АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 19 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

 

Криминалистикалық зерттеу шеңберіндегі заттар мен материалдар, олардың тәжірибеде неғұрлым кеңінен таралған түрлері бойынша зерттеледі. Зерттеу объектілері көбінде төмендегідей болып келуі мүмкін:

- газ тәріздес, сұйық, қатты, сусымалы;

- табиғи және жасанды;

- зат немесе мүлік, олардың жиынтығы, бөлшектері және т.б.

Бүгінгі таңдағы тәжірибеге сүйене отырып, мынандай объектілер жиі зерттелетіндігін атап көрсетуге болады:

- лак-бояу және боялған заттар мен бояу қабаттары;

- талшық материалдары мен одан жасалған өнімдер;

- өсімдіктер, топырақтар;

- шыны және одан жасалған бұйымдар;

- жанармай материалдары;

- есірткі заттары;

- психотроптық заттар;

- дәрі-дәрмектер;

- спирт және ішімдік өнімдері мен оларды дайындауға қажетті заттар;

- металдар және металл бұйымдары;

- парфюмерлік және косметикалық өнімдер, оларға қажетті шикізаттар;

-полимерлер және олардан жасалған заттар.

Заттар мен материалдар қылмыстық істердің әртүрлі санаттары бойынша, көбінде: оқиға болған жерді қарау, тінту, алу әрекеттері барысында алынады.

Іздестірілетін микробөлшектер қылмыстың түрі мен сипатына байланысты болғандықтан, оларды мынандай объектілерден табуға болады:

 қылмыскердің, сезіктінің немесе жәбірленушінің денесінен;

 олардың киімдері мен аяқ киімдерінен;

 олардың қолындағы әртүрлі заттардан;

 адамның денесіне тиген қару-жарақтардан;

 бұзу кезінде қолданылған құралдар мен заттардан;

 көлік құралдарынан;

 қылмыстық оқиға жағдайының материалдық заттарынан, мүліктерінен (жол бөлігінен, еденнен, есік-терезелерден, сейф, жиһаздардан және т.б.);

 қылмысқа қатысты басқа да объектілерден.

Заттар мен материалдарды – табу, бекіту және алу әдістемесі, олардың табиғатына, санына, сондай-ақ оларды зерттеу кезінде алынуы қажет іздестірудегі дәлелдемелік мәні бар мәліметтерге байланысты болып табылады. Дегенімен де әдістемеге байланысты бірқатар ұсыныстар бар.

Заттар арқылы пайда болған дақ және талшықтарды (мысалы, лак – бояу немесе жанар-жағармай материалдарынан) трасологиялық көзқарастан дәстүрлі позицияда олардың формасы мен пайда болу механизмін заттай – дәлелдемелер ретінде, сонымен қатар олардың құрамын, құрылымы мен өзіндік қасиеттерін зерттей отырып заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу объектілері ретінде қарастыруға болады.

Заттар мен материалдардың аз ғана мөлшерін табудың еш қиындығы жоқ. Ал, бекіту және алу кездерінде бірталай қиыншылықтар туындайды. Заттар мен материалдар уландырғыш болып келуі мүмкін, сондықтан да олармен жұмыс жасау барысында арнайы қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттілігі туындайды; ұшатын зат болса, оны міндетті түрде герметикалық ыдысқа салу қажет; буып-түю немесе қаптау материалдарын табылған объектілердің сипатына қарай ыңғайлау керек, мысалы: кейбір қышқылдар шыныны ерітіп жібереді; кейбір жағдайларда заттар бүлініп бастапқы түрін өзгертуі мүмкін. Тез жанатын заттар мен жанармай сұйықтықтарын табу мақсатында өртенген жерден алынған жанған паркет кескінділерін герметикалық қапталған полиэтиленді пакеттерге салып буып-түю қажет. Ал өртті сөндіру кезінде суланып қалған металл объектілерін коррозия болмас үшін, кептіріп картон жәшіктерге салу керек. Бұл мәселелердің алдын алу жағдайлары мамандардың көмегінсіз көптеген қиыншылықтарға әкеп соқтырады. Әсіресе микрообъектілермен жұмыс жасау кезінде кездесетін қиыншылықтар қатары екі есе ұлғаюда.

