АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Блок 2.4 Тауарлы-материалды запастар есебі

Читайте также:
  1. ААААААААААААААААААААА
  2. Абай философиясы
  3. Автобиографиясы
  4. Арыстан Баб кесенесі туралы
  5. Арыстан Баб кесенесі туралы
  6. АУДИТОРИЯЛАР ТІЗІМІ
  7. Банк проводит кредитно-денежную политику.
  8. Бап. Айыпталушы
  9. Бап. Беттестіру
  10. Бап. Жеке кепiлгерлік 1 страница
  11. Бап. Жеке кепiлгерлік 4 страница
  12. Бап. Жекеше айыптаушы

Жоспар

Кіріспе 4 Модуль 1. Ұйым экономикасы

Блок 1.1 Ұйымдарда экономикалық жұмыстарды ұйымдастырудың негізі

Тақырып 1.1.1. Ұйымның құрылымымен танысу.

Жұмыс орнында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау 8

Тақырып 1.1.2. Ұйымның экономикалық қызметінің негізгі

есеп беру құжаттарымен танысу 14

Блок 1.2. Жарғылық капитал. Оперативті экономикалық жұмыс

Тақырып 1.2.1. Ұйымның жарғылық капиталы, құрылтай құжаттары 15

Тақырып 1.2.2. Ұйымдағы оперативті экономикалық жұмысы. 17

Блок 1.3. Инвестициялық қызмет. Негізгі қорлар мен айналымнан тыс активтер

Тақырып 1.3.1. Ұйымның бизнес жоспары 19

Тақырып 1.3.2. Ұйымдағы жоспарлау және болжау 20

Тақырып 1.3.3. Инвестицияның тиімділігін есептеу 20

Тақырып 1.3.4. Ұйымның негізгі өндірістік қорлар құрамы,

құрылымы мен қозғалысы 22

Тақырып 1.3.5.Негізгі өндірісітік қорларды тиімді пайдалану 24

Тақырып 1.3.6. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы. 25

Блок 1.4. Айналым қаржылары. Айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау

Тақырып 1.4.1.Айналым капитал түсінігі, құрамы мен құрылымы 27

Тақырып 1.4.2. Айналым қаржыларын мөлшерлеу. 29

Тақырып 1.4.3. Айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау. 30

Блок 1.5. Өндірістік шығындар мен өнімді өткізу

Тақырып 1.5.1. Шығарған өнімге жұмсалған шығындар.

Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы. 32

Тақырып 1.5.2. Өнімнің өткізуге кеткен шығындар. 35

Блок 1.6. Ұйымның өндірістік қуаттылығы. Еңбектің өнімділігі мен нормалау

Тақырып 1.6.1. Ұйымның өндірістік қуаттылығы 36

Тақырып 1.6.2.Еңбекті нормалау әдістері. 38

Тақырып 1.6.3.Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері 39

Тақырып 1.6.4.Ұйымда төлемақыны ұйымдастыру жүйесі 40

Блок 1.7. Ұйымның баға саясаты мен оны жүзеге асырудың әдістері

Тақырып 1.7.1. Баға жүйесі мен олардың жіктелуі 43

Тақырып 1.7.2. Ұйымда бағаның құрылу тәртібі 45

Блок 1.8. Ұйымның қаржылық нәтижесін қалыптастыру,есеп беруді дайындау

Тақырып 1.8.1. Табыстың пайда болуы мен бөлу тәртібі 46

Тақырып 1.8.2. Өнімді өткізудің рентабельділігі 49

Тақырып 1.8.3.Ұйымның қаржы нәтижесін қалыптастыру 50

Модуль 2. Қаржылық есеп

Блок 2.1 Бухгалтерия құрылымы және ұйымды ұйымдастыру есебі

Тақырып 2.1.1.Бухгалтерия құрылымымен, субьектінің есеп және

есептік саясатымен танысу 53

Блок 2.2. Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі

Тақырып 2.2.1 Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеу және есепке алу 55

Тақырып 2.2.2 Есеп шоты бойынша банктік операцияларды құжаттық ресімдеу 58

Тақырып 2.2.3 Есеп беруге тиісті тұлғалармен және басқа да

дебиторлармен есеп айырысу есебі 60

Тақырып 2.2.4 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу 61

Блок 2.3 Негізгі құралдар есебі

Тақырып 2.3.1 Негізгі құралдардын келіп түсу, есптен шығарылу

есебі және құжатпен рәсімделуі 63

Тақырып 2.3.2 Амортизация 66

Тақырып 2.3.3 Негізгі құралдарды жалдау және инвестиция есебі 67

Тақырып 2.3.4 Негізгі құралдар және материалдық емес активтерді түгендеу

және қайта бағалау есебі 69

Блок 2.4 Тауарлы-материалды запастар есебі

Тақырып 2.4.1 Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі, бағалануы

және қоймадағы есебімен құжатта рәсімделуі 72

Тақырып 2.4.2 Материалдардың бухгалтериядағы есебі және құжатты ресімделуі 75

Тақырып 2.4.3 Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу есебі 78

Тақырып 2.4.4 Материалдық құндылықтарды түгендеу және

оның нәтижелерін есепте бейнелеу 81

Блок 2.5 Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі

Тақырып 2.5.1 Кәсіпорында еңбекақыны төлеудің түрлерімен және

формаларымен, штаттық кестемен, жеке құрамның есебін ұйымдастырумен танысу 85

Тақырып 2.5.2 Еңбекақыны төлеудің турлері бойынша жалақыны есептеу 87

Тақырып 2.5.3 Еңбек ақыдан ұсталымдар және оны төлеу бойынша

есептесудің талдамалы есебі 89

Тақырып 2.5.4 Еңбек төлемі бойынша есеп айырысудың жинақтау есебі.

