АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Как я стал профессионалом 2 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

6-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Осы мамандықты неге таңдадың?
2. Болашақ жұмысыңның артықшылықтары мен кемшіліктері.
3. Өз жұмысыңа қатысты болашақ жоспарларың.

Лексикалық тақырып. Шығыстағы білім ордасы – ШҚМУ

Университет тарихы 1952 жылдың 5 шілдесінен басталады. Төрт онжылдықтың мерзімінде институт тек республикада ғана емес, сондай-ақ КСРО-да да жетекші ЖОО-лардың бірі болды. 1991 жылы Өскемен педагогикалық институты Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті болып өзгертілді және Қазақстандағы үшінші унверситет тәуелсіз мемлекеттің құрдасы болды.2003 жылдың қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгілі лингивист-ғалым, түркітанушы С. Аманжоловтың есімі берілді. Университет Университтердің Еуразиялық Қауымдастығының белсенді мүшесі болып табылады. 2009 жылдың қыркүйегінде Обсерватория алқасының шешімі бойынша университет Болон үрдісінің принциптерін жүзеге асыру үшін Университеттердің Ұлы Хартиясына біріккен 600 әлемдік жетекші университеттердің қатарына енгізілді. Қазіргі уақытта университет Республиканың Шығыс аймағындағы ірі рухани, ғылыми, мәдени және заманауи білім беру орталығы болып табылады.Университеттің профессор-оқытушылар құрамының штатында 1300 оқытушы және қызметкер, олардың ішінде докторлар, кандидаттар және PhD докторлары бар. Оқу үрдісі 22 кафедрамен жүзеге асырылады. Университетте кредиттік технология бойынша бакалавр-магистр-доктор үшсатылы жүйе негізінде 47 жоғары кәсіби білім беру мамандықтары бойынша және 20 жоғары оқудан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша дайындық жүргізіледі. Университет Республиканың Шығыс аймағындағы жоғары оқу орындары арасында алғашқы болып Мюнхен Сертификаттау орталығының (Германия) ISO 9001:2000 үлгісіндегі халықаралық стандарттары талаптарына университеттің сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігі жөнінде сертификатқа ие болды. 2008 жылы Білім беруде сапаны қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тәуелсіз агенттіктің Бас рейтингі бойынша Қазақстанның жетекші 60 ЖОО-ның арасында 6 орынға ие болды.
Құрамына 7 факультет кіреді:
- Математика, физика және технологиялар факультеті;
- Психология - педагогика факультеті;
- Экология және жаратылыстану ғылымдары факультеті;
- Экономика және бизнес факультеті;
- Тарих, халықаралық қатынастар және құқық факультеті;
- Филология факультеті;
- Мәдениет және спорт факультеті. Сондай-ақ біліктілікті бекіту орталығы, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім (магистратура, докторантура), «Өсу» орталығы қызмет етеді. Ғылыми-зерттеу жұмысы «Ядролық технологиялар және қалпына келетін энергетика технологиясы» ұжымдық түрде пайдалануға арналған Ұлттық зертханасы, қолданбалы физика ғылыми-зерттеу зертханасының, экология оқу-ғылыми-зерттеу орталығы және т.б. зертханалары жұмыс істейді.Университет халықаралық ірі ұйымдардың, атап айтқанда, Жоғарғы мектеп халықаралық ғылымдар академиясының, Университеттердің Еуразиялық Қауымдастығының, «Ашық Сібір Университеті» Қауымдастығының ұжымдық мүшесі.Батыс және Шығыс Еуропа, Ресей, АҚШ пен Азияның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен белсенді түрде қарым-қатынаста. ШҚМУ – Баян-Өлгей аймағында (Моңғолия, 2001 ж.) өз филиалы бар. Қазіргі уақытта Қытай, Корея, Түркия, Моңғолия елдерінен шетелдік студенттер білім алуда.

1- тапсырма. Мәтінді қысқаша орыс тіліне аударыңыз.

