АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Как я стал профессионалом 7 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

3. Оны өз кезегінде Конституцияда көзделген тәртіппен құрылатын арнайы мемлекеттік органдарда құруда; сот алдында жеке міндеттері мен мақсаттарын қоюда және оларды жеке күзыреттерімен бөлуде, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен жеке қаржыландыруда көрінетін ұйымдастырушылық, функционалдық және қаржылық дербестікте ұсынатын сот билігінің тәуелсіздігі. «Шын» - «Жалған»

Осы биліктің тәуелсіздігі оның басқа мемлекеттік органдарға: Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазакстан Республикасының Парламентіне, Қазакстан Республикасының Үкіметіне бағынбайтындығын білдіреді. Сонымен бірге абсолюттік, толық тәуелсіз соттар да болмайды, өйткені олар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да зан актілерінің талаптарына бағынуға тиіс. Соттардың заңсыз шешімдерінің тек сот күшін жоя алады, ал басқа құрылымдар ондай құқықты иеленбейді. «Шын» - «Жалған»

4. Бұл мемлекеттің атынан сот билігін жүзеге асыруы: Қазақстан Республикасынын атынан үкімдер мен соттардың өзге де шешімдерін жария ету (Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 1-тармағы). «Шын» - «Жалған»

5. Сот төрелігін, яғни құқықтық даулар мен істерді қарауға байланысты жүзеге асыру. «Шын» - «Жалған»

6. Осы билікті Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, Республика халықаралық шарттарының негізінде туындаған дауларға ғана қолдану. «Шын» - «Жалған»

7. Осы биліікте оның кызметіне тән іс жүргізу (талап арыз ісін жүргізу, процеске айыптауға және корғауға қатысу). «Шын» - «Жалған»

8. Осы биліктін құқық қорғау сипаты, қызметінде осыған байланысты екі қыры бөлініп шығады: құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау. «Шын» - «Жалған»

9. Оның шешімдерін мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз ету. «Шын» - «Жалған»

15-тапсырма. Мәтінмен танысыңыз.

Адвокат – мiндеттi түрде адвокаттар алқасының мүшесi болып табылатын және Адвокаттық қызмет туралы Заңмен регламенттелетiн адвокаттық кызмет шеңберiнде кәсiптiк негiзде заң көмегiн керсететiн Қазақстан Республикасының азаматы.

Жоғары заң бiлiмi, заңгер мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар және адвокаттық қызметтi жузеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады.

Адвокат – жоғары заң бiлiмi бар, адвокаттық кызметтi жузеге асыру құқығына лицензия алған, мiндеттi турде адвокаттар алқасының мушесi болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетiн адвокаттық кызмет шеңберiнде кәсiптiк негiзде заң көмегiн керсететiн Қазакстан Республикасының азаматы.

Қасақана қылмыс жасағаны үшiн сотталған, белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, тәртiптiк жағымсыз әрекет жасағаны үшiн құқық қорғау органдарынан босатылған адам - босатылған күнiнен бастап бес жыл бойы, сондай-ақ лицензиясының қолданылуы Заңда белгiленген тәртiппен тоқтатылған адам адвокат бола алмайды.

Адвокаттың көмекшiлерi мен тағлымдамадан өтушiлерi болуы мумкiн. Адвокаттың көмекшiлерi еңбек шартының (келiсiмшартының) негiзiнде заң консультациясында, адвокат кеңсесiнде немесе адвокаттық қызметпен жеке-дара айналысатың адвокаттың жанында жұмыс iстей алады.
Адвокаттың көмекшiлерi адвокаттың нұсқаулары бойынша және соның жауапкершiлiгiмен адвокаттың тапсырмаларын орындауга құқылы.
Жоғары заң бiлiмi бар азаматтар ғана адвокаттық тағылымдамадан өтушiлерi бола алады. Тағылымдамадан өтушiлер адвокаттар алкасы төралкасы қаулысының негiзiнде кемiнде бес жыл адвокаттық қызмет стажы бар адвокаттарда үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағылымдамадан өтедi. Тағылымдамадан өту адвокаттар алкасы мен тағылымдамадан өтушi арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Тағылымдамадан өтушi ретiндегi жұмыс кезеңi заң мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледi.

Адвокат лицензияның негiзiнде жұмыс iстейдi. Заңның 9- бабына сәйкес әдiлет аттестаттау комиссиясының шешiмi негiзiнде Қазакстан Республикасының «Әдiлет министрлiгi берген адвокат лицензияда керсетiлген адамның адвокаттық қызметпен айналысуына руқсат беру болып табылады.

