АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Тапсырма Білгенге маржан

Читайте также:
  1. Жеке тапсырмалар 1 страница
  2. Жеке тапсырмалар 10 страница
  3. Жеке тапсырмалар 10 страница
  4. Жеке тапсырмалар 11 страница
  5. Жеке тапсырмалар 11 страница
  6. Жеке тапсырмалар 12 страница
  7. Жеке тапсырмалар 12 страница
  8. Жеке тапсырмалар 13 страница
  9. Жеке тапсырмалар 13 страница
  10. Жеке тапсырмалар 14 страница
  11. Жеке тапсырмалар 14 страница
  12. Жеке тапсырмалар 15 страница

Бізге берілетін уақыттың әр секундына дейін өз уақытымызды қуанышымыз үшін өз орнымен жұмсауға міндеттіміз;

1 жылдың қадірін білгің келсе, сыныпта қалған оқушыдан сұрағайсың;

1 айдың қадірін білгің келсе, 8 айлық нәрестесін дүниеге әкелген анадан сұрағайсың;

1 аптаның қадірін білгің келсе, апталық журнал шығаратын редактордан сұрағайсың;

1 сағаттың қадірін білгің келсе, бір-бірін асыға күткен ғашықтардан сұрағайсың;

1 минуттың қадірін білгің келсе, пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұрағайсың;

1 секундтың қадірін білгің келсе, жол апатынан алдын алуға үлгермеген көлік жүргізушісінен сұрағайсың;

1 мили секундтың қадірін білгің келсе, әлемдік жарыста күміс жүлде алған желаяқ жолаушыдан сұрағайсың;

Бүгінгі уақытпен өмір сүр, ертеңгі күнге үмітпен қара.

 

Ең қиын жоғалту - уақытты жоғалту.

Ақша-қымбат,өмір-қымбаттырақ, ал уақыт-одан да қымбат.

Сезім мен күшке қарағанда, уақыт пен сабырлық көп нәрсе береді.

Ендеше әр сәтіңді ұтымды пайдалан. Ұмытпа!

Ешкімде уақыт диірменін тоқтата алмайды.

 

V МОДУЛЬ:САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ

1-сабақ Дені саудың – тәні сау

1-тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіз?
2. Өзіңіз салауатты өмір сүру үшін қандай іс-әрекеттер жасайсыз?
3. Салауаттылық – өмір негізі деген көзқарасқа қалай қарайсыз?

4. Денсаулықты сақтаудың қандай шарттары бар?

5. Зиянды әрекеттерге нелер жатады?
6. Темекі шегу қандай ауруларға шалдықтырады?

7. Ішімдіктің адам ағзасына келтіретін зияны?
8. Есірткі заттарының зардаптары?
9. Жұқпалы аурулар жайлы не білесіз?
10. Адамдар не себепті зиянды іс - әрекеттерге барады деп ойлайсыз?
11. Зиянды әрекеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын сақтай білу үшін адам бойында қандай қасиеттері басым болуы керек?

2-тапсырма Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз

Крепкий иммунитет, здоровый образ жизни, крепкое здоровье, ежедневная зарядка, вечерная прогулка,физические нагрузки, правильное питание, саблюдение диет, здоровый сон, режим сна, режим питания, чистый воздух.

 

3-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Дені саудың – жаны сау

Қазақ халқында «бірінші байлық – денсаулық» - деген мақал бар. Шынымен де, егер адамның денсаулығы болмаса, оның бүгінгі қоғамның толық белсенді мүшесі болуы қиынға түседі. Күнделікті өмір бізге әр түрлі қиындықтарды алға тартады. Оларды жеңу үшін, өз мақсаттарымызға жету үшін, ең алдымен, деніміз сау болуы керек.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», - деген де мақал бар. Ауырмау да өз қолымызда. Біз дұрыс тамақтанып, көптеген ағзаға зиян заттардан аулақ болып, денемізді шынықтыра білсек, дәрігерлерге жиі-жиі бара бермес едік. Халықтың денсаулығы оның әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан біздің елімізде халықтың денсаулығын сақтап қалу мәселесіне көп көңіл бөлінеді.

Ерте кезде қазақтар табиғатпен өте тығыз байланыста өмір сүрді. Жазда жайлауда, қысы қатал қыстауларда мал бағып, сол малдың етімен, сүтімен қоректенген қазақтар өте төзімді халық болған. Түйенің шұбаты, жылқының қымызы тек тамақ қана емес, сонымен қатар ауруға ем де болған. Ауыра қалса, емді ата–бабаларымыз табиғатта өскен шөптердің дәрілік қасиеттерінен тапқан.

Қазіргі уақытта денсаулықты сақтау - өте өзекті мәселелердің бірі. Медицинаның дамыған тұсында адам ағзасының ауруларға қарсы тұруы әлсіреген. Бұған экологиялық факторлардың әсері де бар. Жас буын өз денсаулығын қазірден ойлар болса, жағымсыз әдеттерден аулақ болғаны дұрыс. Бұлар: ішімдік, темекі, есірткі. Олардың орнына денсаулыққа пайдалы тағам, спорт, табиғатқа жақындық т.б. тәнге де, жанға да жайлы істермен айналысу абзал. Адамға берілер өмір де, денсаулық та - ең басты байлығымыз. Оларды қадірлей білейік!

 

4-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

5-тапсырма Есте сақтайық!

