АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 14 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Оқиға болған жерді қарау хаттамасына тек қана нақты мәліметтер енгізіледі. Ату іздері табылған заттарды хаттамада сипаттау кезінде мыналар көрсетіледі: із табылған зат, оның орналасқан жері, жарақаттың түскен орны, жарақаттың түрі, өлшемі мен басқа да ерекшеліктері. Мысалы, бытыраның шашырап тиген іздері болса, онда оның жайылу жиілігі, тию саны өлшенеді.

Мәйіттегі жарақатты хаттамада сипаттау кезінде оның денесінінің қай бөлігі жарақаттанғандығы, киіміне келтірілген зақымдар, оның кезектілігі мен саны, жыртылған жерлері және де киімінің түймелену жағдайы көрсетіледі.

Оқтарды табу, бекіту және алу. Табылған оқтардың дәлелдемелік маңызы бар екендігі сөзсіз. Оқиға болған жерді қарау кезінде ең алдымен қару қанша рет атылғандығын анықтау керек және атылған барлық оқтарды іздестіру қажет. Оқтарды іздестіру – тесіп шыққан және жанасқан зақымдарды қарау арқылы бұл объектілерді зерттеу кезіндегі анықталған бағыттардан басталады. Анықталған бағыт бойынша кездесетін барлық объектілер – құм, қар, шөптер және т.б. мұқият қаралады. Егер алдын ала зерттеу барысында оқтар туралы дәлелді мәліметтер анықталмаған жағдайларда, ол жерден табылған металдың барлық бөліктеріне аса көңіл бөлу қерек. Оқтар деформацияға ұшырауы мүмкін. Оқтың қабықты бөлігі адамның денесінде қалып қойюы немесе оның жанына түсуі, ал өзегі (сердечник) адамнан бірнеше қашықтыққа ұшып барып түсуі мүмкін. Оқтар ұшып келе жатқанда кездескен алдындағы объектіге соқтығысуына байланысты рикошет болған жағдайларда, олар ұшу бағытын өзгертеді. Сондықтан да оқтардың қасындағы объектілерден іздестіру қажет.

Егер объектіге кірген оқтар мен заттарды тұтастай алуға мүмкіндіктер болмаса, объектінің оқ және заттар тұрған бөлігі оғымен бірге кесіліп алынады. Алынатын объектілер масштабты сызғыштың көмегімен детальды әдіспен фотосуретке түсіріліп бекітіледі. Тосқауылдың алынатын бөлігінің ішкі және сыртқы, жоғарғы, төменгі беткі қабаты белгіленеді.

Мұндай әрекеттерді жүзеге асыру кезінде заттар мен объектілердегі ату іздерін бүлдіріп алмай, оларды ұқыптылықпен ұстау қажет.

Оқтарды табу шараларына байланысты, олар нөмірленіп, оқиға болған жердің кестестесінде белгіленеді және буып-түйіледі. Оқтағы бөгде іздердің жойылып кетпеуін міндетті түрде қамтамасыз ету керек. Бұл объектілер оқтың атылу жағдайы туралы кейбір мәліметтерді алуға мүмкіндіктер береді.

Оқтарды қарау хаттамасында: а) оқтың формасы; ә) құрылымдық ерекшеліктері (қабықты, жартылай қабықты және қабықсыз); оқтың түпкі бөлігінің сипаты; б) жасалған металының түсі; в) өлшемі, ені, диаметрі; г) оқтың гильзаға бекітілу тәсілі; д) жоғарғы немесе түпкі бөлігіндегі сандық және әріптік, сондай-ақ арнайы бояулармен белгіленген маркілік белгілері; оқпан ойықтарының іздері (олардың саны мен бағыты, көлемі, сипаты, иілу бұрышы және т.б.) сипаттала отырып бекітіледі.

Табылған оқтар жеке-жеке буып-түйіледі. Мәйіттен алынған оқ құрғатылады және қабаттасқан екі мақтаның ортасына салынып буып-түйіледі.

Бытыралар табылғанда хаттаманың сипаттау бөлімінде бытыралардың саны, олардың формасы мен диаметрі, сонымен қатар, олардағы іздердің сипаты көрсетіліп жазылады.