Лицензия адвокаттар алқасында үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмде тағылымдамадан откен адамдарға олар аттестаттаудан еткен жағдайда берiледi. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдардың аттестаттаудан өту ережесiн Қазакстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi бекiтетiн Адвокаттар лицензияларының мемлекеттiк тiзiлiмi туральи ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының әдiлет министрлiгi осы тiзiлiмдi жургiзедi.
Бiлiктiлiк емтиханын тапсыруға жiберу туралы өтiнiш бiр мезгiлде лицензия беру туралы өтiнiш болып табылады.

Лицензия негiзгi, турақты болып табылады және оның күшi Қазакстан Республикасының барлық аумағында колданылады.

Адвокатураның мiндеттерi:

1) азаматтар мен ұйымдарға заң қызметiн көрсету,

2) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарың және заңды мүдделерiн қорғауға жәрдемдесу, зандылықты сақтау болып табылады.

Жоғарыда аталған Заңда көрсетiлген көптеген мiндеттер оның нақты мақсатына сай келмейдi. Атап айтканда, осы нормативтiк актiде адвокатураның мiндетi сот төрелiгiн жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылатыны көрсетiлген. Алайда адвокат өз клиентiнiң мүддесiн бiлдiредi және сот шешiмiнiң өз пайдасына шығуына қол жеткiзу мақсатында өзiнiң заң бiлiмiн пайдаланады. Адвокат, егер үкiм оның клиентiн қанағаттандырса, негiзсiз үкiмге шағым бермейдi.

Заңның 1-бабына сәйкес:

1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазакстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқықтын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мудделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.

Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.

Заңның 3-бабына сәйкес адвокатуранын ұйымдастырылуы мен қызметi:

1. Адвокаттардың өз қызметiн жүзеге асыру кезiндегi тәуелсiздiгi;

2. Адвокаттық қызметтi заңдарда тыйым салынбаған әдiстермен және құралдармен жүзеге асыру;

3. Заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды коспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;

4. Кәсiби мінез-құлықтық нормаларын ұстану және адвокаттық құпияны сақтау кағидаттарына негiзделедi.

Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi:

Заңның 4-бабында адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi көзделген.

Заң көмегiн көрсете отырып, адвокаттар:

1) шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша Консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытыңдылар бередi;

2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-катынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiгi мен оларды кқорғауды жүзеге асырады.

Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi.

Көмек сұрап келген адам адвокатты тандап алуға ерiктi, адвокат оған тегiн заң көмегiн керсету үшiн (Заңның 6-бабы) сондай-ақ, егер қорғалушы өзiне адвокат таңдап алмаса немесе таңдалмаса, оның қатысуы мiндеттi болатын қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде тағайындалатын жағдайлар косылмайды.

Қылмыстық iстер жөнiндегi кәсiби корғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады.

Адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу мөлшерi, корғаумен және өкiлдiк етуге байланысты шығымдарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын келiсiмде белгiленедi.

Зандарда көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу, iссапар, көлiк және оның басқа да шығындарын төлеу, анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот ұйғарымдары бойынша республикалық бюджет қаражатынан жүргiзiледi.

Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеудiң мөлшерi 4- баптың 2-тармағында керсетiлген негiздер бойынша соңғы 2 айдағы оның орташа еңбек ақысынан төмен болмауға тиiс.

Адвокат көрсететiн заң көмегiне ақы төлеудiң және 4-баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң мөлшерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Заңның 6-бабында заң көмегiне ақы төлеуден босату жағдайлары көзделедi.

Адвокаттар сенiм бiлдiрушiлердiң өтiнiштерi бойынша:

1) алимент өңдiрiп алу туралы, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертiгуiне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстердi жүргiзу кезiнде бiрiншi сатыдағы соттарда талап қоюшыларға;

2) Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдарға, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, жасы жөнiнен зейнеткерлерге, егер бұл кәсiпкерлiк қызмет мәселелерiне байланысты болмаса, консультациялар беру кезiнде;

3) зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы өтiнiштердi дайындау кезiнде азаматтарға;

4) ақтау мәселелерi жөнiнде кеңестер беру кезiнде адамдарға заң көмегiн тегiн көрсетедi.

Адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбi адвокаттар алқасының жарғысында белгiленедi.