Есептеу - төлеу ведомосін толтыру 90

Блок 2.6 Өндіріске жұмсалған шығындар,дайын өнім және оны сату есебі

Тақырып 2.6.1 Шығындардың жіктелуімен және өндірістегі шығындар

себін ұйымдастырумен танысу 92

Тақырып 2.6.2 Өндірістегі тікелей және үстеме шығындарын бөлу және есепке алу 93

Тақырып 2.6.3 Өндірістен шыққан дайын өнімнің нақты өзіндік құнын

және өнімнің нақты өзіндік құнының калькуляциясын есептеу 94

Тақырып 2.6.4 Кезең шығындарының есебі. № 10 журнал – ордерді толтыру 95

Тақырып 2.6.5 Дайын өнім және оны сату есебіжәне құжатпен рәсімделуі 97

Тақырып 2.6.6 Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу 98

Блок 2.7 Қаржылық нәтиже, меншікті капитал есебі және қаржылық есеп беру

Тақырып 2.7.1 Кәсіпорынның қаржы нәтижесін қалыптастыру және оның есебі 100

Тақырып 2.7.2 Меншікті капиталдың қалыптасуымен және жарғылық

капиталдың синтетикалық және талдамалы есебі 101

Тақырып 2.7.3 Салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу 105

Тақырып 2.7.4 Салықтық есеп беруді құрастыру және оны өткізу тәртібімен танысу 106

Тақырып 2.7.5.Қаржылық есеп беру құрамы,мазмұны және тапсыру мерзімімен танысу.

Жылдық қаржылық есеп беру нысандарын құрасты 108

Тақырып 2.7.6 Өндірістік тәжірибе туралы есеп беруді рәсімдеу 110

Модуль 3 Экономикалық талдау және қаржы есебін талдау

Блок 3.1 Экономикалық талдау

Тақырып 3.1.1 Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны. 113

Тақырып 3.1.2.Өнімді (жұмысты, қызметті)өндіру мен өткізуді, сұранысты талдау. 114

Тақырып 3.1.3.Еңбек ресурстарымен қамтылуын талдау. 115

Тақырып 3.1.4.Негізгі құралдардың пайдалану тиімділігін талдау 117

Тақырып 3.1.5.Өндірістің техникалық деңгейін талдау 119

Тақырып 3.1.6.Еңбек өнімділігін және жұмысшылардың біліктілігін талдау 120

Тақырып 3.1.7.Өнімнің көлемін, сапасы мен құрылымын талдау 121

Тақырып 3.1.8.Материалдық шығындар.

Өндірілген және өткізілген өнімнің өзіндік құнын талдау 122

Блок 3.2 Ұйымның қаржы есебін талдау

Тақырып 3.2.1.Ұйымның қаржы жағдайын талдаудың мазмұны мен әдістері 124

Тақырып 3.2.2.Бухгалтерлік баланстың активтері және оның қалыптасу көздерін талдау 125

Тақырып 3.2.3.Ұйымның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау 127

Тақырып 3.2.4.Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау 131

Тақырып 3.2.5.Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды талдау 133

Тақырып 3.2.6.Ұйымның іскерлік белсенділігін талдау 134

Тақырып 3.2.7. Кәсіпкерлік тәуекелділікті талдау 136

Тақырып 3.2.8.Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдығын талдау. 138

Тақырып 3.2.9.Ұйымның қаржы нәтижесін қалыптастыру 139

Тақырып 3.2.10.Ұйымның қаржы нәтижесін қалыптастыру, есеп беруді дайындау 143

Қорытынды 145


Кіріспе

Мен, өндірістік іс – тәжірибемді 2015 жылдың наурыз айының 10 жұлдызынан бастап, мамыр айының 29 жұлдызына дейін Тараз қаласындағы Жамбыл көшесі, 116 үй мекен – жайы бойынша орналасқан «GRAND» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өткіздім.

«Қазақстан-2050 «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы»» стратегиялық бағдарламасында «...ғылымды қажет ететін, қосылған құны жоғары өндірістерді, сондай-ақ қызмет көрсету саласының үлесін ұлғайтуға саясатын белгілі бір дәйектіліктің қажеттілігін көрсетін отыр»- деп атап өтілген. Нарық талабына сай бәсекеге қабілетті - өндірістік кәсіорынды қалыптастыру ондағы өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау және басқару жұмыстарын ұтымды жүргізу үшін тұтынушылардың талабына сай өнім сапасын көтеру, ассортимент түрлерін кеңейту, пайдаланылатын ресурстың барлық түрлерін үнемдеу әдістерін жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Бұл әдістер кәсіпорын басшылары мен оның ұжымдарының алдына қойған мақсаттарына жету жолында өндірісті ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру, жоспарлаудың прогрессивті жолдарын және басқарудың озық үлгілерін қолдануға көмектеседі.

Қаржылық есеп міндеттеріне есепті ұйымдастыру негіздерін меңгеру, өндірістік үдерістерді ұйымдастыруды жан-жақты өқып-үйрену, кәсіпорынға қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қосымша цехтарды ұйымдастыруды қарастыру, жаңа техниканы дайындау және игеру үрдістерін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару механизмдерін үйрену мәселелері жатады.

