АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Некоторые актуальные проблемы казахской экономической терминологии

Читайте также:
  1. I Этап. Определение проблемы
  2. V1: Понятие и показатели экономической эффективности коммерческих организаций
  3. Актуальные мысли от Варвары Большаковой.
  4. Актуальные проблемы биоэтики.
  5. АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ГРАЖДАНСКОГО ПРАВА
  6. Актуальные проблемы медицинской журналистики
  7. Актуальные проблемы образования и воспитания школьников
  8. Актуальные проблемы организации учебно-воспитательного процесса в современной школе
  9. Актуальные проблемы уголовного судопроизводства и ОРД
  10. Актуальные этико-правовые проблемы взаимодействия человека и общества.
  11. Анализ колебаний экономической активности на основе модели IS-LM с фиксированными ценами.
  12. Анализ основных показателей финансово-экономической деятельности отеля «Старый дворик»

 

В данный момент более сложной является ситуация с письменным переводом научной экономической литературы. Здесь уже не достаточно широкого словарного запаса переводчика, – необходима специальная экономическая подготовка. Если же ее нет, то вследствие такого перевода возникает и получает распространение терминология, которую можно назвать скорее журналистской, а не научной. Эти экономические термины перекочевывают из экономических изданий в публикации в массовых журналах и газетах, и наоборот. Тем самым такие термины получают широкое применение и уже используются государственными органами власти в их официальных документах.

Примеров таких неадекватных экономических терминов достаточно много. Их можно найти почти в каждом автореферате на соискание научных степеней кандидата (доктора философии) и доктора экономических наук. Поэтому нет смысла указывать на конкретные работы или фамилии, ведь это явление стало типичным. Приведем отдельные примеры использования англоязычных экономических терминов. Так, термином, который часто встречается в публикациях и устной речи, является "трейдерлер" (от "traders"). На казахском языке это "кәсіпорынның көтерме саудасы". Дословно слово "trader" переводится как "саудагер" (от "trade" — "сауда"). Но ведь мы говорим не "трейд", а "сауда".

Широкое распространение получило словосочетание "паблик рилейшнз" (от выражения "public relations", которое переводится как "қоғаммен байланыс"). У нас уже даже появилась учебная дисциплина, название которой является калькой "паблик рилейшнз", и защищена кандидатская диссертация, в названии которой есть эта калька. Что уже говорить о научных статьях, курсовых и дипломных работах.

Термин "stockholders" в переводе на казахский означает "мүдделі тұлға". Имеются в виду все заинтересованные в чем-то лица – физические и юридические. На казахском это выглядит просто и понятно. Возникает вопрос: зачем же использовать кальку в виде написания этого английского термина казахскими буквами – "стокхолдерлер"?

Большое распространение получил у нас английский термин "business", который звучит и пишется по-казахски как "бизнес". Вообще слово "business" имеет достаточно много значений и особенностей перевода на казахский язык в зависимости от условий его применения в каждом конкретном случае. Это "іс", "кәсіпкерлік қызмет", "коммерциялық қызмет", "жұмыс", "кәсіпорын", "мамандық", "жауапкершілік" и т. д. Потому при переводе этого термина с английского языка целесообразно максимально точно, учитывая смысловые нюансы, формировать казахский экономический термин. Например, по-английски название может звучать как "Institute of Agribusiness and Rural Development", a по-казахски – как "Аграрлық кәсіпкерлік пен ауылды дамыту институты". В то же время словосочетание "business activity" следует переводить как "іскерлік белсенділік".

Примеры приспособления английских экономических терминов к казахскому языку можно продолжать. Как уже отмечалось, сегодня это явление получило существенное распространение. Причем именно приспособление, а не правильный перевод и формирование казахской экономической терминологии. Важно также подчеркнуть, что, кроме отечественных ученых-экономистов, никто больше не сможет и не будет заниматься этим делом, в силу чего к нему следует относиться чрезвычайно ответственно.

