АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 20 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Енді осы жұмыстардың әрқайсысын жеке қарастыратын болсақ, заттай дәлелдемелерді тексергенде мына мәселелерге көңіл аудару қажет: заттай дәлелдемелердің беті лас болып, ал оқиға болған жер құрғақ болса, онда бұл жерде жаңбыр жауғандығын не жаумағандығын анықтау керек; егер заттың бетіндегі топырақтың түсі сол жердің топырағына ұқсамайтын болса, онда оқиға басқа жермен байланысты болуы мүмкін.

Заттай дәлелдемелерді тексеру таза қағаздың бетінде жүргізіледі. Топырақтың үлкен бөлігі жеке оралып, оның қай жерден алынғандығы көрсетіледі. Заттай дәлелдемелер қатты қағазға оралып, жәшікке салынады. Су заттар қатты қағазбен жабылып бөлме температурасында кептіріледі. Әрбір затты буып-түйгеннен кейін оның сыртына не нәрсе екендігі жазылады және қол қойылып, мөр соғылады.

Егер сарапшыға заттай дәлелдемелерді (киімдерді, аяқ киімді т.б.) жіберу мүмкін болмайтын болса, оларға жабысқан түйіршіктерді ақырын алып, орап, қай жерден алынғандығы хаттамада көрсетіледі.

Аяқ киім табанындағы тағадағы және аяқ киімнің үстіндегі ластарды ақырын алып, орап, қай жерден алынғандығы жазылады. Тағадағы балшық, не болмаса із жақсы сақталатын болғандықтан оған аса көңіл аудару керек.

Оқиға болған жер аумағындағы топырақтың беткі қабаты құрғақ болса немесе бұл аумақ көгал болса, онда бұл заттай дәлелдеме басқа қайнар көзден ластанғандығын білдіреді.

Оқиға болған жерді анықтау сол жердің топырағын алумен анықталады. Зерттеуге жіберілетін топырақтың үлгісі қанша болу керек екендігі сол жердің топырағының құрамына, шөптердің түрлеріне байланысты (егер, жер әртүрлі болса үлгі көп болады). Топырақтың үлгісі келесідей екі түрге бөлінеді: 1) салыстырмалы түрі – бір жерден немесе бірнеше жерден алынады; 2) бақылау түрі – сол ортаның айналасынан алынады. Мысалы, аяқ киімнің табанындағы балшық (сезікті адамның жұмыс істейтін жерінің, болмаса тұратын жерінің балшығы)-бақылау түріне жатады.

Топырақ үлгілері (салыстырмалы және бақылау түрлері) -50 гр.; -200 гр. – дейін алынады. Үлгі топырақ болса, оны полиэтилен-дорбасына салу қажет. Үлгі жол бойында дұрыс сақталуы үшін оны ораған зат мықты болуы тиіс. Топырақтың әрбір үлгісін қай жерден, қандай тереңдіктен алынғандығы, уақыты, нөмірі хаттамада бекітіледі. Топырақтану зерттеу сарапшысына топырақ үлгісі оқиға болған жерді қараудан кейін көп уақыт өткізбестен дереу жеткізілуі керек. Себебі уақыт өткен сайын топырақтың қасиеттері өзгереді. Топырақ үлгісін қандай тереңдікте алу, тексерілетін заттың қаншалықты тереңдікке кіргеніне байланысты. Мысалы, тексерілетін объект етік болса, онда үлгі-топырақ 1-2 см тереңдіктен алынады.

Алынған үлгілер хаттамада толық, әрі жан-жақты сипатталып, оларға нөмірлер қойылады.

 

§ 5. Талшық заттарды зерттеу

 

Тергеу тәжірибесінде табиғи талшық заттарды криминалистикалық тұрғыдан зерттеу кеңінен қолданылып жүр. Себебі олар күнделікті өмірде жиі кездеседі және қылмыстық істерді (кісі өлтіру, зорлау, көлік оқиғасы т.б.) ашуда маңызды роль атқарады. Көрсетілген қылмыстарды ашу кезінде оқиға болған жерде қылмыскердің киімі мен жәбірленген адамның киімінің, не болмаса көліктің кейбір бөлшектері (қолғап, белбеу, бәтеңке бауы, ілгек, жіп, матаның қиығы) қалады.

