АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жеке тапсырмалар 9 страница. Тәуке ханның «Жеті жарғысының» әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Тәуке ханның «Жеті жарғысының» әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салыктар, діни көзқарастар, жер дауы, күн дауы туралы ережелер енгізіліп, ол қазак коғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ коғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. XVII ғасырдағы Қазақстанның экономикасы.

2. Жоңғар шапқыншылығының зардаптары.

№12 Дәріс

Тақырыбы: Қазақстанның соңғы ортағасырлардағы әлеуметтік экономикалық қатынастары

Дәрістің мазмұны: ҮІ – ІХ ғғ. қалалар мен қоныстар негізінен сауда-саттық және қол өнеркәсібінің орталығы ретінде қырдағы ел мен отырықшы аймақты байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген. Оңтүстіктегі аса ірі қалалардың бірі Испиджаб (Сайрам) қаласы болды. Византия, Иран, Кавказбен, Шығыс Түркістан елдерімен сауда және мәдени байланыс жасауда Сығанақ, Қойлық сияқты қалаларөте зор рөл атқарды.Түркілердің діни наным сенімдері. Ежелгі түркілердің діни сенімдері негізінен Көкке (Тәңірге) және Жерге (Жер-суға) табыну болды. Оның ішінде Көк (Тәңір) негізі болды. Түркі қағандары тек Көк Тәңірісінің бұйрығыменбилік етеді деп түсіндірілген. Түркі хандары өз жазуларында Тәңіріні үнемі өздеріне рақымды болуға шақырады. Мазмұны жағынан келесі құдай отбасы және балалардың жебеушісі - әйел құдай Ұмай болды. Орта ғасырда барлық түркі тілді тайпалардың сенімдеріне сонау өткен ғасырда-ақ, Алтайда сақталған қасиетті тауларға (ыдуқ баш) табыну үлкен маңызға ие болды. Түркілердің нанымы бойынша жер және суды, ормандар мен тауларды көптеген рухтар жайлаған. Құрбандық шалумен олардың көңілін жұмсартқан. Бұл барлық сенім, нанымдар ежелгі түркі тайпалары үшін ортақ болды. Мұны орта ғасырдағы араб және парсы шығармаларында кездесетін түркілердің нанымдарына берілген үзік-үзік сипаттамалар дәлелдейді. XVII ғ. аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. Олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың иеліктеріне бөлінді. Қазақ хандықтарының күрделі мемлекеттік аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриархалдык институттар немесе бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы «Ұлы хан» болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.

Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни «хан көтеру» деп аталатын сайлаудан етуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, «хан атасы» болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.

Сыртынан қарағанда хан шексіз билік жүргізді. Хан мемлекет басқарушысы, қарулы күштердің басшысы және жоғарғы төре саналды. Ол сұлтандарға тәуелсіз, әрбір сұлтан оған тәуелдікте болды. Сұлтандар мен билер ханға жүгінді. Ханның жанында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шешен-жыраулардың кеңесі құрылды. Олар маңызды саяси, әскери және азаматтық мәселелерді ақылдасып шешті.

Қазақ хандықтарында әскери ұйым күрделі емес еді. Тұрақты әскер болған жоқ. Оған әрбір азамат-жауынгер өз атымен, қару-жарағымен келуге тиіс болды. Жеке әскер шоғырларын сұлтандар, билер және батырлар басқарды. Оның шығынын халық көтерді.

Хандар кезезіндегі қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан - ақсүйектер мен қара сүйектерден тұрды. Олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқықтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Сұлтандар деп аталатын Шыңғыс ұрпақтары мен Мұхаммед пайғамбар жолын ұстаушылардың ұрпақтары деп саналатын қожалар ғана аксүйектерге жататын еді. Қоғамның қалған топтары мен жіктерінің бөрі қарасүйек деп саналды. Қоғамның текті-топтык белгілері бойынша бөлінуі мен осы белгілерімен құқықтарын айыру арқылы біріктіру принціпі дәйекті түрде сақталды.

Қазақ феодалдық таптық қоғамда адамдардың мүліктік жағдайына қарай бай-кедей деп бөлу орын алды. Қоғамның материалдық байлықты өндірушілер халықтың көпшілігін құраган қазақ шаруалары еді. Шаруалардың экономикалық жардайы бірдей болған жок, сондықтан бай-феодалға тәуелділік дәрежесі де әр түрлі болды. Олардың біраз бөлігі экономикалық жағынан азды-көпті қамтамасыз етілген жай шаруа еді. Халықтың көпшілік бөлігін кедей шаруалар құрады. Кедейлердің біразы көшпелі өмір құруға мүмкіндіктері болмағандықтан отырықшы тұрмысқа ауысты. Олар жатақтар деп аталды. Ішінара құлдар да кездесті. Олар жат жұртпен қиян-кескі соғыста қолға түскен тұтқындар есебінен ұсталды.

