АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Спиртті ерітінділер

Читайте также:
  1. ABIES NIGRA - АБИЕС НИГРА
  2. ACIDUM LACTICUM – АЦИДУМ ЛАКТИКУМ
  3. C)Беріктігі артады
  4. Блок 1 Биотехнология микроорганизмов
  5. ганглиозидтер. .
  6. Гомеопатия принциптері.
  7. Жалпы микробиология
  8. ІІІІІІІІІІІІІІІІІІІІІІІІІ
  9. КОН-пен ыдырату
  10. Паратонзилярлы абсцесс іай кезде басталады?
  11. Протеидтер,нуклеопротеидтер,хропротоидтер,пропротоидтер,липопротеидтер
  12. Спириллалар,Спирохеталар,Вибриондар

Спиртте жақсы еритін дәрілік заттардан ерітінді дайындау

Спиртті ерітінділер дайындау үшін, шикізаттың ерігіштігіне байланысты 90% – 60% - 45% этил спирті пайдаланылады.

 

§ 6а бойынша дәрілік заттың 1 бөлігі алынып спирттің 9 салмақтық бөлігінде ерітіледі; ерітіндідегі дәрілік зат мөлшері – 1: 10 (бірінші ондық сұйылту).

 

§ 6б бойынша дәрілік заттың 1 бөлігі спирттәң 99 салмақтық бөлігінде ерітіледі, яғни ерітіндідегі дәрілік зат мөлшері – 1: 100 (бірінші жүздік сұйылту).

Қолданылатын спирт концентрациясы әрбір дара дәрілік заттың сипаттамасында көрсетіледі.

Кесте № 7

Гомеопатия тәжірибесінде қолданылатын этанолды ерітінділер

 

Атауы Пайдаланылатын бастапқы заттар, ерітінділірдің құрамы және дайындау Қолданылатын сұйылтулар Қолданылуы
Йод Iodum Йод Х1 МФ талаптарына сәйкес болуы керек. Құрамы: сұйылтуы Х1 (б.): Йод 1 Этанол 90% 9 Х3, Х6 Шырышты қабаттар қозуында, жүйке күйзелісінде және т. б.
Сульфур (Sulfur) Сублимацияланған және ұшырылған күкірт. Препарат (Sulfur depuratum) 1Х МФ талаптарына сәйкес болуы керек. Сокслет аппаратында 5 б. күкіртті және 100 б. 90% этанолды ұзақ уақыт қайнатады. Суытылған ерітіндіні 90% этанолдың екі еселенген салмақтық бөлігімен сұйылтады –Х4 сұйылту алады. Х5 сұйылтуды 90% этанолда, Х6 сұйылтуды 60% этанолда, жоғары сұйылтуларды 45 % этанолда дайындайды. Х4, Х5, Х6 Қан айналымы-ның бұзылуы, тері аурулары және т.б.
Тартарус стибиатус (Tartarus stibiatus) Сурьма және калий тартраты. Құстырушы тас. VII МФ талаптарына сәйкес болуы керек. Құрамы: сұйылтуы Х2 (б.): Құстырушы тас 1 Су 89 Этанол 90% 10 жоғары сұйылтуларды 45 % этанолда дайындайды. Х2 Тыныс алу жолдары аурулары, құсықта және т. б.

§ 7

Құрғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар (тритурация) дайындау

Құрғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар дайындау үшін дәрілік заттың белгілі мөлшерін алып фарфорлы келіде сүт қантымен ысқылады.

Ұнтақтарды құрғақ заттардан ысқылап дайындау дегеніміз, тек дәрілік затты сүт қантымен араластыру емес, ол бұл қоспаны мұқият ысқылап ұнтақтау арқылы өте ұсақ бөлшектер алу екенін есте ұстау керек. Осыған байланысты ұнтақты ысқылау мерзімі 1 сағаттан кем болмауы керек.

Бұл тұжырымның дұрыстығына келесі мысал көз жеткізеді: егер Купрум металликумның 1-ші ондық ысқыланған ұнтағын дайындау кезінде әр 10 минут сайын микроскоппен Купрум сынағын тексеріп, бөлшектердің өлшемін анықтаса, құралсыз, жай көзге біркелкі көрінгенімен, шамамен тек 1 сағаттан кейін ғана гомогенді көрініс шығады. Бұл үрдістен ауытқу әрбір жағдайда ескертіліп отырады.