Аталған қылмыстарды ашуда криминалистикалық зерттеудің негізгі мақсаты әрбір жеке бөлшектердің бір затқа жататындығын анықтау. Мысалы, қолғаптың біреуі екіншісінің сыңары, белбеу күртешенікі, ілгек көйлектікі екендігін және т.б.

Көптеген табиғи талшық заттарды қылмыскерлер заттай дәлелдемелерді жасыру мақсатында оларды орауға, буып-түюге пайдаланады, мысалы: қапшық, жіп, маталар т.б..

Нақты айтқанда талшық заттар мен олардан жасалған бұйымдарды криминалистикалық зерттеудің мақсаты – белгілі бір тәсілдерді қолданып, талшық заттардың болған оқиғамен байланысын білу арқылы сол болған оқиғаның ақиқаттығын анықтау. Талшық және одан жасалған заттарды зерттеу арқылы мына төмендегі мәселелерді анықтауға болады:

- жіптердің, маталардың, жіп бұйымдарының және басқа да заттардың тектік, топтық тегін анықтауға;

- талшық зерттелетін заттың қай жерінде орналасқанын анықтауға;

- тоқыма талшықтарымен былғанған киім іздері бойынша бір киім мен екінші киімнің байланысын анықтауға;

- тоқыма талшық іздері мен басқа микроіздер бойынша киім мен кісі өлтіру құралының, не болмаса көлік бөлшектерімен арақатынасын анықтауға болады.

Бұл мәселелерден басқа да мынандай жағдайларды да шешуге болады: талшықтың жалпы ортақ шығу тегін, дайындау тәсілдері мен киімінің немесе тоқыма бұйымдарының зақымдалу жағдайларын және себептерін.

Талшық зерттеу мүмкіншіліктеріне байланысты тергеуші мынандай сұрақтарды анықтай алады:

- зерттелетін заттың бетінде өзге заттардың қабатталуы орын алды ма, егер орын алса сезікті немесе жәбірленушінің киімінің талшықтары бір топқа жата ма;

- зерттелетін киім талшығы қылмыскердікі ме, болмаса жәбірленушінікі ме, ол жерде кісі өлтіру және көлік құралдарының іздері бар ма;

- зерттелетін күлде киімнің және басқа талшық заттардың қалдығы бар ма, егер болса олар талшықтың қай түріне жатады және оны не үшін пайдаланады;

- зерттелетін киімнің немесе талшық бұйымдарының бөлшектері бұрын бір бүтін болған ба;

- талшық заттары қалай жасалған және қалай сақталған.

Талшық заттарды зерттегенде тырнақ астында қалған талшықтарға аса қөңіл бөлінуі қажет. Бұл тырнақ астындағы талшықты зерттеу арқылы сезіктінің, не болмаса жәбірленушінің киімдерінің талшықтарымен сәйкестігін немесе өзгешелігін анықтауға болады.

Талшық бөлшектері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізудің бүгінгі таңда даму деңгейіне сәйкес, әртүрлі киімдерден көп мөлшерде табылған талшық бөлшектері мен талшық түрлерінің әрқайсысы қай киімге тән екендігін анықтау қиынға соғады. Мұның себептері:

- біріншіден, киімнің бетінде басқа жақтан жұққан талшықтардың болуы;

- екіншіден, талшықтардың зерттелетін затқа жұққан уақытының белгісіздігі (оқиға болғанға дейін, оқиға болған сәтте, мүмкін оқиға болғаннан кейін);

- үшіншіден, киімдер бір-біріне араласқанда олардың талшықтары бір киімнен екінші киімге түгелдей жұқпауынан.

Талшық заттарына: талшық бұйымдары, техникалық талшықтар (жіптер, маталар, трикотаждар, киіздер және басқалар) жатады, олардың түрлері өте көп. Сондықтан, талшықтар және одан жасалған заттар бір үлгімен жіктеледі. Олар: ғылыми-техникалық, технологиялық, сауда-саттық және т.б.