Феодалдық қанау көптеген салық салуды әдетке енгізді. Олардың негізгілері: малшылардан - зекет, соғым, сыбаға, сыйлық, егіншілер мен қолөнершілерден - ұшыр, тағар, баж және хараж алынды. Бұған қосымша шаруалар үстем таптың пайдасына жұмыс істеуге және борышын еңбекпен өтеуге тиісті болды. Осындай әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан шаруалардың көбі, әсіресе, ең кедей бөліктері феодалдарға кіріптар болып, бай туыстарының «көмегіне» сүйенуге мәжбүрлікке түсті.

Қазақтың хандық мемлекетінің қажетіне керекті шығындар халықтан жиналатын феодалдық салықтардан ба сқа, соғыстан түсетін олжадан, сот алымынан және «ықтиярлы» қайырымдылық қорынан құралып отырды. Әрине, негізгі ауыртпалық еңбекші бұқараның мойнына түсті.

ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақтардың қоғамдық қатынасын зерттеушілердің көпшілігі оны патриархалдық қарым-қатынас деп санайды. Әсіресе, ол көшпелі жөне жартылай көшпелі мал шаруашылығы аймақтарында басым болған. Ал, экономикалық жағынан неғұрлым дамыған Қазақстанның Оңтүстік аудандарында феодалдық қарым-қатынастардың көбірек қанат жайғандығы атап көрсетіледі. Іс жүзінде қазақ қоғамы мен қазақ мемлекеттігі екі әлеуметтік-экономикалық құрылысқа негізделді. Моңғол үстемдігі кезінде қала мәдениеті кері кетіп, егіншіліктің құлдырауы, көшпелі мал шаруашылығының артуы патриархалдық қоғамдық қатынастарға қарай ойысуына әсерін тигізді.

Қазақтың далалық аудандарында жерді пайдаланудың қоғамдық түрі үстемдік етті. Жайылымдарды пайдалану құқына көшпелі рулар мен қауымдардың барлық мүшелері ие деп саналды. Бірақ соның өзінде ру-тайпа ақсүйектері мен қатардары көшпенділердің арасында жерді, жайылымды пайдалануға іс жүзінде тепе-тең құқығы болмады. Ақсүйек феодалдардың қоныстарға иелік ету, өзінің отарлары мен жылқы үйірлері жөне өз жақын-жұрағаттары үшін жақсы жайылымдарды, аңшылық құратын жақсы өңірлерді пайдаланатын артыкшылығы болды. Жалпы алғанда, мал жеке адамның және отбасының меншігіне тиді. Өз малдарын өсірумен жоғарғы аксүйектер тобы да, тайпалар мен рулардың көсемдері де және рудың қатардағы мүшелері де шұғылданды. Мал көшпелілер байлығының, олардың тұрмыстық жағдайының басты өлшемі болып саналды. Малдың басым көпшілігі байлардың қолында жинақталды, олар мыңғыраған малды бағатын жайылымдарға іс жүзінде өздерінің билеп-төстеу құқығын жүргізді.

Қазақ жерлерінің жоғарғы басқарушысы хандар болатын. Олар тек Шыңғыс хан ұрпақтарынан шыққан, өздерінің сұлтандарымен бірігіп билік жүргізді. Демек, көшпелі халық бұқарасына малдарын жайып бағуға берілетін жерлер билеуші әулеттің меншігі болып саналды, олардың бұған құқы заңмен бекітілді және салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен қуатталды. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал (хандардың туыстарына немесе көшпелі шонжарлар өкілдеріне сыйға берілген жерлер), ықта (хандардың туысқандары мен жақындарына тарту етілген жерлерден өз пайдасына салық жинау құқығының берілуі), милық (әскери қызметі үшін сыйға алған жерлердің уакыт ете келе ірі феодалдық таза жер иелігіне айналуы), бақып (ислам діни иеліктеріне қарасты жерлер) сияқты және басқа түрлері кеңінен орын алды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден, саудагерлерден өз пайдасына салықтар жинады.

Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ-ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, оғландар немесе төрелер, билер, бектер сондай-ақ, ожалар жатты. Шыңғыс әулеттері қазақ рулары мен тайпаларының ешқайсысына жатпайтын, олар коғамның басқарушы тобын құрады. Ал бүкіл өзге халық әл-ауқаттылық жағдайына қарамастан төменгі топқа-қара сүйекке жатқызылды. Қарапайым халық қатарына - шаруалар, малшылар, егіншілер мен қолөнершілер, жатақтар мен қала халықтары, ұсақ саудагерлер мен ауыл адамдары, т. б. кірді. Соғыс кездерінде өзінің жауынгерлік ерліктерімен даңққа беленген қатардағы сарбаздар әлеуметтік баспалдағымен жоғары жылжып, батырлар тобынан орын алды. Батырлар қазақ қоғамының әлеуметтік тәртібінде маңызды рөл атқарды. Олардың едәуір бөлігі өзінің шыққан тегі және мүлік жағдайымен ауқатты әскери-көшпелі ақсүйектер қатарына жатты.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

  1. Соңғы ортағасырлардағы оңтүстік қалалары.
  2. Соңғы ортағасырлардағы сауда орталығы болған қалаларды ата.

№13 Дәріс

Тақырыбы: ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан аумағы, халық тұрмысы мен шаруашылығы

Дәрістің мазмұны:

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас тымерте ақ мұнан бес жүз жылдай бұрын басталған. Ресей қазақ халқынан мал, малдың терісін, жүнін т.б. өнімдерін алса, керісінше қазақ елі Ресейден өнеркәсіп өнімдерін: қазан, самаурын, ыдыс-аяқ сияқты заттар алады. Орыс саудагерлері қазақ даласы арқылы Қажы Тарханға, Сарытауға, Самараға, Қазанға келіп, сауда-саттық жасайды. Ресей Орта Азиямен, Шығыс елдерімен сауда жасады. Оның сауда керуендері құрлықпен қазақ даласы арқылы өтетін.

Қазақ хандығында жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланысьардың болмауы, қазақ федолдарының өзара тартысы көрші мемлекеттердің шабуылдауына жол ашты: Солтүстік-батыстан- башқұрттар; Солтүстіктен – Сібір қазақтары; Оңтүстіктен – Қоқан, Хиуа хандықтар; Шығыстан – Жоғария; Оңтүстік-Шығыстан – Қытай. XVIII ғасырдың 30-40 жылдары қазақ халқының саяси дамуындағы күрделі кезең. 1740 жыл – Иран әміршісі Нәдіршахтың Хиуаны талқандап, Сырдария өңіріне жақындауы қазақтардың жағдайын ауырлата түсті. 1741-1742 жылдар – қоңтайшы Галдан Цэрен Орта жүз ьен Кіші жүзге екінші «ақтабан шұбырынды» жорықтарын жасады. 1742 жыл – Абылай сұлтан жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы қиыншылықпен босады.

Абылай жоңғар шапқыншылығы кезінде елдің тыныштығын, жердің бірлігін қамтамасыз етуді мақсат етіп, Ресейге арқа сүйеді. 1740 жылғы 28 тамыз - Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылай Орынборға келіп, Ресей билігін мойындады. Орынбор комиссиясының бастығы князь В. Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау болды. Елді аман алып қалатын күш қазақтардың өздері болатынын Абылай сұлтан түсінді. 1742 жылы Абылай аң аулап жүргенде жоңғар тұтқынына түсіп, 1743 жылы бостандыққа шықты. Ол батырларды біріктіріп жоңғарларды шабуылдауды ұйымдастырды.1745 жылғы қонтайшы қазасынан кейін таққа таласушылардың бірі - Әмірсана Абылайды паналап, Орта жүзге қашты. Бұл жағдай 1752 жылы қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себеп болды.Ұлытауда өткізілген құрылтайда Абылай қарастырған мәселелер: қазақ ақсүйектерін біріктіру; Әмірсананы жоңғар билеушісі Лама Доржыға ұстап бермеуге қазақ билеушілерін көндіру; Жоңғарияға шабуылдау.

