АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Моя комната (сочинение-описание)

Читайте также:
  1. Сдается хорошая, светлая, уютная комната в двухкомнатной квартир

І СЕМЕСТР

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

1-апта.Лексикалық тақырып. Танысу. Сөз әдептері

1-тапсырма. Басқа елдердің сәлемдесу рәсімдері туралы хабарлама дайындаңыз.

2-тапсырма. Әдептіліктің маңызы. Жеке адамның өміріндегі орны.

Қоғамдағы алатын орны туралы мәтін құрастырыңыз

3-тапсырма. «Әдептілік» деген сөзге сөзжұмбақ құрастырыңыз.

4-тапсырма.Әдептілік туралы 5 мақал-мәтел жаттаңыз.

2-апта.Лексикалық тақырып. Отбасы мүшелерін, туыстарын таныстыру

1-тапсырма. «Қара шаңырақ», «Жеті ата» тақырыптарына мәлімет дайындаңыз.

2-тапсырма. Отбасы, шаңырақ тақырыбына байланысты тұрақты сөз тіркестерін тауып, олардың мағынасын түсіндіріңіз. Сөйлем құрастырыңыз.

3-тапсырма. «Отбасы-шағын мемлекет» тақырыбына эссе дайындаңыз.

3-апта. Лексикалық тақырып. Баспана. Менің бөлмем. Студенттер қалашығы

1-тапсырма. «Қазақ халқының ең алғашқы баспанасы» туралы мазмұндаңыз.

2-тапсырма.Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Моя комната (сочинение-описание).

Я очень люблю свой дом и особенно свою комнату. Она просторная светлая и очень уютная.

От большого окна с нежно-голубыми тюлевыми занавесками свет падает на мой письменный стол, на котором находятся стаканчик с карандашами и фломастерами, фотография в старинной рамке, несколько тетрадей. Стол большой, массивный, с множеством различных ящиков и отделов, в которых находится все необходимое мне: учебники, пособия, канцелярские принадлежности, фотоальбом, который я пересматриваю, когда мне грустно. За письменным столом - делаю уроки. Я стараюсь, чтобы он всегда выглядел опрятно. Возле стола – стул.

В левом углу комнаты стоит книжный шкаф, на полках которого аккуратно сложены книги. У нас хорошая библиотека, где собраны самые интересные произведения: фантастика, детективы, классическая и приключенческая литература. Среди этих книг очень много моих любимых, которые я перечитывала уже много раз.

Справа, возле стены, стоит платяной шкаф. Напротив – диван-кровать, застеленный голубовато-белым покрывалом с вышитыми на нем темно-синими цветами.

На стенах разнообразные плакаты, календари. На полу лежит мягкий серый палас, на котором я люблю сидеть, поджав под себя ноги. Теперь вы представляете, как выглядит моя любимая комната. Приходите ко мне в гости и увидите, как у меня чисто и уютно.

3-тапсырма. «Өз үйім-өлең төсегім» тақырыбына шығарма жазыңыз.

 

4-апта. Лексикалық тақырып. Менің мамандығым. Шығыстағы білім ордасы – ШҚМУ. С.Аманжолов – ғалым, түркітанушы

1-тапсырма. Мәтінді қысқаша мазмұндаңыз.

Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы - адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтар жатады. Қоғамның дамуында мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілетті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді. Сондықтан икемі, қызығуы, бейімі бар мамандықты таңдай білу, өзіне, қоғамға тигізетін пайдасын ойлау, мұндай еңбектен шабыт туатыны, ол өнімді еңбекке ұласып, табыс әкелетінін білу керек.


2-тапсырма. Мамандық атауларын жаттаңыз және бір мамандық иесі туралы эссе жазыңыз.


Қаржыгер – финансист

Аудармашы – переводчик

Құрылысшы - строитель

Әртіс – артист

Зергер – ювелир, мастер

Балықшы - рыбак

Мамандық – профессия

Кенші – шахтер

Бақташы – пастух

Омарташы – пчеловод

 

 

Сауыншы – дояр, доярка

Тіл маманы – языковед

Мүсінші – скульптор

Бағбан – садовник

Қызметкер-служащий

Кәсіпкер-предприниматель

Қызметкер – сотрудник

Тәжірибе – опыт

Тәжірибелі – опытный

Маман – спецалист

Етікші – сапожник

Тергеуші – следователь

Тәрбиеші – воспитатель

Сатушы – продавец, торгующий

Бастық – начальник, руководитель

Хатшы – секретарь


3-тапсырма. «Өз оқу орныңыз, кафедраңыз» туралы мәтін құрастырыңыз.