Азаматтарды олардың материалдық жағдайы ескерiле отырып, адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультациясының меңгерушiсi, адвокат кеңсесiнiң иесi (иелерi) және ез қызметiн заңды тұлғаны тiркемей жеке дара жузеге асыратын адвокат заң көмегiне ақы төлеуден босата алады.

Осы бапта көзделген жағдайларда адвокаттың көрсеткен заң көмегiне төлеу тиiсiнше адвокаттар алқасының, адвокат кеңсесiнiң қаражаты есебiнен жургiзiледi.

16-тапсырма. Мәтінді тақырыптарға сәйкес екі бөлікке бөліңіз: 1. Адвокатура ұғымы және мiндеттерi. 2. Адвокатураның ұйымдық құрылуы.

17-тапсырма. Өзіңіз қалаған бөлік мазмұны бойынша сұхбат құрастырыңыз.

 

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Ішкі және сыртқы сауда

Лексикалық тақырып: 1. Ішкі және сыртқы сауда.

2. Жалпы ішкі өнім

Грамматикалық тақырып: Етістік категориясы.

 

1-тапсырма. Мәтінмен оқып танысыңыз. Сұрақты жоспар құрыңыз. Жоспарыңыз бойынша мәтінді мазмұндап беріңіз.

ІШКІ САУДА

Әлемдік бөлшек сауданың жалпы айналымы шамамен 14,5 трлн. АҚШ долларына тең, одан шамамен 30% Батыс Еуропа елдерінің үлесіне, тағы 25% АҚШ-тың, 2% – Ресейдің үлесіне келеді. ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2009 жыл үшін Қазақстанның бөлшек тауар айналымы 17,31 млрд. долл. немесе шамамен 2,5 трлн. теңгені құрайды, ол әлемдік бөлшек сауда тауар айналымының 0,12%-ын құрайды.

2005 – 2008 жылдар аралығындағы кезеңде бөлшек сауда секторының жалпы әлемдік айналымы орташа қарқынмен 8,3%-ға өсті. 2009 жылы экономикалық дағдарыс салдарынан бөлшек сауда айналымы 6,4%-ға төмендеуі байқалды. Алайда, 2010 жылдың бірінші жартыжылдығының нәтижелері бойынша тауар айналымы қалпына келе бастады.

Іске асырылмаған елеулі әлеуеті бар елдер – Қытай, Үндістан, Бразилия, Ресей әлемдік тауар айналымының дамуына елеулі оң үлес қосады. Бұл елдердің көпшілігінде ішкі сауданы дамыту жөніндегі кешенді мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді.

Бөлшек сауданы дамыту бірқатар факторлармен айқындалады, олардың ішінде мыналар елеулі болып табылады:

- халықтың әл-ауқатының деңгейі (Қазақстанда теңгедегі орташа жалақы деңгейі 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 31%-ға өсті (нақты көріністе);

- халықтың саны 2009 жылы 5,4% өскен (кезең соңына халық санының көрсеткіші бойынша есеп);

- халықтың тығыздығы – 2005 жылы Алматы қ., Оңтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы ел өңірлерінің неғұрлым жиі қоныстаған өңірлері болды және 2009 жылы да көшбасшылықты сақтады (орташа жылдық халық саны бойынша есеп);

- қаржы ресурстарына қолжетімділік (Ұлттық банктің деректері бойынша 2005 жылы заңды тұлғалар үшін 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен теңгедегі кредиттер бойынша орташа банктік ставка 13,9%, ал 2009 жылы – 14,6% құрады);

- базалық инфрақұрылымның және инфрақұрылымдық қызметтердің дамуы (2005 – 2009 жылдар кезеңінде ҚР бөлшек тауар айналымының көлемі 27,7%-ға ұлғайды, осы кезеңдегі ҚР сауда кәсіпорындары алаңдарының көлемі 66%-ға ұлғайды).

Қазақстандағы бөлшек сауда. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушылардың жеке пайдалануы үшін оларға тауарларды сату жөніндегі кәсіпкерлік қызмет бөлшек саудаға жатады. Бөлшек сауда дүкендер, сауда үйлері, базарлар мен автоматтар, дүңгіршектер, автодүкендер, шатырлар, шығарылатын сөрелер арқылы жүзеге асырылады. Бөлшек сауда дүкендері алаңдары, ассортименті, қызмет көрсету сапасы, техникалық жарақтандырылуы бойынша ерекшеленеді. Жіктеу кезінде оларды сауда алаңдарының көлемдері бойынша бөлу қабылданған, өйткені, «А», «B», «C» санаттарына бөлу бөлшек сауда дүкендерін жіктеудің маркетингте ең жиі таралған түрі болып табылады.

