АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Как я стал профессионалом 9 страница

Читайте также:
  1. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  2. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  10. Августа 1981 года 1 страница
  11. Августа 1981 года 2 страница
  12. Августа 1981 года 3 страница

Бұл жағдай мұндай кезде де ескеріледі: американдық өндіріс факторы басқа елде қолданылса, олардың құны да ЖІӨ-ге енбейді (енгізілмейді). Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн сомасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық аумағында өндірілетін болғандықтан, сондай-ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны енгізеді.

Қазақстан Республикасында ЖІӨ-нің ағымдағы бағасы 1995 жылы 992,5 млрд. теңге мөлшерінде бағаланды немесе бір тұрғынға 60,2 мың теңгеден тиді. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990-шы жылы 53-ші орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың ЖІӨ-мен пара-пар келді. ЖІӨ-ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда 1990-шы жылы Польша, Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ деңгейімен салыстырғанда -18,7%, бұрынғы Одақпен салыстырғанда-69,3% деңгейді құрады.

Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсеткіші жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық нарықтық құнынан тұрады. ЖҰӨ-ге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі (енеді) немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп-шотын есептеудің мақсаты мынада:

а) қоғам экономикасының жай-күйін бақылау;

ә) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;

б) мемлекеттік саясатты қалыптастыру. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ-ның методологиясы бойынша статистикалық органдар есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. ЖҰӨ өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың(с1) амортизациясын (тозуын), материалдық өндіріс саласының таза өнімін (v+m)және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табысты (m)- енгізеді:

ЖҰӨ= c1+ (v+ m)+ m

ЖҰӨ-нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ-ні экономикалық есептеу тәжірибесі 1988-ші жылы енгізбейді., сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.

Халықаралық статистикада ЖҰӨ-ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады:

1. Шығын немесе өндіріс бойынша;

2. Табыс немесе түсім бойынша.

Екі тәсілден бірдей болып бағаланады. Есеп — шоттың дәлдігіне қарай соңғысын ерекшелеуге болады.

ЖҰӨ шығындар бойынша осы жылғы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алу шығындары көлемі ретінде анықтайды.

ЖҰӨ шығындар бойынша мынаған тең:

GNP= C+ I+ Y+ X

Мұндағы: GNP- жалпы ұлттық табыс,

С- тұтыну шығындары,

G- тауар мен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу,

I- жалпы инвестициялар,

X- тауар мен қызмет көрсетуді таза экспорттау.

ЖҰӨ табыстар бойынша осы жылғы өндірілген тауардың ақшалай табысы және қызмет көрсетуді ұсыну ретінде анықталады.

ЖҰӨ табыстар бойынша мынаған тең:

Y= W+ R + i+ P

Мұндағы Y- жалпы ұлттық өнім,

W-жалдамалы жұмысшының жалақасы,

P –фирма мен корпорацияның пайдасы,

R-ренталық төлемдер,

i-қарыз капиталына пайыз (%)

ЖҰӨ-ді номиналды және нақты деп айырады. Номиналды ЖҰӨ фактілік немесе ағымдағы бағамен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ көрсеткіші инфляция немесе дефляцияны (номиналды ЖҰӨ инфляция әсерінен тазарады,яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.

Номиналды ЖҰӨ

Нақты ЖҰӨ = Баға индексі

Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ х ЖҰӨ дефляторы.

ЖҰӨ 90-шы жылдардың басында АҚШ-та ағымдағы бағада 5570 млрд. долл.құрады, ал тұрақты бағада (1982ж.) – 4154 млрд.долл. болды Баршаға белгілі жай, егер ЖҰӨ-нің жыл сайынғы нақты өсімі 4%-дан аса, онда экономиканың жағдайын дұрыс деп санауға болады, ал ЖҰӨ- нің нақты өсімі4%-дан аз болса, онда дабыл қағуға болады: бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық өсіп, экономика тұрақсыздыққа ұшырайды.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ

нақты ЖҰӨ

ЖҰӨ дефляторының көмегімен өндірістің нақты көлемі баға динамикасында инфляциялық немесе дефляторлық іс-әрекет үрдісі элиминацияланады.

Тауар мен қызмет көрсету орташа баға пайызының өзгеруін — баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылда әрбір баға индекс белгіленеді. Әр түрлі тауардың баға индекстері жинақталып тауар санына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.

Ағымдағы жылғы = ағымдағы жылғы рынок корзинасының бағасы

баға индексі базистік жылғы рынок корзинасының баға х100

ЖҰӨ дефляторының есеп-шотын есептеуде нарық қоржыны тек тұтыну тауарларын ғана емес, сондай-ақ мемлекет сатып алатын инвестициялық тауарлар да қосылады.