Денсаулықтың он құпиясы:
1. Денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр
2. Біздің тыныс алуымызда
3. Шынығу әрекеттері күш әкеледі

 

4. Дұрыс тамақтану
5. Күлкі
6. Дем алу
7. Тұлғаны түзу ұстай білу
8. Сенім күші
9. Сүйіспеншілік күші
10. Таза қоршаған орта

 

 

2-сабақ Ауру – астан

 

1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1. «Ас – адамның арқауы» дегенді калай түсінесіздер?

2. Дұрыс тамақтану дегеніміз не?

3. Тамақтанудың негізгі ережелерін ата?

4. Қандай тағам түрлерін білесіздер?

5. Дұрыс тамақтанбағаннан қандай аурулар пайда болады?

2-тапсырма Диаграмманы толтырыңыз

 
 

 

 


3-тапсырма Біліміңізді тексеріңіз. Сөздердің аудармасын жазыңыз

Сорпа __________ Тауық __________Ірімшік __________

Қымыз _________ Картоп _________ Бал _____________

Шырын _________ Балық __________Айран __________

Көже ___________ Палау __________Тосап ___________

4-тапсырма Өзіңіз білетін қазақтың ұлттық тағамдарын жазыңыз

1. Еттен жасалатын тағамдар 2.Сүттен жасалатын тағамдар

1 ------------------------------------- --------------------------------------

2 ------------------------------------- --------------------------------------

3 ------------------------------------- --------------------------------------

4 ------------------------------------- --------------------------------------

5-тапсырма Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін аударып, майлы және тәтті тағамдарды екі бағанға бөліп жазыңыз

Кефир, молоко, растительное масло, сосиски, творог, масло сливочное, мясо нежирное, сушёные фрукты, орехи, яйца, сыр, хлеб, овощи, фрукты, торт, шоколад, пирожные, мороженое, жирное мясо, копчёная колбаса, макароны, копчёная и соленая рыба, пепси-кола, томатный сок, зелёный горошек и т.д.

6-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз

Қазір елімізге сырттан келетін тағамның түрі көп. Әсіресе түрлі газдалған сусындар мен шектен тыс тазартылған тағамдар көп сұранысқа ие.

Қазір халық арасында тағам арқылы таралатын аурулардың түрі көбейіп кетті. Бұл тағамның сапасыздығына, құнарсыздығына байланысты. Біздің елімізде жоғарғы деңгейде тағам дайындайтын кәсіпорындар аз. Сондықтан өнімнің басым бөлігі сырттан әкелінеді. Шетелден келетін өнімге жұртшылық та үйір. Ал олардың сапасына мән беріп жатқан халық аз.

Дүниежүзілік медицина орталығының мәліметі бойынша, аурудың 35-40 пайызы тағамды дұрыс пайдаланбағандықтан пайда болады екен. Мәселен, адам денсаулығына медицинаның тигізетін көмегі – 12 пайыз, ал қалғаны салауатты өмір салтын ұстануға байланысты. Ендеше адамдар өз денсаулығын күтіп, дұрыс тамақтана білуі керек.

Тағам арқылы тарайтын аурулардың бірі – семіздік. Сондай-ақ, оның қатарында қант диабеті мен астеросклероз, йод, фтор, темір, өзге де микроэлементтер жетіспейтін көптеген аурулардың түрлері бар. Аса қауіпті ісіктің кейбір түрі де дұрыс тамақтанбаудың әсерінен пайда болады.

Қазіргі кезде өндіріліп жатқан тағамдардың құрамында күнбағыс майы, ақуыздың құнды түрлері, тағам талшықтарының жетіспеушілігі байқалады. Оның есесіне көмірсуы басым тағам көп. Қазір барлығы консервіленген күйде ұсынылып жатыр.Ал алыс шетелден келетін тағамдарға сақ болу керек. Оның ішінде қазір Қытайдан келетін тағамдардың сапасынан қорқуға болады. Бұл елден келетін тағамның басым бөлігі сертификатталмаған. Сақтау мерзімі мен шығарылған күнін, тіпті, тағам құрамындағы заттарды да ажырату қиын. Тіпті тағамның қай уақытқа дейін жарамды екенін анықтай алмайсың.

7-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

8-тапсырма Асқа, тағамға қатысты мақал-мәтел жазыңыз

 

3-сабақ Тазалық –денсаулық кепілі

1-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз!

тазалық – чистота

денсаулық кепілі – залог здоровья

мықты болу үшін – чтобы стать сильным

гигиеналық талаптар – гигиенические требования

орындау керек – надо выполнять

тазалықтың ережелерін – правила чистоты

сақтау керек – нужно сохранить

ұмытпау керек – нужно не забывать

көпшілік орындары – общественные места

2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Тазалық – денсаулық кепілі

Адам баласының денсаулығы мықты болуы үшін тазалықты сақтау керек. Таң сәріден жатар мезгілге дейін гигиеналық талаптарды мұқият орындау қажет. Ең бірінші – ұйқыдан оянғанда, жуынып, тіс тазалау, жаттығулар жасап, сергектікті сақтау қажет. Күні бойы қайда жүрсең де, тазалықтың ережелерін ұмытпау керек. Ережелер: ас ішер алдында қолыңды жуу, тамақтың әзірленуінде тазалықты міндетті түрде сақтау, көкөніс, жеміс-жидектерді қанша қызықтырса да, жуып қана жеу, көпшілік орындарынан қайтып келгенде, міндетті түрде беті-қолды жуу, жатар алдында жеке гигиеналық талаптарды орындау. Өз денсаулығын ойлаған адам осы ережелерді қадағаланыдұрыс.