Итак, делая общий вывод из всего сказанного, необходимо акцентировать внимание на том, что проблема современной казахской экономической терминологии довольно не однозначна.

 

14-тапсырма. Ойтүрткі. Сұрақтарды топ болып талқылаңыздар:

v «Болашақ» бағдарламасын білесіз бе?

v Конкурсқа қатысып көрдіңіз бе?

v Қандай шет тілін білесіз? Еркін білесіз бе?

v Шетелдерде оқығыңыз келе ме?

v Шетелде оқитын таныстарыңыз, достарыңыз бар ма? Қайда оқиды?

15-тапсырма. Шын немесе жалған.

Ш Ж

1. «Болашақ» стипендиясына қатысуға жоғары оқу орнын бітіргендер жіберілмейді. 2. Мамандығы бойынша жұмыс істеген 45 жасқа дейінгі азаматтар жіберіледі. 3. Үміткерге қойылатын талаптар: үлгерім балы – 3,75-тен кем болмауы керек. 4. Бір шет тілін орташа білу керек. 5. Ғылыми-зерттеу жұмысқа белсенді, нәтижелі қатыспау. – – – – – – – – – –

16-тапсырма. Жыр жаттаңыз.

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

 

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен...

 

...Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

Мұқағали Мақатаев

СӨЖ тапсырмасы

«Экономикалық терминология негіздері», реферат.

СОӨЖ тапсырмасы

Терминдер және олардың жасалуы бойынша жұмыс (жазбаша)

Бақылау сұрақтары

 

1. Тілдің қоғамдағы рөлі, атқаратын қызметі хақында не айтасыз?

2. Жаңадан жасалған терминдер «тағдыры» туралы сіздің пікіріңіз қандай?

3. Терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмауы неден туындап отыр?

4. «Халықаралық» деп аталатын терминдерді ұлт тіліне аудару, жазу, қабылдау тәртібі қай деңгейде екенін айтып беріңіз?

5. Мемлекеттік терминологиялық комиссия туралы Ережені тауып, онымен толыққанды танысыңыз.

6. Қазақ терминологиясында қалыптасқан жағдайға сараптама жүргізудің нормативтік базасын Ережеден табыңыз және ол туралы әңгімелеп беріңіз.

7. Ағылшын тілінен енген сөздерді атаңыз, мысал келтіре отырып баяндаңыз.

8. Терминология саласында отандық ғалымдар нендей мәселеге назар аудармай отыр деп ойлайсыз?

Тест сұрақтары

1. «Трейдер» терминінің қазақша баламасын табыңыз.

А. Көтерме сауда;

В. Сауда;

С. Саудагер;

Д. Бөлшек сауда;

Е. Сыртқы сауда.

 

2. Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.

А. -ды, -ді;

В. -да, -де;

С. -шық, -шік;

Д. -лы, -лі;

Е. -қыш, -кіш.

 

3. «Салым» экономикалық термині қай сөзбен тіркеседі?

А. Аккредитивтік;

В. Инкассациялық;

С. Ұзақ мерзімдік;

Д. Мерзімсіз;

Е. Кассалық.

 

4. Жалғаулар сөйлемде қандай қызмет атқарады?

А. Сөз тіркесін жасайды;

В. Сөз бен сөзді байланыстырады;

С. Жаңа сөз тудырады;

Д. Сөзді түрлендіреді;

Е. Сөзге қосымша реңк үстейді.

 

5. Етістіктен жасалған туынды зат есімді анықтаңыз.

А. Қаламсыз;

В. Басшы;

С. Еңбекші;

Д. Тарақ;

Е. Жерлес.

 

6. Банк нені ұсынады?

А. Міндеттемені;

В. Кепілдемелік хатты;

С. Есеп айырысуды;

Д. Атаулы салымды;

Е. Шот есебін.

 

7. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс септігі жалғауын табыңыз.

А. әкемде;

В. әкеме;

С. әкесінде;

Д. әкесін;

Е. әкені.

 

8. «Демеуші» сөзінің орысшасы қайсысы?