«А» санатының дүкендері – бұл сауда алаңы 100 шаршы метр2 астам дүкендер (бұдан әрі – шаршы м). Мұндай дүкендер көп ассортиментімен, клиенттердің ағынын жоғары өткізу қабілетімен, қолма қол ақшасыз есеп айырысудың техникалық мүмкіндіктерімен, жоғары сервис деңгейімен, жеткізу мен сақтауға арналған төмен үлестік шығындармен, неғұрлым жоғары еңбек өнімділігімен ерекшеленеді. Дәл жоғарыда аталған артықшылықтар себебі бойынша сауда желілері осы пішімдердегі дүкендерде жұмыс істегенді қалайды. Іскерлік әдебиетте және бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазіргі заманғы пішімдер» терминін пайдалану кезінде негізінен «А» санатының дүкендерін білдіреді.

«В» санатының дүкендері – бұл сауда алаңы 50-ден 100 шаршы м. дейінгі дүкендер. Сауда желілері сауда нүктелерінің бұл санатына онша барғысы келмейді, өйткені, мұндай нүктелер жеткізу мен сақтауға неғұрлым жоғары операциялық шығындарға және әкімшілік сипатындағы шығыстарға ұшырайды.

«С» санатының дүкендері – бұл сауда алаңы 50 шаршы м. аспайтын дүкендер. Бұл санат Қазақстанда неғұрлым көп таралған. Мұндай дүкендер басқаруға және есепке алуға өз талаптарында өте таңдамаушылығымен ерекшеленеді. Мұндай дүкендердің тауар айналымының жеке бөлігі көбінесе тіркелмейді, азық-түліктерді қалыпты сақтау үшін жағдай болмауы мүмкін. Бұл дүкендерде азық-түліктерді жеткізуге және сақтауға жоғары шығындар, жоғары сатып алу бағалары, шектелген ассортимент, сапасыз сервис бар. Осы санат дүкендерінен сауда желісін ұйымдастыру қиын, өйткені, клиенттердің және тауарлардың өткізу қабілеті өте шектеулі, ал үлестік операциялық және әкімшілік шығыстары неғұрлым ірі дүкендерге қарағанда елеулі жоғары. Мұның бәрі, тұтастай алғанда, осы санат дүкендеріндегі баға деңгейіне әсер етеді, олар, әрине, неғұрлым ірі пішімдегі дүкендерге қарағанда жоғары.

Базарлар/Сауда кәсіпорындары. Бөлшек тауар айналымы құрылымының даму сипаты қызғылықты. Мәселен, егер, 1997 –1999 жылдар кезеңінде «Базарлар» арнасы арқылы бөлшек тауар айналымы үлесінің сенімді ұлғаюы байқалатын болса, онда 2000 – 2008 жылдар аралығында оның сенімді төмендеуі және «Сауда кәсіпорындары (дүкендері)» үлесінің өсуі байқалады. «Базарлар» арқылы сату үлесінің төмендеуі елдегі экономикалық жағдайдың жақсаруымен және халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруымен байланысты.

«А» санатындағы дүкендердің неғұрлым көп үлесі Астанада байқалады – 48%, «В» санаты әсіресе, Батыс Қазақстан облысында – 22% және Алматыда – 19% ұсынылған. «С» санатының дүкендері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы көшбасшы болып табылады – 68%. Бөлшек сауда нүктесі сияқты дүңгіршектер ең алдымен Қызылорда облысында кең таралған – 13%.

Осы өңірлік шолудан көрінетіндей «А» және «В» санаттарындағы сауда пішімдерінің әртүрлі өңірлерде қамтамасыз етілуінің елеулі саралану проблемасы бар. Мәселен, батыс өңірі олармен неғұрлым қамтамасыз етілген болып табылады, онда басқа облыстармен және тіптен, астанамен салыстырғанда әлеуетті жоғары төлем қабілеті сұранысы бар. Бөлшек сауда сегментінде ұсыныс пен сұраныстың сәйкес еместігі көрініп тұр.

Сауда алаңдарымен қамтамасыз етілу. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне негізінде жүзеге асырылған «Сауда саясатын дамыту орталығы» Акционерлік Қоғам есептеріне сәйкес 2009 жылдың басында республиканың 1000 тұрғынына яғни, дүңгіршектерді/дүкеншіктерді қоса алғанда, бірақ сауда базарларын есепке алмағанда сауда кәсіпорындарының барлық түрлерінің 176 шаршы м. келеді. Бұл ретте, 176 шаршы м, тек 58 шаршы м. немесе 33% «А» санатындағы дүкендерге келеді, ал «С» санатындағы пішімге 83 шаршы м. немесе 47% келеді.

