АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Гомеопатия принциптері

Читайте также:
  1. ACIDUM LACTICUM – АЦИДУМ ЛАКТИКУМ
  2. Абдрахманова Н.М.
  3. Дополнительная:
  4. Дополнительная:
  5. Дополнительная:
  6. Дополнительная:
  7. Жеке тапсырмалар 14 страница
  8. Жеке тапсырмалар 15 страница
  9. Жеке тапсырмалар 15 страница
  10. Жеке тапсырмалар 16 страница
  11. Жеке тапсырмалар 2 страница

Б 17

 

Т. Байзолданов. Гомеопатиялық дәрілік қалыптар: Алматы қаласы, 2009, - 77 бет

 

 

Рецензенттер: Е.Т.Тегисбаев - ҚМУ фармация кафедрасының профессоры

Д.К. Кияшев - фарм. ғ. д., ҚазҰМУ-дың дәрілер технологиясы және фармацияны ұйымдастыру мен экономикасы кафедрасының профессоры

ISBN 978-601-246-059-9

 

Соңғы кездері тұтынушы сенімінің гомеопатия медицинасы тәжірибесіне артуы, гомеопатия кағидаларының негізі ретінде қабылданған: «науқасты дәрілік заттың мейлінше аз мөлшерімен емдеу» принципіне қызығулық нәтижесі. Сонымен қатар, гомеопатия тәжірибесінде дәрілік заттарды дәрілік шөптерден, кейбір жануарлар ағзаларынан дайындайды. Ал бұл табиғи заттарды адам ағзасы жатырқамайды, аллергиялық реакциялар болмайды немесе сирек кездеседі.

Оқу құралында Д-р Вильмар Шбавенің орыс тілінде 1967 жылы Москвада шыққан «Руководство по изготовлению гомеопатических лекарств» атты монографиясының қазақ тіліндегі аудармасы мен түсініктемесі берілді.

Оқулық кіріспеден, ортақ бөлімнен, гомеопатиялық фармация (гомеопатиялық дәрілік құралдар технологиясы мен оларды сапасын анықтаудың ортақ әдістері) және арнаулы бөлімнен (негізгі және қосымша құралдар) тұрады.

Оқулық фармацевтика факультеті студентеріне қазақ тіліндегі алғашқы қосымша әдебиет көзі ретінде пайдалы.

 

УДК [615.010.32: 615.45] 001.89(0.75)

ББК 52.82 я 73

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ОӘК бекіткен №

хаттама, «____» _____ 2009 ж

Б 4108020000

00(05)-09 © Байзолданов Т., 2009

Алматы, 2009 ж

КІРІСПЕ

Гомеопатия тәжірибесінде қолданылатын дәрілік қалыптар.

(Formae medicamentorum Homeopatical)

 

Гомеопатия (грек. Homoios – ұқсас, сол, pathos – күйзелу, ауыру, сырқаттану) – Similia similibus curantur - ұқсасты ұқсаспен емдеу" деген негіз бойынша, ғылыми дәлелденбеген дәрілермен емдеу жүйесі. Бұл тәжірибеде препараттың жоғарғы дозасын қабылдаған дені сау адамның ағзасында пайда болған күйзелуді, сондай күйзелу сырқат адамда шыққанда сол дәрілік препараттың аз мөлшерімен емдеу.

Гомеопатияиялық емдеу жүйесінің негізін салушы Христиан Самуэль Фридрих Ганеман 1755 жылы Саксонияда туған, Лейпциг университетін бітіріп 1779 жылы медицина ғылымы докторы атағын алған. Германияда дәрігерлік, кейінне университет профессоры қызметтерін атқарған. Ганеман пациенттерін өзі дайындаған дәрілермен емдеуді тәжірибеге алған, ал бұл көзқарас Германияда қабылданған заңдылықтарға қайшы болғандықтан оның үкіметпен арадағы келіспеушіліктері туып отырған.

Ганеман көзқарастарының қалыптасуына Гиппократ, Диоскорид, Корнелиа- Цельс, Гален, Ибн – Сина еңбектерінің әсері болуы мүмкін. Себебі кейбір көне ғұламалар еңбектерінде, ауруды "ұқсастықпен" емдеу негіздері кездесетін. Мысалы, Гиппократ "Ауруды оның табиғаты емдейді", дәрігер ауруды туғызған себептерді соған ұқсас себептермен сауықтыруға көмектесуі тиіс.

Ганеманның көз қарасының қалыптасуына Куленнің «Материя медика» кітабында келтірілген ақпараттар ықпал етті. Мысалы: ол «аз мөлшердегі хинин безгекті емдейді, ал көп мөлшерде - безгек күйзелісін шақырады». Сол сияқты кофе, ұйқы қашырады немесе тыныштандырады, радий элементі қауіпті ісік шақырады және дозасына байланысты қауіпті ісікті емдейді; Наперстянка гликозидтері - дозасына байланысты жүрек соғысын жоғарылатады немесе төмендетеді дейді.

Гомеопатияның негізгі пікірлерін Ганеман 1796 жылы қалыптастырды, ал 1810 жылы "Органон врачевного искусства" еңбегінде өзінің пікірлерін жүйелі түрде келтірді. Ганеман Лейпциг университетінде (приват-доцент) профессор ретінде студенттермен дәрігерлерге гомоепатия турасында дәрістер оқыды. Ганеман 1811 жылы шығарған 6 томдық «Чистое лекарствоведение» еңбегінде гомеопатияда қолданысқа ұсынылған 60 дәрілік құралды сипаттады. 1828 жылы 5 томдық «Хронические болезни» (созылмалы аурулар) еңбегі жарық көрді. Осы еңбектерде гомеопатияның тағы екі ұстанымы: «дәрілік препараттың аз мөлшерімен емдеу және ауырмаған адамдарға дәрілік заттың жоғарғы, кейде улы мөлшерге дейінгі дозасын қолданып аурудың белгілерін шығару» өмірге келді.

Өмірінің соңғы жылдары Ганеман «дәрілік заттардың өте аз, яғни жоғары дәрежеде сұйылтылған препараттары көмегімен сырқатты емдеуге болады» деген сенімді көзқарасы, гомеопатия тәжірибесіне теріс пікірлер туғызды және жақтастарын азайтты. Бірақ бұл ойдан, бүгінгі күнде өзекті науқасқа «зияндық істеме» ұстанымын тануға болады. Ол 1843 жылы қайтыс болды.

Гомеопатия тәжірибесі медициналық аллопатия (грек сөзі: allos – басқа, pathos – сырқат, ауру) тәжірибесіне қарама-қарсы. Мысалы, егер науқастың ішектері ауырып қабынса, гомеопат аз мөлшердегі осы ауруды қоздырғыш дәрімен емдейді, ал аллопат – тыныштандырғыш дәрімен емдейді.

