АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тыныс жетіспеушілігі

Читайте также:
  1. a)Диваленттiкке ие болады
  2. B.«Биік мансап- биік жартас», - дейді Абай
  3. D. Асанда кітап бар.
  4. E) салыстырмалы
  5. IIIIIIIIIIIIIIIIIIII
  6. Абдрахманова Н.М.
  7. Адам мотивациясы немен тікелей байланысты болады
  8. Адам мотивациясы немен тікелей байланысты болады
  9. Ауру сипатталады
  10. Байланыс каналдары
  11. Балалар аурулары блогы
  12. Балалар хирургия

(Камельжанова Б.Т., аударған Тазабекова П.)

131. Тыныс жетіспеушілігі- бұл патологиялық жағдай:

1) Өкпенің респираторлы бөлігінің қабынуы

2) Бронхтың шырышты қабатының қабынуы

3) Бронх обструкциясы

4)+Қанның қалыпты газдық құрамының сыртқы тыныс алу арқылы қамтамассыз етілуінің бұзылысы

5) Плевра қабынуы

132. Рестриктивті тыныс жетіспеущілігінің патогенезі негізделген:

1) Бронхтардың обструкциясына байланысты бұзылысы

2) Қақырықтаң гиперсекрециясы

3)+ Өкпе паренхимасының, жалпы көлемінің және диффузды газ алаңының шектелуі

4) Тіндік тыныс алудағы ферменттердің бөгелуі

5) Ірі бронхтардың қабырғаларының төмен түсуі

133. Обструктивті тыныс жетіспеушілігі негізгі патогенезіне жатады:

1) Қабыну ауруына байланысты өкпе паренхимасының көлемінің азаюы

2) Диффузды газ алаңының шектелуі

3) Өкпенің созыу қасиетінің азаюы

4)+Бронх қуысының тарыуы, бронхоспазм, аллергиялық немесе қабыну ісігі, қақырықпен бітелу

5) Өкпе тінінің микроциркуляторының бұзылуы

134.Тыныс жетіспеушілігінің даму механизміне жатады:

1) Гиперкоагуляция

2) Гиперферментемия

3) + Гиперкапния

4) Гиперурикемия

5) Гиперхлоргидрия

135 Гипоксемиямен ауыратын науқастарды жалпы қарағанда байқалады:

1) Тері түсінің бозаруы

2) Беттің гиперемиясы

3) тері түсінің иктериясы

4) Тері түсі «сүт қосылған кофе» түсіндей

5)+Цианоз

136. Тыныс жетіспеушілігі кезіндегі тері түсіне тән:

1) «Суық» цианоз

2) «Жылы» цианоз

3) Акроцианоз

4) Терінің бозаруы

5) «Қызғылт» түстің бетінде болуы

137.Тыныс жетіспеушілігінің бір белгісі болып табылады:

1) + Аяқ-қолы жылы және терінің цианозы

2) Аяқ-қолы жылы бетіндегі «қызғылт» дақтың болуы

3) Аяқ-қолы суық және акроцианоз

4) Аяқ-қолы суық және терісінің бозаруы

5) Қалыпты температура және қалыпты тері түстес болу

138. Тыныс жетіспеушілігіне тән::

1) Жалпы әлсіздік

2) Тыныс алумен байланысты кеудедегі ауырсыну

3) +Ентігу

4) Беттің ісінуі

5) өкпе шекарасының соға ығысуы

139. Тыныс жетіспеушілігінің I сатысында болады:

1) +Аздаған физикалық жүктемеге ентігу

2) Өте аз физикалық жүктемеге ентігу

3) тыныштықтағы ентігу

4) Цианоз

5) Тыныштықтағы тахикардия

140. Тыныс жетіспеушілігінің IІ сатысында болады:

1) Аздаған физикалық жүктемеге ентігу

2) +Өте аз физикалық жүктемеге ентігу

3) Тыныштықтағы ентігу

4) Цианоз

141. Тыныс жетіспеушілігінің IІІ сатысында болады:

1) Аздаған физикалық жүктемеге ентігу

2) Өте аз физикалық жүктемеге ентігу

3)+ Тыныштықтағы ентігу

4) Цианоз

5) Тыныштықтағы тахикардия

142. Тыныс жетіспеушілігін диагностикалауда қандай аспаптық зерттеу әдістері қолданылады?