3-тапсырма Берілген сөздерді кестеге толтырыңыз

Арақ ішу, темекі тарту, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, дұрыс киіну, есірткі пайдалану, уақытымен ұйықтау.

1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер

------------------------------------- --------------------------------------

 

4-тапсырма Ас - тамақ, тазалық - денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз

· Ас адамның арқауы.

· Сiңбес астың бөгеуi көп.

· Қайғысыз қара суға семiредi.

· Ас иесiмен тәттi,табағымен жақсы.

· Ет дегенде – бет бар ма.

· Ет етке, сорпа бетке.

· Сұрап бергенше,ұрып бер.

· Жақсы ас қалғанша, жаман қарын жарылсын.

· Сұрап алған аурудың емі табылмас.

· Көзің ауырса көзіңді тый,ішің ауырса, аузыңды тый.

· Тазалық – саулық негізі, саулық-байлық негізі.

· Жалқаулық- жаман ауру.

· Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.

 

№ 5 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Салауатты өмір салты» тақырыбын мазмұндаңыз

2-тапсырма «Мен салауатты өмірді таңдаймын» тақырыбына шығарма жазу

3-тапсырма Білгенге маржан!

Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:

1. «Қол тазалығы» – артық нәрсені алмау дегенді білдіреді. Сондай-ақ, кірістің біршама бөлігін мұқтаж жандарға бөліп беру еске алынады.

2. «Құлақ тазалығы» – үрейдің құрсауында жүретін, ашуға берілгіш, ырымшыл адамдардың сөзіне құлақ аспау, бос сөздер мен өсекті сүейтіндерден бойыңды алыс ұстау дегенді білдіреді.

3. «Көз тазалығы» – көзіңді кектен, ашу-ызадан, қызғаныштан, құмарлықтан сақтауды нұсқайды.

4. «Ауыз тазалығы» – бұл дегенің ауызды артық сөзден және балағаттаудан тыю.

5. «Тән және киім тазалығы» – дене мен киімді әрдайым тазалықта ұстау кез келген адамның міндеті.

6. «Ой тазалығы" – басты негативті ойлар мен теріс ниеттерден тазарту, өзіңді аяудан алыс болу.

7. «Жан мен жүрек тазалығы» – бұл өзіңнің ішкі сезімдеріңді кірлетпей, сақтай білу. Сүйіңіз, сүйікті болыңыз, бірақ ақысына ештеме сұрамаңыз. Сүйіспеншіліктің өзі бақыт емес пе?

 

 

VI МОДУЛЬ: МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН

1-сабақ Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан

 

1 – тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.ҚР тұңғыш Президенті кім?

3.Қазақстан қайда орналасқан?

4.ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

5.Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде не бейнеленген?

6.Олардың мән-мағынасын қалай түсінесіз?

7.ҚР ұлттық ақшасы қандай? Қашан айналымға енген?

8.Халқының саны қанша?

9.Қазақстан қай жылдан бастап тәуелсіз мемлекет болып есептеледі?

10.Қазақстан Республикасын бірінші таныған елді атаңыз

11.Қазақстанның қай жерінде туып-өстіңіз?

12.Қазақстанның астанасы қай қала?

13.Отан дегеніміз не?

14.22 қыркүйек қандай мереке?

 

 

2 – тапсырма Диаграмманы толтырыңыз

 
 

 


3– тапсырма Сәйкестігін табыңыз

Елтаңба Әнұран Мемлекет Заң Үкімет Халық Отан Астана Шекара Тәуелсіздік Қала Ту независимость город правительство герб государство родина гимн граница столица закон флаг народ

4 - тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Тәуелсіз Қазақстан

Біздің Отанымыз, туып-өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Еуропа мен Азияның картасын қарасақ, біздің мемлекет ұлан-байтақ жерді алып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа созылып жатқан кең өлке. Қазақстанның жер көлемі 2 миллион 700 шақырым. Қазақстан солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте - Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, шығыста - Қытаймен шектеседі.

Біздің республикамызда ұлтаралық, халықаралық қарым-қатынастар жоғарғы деңгейде дамыған. Қазақстанда 130 ұлт өкілдері бейбіт тұрып жатыр. Қазақстан көптеген мемлекеттермен мысалы, Ресеймен, Қытаймен, Америка Құрама Штаттарымен тағы басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста.

Қазақстан халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тіліміз арқылы әлем мәдениетін, тарихын, әдебиетін танимыз.
16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін атап өтеді. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болған. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан жеке егеменді мемлекетке айналды. Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны, Конституциясы бекітілді. Еліміз тәуелсіздік жолында көп күресті.

1991 жылы 1 желтоқсанда ел басшысы - Президенттің сайлауы болды Мемлекетімізді Н. Ә. Назарбаев басқарып келеді. Елбасымыз ел басқару жүйесінде халқымыздың жағдайын жақсарту үшін көптеген игі істер атқарып отыр. Жыл сайын мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін дәстүрлі жолдауларын жолдайды

1991 жылы 10 қазанда Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы, Гимні қабылданды.

1997 жылы Президенттің Республика халқына арналған «Қазақстан 2030» Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, тыныштығын қорғау. Қазіргі кезеңде қазақстандықтар осы бағдарламаны орындауда.