Аллопатиялық медицинаның ұстамы: науқастағы сырқат белгісін дәрілік заттар көмегімен жоғалтып емдеу (contraria contrariis curantur – бір өзгерісті оған қарама-қарсы әсермен емдеу). Мысалы, науқастың жоғары қан қысымын, қан қысымын төмендететін препаратпен емдеу, жоғары температураны төмендету, бактериямен залалданғанда антибиотиктермен емдеу. Бұл тәжірибеде сырқатты жеңу жасанды, дәрі көмегімен іске асады, ағзаның сырқатты туындатқан себебімен күресі жоқ. Ал гомеопатиялық тәжірибеде сырқаттың денсаулығын түзетуге ағзаның өз мүмкіншіліктерін ояту – басты міндет. Бұл міндетті, гомеопатияның «ұқсастық ұстанымы» бойынша жеке науқастың сырқат белгілерін жан-жақты зерттеу және бақылау арқылы, дәрілік заттың өте аз мөлшерімен гомеопат-дәрігер іске асырады.

Гомеопатиядағы дәрілік заттың өте аз мөлшерімен емдеу ұстанымы – дәрілік зат пен ағзаның арасындағы әрекеттің химиялық деңгейде емес, ақпараттық деңгейде жүруімен байланыстыруға болады және егер дәрілік зат науқасты емдеуге «ұқсастық ұстанымы» бойынша таңдап алынған болса, онда оның ағзаға тиімді әсерін күтуге болады. Адам ағзасы - ақпаратты-энергетикалық жүйе, ал гомеопатиялық дәрілер физика және квантты физика заңдарына сәйкес осы жүйені реттеуші фактор болып табылады. Гомеопатиялық дәрілік қалыптардың фармакодинамикасы бойынша дәрілік қабыну әсері болғанымен, фармакокинетикалық – жанама және дәрілік ауыру әсерлері жоқ.

Гомеопатия тәжірибесінің өміршектігіне және осы заманда кең таралуына байланысты осы бағыттың кейбір жетістіктері аллопатиялық медицинада қолдау табуы керектігі ақиқат деуге болады. Себебі аллопатиялық медицинаның да гомеопатияның ортақ мақсаты – адам денсаулығын түзету.

Гомеопатия тәжірибесіне қарсыласушылармен қатар, бұл бағытты қолдаушылар да болды. Мысалы, 1848 жылы Филадельфияда Ганеман атындағы медициналық факультет, Пенсильванияда Ганеман атындағы медициналық коледж ұйымдастырылды. 1850 жылы Лондан (Ұлы британия) университетінде, осы елде кең тараған бөлімшелері бар, гомеопатиялық факультет ұйымдастырылды. 1854 жылы елдегі тырысқақ эпидемиясында гомеопатиялық ауруханада өлім ауруға шалдыққандардың 1,4 %, басқа ауруханаларда - құраған15,8%.

Гомеопатиялық емдеу тәжірибесі арнаулы жоғары оқу орындары, дәрігерлері, баспа өнімдері бар Германияда және АҚШ-та, Францияда, Австрияда, Шотландияда т.б. Еуропа елдерінде және Англияда таралған. Германияда гомеопатия құзырлы түрде қабылданған және құзырлы Неміс фармакопеясы бар. Гомеопат-дәрігерлердің Орталық қоғамында 1 000 аса мүшелер тіркелген. Гомеопат мамандарды осы Орталық қоғамында 1,5 жыл дайындайды. Германияда 1832 жылыдан бері «Жалпы гомеопатиялық журнал» шығарылады, медицина университеттерінде студенттер гомеопатия пәнін оқиды.

Азия мемлекеттері арасында гомеопатия Индия, Пакистан, Бангладеш, Шри-Ланке елдерінде кең тараған. Гомеопатия кең тараған ел Индия. 1950 жылдан бері Калькуттада ақысыз емханалар жұмыс істеуде және сандары өсуде. Индияның үкіметі жанындағы гомеопатиялық комиссия мүшелер саны 1949 жылы 100 000, ал қазіргі кезеңде 200 000 шамасында.

Гомоепатия біздің елге көршілес Ресей елінен келген. Ресейде гомоепатия XIX ғасырдың бірінші ширегінде белгілі бола бастады. Осы уақыттарда Москвада, Петербургте және Ригада алғашқы гомеопатиялық дәріханалар жұмыс істей бастады. Орыс дәрігері Д.Адам Ганемен және оның ізбасарларымен танысып Петербургте 1824 жылы гомеопатия ұстанымына сәйкес емдеу тәжірибесін кіргізді, ал 1898 жылы гомеопатиялық емхана ашылды.

Ресейде гомеопатия тәжірибесінің дамуына С.Н. Корсаков және Н.С. Мордвинов салмақты ұлес қосты. Гомеопатия технологиясы тәжірибесіне «бір ыдыста потенциалау» немесе Корсаков әдісі аталған технологияны ұсынды. Н.С. Мордвинов Ресейге гомеопат-дәрігерлер дайындау ісінде үлкен ұйымдастырушылық қызмет атқарды.Бірақ белгілі орыс ғылымдары Н.Н.Пирогов, А.П.Нелюбин, А.А.Иовский және басқалары гомоепатия негіздеріне үлкен қарсылық көрсетті. Солардың ішінде ерекше, Н.И. Пироговпен бірге Дерпт университетінің түлегі - дәрігер, кейіннен белгілі жазушы В.И.Дальді атап өтуге болады. Ол өзінің дәрігерлік тәжірибесі кезінде гомеопатияға үлкен сенімсіздікпен қарап – «гомеопатия негізінен алғанда сандалу, ал дәлелдері мен сілтемелері өтірік және шындыққа жатпайды» деген баға берді.

Тек ҚСРО кезінде, 1960 – 70 жылдары, гомоепатияға деген көзқарас бейжар бола бастады. 1960 жылы Москвада Гомеопат-дәрігерлер Қоғамы құрылып гомеопатия тәжірибесінің дамуына және басқа аймақтарға тарауына үлес қосты.

1991 жылдан бері Ресейде гомеопатия құқылы орын ала бастады. 1998 жылы Бүкілодақтық гомеопатиялық ассоциация құрылып, ҚСРО-ның барлық республикаларында гомеопатиялық медицина тәжірибесін қолдану тарала бастады.

Одақтық республикалар арасында Гомеопатия тәжірибесі Украинада белгілі орын ала бастады. Қазіргі кезде гомеопатиялық дәріханалар Киевта, Харьковта, Одессада және басқа қалаларда жұмыс істейді. Украинада дәріханалармен қатар, «Арника» фирмасы (Харьков қаласы) 6 гомеопатиялық препарат: спазминал, фарингол, кордалон т. б. дайындайды.

1999 жылы «Украина гомеопаттарының ассоциациясы» (президенті В.А. Попов) құрамында «Гомеопатиялық фармация мамандарының қоғамы» құрылды. Елдегі Гомеопатиялық дәрілік құралдар сапасының нормативті-техникалық құжаттар (НТҚ) талаптарына сәйкестігін Украина ДСМ Мемлекеттік фармакология орталығы (төр ағасы Е.Н. Гриценко) бақылайды.

2000 жылы Украина ДСМ «Гомеопатиялық қоғамды» тіркеуге алды. Қоғамға мүше ретінде дәрігерлер, фармацевтер және ветеринария мамандары кірді. Казіргі кезде Украина халықаралық гомеопаттар медициналық лигасына кіреді.

1992 жылдан бастап Украинада медициналық жоғарғы оқу орындарында гомеопатия пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп кафедралар жұмыс істеуде. 1995 жылдан бастап Ұлттық фармацевтика университетінің дәріханалық технология кафедрасында гомеопатиялық дәрілік құралдар технологиясы пәні қайтадан оқу үрдісінде орын алып келеді. Украинада гомеопатия жоғары білімді дәрігер мен фармацевт мамандарының дайындалуы, осы елде гомеопатия саласының табысты дамуының куәсі болу керек.