Оқиға болған жерді қарау кезінде микрообъектілерді іздеп табу, кейінге қалдыруға болмайтын мәселелердің бірі болып табылады. Себебі келесі операцияларға дейін олар жоғалып, жойылып кетуі немесе олардың жатқан, орналасқан жерлері өзгеріп, болмаса ауысып кетуі мүмкін.

Микрообъектілерді іздеп табу келесідей талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады: 1) барлық заттар алдымен қандай да бір жылжытып қозғалту әрекеттерінсіз қаралады және жылжытып қозғалтудың алдында олардың астына жылтыр таза парақ немесе тығыз қағаз қойылады; 2) объектілерді таза құралдармен ұстап резеңке қолғаппен қарау қажет, оның сыртқы және ішкі жақтарына, сондай-ақ олардың әртүрлі бөліктеріне тиісуге болмайды.

Қарау кезінде бөлініп қалған бөлшектерді кейінгі зерттеулер үшін сақтап қою керек.

Микрообъектілерді іздестіру жұмыстары қылмыстық істің жағдайы мен тергеу болжауын есепке ала отырып жүргізіледі. Микрообъектілердің толығымен жойылып кетуі мүмкін емес, олар тіптім қолайсыз жағдайлардың өзінде сақталынатындығын естен шығармау қажет. Бірақ микрообъектілердің өзара байланысқа түсу салдарынан немес еш байланыссыз-ақ (су тасқыны, жел, дауылдың болуы салдарынан) орындарын ауыстырулары мүмкін.

Микрообъектілер ең алдымен визуалды (көзбен немесе лупамен) бақылау арқылы әртүрлі жарық бұрышымен анықталады. Көлеңкелі, шұңқыр, саңылаулы зоналарды табиғи жарықтандыру кезінде ақ қағаз парақтары немесе телескоптық ұстағыштары бар криминалистикалық кезекті айналар қолданылады. Жасанды жарықтандыру кезінде қарау жұмыстары – галогенді және үстелге қоятын лампаларды, электрлік фонарларды, лабораториялық микрожарықтандырғыштарды қолдану арқылы жүргізіледі. Көрінбейтін және нашар көрінетін микрообъектілерді табу үшін мынандай арнайы әдістерді қолдануға болады: шағылысқан сәуле арқылы бақылау, жарықтандыру бағытын жылжыту, қарастырылатын затты жартылай көлеңкелеу және т.б. Қажет болған жағдайларда жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдер әртүрлі комбинацияларда қолданылуы мүмкін.

Көрінетін сәуледегі спектрлік зоналармен қатар ультракүлгін (УК) сәулелері де кеңінен қолданылады. УК сәулелеріндегі люминесценция бойынша мәтіндегі талшықтарды, әртүрлі лак-бояу қабаттарының бөлшектерін, жанармай материалдарының, құжаттағы мәтіндерді өшіруге пайдаланылған химикаттар мен басқа да заттардың іздерін анықтауға болады. УК сәулелерімен жарықтандыру жұмыстары қысқа мерзімде жасалуы қажет.

Микрообъектілерді анықтау кезінде инфрақызыл (ИҚ) сәулелерін қолданудыңда маңызы ерекше. Олардың көмегімен қара түсті беткі қабаттағы қара түсті микрообъектілерді, мысалы: протектордегі немесе аяқ киім табанындағы резеңкеден көмірдің, тастың, металл, күйе, ұнтақтардың бөлшектерін табуға болады. Сонымен қатар ИҚ сәулелері арқылы ластанған, сия жағылған іздер мен анилинді бояғыш заттардың және штрих үстінен жүргізілген бүркемелеу іздері анықталады.

Микрообъектілерді бекіту және алу ерекшеліктері табу кезіндегідей, оның табиғатымен байланысты болып келеді. Микрообъектілерді бекітуді алдын-ала қамтамасыз ете отырып, оларды тасушы заттармен бірге немесе оны тасушы бөлігімен бірге алған дұрыс. Сонымен қатар, міндетті түрде сарапшының қарауына куә объектілері де (микрообъект салынған затты немесе ешқандай зерттеу жұмыстары жүргізілмеген затты немесе материалды) беру қажет. Қатты заттағы немесе беткі қабаттағы із тасушы заттарды алу мүмкін емес жағдайларда, олар пинцетпен немесе инемен алынады. Қатпарланған құрғақ ұнтақ тәріздес заттар (темекі, күл, әк, ұн және т.б.) жылтыр таза қағазға немесе ақ параққа салынады. Металлдардың микрообъектілері ұсақ магниттердің (дактиласкопиялық бояу жаққыш) көмегімен алуға болады. Кейбір микрообъектілерді алу үшін жабысқақ пленкелер қолданылуы мүмкін, бірақ кейіннен қайта алу қиын болғандықтан оны тек мамандар ғана пайдалануы тиіс. Микро-шаңжинағыштарда қолданылады, бұл жерде алу кезінде іріктеулер болмайды.