Конституция біздің – Ата Заңымыз. Конституция дегеніміз – мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы. Конституцияда Қазақстан азаматының не істеуіне құқықты және қандай істеріне тыйым салынатыны айтылған. 1995 жылы жаңа Ата Заң қабылданды.Осы конституцияда балалардың да құқығы мен міндеттері туралы жазылған.

Жаңа Қазақстан мемлекетін әлем таныды. Бұл күнде біз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшеміз. Сонымен қатар ҚР көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Бұл дегеніміз ҚР өзге елдердің назарын өзінің жетістігімен аудара білуде. Бүгінде жер шары мазасыздыққа толы. Оған кей елдердегі әлеуметтік жағдайлардың төмендігі, ұлтаралық қақтығыстар, діни көзқарастар себеп болуда. Ал, біз Елбасымыздың саясатының арқасында татулығы мен бірлігі жарасқан, әлемді аузына қаратқан көп ұлтты тәуелсіз мемлекетпіз.

Қазір еліміз қарыштап дамып келеді. Болашақта Қазақстан мәдениеті жоғары, білімді елге айналады.

Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз. Туған Отанымызды, халқымызды кұрметтейміз.

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

2-сабақ Қазақстан – көп ұлтты мемлекет

1 – тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1. ҚР қашан тәуелсіз ел болды?

2. Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығына аяқ басып отырмыз?

3. Қандай тәуелсіздік белгілерін білесіздер?

4. Қазақстанның ауа-райы қандай?

5. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

6. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?

7. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?

8. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет дегенді қалай түсінесің?

 

2-тапсырма Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз


Суверенный –
Общий –
Луч –
Свобода –
Летящий тулпар –
Все народы –
ООН –
Единство народов


Воля –


3– тапсырма Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен жалғастырыңыз

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.Жалпы 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Атап айтсақ қазақ, ұйғыр,өзбек және өзге де ұлт өкілдері өмір сүруде. Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілін, дінін,салт дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған. Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде...

4– тапсырма Мәтінге қатысты сұхбат құрастырыңыз

5-тапсырма Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз
Қазақ тілі, іссапар, хатшы, мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу, iс қағаздар жүргiзу, мемлекеттiк орган, елбасы, мемлекеттік тіл мәселесі, мемлекеттік басқару, заң шығару, мемлекеттік қызметшілер, тілді меңгеру, ұлттық мүдде, қазақ диаспорасына, азаматтық парыз.

6-тапсырма Мақал - мәтелдердің жалғасын табу
а) Отан... да ыстық.
б) Отансыз адам -... бұлбұл.

в) Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде... бол.

г) Туған жердей жер болмас,
Туған... ел болмас.

3-сабақ Қазақ елі – бай ел

1 – тапсырма Берілген сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз

Көп ұлтты егеменді мемлекет, ұлттардың өкілдері, жер көлемі,мәдениетті және білімді елге айналу,пайдалы қазбалар, көмір, мұнай, газ, темір, алтын, мыс, тұз, әктас, саз, алюминий

2 – тапсырма Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен жалғастырыңыз

Қазақ елі – бай ел

Қазақстан кен байлықтары жағынан жер шарындағы ең бай аймақтардың бірі саналады. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарында Д.И.Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы табылған. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б.

Қазба байлықтары мен түсті металдары күнделікті тұрмыста қолдануға қажетті түрлі тұрмыстық заттар мен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.

Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста мұнай, газ өндірсе, шығыста фосфор, орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді.

Қазақстанда 200-дей мұнай және газ орындары анықталған. Оның негізгі бөлігі (80%-ы) Каспий маңында шоғырланған. Республикада 200-ге жуық көмір кен орындары бар. Ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан. Қазақстанда қара металл кен тастарының бір мыңнан аса орны табылған. Олар республиканың барлық жерінде дерлік кездеседі. Елімізде түсті металдардың ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын, мыс кендері алады. Олар, негізінен, Шығыс Қазақстанмен Орталық Қазақстанда шоғырланған. Қазақстан сирек кездесетін металдарға бай өлке. Елімізде алтын мен күміс өндіруде жедел жолға қойылған. Нақтыланған алтын қоры жағынан Қазақстан әлемдегі жетекші ондыққа кіреді және күміс өндіру көлемі бойынша Азияда 1-орын алады. Елімізде 100-ден астам барланған уран кендері бар.

Қаныш Сәтбаев бүкіл өмірін Қазақстанның жер қойнауындағы табиғи қазба байлықтарын минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арнаған. Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады. Соңғы жылдары "Қазақстанда жасалған" деген маркамен Қазақстанда өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.

 

3-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

 

4-тапсырма Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығында маңызы қандай? Кестені толтырыңыз

Облыстар Қалалар   Өзендер   Көлдер   Таулар   Жер байлығы
           

5-тапсырма «СИҚЫРЛЫ САТЫ» ойыны

Ойынның шарты: Әр сатыға Қазақстан жер қойнауынан шығатын қазба байлықтарының атауын жазу арқылы баспалдақтан жылдам мініп түсіңіз.

№ 6 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбын мазмұндаңыз

2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндау

ЭКСПО 2017

Халықаралық Көрме Федерациясы ұйымдастырған ең үлкен көрме болып табылатын EXPO 2017 Қазақстанның елордасы Астанада өткізілетін болды.Көрме ұйымдастырушылар көп уақытқа жалғасқан зерттеу мен тексерулерінен кейін EXPO 2017–нің қай елде өткізілетінін дауысқа салды. Аталмыш көрмені өткізу құқығын Қазақстан жеңіп алды.EXPO 2017Халықаралық Көрме Кеңсесі тарапынан Парижде өткізілген жасырын дауыс тәсілімен анықталды. Жасырын дауысқа салуда 103 ел көрменің Астанада өткізілуін қолдады, ал 44 ел Бельгияның Лиг қаласы үшін дауыс берді.