Табиғи талшық заттарды зерттеуде олардың оқиғаны шешуге көмектесетін өзіндік жіктеуі бар. Мысалы, табиғи талшық заттар әртүрлі кластарға бөлінеді: әрбір талшық олардың қосындысы, көлемі; жіптің әрбір кесіндісі, олардың қосындысы және көлемі; киімнің түрлері, комплектісі және олардың бөліктері. Бұл кластар әрі қарай түрге және топтарға бөлінеді. Мысалы, бір түсті талшықтар түрдің (қызыл, сары, көк т.б.) бірінші деңгейін құрайды; түрі бір және бір түсті талшықтар (қызыл түсті мата, көк түсті т.б.) екінші деңгейді құрайды; ал бір түсті, түрі бір, бір технологиямен дайындалған талшықтар үшінші деңгейді құрайды.

Талшық және талшық заттарының жіктелуін білу тергеушіге заттай дәлелдемелерді қалай алуға және сарапшыға дұрыс сұрақтар қоюға көмектеседі.

Белгілі бір заңдылықты сақтай отырып тергеуші оқиға болған жерден төменде көрсетілген заттай дәлелдемелерді алады:

- жәбірленуші адамның немесе мәйіттің киімдерін;

- сезікті адамның оқиғаға қатысты барлық киімдерін.

Киімдерді сараптамаға жіберуге дайындағанда келесідей шарт талаптары міндетті түрде сақталуы тиіс: жәбірленушінің киімдері сезікті адамның киімдерімен және басқа да заттармен араласпауы керек; әрбір зат (киім) жеке жылтыр қағазға, калькаға, целлофанға немесе полиэтилен пакетіне оралады; заттай дәлелдемелер калькамен, жылтыр қағазбен, целлофанмен не болмаса полиэтилен қабыршағымен жабылған үстелдің үстінде тексеріледі; заттарды тазалауға, жууға, шайқауға болмайды; тергеуші жәбірленушінің, сезіктінің немесе мәйіттің киімдерімен қатар, олардың тырнақтарын да алып талшық зерттеу сараптамасына жібереді, әрі қарай ол заттар сот-медициналық, сот-биологиялық сараптамаларына жіберіледі. Заттай дәлелдемелерді алу қиын болған жағдайларда тергеуші мамандарды шақырады.

Заттай дәлелдемелерді алу және пайдалану барысында көптеген кемшіліктер кездесуде. Соның ішінде төмендегідей кемшіліктер жиі кездеседі:

- тергеуші өзінің заттарды сарапшыға жіберу туралы қаулысында жоғарыда көрсетілген қағидаларды сақтамай жалпы сұрақтар қояды;

- заттай дәлелдемелер ережеге сәйкес алынбайды және буып-түйілмейді;

- заттай дәлелдемелерді сараптаманың қай түріне (талшық-зерттеу, трасологиялық, сот-медициналық, сот-биологиялық т.б.) бұрын жіберу кезектілігі сақталмайды;

- заттардың бір-бірімен араласып кетпес үшін, оларды сарапшыға жеке буып-түйіп жіберу тәртібі сақталмайды;

- көбінде жәбірленуші мен сезіктінің тырнақтары сараптамаға жіберілмейді;

- кейде оқиғаның қалай, әрі қандай жағдайларда болғанына және оқиғаға байланысты қажетті басқа да мәліметтер сарапшыға жіберілмейді немесе олар хаттамада көрсетілмейді.

Осы аталған мән-жайлар толық әрі белгіленген талаптарға сәйкес жіберілсе сарапшының зерттеуді дұрыс жүргізіп нәтижелі қорытынды жасауына себебін тигізеді.

 

 

ТАРАУ

КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ГАБИТОСКОПИЯ

§1. Криминалистикалық габитоскопияның түсінігі және оның ғылыми негіздері

 

Габитоскопия – әртүрлі көріністегі адамның сыртқы бейнесін бекіту заңдылықтарын зерттейтін және қылмыстарды ашу мен алдын алу мақсатында сыртқы бейне туралы мәліметтерді жинау, зерттеу және пайдаланудың техника-криминалистикалық құрал-жабдықтары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіретін криминалистикалық техниканың бір саласы болып табылады.

Адамның сыртқы бейне белгілері бойынша танудағы криминалистикалық ілімді жете меңгеру – білім жетістіктерін тәжірибеде кеңінен қолданып қылмысты тергеу мен айыпкерді іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Адамдарды идентификациялау үшін криминалистикада әртүрлі әдістер мен тәсілдер жетілдірілген (өңделген). Идентификациялауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі – адамды сыртқы бейне белгілері бойынша теңдестіру болып табылады.

Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялаудың әдістері мен ғылыми негіздері жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне: анатомия, физиология, сот-медицинасы, математиканың кейбір бөлімдеріне, жедел-іздестіру және сараптама тәжірибелеріне сүйене отырып ұзақ жылдар бойы қалыптасқан.

Адамдарды криминалистикалық идентификациялауға мүмкіндіктің болуы, кез-келген адамның сыртқы бейнесінің басқа адамда қайталанбайтын белгілерінің болуына байланысты. Әлемде сыртқы бейне белгілері жиынтығы бойынша бірдей екі адам кездеспейді, тек бір-біріне ұқсас адамдар кездеседі. Бұл қағида криминалистикалық идентификация теориясы мәліметтеріне және тікелей анатомиялық мәліметтерге негізделеді. Барлық материалдық дүние объектілері өзіне-өзі ғана тең, тіпті бір тектес объектілердің өзінде де бір-бірінен айыратын ерекшеліктері болады.

Адамның сыртқы бейнесінің барлық белгілері тұрақты емес, олар жиі өзгерістерге түсіп тұрады.

Адамның сыртқы бейнесінің ең мәнді өзгерістері ұзақ уақыт ішінде пайда болады. Олар әсіресе адам сүйегі қалыптасқан кезеңдерде көзге қатты түседі, яғни балалық және бозбалалық кезеңдерде. Жасөспірімдердің өзгеріске ұшыраған белгілерін бейнелеу немесе суретке түсіру және теңдестіру жолдарымен бекіту аралығында айтарлықтай көп уақыт өтпейтіндіктен криминалистикада ол белгілердің мәнді маңызы жоқ. Ұзақ жылдар өтсе де, кейбір белгілер қатты өзгеріске ұшырамайды (мысалы: адамның құлақ қалқаны, оның формасы, бөлшегі).

Адамның сыртқы бейнесі травмалық зақым алған жағдайда қатты өзгеріске ұшырайды, бірақ зақым көбінде адамның бетінің жеке бөліктеріне ғана түсуі мүмкін (мысалы: тыртық, күйік), сондай-ақ ол салыстырмалы түрде аз кездеседі.

Сыртқы бейненің ең тұрақты белгілері сүйекті-шеміршек негізімен байланысты, мысалы: адам бетінің формасы, маңдай формасы мен оның орналасуы, мұрын арқалығының формасы және оның орналасуы, құлақ қалқаны және т.б..

Адамды идентификациялауға пайдаланатын сыртқы бейне белгілері:

· тұрақты (белгілі бір уақыт аралығында салыстырмалы өзгеріссіз) болуы тиіс;

· салыстырмалы түрде сирек кездесетін;

· салыстырмалы түрде басқа белгілерге тәуелсіз болуы керек.

Теңдестіру кезінде жиі кездесетін белгілерге қарағанда сирек кездесетін белгілердің маңызы зор. Сыртқы бейненің белгі жиынтығын дұрыс қолданған жағдайда ғана теңдестіру нәтижелі жүргізіледі.

Адамды сыртқы белгілері бойынша теңдестірудің ғылыми әдістемесі 1880-жылдары қалыптаса бастаған. Француз криминалисті Альфонс Бертильон қылмыскерлерді тіркеу жүйесін қалыптастырған, оның бір бөлімі адамның сыртқы бейне белгілерін арнайы термин қолдану арқылы суреттеуден тұрады. Бейнелеуді «ауызша суреттеу» немесе «сөзді портрет» деп айтады. Бұл әдіс бойынша адамның сыртқы бейнесі нақты суреттелді. А. Бертильон адам бейнесінің 49 түрін анықтаған, оның көпшілігі құлақ қалқанының әртүрлі бөлшектерінен тұрады. Дактилоскопиялық тіркеу жүйесінің кеңінен таралуына байланысты А. Бертильонның бұл жүйесі өзінің тәжірибелік мәнін жоғалтты. Дегенімен де ауызша суреттеу әдісі одан әрі дамып шарқына жетті. Қазіргі уақытта ауызша суреттеу жүйесін қылмыскерлерді, танылмаған мәйіттер мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды және т.б. тұлғаларды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялау мақсатында қолданады. Сондай-ақ ауызша суреттеу барлық жағдайда, яғни адамның жеке басы анықталмаған (мысалы: төтенше жағдайлардың, апаттардың, табиғи апаттардың болуына байланысты адамдардың жаппай қаза болған) кезде немесе қылмыскер өзінің шын атын қасақана жасырған жағдайларда қолданады.