Абылайдың мақсаты: жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған тарихи иелігін қайтару. Қазақ халкының елдігі жолындағы тарихи күрес барысында, әсіресе, XVII ғасырдын. екінші жартысынан бастап қазақ хандары өзінің үлкен көршісі Ресей мемлекетімен байланыс жасауға көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің қазақ хандығымен сауда жөне елшілік байланыстары Қазан (1552 ж.) және Астрахань (1556 ж.) хандықтарының Ресейге қосылып, оның Жайық пен Еділ аралығындағы даланы алып жаткан Ноғай Ордасына саяси үстемдігін орнатқаннан кейінгі жерде ұлғая түсті. Еділ бойындағы халықтардың орыс мемлекетінің құрамына кіруі, оның шекарасын Қазақстан жеріне жақындата түсті. Маңғыстау мен Үстірт арқылы ететін құрлықтағы керуен жолдары, Каспий, сондай-ақ, Еділ мен Кама арқылы өтетін су жолы Ресейдің Кавказ, Орта Азия жөне Қазақстанмен экономикалық байланысын күшейтуде зор рөл атқарды. Қазақстан өлкесі арқылы өтетін атақты Жібек жолы барған сайын халықаралық маңыз ала бастады. Бұл жол Шығыс және Батыс Еуропа елдерін Орталық Азиямен байланыстырды, сауда-саттықты, экономикалық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік туғызды.

Орыс мемлекеті ең алдымен қазақ даласы арқылы өтетін қатынас, сауда жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақ хандарымен байланысын нығайтуды көздеді. Сондай-ақ, Сібір хандығына, Орта Азия билеушілеріне қарсы күресте және жоңғар феодалдары тарапынан күшейе түскен қауіпке байланысты одақтас іздеген Қазақ хандығы Орыс мемлекетімен экономикалық, саяси-елшілік байланыс орнатуға мүдделі болды. 1583 жылы Қазақ хандығына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді. Соның нәтижесінде орыстың атақты кәсіпкерлері Строгановтар өзіне Тобыл, Ертіс және Объ бойындағы жерлердің бекітіліп берілуіне қолдарын жеткізді. Сонымен қатар олар баж төлемей қазақтармен сауда жүргізуге рұқсат алды. Бұл кезде Мәскеу мемлекетінің билеушісі IV Иванмен қазақ ханы Ақназар арасындағы алғашқы саяси байланыстар Сібір ханы Көшімге қарсы бағытталды.

Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығының арасындағы саяси байланыстардың дамуы Тәуекел хан жіберген елшілікпен одан әрі жалғасты. 1594 жылдың аяғында Ресеймен достық келісім жасау үшін Мәскеуге қазақ елшісі Құлмұхамед жіберілді. Тәуекел орыс патшасымен «достық пен ынтымақ» жасауға асықты. Өйткені Бұқар ханы Абдулламен уақытша бітім жасап, ноғайлармен арадағы қатынас өте шиеленісіп тұрған болатын. Елшіліктің алдына Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған ханның жиені Оразмұхамедті босату және Борис Годуновтан «отты қару» алу еді. Орыс патшасы Тәуекел ханға жауабында оған «отты қаруы бар көп әскер» жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан «сақтайтынына» уәде берді.

1595 жылы Тәуекел ханға жауап ретінде 2 жылға Ресейден Вельямин Степановтың елшілігі жіберілді. Елшілік арқылы орыс патшасы: Тәуекел хан және оның ханзада бауырларының бәрі патшаның қол астына кірсін, ал патша әрі ұлы князь оларды барлық дұшпандарынан қорғауға, Бұхара мен Көшім ханға қарсы тұруына көмектеседі. Өзінің патша ағзамға адалдығын білдіру үшін Тәуекел хан ұлы Үсейінді жіберуді, ал сол үшін бауыры Оразмұхамед ханзаданы босатуға уәде беретінін хабарлады. Тәуекел хан Мәскеу патшасының талабы мен қойған шарттары қисынсыз, өте ауыр болғандықтан қабылдамады.

XVII ғасырда Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығындағы ішкі және сыртқы жағдайлармен байланысты бұлардың арасындағы қарым-қатынас біраз уакытқа үзілді. Саяси байланыстар XVII ғасырдың аяғында, екі мемлекетте де билік басына аса көрнекті саяси қайраткерлер - Тәуке хан мен I Петр келген кезде жанданды. Мұның өзі Ресейдің Батыс Сібірді игеру, Түмен, Тобыл, Тара қалаларының өсуі,