Толық жұмыстылық кезіндегі өндірілген ЖҰӨ, яғни фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жағдайындағы ЖҰӨ-ді әлеуетті деп айтамыз.

Өндіріс көлемін өлшеу үшін таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткіші қолданылады. Әдетте ол жойылып кеткен ірі жабдықтарды ауыстырудан тұтынуға қалған түпкі өнім мен қызмет көрсетудің сомасын көрсетеді.

ТҰӨ = ЖҰӨ — амортизация

Келесі ең манызды көрсеткіштердің бірі — өзіндік табыс. Ол салықты төлегеннен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетеді. Өзіндік табысты анықтау үшін біз ұлттық табыстан корпорация пайдасы салығын, бөлінбеген пайданы және әлеуметтік сақтандыру жарнасын шегереміз, сосын таза трансферттік төлемдерді қосамыз.

Орныққан табыс деп тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз.

Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады.

ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және нарықтық емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған — есірткі, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамдарға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.

ЖҰӨ тұрғындардың әл-ауқатының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Тұрғындардың әл-ауқаттылық ұғымына қоршаған ортаның жай-күйі, қылмыстың ауқымы, еркін уақыттың көлемі мен сапасы енгізіледі. ЖҰӨ есеп-шотын есептеуде бұл параметрлер ескерілмейді. Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін «таза экономикалық әл-ауқаттылық» (ТЭА) көрсеткіші қолданылады.

Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға енгізген американ экономистері В. Нордхаус пен Дж. Тобин еді. Ол төмендегідей формуламен анықталады:

ТЭӘ=ЖҰӨ+КЭ+ӨКҚ+Д-Э

Мұндағы ТЭӘ – таза экономикалық әл-ауқаттылық,

ЖҰӨ – жалпы ұлттық өнім,

КЭ – көлеңкелі экономика,

ӨҚК – өз-өзіне қызмет көрсету,

Д – демалыс,

Э – экология.

Жоғарыда көрсетілген макроэкономикалық көрсеткіш-тер бір — бірімен өзара байланысты және қоғамдық өндірістің әртүрлі жақтарын сипаттайды.

 

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Жеке кәсіпкерлік.

Лексикалық тақырып: 1. Жеке кәсіпкерлік.

2. Шағын және орта бизнес.

Іскер адамдар.

Грамматикалық тақырып: Есімше категориясы.

1-тапсырма. Шағын мәтінмен оқып танысыңыз. Жоспар құрыңыз.

Кәсіпкерлікпен айналысуға әрбір азамат құқылы. Жеке кәсіпкерлік – азаматтың экономикалық бостандықты іске асыруының бір түрі. Нарықтық экономиканың негізгі белгілерінің бірі – жеке кәсіпкерлік. Кеңестік дәуірде кәсіпкерлікпен шұғылдануға рұқсат берілмеді. Бұл заңсыз баю, мещандық деп есептелді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы заңы бар. Кәсіпкерлікті жеке азамат өзі, туыстарымен, жолдастарымен, жеке топпен атқара алады. Кәсіпкер қоршаған ортаға, басқа азаматтарға, мемлекетке зиян келтірмеуі тиіс. Ал мемлекет өз тарапынан кәсіпкерлерге жеңілдіктер жасайды, қарыз (несие) береді, қолдау көрсетеді, заңды түрде қорғайды.

2-тапсырма. Топпен талқылауға арналған сұрақтар:

- Сіз қалай ойлайсыз, отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін не істеу керек?

- Кәсіпкерліктің дамуына не кедергі болып отыр деп ойлайсыз?

- Сіз үлкен лауазым иесі болсаңыз, кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетер едіңіз?

3-тапсырма. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз: кәсіпкерлікті қолдау, несие алу, бизнес жоспар, салық полициясы, жоспарсыз тексерулер, Үкімет қолдауы, шикізат, жеке жобалар.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз: Ақша түссе қолыңа, бағынар бәрі соныңа. Әр істі бастау қиын. Көш жүре түзеледі. Тамшыдан тама-тама дария болар. Ебін тапқан екі асайды.

5-тапсырма. Ата заңымыз – Конституцияның мына баптарына түсінік беріңіз және аударыңыз.

26-бап, 4. Каждый имеет право на свободу предпринимательской деятельности. Монополистическая деятельность регулируется и ограничивается законом. Недобросовестная конкуренция запрещается.