Барлық өңірлердің ішінен сауда алаңдарымен Алматы қ. (456 ш.м.), одан кейін Астана қ. (389 ш.м.) және СҚО (292 ш.м.) жақсы қамтамасыз етілген. Сауда алаңдарымен қамтамасыз етілу бойынша ең нашар жағдай Алматы (70 ш.м.) және Оңтүстік Қазақстан (69 ш.м.) облыстарында байқалады, бұл осы өңірлердегі сауданың дүкендермен емес басым түрде базарлар арқылы дамығанын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес 2008 жылы «Базарлардың» ең көп алаңдары Алматы облысында орналасқа – 1 120 мың шаршы м. немесе республикадағы барлық базарлардың 20%.

Оңтүстік Қазақстан облысында 825 мың шаршы м. немесе базарлардың жалпы алаңының 15% орналасады. Алматы базарлардың алаңы бойынша үшінші орында тұр – 635 мың шаршы м (11%). Шамамен тең алаңдар Астанаға (430 мың шаршы м немесе 8%), Жамбыл (397 мың шаршы м немесе 7%) және Шығыс Қазақстан облыстарына (377 мың шаршы м немесе 7%) тиесілі.

Базарлар алаңдарының ең аз үлесі Солтүстік Қазақстан (161 мың шаршы м. немесе 3%), Қызылорда (152 мың шаршы м. немесе 3%), Павлодар және Қостанай облыстарында (шамамен 140 мың шаршы м. немесе 2%-дан) байқалады.

Қазақстан және өңірлер халқының сауда және базар алаңдарымен қамтамасыз етілуінің арақатынасы. Республика халқы дүкендерге жататын алаңдарға қарағанда (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Сауда кәсіпорындары» жіктемесі бойынша) базарларға жататын алаңдармен елеулі дәрежеде қамтамасыз етілген (Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің «Базарлар/ЖК» жіктемесі бойынша). Орташа алғанда, «Сауда саясатын дамыту орталығы» Акционерлік Қоғам есебіне сәйкес республика бойынша 1000 адамға олардың алаңдары 67% (352 шаршы м.) және 33% (176 шаршы м.) ретінде сәйкес келеді.

Өңірлер бөлінісінде барынша позитивті көрініс Қостанай облысында байқалады, онда сауда алаңдарының 60% дүкендерге және 40% – сауда базарларына келеді. Шығыс Қазақстан облысында дүкендер мен базарлардың алаңдары шамамен бірдей – 50% және 50%. Жамбыл, Атырау және Алматы облыстарында 78%, 84% и 86% алаңдар сауда алаңдарына тиесілі. Бұл арақатынас тұтынушылардың батыс және оңтүстік өңірлерде бөлшек саудадағы дүкендерге, ал кейбір өңірлерде – баға өлшемдерінің салдарынан базарларға басымдық берумен байланысты туындаған. Тауар айналымының тиімділігі.

«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ есептеріне сәйкес бөлшек сауда алаңдарының 1 шаршы метріне республика бойынша орташа алғанда жылына 800 мың теңгеден келді.

Базарларды шоғырландыру бөлшек сауданы дамытудың маңызды көрсеткіші болып табылады, базарларды шоғырландыру деп бір емес, бірнеше бөлшек сауда нүктелері бар, яғни, дүкендер немесе сауда желісі бар сауда кәсіпорындары жүзеге асыратын тауар айналымы/сату түсініледі.

Қазақстанда азық-түлік тауарлары базарларының шоғырлануы 5% аспайды. Ресейде Бөлшек сауда компаниялары қауымдастығының бағалауы бойынша жергілікті бөлшек базардың шоғырлануы барлық тауар айналымының 11%-на жетеді. Осындай елеулі айырмашылықтың негізгі себептерінің бірі Қазақстанда Ресейге қарағанда «А» санатындағы сауда пішімдерімен қамтамасыз етушілік елеулі төмен болып табылады, ал сауда желілері, мысалы, азық-түлік тауарларын сату жөніндегі сауда желілері негізінен «А» пішімінде жұмыс істейді. Сондай-ақ бөлшек тауар айналымының шоғырлануына үлкен деңгейдегі кедергі базарлар арқылы өнімдерді сатып алудан тұратын тұтынушылардың тәртіп моделі болып табылады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.011 сек.)