Егер, оқ аңшылық қарумен атылған болса, оқиға болған жерден тығын немесе прокладкалар табылуы мүмкін. Бұл объектілер жөнінде хаттаманың сипаттау бөлімінде, олардың табылған жерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар келесідей: а) тығынның, прокладканың жасалған материалдары, олардың түсі; ә) формасы мен өлшемі; б) маркілік белгілері; в) ату іздері туралы мәліметтер толығымен қамтылып көрсетілуі тиіс. Тығынды, прокладканы қараған кезде: олардың табылған орны, түсі, құрамы, саусақ іздері бар ма, жоқ па, ондағы жазулар, суреттер т.б. да ерекшеліктері бекітілуі тиіс.

Тығындарды тапқан кезде, әсіресе, қолдан жасалғандарын, оны бүлдіріп алмас үшін өте мұқият болу керек. Қолдан (қағаз түйірлері мен мата кесегінен) жасалған тығындар табылған кезде олардың ерекшелік сипатын анықтау үшін таза қағазға оралады және хаттамаға бекітіледі. Киізден жасалған тығындардың бүйіргі беткі қабатын (кесу іздерін табу мақсатымен) мұқият қарау қажет. Олар ұзыннан созылған жол тәріздес болып келеді. Мұндай іздер табылған жағдайларда тексерілетін тұлғалардан, олардың қолданылған құралдарын іздестіру қажет.

Гильзаларды табу, бекіту және алу. Атылған гильзалардың жатқан жерін (орнын) табу жөніндегі мәселер көбінде қолданылған қарудың түрлеріне байланысты болып табылады. Атыс қаруларының бірқатар модельдерінің гильзалары автоматты түрде алынбайтын болғандықтан, оларды әртүрлі жерлерден тауып алуға болады. Қаруды атқан адам гильзаларды кез-келген жерлерге лақтырып тастауы мүмкін. Мұндай ситуациялар револьверді қолданған кездерде кездеседі. Кейбір жағдайларда гильзалар автоматты тапаншалардың оқпанында да қалып қоюы мүмкін. Бұған атылу мерзімінде тапаншаны қолымен ұстап қалу нәтижесінде бекітпе бөлігінің қабында гильзаның қысылып қалуы бірден-бір себеп болады.

Оқтың тосқауылмен түйіскен бұрышы және қарудың моделі мен дистанциясы туралы (автоматтандырылған қарудың гильзасын іздестіруге байланысты) мәліметтер оның бағытын анықтаудың көрсеткіші болып табылады.

Егер салыстырмалы жақындықта атылғандығы туралы мәліметтер анықталса, онда міндетті түрде атқан тұлғаның іздерін (аяқ киім, темекі қалдықтарының және т.б. іздерін) іздестіру керек. Содан кейін табылған іздердің бағытына сүйене отырып гильзаны іздестіру учаскесін белгілеп алу қажет. Гильзаларды іздестіру барысында ұшып келе жатқан гильза алдында тұрған қандай да бір тосқауылмен соқтығысып, ұшу бағытын өзгертуі мүмкін екендігін естен шығармаған жөн.

Кейбір жағдайларда гильзаларды табу өте қиынға соғады, олар қардың астында, шөптердің арасында қалуы мүмкін. Сондықтан металл іздейтін құралдарды пайдалану керек. Бұл операциялар нақты белгіленген жерлерде жүргізіледі.

Ал кейде керісінше алдымен гильзалар табылып, кейінен сол гильзалар бойынша қарудың моделі, атқан адамның ату кезіндегі тұрған орны анықталуы мүмкін.

Нөмірлену кезектілігі сақтала отырып гильзаның табылған жері (орны) хаттамаға бекітіледі және схемасы сызылып көрсетіледі. Гильзалар масштабты сызғыштың көмегімен детальды түсірілім әдісі бойынша фотосуретке түсіріледі.

Гильзалардан қол іздері табылуы мүмкін, сондықтан да гильзаны қарау кезінде оның түпкі және ауызғы бөлігінен ұстаған жөн.