Нарықтық қатынастардың тереңдеуі мен дамуының қазіргі жағдайы қаржылық есепті ұйымдастыру мен басқарудың теориялық білім алу мен тәжірибелік дағдыларын игеру қажеттілігін туындатады. Экономиканың барлық салаларының кәсіорындарында істейтін менеджерлер негізгі өндірісті және өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастырудың қаржылық есебің меңгерген жөн.

Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруды қалыптастыру мақсатында ресурстар қолданылады, яғни материалдық және еңбек ресурстары, ғимараттар мен құра-жабдықтар, сондай-ақ әр түрлі қызмет көрсетулер. Ресурстар тек өздігінше қалыптаспайды, оларды әрдайым қаржыландыру қажет. Ресурстар ақша қаражаттарына алмасады. Нарықтық экономика жағдайларына байланысты ақша қаражаттары немесе ақша қаражаттарына алмасқан экономикалық ресурстардың белгілі бір қалыптасу көздері болуы қажет. Сонымен, бухгалтерлік есеп – бұл ресурстардың қолдану тиімділігін және шаруашылықтағы басқару процесін сипаттайтын ғылым болып табылады.

Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оның қызмет атқаруы бойынша талдау жасау болып табылады.

Жұмыстың тәжірибелік бөлігі «GRAND» компания-сының қаржылық жағдайын талдауға негізделген.

Модуль

1Ұйым экономикасы

 

Блок 1.1 Ұйымдарда экономикалық жұмыстарды ұйымдастырудың негізі

1.1.1 Ұйымның құрылымымен танысу. Жұмыс орнында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау.

«Grand» компаниясы жиһаз әлеміне қатысты ең соңғы үлгідегі өнімдері сатып алушылардың назарына ұсына отырып, оларға тауар сапасының жоғары, құны төмен екеніне кепілдік береді.

Сән мен интерьерді қамтыған «Grand» компаниясы 1995жылдан бастап нарықта көрініс табуда. Компания тауарлары жақын мемлекеттермен қатар, шығыс еуропа мемлекеттерінен де тауарларды тасымалдауда.

«Grand» компаниясы тек жиһаз сатумен ғана шектелмей, сонымен қатар тұрмыстық техниканы халыққа ұсынумен де айналысады. Оған қарамастан компания тауарлары тұтынушылар тарапынан жоғары деңгейде бағалануда.

Компания мақсаты халықты сапалы тауармен қамту арқылы тұтынушылар тарапынан қолдау табу, оларға қолайлы жағдай жасау. Ал қағидасы ең үздік трендтік компаниялардың қатарынан болу. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында қазіргі уақытта компания көптеген көрмелерге қатысып, әлемдегі жаңа технологиялармен жасалған тұрмыстық техника мен жиһаздардын үлгілерімен танысуда.

Олар демократиялық баға саясатын ұстану мақсатында Қазақстанның көптеген елді мекендерінде сауда нүктелерін ашты. Солардың бірі Астана, Алматы, Тараз бен Шымкент қалаларында орналасқан. Компанияның бұндай жетістікке жету жолы олардың басқа фирмалармен серіктестік жасауында, осыған орай компания тұтынушыларға ең арзан қол жетімді бағаларды ұсынуда.

Қазіргі таңда «Grand» сауда орталығы Қазақстанда өзінің көптеген филиалдарын ашуда. Олардың бірі Тараз қаласындағы «Grand» тұрмыстық техника және жиһаз салоны. Бұл салон ең соңғы үлгідегі жиһаздарды ұсынумен қатар заманауи техникаларды назарларынызға ұсынады.

Сайт:http://centrmebeligrand.mebel.kz
Эл. почта: grand-taraz@hotmail.com

Телефон: +7 (7262) 43-00-79

 

 

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар Департаментінің төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау Басқармасы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау Басқармасы (ары қарай - Басқарма) Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар Департаментінің (ары қарай – ШҚО ТЖД) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің және оның Комитеттерінің бұйрықтарына, ШҚО ТЖД бұйрықтары мен тапсырмаларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, ШҚО ТЖД туралы Ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың құрылымы ШҚО ТЖД штаттық кестесімен анықталады.

Басқарманың құрамына: төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау бөлімі; қазандықтар мен газ шаруашылығы, көтергіш құрылғылар, нан өнімдері объектілерін бақылау бөлімі; химия және металлургия өнеркәсібін бақылау бөлімі; атом өнеркәсібін бақылау бөлімі; салааралық бақылау бөлімі; таукен техникалық бақылау бөлімі кіреді.

Басқарманың өз атауы мемлекеттік тілде жазылған арнайы рұқсаттама құжаттарына білім деңгейін тексеруге арналған мөрі бар. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Басқарманың мамандары мемлекеттік инспекторлар болып табылады, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан және пломбир беріледі.