А. Партнер;

В. Брокер;

С. Спонсор;

Д. Инвестор;

Е. Посредник.

 

9. Туынды сөз жасап тұрған қосымшаны көрсетіңіз.

А. Түн-нің;

В. Түн-кеп;

С. Түн-ге;

Д. Түн-дік;

Е. Түн-де.

10. «Маркетинг» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?

А. Базар;

В. Сауда;

С. Нарық;

Д. Дүкен;

Е. Дүңгіршек.

 

11. Сөздің тура мағынасын анықтаңыз.

А. Арқасынан таяқ үзген емес;

В. Бала нанның жартысын үзіп берді;

С. Нариман – тепсе темір үзетін жігіт;

Д. Ол әке-шешеден ерте қол үзді;

Е. Қария әбден күдер үзген екен.

 

12. «Орфоэпия» терминінің анықтамасы қайсы?

А. Дұрыс жазу ережелері;

В. Дауысты дыбыстардың үндестігі;

С. Дұрыс айту ережелері;

Д. Тыныс белгілері;

Е. Дауыссыз дыбыстар жүйесі.

 

13. Тұйық валюта –.... валюта.

А. Айырбасталатын;

В. Еркін айырбасталатын;

С. Ішінара айырбасталатын;

Д. Айырбасталмайтын;

Е. Дамыған елдер валютасы.

14. Омоним сөздер қатысқан сөйлемді табыңыз.

А. Ел үмітін ер ақтар;

В. Қарақұс – жыртқыш құс;

С. Сулы жер – нулы жер;

Д. Көңілі бұлақтай таза;

Е. Көк алманы алма.

15. «Текущий вклад» тіркесін қазақ тіліне қалай аударған жөн?

А. Ұтыстық салым;

В. Атаулы салым;

С. Ағымдық салым;

Д. Мақсатты салым;

Е. Жарғылық салым.

16. Ауыспалы мағынада қолданылған сөз қайсысы?

Жаңбырсыз жер жетім,

Жақсысыз ел жетім.

А. Жер;

В. Ел;

С. Жетім;

Д. Жаңбырсыз;

Е. Жақсысыз.

 

17. Қазақстан ипотекалық компаниясының құрылтайшысы –....

А. Үкімет;

В. Президент әкімшілігі;

С. ІІ деңгейлі банктер;

Д. Ұлттық Банк;

Е. Қаржы министрлігі.

18. Қай сөзде «көк» сөзі бірге жазылады?

А. (Көк) жел;

В. (Көк) кептер;

С. (Көк) шең;

Д. (Көк) аспан;

Е. (Көк) көйлек.

19. Есім сөзден жасалған туынды зат есімді көрсетіңіз.

А. Тарамыс;

В. Батпақ;

С. Басқыш;

Д. Адалдық;

Е. Күрек.

20. «Мөлшерлеме» сөзінің орысша баламасы.

А. Баланс;

В. Займ;

С. Ставка;

Д. Средство;

Е. Объем.

ГЛОССАРИЙ

Сертификат – 1) Шынайылық куәлігі (мысалы, жазбаша немесе басылған түрде берілген меншік құқығы туралы құжат, тауарлардың шығу тегі жөніндегі сертификат, кепілдік сертификат, қолхат);

2) Сертификат иесінің меншігіндегі акциялар саны көрсетілген жазбаша немесе басылған түрде депозитке, акцияға, облигацияға берілген меншік құқығы туралы куәлік.

Инфляция (құнсыздану) – нарықта ақша табыстарының тауарлар, қызмет көрсету және қаржылық активтер ұсынысынан артық болуы нәтижесінде тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының өсуі, яғни ақша массасының тауарлардан артылуы.

Менеджмент – өндірісті басқару принциптерінің, әдіс - тәсілдерінің және құралдарының жиынтығы; өндірістің тиімділігін арттырып, тұрақты табыс алу мақсатымен құрылатын экономикалық саясат.