Хаттамада гильзаны сипаттау кезінде міндетті түрде келесі жәйттер көрсетіледі:

-оның табылған орны (жері) мен жағдайы;

-гильзаның материалы, түрі формасы (цилиндірлі, бөтелке тәріздес), өлшемі (ұзындық диаметрі және ішкі диаметрі);

-маркілік белгісі;

-оқты орнықтыру әдісі;

-боек ізінің сипаттамасы (формасы, орналасуы, размері);

-кем-кетігінің, ақауының, сызаттың, бөгде заттар мен жанған порох иісінің болуы.

 

5-ТАРАУ

ҚҰЖАТТАРДЫ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

 

§1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде.

 

Қандай да бір әдіспен фактілі мәліметтер жөнінде жазылған объектілер құжат болып табылады. Осыған байланысты жазба құжаттары, кино, фото және электрондық болып бөлінеді.

Құжаттар – мөлшері, пішіні, материалдардың түрлері, қорғау әдістері, мәтіні (адресат), қолтаңбасы, мөртаңбалары бойынша және бұрыштамалардың болуымен сипатталады. Кәсіпорындар мен мекемелер атынан берілетін көптеген ресми құжаттардың міндетті элементтері (реквизиттері) белгілі бір мемлекеттік стандарттарға және нұсқауларға сәйкес болуы керек. Ресми емес құжаттардың элементтері олардың қолдануына байланысты анықталады. Кейбір жағдайда қылмыстық процеске түсетін құжаттар, бір элемент – «мәтіннен» ғана тұрады.

Тәжірибеде кездесетін құжаттарды келесідей түрлерге бөлуге болады: тағайындалуы бойынша (қандай да бір фактілер мен құқықты куәландыратын және белгілі бір мәліметтерден тұратын құжаттар, мысалы: анықтамалық сипаттағы); шығу тегі бойынша (мемлекеттік мекемелерден шығатын, ресми және жеке тұлғалардан шығатын – ресми емес); дайындау тәсілі бойынша (қолмен, машинкамен, компьютермен жазылған, баспаханалық, құрама, жеңіл баспаханалық құралдармен дайындалған және фотосурет көмегімен жасалған); шығу кезектілігі бойынша (түп нұсқа және көшірме).

Кейбір жағдайда сараптамаға құжаттық емес сипаттағы объектілер де түседі (жазбалары бар – бөшкелердің ағаш қақпақтары, тақтай бөліктері, жәшіктердің бөлшектері, маталар, металдан жасалған пластиналар). Аталған объектілерді құжаттардың нақты түсінігі бойынша құжаттарға да, олардың жасалу әдісіне де жатқызуға болмайды. Бұл объектілер құжаттардың криминалистикалық сараптамасында зерттеледі, өйткені құжаттарды жеке зерттеуге өңделген әдістер құжаттық емес сипаттағы объектілерді зерттеген кезде жақсы нәтиже береді. Құжаттар қылмыстың құралы болған немесе қылмыстың іздерін сақтап қалған немесе қылмыстық әрекеттің объектілері болған жағдайда Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің баптарына сәйкес заттай дәлелдеме бола алады.

Заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар Қылмыстық Іс Жүргізу кодексіне сәйкес қарау хаттамасында толық сипатталып жазылып, мүмкіндігінше суретке түсіріліп және іске тіркелуі керек. Қандай да себептерге байланысты құжаттар қылмыстық істе сақталына алмаса, олар міндетті түрде суретке түсіріледі, буып-түйіледі, мөрленеді және анықтаушы, тергеуші, сот көрсеткен жерлерде сақталады.

Егер оқиға болған жерді қарау, тінту және т.б. да тергеу әрекеттерін жүргізу барысында құжат табылып, оған қарау әрекеті жүргізілмеген немесе құжатты тергеушіге – сезікті, айыпкер, жәбірленуші немесе куә ұсынған жағдайда құжаттарға жеке тергеу қарауы жүргізіледі.

Тергеушіден алынатын құжаттар, яғни заттай дәлелдемелердің бұзылып, зақымдануынан немесе қандай да бір өзгеріске ұшырауынан сақтауға барлық шараларды қолдануын талап етеді. Мұндай құжаттарды іске тігуге болмайды, олар бүктеме сызығы бойынша бүктеліп, жеке конвертте сақталады. Ескірген және жыртылған құжаттарды қағаз беттерінің астыңғы жағына жабыстыруға, қыстырғышпен қысып қоюға, қарындаш, қаламсап немесе үшкір затпен оларға белгі салуға болмайды. Көне (ескірген) және жанған (өртенген) құжаттарды мүмкіндігінше екі әйнектің арасына салып сақтау қажет.