6-тапсырма. «Қазақстандағы кәсіпкерлік» тақырыбына баяндама дайындаңыз.

6-тапсырма. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған соңғы жолдауымен танысып, кәсіпкерлікке қатысты тұстарын топпен талқылаңыз.

 

2. Шағын және орта бизнес.

7-тапсырма. Мәтінмен оқып танысыңыз. Жоспар құрыңыз. Жоспарыңыз бойынша баяндап беріңіз.

БИЗНЕС

Сіз өз ісіңізді бастамас бұрын, оның заңдылық қалыбын (формасын) таңдап алуыңыз қажет. Заңдылық қалыпты таңдау өте маңызды, өйткені келешекте сіздің ісіңіздің ілгері басуы оны дұрыс таңдауыңызға байланысты болмақ. Бизнестің мынандай заңдылық формалары бар:

1. Акционерлік қоғам (АҚ);

2. Жеке кәсіпкерлік;

3. Серіктестік;

4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС).

Акционерлік қоғам – жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып, сату арқылы құралады және оның пайдасын акционерлер девиденд түрінде бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шектелген.

Жеке кәсіпкерлік – осы бизнес толық меншігіңіз болғандықтан, оны қалай жүргізу туралы шешімді сіз ғана шеше аласыз. Бұл жағдайда осы істі бастауыңызға көп шығын кетпейді. «Жеке кәсіпкерлік» - жаңа істі бастаудың ең қарапайым да арзан түрі. Десек те, осы бизнестің ілгері басуына жалғыз өзіңіз жауап беретініңізді ұмытпаңыз. Егер сіздің бизнес қарыздарыңызды өтей алмаса, онда өз қалтаңыздан төлеуге, мүліктеріңізді сатуға тура келеді және таза пайдаға салынатын салықты осы бизнестің иесі ретінде өзіңіз төлеуге міндеттісіз.

Серіктестік – егер екі немесе одан да көп адам бірлесіп жұмыс бастағысы келсе, олар серіктестік құра алады. Олар істі бірігіп жүргізеді. Серіктестік құру және оны тіркеуден өткізу жеке кәсіпкерліктен гөрі күрделірек. Бірақ сіз әріптестеріңізбен бірігіп жұмыс істеуді шешкендіктен оны жеке өзіңіз басқара алмайсыз. Егер бұл іске сіздің бейімділігіңіз және тәжірибеңіз аз болса, сіздің жаныңызда әріптестеріңіз болғаны дұрыс. Сондай-ақ, жаңа істі бастау жолында әріптестеріңіздің де қаражатын пайдалана аласыз.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құру үшін оның акционерлеріне және санына шек қойылмайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құру әжептәуір күрделі, әрі қымбатқа түседі. Бұл жағдайда сізге заңгерлермен ақылдасу қажет. ЖШС дегеніміз – шаруашылық қызметті бірлесіп жүргізу үшін азаматтардың немесе заңды тұлғалардың бірлесуі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғы қоры тек құрылтайшылардың (учредители) салымдары (акциялары) есебінен ғана құралады.

Сіз бизнесіңізді бастап кеткенде, барлық жұмысқа бірдей жалғыз өзіңіздің уақытыңыз бен бейімділігіңіз жетпей жатуы мүмкін. Бұлай болған жағдайда сізге жұмыс күшін тарту қажет. Жұмыс күші болған жерде сізге оларды басқаруға қабілеттілік керек. Оларға сыйақы, еңбекақы төлеу де сіздің мойныңызда. Сонымен қоса сіздің еңбек шарттары мен заңдылықтарын сақтауыңыз керек.

Бизнеспен айналысатын әрбір адам заң алдындағы жауапкершілігін ұмытпауы керек. Бұл дегеніміз – салықтарды уақытында төлеу, жұмысшылар туралы ережелерді сақтау, лицензия және рұқсаттар алу. «Егемен Қазақстан»

 

Іскер адамдар.

8-тапсырма. Мәтінмен оқып танысыңыз. Аударыңыз.

Как я стал профессионалом

После переезда на родину отца, в Актюбинскую область, меня приняли в колхоз бухгалтером. Тут-то и началась моя стезя на финансовом поприще.