Менеджер – өндіріс және тауарлар айналымы процестерін басқару жөніндегі маман, фирманың штаттық қызметкері, орташа және жоғары басшылық құрамының лауазымды тұлғасы.

Аудитор – тексерілудегі валюта есебінің дұрыстығын куәландыратын жеке адам немесе тәуелсіз компания.

Жалпы ішкі өнім – басқа елдерге салынған күрделі қаржылардан түскен пайданы қосқандағы ел өндіретін тауарлар мен қызмет көрсетулердің жиынтық бағасы.

Толық серіктес – жауапкершілігі шектеулі серіптестіктегі (ЖШС) өз борыштары мен міндеттемелері бойынша жауапкершілігі шектелмеген серіктес.

Енжар серіктес – жауапкершілігі шектеулі серіптестіктегі (ЖШС) өзі салған капитал мөлшерінде ғана жауап беретін серіктес.

Негізгі әдебиеттер:

1. Ф. Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2000

2. Ш.К. Бектуров, А.Ш. Бектурова. Казахский язык для всех. Алматы, «Атамұра», 2004.

3. А.О. Мұса, Ж.Ш. Әбіш, І.М. Төленов. Қазақ тілі (оқу құралы). Алматы, «Экономика», 2001, 380 бет.

4. Ж.Ш.Әбіш, Р.Қ. Әдісханова, Ж.О. Мұсаева ж.б. Қазақ тілі (жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқу құралы). Алматы, «Жания-Полиграф» баспасы, 2004, 380 бет.

 

Қосымша оқулықтар:

1. Ш.К. Бектұров, А.Ш. Бектұрова. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, «Атамұра», 2004.

2. Н.Қ. Мамыров, А.О. Мұса, Ж.Ш. Әбіш. Қазіргі экономикалық терминдердің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы, «Экономика», 2000, 402 бет.

3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінен қысқаша анықтағыш. Құрастырғандар: Сүлейменова Ж., Орынбаев А., Абитжанова Ж. Алматы: «Эверо» баспасы, 2009ж., 248 бет.

 

 

Аға оқытушы Бейсеева Нұргүл Әбдіқадырқызы

3-сабақ. Ресми іс қағаздар тілінің нормасы

Тірек сөздер: Ресми ісқағаздар, ресми стиль, ісқағаздар стилі,кеңсе стилі, әдеби тіл, жалпы халықтық тіл, жазба мәдениеті, ресми құжаттар, мемлекет жұмыстары, ел билеу, өтініш, өмірбаян, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, түйіндеме, хабарландыру, құттықтау, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, бұйрық, есеп, хаттама, шарт, міндеттеме, нұсқау хаттар, сот процесі, елшілік кездесулер.

Ресми ісқағаздар тілі – әдеби тілдің стильдік тармақтарының бірі. Әдеби тіл жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл. Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ең жоғары формасы болып есептеледі. Қоғамның, мемлекеттің дамуымен байланысты, сол мемлекет тілінің байлығы, мәдениеті артып, қолданылу аясы да кеңейе түседі. Мемлекет тілі – көркем әдебиеттің, ғылымның, ісқағазардың, өнер-білімнің, баспасөздің тілі.Тілдің қалыпқа түсуі, дамуы халықтың жазба мәдениетімен тікелей байланысты. Жазба мәдениеті арқылы тіл байлықтары екшеленіп, құрылысы да жүйелі қалыпқа түсіп дамиды. Яғни халықтың жазба мәдениетінің болуы тілдің әдеби қалыпқа түсуінің негізгі шарттарының бірі. Әдеби тілдің негізгі белгілерінің бірі – бірізділік. Бұл бірізділік тілдің орфогафиясында да, грамматикасында да, терминологиясында да сақталуы тиіс. Яғни тілдегі сөздердің бір ізге түскен айтылу нормасы, жазылу нормасы, қолданылу нормасы болу керек. Ресми ісқағаздар тілі кейде кеңсе стилі, ресми стиль, ісқағаздар стилі деп те айтылады. Ресми ісқағаздар тілінің ерекшелігі, онда факт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені ісқағаздары да, ресми құжаттар да ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын жүргізумен байланысты. Ісқағаздар стиліне әртүрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Ісқағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Ісқағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, хаттама, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп, т.б. жатады. Ісқағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөз тіркестері, сөйлем үлгілері болады. Ісқағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады. Қолданылатын орны. Ісқағаздарында, нұсқау хаттарда, кеңсе құжаттарында жазба түрі, ал сот процесі кезінде, елшілік кездесулерде, мемлекет, мекеме қызметкерлерінің іскерлік қарым-қатынастарында ауызша түрі қолданылады.