Қазақстанда гомеопатиялық дәріханалар 1970 жылдары ұйымдастырыла бастады. Алматы қаласында № 84 дәріхана провизор Малецкий Ю. В. басшылығымен ұйымдастырылып, игілікті жұмыс істеп келеді. Қазақ ұлттық медицина университетінің фармацевтика факультетінің фармацияны ұйымдастыру мен экономикасы және дәрілер технологиясы кафедрасында «арнаулы курс» ретінде гомеопатиялық дәрілік құралдар технологиясы пәні ендірілген. Бұл үрдіс Республикадағы басқа да фармацевтикалық факультеті бар жоғарғы оқу орындарында жүргізіліп келеді және осы жағдай елімізде фармацевтикалық гомеопатия тәжірибесінің дамуына өз үлесін қосары анық.

 

 

"Гомеопатиялық дәрілік құралдар" нұсқаулығы

Еуропа мен Америка гомеопатиялық дәріханаларында гомоепатиялық дәрілік құралдар дайындауда Швабе Вильмардың неміс тіліндегі "Руководство по изготовлению гомеопатических лекарств" негізінде дайындалған құралдарды басшылыққа алады. Қәзіргі кезде көптеген елдерде мемлекеттік фармакопеялар бар – Германия, АҚШ, Жапония т.б.

ТМД елдерінде 1967 жылы аударылған "Гомеопатикалық дәрілік құралдар нұсқаулығы», фармакопеялық құрал ретінде пайдаланылады.

Нұсқаулық келесі бөлімдерден тұрады:

Кіріспе, ортақ бөлім, гомеопатиялық фармация (гомеопатиялық дәрілік құралдар технологиясы мен оларды зерттеудің ортақ әдістері) және арнаулы бөлім (негізгі және қосымша құралдар). Гомеопатиялық дәрілік құралдар саны 2000, ал нұсқаулықта 514 құрал бар, оның ішінде 300-дейі тәжірибелік айналымда.

Гомеопатиялық препараттарды 78% шамасында өсімдіктерден, 14% шамасында химиялық қосылыстардан және 6% жануарлар табиғатты объектілеріненен алынады.

Гомеопатиялық пікірлер бойынша препараттар балауса өсімдіктерден, жақында жансыздандырылған жәндіктерден немесе жаңа сойылған жануарлардан алынған бездерден дайындалса, солғұрлы әсерлі болады.

Гомеопатияда қолданылатын, мырыш сульфаты, камфора, тұз қышқылы, жалбыз т.б. 179 препараттар ҚСРО VIII, IX және X Мемлекеттік Фармакопея құрамына кірген. Сонымен қатар – графит, құрбақа т.б. таза гомеопатиялық препараттар бар. Швабе нұсқаулығында көптеген гомеопатиялық құралдар XVIII, XIX ғасырларда қолданыста болған аттарымен келтірілген.

 

 

Гомеопатия принциптері.

Гомеопатиялық дәрілердің әсерлік механизмі

Гомоеопатия тәжірибесі 3 ұстанымға бейімделген. Бірінші ұстаным бойынша (- similia similubus curantur) – ауырмаған адамдарға жоғары мөлшерде қолданғанда, аурудың белгілерін тудыратын дәрілердің аз мөлшерімен емдеу. Екінші ұстаным – ауырмаған адамдарға дәрілік заттың жоғарғы, кейде улы мөлшерге дейін қолданып аурудың белгілерін шығару. Үшінші ұстаным – дәрілік заттың концентрациясын ерітіндіде немесе сүт қантымен езгілеп сұйылтқан кезде кейбір ерекше күштерінің арқасында дәрілік әсерінің күшеюі ( динамизациялануы, потенциялануы) пайда болуы. Осыған байланысты дәрілік құралдар өте аз мөлшерде қолданылады – (« төменгі доза» заңдылығы).

Гомеопатиялық дәрілер аллопатиялық медицинада қолданылатын препараттар сияқты микроорганизмдерді жоймайды, ағза кемшіліктерін толықтырмайды немесе патологиялық сырқат синдромдарын баспайды. Гомеопатиялық препараттарды аз мөлшерде қолдану ауырған мүшеге сілкініс беру арқылы ағзаның өздігінен қалыпты функциясын реттеуші қызметінің орнына келуіне көмектеседі. Яғни дәрілік құрамның негізгі әсері ағзаның қалыпты жағдайының қызметін орнына келтіру.

Сонымен қатар дәрілік құрам емдік әсер тудыру үшін, оны дайындау ретінде көп сериялы сұйылтулар мен екпінді араластырулар орындалуы қажет. Дәрілік құрам неғұрлым көп сұйылтылса, соншалықты әсерлі (потенциялау принципі) болады.

Гомеопатия тәжірибесінде дәрігер, дәрілік құрамның аурудың сипатына ұқсастығына қарап, оның патологиялық симптомын жоюы үшін емес, адам ағзасының аурумен табиғи күресуін жандандыруы үшін қолданады.

Гомеопатия дәрілік заттардың өте аз мөлшерімен емдеу тәжірибесі ретінде кейбір артықшылықтары бар:

· Нәтижелі терапевтік және профилактикалық әсер;

· Дәрілік заттың толық ағзаға әсері;

· Дәрілік заттарды қолданудың тыңғылықты ережелері мен ұстанымдарының болуы;

· Емдеу кезінде жанама әсерлерімен шиеленесулерінің болмауы;

· Жеке адамдардың дәрілік затты қабылдамауы және оған үйреніп кетпеуі.

Гомеопатиялық дәрілердің әсерлік механизмін көптеген ғалымдар – (И.С. Чекман, А.Ф. Бозианов, Н.К. Симеонова, Д.В. Попов, P. Mayntzer т.б.) зерттеген және әдебиеттерде ұқсастық заңдылығын (ұқсасты ұқсаспен емдеу) түсіндірудің бірнеше теориялары бар. С. Ганеман (1810) көз қарасы бойынша науқас адам жасушасы аз мөлшердегі дәрілік затқа өте жоғары сезімталдық көрсетеді. Д.В. Попова (1961) көз қарасы бойынша ауру тудырушы фактор мен гомеопатиялық дәрілік зат өзінің әсерін біркелкі ортада іске асырады, бірақ олардың әсер ету векторы қарама-қарсы бағытталған.

Эксперименттер және клиникадағы зерттеулер дәлелдегендей (С.В. Аничков, 1950, 1976; А.И. Черкес, 1954, 1976; М.Д. Машковский, 1960, 1989; П.В. Сергеев, И.В. Комиссаров, 1983; И.С. Чекман, 1991), дәрілік зат физиологиялық үрдістерді іске асыратын рецепторлы механизмдер арқылы биохимиялық және физико-химиялық реакциялар туғызады. Медицина тәжірибесінде қолданылатын жоғары әсерлі дәрілік препараттар жасуша рецепторлары арқылы белсенділік көрсете алады, олардың қатарына жататындар: адренергиялы (адрееналин, норадреналин, изадрин, празозин, клофелин, анаприлин, корданум), холинергиялық (ацетилхолин, атропин, платифиллин), серотонинді (серотонин, мексамин, типиндол), бензодиазеинді (диазепам, оксазепам, феназепам), пуринергиялы (аденозин, АТФ, АДФ, АМФ, метилксантины), гистаминді (гистамин, димедрол, диазолин). Дәрілік зат ретінде ежелден қолданыста жүріп келе жатқан – опий, морфин, кодеин және басқалардың да әсері арнаулы рецепторлар (опиоидты) арқылы іске асатыны белгілі болды. Сонымен қатар ағзада бір дәрілік заттың мөлшеріне (аз немесе көп дозасы) байланысты әр түрлі жауап беретін рецепторлар болуы да мүмкін.