2. Басқарманың негізгі міндеттері

2.1. ШҚО қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
2.2. Басқарма ШҚО кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

3. Басқарманың функциялары

3.1. Жоғары тұрған органдарға техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарды жасау бойынша ұсыныстар енгізу;
3.2. Қауіпті өндірістік объектілерін есепке алу;
3.3. Ұйымдардың басшылары мен мамандарын техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқытуды, білуді және насихаттауды ұйымдастыру;
3.4. Жоғары тұрған органға төтенше жағдайлар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқаулықтарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;
3.5. Үйлерге, ғимараттарға, техникалық қондырғыларға, қауіпті өндірістік объектілердегі метариалдарға техникалық куәландыру жүргізуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3.6. Ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге дайындығын бақылауды жүзеге асыру;
3.7. Кен, кен емес шикізатты (немесе олардың бөлігін), көмірді өндіру және қайта өндеу бойынша жобаларды, сондай-ақ қауіпті өндірістік объектілеріне жобалық шешімдерді қарау;
3.8. Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келітіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің қызметі үшінші тұлғаларға зиян келітурі қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шартын жасау бойынша міндеттемелерін орындауды және олармен заңнамада бекітілген талаптардың сақтауын бақылау;
3.9. Ұйымдардың апаттарды және олардың салдарларын жою, қауіпті өндіріс объектілеріндегі апаттарды оқшаулау және жою бойынша жұмыстар жүргізу дайындағына өндірістік бақылаудың тиімділігін бақылау;
3.10. Әскериленген таукен құтқару, газқұтқару қызметтері мен құрылымдарының қызметін басқару;
3.11. Өз құзіреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соқтырған аварияларды және жазатайым оқиғаларды тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
3.12. Өнеркәсіптік қауіпсіздік мониторингін жүргізу;
3.13. Ұйым құрамында қауіпті өндірістік объектілер санатына жататын объектілерді қауіпті өндірістік объектіге сәйкестендіруге негізгі талаптарды белгілеу;
3.14. Өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру;
3.15. Лицензиарлардың сұрауы бойынша лицензиаттың ұсынылып отырған талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу және қорытынды беруге дайындау;
3.16. Тау жұмыстарын дамытудың ағымдағы және келешекті жоспарларын қарау;
3.17. Мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға міндетті күші бар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нұсқамалар беру;
3.18. Белгіленген тәртіпте қауіпті өндіріс объектілерінде қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізу құқығына рұқсат беру;
3.19. Ұйымдардың, объектілердің жаңадан тағайындалған басшыларының, және де белгіленген мерзімде басқа мамандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелері мен нормалары білімін тексеруге қатысу;
3.20. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қауіпті өндірістік объектіде авариялық қаупі бар қызметті тоқтата тұру;
3.21. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды, процестерді пайдалануға, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтатуға байланысты болғандағы жағдайларды есепке алмағанда, бұл бұзушылықтарды жою кезеңіне дейін тыйым салу;

4. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

4.1. Басқарманы ШҚО ТЖД басшысына, ШҚО ТЖД бастығының орынбасарына бағынатын және олардың алдында өз қызметі бойынша есеп беретін бастық басқарады.
4.2. Басқарма басшысы және Басқарма құрамындағы бөлім басшылары ШҚО ТЖД бастығының ұсынысы бойынша ҚР ТЖ Министрімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
4.3. Басқарма құрылымдық бөлімшелерінен және ШҚО ТЖД бағынысындағы мемлекеттік мекемелерден өз құзіретіне кіретін, жүктелген міндеттерді орындауға қажетті материалдар мен мәліметтерді сұрайды.
4.4. Басқарма қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерулер жүргізеді.
4.5. Басқарма өз қызметін құрылымдық бөлімшелермен, және де ШҚО ТЖД келісімдесе отырып Министрліктің бағынысты ұйымдарымен, экологиялық, тазалықты бақылау, энергоқадағалау мемлекеттік органдарымен, меншік нысанына қарамастан басқа да мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен әрекеттесе отырып жүзеге асырады.
4.6. Басқарма ШҚО ТЖД басшылығына Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді.
4.7. Басқарма басшысы Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өз функцияларын жүзеге асыру және жүктелген міндеттерді орындауына байланысты жеке жауапкершілікте болады.
4.8. Осы мақсаттарда Басқарма басшылары:
- жоғары тұрған органдардың бұйрықтары мен нұсқауларының, жұмыс жоспарының дер кезінде орындалуын қамтамасыз етеді;
- бөлім бастықтарының, мамандардың міндеттері мен уәкілеттіліктерін анықтайды;
- Басқарманың жұмысын талдау және жұмысын жоспарлауды қамтамасыз етеді;
- кезең сайын мемлекеттік инспекторлардың жұмысының тиімділігін тексереді, бақылауды ұйымдастыру бойынша Басқарманың жұмысшылары үшін әдістемелік нұсқаулықтарды бекітеді;
- Департаментте және Министрліктің жоғары тұрған органдарында Басқарма атынан сөйлейді;
- бекітілген тәртіпте жоғары тұрған органдарды орын алған төтенше жағдайлар, жазатайым оқиғалар, өнеркәсіптік апаттар, жарылыс материалдарын жоғалту оқиғалары және басқа да оқиғалар туралы құлақтандыруды қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеруді, олардың қызметтік әдепті, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықпен күрес, тіл туралы заңнаманың, құпиялық тәртібі талаптарының сақталуын, қызметтік және мемлекеттік құпиялардың сақтауын қамтамасыз етеді;
- жоғары тұрған органға Басқарманың ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және құрмет атағын беруге ұсыныстар енгізеді;
- бекітілген тәртіпте қызметкерлерді қызметтік іс сапарға жіберу тәртібін келісімдейді;
- мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметкерлерін лауазымға тағайындау және қызметінен босатуға ұсыныстарды жүзеге асырады;
- заңнамада бекітілген тәртіпте ШҚО ТЖД Басқарманың қызметіне қатысты бұйрықтардың, өкімдердің жобасы, Басқарманың қызметкерлеріне алғыс жариялау, сый ақы беру, тәртіптік жауапқа тарту шаралары бойынша ұсыныстар енгізеді;
4.9. Басқарма (мемлекеттік инспекторлар) негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру кезінде келесі құқықтарға ие:
- белгіленген тәртіпті сақтай отырып өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексеру жүргізу мақсатында қауіпті өндірістік объектілеріне бару;
- белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтерге сәйкес өз құзіретіне кіретін мәселелер бойынша мекемелер мен объектілерге тексеру жүргізу;
- мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қауіпті өндіріс объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін, технологиялық жобалау нормаларын пайдалану кезінде қауіпсіздігін төмендететін жабдықтарды дайындау және монтаждау кезіндегі кемшіліктерді жою бойынша міндетті күші бар нұсқаулықтар беру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды, жеке және лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту туралы істерді қарау;
- объектілер иелерінің есебінен қауіпті өндіріс объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары мен ережелеріне сәйкестігі бөлімінде қауіпті өндіріс объектілерінің жағдайына, жобалау-құрылымдық шешімдерге тәуелсіз сараптама жүргізу, жұмыс ортасына бақылау талдау, материалдарға, заттарға, жабдықтарға бақылау сынақтарын өткізуді тағайындау;
- объектілерді пайдалануға қабылдау, жарылыс материалдарына өнеркәсіптік сынақтар және қауіптілігі жоғары жабдықтардың жаңа үлгілеріне қабылдау сынақтарын өткізу;
- ұйымдарға қауіпті өндірістік объектілердің қауіпсіздігін жоғарылатуға, өнеркәсіптік апаттарды жою жоспарын жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізу бойынша ұйғарымдамалар беру;
- кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық субъектілерінің басшыларына қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша талаптарды жүйелі түрде немесе қатаң бұзған, жұмыстарды өздігінен бастайтын және өнеркәсіптік қауіпсіздік Ережелерінің бұзылғандығы үшін тоқтатылған объектілер мен жабдықтардың пайдаланылуына жол берген лауазымды тұлғаларды лауазымынан босату немесе шектеу туралы ұсыныстар енгізу;
- қауіпті өндіріс объектілерінде анықталған өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының талаптарын және ережелердің бұзушылықтарын жоюға бағытталған шараларды мерзімі және көлемі бойынша келісімдеу;
Басқарманың қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарының сақталуына және өздеріне жүктелген міндеттері мен функцияларының орындалуына бекітілген тәртіпте жауапты болады.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде өнеркәсіптік қауіпсіздік сұрақтары бойынша техникалық кеңес отырысы құрылады. Кеңестің саны және жеке құрамы, ол туралы Ереже ШҚО ТЖД бастығымен бекітіледі.