EXPO 2017-нің Астанада болуы Орталық Азия және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын нығайта түсері сөзсіз.5 жылда бір рет өткізілетін көрме халықаралық деңгейде өткізілмекші. Қазақстан осы EXPO 2017үшін «Болашақтың энергиясы» деген тақырыптағы жобамен жарысты. 2017 жылы Астанада болатын көрменің инфрақұрылымын дайындау үшін барлық алғы жұмыстар аяқталды. Лауазымдылардың есептеулеріне қарағанда EXPO 2017 көрмесі Қазақстанға шамамен 1,6 миллиард долларға түседі.

Қазақстан аталмыш көрмені өткізу үшін 2011 жылы өтініш берген болатын. EXPO 2017 процесінде Астанаға қонақүйлер, бизнес және ойын-сауық орталықтары сынды көптеген жаңа құрылыстар салынуда.

 

3-тапсырма «ҚР рәміздері», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» туралы хабарлама жазу

4-тапсырма Берілген өлеңді жаттап алыңыз

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым –халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ келдағы от ал менен.

М.Мақатаев

 

VII МОДУЛЬ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРІ

1-сабақ Халықтық қолөнер

1-тапсырма Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз

1. Қазақтың қандай қолөнерлерін білесіз?

2. Сәндік қолданбалы өнерінің қандай түрлерін білесіз?

3. Сізге сәндік қолданбалы өнердің қай түрі ұнайды?

4. Қолөнер шеберлері деп кімдерді айтамыз?

5. Теріден қандай бұйымдар жасауға болады?

6. Мал терісінен халқымыз қандай бұйымдар жасаған?

7.Теріден, былғарыдан не жасауға болады?

8. Аң терілерінен не тігуге болады?

9. Осы бұйымдардың көпшілігі немен әшекейленіп, көркемделген?

2-тапсырма Дәстүрлі қолөнер түрлерінен жасалған қандай заттарды білесіз? Білсеңіз кестені толтырыңыз

Атауы Неден жасалады? Қолдануы Қолданылатын құрал-жабдық тар Осы материалды жете меңгерген қолөнершілер
         

3-тапсырма Төменде берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем


құрастырыңыз


 

Ағаш

Жүн

Арқан-жіп есу

Киіз басу

Кілем тоқу

Сүйек

Тұяқ

Мүйіз

Зергерлік өнер

Тас

Қыш

Ер-тұрман жасау


Кесте тігу

Ноқта Арқан


Жүген

Құрық

Бұғалық

Тұсау


4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Халықтық қолөнер

Қолөнер -ежелден келе жатқан кәсіп. Қолөнер Қазақ жерінде ХVIII ғасырларда қатты дамыған. Қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.

Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті шылбыр, ноқта, жүген, құрық, бұғалық, тұсау, ертұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, қылыш, найза, қанжар, айбалта, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік,сақина, сырға, алқа,шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кеңінен дамыды.

Қолөнер:

· Ұста - темірден бұйымдар жасайтын шебер;

· Зергер – асыл тастан әшекей бұйым жасайтын шебер;

· Тігінші – киім тігетін шебер;

· Тоқымашы – тоқыма бұйымдарын жасайтын шебер;

· Етікші – аяқ киімдер тігетін шебер;

· Өрімші – қайыстан ат әбзелдерін жасайтын шебер;

· Үйші – киіз үй сүйектерін жасайтын шебер;

· Бәдізші – тасқа ою-өрнек салатын шеберлер деп бөлінеді.

 

5-тапсырма Мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз

6-тапсырма Өнер, шеберлік, ұсталық туралы мақал-мәтелдерді

оқып, мағынасын түсіндіріңіз


· Ер қадірін ер білер,

Зер қадірін зергер білер.

· Жігіт адамға жетпіс өнер де аз.

· Жігіт көркі - өнер.

· Қыз еркем кестесімен көркем,

Ұл еркем өнерімен көркем.

· Ата өнері - балаға мұра.

· Ұстаны соққан пышағынан таниды.

· Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

· Қол өнері - кілемде,

Сөз өнері - өлеңде.

· Шеберді шеге қағысынан таны.

· Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

· Асыл тастан шығады,

Өнер жастан шығады.

· Ақыл көпке жеткізер,

Өнер көкке жеткізер.

 

· Өнерлі жігіт өрде озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.




2-сабақ Қазақ театр және кино өнері

1-тапсырма Сұрақтарға ауызша жауап беріңіз

1. Кинодан қандай тәлім-тәрбие алуға болады?
2. Саған отандық кино ұнай ма әлде шетелдік кино ұнай ма?
3. Қазіргі қазақстандық кинолар туралы пікірің қандай?
4. Отандық киноның мәртебесін қалай көтеруге болады?

5. Театр дегеніміз не?

6. Театрдың қандай түрлері бар?

7. Қазақстан аумағында алғашқы театрлар қашан құрыла бастады?

8. Сіз театрға барғанды ұнатасыз ба?