Бұл теорияны қолдаушылар гомеопатиялық дәрілік заттың ағзаға әсер ету механизмі тек өзіне тән гомеорецептор арқылы жүреді деп түсіндіреді. Гомеорецепторлар арқылы дәрілік заттың әсерінен басқа, көптеген ішкі және сыртқы орталар ықпалдары да үрдістерге әсер етеді.

Гомеопатиялық емдеу тәжірибесі оңды іске асуы, науқасқа дәрілік затты тағайындау кезінде оның өзіндік гомеорецепциясына сәйкестік табылған жағдайда ғана болады.

Заманалы дәрілік құрамның белгілі, өзіндік ақпараты бар. Осыған орай қанттың бір түйіршігінің немесе спиртті ерітіндінің бір тамшысындағы барлық әсерлік қасиеттері олардың 100-6 сұйылтылған құрамында сақталынған. Тәжірибелер дәлелдегендей, биологиялы белсенді заты бар сұйық құрамды сұйылтқанда - екпінді араластыру, шайқалту кезінде суға биологиялық белсенді заттың барлық ақпараты, матрица сипаттас беріледі және ұзақ уақыт сақталынады. Анық арнаулы әсерлі белсенділік сақталынған құрамда биологиялы белсенді заттың бірде-бір молекуласы болмауы да мүмкін. Ал терапевтік әсер дайындалған дәрілік құрамдағы белсенді зат ақпаратының немесе молекуласының сырқатты ағзаның жүйке рецепторларын қоздырып, нерв импульстарын ми нерв жасушаларына жеткізуінен туындайды.

Ары қарай сырқат адамның нерв жүйесінде дәрілік заттың қоздыруына орай туындайтын адекватты жауап іске қосылып, сырқат емделуі басталады.

Гомеопатиялық дәрілердің әсерлік механизмінің тағы бір сыры – ол дәрілік құрамдағы дәрілік заттардың өзара физика-химиялық және т. б. әсерлер арқылы түрлі өзгерістерге ұшырауында болуы мүмкін.

 

 

Гомеопатиялық дәрілік қалыптардың жазбалары

Гомеопатиялық жазбалар толтыру үлгісі өзінше - "Rp:" деген нұсқау жоқ; препарат аты латын тілінде атау септігінде көрсетіледі; дәрілік заттың концентрациясы (сұйытылу дәрежесі), препарат көлемі (мөлшері) көрсетілмейді, дәрілік қалып көрсетіледі, бастапқы эссенция және тұндырманы ортасы сызылған шеңбермен Ø (фита) белгілейді.

Науқасқа бір жазбада бірнеше дәрілік қалып тағайындалуы көрсетілсе, әрқайсысының алдында, оларды қабылдау ретін көрсететін, араб цифрымен белгіленетін номерлері қойылады. Содан кейін дәрілік қалып немесе препарат түрі (дилюция, тритурация, гранульдер, жақпа май т.б.), жазба соңында дәрілерді қолдану әдістері көрсетіледі, дәрігердің қолы қойылады.

 

Мысалы:

Емдік-алдын алу мекемесі аты немесе штамп.

Кімге

Күні

Дәрігер

1. Mercurius dulcis 3 x Trit.

Таңертең және кешке қалам ұшымен

2. NuX Vomiсa 3 pil

3. Lachesis 6 pil

Кезекпен 2 сағат арасында 8 пилюладан (грануладан)

Дәрігер қолы, мөр

 

Емдік-алдын алу мекемесі аты немесе штамп.

Кімге

Күні

Дәрігер

1. Plumbum metallicum 6 gutt

2. Ignatia 3 gutt

3. Gelsenium 3x gutt

Кезекпен 8 тамшыдан

Дәрігер қолы, мөр

 

Емдік-алдын алу мекемесі аты немесе штамп.

Кімге

Күні

Дәрігер

1. Сallendula

Сыртқа.Жарты стакан қайнаған суға 20 тамшы қосып жарақатты жууға

2. Ung Belladonna

Жарақаттың айналасының терісіне жағуға

Дәрігер қолы, мөр

 

 

Сонымен гомеопатиялық жазба құрылысы:

1. Емдік-алдын алу мекемесі аты немесе штамп.

2. Науқастың аты-жөні, жасы.

3. Жазбаны толтырған күн.

4. Дәрігердің фамилиясы, аты –жөні

5. Дәрілік заттар тізімі, (препарат аты латын тілінде атау септігінде көрсетіледі), сұйылтылу дәрежесі, мөлшері, дәрілік қалып көрсетіледі:

 

Arnica C6 10,0 gran. немесе

Arnica C6 gran.

10,0

6. Дәрілік қалыпты қабылдау ерекшеліктері.

7. Дәрігердің қолы мен мөрі.

 

Егер тағайындалған дәрілік қалыпқа бірнеше препарат кіретін жағдайда, дәрілік препарат жазбада ретпен номерсіз көрсетіледі.

Мысалы:

Емдік-алдын алу мекемесі аты (штамп)

Кімге

Күні

Дәрігер

Apis 3

Arnica 3

Urtica Urens 6

10,0 gran.

Күніне 3 рет 6-8 түйіршектен тамақ ішер алдынан 30 минут бұрын қабылдау керек.

Мөр, дәрігер қолы

 

Спиртті құрамы бар дәрілік қалып дайындалуы керек болған жағдайда жазбада екі мөр болуы (дәрігердің және емдік-алдын алу мекемесі аты немесе штамп) және dil сөзі көрсетілуі керек.

 

Емдік-алдыналу мекемесі аты (штамп)

Кімге

Күні

Дәрігер

Aсonitum napel. 3 15,0 dil.

Жарты стакан суға 20 тамшы қосып күн бойына жұтымдап қабылдау керек.

Мөр, дәрігер қолы

 

Гомеопатиялық жақпа майлар мен оподельдоктерді жазбада толтырған кезде, сұйылту дәрежесі көрсетілмейді, тек дәрілік қалып түрі көрсетіледі.

Емдік-алдын алу мекемесі аты (штамп)

Кімге

Күні

Дәрігер

Opod. Bryonia 100,0

Cырт денеге, түнге қарай йық буынына жағып-сіңдіруге.

Мөр, дәрігер қолы

Гомеопатиялық жазбаларда тағайындалған дәрілік препараттың тұтынушыға дайындалып босатылатын мөлшері көрсетілмесе, онда оларды 10,0 мөлшерінде жібереді.

Жазбаларда дәрілік препараттардың орналасуы, ереже бойынша, көп ретте төменгі сұйылтудан жоғарғы сұйылтуларға бағытталады.