Микрообъектілерді буып-түюдің немесе оларды қаптаудың да ерекше маңызы бар. Бұл үшін шыныдан жасалған түтікшелер, флакондар, герметикалық тығындары бар бюкстер немесе полиэтилендер, пластмассадан жасалған контейнерлер қолданылады. Пайдаланылатын ыдыс өте таза және құрғақ болуы қажет. Жұмсақ заттарды буып-түю үшін жылтыр жұқа қағаз, полиэтилен, целлофандар кеңінен қолданылады. Заттар мен материалдардың табиғатына байланысты буып-түю материалдары іріктеліп алынады.

Жиналған бөлшектерді алдын-ала немесе сараптамалық зерттеуге тура келеді. Бұл зерттеулер шеңберінде төмендегідей жұмыстар жүзеге асырылады:

- морфологиялық зерттеу (қатты заттар мен материалдардың сыртқы құрылыс белгілерін);

- заттар мен материалдардың құрамын (элементтік, молекулалық, фазалық) анықтау;

- заттар мен материалдардың кристалдық құрылымын зерттеу;

- олардың өзіндік қасиеттерін және бұл қасиеттердің белгілі бір жағдайлардан көрініс табу қабілеттерін анықтау (мысалы, заттардың өздігінен жану қабілетін, электр өткізгіштік қасиеттерін және т.б.).

Àлынған нәтижелер негізінде диагностикалық және идентификациялық сұрақтар шешіледі.

Сараптамалық талдау нәтижелері сараптамалық сұрақтардың көбінде нақты қойылмайтындығын көрсетеді, мысалы: «ұсынылып отырған зат нені білдіреді», «дақ қандай заттан қалған»? Мұндай сұрақтар зерттеу мәселелерін нақтылауға мүмкіндіктер бермейді. Себебі зерттелетін материалдар шеңбері өте кең, олар бұл мәселелерді шешуді елеулі түрде қиындатады және баяулатады. Сонымен қатар, зерттелетін заттар шеңбері әдетте ұсынылған қылмыстық іс жағдайларымен шектеледі. Бұл жағдайларға қарамастан сараптама тағайындау туралы қаулыда міндетті түрде тексерілетін заттар мен материалдар көрсетілуі тиіс.

 

§ 3. Лак-бояу және боялған заттарды зерттеу

 

Көп жағдайларда қылмыстық істерді ашу кезінде лак-бояу бұйымдары (лак, бояу, эмаль және олардың қосындылары), боялған заттардың беті заттай дәлелдеме ретінде пайдаланылады.

Лак-бояу, боялған заттарды сараптаудың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:

- заттың боялған, не бояу жұққан қабатынан лак-бояу заттарының құрылымын және түрін анықтау;

- лак-бояу жұғылған іздерді зерттеу арқылы, заттардың тектік, топтық бірлестіктері мен айырмашылықтарын және олардың шығу тегін анықтау.

Тергеу тәжірибесінде көптеген тергеушілер, соттар сарапшылардың алдына дұрыс сұрақ қоюды жете білмейді. Сондықтан лак-боялауларды зерттеуде көптеген қателіктер кетеді. Мысалы, зерттелетін бояулар химиялық құрамы жағынан бірдей болуы мүмкін, бірақ олардың шығу тегі әртүрлі.

Бүгінгі таңда лак-бояу заттарын зерттеу олардың қай топқа, текке жатуына байланысты жүргізіледі. Бұлай зерттеудің себебі лак-бояуларды жасау тәсілінің стандарттылығына байланысты (біртекті технология).

Соңғы уақытта боялған заттардың өзара қатынасын зерттеуде сараптама көптеген жетістіктерге жетті. Мәліметтегі өзара байланысты анықтау – кешенді сараптаманың мәселесі болып табылады. Бұл мәселені сараптамалық зерттеу өте күрделі жұмыс. Мұндай жағдайлар көбінесе көлік оқиғасымен байланысты.