 

2-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз
Қазақстанның мәдени өмірі – культурная жизнь Казахстана
Шежіре – летопись
Күйреу – падение
Жаңа белестерге көтеріле бастады – поднимается на новые ступени

Қойылым – постановка

Актерлердің ойыны – игра актеров

Жоқтау – оплаеивание умершего, плачь

Киношежіре – летопись кино

Оқиға-событие
Шын сүйген- по-настоящему любил
Бейнесі-образ

3-тапсырма Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз

Қазақ театр және кино өнері

Кино (гр. kіneo – жылжытамын, жылжимын), кино өнері —өнердің бір саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Фильмді жасауға әр алуан мамандықтағы шығармашылық қызметкерлер: кинодраматург, режиссер, актер, оператор, суретші, композитор, продюсер, каскадер, экономист, менеджер, т.б. қатысады. Фильм жасауда кинорежиссер жетекші рөл атқарады. Сондай-ақ фильм жасау ісіне техника саласындағы мамандар да (инженерлер,техниктер, лаборанттар мен өзге қызметкерлер) үлес қосады, алуан түрлі күрделі аппаратуралар мен аспаптар қолданылады.

Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм кино өнерінің негізгі және кең таралған түрі. Ол әдеби шығарма желісі немесе арнайы жазылған сценарий бойынша актерлердің қатысуымен жасалады. Деректі киноға тарихта, өмірде болған мәні зор оқиғаларды баяндайтын фильмдер мен киножурналдар жатады. Мультипликациялық кино суреттер мен қуыршақтарға қимыл бере отырып жасалады. Ғылыми-көпшілік кино - жұртшылыққа жаратылыс пен әлеуметтік құбылыстарды ұғындыратын, өнер сырларымен таныстыратын фильмдер жиынтығы. Қазіргі заманда жарнамалық кино өндірісі кең тарап отыр. Сондай-ақ кино тарихында жалпы халыққа арналған фильмдермен қатар эксперименттік фильмдер де түсіріледі. Фильм жасау, оны көпшілік қауымға көрсету ісі шебер техниканы, қыруар қаржыны талап етеді. Әсіресе, фильм түсіру, жасау әрі оның көшірмелерін көбейтіп басып шығару аса күрделі процесс. Монтаждау кинематографиялық шығарманың бар істелген жұмысын тиянақтайтын кезең. Бұл процесс кезінде монтаждалатын кадрлардың ұзындығы (метражы) белгіленеді. Соның нәтижесінде фильмдегі оқиғаның логикалық жүйесі анықталады.

Театр (Грек тілі грекше theatron – ойын-сауық орны; ойын-сауық) –сахналық өнердің өмір көріністеріндрамалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театрөнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.

 

4-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Мәтінге ат қойыңыз

Кино өнерінің даму жолы шартты түрде 4 кезеңге бөлінеді. Алғашқы кезеңі - тұңғыш киноның шыққан жылы (1895, ағайынды Луи және Огюст Люмьерлер ойлап тапқан). Ол «жанды фотография» түрінде пайда болып, көп кешікпей көркем фильм, деректі кино және ғылыми-көпшілік кино деп аталатын үш салаға бөлінді. Тұңғыш фильмдерде баяндалатын оқиға таспаға ірі бөлшектермен түсіріліп, бір-бірімен астына жазылған мәтіндер арқылы ғана жалғасты. Кинода дыбыс болмағандықтан, актерлер сөйлейтін сөздің орнын театрлық шебер ойынымен, бейнелі ыммен толықтырды. Кино өнері дамуының екінші кезеңі — 20-ғасырдың басынан басталды. Бұл дыбыссыз («мылқау») киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезі. КСРО-да С.М. Эйзенштейннің «Потемкин бронды кемесі» (1925), «Қазан» (1927),

В.И. Пудовкиннің «Ана» (1926), «Санкт - Петербургтің ақыры» (1927), А.П. Довженконың «Арсенал» (1928), т.б. фильмдері

