АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 4 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Отырар аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен кала болып саналады.

Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Земарх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабұл осы Тараз каласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды. Ол көпестер қаласы деп аталған.

VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінін басып алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Кимектердің шаруашылығын ата
  2. Кимектердің саяси тарихы.
  3. Кимектердің территориясы.

№3 Дәріс

Тақырыбы: ІХ ғасырдың ІІ жартысы-ХІІІ ғ. басындағы отырықшы, қала және дала халқының мәдениеті

Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар – жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жары өтетін керуен жолының жүйесі. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, 4 тармаққа бөлінді: батыстан шығысқа бағытталған жол; Іле бағыты; Еуропа бағыты; Орталық және Шығыс Қазақстан бағыты. Сырдарияны бойлай жүретінкеруен жолындағы еі ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Отырар - көптеген керуен жолдары түйсетін қала. Орталық және Шығыс Қазақстан бағытындағы «Хан жолы» деп аталатын соқпақ бағыты. Тараз қаласы – талас өзені – Мойынқұм, Бетпақдалада – Атасу өзені. Қазақстанда заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескерткіші бар. Олар негізінен Сыр бойына, Отырар алқабына, Маңғыстау мен Үстіртке, Ұлытау төңірегіне, Талас-Шу аңғарына, Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық қалаларының ірілері Отырар (Фараб), Тараз, Сығанақ, Түркістан (Йасы, Яса), Баласағұн, Суяб (Ақбешім), Сауран, Сайрам, Сарайшық.Отырар – ХҮІІІ ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгінде өзінің үйіндісінің ауқымымен қайран қалдыратын алып төбеге айналған. Отырардың берік қамалы, айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы көпірлерімен жабдықталған үш қақпасы боған.Ақша соғатын орынның, қолөнершілер тұрағының, су құбырының, нәжіс жүйесінің болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді. Тараз – ҮІ ғасырдың өзінде-ақ белгілі болған ең көне қалалардың бірі.

Арабтар басқыншылығы Орта Азияның өмір тіршілігіне қатты ықпал етеді. Кейбір деректерге қарасақ, Талас Алатауының баурайларында Джумишлагу мен Манкент қалалары, Арыстың орта ағысында орталығы Ұсбаникетте орналасқан Кеңжиде округі құрылады. Отырар көгалды аймағында Кедер, Весидж бен Борық қалалары, Шаввғар өңірінде - Яссы, Шағлжан, Қарнақ, Қарашақ, Сауран, Сырдарияның төменгі бойында – Сығанақ, Жент, Асанас, Баршакент, теіскей жоталарда – баладж бен Берукет қалалары пайда болады.

Жетісудың оңтүстік – батысындағы жаңа қалалар саны да өседі. Талас алқабында – Жікіл, Балу, Шелжі, Текабкет, Көлсұс, Кенжек қалалары. Шу алқабында Баласағұн бас қалаға айналады. Сол сияқты қалалар Шығыс Қазақстанда да, Ертіс бойында да пайда болады. Деректер бұл қалалардың қимақтар меншігінде болғанын айтады. Олардың ішіндегі ең ірісі - хан сарайы Имақия болды. Х-ХІІ ғасьірларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтеріген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жак қабырғасы мен бұрышы сақталып калған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші -Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында кайта тұрғызылып, соның салдарынан оның бастапқы жоспары бұзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.

Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сиякты өзендердің бойында Төменгі Барысхан, Хаму-кент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сиякты басқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бұл аймақтағы бөлігі Ферғаналық жөне Жетісулық бағыттарын қамтыған.

XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.

Сырдариядағы ірі кала - Сығнақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Сунақ-ата жұрты бар.

Х-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар - Қара-шоқы, Қарнақ, Асанас, Баршанкент, т. б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы - шахристаннан рабадқа ауысқан.

Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл аткарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. УІ-Х ғасырлардағы халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан (Ташкент) Газгирдке, одан Исфиджабка жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар болған. «Жібек жолы» Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкент, Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.

Тараздан «Жібек жолымен» Төменгі Барысханға, Құланға (Луговое қаласы), одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жеткен.

Исфиджаб қаласынан солтүстікке карай шықкан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын, одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына, қимақ-кыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған. Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан. Өзендерге көпірлер салынған. Қалаларда сауда орны, ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т. б. шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінген. Шеттен әкелінген бұйымдар - меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.

Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.

Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда Шу, Талас, Іле өзендері бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.

ІХ-ХІІ ғасырларда Отырар өңірі (суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрык төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік калаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен камтамасыз етіп,сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты жөне сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған жөне Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау баурайларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрам-су, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.

Жер кетпен тәрізді темір шоттар жөне темір, не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен /омаш/ өңделіп, егін ору темір орақпен жүргізілген. Дәнді ұнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындары бау-бақшалар суғарылып, гүлдеп тұрған.

Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне карай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты. Құмыра жасаушылардың, шыны үрлеушілердің, зергершілердің, қару-жарақ жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың бауырындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқ түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда есем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, т. б. ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі кызыл, жасыл, сары, коңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде арыстанды бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылды.

Бұрыннан келе жатқан ақша айналысы сол күйінде қалды. Қалалардың ішкі рыноктарында саудада мыс ақша қолданылды. Қалалар арасындағы, сондай-ак, сыртқы саудада байлык ретінде жинап сақтауға қолайлы алтынның орнына күміс ақша пайдаланылды. ІХ-ХІІ ғғ. Отырар мен Яссыда, Тараз жвне Исфиджаб қалаларында ақша жасайтын теңге сарайы істеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Ұлы жібек жолының тарихы.
  2. Ұлы жібек жолының тармақтары.
  3. Ұлы жібек жолының экономикалық маңызы.

№4 Дәріс

Тақырыбы: ХІҮ-ХҮ ғ. І жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің экономикалық дамуы

Дәрістің мазмұны: ХІІ ғасырда монғол тайпалары Орхон мен Керулен аралығында мекендеді. ХІІғ.аяғы – ХІІІғ.басы - әскери-федолдық монғол мемлекеті құрылды. Астанасы- Қарақорым. Оның негізін салушы – бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадүдің баласы Темучин болды. Монғол тайпалары Шыңғыс хан ұлысы саналып, 3 қанатқа бөлінді: Оң қанат – баруңғар; Сол қанат – жоңғар; Орталық – гол. Шыңғыс ханның әскері 95мыңдықтан құрылды. Ханның 10 мыңнан тұратын таңдаулы әскері болды. Шыңғыс хан әскери қызметтерге шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды тағайындады. 1219жылдың қыркүйек – Отырар қоршауы басталды. 1220ж.ақпан – Отырар жау қолына көшті. Қаланы тонап жермен-жексен етті. 1219-1224 жылдар – Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды.

Алтын Орда – көп ұлтты мемлекет көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар – қыпшақтар, наймандар, қаңлылар т.б. Отырықшы халқы – Еділ бұлғалары мордавалар, орыстар, хорезмдіктер. Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы – сұлтандар. Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Оң қанат – Батый хан билігі; Сол қанат – Орда ежен ханның билігі. Алтын орданың соңғы билеушісі Шейх Ахмед 1502ж қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылды.

Ақ Орданың негізін қалаушы – Орда Ежен. Территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Астанасы – Сығанақ. Халқы - өзбек-қазақ. Алғашқы ханы – Сасы Бұға.

Ноғай ордасы (Ноғайлы) – XIV ғасырда Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекет. Ноғай Ордасы Алтын Орданың әскери қолбасшысы Ноғай әскерлерінің құрамына енген тайпалар мен маңғыт тайпаларынан құралған.Түркі тілдес халық – ноғайлар Еділден Ертіске дейін, Каспий және Арал теңіздерінен Түменге дейінгі жерлерде көшіп жүрген. Орданың орталығы – Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Әлемге билік жүргізген Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қазақ хандығы, Астрахань хандығы, Ноғайлы және Көк Орда қонысын иеленген Қазан Ордасы, тағы басқа хандықтар дүниеге келіп, XVI ғасырда күш-қуаты бар жеке мемлекеттер ретінде белгілі болатын. Алайда, Ноғай Ордасындағы алауыздық бүкіл түркі дүниесіне қасірет әкелген еді. Ноғайлар жауға есесін жіберіп, жақынын қарақтауға көшті.Ноғай Ордасының әміршілері Мамай би мен Ағыс батыр 1523 жылы Қажы Тархан (Астрахань) түбінде өздерінің қандас бауырларын – Махмет-Герей хан бастаған 30 мыңдық Қырым әскерін қапыда басып, түгел қырып тастайды. Осының алдында ғана Алтын Орданың батыс бөлігін бірұтас ұлысқа айналдырмақ болып, ант ішіскен қандас бауырлар бірінің түбіне бірі жетеді. Сөйтіп, Русь мемлекетіне Еуразияны жаулап алуға өздері жол ашады. Орыс мемлекеті Қазан мен Астрахань хандықтарына көз алартатын дәрежеге жетеді. Содан, XVI ғасырдың 2-жартысында Ноғай Ордасы бірнеше мемлекеттік бірлестіктерге ыдырап кетті.