2- тапсырма. Мәтіннің мамұны бойынша сұхбат құрастырыңыз.

3- Тапсырма.Мәтінге жоспар құрып, мазмұндаңыз.

Лексикалық тақырып. С.Аманжолов – ғалым, түркітанушы.

СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ

(1903-1958)

Қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, ғалым, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, жерлесіміз С.Аманжоловтың есімі Қазақстанда кеңінен танылған.

С. Аманжолов Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Егінсу ауылында дүниеге келген.

1930 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітіреді.

20 жыл бойы Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ тілі кафедрасын басқарды.

С. Аманжоловтың тікелей қатысуымен орта және жоғары оқу орындары үшін оқулықтар, оқу бағдарламалары, сөздіктер шығарылды. Мысалы: Бастауыш мектептің ана тілі бағдарламасы(1932ж.), Орта мектептің қазақ тілі бағдарламасы(1933ж.), Қазақ тілінің грамматикасы. Қазақ тілінің грамматикасы, Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі, 2 томдық Орысша-қазақша терминологиялық сөздік, Орысша-қазақша әскери сөздік т.б.

С. Аманжоловтың жұмыстарында қазақ тілінің барлық мәселелері қарастырылған(алфавит, орфография, терминология, лексикология, диалектология, грамматика, қазақ әдеби тілі). Ғалым тілді дамытудың әр түрлі мәселелерін қарастырған.

Өзінің «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» атты докторлық диссертациясын Мәскеуде қорғады.

1942 жылы С. Аманжолов майданға аттанды. Әскери журналист болды. Соғыстан соң Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтында істейді.

2003 жылы ШҚМУ-ға С. Аманжоловтың есімі берілді. 2006 жылы университеттің алдында оның ескерткіші орнатылды. Жыл сайын біздің университетімізде «Аманжолов оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізіледі.

Сөздік

негізін қалаушы-основоположник басқарды – возглавлял әскери - военный оқу бағдарламасы-учебная программа

тікелей қатысуы-непосредственное участие қарастырылды-рассмотрены оқу құралы-учебное пособие жерлес-земляк

еңбектер жинағы-сборник трудов жоба - проект бастауыш мектеп-начальная школа қорғау – защищать

Аманжолов оқулары – Аманжоловские чтения

кеңінен танылған- широко известно

МӘТІН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

1. Мәтінді тізбектеп (по цепочке) оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Мәтін бойынша ауызша сұрақ құрастырыңыз.

3. Мәтінде кім туралы айтылады? Мазмұндаңыз.

Апта

Лексикалық тақырып. Менің елім –тәуелсіз Қазақстан. Әлеуметтік-географиялық орны. Ерекшелігі. Сан-мөлшер категориясы

Жер көлемі жағынан дүние жүзінде Қазақстан 9 орында тұр. Республика шығысында Алтай тауларынан басталып, батысында Каспий ойпатына, ал солтүстігінде Батыс Сібірден оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып жатыр. Қазақстанның ұлан - байтақ жерімен көптеген елдер шектеседі. Шекараның ұзындығын нақты айтқанда, Ресеймен – 6467 шақырым, Өзбекстанмен – 2300, Түрікменстанмен – 380, Қырғызстанмен – 980, Қытаймен – 1460, Каспий теңізі жағалауы – 600 шақырым. Демек, шекарамыздың жалпы ұзындығы – 12187шақырымға созылып жатыр. Еліміздің 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады. Отанымыздың астанасы - Астана қаласы. Қазақстан Республикасы- тәуелсіз мемлекет. Осынша ұлан-байтақ жерді, небір нәубет заманда қазақтың хандары мен батырлары қаны мен жандарын салып қорғап қалды. Қазақстан жері пайдалы қазбаларға бай, орман - тоғайлары, өзен көлдері, асқар таулары да бар. Жері өте үлкен болғандықтан ауа-райы әр жерінде, әр түрлі болады. Солтүстіктің қысы суық, жазы салқын, батыс пен шығыста, орталықта қыс суық, жазы ыстық болады.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан бүгінде гүлденген, дүние жүзі таныған ел.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мазмұнын айтыңыз

2-тапсырма. Мәтінді бірнеше бөлімдерге бөліп, ат қойыңыз.

