына қарай бара-бара үлкеуі мүмкін.

Бөгеттегі талшықты материалдардың талшықтары снарядтың қозғалысына қарай бағытталады.

Ату жарақаты құрғақ ағашта әдетте домалақ пішінді, ал дымқыл ағашта – сопақша немесе саңылау тәрізді болып келеді. Дымқыл ағаштағы саңылау оқтан гөрі кішірек болып келеді. Шығу саңылауы әдетте дұрыс емес пішінді болып, талшықтары оқтың қозғалысына қарай бағытталады және де бұл ағаштың жаңқалары да байқалады.

Шыныда болатын ату жарақатының пішіні оқ калибрінің диаметрінен үлкенірек болады. Қозғалыс барысында шыны үгітіліп сынықтарға айналады. Егер атыс жақыннан болса, онда шыны порохтық газдың күшімен ұшырылып кетеді. Оқ өткен шыныда иреленген радиалды және концентрлік саңылаулар байқалады. Баяу жылдамдықтағы снарядтан пайда болған саңылау снаряд диаметрінен кішірек, ал радиалды саңылаулар тік сызықты болады.

Трикотажды материалдардағы зақымдар әдетте домалақ пішінді болады, ал басқа материалдарда жіпшелер негізі мен арқауы тік бұрышта қиылысса, саңылау төртбұрышты болады. Матаның шыныдан айырмашылығы, матада түйісу белбеуі байқалынады және жіпшелері оқтың қозғалыс бағыты бойында орналасады. Егер мата оқпен емес шегемен тесілсе, онда «минус материал» құбылысы болмайды.

Оқ арқылы тесілген металдың жиектерін тегістеу кезінде «минус материал» құбылысы көрінеді. Жиектері оқтың қозғалыс бағытына қарай бүгіледі, ал саңылау оқтың өлшеміне қарай сәйкес келеді.

 

§3. Объектілерді табу және қарау

 

Оқиға болған жерді қарау кезінде келесідей сұрақтарды шешу үшін: а) атыс қарулары шын мәнінде қолданылған ба? ә) қандай қару және оқ -дәрілер қолданылған? б) қандай объектілерде ату іздері бар? в) атылған оқтың бағыты мен ара қашықтығы қандай? г) қаруды атқан тұлғаның ату үстінде ықтималды тұрған жері? д) өзін-өзі ату фактілеріне жата ма? е) қарудың атылу жағдайы қандай, ол құлау, бір нәрсеге соғылу нәтижесінде атылып кеткен жоқ па және басқа да сұрақтарды анықтап алу қажет.

Қаруды қарау, бекіту және алу. Оқиға болған жерде табылған қару-жарақты қарау кезінде міндетті түрде төмендегідей тәртіп талаптары сақталуы тиіс:

 қаруда қалған іздер: қол іздері, қан тамшылары мен басқа да дененің ұсақ бөлшектері (тері, ми және т.б.) өшіп қалмас үшін оқпанның ауызғы бөлігінен (оқ шығатын) ұстауға болмайды, сонымен қатар, өзінің қол іздерінің қару бетіне түсіп қалмауы үшін қаруды кедір-бүдір жерінен немесе шетінен, болмаса қолға қолғап киіп ұстау қажет;

 қарудың оқпанын өзіне немесе қоршаған ортадағы адамдарға қаратып ұстауға болмайды, оны жоғары қаратып ұстау қажет;

 қару оқпанына қандай да бір заттарды кіргізуге, тығуға, салуға болмайды, бірақ оқпанның ішіндегі күйе, порох және т.б. бөлшектердін жоғалтып алмас үшін оқпан ұңғысына абайлап қалпақ кигізу керек.

 міндетті түрде қарудан оқты алып тастау қажет;

 қару оқпанын ешқандай затқа тақауға болмайды;

 шаппалы күршекке, атқыш ілмекке тиісуге болмайды;

 қаруды құлатуға болмайды.

Қару табылған жағдайда, ең алдымен түйінді және детальды фототүсірілім ережелері сақталына отырып масштабты сызғышты қолдану арқылы фотосуретке түсіріледі. Фотосуретке қарудың түрі мен оның табылған жері ғана емес, сонымен қатар оның жеке бөлшектерінің: оқпан, серіппе (курок), бекітпе (затвор) және т.б. жағдайлары көрсетіле отырып түсірілуі қажет. Қару соққысының немесе оның құлау іздерін табу мақсатында қоршаған ортадағы барлық объектілердің – еденнің, құмның беткі қабаттары қаралады. Содан кейін екі бағыттағы жылжымайтын объектіге және мәйіттің қолына дейінгі арақашықтық анықталады.

Қаруды қарау үшін оны таза қағаздың үстіне қойып тексеру қажет. Хаттамада қандай да бір бөгде объектілердің (қол, шаш, ми, тері бөліктері және т.б. іздерінің) табылған жерлері туралы мәліметтер жазылады. Тергеуге қажетті объектілер арнайы пакеттерге салынып буылып-түйіледі. Қарудан магазині ажыратылады, ал патрон салғыштан (патронник) патрондар алынады. Хаттамада магазин ішіндегі қалған патрондардың саны мен олардың маркілік және т.б. белгілері бекітіледі. Аңшы мылтықтарынан оның оқпаны ажыратылады. Бұл тәртіп ережелері револьверді буып-түйю кезінде қолданылмайды. Өйткені олардың каморалары атылған гильзалардан да, патрондардан да ажыратылмайды. Себебі олардың каморалардан атылған гильзалар да, патрондар да шықпайды. Маркілік белгілері бойынша хаттамада қандай камора (немесе патрон) оқпанға қарсы орналасқандығы жөнінде белгіленеді және каморадағы (қабықтағы) гильзалар мен патрондардың орналасу жүйесі жазылып бекітіледі. Қарудың оғын алып тастағаннан кейін оның маркілік белгілері, жеке конструкциялық (құрылымдық) ерекшеліктері анықталады.