Ережеге сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) облыстың 1300 кәсіпорындарының өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына бақылау жасайды (оның ішінде 476 шағын кәсіпкерлік). Бақылаудағы 85 кәсіпорын таукен саласы бойынша, 3 көмір саласы, 30 металлургия саласы, 206 химия және мұнай өңдеу саласы бойынша, 31 кәсіпорын жару жұмыстарын жүргізетін, 50 геологиялық барлау кәсіпорыны, 894 кәсіпорын қазандық және газ, көтермелі құрылыстар мен нан өнімдері кәсіпорындарын қадағалау және 1 кәсіпорын желелі құбырлар бойынша.

Басқарма өзінің құзіретінің аясында келесі қызметтерді жүзеге асырады:

- жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу;
- өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нормативті құжаттарындағы бұзушылықтарды анықтайды;
- қауiптi өндiрiстiк объектiде сөзсiз аварияға ұрындыру қаупi бар қызметтi Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен тоқтата тұруға құқығы бар;
- техникалық құрылғыларды олардың ақауын жойғанға дейiнгi кезеңде, өндiрiстi тоқтата тұруға, тоқтауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық ақауы бар құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға құқығы бар:
- ӘҚБК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартады;
- физикалық тозығы жеткен қондырғылардың ауыстырылуын бақылау;
- Үдемелі индустриалды-инновациалық бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылау;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы техникалық қауіпсіздікті насихаттау;
- локальды, жұмыс жоспарларын келісімдеу;
- таукен дамыту жоспарларын келісімдеу;
- құрамында қауіпті өндірістік объектілері бар кәсіпорындарда декларациялаудың жүзеге асырылуын бақылау;
- қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіпі бар объекті иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру жұмысын бақылау;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша Техникалық Кеңес отырыстарын жүргізу;
- аварияларды, жазатайым оқиғаларды, жарылғыш материалдардын жоғалуы және ұрлануы бойынша тергеу амалдарына қатысу;
- бақылаудағы кәсіпорындардың мамандарының біліктілігін арттыру бойынша курстарына қатысу.

 

1.1.2. Ұйымның экономикалық қызметінің негізгі есеп беру құжаттарымен танысу.

ЖШС «GRAND» ұйымының бухгалтерлік және қаржылық есебі Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары жөніндегі комитеттен оларды ресми аударуға және (немесе) Қазақстан Республикасында жариялауға жазбаша рұқсаты бар ұйым мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялаған халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негiзделе жасалынады. Ұйым Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беруді ұйымдастыра отырып, қызметiнiң нәтижелерi мен қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтылады. Бұл есеп берулер ұйымның коммерциялық құпия ақпараттары болып есептелінеді,кез-келген тұрға бұл ақпараттармен қамтылмайды. Бұл ақпараттарға жыл бойы жасалған операциялармен қоса ұйымның синтетикалық шоттарда жасалған операциялары енгізіледі. Бухгалтерлiк есепке алудың бастапқы құжаттары мен тiркелiмдерiнiң мазмұны коммерциялық құпия болғандықтан оған рұрсат басшылықтың немесе кәсiпкердің рұқсаты бар адамдарға ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына берiледi.