Тәжірибе көрсеткендей көбіне сарапшыға бояуды, талшықтарды, бензинді, солярканы, шыныны, топырақты жеке зерттеуге тура келеді, бұл заттар негізінен үлкен бір заттың бөлшектері болып табылады. Бұл зерттеу трасология ғылымының тәсілдерімен толықтырылған жағдайларда ғана заттардың өзара байланысын анықтауға болады.

Осы жоғарыда айтылғандарды ескере отырып лак-бояу объектілерін зерттеу арқылы төмендегідей мәселелерді анықтауға болады:

- заттың бетіндегі бояу ма, әлде басқа зат па;

- салыстырылатын бояулардың тегі және тобы бір ме, әлде бөлек пе;

- зерттелетін бояудың бөлігі арқылы сол бояуды білуге бола ма, егер болса осы бояу (түйіршік) – боялған затпен (бұйыммен) байланысты ма, әлде басқа затпен байланысты ма;

- зерттелетін заттар бір-бірімен байланысты ма, әлде жоқ па.

Жағдайға байланысты сарапшының алдына басқа да келесідей сұрақтар қойылуы мүмкін:

- заттың бетіндегі бояу қолдан жағылды ма, әлде зауытта жағылды ма;

- бояуды қай жерде пайдаланады;

- зерттелетін зат қылмыстың ізін жасыру үшін басқа түске боялды ма, әлде боялмады ма.

Бояуды криминалистикалық зерттеудің тиімділігі көбінесе тергеушілер сараптамаға жіберетін заттарды дұрыс дайындауларына байланысты. Тергеушілер сараптама тағайындағанда мынандай мәселелерді шешулері керек: сарапшы нені анықтауы қажет, сарапшыдан нені білгілері келеді, сараптамаға жіберілетін заттай дәлелдемелердің (көліктің кейбір боялған бөлшектері - есігі, рамасы т.б.), не болмаса бояулардың қайсысы идентификациялауға жатады.

Ол үшін тергеуші зерттейтін заттардың үлгілерін сарапшыға жібереді. Сараптамаға жіберілетін лак-бояу заттары:

- оқиға болған жердегі бояудың бөлшектері;

- îқиға кейіпкерлерінің заттары (киімдері, аяқ киімдері, көліктің бөлшектері т.б.);

- оқиғаға байланысты күдікті объектілердің үлгілері.

Егер оқиға болған жердегі бояудың көлемі бірнеше миллиметр болса және ол көзге анық көрініп тұрса, онда трасологиялық сараптама жүргізіледі. Зерттеудің нәтижелі болуы мына жағдайларға байланысты:

- сәйкестендіруге жататын боялған заттың тез табылуына, бояудың өзгермеуіне (қайтадан бояу, бір бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстыру және т.б. жағдайлардың болмауына) байланысты;

- сараптамаға оқиға болған жерден табылған заттың бетіндегі қатпарланған ізін қырып алмай, мүмкіндігінше өзін жіберуіне байланысты;

- оқиға болған жерден, мүмкіншілігі болса сынған заттардың барлық бөлшектерін, тіпті болмаса өте ұсақ бөліктерін де жіберу қажет.

Себебі, осы ұсақ бөлшектер оқиғаны анықтауда шешуші орын алуы мүмкін. Тергеуші ұсақ бөлшектерді алғанда олардың қай жерден алғандығын хаттамада көрсетуі тиіс.

Боялған заттың өзін жіберуге мүмкіндік болмаса, ол заттың бетінің әр жерінен үлгі алынуы керек. Бояу үлгілері заттың бетінен өткір пышақпен, болмаса басқа затпен өте тереңдетіліп алынады. Бұл жағдайда бояудың морфологиясы сақталады. Егер зерттелетін объект сұйық болса оның бәрі жіберіледі.

Тергеуші сараптамаға жоғарыдағы айтылған мәліметтерден, үлгілерден басқа келесідей мағлұматтарды беруі керек:

- заттардың боялған уақыты (автокөліктің зауыттан шыққан уақыты, технологиялық боялу ерекшеліктері, мысалы: зауыт немесе зауыттан тыс жағдайда боялуы) туралы;

- боялған заттың бетіндегі басқа заттар (әк, қиыршық, ағаштың ұнтағы т.б.) туралы;

- боялған заттың қай жерде, қандай жағдайда сақталғандығын (мысалы, көлік сарайда цементтің арасында сақталған) жөнінде;

- оқиға болған уақыттан үлгі алғанға дейін өзгерістердің болуы (қайта бояу, бір бөлшекті екінші бөлшекпен айырбастау) жайында;

- боялған заттың екінші затпен қақтығысуы (жанасуы, соғылуы, үйкелісуі) туралы;

- тергеуші хаттамаға зерттейтін заттардың қандай жағдайда табылғандығы жөнінде және табылған заттардың үлгілері қалай алынғандығы туралы анықтап жазып көрсетуі қажет.