Құжаттарды сараптамаға жібергенде оларды таза қағаздың арасына қойып тығыз конвертке салу ұсынылады.

Құжаттарды қарауды екі кезеңге бөлуге болады: біріншісінде – қайшылықтардың болу мүмкіндігін анықтау мақсатында құжаттардың мазмұны зерттелінеді, ал екінші кезеңде – оның қандай да бір өзгерістерге ұшырағандығы анықталады.

Құжаттың мазмұнындағы қайшылықтар, оның жекелеген реквизиттерін салыстыру жолымен анықталады. Атап айтқанда: бланктерін, мөр және мөртаңбаларын, құжатты беру және бланкті дайындау мезгілдерін. Құжаттағы қайшылықтар, дұрыс дайындалған құжат үлгісімен салыстыру арқылы ғана анықталады. Егер құжат бірнеше данадан жасалған болса, олардың барлығын салыстыру қажет.

Бухгалтерлік құжаттарды қарау кезінде оған байланысты құжаттармен салыстырып, ондағы сандық мәліметтерге арифметикалық тексеріс жүргізу қажет.

Құжаттардың мазмұнын зерттеу кезінде – берілген мезгіліне көңіл бөліп, оларды күнтізбемен ал, кейбір жағдайда құжаттарды беру орныменен салыстыру қажет.

Құжаттың мазмұнын мұқият талдау арқылы құжатта берілген және көпшілікке танымал фактілер арасында, сондай-ақ істің нақты жағдайларындағы қайшылықтар анықталуы мүмкін.

Құжаттың мазмұнын зерттеу барысында интеллектуалдық және материалдық жалғандық анықталады. Құжаттағы материалдық жалғандықты, құжаттың мазмұнындағы өзгерістерді куәландыратын белгілерді анықтау үшін тергеуші қолда бар барлық техникалық құралдарды (лупаларды, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің көздерін өлшеу құралдарын, жарықфильтрлерді, электрооптикалық құралдарды) пайдаланғаны жөн.

Құжаттар шашыраңқы жарық, сондай-ақ тік және қиғаш түсетін бағыттағы жарық арқылы зерттелінеді.

Баспа мәтіндерін, мөр және мөртаңбаларын қарау кезінде сызғыш, циркуль өлшеуіштерін пайдалану тиімді. Олар әріптердің өлшемдері мен (биіктігін, енін) олардың арасындағы арақашықтығының айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік мөр-бедерлік шеберханада дайындалған мөр мәтініндегі әрбір сөздегі әріптердің арақашықтығы бірдей, ал дөңгелек мөрді бойлаған осьтер шеңбер радиусы бойынша орналасады. Құжаттарды қарау жағдайлары мен нәтижелері Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің баптарына сәйкес хаттамада: құжаттың атауы, оның нөмері, берілген күні, кімнің атына берілгендігі, құжаттың өлшемдері, оның жиектерінің (шеттерінің) сипаты, жыртылған жерлерінің, дақтарының, бүктеулердің болуы, құжатты дайындауға қолданған материалдардың түрлері (қағаздың түсі мен тығыздығы, бояғыш заттардың түсі), транскрипцияның, қолтаңбалардың және мөр мен мөртаңбалардың орналасуы, қарау кезінде анықталған жалғандық белгілер сипатталып жазылады.

Хаттамада қарау кезінде қолданылған техникалық құрал-жабдықтар, оларды қолдану шарттары мен тәртібі, техникалық құралдар қолданылған объектілер көрсетіледі. Қарау барысында табылған құжат және құжаттың белгілері фотосурет әдістерімен де бекітілуі мүмкін.

 

Тергеушіге құжаттарды қарау, бекіту және алу кезінде, әсіресе, электрографиялық көшірмелерді, құжаттық емес сипаттағы компьютермен теріліп принтерде басылған құжаттарды, ерекше жағдайларда мөртаңбалары басылған құжаттарды т.б. қарау кезінде мамандар үлкен көмек көрсетеді.