дүниежүзінде Кино өнерінің дамуына ықпал етті. Германияда «көңіл жұбату» және экспрессионистік фильмдермен қатар демокр. бағыттағы кинокартиналар (реж. Ф.В. Мурнау, К.Грюне, Г.В. Пабст, З.Дудов), АҚШ киносында Ч.Чаплиннің, Э. Штрогеймнің, К.Видордың фильмдері дүниеге келді. Кино өнері дамуының 3-кезеңі 20 ғ-дың 30 – 40-жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде кинотаспаға дыбыс жазу техникасы игерілді. Кинодраматургия қауырт өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлер шығармашылығына кең жол ашты. Кеңес кинематографистері Ф.М. Эрмлер мен С.И. Юткевичтің «Жолығыс» (1932), Г.Н. және С.Д. Васильевтердің «Чапаев» (1934), Г.М. Козинцев пен Л.З. Траубергтің «Максим туралы трилогия» (1935 – 39), Е.Л. Дзиганның «Біз Кронштадтанбыз» (1936), А.Г.Зархи мен И.Е. Хейфицтің «Балтық депутаты» (1937), А.П. Довженконың «Щорс» (1939) секілді фильмдерінде кеңес идеологиясы басты орын алды. Кеңес муз. кинокомедиясы жанрын режиссер Г.В. Александров пен И.А. Пырьев, композиторлар И.О. Дунаевский мен Д.Я. Покрасс жан-жақты дамытты. Неміс-фашист басқыншылары КСРО-ға шабуыл жасаған кезден бастап деректі киноның рөлі артты. Соғыс жылдарындағы кеңес азаматтарының ерлігін бейнелеген «Ауком секретары» (1942, режиссер И.А. Пырьев), «Ол Отанын қорғайды» (1943, режиссер Ф.М. Эрмлер), «Кемпірқосақ» (1944, режиссер М.С. Донской), «217-адам» (1944, режиссер М.И. Ромм), «Шапқыншылық» (1945, режиссер А.М. Роом) атты фильмдер шығарылды. Бұл дыбыссыз («мылқау») киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезі. Кино өнері дамуының үшінші кезеңі 20-ғасырдың 30 - 40-жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде кинотаспаға дыбыс жазу техникасы игерілді. Кинодраматургия жылдам өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлер шығармашылығына кең жол ашты. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, кино өнері дамуының жаңа кезеңі басталды. Бұл жылдары кинотехниканың жетіле түсуімен бірге кино өнеріндегі көркемдік тәсілдер де молайды. Түрлі түсті кино түсіру тәсілі жүзеге асты. АҚШ-та, кейін басқа елдерде кең экранды және панорамалы фильмдер пайда болды. Дыбыс жазу сапасы артып, кең экранды фильмдерде стереодыбыс қолданылды. Балаларға арналған мультипликациялық фильмдер шығарудың кеңестік мектебі қалыптасты. Қазақ киносы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды. Алғашқы кинохроника 1925 ж. түсіріле бастады. 1934 ж. Алматыда «Советтік Қазақстан» киножурналын үзбей шығарып тұратын Республикалық кинохроника студиясы құрылды. «Ленфильм» студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен «Амангелді» (1938, режиссері Марк Левин) көркем фильмін жасады. Ұлт батыры Амангелді Имановты сахна шебері Елубай Өмірзақов сомдады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталды. 2 - дүниежүзілік соғыс жылдарында «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудиялары бөлімшесінің Алматыда болуы қазақ киносының одан әрі өркендеп, дамуына игі әсерін тигізді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия (1960 жылдан “Қазақфильм”) ұйымдасты. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды. Бұл фильмдер тақырыбы мен жанры жағынан әр алуан. “Абай әні” (1946), “Шоқан Уәлиханов” (1957), “Қыз Жібек” (1972), “Сұлтан Бейбарыс” (1989), “Отырардың күйреуі” (1992), “Махаббат бекеті” (1993), “Жамбылдың жастық шағы” (1996), т.б. картиналар шықты. Балаларға арналған “Қанатты сыйлық” (1956), “Менің атым Қожа” (1963), “Қызыл тас заставасы маңында” (1969), “Көксерек” (1973), “Алпамыс мектепке барады” (1976), “Балалық шақтың кермек дәмі” (1983), “Сүйрік” (1984), “Ауылым Алатаудың баурайында” (1985), т.б. секілді фильмдер жарық көрді. Кейінгі жылдары “Көшпелілер” фильмі (2005), “Ағайынды” (2009), т.б. сериалдар көрермен көзайымына айналды. 2003 жылдан бастап Алматы қаласында «Шәкен жұлдыздары» атты халықаралық кинофестиваль өткізіліп келеді.

Ұлттық өнер – жалпы халықтың рухани дамуы мен жаңғыруының көрінісі. Сондықтан әр кезеңде ол жаңа қырынан көрініп, дамып отырады.

5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

6-тапсырма Берілген мәтінді қазақ тіліне аударып, ат қойыңыз

Казахский Государственный академический театр драмы им. М. Ауэзова можно назвать первым профессиональным театром Казахстана. 13 января 1926 года он поднял свой занавес в городе Кызыл-Орда.

Спустя два года театр переехал в Алматы. В основной состав театра с самого начала вошли знаменитые режиссеры страны, а первые актеры быстро достигли высокого уровня мастерства. В 30-е годы ХХ века в театре происходило много изменений:здесь стали работать русские профессиональные режиссеры, произошло разделение на театр драмы и музыкальную студию. Театр получил название Академического театра драмы.

После Второй Мировой Войны театр заработал с новой силой, и на протяжении второй половины ХХ века был участником многих международных фестивалей, проходивших в Европе, Америке, Азии и Африке. А в 1961 году театру было присвоено имя великого казахского писателя-драматурга М. Ауэзова. Сегодня театр продолжает свои лучшие традиции, постоянно готовит новых актеров, участвует в международных фестивалях. И по нынешний день он остается одним из ведущих театров Казахстана. Спектакли идут на казахском языке с синхронным переводом.

 

7-тапсырма Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз

Актер шеберлігі, қойылым, театр тарихы, үздік қойылым, режиссер, драма театр, кинотеатр, опера және балет театры, қоюшы, гримдеу өнері, басты рөл, халықаралық кинофестиваль.

 

8-тапсырма Берілген сөздер қай өнер түріне қатысты? Кестелерге жазыңыз

Ескерткіш, қобыз, сурет, оркестр, портрет, әдебиет, қарындаш, шешен, сазгер, қылқалам, шебер, сазбалшық, күй, шеберхана, бояу, монумент, сазгер, тіл, көрме, әнші, шығарма, опера, өлең.

Cөз өнері Саз өнері Мүсін өнері Бейнелеу өнері
       
       

 

№ 7 СӨЖ тапсырмасы

1-тапсырма «Халықтық қолөнер. Қазақ театр және кино өнері» тақырыптарын мазмұндау

2-тапсырма Өзіңіз көрген қазақ кинофильмі туралы жазыңыз

1. Фильмді түсірген жыл ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­-----------------------------------------

2. Бас режиссері ­­­­­­­­­­­­­­­­­----------------------------------------------------

3. Басты рөлде ойнағандар ---------------------------------------

4. Басты кейіпкерлер ----------------------------------------------

5. Жағымды кейіпкерлер -----------------------------------------

6. Жағымсыз кейіпкерлер ----------------------------------------

7. Фильм туралы сіздің пікіріңіз-----------------------------------

3-тапсырма Сөздерді тиісті орындарына қойып, мақал-мәтел құраңыз

1. Аз, де, жетпіс, жігітке, өнер _________________________________.