Это было в середине пятидесятых годов. К нам с проверкой приезжали работники районных учреждений: инспекций по сельскому хозяйству, райфинотдела, отделения Госбанка, статорганов, инспекции Госстраха. Я начал присматриваться к их работе. Мне больше импонировала деятельность районных финансистов. Они занимались больше аналитический работой: изучением статей баланса бухгалтерского учета, отклонениями тех или иных показателей, выявлением дополнительных резервов и прибылей. Для этого надо знать капитально экономику той или иной отрасли хозяйствующих субъектов, обладать обширными знаниями. Как раз этого у меня и не хватало. Надо было учиться. Но учиться в отрыве от производства у меня не было возможности. Поэтому и поступил на заочное обучение в Семипалатинский финансово-экономический техникум.

Успешно окончив его в 1963 году, начал работать в финансовых органах, сначала экономистом, потом старшим экономистом, главным бухгалтером. В том же году заочно поступил на учебу в Алма-Атинский институт народного хозяйства.

С тех далеких времен я без перерыва в финансовой системе.

В 1970 году назначили меня заведующим Актюбинским районным финансовым отделом. Вот тут как раз и нужен был талант финансового работника. Хочется вспомнить, как мы добивались выполнения плана поступления средств в бюджет.

Итак, с чего начали? Во-первых, с составления плана работы на год, квартал. После получения контрольных цифр из области, приступили к составлению проекта бюджета на год. Сначала он рассматривался на исполкоме райсовета, в комиссиях, затем вносился на обсуждение и утверждение районного Совета народных депутатов. Получив узаконенный документ, районные финансисты в течение года по крупицам собирали деньги. Как это на деле осуществлялось? Признаться честно, нелегко.

Давно известно, что деньги счет любят. Но они еще и не любят бездействовать. Рубль должен быть все время в работе. Вот на эту сторону мы постоянно обращали основное внимание.

В районе имелось более 80 предприятий и учреждений, и все они находились в поле нашего зрения. Мы проводили систематические глубокие проверки, усиливали контроль за финансово-хозяйственной деятельностью – вот в чем была суть нашей работы.

В районном звене я набирался опыта как профессионал – финансист и одновременно – работы с людьми.

Неожиданный поворот в моей жизни и, как оказалось вопоследствии, в дальнейшей судьбе произошел в 1979 году. 28 мая приказом тогдашнего министра финансов Рымбека Смаховича Байсейтова я был назначен заместителем начальника главного управления Госстараха Каз.ССР.

С первых же шагов в новой должности я понял, что страховое дело не такое простое, как может показаться на первый взгляд. Страхование – важный экономический механизм, призванный активно влиять на развитие экономики путем устранения диспропорций в народнохозяйственном комплексе в связи с влиянием стихийных бедствий и других экстремальных событий.

Проблем тогда перед страховыми органами республики стояло развития добровольного страхования среди населения, особенно в сельской местности.

Будучи членом коллегии МФ Каз.ССР, я с еще большей насточивостью стал пробивать во всех инстанциях концепцию самостоятельности страховых органов. Лишь в январе 1991 года Кабинет Министров решил вывести органы государственного страхования из организационной структуры финансовой системы, а в мае 1991 года специальным постановлением Кабинета Министров Каз.ССР. Правление государственного страхования Каз.ССР было преобразовано в государственную коммерческую страховую компанию РК.

Освободившись от всякого давления, органы государственного страхования обрели возможность самостоятельно распоряжаться своими средствами, фондами в интересах развития как страхового дела вообще, так и самой системы.

Распался Советский Союз. Экономику Казахстана поразил глубокий кризис.

Опять назрела необходимость срочной и радикальной реорганизаций государственной страховой системы. Законы развития цивилизованного страхового рынка диктовали необходимость максимальной децентрализации и разгосударствления страхования.

Учитывая реалии сегодняшнего дня, правление государственной страховой компании внесло предложение сегментировать компанию, т.е. осуществить разгосударствления и акционирование страховых фирм.

Я начал печататься на страницах газет и журналов начиная с 1964 года. За это время я опубликовал около 200 статей на экономические темы, выпустил две монографий и более восьми брошюр по страховым вопросам на казахском и русском языках. Мне присвоили почетное звание “Заслуженный экономист Каз.ССР”. Наградили нагрудным значком “Отличник финансовой работы”.

Весь мой более чем 40-летний опыт трудовой деятельности учит, что главное для руководителя – компетентность, как основное условие избежать ошибок в ущерб делу. Еще честность – нечестный руководитель создает только видимость деятельности. Непременно надо учитывать обязательность руководителя, ибо неудачу. И, наконец, руководитель должен уметь рисковать. Продуманный и рассчитанный риск – залог успеха в бизнесе. (“Қаржы-қаражат” журналынан).

9-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

- Мәтінде қай кезең туралы айтылған?

- Мәтін қандай маманның атынан жазылған?