Тергеуші зерттеуге жататын заттарды жібергенде жоғарыдағы айтылған мәселелерді және мағұлматтарды жан-жақты қарастырып, сарапшыға тиянақты сұрақтар қоюуы керек.

Көп жағдайларда сараптаманың нәтижелігі тергеушінің үлгіні қалай дайындағандығына байланысты. Заттай дәлелдемелер сарапшыға сол күйінде жеткізілуі тиіс. Үлгі, заттай дәлелдемелерді алу, оларды сақтау, жіберу мына төмендегідей талаптарға сәйкес болуы тиіс:

 

- оқиға болған жердегі боялған заттың бөлшектері қағаз, не болмаса шыны ыдысқа салынады;

- алынған үлгі басқа заттармен араласпауы және олардың зақымданбауы керек;

- ылғал заттар кептіріледі;

- әрбір зат жеке-жеке оралады немесе буып-түйіледі, оған қандай зат екендігі жазылады және қол қойылып, мөр басылады;

- орайтын қағаз, шыны т.б. заттар міндетті түрде таза болуы шарт.

 

§ 4. Топырақтану

 

Қылмысты алдын ала тергеуде және сотта мынандай кейбір мәселелерге, яғни қылмыс болған жердегі адамның, жануардың, заттардың, көліктің жылжуына, орнынан қозғалуына олардың арақатынастары мен тағы басқа жағдайларға көңіл аудару керек. Бұл жағдайларда киімге, аяқ киімге, көліктің кейбір жерлеріне жабысқан заттарға (топырақ, шөп т.б.) қарап қылмыстың қай жерде болғанын, қандай топырақпен байланысты екенін анықтауға болады.

Бүгінгі таңда топырақтану зерттеулері жақсы дамыған, ол өз алдына ғылым болып табылады.

Топырақтану сараптамасы криминалистикадағы топырақтану тәсілінің негізінде дамып, табиғатты зерттеу ғылымдарының басқа, яғни геология, минералогия, микробиология, агрохимия, биохимия табыстарының соңғы жетістіктерін пайдаланады.

Топырақтану арқылы келесідей жағдайлар анықталуы мүмкін:

1. зерттейтін заттарға жабысқан объектілер және ол заттың қай жеріне жабысқандығы;

2. жабысқан заттың топырақпен байланыстылығы, болмаса басқа заттармен байланыстылығы;

3. жабысқан түйіршіктердің бір жерден, не болмаса әр жерден екендігі;

4. топырақтың қай жерден екендігі;

5. затқа жұққан топырақ оқиға болған жердің топырағына жататындығы немесе жатпайтындығы және оқиғамен байланыстылығы;

6. затқа жабысқан заттардың бір-бірімен арақатынас жағдайлары.

Көрсетілген сұрақтар топырақ зерттеу сараптамасының негізі болып саналады. Бірақ, іс жүзінде қылмысты тергегенде басқа да (жабысқан заттардың пайда болуы және оның уақыты, зерттейтін заттардың қандай жағдайларда сақталғандығы және де алынған топырақ елдің қандай мекеніне жататындығы жайында) сұрақтар туындайды. Сарапшыға кейде топырақтың «ұқсастық», «бірыңғайлылық», «теңестіру» және оның «химиялық құрамын» анықтау мәселелері жөнінде орынсыз сұрақтар қойылады. Сұрақтарды бұлай қою дұрыс емес, «химиялық құрамы», «ұқсастық»-деген сөздер өздігінен еш нәрсені білдірмейді. Себебі табиғаттағы әртүрлі заттардың ұқсастығы болуы мүмкін. Сондықтан ол заттың шығу тегі жөнінде теріс қорытынды шығарылады. Мысалы, топырақ пен шынының химиялық құрамын зерттегенде бірдей элементтерді табуға болады: силициум, марганец, феррум т.б. Сондықтан, «химиялық құрамы», «ұқсастық» дегендер заттың табиғаты жөнінде ештеңе білдірмейді. Екі түрлі топырақты салыстырмалы зерттегенде «бірыңғайлылық» - деген сұрақ ештеңені көрсетпейді. Себебі, «бірыңғайлылық» - дегеніміз әртүрлі топырақтардың бірлігі, не болмаса топырақтың араласуы. Әртүрлі топырақты зерттегенде «бірдейлік», «теңестіру» - деген сұрақтарды қою әдістемелік жағынан дұрыс емес. Себебі, «бірдейлік», «тепе-теңдік», тек қана бір затта болады. Әртүрлі топырақты салыстырмалы түрде зерттегенде «теңдік» - дегеніміз сол топырақтардың бір жерден болуын көрсетеді. Алайда зерттеуге жіберетін топырақтардың саны бірнешеу болады.