Бухгалтерлік есеп берулердің шынайылығы үшін ұйым басшысы бекіткен тұлғалар қол қойып растайды. ЖШС «GRAND» ұйымының басшысы бекіткен тұлғалары:

o Ұйым басшысы;

o Директор орынбасары;

o Бас есепші немесе Қаржы бойынша жауапты тұлға;

ЖШС «GRAND» ұйымының бухгалтерлік есеп беруі тікелей басшылыққа тәуелді және басшылықтың нұсқауымен ұйымдастырылады. Есепке алу саясатының сақталуын, активтердің сақталуы жөнiндегi, бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу мен қаржылық есеп берудi жасау кезiнде ұрлық пен жаңсақтық жағдайларын болдырмау және анықтау мақсатында ұйым ішкі тексерулер мен бақылаулар жүргізіп отырады. Бұл бақылаулардың ұйымдастырылуын басшылық қамтамасыз етеді және әр тоқсан сайын мемлекеттiк мекемелерден iшкi бақылауды ұйымдастыру мақсатында аудиторлық ұйымдарды тартады.

 

Блок 1.2. Жарғылық капитал. Оперативті экономикалық жұмыс.

1.2.1. Ұйымның жарғылық капиталы, құрылтай құжаттары.

Жарғылық капитал- құрылатын кәсіпорынның активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны, яғни оның капиталының бастапқы сомасы. Ол кәсіпорынның жарғысында айқындалады, негізінен акцияларды сатудан түскен ақша есебінен құралады. Қатысушы осы салымдар шегінде фирманың міндеттемелері бойынша жауап береді. Жарғылық капитал фирма теңгерімінде оқшау есептеледі. Нарық жағдайында жарғылық капитал бір жағынан кәсіпорын мүлкінің құнын, екінші жақтан құрылтайшылардың инвесторлардың алдындағы міндеттемелердің сомасын көрсетеді. Ол әрбір құрылтайшының (акционердің) қатысу үлесін анықтайды және акционерлік қоғамның үшінші жақтың (тұлғаның) алдындағы міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді. Сондықтан оның ең төменгі шамасы заңмен белгіленеді. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңның 23-бабына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салымдарына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін құжаттарды тапсырған мерзімге 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадан аз болмауға тиісті.. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының көбеюі төмендегі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін:

Серіктестіктің барлық қатысушыларының қосымша салған салымдары арқылы;

Серіктестіктің меншікті капиталының, оның ішінде резервтік капиталдың есебінен жарғылық капиталдың көбеюі;

Серіктестіктің таза активтерінің (меншікті капиталдың) қайта бағалануы нәтижесінде олардың нақты құнының баланстық құннан артық болуы. Қайта бағалануды тек тәуелсіз сараптаушы ғана жүргізуі мүмкін;

Барлық қалған қатысушылардың келісімі бойынша бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салым салуы арқылы;

Серіктестіктің құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау арқылы.

Жарғылық капитал мөлшерінің көбеюі кезінде қатысушылар үлестерінің мөлшері өзгермейді.Серіктестік қатысушыларының қайсы бірінің немесе жаңадан қабылданған қатысушының қосымша салым салу жолымен жарғылық капиталдың көбеюі кезінде ондай салымдардың мөлшері серіктестік капиталына олардың алдыңғы салған жарналарының мөлшерін және барлық қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлесін қайта есептеу қажеттілігін ескере отырып анықталады.

Серіктестіктің Жарғылық капиталын 272 000,00 (екі жүз жетпіс екі мың) теңге құрайды. Серіктестіктің Жарғылық капиталы заңдама талаптарын ескере отырып, құрылтайшылардың (Қатысушылардың) жалпы жиналысы белгілеген мерзім ішінде құрылтайшылардың (Қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құралады.

Құрылтай құжаттары

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк коммерциялық ұйым болып табылады. Кәсіпорынның құрылтай құжаттары жарғы және құру келісімшарты, немесе тек қана құру келісімшарты болып табылады. Кәсіпорынды занды тұлға ретінде кұру келісімшарты жасалады, ал, жарғыны оның кұрылтайшылары (катысушылары) бекітеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу құжаттарының толық пакеті мынадай:

Ø Тіркеу туралы арыз;

Ø Құрылтайшылар бекіткен жарғы;

Ø Құрылтай шарты (құрылтайшы біреуден көп болса);

Ø Құрылтай құжаттарында көрсетілген негізгі жарғылық қордың 25 пайызы банк депозитіне төленгендігі жөнінде банктен алынған анықтама (ал заттай төленсе, аудиторлық тұжырымдама керек болады);

Ø Санақ карточкасы;

Ø Егер құрылтайшылардың біреуі мемлекеттік кәсіпорын болса, меншік иесінің немесе оның өкілінің келісімі;

Ø Заңды тұлғаның мекен - жайын растайтын құжат;

Ø Тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі (19).

Ø Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды.