Қарым-қатынас мақсаты: хабарлау, нақты мәліметтер беру. Тілдік амал-тәсілдері: сөз, сөз тіркестері тіліндегі өз мағынасына сай жұмсалады. Мысалы, ресми стильде жазушы сөзі сөз зергері, қаламгер деп қолданылмайды. Жеңіл автомобиль атауы, сөйлеу тіліндегідей, жұмсақ машина деп айтылмайды. Грамматикалық ерекшеліктер тұрғысынан алғанда, ісқағаздары қалыптасқан үлгіде, баяндау түрінде жазылып, сөйлемдері тиянақты, ой аяқталған болып келеді де, мазмұны көбінесе «тапсырма», «бұйыру» ыңғайында болады.Ресми стильде кітаби реңктегі сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен термин сөздер пайдаланылады. Мысалы: орындау міндеттелсін, мекемеге тапсырылсын, жүзеге асырылсын, ұйымдастыру қолға алынсын, баса көңіл бөлінсін, баса назар аударылсын, ескеріп отыратын болсын, қамтамасыз етілсін, қаулы етеді, осы анықтама берілді, жарлық етеді, т.б. күрделі тіркестер көбірек кездеседі. Ісқағаздары көбінесе өткен шақ формасында жазылады, айқындап тұратын сөздер жиі қолданылады.

Стильдік сипаттары: ресмилік, нақтылық. Айтылатын ойды бұрмалауға не екіұшты түсінуге жол бермейтіндей дәлдіктің болуы; автордың жеке басының сезім күйі тежеулі, сөзі ресми сипатта болуы

 

1- т апсырма.

1. Ісқағаздары, оның түрлері туралы 1-кестені оқып шығыңыз. Ісқағаздарының қандай жағдайда жазылатынын, мазмұндық-құрылымдық жүйесін т.б. дерекшеліктерін есте сақтаңыз.

2. Ісқағаздары, оның түрлері туралы мәліметтерді есте сақтай отырып, оқу құралының көмегінсіз 2-кестені толтырыңыз.

Кесте

Құжаттың аты Мазмұндық-құрылымдық жүйесі Қандай жағдайда жазылады
Өмірбаян Аты-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері, ұлты, білімі, оқыған оқу орындары, қоғамдық-саяси қызметі, ата-анасы, жұбайы, балалары туралы мәлімет, қазіргі жұмысы, мекен-жайы 1.Қызметке орналасу кезінде 2.Оқу орнына түсерде
Түйіндеме аты-жөні, туған жылы, күні, айы, туған жері, ұлты, жынысы, мекен-жайы, телефоны, отбасы жағдайы, азаматтығы, білімі, бітірген, оқу орындары, кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі, тілдік дағдылары, компьютерлік сауаттылығы, жеке қасиеттері - қызығушылығы туралы мәлімет, қосымша ақпараттар Өз өмірбаяны мен жұмыс тәжірибесінің, мамандығының икемділігін ұтымы көрсете отырып, ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу
Мінездеме Тақырыбы, мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет, негізгі мәтін, қорытынды, мінездемені талап етуші үйымның аты, мінездеме берілген күн, ай, жыл, мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы, қосымша (егер болса), мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады. Қызметкерді басқа бір вакансияға немесе оқу орнына ұсыну мақсатында жазылады.
Өтініш Мекеменің толық аты, басшының қызметі, атағы, аты-жөні, құжат аты, мазмұны, жазылу мерзімі, қолы, өтініш берушінің аты жөні, кейде мекен жайы. жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру, кезекті демалыс сұрау, кезектен тыс демалыс сұрау, материалдық көмек (пәтер бөлу), балабақшадан орын бөлу және т.б. туралы сұрау жалақыны көтеру туралы өтініш айту жоне т.б.
Сенімхат құжат атауы,күні, айы, жылы, мекен-жайы, сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі), сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі), алынғат заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі), қайтарылатын нақты уақыты, қайтара алмаған жағдайдағы шарты, нотариалдық мекеме мөрі.     Өз өкілеттілігі мен құқын екінші бір адамға берерде жазылады.