4-тапсырма. «Назарбаев универистеті» туралы слайд дайындаңыз.

5-апта.Лексикалық тақырып.Менің елім –тәуелсіз Қазақстан. Әлеуметтік-географиялық орны. Ерекшелігі. Ел басқару жүйесі

 

1-тапсырма.Өлеңдерді мәнерлеп оқыңыз. Қалаған өлеңіңізді жаттап алыңыз.

Отан туралы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен... (М. Мақатаев)

 

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым- Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым- Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші- Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен. (М. Мақатаев)

2-тапсырма. «Менің - Отаным Қазақстан» тақырыбына слайд дайындаңыз.

3-тапсырма. Ел басқару жүйесіндегі қазақ билерінің рөлі туралы мәлімет

дайындау.

4-тапсырма. Қазақ билері мен шешендерінің қанатты сөздерін жаттау.

 

6-апта. Лексикалық тақырып. Президент. Парламент. Үкімет. Сот.

1-тапсырма.Тұңғыш Президент туралы мәлімет дайындау

2-тапсырма. Қазақтың билер кеңесі туралы слайд дайындау.

3-тапсырма. Парламент. Үкімет туралы хабарлама дайындау.

 

7-апта. Лексикалық тақырып. Қазақстан Республикасының астанасы. Қазақстан Республикасының нышандары

1-тапсырма. «Астана қаласына саяхат» слайд дайындаңыз.

2-тапсырма. Қазақстан Республикасының нышандарының авторлары туралы мәлімет дайындаңыз.

3-тапсырма. Қазақстанның астаналары туралы сөзжұмбақ құрастырыңыз.

4-тапсырма. «Рәміздерім мақтанышым» шығарма жазу.

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Халықаралық ынтымақтастық.

Лексикалық тақырып: 1. Халықаралық ынтымақтастық.

2. Халықаралық ұйымдар.

Грамматикалық тақырып: Көмекші есімдер қызметі.

1-тапсырма. Татулық, достық, ынтымақтастық туралы фразеологизмдерді тауып, мағынасын түсіндіріңіз (10 шақты).

2-тапсырма. «Халықаралық ынтымақтастық – бейбітшілік кепілі» атты шығарма жазыңыз.

Шығарма жазуға әдістемелік нұсқау:

Шығарманы жазбас бұрын тақырып бойынша материал жинау қажет. Үндестік заңын, жуан және жіңішке дыбыстар, септік жалғауларын, тәуелдік категориясын, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін еске түсіру керек. Шығарманы жоспар құрып жазу керек. Шығарманың көлемі 2-3 бет болуы керек.

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары. Адам құқықтары мен бостандықтары.

Лексикалық тақырып: 1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары.

2. Адам құқықтары мен бостандықтары.

3. Ар-ождан бостандығы

Грамматикалық тақырып: Қимыл есімдер қызметі

1-тапсырма. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін пайдаланып, жеке бастың құпиясын сақтау (114-бап), өз бетіңізше құқық (145-бап), олжа (245-бап), көмбе (247-бап) деп аталатын баптардың бірін оқып, оның мазмұнын айтып беріңіз. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің тізімін жасаңыз. Оларды жаттап алыңыз.

2-тапсырма. Қазақстанның қазіргі Конституциясы қандай бөлімдерден тұратынын, ал бөлімдерде не тұжырымдалатынын қысқаша дәптерлеріңізге конспект жазыңыз.

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Еңбек нарығы

Лексикалық тақырып: 1. Еңбек нарығы.

2. Еңбек демалысы

3. Еңбек тәртібі.

Грамматикалық тақырып: Міндет, жауапкершілік мәнді сөйлем.

1-тапсырма. ЖОО мен оқытушы арасында еңбек шартын жасаңыз.

2-тапсырма. Еңбек заңының өзіңізді қызықтыратын тұстарынан конспект жазыңыз.

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары.

Лексикалық тақырып: 1. Қарулы күштер.

2. Құқық қорғау органдары.

Грамматикалық тақырып: Тыйым мәнді сөйлем.

1-тапсырма. «Қазақстанның қарулы күштері» тақырыбына презентация дайындаңыз.