Жазбадағы дәрілік зат 3-4 препараттан артық болған жағдай дұрыс емес; Дәрілік препараттар саны аз болу керек. Бірнеше дәрілік заттарды төменгі сұйылтуда және бір ботаникалық топ өкілдерін тағайындау құпталмайды. Сонымен қатар бір мезгілде қабылданатын дәрілік заттардың бір-бірімен сыйымдылығы және әрекеттесу қабілеттіліктері ескерілуі тиіс.

Бір жазбада келтірілген екі дәрілік зат бір-бірімен сыйыспайтын жағдайда, әрбір препаратты бөлек күндері қабылдау керек. Егер екі ауруды емдеуге толтырылған екі жазбада бір-бірімен сыйспайтын ингредиенттер болғанда, оларды да әр бөлек күні қабылдау керек.

Гомеопатиялық дәрілік қалыптарды доктор Вильмар Швабе нұсқаулығы бойынша дайындау 1961 жыл 3 наурыздағы № 88 және 1962 жыл, 19 желтоқсандағы № 606 ҚСРО ДСМ бұйрықтары талаптарына сәйкес орындалады. Вильмар Швабе нұсқаулығы 1950 жылы неміс тілінен орыс тіліне аударылып В.И. Рыбак редакциясымен 1967 жылы Москвада баспадан шығарылған.

Дайындалған дәрілік қалыптар дәріханадан жіберілгенде, жапсырмада препараттар аты латын тілінде кириллица транскрипциясымен беріледі: мысалы, Тартарус Эметикус, Гепар Сульфурис, Меркуриус Солюбиле және сонысын солай. Дәріханалардың меншікті мөрі бар.

Дәріхана мамандары өз жұмысында Швабе нұсқауын басшылықа алумен қатар, мемлекеттік құзырлы фармакопея талаптарын да басшылыққа алады. Мысалы, егер Швабе нұсқаулығында этил спирті концентрациясы градуспен көрсетілсе де, күнделікті тәжірибеде фармацевт этил спиртінің %

концентрациясын қолданады. Ал дәрілік заттың меншікті салмағы – тығыздық (ρ), дистилденген су –тазартылған су, шарап спирті – этил спирті және т. б. кейбір қысқартулар және түсініктер елдегі құзырлы құжаттарда бекітілген қысқартулар немесе терминдер арқылы беріледі.

 

Гомеопатикалық құрамдар концентрациясы мен дозалары

 

Гомеопатикалық құрамдарды дайындау және айналымға жіберу кезінде олардың концентрациясы (сұйылтулары, потенциялау) ондық және жүздік шкала бойынша көрсетіледі.

Жүздік сұйылту араб цифраларымен белгіленеді, ал ондық сұйылту – цифр және қиғаш крест белгісімен көрсетіледі - 1x, 2x, 3x т.с.с

Ішке қолданылатын гомеопатиялық құралдар тәулігіне 5 – 8 тамшы немесе 3 – 4 грануладан тұрады.

 

ОНДЫҚ ЖӘНЕ ЖҮЗДІК ШКАЛА

 

Дәрілерді ондық шкала бойынша дапйындау 1 -9 параграфтарда көрсетілген ережелер талаптарына сәйкес негізгі дәрілік заттарды сұйылту немесе ысқылау арқылы жүргізіледі.

Сұйылту немесе ысқылау 2 шкала бойынша жүргізіледі:

1. Ондық сұйылту шкаласы.

2. Жүздік сұйылту шкаласы.

Ондық сұйылту орыс тіліндегі жазбаларда араб цифры және «Д» әрпімен немесе цифр және «Х» белгісімен, ал жүздік сұйылту араб цифры немесе «С» әрпімен көрсетіледі (қазақ тілді жазбаларда ондық сұйылтуды цифр және «О» әрпімен немесе цифр және «х» белгісімен көрсетсе, ал жүздік сұйылтуды цифр немесе «Ж» әрпімен белгілесе, қате кетті деуге болмас).

 

Ондық сұйылту шкаласы

 

Гомеопатиялық дәрілік қалыптарды ондық сұйылту шкаласы бойынша дайындау келесі негізгі ұстаным арқылы жүргізіледі: бірінші ондық сұйылту (D1, Х1) бастапқы дәрілік заттың 1/10 бөлігінен тұрады. Әрбір келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудың бір бөлігінен және индифферентті сұйылтқыштың (тазартылған су, этил спирті, сүт қанты) 9 салмақтық бөлігімен дайындалады, яғни келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудан 10 есе жоғары.

.

 

Жүздік сұйылту шкаласы

 

Гомеопатиялық дәрілік қалыптарды жүздік сұйылту шкаласы бойынша дайындау келесі негізгі ұстаным арқылы жүргізіледі: бірінші жүздік сұйылту (1, С1) бастапқы дәрілік заттың 1/100 бөлігінен тұрады. Әрбір келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудың бір бөлігінен және индифферентті сұйылтқыштың (тазартылған су, этил спирті, сүт қанты) 99 салмақтық бөлігімен дайындалады, яғни келесі сұйылту алдыңғы сұйылтудан 100 есе жоғары.

Бұл гомеопатиялық ережелер барлық гомеопатиялық мемлекеттік фармакопеялар басылымындағы кейбір құрамдарды да дайындауда сақталынады.

Сонымен қатар ондық және жүздік, ал кейбір жағдайда мыңдық сұйылтулар концентрациясын салыстыра отырып, олардың құрамына кіретін дәрілік заттың мөлшерін білуге болады (№ 1 кесте). Ганеман өзінің алдыңғы дәрігерлік тәжірибелерінде негізінен жүздік сұйылтуды қолданған, кейіннен 1 000 - мыңдық (М шкаласы) және 50 000 (LМ шкаласы) сұйылтуларды тәжірибеге ұсынған. Қазіргі кезде барлық сұйылту шкалалары қолданылады.

 

Кесте № 1. Гомеопатиялық құралдарды сұйылту шкаласы

 

  Ондық шкаласы (децимальді)   Жуздік шкаласы (центисимальді)   Мындық шкаласы
Сұйылту дәрежесі Дәрілік дәреженің мөлшері Сұйылту дәрежесі Дәрілік дәреженің мөлшері Сұйылту дәрежесі Дәрілік дәреженің мөлшері
XI (D1) 1:10 (10-1)        
Х2 (D2) 1: 100 (10-2) (С1) 1:100 (10-2)    
ХЗ (D3) 1: 1000 (10-3)     Ml 1:1000 (10-3)
Х4 (D4) 1: 10 000 (10-4) 2 (С2) 1: 10 000 (10-4)    
Х5 (D5) 1: 100 000 (10-5)        
Х6 (D6) 1: 1 000 000 (10-6) 3 (СЗ) 1: 1 000 000 (10-6) М2 1: 1 000 000 (10-6)
Х7 (D7) 1: 1 000 0000 (10-7)        
Х8 (D8) 1: 1 000 00000 (10-8) 4 (С4) 1: 100 000 000 (10-8)    
Х9 (D9) 1: 1 000 000 000 (10-9)     МЗ 1: 1 000 000 000 (10-9)
Х10 (D10) 1:10 000 000 000 (10-10) 5 (С5) 1:10 000000 000 (10-10)    

 