2. Алды, қызыл, өнер, тіл _____________________________________.

3. Ашық, өнерліге, есік _______________________________________.

4. Кілемде, өлеңде, сөз өнері, қол өнері _________________________.

5. Көркі, өнер, жігіт _______________________________________.

4-тапсырма Төменде берілген сөйлемді қазақ тіліне аударыңыз

Казахское кино стремительно вышло на мировую арену. Многие фильми получили престижные призы на различных международных кинофестивалях. Особо я хотел бы остановиться на фильме «Суржекей – ангел смерти». Режиссер фильма Д. Манабаев – один из обладателей Гран-при смотра-конкурса. Это первая киноправда о голоде
31-32 годов, о национальной трагедии нашего народа.

5-тапсырма «Өнер жұлдыздары» тақырыбына шығарма жазыңыз.

VIII МОДУЛЬ: ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТАМЫРЫ

1-сабақ Айтыс өнері


І –тапсырма Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Өнер дегеніміз не?

2. Өнердің қандай түрлерін білесіз?

3. Сізге қандай өнер түрі ұнайды?

4. Айтыс дегеніміз не?

5. Сіз айтыс тыңдайсыз ба?

6. Сіздің отбасыңызда айтыс жайлы әңгіме бола ма?

7. Айтыстың шығуы жайлы не білесіз?

8. Айтыстың қандай түрлері бар?

9. Айтысқа қандай талаптар қойылады?

 

2-тапсырма Венн диаграммасын толтырыңыз.

                       
   
 
 
   
 
 
     
     
 


3-тапсырма Ой қозғау «Айтыс дегеніміз не?» (топтастыру әдісі)

Әр түрлі тақырыпты қамтиды Халық ауыз әдебиетінің бір түрі

 


Ұлттық өнер Екі ақынның

өлеңмен тартысы

           
   
   
 
 

 


Халық өмірінің көрінісі Өнер жарысы Сөз сайысы

4-тапсырма Жаңа сөздерді оқып, есте сақтаңыз

Айтыс – айтыс (состязание акынов)

Тақырып– тема

Өлі мен тірі – живые и мертвые

Тосыннан -внезапно

Тапқырлық – здесь: находчивость

Ұсталық – мастерство

Ұтымды – уместно

 

5-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз

Айтыс өнері

Айтыс- біріншіден әдеби жанр, екіншіден өнер түрі, үшіншіден жарыс, төртіншіден талас, бесіншіден- сөз барымтасы, алтыншыдан пікірталас түрі.

Айтыс өнері – қазақтың ауызекі әдеби - музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салалардың бірі. Суырыпсалма ақындық өнерінің желісі болып табылады. Айтыста халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, дүниетанымы, эстетикалық рухани және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу байқалады. Айтыс атауы - айтысу деген сөзден шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу, сайысу, дауласу, тартысу, сынасу, мағынасында қолданылады. Айтысу қара сөзбен де, күй тарту арқылы да, суырып салма өлеңмен де болуы мүмкін.Айтыс өнерінің бірнеше түрлері бар.Бәдік, жар-жар, жануарлар мен адамның айтысы, өлі мен тірінің айтысы, жұмбақ айтыс, салт айтыс, қыз бен жігіт, ақындар айтысы.

Қазақ айтыскерлері:

Қазақ даласын айтыспен әйгіленген ХІХ ғ.Орынбай,Шортанбай, Серәлі, Тоғжан, Сақау Шөже, Балта, Кемпірбай, Тезекбай, Біржан, Құлмамбет, Жамбыл, Сүйінбай, Біржан- Сара, Жанақ, Мұрат, Рақымжан, Ыбыраш, Нұрым, Абыл, Қашаған, Балдай, Сәттіғұл.

Қазіргі айтыс ақындары – Аманжол Әлтаев, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек, Сара Тоқтамыс, Мэлс Қосымбай,Серік Құсанбаев, Б.Қалиолла, А.Ғафуров т.б.

 

6-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз

7-тапсырма «Венн» диаграммасы. Бұрынғы айтыс және осы күнгі айтыстар

 

Бұрынғы айтыс Ұқсастығы Қазіргі айтыс

 
 
Халық ауыз әдебиетінің түрі, көр-кемдік ерек-шеліктері, сөз шебер-ліктері

 


Демократиялық тақырыптар Көкейтесті мәселелер,

жариялылық басым, мерейтой иесіне

әлеуметтік мәселелер, арналады, бір-бірін

елдегі қоғамдық тартыстар сынау басым

8-тапсырма Кестені толтырыңыз

Білетінім Үйренгенім Нені білгім келеді
     

2-сабақ Күй атасы – Құрманғазы

1-тапсырма Сұраққа жауап беріңіз

1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім?
2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?
3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?
4. Құрманғазының ұстазы кім болған?
5. Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?

6. Күй дегеніміз не?
7. Күй нешеге бөлінеді?
8. Қандай күйшілерді білеміз?

2-тапсырм


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.088 сек.)