Сонымен топырақтану зерттеу сараптамасы бүгінгі таңда келесідей мәселелерді шешеді: топырақтың табиғатын анықтау; топырақты сұрыптау; топырақты біріктіру; оқиға болған жердің басқа да жағдайлармен өзара байланысын анықтау.

Көптеген жағдайларда заттардың өзара қатынасын әртүрлі сарапшы-мамандардың қатысуымен шешуге тура келеді. Олар: топырақ зерттеу, талшық және бояу-сырларды тексеретін, жануарларды, өсімдіктерді зерттейтін сарапшылар т.б.

Тергеуші оқиға болған жерді қарау арқылы ластанған заттың қандай жерде және қандай жағдайда болғанын анықтауы тиіс, яғни ол анықталған заттың қоршаған ортасын білуі керек. Бұл жағдайда тергеушінің қоршаған ортадағы болған мән-жайды анықтауы шешуші роль атқарады. Қоршаған ортаны белгілеу жалпылама, не болмаса сандық сипатта болады. Мысалы, сулы жердің солтүстік жағында жол, ал басқа жақтарында ағаштар. Бұл жалпылама сипаттама, ал сандық сипаттамаға мынандай мысал келтіруге болады: оқиға болған жердің ұзындығы -20 м, ені –10 м, оңтүстігінде –150 м жерде ағаштар, ал солтүстігінде жол бар.

Қоршаған орта табиғи жағдайда болуы немесе жасанды болуы (адам қолымен жасалуы) мүмкін.

Табиғи дегеніміз – сулар, сайлар, қыраттар, шөптер және т.б..

Қолдан жасалғандарға (жасандыларға) мысалы, мыналар жатады: жолдар, егістіктер, бау-бақшалар, бақтар және т.б..

Табиғи ортаны анықтау өте қиын, себебі бір жердің топырағы екінші жермен бірдей болады. Ал қолдан жасалған жағдайда бір жермен екінші жердің топырағының айырмашылығы бірден көзге түсіп тұрады.

Қоршаған ортаның нақты белгілері айқын болса, тергеуші топырақтану зерттеу сарапшысына осы жердің көлемін, сипатын және басқа белгілерін көрсетеді. Егер ол жердің айқын белгілері болмаса тергеуші сарапшының өзін сол жерге шақырады. Сарапшы немесе маман сол жерден топырақты қандай үлгіде алу керек екендігін анықтайды. Топырақ зерттеу сарапшысына алынған заттарды жіберуден бұрын тергеуші төмендегідей мәселелерді шешіп алуы керек:

 оқиға болған жерді қарау, тексеру, оның аумағын, шекарасын анықтау;

 оқиға болған жерден зерттеуге үлгі топырақты алу, оларды буып-түю;

 ластанған заттарды табу, бекіту, алу және буып-түю немесе орау;

 оқиға болған жер жөнінде кейбір деректерді жинау (жерде тыңайтқыш, қоқыстар бар ма және т.б.);

 оқиға болған уақыттан топырақ үлгісін алғанға дейінгі аралықта ауа-райы қандай болды (жаңбыр, жел, ауаның температурасы, топырақтың ылғалдылығы және т.б.);

 оқиға болған уақыт пен заттың үлгісін алу арасында өзгерістер болған жоқ па (киімді, аяқ киімді өзгерту, оларды тазалау, я болмаса ор қазу, жер жырту т.б.). Сонымен, тергеушінің жұмысы тек зерттеу үшін үлгі алу емес, сол жерді тексеріп қарау.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.015 сек.)