Кесте № 2. Потенциялау шкаласы

 

  № п/п   Араластырылған заттардың мөлшері   Көмекші затт ың мөлшері   Дәрілік зат және араластырылған заттардың қатынасы   Потенциялаудың белгіленуі
Ондық шкаласы (децимальді)
  1 бөлшек 9 бөлшек 1:10 X1 немесе D1
  1 бөлшек 1-ші потенциялау 9 бөлшек 1:100 Х2 немесе D2
  1 бөлшек 2- ші потенциялау 9 бөлшек 1:1000 ХЗ немесе D3
  1 бөлшек 3- ші потенциялау 9 бөлшек 1:10 000 Х4 немесе D4
  1 бөлшек 4- ші потенциялау 9 бөлшек 1:100 000 Х5 немесе D5
Жүздік шкаласы (центисимальді)
  1 бөлшек 99 бөлшек 1:100 1 немесе С1
  1 бөлшек 1- ші потенциялау 99 бөлшек 1:10 000 2 немесе С2
  1 бөлшек 2- ші потенциялау 99 бөлшек 1:1000 000 3 немесе СЗ
  1 бөлшек 3- ші потенциялау 99 бөлшек 1:100 000 000 4 немесе С4
  1 бөлшек 4- ші потенциялау 99 бөлшек 1:10 000 000 000 5 немесе С5

 

Жоғарыда келтірілген мысалдар дәрілік қалыпты потенциалаудың негізгі ұстанымын көрсетеді: әрбір алдыңғы потенциядан келесі индифферентті еріткіш құйылған шыны ыдысқа немесе сүт қанты бар келіге көшіріп екпінді қимылмен 10 рет шайқайды немесе келіде 10 минут ысқылайды және осы үрдіс керекті сұйылтуға дейін жалғастырылады. Кейбір потенциялар гомеопатияның 200 жылдан аса тәжірибесінде кеңінен қолданылып және тыңғылықты тексеріліп стандартты болу дәрежесіне жеткен.

Гомеопатия тәжірибесінде С. Ганеман сұйылтуларынан басқа 1829 жылы С.Н. Корсаков ұсынған сұйылту әдісі бар. Корсаков сұйылту әдісі бойынша дәрілік препаратты дайындау бір ыдыста орындалады. Стакандағы ерітіндіні тез төңкерген кезде, әрқашан ыдыста, дәрілік заттың алдыңғы потенциясының ақпараты сақталынған тамшы қалады. Тамшы ары қарай осы ыдыста 10, 100 рет сұйылтылады. Мысалы, потенциялау ыдысына 9,9 г қажетті концентрациядағы спирт өлшеп алынады, үстіне 0,1 г (3 тамшы) бастапқы ерітіндіні қосып 10 рет екпінді араластырылады, содан кейін оны С1 деп белгіленген ыдысқа көшіреді. Ал, сұйықтан босаған ыдысқа тағы 9,9 г спиртті өлшеп алады және тағы екпінді араластырады – С2 деп белгілеген ыдысқа аударады. Осылай үрдісті керекті сұйылтуға дейін жалғастыра береді. Корсаков әдісі техникалық орындалуы жеңіл болғанымен дәлдігі аз болуына байланысты сирек қолданылады.

Сонымен қатар, гомеопатияда Ганеман ұсынған LM – потенциясын орындау тәжірибесі қолданыста бар. Бұл потенция өте жоғарғы сұйылтумен алынады және емдік әсері ағзаға жарты сағат уақытысында беріледі. Олардың әсерін болжауға, бақылауға және реттеуге болады.

А.Я. Катин және М.А. Катина ұсыныстарына сәйкес LM – потенциясын дайындау барысында дәрілік заттың D6 сұйылтуынан дайындалған LM-Q бастапқы ерітінді ретінде қабылданған. Дәрілік заттың ерігіштігіне байланысты бірінші 3 сұйылтуды жүргізу реті: сұйық фазада ерігіш заттармен және өсімдік препараттарымен (тазартылған су ерітіндісінде немесе 45% не 60% спиртте); ерімейтін заттармен – минералды немесе өсімдік шикізатынан алынған шикізаттарды ұнтақталған күйінде.

LM-Q бастапқы препаратты D6 бойынша дайындалған 60 мкл сұйықты немесе 60 мкг ұнтақты 45% спирттің 500 тамшысында еріту арқылы дайындайды. Дайындау кезінде 100 жоғары-төмен екпінді сілкініс болу керек.

LM- шкаласын дайындаудың басты ерекшелігі 2 сатылы сұйылтуда.

Бірінші саты бойынша 60 мкл (0,06 мл) LM-Q сұйықты еріткіштің 100 тамшысында еріту. Дайындау кезінде 100 жоғары-төмен екпінді сілкініс болу керек.

Екінші саты бойынша LM -шкаласының әрбір сұйылтуы бірінші сатыда 500 грануламен алынған ерітінідімен қанықтырылады.

Осылай екі сатылы LM –шкаласына сәйкестендіріп дайындалған сұйылтудың теориялық нәтижесі 50 000 және бірінші сатыдағы жүздік сұйылтудың екінші сатыдағы 500 сұйылтуы.

Күнделікті қолданыстағы дағдылы сұйылтулар: D2, D3, D12 (C6), C12, C18, C30, C50, C100, C200, C500, C1000, C10 000; мыңдық шкаладан – М1, М5, М10, СМ1, LM-шкаласынан: LM1, LM2, LM5 және LM30-ға дейін.

Гомеопатиялық тәжірибеде тинктуралар үшін төменгі сұйылтулар деп алтыншы жүздік (С6) сұйылтуға дейін, орта - С6 - дан С12 – ге дейін, жоғарғы – С12 – ден жоғары, өте жоғарғы сұйылтулар – С100 – ден С1000- ға және одан жоғарғы деп қабылданған. Өсімдік шиізатынан алынған уытты емес дәрілік заттардан матрицалы тинктура дайындау үшін: 1 тамшы белсенді субстанцияны 99 тамшы спиртке араластырады.

Тәжірибелі гомеопат-дәрігерлер ұйғарымы бойынша төменгі потенциялы D6 (Х6) дейінгі сұйылтулар жақсы әсер береді, ал жоғары сатылы жүздік потенциялар жылдам әсерлі болып келеді.

Гомеопатиялық препараттарды тамақ алдында 30 минут немесе 30 минут тамақ ішкеннен кейін қабылдау оңтайлы. Ересек адамдар биоритмін ескере отырып 6-8 тамшыдан немесе тіл астында соруға 6-8 грануладан тағайындайды.Ұнтақтар қабылдауын «шәй қасық ұшымен» (бір доза шамамен 0,2 г) тағайындайды.

Көптеген жағдайда 45% этанолда дайындалған сұйық дәрілер тамшылар санымен тағайындалады. Есептеу кезінде 1г дәрілік құрал 50 тамшыдан тұрады деп қаралады. Сондықтан 1-ші ондық сұйылтуда 0,01г, ал орташа тәулік фазасында шамамен 0,05г гомеопатикалық құрам бар. Барлық жағдайда дәрілік қалып міндетті түрде 2-3 рет шайқалынуы керек.