Кесте

Құжаттың аты Мазмұндық-құрылымдық жүйесі Қандай жағдайда жазылады
Өмірбаян        
Түйіндеме      
Мінездеме       .
Өтініш        
Сенімхат       .

2-тапсырма. Сіз бөлім бастығысыз, жұмысқа жаңа қызметкер қабылдаңыз. Сұхбаттасып көріңіз.

- Сәлеметсіз бе? Кіруге бола ма?

- Сәлеметсіз бе? Кіріңіз. Қандай шаруамен келдіңіз?

- Мен сіздердің фирмаларыңызға хабарландыру бойынша келіп тұрмын. Сіздерде менеджерлік бос орын бар ма?

- Иә, бар. Сіз қандай жоғары оқу орнын бітірдіңіз?

- Қазақ экономикалық университетін қызыл дипломмен бітірдім.

- Жұмыс тәжірибеңіз бар ма?

- Иә, бес жылдық жұмыс тәжірибем бар.

- Сіз қазақ, ағылшын тілдерін жақсы білесіз бе?

- Қазақ тілінде жақсы сөйлеймін, ағылшын тілін де біршама тәуір білемін.

- Өте жақсы. Ондай болса, сіздің жұмысқа орналасуға қажетті құжаттарыңыз дайын ба?

- Иә. Менде жоғары білімім туралы диплом, жеке куәлік, төлқұжат, еңбек кітапшасы(жеке іспарағы), әлеуметтік жеке код(ӘЖК), салық төлеушінің тіркеу нөмірі(СТН), зейнетақы шарты бар.

- Онда сіз жұмысқа қабылдау туралы өтініш жазыңыз. Мінездеме мен өмірбаян керек. Сонымен бірге түйіндеме жазып қалдырыңыз. Ертең келіңіз.

- Рақмет, сау болыңыз!

- Сау болыңыз. Біз сізді күтеміз.

4.2. Хатшымен сұхбат.

- Сәлеметсіз бе?

- Сәлеметсіз бе? Иә сұраңыз.

- Мен жұмыс туралы өтініш жазып қалдырып едім. Қорытындысын білуге бола ма?

- Қазір қарайын. Міне, сіздің өтінішіңіз қаралыпты. Бастық қол қойыпты. Сіз жұмысқа қабылданыпсыз. Құттықтаймын!

- Өте қуаныштымын. Ықыласыңызға үлкен рақмет! Қызметке қашан кірісейін?

- Ертеңнен бастап кірісіңіз.

- Ертеңге дейін сау болыңыз.

3-тапсырма. Төменде берілген кесте мен хабарландыру үлгілерін пайдаланып, бос қызмет орны туралы хабарландыру жазыңыз.

 

 


ХАБАРЛАНДЫРУ «Өзенмұнайгаз» ААҚ жоғары немесе орта техникалық білімі, мұнай-газ саласында жұмыс тәжірибесі бар, қазақ және ағылшын тілдерін жетік білетін, компьютерде пайдаланушы ретінде жұмыс істей алатын, адамдармен қарым-қатыныс орнатуға бейімі бар, 25-45 жас аралығындағы өндіріс жөніндегі менеджерді жұмысқа шақырады.  