«GRAND» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтай шарты мыналардан құралған:
1)Серіктестікті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және орналасқанжері;
2)Cеріктестіктің атауы, орналасқан жері, банктік реквизиттері;
3)Cеріктестікті құру тәртібі; оның құрылуына байланысты құрылтайшылардың міндеттері, сондай-ақ құрылтайшылардың серіктестіктерді құру жөніндегі қызметті жүзеге асыруының өзге де шарттары; аталған адамдардың, сондай-ақ серіктестікті құру мен тіркеу барысында құрылатын серіктестіктің мүдделерін білдіруге уәкілдік берілетін басқа да адамдардың өкілеттігін анықтау;
4)Cеріктестіктің жарғылық капиталының мөлшері;
5)Cеріктестіктің жарғылық капиталына әрбір құрылтайшының ақша салымының құрамы, мөлшері мен мерзімі туралы немесе заттай нысанда не мүліктік құқықтар түрінде салынған салымның ақшалай бағалануы туралы мәліметтер; серіктестіктің жарғылық капиталына қосымша салымдар салу туралы шешім қабылдаудың тәртібі, сондай-ақ серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарды уақтылы салмаудың салдарлары;
6)Құрылтайшының серіктестік мүлкіндегі үлесі; серіктестікке қатысушылар үлестерінің ауысу тәртібі;
7)Серіктестік жарғысы;
8)серіктестіктің таза табысын бөлу тәртібі.

1.2.2. Ұйымдағы оперативті экономикалық қызметі

Банктік шот туралы келісім-шартты құру үшін Клиент, Банктің талаптары және өзгертулері мен қосымшаларын есепке ала отырып, ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 ж. 2 маусымындағы № 266 қаулысымен бекіттілген, ҚР-дағы клиенттердің банк шотын ашу, жүргізу және жабудың негізгі ережелеріне сәйкес керекті құжаттарды тапсыру керек.

Банк ҚР заңнамасына сәйкес жарғы капиталы төленгені туралы құжатты ұсынған жаңадан құрылған заңды тұлға атына банк салымы шартына (шартты салым) негіздіелген уақытша жинақтаушы шотты ашады.

Уақытша жинақтаушы шот арқылы жаңадан құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталын құру үшін жасалатын және банк қызметі үшін ақы төлеу операциялары жүргізіледі.

Уақытша жинақтаушы шотты ашу үшін Клиент банкке келесідей құжаттарды ұсыну керек:

v Уақытша жинақтаушы шотты ашу туралы өтініш;

v Қол қою үлгісі бар құжат (нотариат куәландырған, 2 дана);

v Уақытша жинақтаушы шотты ашу және жабуға уәкілетті жеке тұлғаны тағайындау туралы жаңадан құрылған заңды тұлғаның құрылтайшылар хаттамасының көшірмесі;

v Клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;

v Қол қою үлгісі бар құжатта көрсетілген қол қою үлгісіне сәйкес уақытша жинақтаушы шотын басқаруға тиісті жүргізілетін операция барысында қол қоюға уәкілетті жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;

v Жаңадан құрылған заңды тұлғаларға тиісті банк салымы туралы келісім-шарт (шартты салым) (2 дана, бланкті Банктан алуға болады)

v Серіктестіктің заңды мәртебесі және серіктестік пен қатысушылар арасындағы өзара қатынастар

v Серіктестікке қатысушыларға серіктестік қызметі жөніндегі ақпаратты тапсыру серіктестікке қатысушыдан жазбаша арыз келіп түскен мезеттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде тапсырылады.

v Серіктестіктен үлес сатып алушылар серіктестік қызметі жөніндегі ақпаратты тапсыру серіктестіктен үлес сатып алушылар жазбаша арыз келіп түскен мезеттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде тапсырылады.

v Серіктестік серіктестіктің кез келген қатысушысының талабы бойынша көрсетілген құжаттардың көшірмесін нақты жарғығы сай көрсетуге міндетті.

Қатысушының құқығы мен міндеттері

Қатысушы:

1. Қолданылатын заңдарымен және жарғыда көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысу;

2. Серіктестік қызметінен табыс алуға;

3. Серіктестіктің қызметі туралы, оның бухгалтерлік және өзге де құжаттамасымен танысуға жазбаша немесе ауызша түрдегі бірінші талабы бойынша ақпарат алуға;

4. Серіктестік таратылған жағдайда кредит берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін заттай алуға;

5. Қолданылатын заңдарымен көзделген тәртіппен өз үлесін иеліктен айрып беруі арқылы серіктестікке қатысуға;

6. Қолданыстағы заңға сәйкес Жарғыда көрсетілген олардың құқықтарын бұзған сепіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқылы.

Қатысушы қолданылатын заңдары және серіктестіктің осы жарғысында көрсетілген басқа да құқықтарға ие.

 

Блок 1.3. Инвестициялық қызмет. Негізгі қорлар мен айналымнан тыс активтер.

1.3.1. Ұйымның бизнес жоспары

Бизнес – жоспар нарықтық экономикаға қажет дәстүрлі құжат болып табылады, онсыз бизнес саласында маңызды әрекеттер жасалмайды. Белгілі бір шамада ол жүйелі әдісті үйреншікті емес, міндетті болып қалған жоспарлау процесіне рәсімдеуді білдіреді.

Бизнес – жоспар фирманың ішкі жоспарлау құжаты болып табылады, мұнда кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық негізгі жоспарларының аспектілері баяндалады, қаржы шаруашылық міндеттерді шешуге тиімді тәсілдер мазмұндалады. Бизнес – жоспар – кәсіпорыныың, фирманың өзіндік кәсіпкерлік қызметіне берілетін шынайы баға, сонымен қатар ол нарық қажеттіліктерімен қалыптасқан жағдайға сәйкес жобалық – инновациялық шешімдерінің қажетті құралы. Нарықтық экономикада бизнес жоспар жұмыс істеп жатқан фирмалар мен жаңа құрылып жатқан фирмалар үшін ксәпкерліктің барлық саласында пайдаланылатын жұмыс бағдарламасы болып табылады. Оны 3- 5 жылға құрылады..

