АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

ТІНТУ ТАКТИКАСЫ 23 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Мәйіттің қол саусақ таңбаларын дактилоскопиялық картаға түсіру үшін, оның жеке –жеке саусақтарын бөлек қағазға түсіріп алып, содан кейін оның әр саусақтарының іздерін қандай саусақтан алынғанын айта отырып, оң қолының саусақ таңбалары бір бөлек, сол қолының таңбалары бір бөлек әр саусағының аты жазылып қағазға жапсырылады. Егер мәйіттің сіресіп қатып қалуы бірден байқалса дактилоскпияға түсірмес бұрын қолдың сіңірін кесу жұмыстары сот –медициналық маманына жүктеледі. Сондай –ақ ұзақ уақыт суда жатып қалған немесе мумификацияланған (кеуіп қалған) мәйіттерді дактилоскопиялау сот –медициналық мамандарына тапсырылады.

Дактилокарталар белгілі бір тәртіппен реттеледі: он саусақ, бес саусақ және бір саусақ (монодактилоскопиялық) жүйесі бойынша. Дактилокарталарда осы аталған саусақтар бойынша бәрінің немесе әрқайсысының жеке –жеке белгілері туралы мәліметтер тіркеледі.

Он саусақ жүйесі бойынша айыпкерлер, ұсталған тұлғалар, сотталушылар тіркеуге алынады.

Дактилокарталарды жүйелеу қол саусақтарының папиллярлы өрнектерін топтастыруға негізделеді. Папиллярлы өрнектер үш түрге бөлінеді: 1) доға тәріздес; 2) ілмек тәріздес; 3) шеңбер тәріздес (шеңберлі).

Доға тәріздес өрнекте папиллярлы сызықтар саусақтың бір жақ шетінен екінші жағына қарай бағытталып жүріп доға тәріздес суретінен тұрады, орталық ағымның папиллярлы сызықтары бір жақтан басталып ортаға келгенде көтеріледі және саусақтың екінші жағынан аяқталады. Доға тәріздес өрнекте дельта болмайды. Доға тәріздес өрнекте пирамида тәріздес (шұғыл (кілт) иілген сызықтардан тұратын) және шатыр тәріздес бірнеше түрлері болуы мүмкін яғни орталығында тік немесе еңкіш сызықтары бар пирамида тәріздес өрнектер.

Ілмек тәріздес өрнекте ішкі суреттің сызықтары әдетте саусақтың бір жақ төменгі жағынан басталып, жоғарыға және орталыққа қарай бағытталады, ортаға келгенде бірден иіліп барып ілмек жасайды және сол келген бағытына қарай қайтадан қайтады. Папиллярлы сызықтың иілген бөлігі (жері) ілмектің басы, ал қалған бөлігі ілмектің аяғы деп аталады. Ілмек басының орталық нүктесі ілмектің ұшы деп аталады.

Ілмек тәріздес өрнекте көбінде бір дельта болады. Ол базистік (өрнектің негізінде орналасқан) және перифериялық сызықтардың (ілмекті жоғарғы және төмен жағынан иіп тұратын сызықтар) бір-біріне жақындап тоғысатын жерінде орналасады. Ілмек тәріздес өрнектің типіне жатқызу үшін орталық ағымда толық ілмек құрайтын кемінде бір сызықтың болуы жеткілікті. Ішкі суретінің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты ілмек тәріздес өрнектердің бірнеше түрлері бар. Олар: тік сызықты, көлденең, бас жағы иілген, тұйық ілмек-ракеткалы, параллельді және қарама-қарсы деп бөлінеді. Ілмек тәріздес өрнек шынашаққа бағытталған (ульнарлы) және бас бармаққа бағытталған (радиалды) болып келеді. Ілмектің ашық бөлігі шынашаққа қарай бағытталса ульнарлы, ал бас бармаққа қарай бағытталса радиалды деп аталады.

Шеңберлі өрнекте - өрнектің орталық оң және сол жақ бөлігінде дельта болып, арасында концентрлік шеңбер, сопақша, спираль, дөңгеленіп келген (егіз-қос сызықтар) ілмек түріндегі суреттер орналасады. Шеңберлі өрнекте екі (кейде үш, төрт) дельта кездеседі.