қазақ даласы арқылы Орта Азиямен сауданың күшеюіне байланысты еді. 1687 жылы Тобыл қаласына Тәшім батыр бастаған қазақ елшілігі жіберілді. Бұл елшіліктің басты міндеті екі мемлекет арасында неғұрлым берік байланыс орнату болатын. Тобылға 1689 жылдын аяғы - 1690 жылдың басында барған келесі елшілікті Тұманшы батыр басқарды. Бұл екі елшілікте нәтижесіз аяқталды. Жалпы 1686-1693 жылдары Тәуке хан Ресейге бес елшілік жіберген, алайда оның берік саяси байланыстар жасауға ұмтылысы тиісті нәтиже бермеген. Өйткені Тобыл әкімшілігі тарапынан да, Қазақ хандығы жағынан да жіберілген елшіліктерді екі жақта да дұрыс қабылдамай, арандатушылық орын алған. Мұның өзі Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкеп соқтырды. Бұл XVII ғасырдың аяғы – ХҮІІІ-ғасырдың басында Ресейдің жоңғарлармен жақындасуына себеп болды. Осыған қарамастан Қазақ хандары солтүстіктегі өзінің үлкен көршілесімен саяси-экономикалық байланыстарды жақсартуды үнемі өз алдарына басты міндет етіп қойды. Өйткені Ресей мен Қазақстан хандығының екі жақты жақындасуына XVIII ғасырдың басында жоңғар феодалдарының шапқыншылығына қарсы тұру мүдделілігі басты себеп болған еді. Бұл кезде қазақ хандығының Бұқар және Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойындағы қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Осындай күрделі мәселелерді шешу үшін Солтүстіктегі қуатты көрші Ресеймен мәмілеге келуді керек етті. Қазақстанның басқа көрші ел халықтарымен қарым-қатынасын ұшықтырып, өзіне тәуелді болуын іске асыруға бағытталған жымысқы саясат жүргізіп отырған Ресеймен тең құқықты, тату-тәтті қарым-қатынас орнату қазақ хандары үшін, оның ішінде елдің батыс бетіндегі қалмақтар мен башкұрттардың тынымсыз шабуылынан мазасы кетіп отырған Кіші жүздің ханы Әбілхайыр үшін казақ даласында тыныштық орнатудың кепілі сиякты көрінді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан тарихы. 5 том. Алматы. 2003 ж.

Берденова А. А. Қазақстанның экономикалық тарихы. 2005 ж.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:

1. Қазақ халқының басты кәсібі

2. ХҮІІІ ғасырдағы қазақ халқының тұрмысы

№14 Дәріс

Тақырыбы: ХҮІІІ-ХІХ ғғ. І жартысындағы қазақ қоғамы

Дәрістің мазмұны: 18-19 ғ-да да қазақтардың негізгі шаруашылығы болып мал шаруашылығы қала берді. Мал шаруашылығы ата кәсібі болғандықтан қазақтар малды бағып өсірудің білгір маманы болды. Бірнеше жүздеген шақырымға созылып жатқан кең даланың табиғи байлығын өте жақсыы білетін. Барған сайын қазақтар арасында егін шаруашылығы да өрістей берді. Егін бұрынғыша Сырдария, Талас, Шу өзендері аңғарларында, Жетісуда көп егілді. Кен орындарының ашылуы, сауданың дамуы қалалардың өсуіне әсер етті. Осы күнгі Атырау, Семей, Ақмола, Шымкент қалаларының аттары сол кезде ақ белгілі еді.

Қазақ жері арқылы батыс пен шығыс елдерін байланыстыратын сауда жолдары өтетін. Мұның өзі қазақтардың Қытай, Иран елдерімен, Бұхар, Хиуа, Қоқан хандықтарымен сауда жасауына мүмкіндік берді. Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылғы 19 казандағы жарлығы бойынша Жайык өзені жағасының камалдар маңында қазақтардың көшіп-конуына тыйым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдың 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды. Қазақстанды отарлаудың және Шу мен Талас алқаптарының қазақтарына ресейлік ықпалды таратудың басты тірегі Верный бекінісі болды. Осы жерден орыс әскерлерінің Шу аңғары арқылы қоқандык бекіністері - Әулиеатаға, Шымкент пен Ташкентке қарай әскери шабуылы басталды. 1863-1864 жылдары полковник М. Черняевтің әскерлері қоқандтык бекіністер - Созақты, Шолаққорғанды, Әулиеата және Шымкентті, ал патша офицері М. Веревкиннің жасақтары Түркістанды күшпен басып алды. Сөйтіп Шығыс-Сібір мен Сырдария шептері қосылды. Ұлы жүзді Ресейдің жаулап алуымен, жалпы Қазақстанды қосып алу осылай аяқталды. Осымен байланысты қазақ елі жалпы ресейлік қоғамдық еңбек бөлінісіне ене бастады. Пошта, жол қатынасының дамуы, сауданың, экономикалық байланыстың орнығуы іске асты.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.008 сек.)