Сыртқы бейне белгілері бойынша сәйкестендіруді азаматтық сот өндірісі (алимент өндіріп алу ісі бойынша жауапкерді анықтау) кезінде де қолданылады. Адамның сыртқы бейнесі бойынша идентификациялауды тарихшылар, өнертанушылар, әдебиеттанушылар және басқа да ғылым өкілдері пайдаланады. Қылмыскерлердің сыртқы бейнесі белгілерін телевизор, газет және полиция мәліметтері бойынша хабарлануы арқылы олардың тез арада ұсталуына көмегін тигізеді.

Адамның сыртқы бейнесінің жекелігі (қайталанбауы) мен өзгермейтін белгілерінің жиынтығы адамның идентификациясының ғылыми негізін құрайды. Сыртқы бейнесі бойынша идентификациялау мен диагностикалаудың ғылыми негізі мен әдістемесі анатомия, адам физиологиясы, сот-медицинасы және математика мәліметтерін ескере отырып криминалистикада жетілдірілген.

 

§2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі

Адамның сыртқы бейнесінің элементтерін және олардың белгілерін негізге ала отырып, адамның сыртқы бейнесінің белгілері мен элементтер жүйесі дәстүрлі түрде топтастыру арқылы қарастырылады. Адам денесінің құрылыс белгілері мен элементтері және оның өмір сүру әрекетінің көрініс табуы - өзіндік белгілер деп аталады. Олар адамның өзіне ғана тән, оның сыртқы бейнесі бөлінбейді, тек өзіне тиесілі. Адамның сыртқы бейнесін толықтыратын белгілері мен элементтері жалғаспалы болып табылады. Олар адам денесінің құрылыс элементтеріне жатпайды, бірақ қандай да бір көлемде өзіндік белгілер мен элементтерді анықтауға (жасын, жынысын, әдет-дағдысын, жүрісін және т.б.) мүмкіндік береді.

Жалғаспалы элементтер мен олардың белгілеріне: киім, ұстап жүруге арналған ұсақ заттар адамның сыртқы бейнесі (немесе олардың бөлшегі) мен олардың белгілерін бейнелеуге қолданатын нәрселер.

Өзіндік элементтер мен олардың белгілері жалпыфизикалық, анатомиялық және функционалдық болып бөлінеді.

А. Адамның сыртқы бейнесінің жалпыфизикалық және демографиялық элементтеріне - оның жынысы, жасы, антропогендік типі жатады. Жалпы физикалық белгілер адамның анатомиялық, функционалдық және жалғаспалы белгілерінен, адам денесінің жалпықұрылыс белгілерінен, бет белгілерінен, киімінен және басқа да атрибуттарынан көрініс табады. Сондықтан да жалпыфизикалық элементтер мен оның белгілерін көбінде кешенді деп те атайды.

Адамның жынысы, жасы, оның түріне сырттай қарау арқылы анықталады. Мысалы: 20-25 жас аралығында, өйткені адамның сыртқы бейнесі кейде нақты жасына сай келе бермейді. Антропологиялық типі – азиат, европа, монғол және т.б. типтес деп салыстыру арқылы анықталады.

Б. Адамның анатомиялық құрылыс ерекшеліктерін сипаттайтын белгілер анатомиялық (немесе статикалық) деп аталады. Белгілердің келесі тобының физиологиялық негізі адамның динамикалық стереотип қозғалысынан туындап, қатар жүретін шартты-рефлекторлы процестері бар белгілерді құрайды. Бұл – әдеттегі, автоматтандырылған адам қозғалысы мен денесінің және оның жекеленген бөлшектерінің (жүрісі, дене бітімі, қолын бұлғап сөйлеуі, бетін қимылдатып сөйлеуі) жай-күйі. Осы топқа кіретін белгілер функционалдық немесе динамикалық деп аталады.