Ірі халықаралық компания болып табылатын «Данфосс ЖШС-ға конкурстық негізде бас директор қажет. Офис Алматы қаласында орналасқан. Үміткерге қойылатын біліктілік талаптары: - жоғары техникалық немесе экономикалық білімінің болу - әлеуметтік-тұрмыстық салаға қажетті жабдықтар шығару жөніндегі ұйымдардағы басшы қызметтерде кемінде 5 жыл істеген жұмыс тәжірибесінің болуы тиіс; - жетекші болу қасиеті, жоғары парасаттылығы және ұйымдастырушылық қабілеті болуы тиіс; - компьютерді кәсіби деңгейде меңгерген болуы керек. - Қазақ және ағылшын тілін жетік меңгерген болуы керек. Қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде егжей-тегжейлі жазылған түйіндемені мына факске жолдау керек 8 (7272) 395969 немесе мына электрондық поштаға жолдауға болады: info danfoss.kz

 

4-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз және мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда

есте болатын кейбір жағдайлар:

1. Қызметтік құжаттар бейтарап(нейтральный) қалыппен, ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.

2. Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек. Қағаз бен сөздің көптігі істі жылдамдатуға септігін тигізе қоймайды. 3. Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылуы керек. 4. Ісқағаздарын жазарда көнерген сөздер, архаизмдер, диалект сөздер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды. 5. Сөйлем баяндауышы ашық райда (пайдаланалылады, қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертіледі) немесе бұйрық райда тұруы керек (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын т.б.).

5-тапсырма. Орыс тіліндегі өтініш үлгісін қазақ тіліне аударыңыз. Қазақ тілінде басқа мәселеге арналған өтініш жазыңыз.

Начальнику отдела эксплуатации

Управления жилищно коммунальным

хозяиством Акимата Ауэзовского

района г.Алматы

 

Заявление

 

Мы жильцы нового жилого дома мкр. Калкаман дом №26, заявляем, что с момента заселения (с февраля 2011года по январь 2012 года) нам до сих пор не подключен газ. Наши многочисленные жалобы(с 25 марта 2011 года, 28 мая 2011 года, 18 августа 2011 года, 23 декабря 2011 года) только регистрируются, но не рассматриваются. Ответ на них не дается. Пожалуйста, рассмотрите наше заявление и дайте удовле- творительный ответ.

Жильцы дома № 26, мкр. Калкаман.

г.Алматы.

15 января 2012 года

6 -тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптерге көшіріп жазыңыз.

 

1. Түйіндеме жазуда... мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен..., мамандығыңызды,... ұтымды көрсете білу. (Керекті сөздер: икемділігіңізді, сіздің, жұмыс тәжірибеңізді)

2. Шағым хатқа... беруші адам, кейде хат мазмұнына... мекеменің жауапты... қол қояды. (Керекті сөздер: қызметкері, шағым, байланысты)

3. Ресми-іскерлік қарым-қатынас деп кәсібі,... байланысты жұмыс немесе қызмет орындарында,... мекемелерде жүзеге асатын... түрін айтамыз. (Керекті сөздер: қарым-қатынастың, мамандығымен, мәдени-көпшілік)

4. Мінездеме... басқа бір вакансияға я болмаса... ұсыну... да жазылады. (Керекті сөздер: оқу орнына, мақсатында, қызметкерді

7-тапсырма. Іс қағаздарының үлгілерін дұрыс сәйкестендіріңіз.

Өтініш Түсініктеме Бұйрық Анықтама Сенімхат Жеделхат Мінездеме Түйіндеме Өмірбаян Баяндау хат Келісімшарт Приказ Докладная записка Справка Резюме Автобиография Контракт Заявление Телеграмма Объяснительная Характеристика Доверенность

8-тапсырма. Сөз тіркестерінің мағыналық айырмашылығын табыңыз.

сыйлық алу - айлық алу жолақы - еңбекақы

жұмыссыз - зейнеткер

қысқартуға түсу - жұмыстан шығу

салық төлеу - айып төлеу

9-тапсырма. Мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.