3-тапсырма. Әр бөлімнің тірек сөйлемін табыңыз.

4-тапсырма. Бүкіл, барша, күллі, көптеген, біраз сөздерін пайдалана отырып,мәтіннің мазмұнына сай сөйлем құрастырыңыз

5-тапсырма. Сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.

1.Жер көлемі жағынан дүние жүзінде Қазақстан 9 орында тұр.

2.Еліміздің 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады.

3.Отанымыздың астанасы- Астана қаласы.

4.1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.

 

Лексикалық тақырып. Ел басқару жүйесі.

1-тапсырма. Қазақтың байырғы ел басқару дәстүрі туралы шағын мәтін құрастырыңыз.

2-тапсырма.Қанатты сөйлемдердің мағынасын түсіндіріңіз.

Ең жақсы билеуші – халық оның бұл өмірде бар екенін ғана білетін билеуші. Ал халық біліп, мақтан тұтатын билеушілер одан да жаман, ал ең жаманы халық елең қылмайтын билеушілер.
Лао-цзы,Ежелгі қытай философы

Егер адамдарға заң ережелерімен тәлім берсе, егер оларды жаза мен өлім арқылы шектеп, тежеп отырса, олар қылмыс жасамайды, бірақ жаман қылықтан жүрегін тазалай алмайды. Ал егер адамдарға адамгершілік талаптарының көмегімен тәлім беріп, лиге сәйкес құқық ережесін ексе, адамдар жаман істерінен ұялып қана қоймай, ақ жолға риясыз оралады.

Бағзы замандардан адамдарды ажал жалмап келеді, бірақ халық өз әміршісі мен оның жақындарына сенбесе, онда мемлекет орнықты бола алмайды.

 

6-апта

 

Лексикалық тақырып. Президент Анықтауыштық қатынас.

Президент - мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды

тұлғасы болып табылады. Президент - халық пен мемлекеттік билік

бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат

құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Ол мемлекеттің

ішкі және сыртқы саясаттарының басты бағыттарын айқындап, ел

ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік

етеді.

Қазақстан Республикасы Президентін жалпыға бірдей тең және төте

сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары

жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Республика Президенті болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған,мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстан Республикасында кемінде он бес жыл бойы тұратын Қазақстан Республикасының азаматы сайланады.

1-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Мемлекет басшысы, ең жоғары лауазымды тұлға, құқықтары мен

бостандықтары, халықаралық қатынастар, сыртқы саясат, өкілдік етеді,

тумысынан Қазақстанның азаматы.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.

1. Президент- мемлекет басшысы, оның ең............................ болып табылады.

2. Президент- халық пен мемлекеттік.................................................,

Конституцияның мызғымастығының, адам және адамзат................................

нышаны әрі кепілі.

3. Қазақстан Республикасының Президенті болып...................................

сайланады.

4. Қазақстан Республикасының Президентi Конституция мен заңдар негiзiнде

және оларды орындау үшiн Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi

бар............................................................. шығарады.

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті жайлы не білесіз?

2. Ата заңның нешінші тарауында, баптарында Президент туралы айтылады?

3. Президенттің міндеттері мен құқықтарын білесіз бе?

4. Коституцияның Сіз келіспейтін тұстары бар ма?

5. Президентпен кездессеңіз, ең алдымен не жайында сұрар едіңіз?

4-тапсырма.Берілген сөйлемнен ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз. Президент - халық пен мемлекеттік билік

бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат

құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика Президенті болып тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстан Республикасында кемінде он бес жыл бойы тұратын Қазақстан Республикасының азаматы сайланады.

 

Лексикалық тақырып.Парламент.