Қылмыскерлер қарудың оқпанына, әсіресе аңшы мылтығының оқпанына тазарту жасаған жағдайларда, тергеуші алғашқы кезде сарапшының алдына қандай сұрақтар қою керек екендігін білмейді. Тазартудан кейін, мысалы, ең соңғы атылған оқтардың түрін анықтау мүмкіндіктері жойылады. Қарудың атылу мерізімі жөніндегі сұрақтарды анықтау қажет болған жағдайларда оны тазартуға сүртуге болмайды. Аталған және басқа да сұрақтарды шешу мақсатында қару оқпандары жабыстырғыш ленталар арқылы бекітілген қағаз қалпақшаларымен жабылуы қажет. Қарудың мерзімін анықтауға байланысты зерттеулер жүргізу үшін олар сараптамаға жедел түрде жеткізілуі тиіс. Себебі олар қару табылған алғашқы 5 тәулігі ғана – бұл сұрақтарды дұрыс әрі нәтижелі шешудің кепілі бола алады.

Сонымен, оқиға болған жерде табылған атыс құралына қарау жүргізіп, оны сипаттау кезінде хаттамада келесідей мәліметтер міндетті түрде көрсетіліп жазылуы тиіс:

 қарудың табылған жері, оның жағдайы мен оқпан ұңғысы қай тұсқа қарай бағытталған;

 зауыттық немесе қолдан жасалған ба;

 моделі, калибрі мен нөмері;

 металының және басқа да сыртқы қабатының түсі, жағдайы, тұтқасында және оқпанында зақымдану іздері бар ма, жоқ па;

 механизм жағдайы (сақтандырудың, бекітпенің, серіппенің);

 магазиндегі, патронниктегі патронның бар-жоғы және саны;

 оқпан ойығының бағыты мен саны;

 оқпан ұңғысының күй-жайы (май жағылу, күйік, коррозия, металдың мүжілген жері,);

 оқпан ұңғысынан күйік иісі сезіле ме және басқа да бөгде зат іздерінің болуы (қан, ми бөлшектері, құм және т.б.).

Оқиға болған жерді қарау кезінде атыс қаруының зақымдалған жерлерін зерттеу – оның атылуы жағдайы бойынша құрылған болжауларды ары қарай жүзеге асыруға және басқа да заттай дәлелдемелерді іздестіруге мүмкіндіктер туғызады.

Қаралып отырған қарудың моделін анықтау үшін негізгі көңілді – оның зақымдану сипатына (оқтың, бытыраның ойылып қалған, шаншылып қалған жерлеріне), порох-түйірінің формасына және ыстың, күйенің бөлініп шыққан жерлеріне, егер болған жағдайда «штанцмарканың» формасына бөлу керек.

Ату ара қашықтығы – крест тәріздес жыртылыстардың болуына (болмауына); бытыралардың зақымдалу мөлшеріне, сонымен қатар атудың қосымша іздері, басқа да құрамдас бөліктерінің бар немесе жоқтығына байланысты белгіленеді. Атудың қосымша іздері жақын емес ара қашықтықтағы тосқауылдардан да кездесуі мүмкін екендігін естен шығармау қажет. Оқ бірінші тосқауылды тесіп өткен кезде өзімен бірге басқа да қосымша іздерді қоса ала кетеді, сөйтіп барып кездесетін екінші тосқауылға тиеді. Сондықтан да бұл бірінші тосқауыл ма, жоқ па соны анықтап алу керек.

Атудың бағыты келесідей материалдың: оқ каналдарына, оқтың тесіп кірген және шыққан саңылауларын біріктіретін сызықтарға, сондай -ақ бір рет атудан екі объектінің қатар зақымдануына байланысты анықталады. Белгіленген бағыт бойынша жүре отырып оқты алыс емес жерден атқан адамның ату кезіндегі тұрған орнын анықтауға болады.

Оқтың бағытын анықтау үшін арнайы құрал-жабдықтар қолданылуы мүмкін. Барынша оңай тәсілдер де бар, мысалы: қағаз түтікшелерінің көмегімен бақылау әдісін (визирлеу) жасауға болады.

Мәйіттегі атыс қаруынан қалған жарақаттарды қарау кезінде мәйіттің денесі мұқият қаралады. Денесі мен киіміндегі жарақаттардың орналасуына және олардың формасына, жарақаттың жиектеріне, қабатталу (отложение) аймақтарына аса көңіл бөліп қарау қажет. Сонымен қатар, оқтан түскен жарақат жәбірленушінің киімінен табылса, саңылаудың жиегіндегі мата жіптерінің ұзындығына, ал жарақат жәбірленушінің денесінде болса, онда жарақат жиегінің терісіне көңіл аудару керек. Міндетті түрде мәйіттің киіміндегі, денесіндегі, оның айналасындағы қан дақтарына аса көңіл бөлінуі тиіс. Бұл ату кезіндегі жәбірленушінің орналасу жағдайын анықтауға мүмкіндіктер береді. Жақыннан ату іздері сондай-ақ, мәйіттің қолдарынан атыс қаруы табылған кезде мақтаның (тампон) көмегімен іздер алынып олар жеке пакеттерге салынады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.012 сек.)