Құжаттарды криминалисткалық зерттеудің үш түрі қарастырылады:

1. қолжазуды криминалистикалық зерттеу (қолжазбатану);

2. мәтін авторын криминалистикалық зерттеу (автортану);

3. құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу.

Қолжазуды криминалистикалық зерттеудің міндеті қолжазбаны орындаушыны немесе оның қасиеті мен қолжазуды орындау кезіндегі хал-күй жағдайын (жынысын, жасын, жеке және кәсіптік ерекшеліктерін, мас болу жағдайын т.б.) анықтау болып табылады.

Криминалистикалық автортанудың міндеті қолжазба немесе баспа мәтінінің авторын анықтау.

Техника-криминалистикалық зерттеудің мақсаты тергеуге маңызды құжаттың алғашқы мазмұнын өзгертудің және құжатты дайындаудың әдісі мен жағдайларын анықтау. Осы аталған міндеттерді шешу үшін арнайы ғылыми білімдерді және криминалистикалық әдістеме негізінде әртүрлі ғылым саласындағы әдістерді қолдануды талап етеді.

Құжаттарды криминалистикалық сараптаудың пәніне құжаттың түп нұсқасын немесе жалғандығын анықтау жатпайды. Бұл құқықтық мәселе болып табылатындықтан, оны тек қана тергеуші мен сот шешеді. Құжаттардың криминалистикалық сараптамасы – анықтама өндірісінде, алдын ала тергеуде және қылмыстық істер бойынша сот талқылауында және істерді азаматтық процесте қарау кезінде тағайындалады. Егер де ұсынылған құжаттың түп нұсқасына күмән келтірілетін жағдайлар туындаса, мұндай сараптаманы тағайындау құқығы мемлекеттік нотариусқа және нотариалдық әрекетті жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларға (мемлекеттік нотариат туралы заң) беріледі.

 

§2. Криминалистикалық қолжазбатану түсінігі, объектісі, ғылыми негіздері

 

Жазу тілі адамның жазу барысында пайда болатын криминалистикалық зерттеу объектісінің кеңінен таралған түрлерінің бірі болып табылады.

Қолжазбаны зерттеу криминалистикалық техника бөлімінің маңызды әрі дәстүрлі саласының біріне жатады. Қолжазбатанудың ғылыми негіздері А.И. Винберг, С.И. Тихенко, Л.Е. Ароцкер, В.Ф. Орлова, Р.М. Ланцман, А.И. Манцветова және басқа да кеңес ғалым-криминалистердің еңбектерінде зерттелінген. Ғалым-криминалистердің арасынан қолжазбатану теориясын қалыптастырған қазақстандық ғалымдарды да көрсете аламыз: В.А. Хван, Н.А. Джангельдин, А.М. Агушевич, Т.Т. Культелеева, Л. Шегебаева, А.С. Калимова және т.б.

Қолжазбаны криминалистикалық зерттеу объектісіне жазба мен қолжазбаның жекеленген және тұрақты белгілері көрініс табатын кең көлемді қолжазбалар (хат, күнделік және т.б.), сонымен қатар, қолтаңба, қолмен орындалған сандық немесе символдық белгілер жатады.

Қолжазуларды зерттеу барысында қарастырылатын мәселелер екі топқа бөлінеді:

1. идентификациялық;

2. идентификациялық емес.

Осы сұрақтар қылмыстық және азаматтық істерді қарастыру кезінде шешіледі.

Идентификациялық мәселелерді шешу кезінде мынандай сұрақтар анықталады: 1. Қолжазуды немесе қолтаңбаны орындаған кім? Орындаған осы тұлға ма әлде басқа ма? 2. Егер тергеу барысында орындаушы тұлға анықталынбаса, бірнеше құжаттағы қолтаңба немесе қолжазулар бір адаммен әлде бірнеше адаммен орындалған ба?

Идентификациялық емес мәселелерге: 1. Жазу, қол қою сол қолымен не оң қолымен орындалған ба? 2. Жазу, қол қою осы адам үшін қолайсыз жағдайда орындалған ба? 3. Бұл адам өз жазуын әдейі өзгерткен бе? 4. Жазу, қол қою осы адамның қолжазуына ұқсастырылып жазылған ба?