Ысқыланған ұнтақтар дайындау кезінде кейбір ірі бөлшектер ұнтаққа түсіп кетпеу үшін ысқылау мен келі бетінен ұнтақты қырып отыру өте мұқият орындалуы керек.

Гигроскопиялы заттарды ысқылау тек қыздырылған келіде орындалуы керек.

Құрғақ заттардан ысқыланған ұнтақтар төменде келтірілген үрдіс бойынша дайындалады.

Жүздік шкала бойынша 0,1 г дәрілік зат 9,9 г сүт қантымен, ал ондық шкала бойынша 1 гдәрілік зат 9 г сүт қантымен ысқыланады. Сұйылтуға алынған сүт қанты тең 3 көлемге бөлініп, 1 –ші көлемі фарфорлы келіге көшіріледі және келі бетінің кездейсоқ қуыстарын бітеу мақсатында бірнеше рет араластырылады, содан кейін дәрілік затты қосып, күш сала отырып, 6 минут бойына ысқылайды, 4 минут бойына ұнтақты келі бетінен қырып араластырады, тағы 6 минут ысқылайды, 4 минут қырады. Содан кейін сүт қантының екінші көлемін келідегі ұнтаққа қосып 6 минут ысқылай, 4 минут қырады, осы үрдіс тағы бір рет қайталанады. Ең соңында сүт қантының қалған көлемі салынып, жоғарыдағы келтірілген үрдістер қайталанады. Сонымен 10 г ысқыланған ұнтақ дайындауға 1 сағат жұмыс уқыты кетеді.

Осы әдіспен 1 г жүздік ысқыланған ұнтақты немесе 1 г ондық ысқыланған ұнтақты қайталап 99 г немесе 9 г сүт қантымен 2-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылту алынады.

 

Кесте № 8

Гомеопатия тәжірибесінде қолданылатын ұнтақтар (тритурация)

 

Атауы Бастапқы заттар Қолданылатын сұйылтулар Қолданылуы
Сепия (Sepiа) Каракатица -өрмекші тұқым-дас. Сиялы қап Х3 және одан жоғары Гинекология, бас ауруы, экзема және т. б.
Слицея, кремний қышқылы Тұнбаланған метакремний қышқылы Х3 және одан жоғары Фурункульде, карбункульде, маститте және т. б.
Гепар сульфур (Hepar sulfuris) Ганеман известі күкіртті бауыры – тигельде ұзақ уақыт «ағарғанша» қыздырылған күкірттің және устрица үйшігінің тең салмақтық бөлігінің қоспасы. Суытылғаннан кейін тығыз жабылған шыны сауытта сақтайды Х3 және одан жоғары Флегмонада (іріңдеуде), борнхитте және т.б.
Карбо вегетабилис (Carbo vegetabilis) Бук немесе қайыңның жақсы қыздырылған көмірі. Х1 МФ талаптарына сәйкес болуы керек. Х3, 3 және одан жоғары Созылмалы диспепсияда, өкпе эмфиземасында және т.б.
Графит. (Graphites) Табиғи графит   Экземада, жарақат бетін бітеуге және т.б.

Ш БӨЛІМ

ДӘРІЛІК ЫСҚЫЛАНҒАН ҰНТАҚТАРДЫ ӘРТҮРЛІ СҰЙЫҚ ЗАТТАРДАН ДАЙЫНДАУ

§ 8

§ 8 бойынша ысқыланған ұнтақтар сұйық дәрілік заттардан дайындалады.

Дәрілік заттардың сұйық ерітінділерінен ысқыланған ұнтақтар §7 келтірілген салмақтық бөлшектер қатынасында дайындалады.

Дәрілік сұйылту аз мөлшерде дайындалғанда сулы ерітіндіден 2 тамшы немесе спиртті ерітіндіден 4 тамшы алынып 9,9 г сүт қантымен, §7 келтірілгендей, ысқыланады.

Дәрілік зат мөлшері 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.