XIV ғ. ортасы – XVI ғ. басында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет XIV ғасырдың ортасында Орта Азияның оңтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстан мемлекетінің негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы. Билеушісі – Тоғылық Темір хан (1348-1362 ж.ж.). Астанасы – Алмалық (Іле алқабында). Территориясы – Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғыстан, Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде жазған: «Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс – Көкше теңіз – Түркістан-Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы». Орталық аймағы – Жетісу. «Моғолстан» атауы «монғол» сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монғолдарды осылай атаған. Халқы: дулат, қаңлы,керей, арғын, үйсін, т.б. тайпалар. Дулаттар – ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енді, ал Тянь-Шань етегі мен Шығыс Түркістанды мекендеген тайпалар қырғыз және ұйғыр халықтарын құрады.Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін илам дінін тірек етті. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы монғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шаралар жемісін беріп, феодал-байлардың экономикалық жөне әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Қазакстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталық, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу жөне Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Сонымен бірге бұл тұста монғолдардың қол астында болып келген көптеген ұлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалық негізде пайда болган ірі мемлекет - Ақ Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ак Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар және басқалары. Бұл тайпалар тілі жағынан бірін-бірі түсінетін біртекті түрік тілдес болды. Олар әлеуметтік-экономикалық жағынан, мәдени әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері де бір-бірімен ұқсас, туыстас тайпалар еді.

Ақ Орданың негізін калаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашкы құрылған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алкабында Алақел маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уакытына карай мынадай ретпен тізеді. Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қойыршақ, Барақ, т. б.

Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. Бұл кезде Ақ Орда мемлекетінің шаруашылғы, мәдениеті қарыштап дамып гүлденді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өркендеді. Ақ Орда хандарды қалаларды қалпына келтіріп, қайта құруға зор күш жұмсады. Олар хандықтың астанасы Сығанақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарды.

1361 жылы Ак Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. Өйткені бұл кезде Орта Азиядағы Мауеренахр жерінде билікті өз колына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Орданың оңтүстік шекарасына шабуыл қауіпін төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайдалануға тырысты. Түйқожаны Ұрыс хан Алтын Ордаға қарсы жорықта қолдамағаны үшін өлтірген болатын. Ал Тоқтамыс Самарқандқа қашып келіп, Әмір Темірді паналады. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ Ордаға қарсы айдап салды.

Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері Тоқтамыстың шоғырларын талқандады. Бұл соғыста Ұрыс ханның баласы Құтылық Бұға қаза тапты. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Ұрыс ханның баласы Тоқтақия баскарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бұл жорықты өзі бастап шықты. Әмір Темір әскерімен Сырдариядан өтіп, Отырар маңына орналасты. Ұрыс хан әскерімен Сығанаққа келіп тоқтады. Алайда екі әскер тобы осылайша бір-біріне жақындамай, аталған жерлерде үш айдай тұрып, шайқаспай кері қайтып кетті. Тек төртінші жорық кезінде Ұрыс ханның және оның баласы Токтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мөлікке көшкенді. Осы кезде Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсак Темірге сүйеніп, Темір Мөліктің әскерін талкандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Ақ Орданың көптеген әмірлерінің қолдауына ие болған ол 1380 жылы Сарайды, Хаджы-Тарханды, Қырымды және Мамай ордасын басып алады. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі нәтижесінде мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ, әбден күшейіп алғаннан кейін ол Ақсақ. Темірдің қамқор-қамтуынан босануға тырысады. Бірақ, 1388, 1391 және 1395 жж. Аксақ Темірдің Тоқтамыска қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қиратылады. Темірден жеңілген Тоқтамыс Сібірге қашып кетті, оны 1406 жылы Сібір ханы Шәдібек өлтірді. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.006 сек.)