Осындай зерттеулер арқылы қолжазба мәтінін орындаудың қажетті шарттары қатысты орындаушының жазу барысындағы жағдайы, жазуды өзгерту тәсілдері, орындаушының жынысын анықтау және т.б. сұрақтар шешіледі.

XX-ғасырдың екінші жартысында қолжазбаны орындаушының психофизиологиялық, мінездемелік, кәсіптік, біліми, интеллектуалдық және басқа да қасиеттерін анықтауда теориялық және экспериментальдық зерттеулер қарқынды түрде жүргізіледі. Қолжазуды криминалистикалық зерттеудің теориялық негіздерін – криминалистикалық идентификация теориясының, адамның жоғарғы жүйке қызмет жүйесінің психофизиологиялық, лингвистикалық және педагогикалық мәліметтері, сонымен қатар математикалық, кибернетикалық және басқа да бірқатар ғылымдардың ұғымдық, әдістемелік, техникалық ақпараттары құрайды.

Жазу процесі – саналы, ерікті түрде жасалған әрекет, бірақ кең түрде автоматты реттеліп, ұзақ уақыт жаттығу нәтижесінде қалыптасады. Қозғалыс туралы ой саналы түрде меңгерілмейді.

Жазу процесі әдетте тез, автоматты түрде жасалынып жатқан қозғалыстар болғандықтан, оларды жоспарлау орындаушы тарапынан еленбей жүзеге асырылады.

Қолжазбаны орындаушының жүйелі түрде жаттығуы қолжазу дағдысының тұрақты қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Жазба дағдысының түрлеріне:

1. техникалық дағды (орындаушының жазу құралын ұстауы, қағаз бетінің орналасу жағдайы, жазу барысында адамның отыру қалпы);

2. графикалық дағдылар (жазба белгілері және олардың байланыс тіркестері);

3. жазба тіл дағдылары (сөздегі әріптердің орналасу құрамын анықтау, сөздік қор құрамын сөз байлығы сөйлемінің қажетті түрлерін қолдану жатады.

Қолжазбаның жекелігі мен тұрақтылық белгісіне байланысты графикалық және техникалық қалыптасқан дағдылардың маңызы зор.

Қолжазу – қолжазбадан көрініс табатын әр орындаушы адамға тән және оның жазба қозғалыс дағдысына негізделген қолжазудың қозғалысы мен тәсілдерінің жүйесі. Қолжазуда қолданылатын қозғалыс жүйе элементтері қатаң түрде жаттыққан, үйлесімді жүйе. Қолжазудың тұрақтылығы мен жекелігі сарапшының алдына қойған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Қолжазудың тұрақтылығы И.П. Павловтың динамикалық стереотип ілімін зерттеу нәтижесінде анықталған. Оны кейіннен Н.А. Бернштейн, П.К. Анохин және т.б.-да кеңестік ғалымдар зерттеп дамытқан. Динамикалық стереотип дегеніміз, қозғалыстың тиімді режимді іздестіруді қамтамасыз ететін және ұқсас жағдайларда қозғалыстың қайталануын қамтамасыз ететін шартты-рефлексті байланыс жүйесі. Динамикалық стереотип туралы ілім - идентификациялау үшін маңызы бар қолжазудың өзіндік қасиетін, яғни қолжазудың салыстырмалы тұрақтылығын көрсетеді. Қолжазудың алғашқы қалыптасу кезеңінде оның тұрақсыздығына байланысты идентификациялау мәселесі қиынға түседі.

Қалыптасқан қолжазу тұрақтылық қасиетке ие болып, идентификация процесін жеңілдетеді. Адам қартайған кезде қолжазу келесідей өзгеріске ұшырайды: координация төмендейді, қозғалыс баяулайды, көбінде әріптерді қысқартып жазады.

Орындаушының жазу кезінде жаңа үйреншікті емес жағдайлар пайда болса, жазу өзгеріске ұшырап жаңа жағдайға бейімделеді.

Өзгеріске ұшырау себептері:

1. Үйреншікті емес, қалыптан тыс жағдайда қолжазбаның орындалуы (орындаушының тұру немес отырыс кейіпі үйреншікті емес жағдайда болуы, сондай-ақ жазба материалдары, жазба құрал-жабдықтары);


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.017 сек.)