1) Іш қуысының УДЗ-ы

2)+Спирография

3) Кеуже клеткасының рентгенографиясы

4) ЭхоКГ

5) ЭКГ

143. «Тыныс жетіспеушілігінің ІІІ сатысы» диагнозын қоюға болады:

1) Бронхоскопия

2) Спирография

3)+ Науқасты қарау

4) Қақырықтың жалпы анализі

5) Бронхография

144. Тыныс жетіспеушілігінің медикоментозды емес препараттарына жатады:

1) Арқаға қыша қою

2) Аяққа жылы ванна жасау

3) Иглорефлексотерапия

4) + Оксигенотерапия

5) Фитотерапия

145. Тыныс жетіспеушілігі кезіндегі біріншілік алдын-алуға жатады::

1) Дәрігер пульмонологта есепте тұру

2) Санаторлы-курортты ем

3)+Ағзаны шынықтыру, шылым шегуден бас тарту

4) Күз-қыс кезіндегі вакцинация жүргізу

5) Рационалді еңбек ету

146. Тыныс жетіспеушілігінің екіншілік алдын-алуына жатады:

1) Ағзаны шынықтыру

2) Созылмалы ошақтардың санациясы

3)+Пульмонологта емделу және есепте тұру

4) Шылым шегуден бас тарту

5) Рациональді еңбек ету

Созылмалы өкпетекті жүрек

(Аударған Ахметова Н.)

147. Өкпетекті жүрек – бұл..... салдарынан пайда болған клиникалық синдром.

1)+Оң жақ қарыншаның гипертрофиясы мен дилятациясы

2) Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы мен дилятациясы

3) Сол жақ жүрекалды гипертрофиясы

4) Оң жақ жүрекалды гипертрофиясы

5) Журектің барлық камераларының гипертрофиясы

148. Өкпетекті жүрек ненің нәтижесінде пайда болады:

1) Үлкен қанайналым шеңберінің гипертензиясы

2)+ Кіші қанайналым шеңберінің гипертензиясы

3) Портальды гипертензия

4) Церебральды гипертензия

5) Бүйректік гипертензия

149. Созылмалы өкпетекті жүректің 80 % мына жағдайда пайда болады:

1) +Бронхөкпе аурулар

2) Васкулярлық аурулар

3) Торако-диафрагмалық аурулар

4) Торакальдық

5) Диафрагмалық

150. Cозылмалы өкпетекті жүрек ауруын туғызатын ауруларға қайсысы жатады:

1) Жүрек аурулары

2) +Өкпеге ауа өтуіне, кеуде қуысының қозғалысына біріншілік әсер ететінжәне өкпе тамыларын зақымдайтын аурулар

3) ОЖЖ аурулары

4) Тірек- қимыл аппараттарының аурулары

5) Қабырғааралық нервтерін біріншілік зақымдайтын аурулар

151. Созылмалы өкпетекті жүректің дамуына әкелетін өкпенің тамырларын біріншілік зақымдайтын ауру:

1) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

2) Өкпе артериясының стенозы

3) Васкулит

4) +Біріншілік өкпе гипертензиясы

5) Өкпе артериясының атеросклерозы

152. Созылмалы өкпетекті жүрек кезіндегі өкпе қан тамырларының тарылуына әкелетін себепті көрсетіңіз

1) Гемдік гипоксия

2) Тканьдік гипоксия

3) Бас миының гипоксиясы

4) Миокардтың гипоксиясы

5) + Альвеолдық гипоксия

153. Созылмалы өкпетекті жүректің көрінісі мына симптомдардан тұрады:

1) Негізгі аурулары

2) Тыныс жетіспеушілік

3) + Негізгі аурулары, тыныс жетіспеушілік және жүректің оң жақ қарыншасының

жеткіліксіздігі

4) Сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігі

5) Тотальды жүрек жеткіліксіздігі

154. Өкпетекті жүректің рентгенологиялық әдісте көрінетін алғашқы белгілері:

1) +Өкпе артериясы діңгегінің ісінуі және оның кеңеюі

2) Сол жақ қарыншаның ісінуі

3) Кардиомегалия

4) Аортаның алдыңғы бөлігінің кеңеюі

5) Жүректің сол жақ бөліктерінің ұлғаюы

155. Созылмалы өкпетекті жүрек кезінде оң жақ қарыншаның және оң жақ жүрекшенің гипертрофиясының ЭКГ белгілері:

1) ЖЭС-тің солға ауытқуы

2) +RV > 10мм кезінде Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасы

3) Гисс шоғырының сол аяқшасының блокадасы

4) Атриовентрикулярлы блокада

5) ST сегментінің изосызықтан 1,5 мм жоғарылауы

156. Компенсирленген өкпетекті жүректің диагнозын қойғанда ненің байқалуы шешуші рөл атқарады;

1) Жүректің сол жақ бөлімдерінің гипертрофиясы және артериальды гипертензия

2) + Жүректің оң жақ бөлімдерінің гипертрофиясы және өкпелік гипертензия

3) Жүректің оң жақ қарыншасының жеткіліксіздігі

4) Жүректің сол жақ қарыншасының жеткіліксіздігі

5) Анасарктер

157. Декомпенсирленген өкпетекті жүректің диагнозын қойғанда ненің байқалуы шешуші рөл атқарады;

1) Жүректің оң жақ бөлімдерінің гипертрофиясы

2) + Жүректің оң жақ қарыншасының жеткіліксіздігі

3) Жүректің сол жақ қарыншасының жеткіліксізігі

4) Біріншілік өкпелік гипертензия

5) Жүректің сол жақ бөлімдерінінің гипертрофиясы

158. Өкпетекті жүректі емдеу шараларының комплексі неге әсер етуді құрайды:

1) Альвеолды вентиляцияның жақсаруына

2) +Бронхиальды өткізгіштіктің жақсаруына

3) Церебральды қанайналым

4) Жүйелік гемодинамика

5) Сол жақ қарыншаның жеткіліксіздігін жою

159. Өкпетекті жүрек кезінде қандай белгілердің болуы болжамды растайды?

1) Жүрек компенсациясы

2) +Жүрек декомпенсациясы

3) Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

4) Сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы

5) Қабырғааралық перденің гипертрофиясы

160. Өкпелік гипертензияны анықтайтын ең маңызды әдіс:

1) Орталық венозды қысым

2) Электрокардиография

3) Өкпе артерияларын катетерлеу

4) +Оң жақ қарыншадағы қысымды өлшеу

5) Жүректің жиырылу қасиетін анықтау

Өкпе ісігі

(Садырова Ж.А., аударған Мустафина М.О.)

161. Өкпе ісігінің негізгі себебі:

1) Атмосфералық ауаның ластануы

2)+Шылым шегу

3) Бронхтың созылмалы қабыну аурулары

4) Генетикалық бейімделушілік

5) Кәсіптік зияндар

162. Өкпе ісігінің негізгі қауіп факторы:

1) +30 жылдан астам темекі шегушілер

2) 50 жас немесе одан жоғары

3) Мұрын – жұтқыншақтағы инфекция ошақтары

4) Стресс

5) Аллергиялық беймделушілік

163. Қазақстан Республикасындағы қатерлі ісіктердің ішінде өкпе ісігі нешінші орынды алады:

1) +Бірінші

2) Екінші

3) Үшінші

4) Төртінші

5) Бесінші

164. Клинико – анатомиялық жіктелу бойынша өкпе ісігі бөлінеді:

1) Орталық

2) Перифириялық

3) Пенкоста ісігі

4) Түйіндік

5) +Орталық, перифириялық, Пенкоста ісігі

165. Өкпе ісігінің мейлінше жиі кездесетін клиника – анатомиялық формасы:

1) +Орталық рак

2) Перифериялық рак

3) Атипиялық

4) Пенкоста ісігі

5) Өкпе карциноматозы

166. Өкпенің орталық ісігі дамиды:

1) Альвеолалардан

2) +Негізгі,бөліктік,сегментарлы бронхтардан

3) Өкпе түбіріндегі лимфа түйіндерінен

4) Плеврадан

5) Диафрагмадан

167. Өкпе ісігінің перибронхиальды түйінді түрі жатады:

1) +Орталық ісікке

2) Перифериялық ісікке

3) Орталық және перифериялық

4) Перифериялық және атипиялыққа

5) Орталық және атипиялыққа

168. Пенкост ісігі:

1) Жоғарғы бөліктің орталық перибронхиальды ісігі

2) Төменгі бөліктің перифериялық ісігі

3) +Өкпе ұшының перифериялық ісігі

4) Өкпе ісігінің сызықты формасы

5) Өкпенің түйінді ісігі

169. Оралыққа ісікке тән клиникалық симптом:

1) +Қан қақыру

2) Тыныстың қиындауы

3) Ентігу

4) Тершеңдік

5) Кеуде қуысындағы ауру сезімі

170. Өкпе ісігіндегі «дабыл белгісі» ол:

1) 10 кг дейін жүдеу

2) +Тұрақты азапты жөтел,құрғақ немесе қақырықты, 3 аптаға дейін созылады

3) Физикалық жүктеме кезндегі ентігу

4) Кеуде торының жедел ауруы

5) Аяқ астынан болатын бас айналу, есінен тану

171. Өкпе ісігінің клиникалық көрінісі айқын болады:

1) Дөңгелек ісік

2) +Эндобронхиальды ісік

3) Перибронхиальды түйінді ісік

4) Перибронхиальды айылған

5) Медиастинальды атипиялық

172. Ұзақ уақыт шылым шегетіннауқастың жөтелі күшейіп, қақырығында қан жолақтары пайда болды. Диагнозыңыз қандай?

1) Созылмалы бронхит

2) СОӨА

3) Бронхоэктаз ауруы

4) Өкпе туберкулезі

5) +Бронх ісігі

173. Иық өріміндегі ауру сезімі өкпе ісігінің қай түрінде байқалады:

1) Эндобронхиальды

2) Перибронхиальды

3) Пневмония тәрізді

4) +Пенкост ісігі

5) Дөңгелек ісігі

174. Жаңа жіктеме бойынша ісіктің неше сатысы бар:

1) 1

2) 2

3) 3

4) 4+

5) 5

175. Өкпенің шеткі ісігіне қандай рентгендік көрініс тән:

1) Өкпе түбірі аймағындағы көлеңкенің үшбұрышты болуы

2) Өкпе алаңының мөлдірлігінің жоғарылауы

3) Жоғарғы қиғаш шекарадағы гомогенді көлеңке

4) Контуры тегіс дөңгелек көлеңке

5) + Контуры тегіс емес дөңгелек көлеңке

176. Майда жасушалы емес өкпе ісігін радикалды емдеу әдісіне жатады?

1) Антибактериалды терапия

2) Симптоматикалық терапия

3) Хирургиялық ем

4) +Сәулелік терапия

5) Химиотерапия

177. Өкпе ісігінің радикальды операциясынан соң науқасқа мүгедектіктің қай тобы беріледі?

1) Бірінші

2) +Екінші

3) Үшінші

4) Мүгедектер тобына жатпайды

5) Жеңіл физикалық жұмысқа көшуге нұсқау беріледі

Өкпе ісігі

(Шацкий В.В., аударған Ахметова Н.)

178. Өкпенің қатерлі ісігін жиі қандай аурулармен ажыратуға тура келеді?

1) Бронхоэктаз ауруы

2) Созылмалы бронхит

3) Бронх демікпесі

4)+ Пневмония

5) Созылмалы обструктивті өкпе ауруы

179. Қандай жаста өкпенің қатерлі ісігі жиі кездеседі?

1) 20-25 жас

2) 30-35 жас

3) 35-40 жас

4) 40-45 жас

5) +50 жастан жоғары

180. Көрсетілген өкпе ауруларының қайсысында қан қақыру жиі кездеседі?

1) Созылмалы бронхит

2) Пневмония

3) Бронх демікпесі

4)+ Өкпенің қатерлі ісігі

5) СОӨА

181. 60 жастан асқан ер адамдарда пневмонияның созылыңқы және қайталанбалы ағымында ең бірінші нені ескеру қажет?

1) Созылмалы бронхит

2) +Өкпенің қатерлі ісігі

3) Өкпе туберкулезі

4) Бронхоэктаз ауруы

5) Бронх демікпесі

182. Өкпенің қатерлі ісігі бар науқастың қақырығын зерттеуде берілген ауруға қандай клеткалар тән?

1) Лейкоциттер

2) Эритроциттер

3) Березовский клеткалары

4) Лимфоциттер

5) +Атипиялық клеткалар

183. Өкпеде белгісіз экологиялық инфильтрат болған жағдайда қандай ем жүргізу керек?

1) Бронхолитиктер

2) Қақырық түсіруші препараттар

3) Жүрек препараттары

4)+ Сынамалы антибактериальды терапия

5) Глюкокортикостероидтар

184. Өкпенің қатерлі ісігі жоғарғы бөлімінде орналасқанда оны жиі қандай аурумен ажырату қажет?

1) Созылмалы бронхит

2) Бронхоэктаз ауруы

3) СОӨА

4) +Туберкулез

5) Өкпе гамартомасы

185. Науқас өкпесінде инфильтрат анықталғанда және антибактериальды емнен әсер алғанда диагностикалық мақсатта қандай зерттеу көрсетілген?