Нақты картотекада көрсетілген саусақтың папиллярлы өрнегінің ерекшеліктері ескеріле отырып толтырылатын арнайы формуланың көмегімен дактилоскопиялық карталарды жүйелеуге мүмкін болады. Тіркеу жүйесінің екі бөлек формулалары бар: негізгі, қосымша. Олар картаның беткі бетінің оң жақ жоғарғы бұрышына жазылады.

Негізгі формула шеңберлі өрнекті жұп санды саусақтардың шартты сандық белгілердің қосындысына бір санын қосудан тұрады. Ал бөлімі, керісінше, шеңберлі өрнекті тақ санды саусақтардың сандық белгілердің қосындысына бір санын қосудан тұрады. Саусақтың тақ, жұп екені бас бармақтан шынашаққа қарай оң қолдан сол қолға өту арқылы кезектесіп анықталады.

Саусақтың тиісті сандық белгісін анықтау үшін ең алдымен саусақтарды жұптарға бөлеміз. Сәйкес жұптарға келесідей сандық анықтамалар беріледі: оң қолдың бас бармағы мен сұқ саусағы – 16; оң қолдың ортаңғы мен төртінші саусағы – 8; оң қолдың шынашағы мен сол қолдың бас бармағы – 4; сол қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусағы – 2; сол қолдың төртінші саусағы мен шынашағы – 1;

Формуланың негізгі бөлігін шығаруға мысал келтірейік: оң қолдың сұқ саусағы мен шынашағы және де сол қолдың бас бармағы мен ортаңғы саусақтары шеңберлі өрнекті болсын. Сонда келесі формуланы есептеп шығарамыз:

16+0+4+2+0+1=23

0+0+4+0+0+1=5

Қосымша формуланың алымында оң қолдың барлық өрнектеріне сәйкес тиісті сандық белгілері, ал бөлімінде сол қолдың сандық белгілері (оларды бір-біріне қоспай, кезектесе орналастырамыз) көрсетіледі. Қосымша формуланы қосымша бөлігін шығару үшін папиллярлы өрнектердің түріне, типіне байланысты тиісті әртүрлі сандық белгілері беріледі.

Доға тәріздес өрнектер – 1; радиалды ілмек тәріздес өрнектер – 2; ульнарлы ілмек тәріздес өрнекте, егер дельтаның тармақтарының екі жаққа бөлінуі мен өрнектің ортасы арасындағы сызықтар саны 1-ден 9-ға дейін болса – 3; сызықтар саны 10-нан 13-ке дейін болса – 4; 14-тен 16-ға дейін болса – 5; 17-ден жоғары болса – 6; шеңберлі өрнекте дельталардың ішкі орналасуы (сол дельтаның төменгі тармақшасы оң дельтаның төменгі тармақшасынан жоғары орналасып, арасында екеуден көбірек сызықтары болады) кезінде – 7; дельталардың орташа орналасуы (дельталардың төменгі тармақшалары бір сызықтың бойында жатса немесе екеуінің арасында бір немесе екі сызық орналасса) кезінде – 8; дельталардың сыртқы орналасуы (сол дельтаның төменгі тармақшасы оң дельтаның төменгі тармақшасынан төменірек орналасып, арасында екеуден көбірек сызықтары болады) кезінде – 9; Қосымша формуланы есептеп шығаруға мысал келтірсек: оң қолдағы бас бармақтың өрнегі – доға тәріздес (1); сұқ қол – сызықтар саны 15 ульнарлы ілмек тәріздес өрнек (5); ортаңғы саусақ – дельталары сыртқы орналасқан шеңберлі өрнек (9); төртінші саусақ – радиалды ілмек тәріздес өрнек (2); шынашағында – сызықтар саны 19 ульнарлы ілмек тәріздес өрнек (6). Сонда бөлшектің алымы 15926 сандарынан тұрады. Осындай жолмен сол қол бойынша бөлшектің бөлімін есептеп шығарамыз.

Дактилоскопиялық формула әр адамға тиесілі жеке түрде болмай, тек қана карталар арасынан белгілі бір карталар тобын бөліп алуға мүмкіндік береді. Осы топ ішінен тексерілетін адамның өрнектерін салыстыра отырып табуға болады.