Бизнес жоспар келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- Фирманың ары қарай жүретін бағыттарын, нарықты, тауар мен қызмет үлгілерін құрамы мен көрсеткіштерін, орнын анықтау;

- іске қосатын өндірістік ресурстардың, резервтердің болуына талдау жасау және сыртқы ресурстарды тарту қажеттілігі;

- Белгіленген жоспарға сәйкес қаржы жағдайын бағалау, жеке құраладар арқылы мақсатқа жету мүмкіндігі мен сырт жақтан несие алу мүмкіндігі;

- Маркетингтік зерттеулер арқылы нарықты бағалау, сату арналарын әзірлеу,;

Бизнес – жоспардың негізгі тараулары мынадай болып келеді:

· қысқаша суреттеме

· бизнес пен оның жалпы стратегиясы

· нарық және маркетинг стратегиясы (маркетинг жоспары)

· өндіріс пен пайдалану

· басқару және шешім қабылдау процесі

· қаржы жоспары

· тәуекел факторлары

· қысқаша суреттеме

 

1.3.2. Ұйымдағы жоспарлау және болжау

Жоспарлау – атқарылатын іске бағытталған, ақпаратты саналы түрде талдау процесі. Кез-келген шаруашылық қызметтің мақсатқа жетуі, ғылыми немесе логикалық тұрғыдан нәтежиесін болжаудың әсерінен болады. Болжау болашақта туындауы мүмкін қиындықтар мен жағдайларды алдын-ала қарастыруға мүмкіндік береді.Жоспарлау - күрделі мәселелерді шешу үшін ұйымның барлық мүшелерінің интеграция және нәтижелерін тиімді жеткізуді қамтамасыз ету жұмысы өнімділігі.

Жоспарлау процессінің өзі төрт кезеңінен тұрады:

o жалпы мақсатты ойластыру;

белгіленген біршама уақыт кезеңіне (2, 5, 10 жылға) арналған

o нақтылы мақсатты айқындау;

o оған жетудің жолдары мен амалдарын айқындау;

o жоспарлы көрметкіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру арқылы қойылған мақсатқа жетуді бақылау.

Болжамдау – бұл қандай да бір құбылыстың, объектінің келешекте дамуын алдын -ала көре білу мен бағдарлау. Қаржылық жоспарлау – қаржылық қатынастардың жетілдірілуі.
Қаржылық болжамдау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын –ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу(дәлелдеу)болып табылады. Болжамдар орташа мерзімде (5-10 жыл) және ұзақ мерзімге (10 жылдан аса) дайындалады.
Жоспарлау бұл өзара байланысты қаржы тапсырмаларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесс.

 

1.3.3. Инвестицияның тиімділігін есептеу.

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.

Инвестиция маңызы-экономикалық тұрақты және жоғары қарқынының қалыптастыруда,ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуде, инфрақұрылымды дамытуда бөлінеді. Инвестицияны дамытуда кәсіпорынды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге немесе беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамның акцияларынан құралған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады.

Инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтайтын 4 көрсеткіш бар:

1)Таза дисконттық табыс(ТДТ)

2)Табыстылық индексі(ТИ)

3)Табыстылықтың ішкі нормасы(ТІН)

4)Өтемділік мерзімі(ӨМ)

Таза дисконттық табыс(ТДТ)

Егер есеп мерзімінде инфляциялық өзгерістер болмаса немесе есеп базалық бағада жасалатын болса,онда тұрақты дисконтты норма үшін ТДТ:

ТД

;

T-объектіні жою адымының нөмеріне тең есеп тегі;

Е-дисконт нормасы

*Егер ТДТ 0 болса,тнвестициялық жоба тиімді

Табыстылық индексі(ТИ)

 

ТИ

К-инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін жұмсалатын күрделі салымның сомасы;

T-объектіні жою адымының нөмеріне тең есеп тегі;

Е-дисконт нормасы;

*Егер ТИ>1,жоба тиімді.

Табыстылықтың ішкі нормасы(ТІН)

Келтірілген залалдар көлемі келтірілген күрделі салымға тең болған жағдайдағы дисконт нормасы көрсетеді:

*ТІН инвестордың капиталдан талап ететін табыс нормасына тең не одан көп болған жағдайда инвестициялық жоба салымы тиімді.

Өтемділік мерзімі(ӨМ)

Инвестициялық жобамен байланысты алғашқы салымдардың және басқа шығындырдың сомалық нәтижелермен өтелу мерзімі.
ӨМ ТА

ИШ-жобаны жүзеге асыру үшін қажетті,инвестициялық шығындар сомасы;

-жобаны пайдалану мерзіміндегі таза ақшалай ағымының жылдық орташа сомасы.

 

1.3.4. Ұйымның негізгі өндірістік қорлар құрамы, құрылымы мен қозғалысы.

Негізгі қор – ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте - бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизациялық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда қатысады, өздерінің натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын біртіндеп ауыстырады.

Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады.
Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес. Міне осындай жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндіріс қорлары негізгі және айналым болып бөлінеді.
Негізгі қорлардың екі түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.
Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар - өндірістік негізгі қорлар деп, өндірістік емес салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады (тұрғын үй, мәдениет, спорт мекемелері, балабақшалар, емдеу орнындары және тағы басқа да кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер).

Кесте 1. ЖШС «GRAND» кәсіпорнының негізгі құралдар құрамы және құрылымдық талдауы.


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.062 сек.)