- Маманның өсу жолын айтып беріңіз.

- Сол кезеңдегі ел экономикасында қандай қиындықтар туды?

- Маманның жеткен жетістіктері қандай?

10-тапсырма. Мәтінмен танысыңыз.

Әбдіманапов Әбдіғали Әбдіманапұлы

Әбдіманапов Әбдіғали Әбдіманапұлы 1940 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Раймбек ауданы, Нарынқол ауылында дүниеге келген.

1958 жылы орта мектепті бітірген соң колхозда өндірістік бригаданың есепшісінен бастап, осы колхозда 4 жыл бухгалтерияда жұмыс атқарды.

Қазақ мемлекеттік басқару Академиясында отыз жылдан аса уақыт еңбек еткен. Ол – мұғалім, аға мұғалім, кәсіподақ ұйымының төрағасы, декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін өзіне тән үлкен жауапкершілікпен және абыроймен атқарды.

Бұл күндері Әбдіғали Әбдіманапұлы 6 кітаптың авторы, 50-ден астам ғылыми мақалаларымен қатар “Егемен Қазақстан” газеті, “Ақиқат” және т.т мерзімді басылымдарда публицистикалық сын мақалалар жазды. Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшелігіне қабылданды.

1996 жылы Әбдіғали Әбдіманапұлы Қазақстандағы бухгалтер мен аудиторлар қауымдастығының президенттігіне сайланды.

Әбдіманаповтың жеке дара еңбегінің арқасында 1998 жылдан бастап ғылыми-тәжірибелік бағыттағы “Бухгалерлік есеп жєне аудит” атты журнал шығарыла бастады. Әбдіғали Әбдіманапұлы осы журналдың бас редакторы.

Өркениетті елдерде жүргізілетін бухгалтерлік есеп жєне аудит қызметтерін зерттеп, өз еліміздің экономикалық үрдісіне енгізу мақсатымен АҚШ, ФР, Шотландия елдерінде өткізілген ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференцияға қатысып тәжірибе жинақтады. (“Бухгалерлік есеп және аудит” журналынан).

10-тапсырма. Экономика, қаржы саласында қызмет еткен қандай белгілі тұлғаларды білесіз? Әңгімелеңіз.

 

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Банк жүйесі. Ұлттық валюта.

Лексикалық тақырып: 1. Банк жүйесі.

2. Ұлттық валюта.

3. Ақша айырбастау орнында

Грамматикалық тақырып: Етіс категориясы.

 

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНКТІК ЖҮЙЕСІ

Қазақстанның банктік жүйесі мемлекеттік және коммерциялық банктерден тұрады.

Коммерциялық банктер әр түрлі банктік операциялар арқылы кредит-есептік банктік қызмет атқарады. Коммерциялық банктер негізінен халыққа қызмет етеді. Банктер ақша, несие, валюталық саясатты жүзеге асырады. Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алады.

Қазақстанда көптеген коммерциялық банктер жұмыс істейді. Олардың жарғылық қорында ондаған миллион теңге бар. Көптеген банктер жеке адамдардан салым қабылдайды. Сондай-ақ олар өз клиенттеріне Қазақстан Жинақ банкілерінің бекіткен пайызынан жоғарырақ төлеуге кепілдеме береді. Төлем көлемі салымның сақтау мерзімі мен оның көлеміне байланысты. Салымдар тұтыну кәрзеңкесін зерттеу негізінде ай сайын индекстелу керек.

Қазақстандағы банктер: Ұлттық банк, Халықтық банк, Әлембанк, Санұр банк, Тұран банк, Темірбанк, Қазкоммерцбанк, Орталық банк, Құрылыс Үйі банкі, Сауда банк, Алтын дән банкі, Альфабанк.

Темірбанк – темір жол шаруашылығымен байланысты. Темірбанк – темір жолдарды дамытуға арналған коммерциялық банк.

Халықаралық банктің клиенттері – заңды тұлғалар.

Әлембанктің клиенттері – ірі кәсіпорындар, компаниялар, ғылыми-өндірістік бірлестіктер, сондай-ақ заңды тұлғалар.

Қазкоммерцбанктің клиенттері – бірлескен өнеркәсіптер, ірі фирмалар, орман шаруашылығы компаниялары.

Орталық банктің клиенттерінің негізгілері – мемлекеттік сектордың өнеркәсіптері.

Сонарбанктің клиенттері баламалы экономика секторының өнеркәсіптері.

Ұлттық банкке – жеке тұлғалар клиент бола алады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.02 сек.)