Қәзіргі гомеопат – дәрігерлер, ертеде XVIII, XIX ғасырлардағы қалыптасқан көзқарастарды (кіші доза) толық мойындамайды. Соған қарамай көптеген дәрілік препараттар 12 жүздік сұйылтуда пайдаланылады (чилибуха, игнация, колоцинт, бриония, ликопадий, күкірт, алтын йодиді ж.б.), барлығы 27-атау, 9 құрам – 30 сұйылтуда (1·10-60) қолданылады – игнация, арника, хина, графит, күміс нитраты т.б.

Бірақ дәріханада пайдаланылатын судың ішінде көптеген элементтер, гомеопатия тұрғысынан қарағанда өте жоғары 10-7 – 10-8 % концентрацияда болғанымен, тазартылған су гомеопатиялық сұйылтулар дайындау үшін қолданылады.

Гомеопатиялық гален препараттары мен дәрілік құрамдар

 

"Гомеопатиялық дәрілік құрамдар" нұсқаулығында гален препараттары мен дәрілік қалыптар арсеналы, негізінде, шектеулі.

Гален препараттарынан тұндырмалар, балауса өсімдіктер препараттары және тазаланған қосынды препараттар қолданыс тапты. Сұйық дәрілік қалыптар ретінде ерітінділер мен тамшылар қолданылады, қатты дәрілік қалыптар ретінде ұнтақтар мен түйіршіктер (гранулалар) қолданылады. Жұмсақ дәрілік қалыптардан жақпа майлар мен линименттер жиі қолданыста.

Ал, инъекциялық ерітінділер, таблеткалар, көз дәрілік қалыптары, жаңа гален препараттары аз қолданыста.

Гомеопатикалық препараттарды дайындау, арнаулы әдістерді қатаң сақтау арқылы жүргізіледі, ол әдістер нұсқаулықтың 1-9 параграфтарында келтірілген.

Гомеопатиялық тәжірибеде дәрілік зат өлшемі ретінде балауса өсімдіктен сығылып алынған шырын қабылданған және оның шикізаттағы мөлшері оны дайындау әдісін таңдап алуда басты роль атқарады. Осыған байланысты гомеопатиялық технологияның басты міндеті - балауса өсімдіктен сығылып алынатын шырынды максималды мол алу. Өсімдіктердегі шырын мөлшері көптеген факторларға тәуелді, олар: өскен орны, жыл мезгілі, атмосфералық ылғалдың болуы және басқалар, сол себепті бір өсімдіктің бойындағы шырын мөлшері бір деңгейде болмайды. Осыған байланысты әрбір эссенцияны дайындағанда өсімдік шикізатындағы шырын мөлшерін қайталап анықтап отыру қажет.

Ескеретін жағдай: гомеопатиялық препараттар технологиясында қолданылатын әртүрлі концентрациядағы этил спиртін тек массалық әдіспен дайындайды.

 

Қосынды (гален) препараттары

Балауса өсімдіктер препараттары

 

Гомеопатиялық гален препараттары мен сұйық дәрілік қалыптарын масса көлемдік емес, тек салмақтық концентрация бойынша дайындайды. Балауса өсімдік шырыны мен 90% этил спирті қоспасын гомеопаттар эссенция деп атайды.

Эссенциялар 60% шырын беретін балауса өсімдіктерден дайындалады. Бұл мақсатта, ұсақ ұнтақталып, ботқа түріне айналдырған өсімдікті немесе олардың бөлшектерін орамалға немесе матадан істелінген қапшыққа салып пресспен сығады. Алынған шырынды оған массасы тең 90% этил спиртімен араластырып, екпінді шайқайды, содан кейін 8 тәулік бойы тұндырып сүзіп алады. Осылай дайындалған эссенция өте мөлдір болуы керек.

Егер өсімдік шайырлар, майлар және 60% кем шырын берсе, эссенцияны есептелінген шырынның 1 бөлігіне 2 бөлік 90% этил спиртін қосып дайындайды.

Тұндырмалар. Кептірілген өсімдіктер шикізатынан немесе жаңа сойылған жануарлар ұлпасынан алынады.

Перколяция әдісі.

1. Кептірілген өсімдік шикізатының ұнтақталған 1 бөлшегін құбырда этил спиртінің (5 бөлшегімен араластырып, жақсы тығындап.) жиі шайқап 2 тәулік бойы тұндырады. Содан кейін бар массаны перколяторға көшіріп, жылдамдығы 20 тамшы / мин. перколирлейді.

2. Мацерация әдісі. 1 бөлшек ұсақталынған шикізатты 10 бөлшек этил спиртімен малшындырып, күнделікті шайқап отырып, 16°С температурада 8 тәулікке қалдырады. Содан кейін сұйықты құйып алып, қалғанын пресспен сығындайды, сұйықтарды қосып 8 тәулікке қалдырып, сүзеді.

Сонымен қатар, тұндырмаларды 2 бөлшек эссенциямен 8 бөлшек 45% этил спиртін, 3 бөлшек эссенцияға 7 бөлшек 60% этил спиртін араластырып та алады.

Тұндырмалардың әртүрлі мөлшерімен 70% этил спиртін араластырып тәннің сыртына қолданылатын спиртті ерітінділер алады.

Аллопатиялық, халықтық және гомеопатиялық медицинада кең қолданылатын пияздан §1 бойынша дайындалатын эссенция технологиясы:

                   
 
Шырыны 60 % және одан көп балауса шөп
 
90% этил спиртін дайындау
 
   
Шикізатты ұсақтау
 
   
Шырынды сығындау
 
   
Шырын мен спирттің тең мөлшерін араластыру
 
   
8 тәулік тұндыру
 
   
 
   
Сапасын бақылау  
 
Тұтынуға дайындау

 

 

 


Сызба №1. Эссенция технологиясының алгоритмі

Пияз басын сырт қабығынан тазалайды, ұсақтайды (пышақ немесе пластмассалы ысқылағыш), матаға орап пресс арқылы сығады. Алынған пияз шырынын тарирленген шыны ыдысқа құйып өлшейді, үстіне 90% этил спиртінің шырын салмағына тең мөлшерін қосады. Қосындыны 16 -17°С температурада 8 тәулік бойы тұндырады, содан кейін тыңғылықты сүзеді, сапасының нормативті талаптарға сәйкестігін анықтайды. Дайын эссенцияны жапсырмамен безендіреді:

 

 

Es Allium (Ø) Күні Сериясы Талдауы Қолы

 

Жоғарыда көрсетілген әдіс бойынша эссенциялар дайындалатын шикізаттар №3 кестеде келтірілген.

 

Кесте №3

Гомеопатия тәжірибесіндегі өсімдік шикізаттары мен қолданылуы.

 

Дәрілік өсімдік шикізаты   Қолданысқа арналған өсімдік Өсімдіктің қолданылатын бөлігі (эссенциядағы шырын мөлшері) Қолдан-ыстағы сұйылту Қолданылуы
Аконит (Aconitum) Уқорғасын Өсімдіктің барлық бөлігі, жас тамыр және тамыр жемісі (1:2) Х1, Х3 және жоғары Қан айналымы- ның қызметі бұзылғанда, параличте, парезде және басқа жағдайларда -сырт денеге
Тыржақгүл (Calendula) Тыржақгүл Өсімдік гүлден-ген кезде - түгел не тек гүл шоқтары Ø және ↑ Әр түрлі тері және шырышты қабаттарының зақымдануында дене сыртына қолданады
Хамомилла (Chamomilla) Дәрілік түймедақ Барлық жаңа гүлдеген өсімдіктер (1:3) Х3, 3 Диспепсия, асқазан неврозы және т.б.
Хелидонум (Chelidonium) Чистотел Жаңа тамыры (1:3)   Бауыр ауруы
Рус токсикодендрон (Rhus toxicodendron) Улы сумах Балауса жапырағы (1:2) Х 3және жоғары Ревматизм, ревмакардит, экзема – тері созылмалы жарақаты және т. б.