Қылмысты жасалу тәсілі бойынша тіркеу. Тіркеудің бұл түрі өзара байланысқан екі картотека арқылы жүргізіледі. Біріншісінде белгісіз тұлғалармен жасалған қылмыстардың, ал екіншісінде жеке басы анықталынбаған тұлғалармен жасалынған қылмыстардың жасалу тәсілдері сипатталады. Тіркеу карточкалары жүйеленіп, есепке алынатын белгілері бойынша кезектілікті сақтай отырып картотекада орналастырылады. Алдымен қылмыстың түріне қарай топтарға бөлінеді, ал әр топтың ішінде оқиға болған жерге (мысалы: қоймада, дүкенде, пәтерде жасалған ұрлық), қылмыскердің қолданған техникалық құралдарының сипатына, жасалған әрекеттердің ерекшеліктеріне және т.б. байланысты шағын топтарға іріктелінеді.

Криминалдық полициямен жүзеге асырылатын тіркеу бірқатар сұрақтарды шешуді жеңілдетеді: а) бірнеше ашылмаған қылмыстар бір тұлғамен жасалынбаған ба? ә) осы қылмысты жасаған тұлға бұрын сотталғандардың және қылмыс жасауға бейім тұлғалар тіркеуінде жоқ па? б) тергелетін қылмыс бұрын жасалу тәсілі бойынша тіркеуге алынған тұлғамен жасалынған жоқ па?

Сыртқы белгілері бойынша тіркеу. Тіркеуге рецидив-қылмыскерлерді, іздеудегі қылмыскерлердің кейбір категориясын және жәбірленуші немесе куәның сыртқы бейнесін есінде сақтап қалған белгісіз соттан бой тасалап жүрген қылмыскерлерді алады. Тіркеу танытуға көрсету фототүсірілімдерін жасау және «сөзді портрет» әдісімен сыртқы белгілерін сипаттау негізінде жүзеге асырылады. Фото - суреттер фотоальбомдар немесе фотографиялық картотека (фототека) түрінде жүйеленіп сақталынады, ал сыртқы белгілері суреттелінген карточкалар – белгі картотека түрінде, сонымен қатар компьютерде сақталынады.

 

§5. Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді тіркеу.

 

Бұл тіркеудің орталықтанған-жергілікті түрі белгілі бір тұлғаның жоғалып кету себебіне және жеке басы анықталынбаған мәйіттерді анықтау мақсатымен жүргізіледі. Өзара байланысатын екі картотека түрінде жүзеге асырылады, біреуінде – хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұлғалар, ал екіншісінде – жеке басы анықталынбаған мәйіттер тіркеледі.

Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұлғаларды тіркеу карточкасы тергеуші немесе жедел қызметкерімен жоғалған тұлғаның жоғалу уақыты мен жағдайлары, тұрмыс қалпы, қарым-қатынасы, әдет-дағдысы және өзге де сипаттаушы мәліметтері анықталынғаннан кейін екі данада толтырылады. Карточкада, сонымен қатар, жоғалған тұлғаның демографиялық мәліметтері бекітіліп, жоғалған тұста көрген куәлардың көрсетпелері бойынша сыртқы бейне белгілері мен үстіндегі киім, аяқ киім белгілері сипатталады. Карточкаға қосымша: мүмкіндігіне қарай жоғалу уақытысына жақын аралықта түсірілген фотосуреттері, егер бұрын дактилокөшірмелер жасалынса, солардың дактокарталарының фоторепродукциясы және де жоғалып кеткен тұлғаның ұстаған заттарынан табылған қол іздерінің фототүсірілімдері тіркеледі.

Карточкалар ең алдымен жынысының қатыстылығына қарай, одан кейін жасы және бойы бойынша жүйеленеді.