место жительство –

допольнительная сведения –

обязан к воинской службе –

удостоверять, подверждать –

устроиться на работу –

принимать на работу –

принести справку с места работы –

руководствоваться –

служебные письмо –

переходом на другую работу –

уходом на пенсию –

временно возглавить –

издавать приказ –

ознакомиться с приказом -

10-тапсырма. Сөздіктерді жаттап алыңыз.

тұрмысқа шығу – выходить замуж

үйленген - женат

жұмыс істеген жылдары – трудовой стаж

әскери атағы – воинское звание

лауазым, қызмет - должность

марапаттау, мадақтау – наградить

сеніп тапсыру – доверять

қызметкер – служащий

беделді - авторитетный

еңбекқор – трудолюбивый

бойдақ - холостой

еңбек кітапшасы(жеке іспарағы) – трудовая книжка(личный листок)

әлеуметтік жеке код(ӘЖК) – социальный индивидуаьный код(СИК)

салық төлеушінің тіркеу нөмірі(СТН) – регистрационный номер налогоплательщика

зейнетақы шарты – пенсионный договор

11-тапсырма. Төменде берілген анықтама үлгілерінің қайсысы тілдік норма ретінде, яғни қалыптасқан норма ретінде қабыланады? Ал қайсы анықтама үлгісі ісқағаздар тілінің өзіне тән бояуы мен құрылымын бұзып тұр? Осындай үлгілерде басқа бір құжат түрін жазыңыз.

1. а) Осы анықтама азамат Бейсебеков Болатқа берілді. Болат шын мәнінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде оқытушы болып істейді. Анықтама Әуезов аудандық салық инспекциясы үшін берілді. Анықтама 4 ай күшінде.

ә) Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді. Назым шын мәнінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетінің 3-курсында оқиды. Анықтама 3 ай күшінде.

2. а) Осы анықтама Бейсебеков Болаттың Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің оқытушысы екендігін растайды.

Анықтама Әуезов аудандық салық инспекциясына көрсету үшін берілді.

Анықтама берілген күннен бастап 4 айға дейін жарамды.

ә) Осы анықтама Ахатова Назымның Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетінің 3-курсында оқитынын растайды.

Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды.

12-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастырыңыз.

Жауапкершілік, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас, саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер.

13-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыз.

тұрмысқа шығу – выходить замуж үйленген – женат жұмыс істеген жылдары – трудовой стаж әскери атағы – воинское звание лауазым, қызмет - должность марапаттау, мадақтау – наградить сеніп тапсыру – доверять қызметкер – служащий беделді - авторитетный еңбекқор – трудолюбивый бойдақ - холостой еңбек кітапшасы(жеке іспарағы) – трудовая книжка(личный листок) әлеуметтік жеке код(ӘЖК) – социальный индивидуаьный код(СИК) салық төлеушінің тіркеу нөмірі(СТН) – регистрационный номер налогоплательщика зейнетақы шарты – пенсионный договор

14-тапсырма. Өлеңді жаттап алыңыз.

Менің анкетам

- Туған жерің?

- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

- Туған жылың?

- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

- Жынысың кім?

- Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы тәуірмін...

- Партияда барсың ба?

- Жоқпын.

Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

- Шыққан тегің?

- Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

- Білімің ше?

- Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын.

- Ана тілің?

- Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

- Қайда істедің?

- Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

- Міндеттісің бе әскерге?

- Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.

- Сөгіс алып көрдің бе?

- Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...

- Шетелдерде болдың ба?

- Болғамын жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жайыммен,

Осы отырған орнымда-ақ.

- Мекенжайың?

- Мекенжайым - жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

М.Мақатаев

15-тапсырма. Мақал-мәтелдерді қазақ тіліндегі бар нұсқаларымен аударыңыз.

Үлгі: За много дел не берись, а в одном отличись – Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.

 

Не откладывай на завтра то, что можно делать сегодня.

Какие труды, такие плоды.

Терпение и труд, все перетрут.

Труд человека кормит, а лень портить.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.066 сек.)