§ 9

 

Ысқыланған ұнтақтарды эссенция мекн тинктурадан

§ 9бойынша ысқыланған ұнтақтар негізгі эссенциялар мен тұрындылардан дайындалады.

Эссенциялар мен спиртті тұрындылардан ысқыланған ұнтақтар дайындау, сұйық дәрілік заттардан дайындау секілді, яғни § 7 келтірілгендей, препараттың белгілі мөлшері сүт қантымен ысқыланады.

а) § 1 және § 2 бойынша дайындалған эссенцияның 2 бөлігі сүт қантының 99 бөлігімен ысқыланады, бұл 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.

б) § 3 бойынша дайындаған эссенцияның 3 бөлігі сүт қантының 99 бөлігімен ысқыланады, бұл 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.

в) § 4 бойынша дайындалған тұрындының (тинктура) 1 бөлігі сүт қантының 99 ысқыланады,, бұл 1-ші жүздік немесе 2-ші ондық сұйылтуға сәйкес келеді.

СҰЙЫЛТУЛАРДЫ ӘРТҮРЛІ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДАН ДАЙЫНДАУ

 

Сұйылтуларды дайындау кезінде келесі технологиялық үрдістерді дәлме-дәл сақтау керек.

 

А. Сұйық дәрілік заттарды сұйылту

Сұйық заттарды (жоғарыдағы 1- 9 параграфтарда көрсетілген ережелер талаптарына сәйкес дайындалған ерітінділер, эссенциялар, тинктуралар) сұйылту күн сәулесінен қорғалған бөлмелерде орындалады. Сұйылтуға арналған сауыттар көлемі дайындалатын сұйылтулар көлемдерінен 1/2, 1/3 есе артық болуы керек.

Дәрілік заттың аты мен сұйылту дәрежесі дайындауға қолданылатын сауыттың тығынына және сауытта көрсетіледі. Демек жүздік сұйылту дәрежесінің алдында «С» әрпімен немесе араб цифрімен, ал ондық сұйылту «D» немесе «X» әріптерімен көрсетіледі.

Егер сұйылтуға қажет зат көп мөлшерде алыну керек болған жағдайда оның мөлшері салмақтық өлшеммен, ал аз мөлшерде болса - тамшылар санымен алынады.

 

а) Ондық шкала бойынша:

 

Х1-ден Х30 дейінгі сұйылту зат аттары мен дәрежесі көрсетілген шынылардың Х2 бастап әрқайсысы 45% этил спиртінің 9 салмақтық бөлігімен толтырылады. Эссенциядан бірінші ондық сұйылту тиесілі параграфта көрсетілген ереже бойынша дайындалады. Әрбір келесі сұйылту жоғары-төмен 10 рет екпінді шайқау арқылы дайындалады, содан кейін осы дайындалған сұйылтудың 1 салмақтық бөлігі келесі шыныға ауыстырылады және дайындау қайталанады.

 

б) Жүздік шкала бойынша:

 

С1-ден С30 дейінгі сұйылту зат аттары мен дәрежесі көрсетілген шынылардың С2 бастап әрқайсысы 45% этил спиртінің 99 салмақтық бөлігімен толтырылады.

Эссенциядан, тұрындыдан немесе ерітіндіден бірінші жүздік сұйылту тиесілі параграфта көрсетілген ереже бойынша, жоғары-төмен 10 рет екпінді шайқау арқылы С2 шынысында дайындалады. Содан кейін осы дайындалған С2 сұйылтудың 1 салмақтық бөлігі келесі, С3 шынысына ауыстырылады және дайындау барлық шынылармен қайталанады. Сонымен әрбір алдыңғы сұйылтудың 1 салмақтық бөлігі келесі шыныға ауыстырылып, жоғары-төмен 10 рет екпінді шайқау арқылы үрдіс жалғастырыла береді.

 

Б. Ысқыланған ұнтақтар (тритурация) дайындау

Ысқыланған ұнтақтардың (тритурация) ондық және жүздік дайындау технологиясы § 7 көрсетілгендей жүргізіледі.