Жеке басы анықталынбаған мәйіттердің табылуына байланысты карточка екі данада толтырылады. Онда: мәйіттің табылу орыны, уақыты, жынысы, бойы, сонымен қатар өзге де сыртқы белгілері, соның ішінде: тіс аппаратының ерекшелігі, көзге түсетін (айрықша) белгілері, киімінің, аяқ, бас киімінің белгілері көрсетіледі. Осыған қоса сот-медицина сараптамасымен анықталатын мәселелер: өлім уақытысы мен себебі, қан тобы мен түрі, бұрын ауырған науқастары (сырқаттары); әйел мәйітінде – қыз абыройының, екі қабаттылығының, зорлау және түсіктің болу-болмауы көрсетіледі. Табылған мәйіттің танытуға көрсету фотосуреттері, қол саусақтарының көшірмелері және киім матасының үлгілері карточкаға қоса тіркеледі.

Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұлғалардың карточкасы жеке басы анықталынбаған мәйіттердің карточкалары арқылы тексеріледі және керісінше де жүзеге асырылады.

 

§6. Ұрланған, жоғалған, алынған, өз еркімен тапсырылған иір оқпанды атыс қаруларын, сонымен қатар ашылмаған қылмыстар жасалынған жерден табылған оқтарды, гильзаларды және патрондарды тіркеу.

Бұл тіркеудің түрі арқылы ұрланған және жоғалған атыс қаруларын іздестіру шараларын жүргізуге, сонымен қатар атыс қаруын қолданып жасалынған қылмыстарды ашу мен тергеуге мүмкіндік туғызады. Тіркеу келесідей картотекалар түрінде жүргізіледі: а) ұрланған және жоғалған ату қарулары бойынша; б) табылған, алынған және өз еркімен тапсырылған атыс қарулары бойынша жеке оқ-гильза картотекасы жүргізіледі.

Қару-жарақ тіркеуге қойылмас бұрын оқ-гильза картотекасы бойынша тексерістен өтеді. Оқ-гильзалардың ішінде осы қарудан атылғандары бар ма, яғни ашылмаған қылмыстар бойынша осы қарудың қолданған-қолданбағандығы анықталады.

Тіркеу карточкасында қару-жарақтың түрі, жүйесі, моделі, шығарылу жылы, нөмері, сыртқы бейнесінің белгілері, құрылысының ерекшеліктері бекітіледі. Картотекадағы карточкалар ең алдымен қару-жарақтың түрі бойынша, содан соң жүйесі, моделі, нөмері және өзге де белгілері бойынша орналастырылады. Оқтар, гильзалар, патрондар калибрі бойынша іріктелініп, содан соң іздер қалдырған қару-жарақтың түрі, жүйесі және моделі бойынша тіркеледі.

Коллекцияда сонымен бірге оқ, гильза, патрондардан көрініс тапқан қару-жарақ бөліктері ерекшеліктерінің үлкейтілген фотосуреттері сақталынады.

 

§7. Ұрланған, табылған және алынған заттарды тіркеу.

 

Жоғарыда көрсетілген тіркеудің бірінші түрі ұрланған заттарды іздестіруге септігін тигізеді. Тіркеуге әртүрлі заттар алынады. Олар бұрын қылмыскерлер ұрлаған, тастап кеткен немесе жоғалтқан деп жорамалдауға негіз бар кезде ұрланған немесе табылған заттар ретінде жеке немесе мемлекеттік меншіктегі мүліктер бола алады. Сонымен қатар, тінту немесе ұстау кезінде алынған иесі белгісіз заттар.

Тіркеуге алынатын заттардың белгілері толық егжей-тегжейлі жекелендірілетін белгілерімен қоса сипатталуы керек. Картотекаға сәйкес заттардың, оған ұқсас заттардың фототүсірілімдері, зат жасалынған материалдар үлгілері мүмкіндігінше қосымша тіркеледі. Карточкалар ең алдымен заттардың криминалистік маңыздылығы бойынша (ұрланған, жоғалған және т.б.), содан соң олардың атауы (алфавиттік тәртіппен), түрі және топтық белгілері бойынша жүйеленеді.

 

 

III-БӨЛІМ. КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТАКТИКАНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

ТАРАУ.

КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ТАКТИКА

Қылмыстық істерді тергеу заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қылмысты дер кезінде ашып, керекті дәлелдемелерді кідіртпей жинап алу үшін тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерімен шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде де ол осы арқылы неғүрлым көп және құнды дәлелдемелер жинап алу үшін осы сәтте қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер мен тәсілдерді қолданады.

Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыскердің қылмыстың ашылуына кедергі жасау үшін қолданып отырған айла - әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша объективті дәлелдемелер жинау.

Криминалистика ғылымының осындай тергеу үстінде әрқилы ситуациялық жағдайларға байланысты қолайлы әдістер мен тәсілдерді қолдану және тергеуді ұйымдасқан түрде, жоспарлы жүргізу жөніндегі қағидаларды оқытатын негізгі бір бөлімін криминалистикалық тактика дейді.

Сонымен, криминалистикалық тактика дегеніміз – тергеу әрекеттерінің тиімділігін, нәтижелілігін арттырып, іс бойынша керекті дәлелдемелерді дер кезінде жинауға, мұнымен қатар тергеуді ұйымды және жоспарлы түрде жүргізуге бағытталған, заң шеңберінде қолданылатын тиімді де, қолайлы тәсілдер жөніндегі ғылыми ережелердің жиынтығы. (Примечание 1) [1]

Криминалистикалық тактиканың осы келтірілген жалпы ережелерін және түсінігін тұжырымдап, нақтылайтын болсақ, оны қамтитын тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде осы сәтте туындаған тергеу ситуациясына байланысты дұрыс, ықшамды позиция ұстауы, осы ситуацияға байланысты нәтижелі және тиімді тәсілдерді қолдану, тергеуді ұтымды жүргізу үшін өз жұмысын дұрыс жоспарлау.

Кейбір оқулықтарда криминалистиканың бұл бөлімін тергеу тактикасы деп те атайды. Бірақ тактикалық тәсілдердің қолданылуы алдын ала тергеумен шектелмейді. Тактикалық әдістердің көбі сот мәжілісінде де қолданылады. Сондықтан тергеу тактикасы деген ұғым бұл әдістердің қолдану жүйесін толық қамтымағандықтан, бұл бөлімді криминалистикалық тактика деп атау өте орынды.

Криминалистикалық тактика криминалистиканың басқа да бөлімдерімен тығыз байланысты. Айталық, криминалистикалық құрал-саймандарды тергеу үстінде қолданып, пайдалану ерекшеліктері әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Жаңа криминалистикалық құрал-саймандар пайда болса, оларды тергеу әрекеттерін жүргізгенде қолдану әдістері криминалистикалық тактикада қаралады. Сонымен қатар, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдер тергеліп жатқан қылмыстың түріне байланысты. Жалпы тактикалық тәсілдер әр қылмыстың тергеу әдістемесінің ерекшелігіне байланысты өзгертіліп, осы қылмысты ашуға, тергеуге бейімделіп қолданылады. Мысалы, оқиға болған жерді қарау тактикасы – тактикалық тәсілдерді пайдалану ерекшелігіне, жасалған қылмыстың түріне байланысты. Айталық, жол-көлік оқиғасы болған жерді қарағанда бір тактикалық әдіс қолданылса, керісінше, басқа тактикалық әдістер ұрлық болған жерді қарау үстінде қолданылады. Сондықтан әр тергеу әрекеттерінің тактикалық тәсілдері жеке қылмыстарды тергеу әдістемесі арқылы қылмысты ашу әдісі есебінде жүзеге асады.

Криминалистикалық тактика бөліміне әр тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын тәсілдермен бірге, тергеуді жоспарлау, тергеу үстінде тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының арасында қалыптасатын қарым-қатынастардың түрлері, тактикалық операция, тергеу ситуациясы деген сұрақтар да кіреді.

Криминалистикалық тактиканың ең бір негізгі, түйінді сұрақтарының бірі – ол тактикалық әдіс.

Жоғарыда айтқандай, тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына қоятын негізгі мақсаты – осы тергеу әрекетін жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау, осы айтылғанмен тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру. Ал енді осы мақсатқа жету үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап тұрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттер қолдану арқылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек. Міне, осындай тергеу әрекетін жүргізгенде қолданылатын әдіс-айланы тактикалық әдіс дейміз. Әрине, ақылға салмай, кез келген әдістерді қолдана беруге болмайды. Сондықтан қолданатын тактикалық әдістер белгілі бір талаптарға сай болуы керек. Тактикалық әдістерге қойылатын негізгі талап – оның заңға қайшы келмеуі, жеке адамның не заң тұлғаларының құқын бұзбауы және жалпы моральдық, этикалық қағидаларға сай болуы.