Парламент(ағылшын тілінде parlament,французша parler-сөйлеу) жоғарғы өкілді орган болып табылады, өйткені халық онда өз өкілдерін тікелей де, жанама да сайлайды және алқалы мекемеге біріккен оларға өз өкілдіктерін береді,олар оны халық атынан іске асырады. Халық атынан әрекет ете отырып, Парламент заң шығарушылық қызметті атқарады.
Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін 2 Палатадан тұрады:Сенат және Мәжілістен.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР-ң астанасынан 2 адамнан облыстың, республиканың, өкілдікті органдарының депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады.Сенаттың 7 депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Президент тағайындайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 6 жыл.
Мәжіліс 77 депутаттан тұрады. 67 депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушының саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша,10 депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады. Мәжіліс депутатының өкілеттік мерзімі 5 жыл.Қазақстан Республикасының кемінде 5жыл азаматы болған, 30 жасқа толған, жоғарғы білімі және кемінде 5 жыл тәжірибесі бар, тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қалалық не республикалың астаналық аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.

1-тапсырма.Мәтінді бірнеше бөлік бөліп, ат қойыңыз.

2-тапсырма. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

3-тапсырма. Сан есімдерді теріп жазып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

4-тапсырма. Тақырып бойынша 10 лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын құрастырыңыз.


Лексикалық тақырып. Қазақстан Республикасыньң Үкіметі

Қазакстан Республикасының Үкіметі-Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың кызметіне басшылық жасайтын орган. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген.Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі Республика Конституциясына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының, Конституциялық заңымен белгіленеді.Үкімет Республика Конституциясының, аталған Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды. Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген төрттік шен құрады.Республиканың Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді.Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар кұрайды.Қазақстан Үкіметі — алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері — Республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, Министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді.
Республика Үкіметінің мүшесі Қазақстан халқына және Президентіне Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық занда белгіленген мазмұнда ант береді. Республиканың Премьер-Министрін Қазақстан Республикасының Президенті Парламенттің келісімімен қызметке тағайындайды. Үкіметтің басқа мүшелерін де Президент тағайыңдайды.

1-тапсырма. Мәтінде не туралы айтылады?Қысқаша мазмұндаңыз.

2-тапсырма. Мәтін бойынша тақырыптық сөздік құрастырыңыз.

3-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша көршіңізбен сұхбаттасыңыз.

4-тапсырма. Мәтіннен анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңыз.

Лексикалық тақырып. Сот.

Сот – сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган. Сот мемлекетпен бірге пайда болады, бірақ мемлекеттік механизмнің дамуы мен арнаулы мемлекеттік аппараттың құрылуына байланысты өз алдына жеке орган болып бөлініп шықты. Мемлекетке дейінгі қоғамда дау-жанжалды тайпа ақсақалдары не көсемі, ерекше ру жиналысы, арнайы алқа шешті. Соттан тыс жанжал шешу ғұрыптары да болды (мысалы, қанға қан, талион қағидасы). 18 – 19 ғасырларда сотты және сот өндірісін ұйымдастырудың бірқатар демократиялық қағидалары алға шықты: сот пен заң алдында бәрінің тең болуы, сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы, формальды дәлелдемелер жүйесінен бас тарту, судьяларды сайлау, кінәсіздік презумциясы. Соттар қызметі мемлекет механизмінің маңызды бөлігі ретінде толықтай арнайы заңдармен реттеледі. Сот мемлекеттік орган ретінде сот билігін мемлекет атынан жүргізеді, ал сот актілерінің орындалуы мемлекет күшімен қамтамасыз етіледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында сот қызметін билер атқарды. Алайда мүліктік, азаматтық дау-жанжалдың тараптары өзара келісім арқылы төрелік етушіні өздері таңдаған. Әдетте мұндай даулардың төрелігін сөзге шешендігімен және әділдігімен аты шыққан адамға тапсырған.

1-тапсырма. Мәтінді оқып шығып, орыс тіліне аударыңыз.