В. Сұйық сұйылтуларды ысқыланған ұнтақтардан дайындау

 

Сұйық сұйылтулырды ысқыланған ұнтақтардан дайындау тәсілі:

Жүздік сұйылту шкаласы бойынша 3-ші жүздік сұйылтуға дейін ысқыланған дәрілік заттың бір бөлігі алынып тазартылған судың 79 салмақтық бөлігімен ерітіледі, содан кейін шыныға 90% этил спиртінің 20 салмақтық бөлігін қосады. Шынының 2/3 бөлігіне дейін толтырылған сұйықты 10 рет шайқайды. Осылай дайындаған сұйылту 4-ші жүздік сұйылтуға сәйкес келеді.

Сұйылтуды ары қарай жалғастыру келесі үрдістер бойынша жүргізіледі: дайындалған 4-ші жүздік сұйылтудың 1 салмақтық бөлігін 45% этил спиртінің 99 салмақтық бөлігі құйылған шыныға қосады, 10 рет шайқайды. Алынған сұйық 5-ші жүздік сұйылтуға сәйкес. Сонымен әрбір алдыңғы сұйылтудың 1 салмақтық бөлігі келесі, 45% этил спиртінің 99 салмақтық бөлігі құйылған шыныға көшіріліп, 10 рет екпінді шайқау арқылы үрдіс жалғастырыла береді.

 

Гранулулар (түйіршіктер) дайындау технологиясы

 

Гранулаларды (түйіршіктер) жоғары сапалы қант құрағынан алынған таза қантта дайындайды. Қант тазартылған суда қалдықсыз еріп кетуі керек.

Гранулалар, гомеопатиялық сұйылтулармен қанығуы үшін біркелкі және белгілі өлшемде болуы керек. Олар бекітілген нөмірлерімен ажыратылады:

№ 1 бір гранула салмағы 2 миллиграмм: 500 гранула салмағы 1 грамм.

№ 2 бір гранула салмағы 4 миллиграмм: 250 гранула салмағы 1 грамм.

№ 3 бір гранула салмағы 8,3 миллиграмм: 120 гранула салмағы 1 грамм.

№ 4 бір гранула салмағы 12,5 миллиграмм: 80 гранула салмағы 1 грамм.

№ 5 бір гранула салмағы 2,2 миллиграмм: 45 гранула салмағы 1 грамм.

№ 6 бір гранула салмағы 4 центиграмм: 25 гранула салмағы 1 грамм.

№ 7 бір гранула салмағы 1 дециграмм: 10 гранула салмағы 1 грамм.

№ 8 бір гранула салмағы 2 дециграмм: 5 гранула салмағы 1 грамм.

№ 9 бір гранула салмағы 3,3 дециграмм: 3 гранула салмағы 1 грамм.

№ 10 бір гранула салмағы 5 дециграмм: 2 гранула салмағы 1 грамм.

 

Жиі қолданылатын түйіршіктер өлшемдері № 4 және № 5.

Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру кезеңінде, әрбір түйіршікке дәрілік заттың бір тамшысы сәйкес келуін қамтамасыз ету керек.

Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру 3-ші жүздік немесе одан жоғары сұйылтудан және 70% спиртпен жүргізілуі керек.

Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру төмендегіше жүргізіледі: Көлемі, ішіне салынатын түйіршіктер салмағынан 1,5 немесе 2 есе үлкен, шыны банкалар алынады. Олардың біреуіне, 1 кг № 5 түйіршіктерге дәрінің 10 г тиесілі сұйылтуы есебінен және түйіршіктер біркелкі араласып қанығулары үшін соншалықты салмақты 70% этил спиртін қосады. Банканы қақпақпен жауып, пергамент қағазымен орап банканы бірден 10 минут бойына қолмен немесе 3-4 минут машина көмегімен шайқайды. Үрдіс аяқталғаннан кейін, түйіршіктерді пергаментпен жабылған тесік көздері бар ағаш тақтай бетіне төгіп, кептіреді.

Түйіршіктерді толық кептіру ауада жүргізіледі, содан кейін арнаулы ыдысқа көшіріледі.

Түйіршіктерді дәрілік заттармен қанықтыру ұшқыш, иісті заттармен және барлық қышқылдарда 3-ші жүздік сұйылтудан төмен болмауы керек.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)