Мұнымен қатар тактикалық әдіске қойылатын талаптардың тағы бірі – тактикалық әдістің объективтігінің ғылыми тұрғыдан дәлелденгендігі, оның ғылымның бір саласына, айтайық логика, психология, педагогика т. б. ғылымдардың белгілі бір қағидаларына негізделуі (тактикалық әдістің ғылымилық қағидасы). Осы айтылғанды тұжырымдайтын болсақ, тактикалық әдіс дегеніміз ол заңға, этикалық талаптарға қайшы келмейтін, белгілі ситуациялық жағдайда, тергеу әрекетінің нәтижелілігін арттыру үшін тергеушінің қолданатын арнайы айла-әдістері. Осы бір тергеу әрекетінің шеңберінде қолданылатын тактикалық әдістердің бірнеше түрі болады. Тергеу әрекетін жүргізу үстінде туындаған ситуациялық жағдайға байланысты осы ситуацияға тиімді және ыңғайлы әдіс қолданылады. Кей жағдайда бір тергеу әрекетін жүргізгенде, бір сұрақты анықтауға тактикалық тәсілдердің бірнеше түрі бірдей, арнайы бір кезекпен қолданылады. Мұны криминалистикада тергеу әрекетін жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық комбинация дейді.

Тактикалык әдістердің, олардың комбинациясының қолданылуы тергеу ситуациясына байланысты екендігі жоғарыда айтылды. Сондықтан тергеу ситуациясы деген криминалистикалық санаттың ұғымына, түсінігіне тоқталайық. Тергеу ситуациясы дегеніміз – ол тергеудің белгілі бір кезеңінде айғақты мәліметтердің, дәлелдемелердің көлеміне және ерекшелігіне, істің мән-жайын анықтау мүмкіңдігіне байланысты қалыптасатын жағдай. Тергеу әрекеттерін жүргізудің кейбір ережелері қылмысты істер жүргізу заңында көрсетілген, сондықтан оларды тактикалық әдістер деп санауға болмайды. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай, ол заңда көрсетілген ережелердің көбі тергеу тәжірибесінде пайда болып, алғашқыда тактикалық әдіс есебінде қолданылғандығы. Тіпті, кейбір тергеу әрекеттерінің өзі де басында тергеу үстінде тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Атап айтқанда, объектілерді тану үшін көрсету, айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау деген тергеу әрекеттері алғашқыда тергеу тәжірибесіндежауап алудың тактикалық әдіс есебінде пайдаланылған. Кейіннен ғана заң жүзінде бекітіліп, тергеу әрекеті есебінде жүргізілетін болды. Міне, осыған байланысты қазіргі жағдайда тергеу тәсілі есебінде қолданылып жүрген кейбір тәсілдер кейінгі мезгілде, заң жүзінде бекітілген жағдайда, олар заң талабы, процесуалдық ереже есебінде қолданылуы мүмкін. Әр тактикалық әдістің мағынасын талдасақ, оның түсінігі, табиғи негізі осы тәсілді қай ғылымның түріне, қандай ғылыми қағидаға негізделгендігімен сипатталады. Айталық, тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде қолданылатын тәсілдердің көбі логика, психология, педагогика, еңбекті ғылыми жолмен ұйымдастыру және басқа да ғылымдардың қағидаларына негізделеді. Осы айтылған ғылыми салалардың қағидалары тергеуге, атап айтқанда, тергеу әрекетін жүргізуге бейімделіп, модификацияланған. Бірақ, негізінде белгілі бір ғылымның қағидалары пайдаланылғандықтан, бұл әдістер – логикалық, психологиялық, педагогикалық тактикалық әдістер деп аталады. Өзінің шешетін тактикалық міндетіне байланысты тактикалық тәсілдер: танымдық, басқарушы, ұйымдық-техникалық деп үш түрге бөлінеді.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)