1)+ Бронхоскопия цитологиялық зерттеумен

2) Өкпе сцинтиграфиясы

3) Спирография

4) Реография

5) Бронхография

186. Өкпе қатерлі ісігінде жиі қандай сипаттағы қақырық кездеседі?

1) Іріңді

2) Тұтқыр, әйнек тәрізді

3)+ Қанды

4) Іріңді қан жағындыларымен

5) Шырышты

Өкпе аурулары кезіндегі рентегнологиялық өзгерістер

(Кушимбаева К.Ш., аударған Ахметова Н.)

187. Зақымдалған жақта өкпе суретінің күшеюі, контуры айқын емес және біркелкі емес ошақты инфильтративті өзгерістер түріндегі рентгенологиялық көрініс сипаттамасы қандай тыныс алу ағзаларының ауруына тән?

1)+Пневмония

2) Созылмалы бронхит

3) Бронх демікпесі

4) Өкпенің өатерлі ісігі

5) Бронхоэктаз ауруы

188. Өкпе паренхимасында біркелкі емес бұдыр контурлы дөңгелек көлеңкелердің болуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы түріндегі рентгенологиялық көрініс сипаттамасы қандай тыныс алу ағзаларының ауруына тән?

1)+Өкпенің қатерлі ісігі

2) Бронхоэктаз ауруы

3) Пневмония

4) Созылмалы бронхит

5) Плеврит

Пульмонология бойынша клиникалық есептер (Касенова С.Л., аударған Ахметова Н.)

189. 14 жастағы жасөспірімде жедел респираторлы аурудан кейін құрғақ, жанға бататын жөтел, ентігу, төс артындағы ауру сезімі пайда болды. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, аздап құрғақ сырылдар естіледі. Қан анализінде: лейкоциттер 6,0 х 10 9/л, ЭТЖ 15 мм/сағ. Қақырық анализінде – жабысқан эпителий, бірен-саран макрофагтар.Спирография мәліметтері: FVC – 80%, FEV1 - 65%.

Диагноз қойыңыз:

1) +Жедел бронхит

2) Ауруханадан тыс пневмония

3) СОӨА

4) Бронх демікпесі

5) Өкпенің қатерлі ісігі

190. 40 жастағы ер адам шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, дене қызуының 37,6 ° жоғарылауына. 17 жыл бойы күніне 1 қорап шылым шегеді. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. Қан анализінде: лейкоциттер 12 х10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Қақырық анализінде – көру алаңында 10-12 лейкоциттер. Бронхоскопияда катаральды-іріңді эндобронхит анықталған. Спирография мәліметтері: FVC – 75%, FEV1 - 70%, FEV1 / FVC – 70%. Диагонз қойыңыз:

1) +Созылмалы бронхит

2) Ауруханадан тыс пневмония

3) СОӨА

4) Бронх демікпесі

5) Өкпенің қатерлі ісігі

 

191. 59 жастағы ер адам физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге, шырышты және тұтқыр қақырықты жөтелге шағымданады. Анамнезінде 30 жыл бойы шылым шегу. Науқасты қарап тексергенде тері жамылғыларының цианозы, қабырғааралықтар кеңейген бөшке тәрізді кеуде клеткасы, қораптық перкуторлы дыбыс, әлсіз везикулярлы тыныс. Спирография мәліметтері: FEV1 - 50%, FEV1 / FVC – 45%. Диагноз қойыңыз:

1) Созылмалы бронхит

2) Госпитальды пневмония

3) +СОӨА

4) Бронх демікпесі

5) Өкпенің қатерлі ісігі

192. 69 жастағы ер адам қақырықта қан жағындыларының пайда болуына, әлсіздікке, дімкәстікке, даусының қарлығуына шағымданады. Соңғы жылда пневмониямен 3 рет ауырған. Кеуде рентгенограммасында оң өкпенің түбір аймағында диаметрі 4 см түйін пайда болған. Жалпы қан анализінде бірен-саран атипиялық клеткалар бар. Спирография мәліметтері: FVC – 55%, FEV1 - 75%. ЭКГ-да – ЖЭО оңға ауытқуы, жүректің оң жақ қарыншасының гипертрофиясы. Диагноз қойыңыз:

1) Созылмалы бронхит

2) Госпитальды пневмония

3) СОӨА

4) Бронх демікпесі

5)+Өкпенің қатерлі ісігі


1 | 2 | 3 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.038 сек.)