 

§1 бойынша эссенциялар дайындалатын шикізаттар

Сұйық дәрілік қалыптар

 

Сулы ерітінділер. 1 салмақтық бөлшекке 9 немесе 99 бөлшек су қосады, сүзеді. Осылай дайындалған ерітінділер бірінші ондық Х1 немесе бірінші жүздік С1 сұйылтуға сәйкес.

Спиртті ерітінділер. Дәрілік заттың 1 бөлшегін спирттің 9 немесе 99 бөлшегімен араластырады Х1 немесе С1 жүздік сұйылту ерітіндісі шығады. Қолданылатын этил спирті концентрациясы жеке баптарда көрсетіледі.

Дәріханаларда сұйық сұйылтуларды эссенциялардан, тұндырмалардан, ерітінділерден 45% этил спирті көмегімен дайындайды.

Сұйық сұйылтуларды ұнтақтардан дайындау. Үшінші жүздік тритурацияның 1 салмақтың өлшемін судың 79 бөлшегімен ерітіп, 90% этил спиртінің 20 салмақтық бөлшегін қосады, құбырдың 2/3 көлемін алатын ерітіндіні 10 рет шайқайды. Бұл ретте төртінші жүздік (4) алынады. Егер 4 сұйылтудың 1 бөлшегін этил спиртінің 99 салмақтың бөлшегімен 10 рет шайқап араластырса, 5 сұйылту алынады. Келесі жүздік сұйылтуларды алдыңғы сұйылтудың 1 салмақтық бөлшегіне 45% этил спиртінің 99 салмақтық бөлшегін араластырып алады.

Линименттер ( сұйық оподельдоктар). Оподельдок негізін сабын спиртінің 2 бөлігін, судың 1 бөлігін және 96% этил спиртінің 1 бөлігімен араластырып алады. Бұл негізді тұндырмалардың (3%, 5%, 10%) әртүрлі мөлшерімен араластырып алады.

Мысалы, оподельдок Ледум 10% багульник тұндырмасынан тұрады, оподельдок Рус-5% ұлы сумах тұндырмасынан тұрады.

 

Қатты дәрілік қалыптар. Ұнтақтар (тритурациялар)

Гомеопатияда қатты дәрілік қалыптарды сүт қантымен ұнтақтап алады. Жүздік шкала бойынша 0,1 г дәрілік затты 9,9 г сүт қантымен, ондықшкала бойынша 1 г дәрілік затты 9 г сүт қантымен араластырып фарфор келіде ұнтақтап алады. Осы сияқты 1г жүздік сұйылтуды немесе 1г ондық сұйылтуды 99г немесе 9г сүт қантымен ұнтақтап екінші жүздің немесе екінші ондық сұйылту алады. «Гомеопатиялық дәрілік құрамдар» нұсқаулығы бойынша 1 сұйылтуға 1 сағат уақыт кетеді. Бұл жағдайда сүт қантын 3 бөледі. Бірінші бөлігін келіге салып, келіде бірнеше рет араластырып, келі тесіктерін бітегенннен кейін дәрілік затты қосады. 6 минут бойына ұнтақтап, 4 минут пластикалы қалақша сапырады. Осы операция тағы бір рет қайталанады. Содан кейін сүт қантының екінші бөлігін келіге салып, тағы екі реттен ұнтақтап, екі рет сапырады. Сүт қантының үшінші бөлігімен осы үрдістер қайталанады.

Тритурацияларды сулы немесе этанолды ерітінділерден де дайындайды. Бұл кезде 2 тамшы сулы немесе 4 тамшы спиртті 9,9 г сүт қантымен ұнтақтайды, бірінші жүздік немесе екінші ондық сұйылту алынады.

Тритурацияларды эссенция мен тұндырмалардан дайындағанда: а) эссенцияның 2 бөлігін 99 бөлік сүт қантымен ұнтақтап, бірінші жүздік немесе екінші ондық сұйылту алады; б) эссенцияның 3 бөлігін 99 сүт қанты бөлігімен араластырып ұнтақтайды, бірінші жүздік немесе екінші ондық сұйылту алады; в) тұндырманың 1 бөлігін 99 бөлік сүт қантымен араластырып ұнтақтайды (1 немесе 2х сұйылту).

Гранулалар (пилюлалар, түйіршіктер). Гранулаларды рафинад қантымен дайындайды. Гранулалар суда жақсы еруге тиіс. Гранулалар гомеопатиялық сұйылтуларды жақсы сіңіру үшін олардың салмақтары 0,002 ден 0,5 г дейін болады. Жиірек пайдаланылатын гранулалар массалары 0,022 ден 0,033 г дейін. Гранулаларды қанықтыру үшін оларды әрқайсысы 0,022 г гранулалардың 1 кг құбырға салып 10 г сұйылтылған дәрілік зат ерітіндісін және 10 г 70 % этил спиртін қосып тығыздап тығындайды және қолмен 10 мин., арнаулы қондырғыда 3-4 мин. шайқайды. Гранулаларды ауада кептіреді. Дәрілік заттар ауыз қуысы шырышты қабатында,гомеопатиялық ұнтақтар және гранулалард тіл астында қабылдайды.

 

Жұмсақ дәрілік қалыптар

Жақпа майлар. Жақпа майлар негізі ретінде вазелин және ланолин қабылданған. Жақпа майлар ССРО МФ Х нұсқасы бойынша дайындалады. Егер жақпа майлар құрамына күшті әсерлі заттар болмаса 10%, ал күшті әсерлі заттар кірсе – 5% жақпа майлар дайындалады.

Гомеопатияда жақпа майлар, линименттер, спирттер және басқа қалыптар дайындауда «аз дозалау» ұстанымы сақталынбайды.

Суппозиторийлер. Суппозиторийлер негізі ретінде какао майы пайдаланылады. Суппозиторийлер дайындауда олардың 1 данасына 2 тамшы эссенцияны немесе 20 тамшы тұндырманы алдын-ала қоюлатып араластырады.

 

Төменде Швабе Вильмардың неміс тіліндегі «Руководство по изготовлению гомеопатических лекарств» еңбегінің орыс тіліндегі аудармасының қазақша мәтіндері берілді.

А. ГОМЕОПАТИЯЛЫҚ ФАРМАЦИЯ

Ганеман өзіне тән емдеу әдісімен қатар, науқасты емдеуге арналған дәрілерді арнаулы дайындау әдісін құрды. Ол фармацияға балауса өсімдіктер мен олардың құрамдарынан дайындалған дәрілік құралдар кіргізді. Бүгінгі гомеопатия Ганеман және оның ізбасарларының ілімін жалғастыруымен қатар, бүгінгі күннің жетістіктерін де пайдаланады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.061 сек.)