Ауызша суреттеу әдістемесінде адамның сыртқы бейне белгілерінің қалыпты вариациясы ғана емес, сондай-ақ патологиялық формалар да (анатомиялық және функционалдық аномалиялары) мәнді маңызға ие болады. Олар «ерекше белгілер» деп жеке топқа бөлінеді. Ерекше топты бірден көзге түсетін, яғни салыстырмалы түрде сирек кездесетін, көзге айқын түсетін, есте оңай сақталынып қалатын белгілер құрайды. Қосымша белгілер тобына адам киімдері мен басқа да ұстап жүретін сипаттағы заттар жатады. Бұл белгілер іздестіру шараларындағы тану әрекеттерін жүргізуге қолданылуы мүмкін.

Ауызша суреттеу анатомиялық белгілерді олардың көлемімен, пішінімен, жай-күйімен қарастырады, ал кейбір жағдайларда түсін, санын және көзге көріну деңгейін (мысалы: әжімдерді) көрсетеді.

Адам денесінің пішіні оның денесінің басқа бөлшектерін көзбен шолып салыстыру жолымен анықталады. Мысалы: маңдай биіктігі мұрын және ауыз өлшемдеріне қатысты, қолдың ұзындығы адам бойына қатысты анықталады.

Ауызша суреттеу кезінде үш сатылы, бес сатылы және жеті сатылы градациялар қолданылады. Мысалы: үш сатылы градация бойынша маңдай өлшемдеріне байланысты – төмен, орташа, биік деп сипатталады. Егер де оған өте төмен және өте биік деген сипаттау мөлшерін қосатын болсақ, бес сатылы градация пайда болады. Ал, осыған тағы да екі мөлшерді: орташадан төмен және орташадан жоғары деп қоссақ, жеті сатылы градация деп аталады. Бұл градацияларды қолдану мақсатына қарай жедел-іздестіру тәжірибесінде көбінде үш сатылы градация, ал сот сараптамасында бес және жеті сатылы градациялар пайдаланылады.

Дененің сыртқы пішінін сипаттау үшін геометриялық фигуралар мен сызықтардың терминологиясы (үшбұрышты, сопақ, тік, шығыңқы, ирелеңкі және т.б.) қолданылады.

Дене бөлшектерінің өзара орналасуы тік және көлденең жазықтыққа қатысты бекітіледі.

Шашқа, көзге, бет-әлпетіне, дақтарына, тыртықтарына, татуировкаға және басқа да ерекше белгілеріне қатысты ғана түстері көрсетіледі.

Бет-әлпеті екі түрлі көріністе сиаптталады: алдынан (бетпе-бет – фас) және жанынан (бір қырынан – профиль, ереже бойынша оң жағынан).

Анатомиялық (статикалық) белгілерді:

Адамның бойы қалыптасқан ереже бойынша үш деңгей шегімен анықталады: ер адамдар аласа (160 см.-ге дейінгі), орта (164-174 см.) және ұзын (174 см-ден жоғары) бойлы. Әйел адамдарына бұл деңгей мөлшері 5-10 см-ге кішірейтіледі.

Жалпы дене бітімі бойынша адамдар мықты, орташа және әлсіз деп ажыратылады. Адам денесіндегі май қыртысының шырайлығы бойынша арық, орташа, толық, сонымен қатар, өте толық және өте арық деп бөлінеді.

Басы. Адам басының көлемі жалпы дене бітімімен салыстыра отырып көрсетіледі, ал желкесінің формасы қырынан (тік, ішке кіріңкі және шығыңқы) бейнеленеді.

Шашы. Оның қалыңдығы, формасы, маңдайының алдыңғы бөлігіндегі шаштың өсу бағыты, таз болу және ақ шаштардың таралу дәрежесі, шаштың ұзындығы, прическасы, шаштың қиылу түрі, шашты бояу белгілері бекітіледі. Ал мұрты, сақалы және бакенбардысына байланысты оның ұзындығы, түрі, түсі көрсетіледі.

Бет-әлпеті. Алдынан қарағандағы жалпы формасы (дөңгеленіп келген, сопақша және т.б.), беттің қырынан қарағандағы жалпы пішіні (тік, (дөңес) кіріңкі және шығыңқы), толықтық дәрежесі мен түсі сипатталады.

Маңдайы. Қырынан қарағандағы биіктігі, орналасуы (ішке қарай кіріңкі, тік, шығыңқы) және жалпы пішіні сипатталады. Қас имегінің алдыға қарай шығуы және маңдай дөңестерінің болуы көрсетіледі. Бетпе-бет қарау жағынан маңдайдың ені бекітіледі.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.016 сек.)