2-тапсырма. Мәтінде не туралы айтылады? Көршіңізбен сұхбаттасыңыз.

3-тапсырма. Мәтіннен анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы, байланысу тәсілдеріне қарай талдаңыз.

4-тапсырма. Тақырып бойынша лексикалық-грамматикалық тест тапсырмаларын (5)құрастырыңыз.

 

 

7-апта

Лексикалық тақырып. Астана - әсем қала

Астана- Қазақстанның астанасы. Қаланың негізі 1830 жылы қаланған.

1832-1861 жылдар аралығында қала Ақмола қаласы болып аталды да, КСРО-

да тың және тыңайған жерлерді көтергенде Целиноград қаласы болып

өзгертілді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі

қабылданды. Қаланың аты- Астана деп аталды.

Астана- алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзім ішінде мұнда бірнеше

үлкен құрылыстар салынып жатыр. Астана қаласының ортасынан Есіл өзені

ағып жатыр. Астана қаласында Президент сарайы, Министрліктердің үйлері,

көп қабатты жаңа үйлер, Парламент ғимараты, «Интерконтиненталь» қонақ

үйі, Еуразия университеті, Жастар сарайы бой көтерді. Парламент үйінің

алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері орнатылды. Есілдің оң жағасында жаңа Астана ерекше көз тартады. «Бәйтерек» ғимараты, «Қазақ елі» монументі Шетелдерден келген қонақтарды таң қалдырады.

ХХІ ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденеген астаналардың бірі

болады.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға толық жауап беріңіз.

1. Астана қандай қала?

2. Астананың негізі қашан қаланды?

3. Целиноград болып қашан өзгертілді?

4. Қала жаңа атын қашан алды?

5. Астананың қандай құрлыстарын білесіз?

 

 

Лексикалық тақырып. Қазақстан Республикасының нышандары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 1996 жылдың 24

қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан

Республикасының нышандары туралы» Жарлығымен белгіленген. Туымызда

көгілдір аспан мен күн бейнесі, күннің астында шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және қазақтың ұлттық ою-өрнегі нақышталған. Қазақстан

Республикасының Мемлекеттік туының авторы, суретші Шәкен Ниязбеков.

Мемлекеттік Туымыздың түсі – ашық аспан түстес зеңгір көк. Көк түс –

аспанның, ауа мен құрылықтың белгісі, көк түс адалдықтың, тазалықтың белгісі. Мемлекеттік туымыз тек қана бір түсті көк. Ол мемлекеттік тұтастық идеясын білдіреді. Тудағы күн бейнесі, геральдика заңы бойынша, байлық пен берекенің белгісі. Тудағы қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Ұлттық өрнек – қазақ халқының мәдениетін, поэтикалық және көркем танымын, өнерін білдіреді.

1-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырыңыз.

2-тапсырма. Тақырып бойынша лексика-грамматикалық тест (5)тапсырмаларын құрастырыңыз.

 

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

«Таңба- тайпа, ру белгісі, қазіргі шекара бағандарына мемлекеттік

елтаңба соғылса, ежелгі тайпалар жаңа жерге қоныстанғанда шекарадағы

тасты өз таңбаларымен белгілеген» (О. Сүлейменов).

 

Біздің Елтаңбамыз – шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді. Елтаңбадағы ең негізгі белгі – шаңырақ. Шаңырақ – үй, Отан деген ұғымды білдіреді. Шаңырақ – қазақ елінің белгісі, рәмізі. Елімізде өмір сүріп отырған қаншама халық қазақ шаңырағының астында бейбіт өмір кешуде.Шаңырағы бар Елтаңба тарихта болған емес.Елтаңба композициясында – ай мүйізді, алтын қанатты пырақ бар. Ұлттық өрнек қазақ халқының тұрмысымен өте байланысты, ал жылқы, тұлпар – қазақ тұрмысының негізі.Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі – бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты. Елтаңбаның негізгі бояуы – алтын түстес.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.019 сек.)