Презентация дайындауға қойылатын талаптар:

Презентацияныдайындауда интернет көздерін пайдаланыңыз.

Презентация 10-15слайдтан тұруы қажет, слайдтар міндетті түрде суретті болуы керек.

Презентацияны бағалауда тақырыпты қорғау (қазақ тілінде қорғап, қойылған сұрақтарды түсініп, оларға дұрыс және толық жауап беру) тақырыптың ашылуы, сауаттылығы, эстетикалық ресімделуі ескеріледі.

2-тапсырма. «Қазақстанның құқық қорғау органдары» туралы сөзжұмбақ құрастырыңыз.

Сөзжұмбақ 10-15 сөзден тұруы керек.Сөзжұмбақ компьютерде орындалуы керек. Сұрақтары қысқа, нақты болуы керек. Сөзжұмбақты бағалауда сауаттылығы, сұрақтардың құрылуы, эстетикалық ресімделуі ескеріледі

Ресімделуі:

1. Титулдық беті

2. Сөзжұмбақ

3. Сұрақтары

4. Жауаптары

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Ішкі және сыртқы сауда

Лексикалық тақырып: 1. Ішкі және сыртқы сауда.

2. Жалпы ішкі өнім

Грамматикалық тақырып: Етістік категориясы.

1-тапсырма. «Қазақстанның ішкі саудасы», «Қазақстанның сыртқы саудасы» тақырыптарының біріне баяндама жазыңыз.

2-тапсырма. «Жалпы ішкі өнім» тақырыбына дәріс мәтінін дайындаңыз.

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Жеке кәсіпкерлік.

Лексикалық тақырып: 1. Жеке кәсіпкерлік.

2. Шағын және орта бизнес.

3. Іскер адамдар.

Грамматикалық тақырып: Есімше категориясы.

1-тапсырма. «Қазақстандағы шағын және орта бизнес» тақырыбына хабарлама дайындаңыз.

2-тапсырма. «Іскер адам: менің түсінігімде» атты эссе жазыңыз.

Эссені жазуға әдістемелік нұсқау:

Эссе дегеніміз (фр. тіл. еззаі –тәжірбие, лат.т. ехасіит - цирау) -философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді:

1) субъективті; негізгі мақсаты - авторды жан -жақты ашу, таныту.

2) объективті; негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту. Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі.

Жазылу көлемі: 500 сөз, 2 беттен 20 бетке дейін.

Эссеені жазу барысында қазақ тілінің емле және тыныс белгілері сақталып, өз ойларыңызды қажеттілігіңізге қарай қысқаша немесе толық баяндап, берілген тақырып бойынша өз пікірлеріңізді, әсерлеріңізді толық, әсерлі, бейнелі жеткізе білуіңіз тиіссіз.

Эссенің жазылу құрылымы:

1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер,идея, ақпараттар, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз.

3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңізділогикалық қорытындысы.

Эссені тексергенде тақырыптың толық әрі терең талдануына, пайымдаулардың нақтылығына, жүйелілігі мен реттілігіне ерекше көңіл бөлінеді. Эссе жазғанда белгілі фактілермен тексті ретсіз ұлғайтып, жекелеген сүрақтарды талғамсыз мазмұндай берудің қажеті шамалы.

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Банк жүйесі. Ұлттық валюта.

Лексикалық тақырып: 1. Банк жүйесі.

2. Ұлттық валюта.

3. Ақша айырбастау орнында

Грамматикалық тақырып: Етіс категориясы.

1-тапсырма. «Теңге тарихынан» атты реферат дайындаңыз.

Рефератты жазуға қойылатын талаптар:

Реферат құрылымында жоспары (КІРІСПЕ, НЕГІЗГІ БӨЛІМ, ҚОРЫТЫНДЫ, ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ, ГЛОССАРИЙ) болуы керек. Рефераттың көлемі 10-15 бет. Әдебиеттер тізімі қолдану реті бойынша құрылады. Әр бетте кем дегенде бір әдебиетке сілтеме болуы керек. Қолданған әдебиеттер 1990 жылдан ескі болмауы керек. Міндетті түрде басылымы, бетінің нөмірі көрсетілсін. Рефераттың беттері нөмірленген болуы кереку. Реферат көлемі 10-12 бет. Интервал 1, кеңінен, шрифт Тimes New Roman-14.

Әдебиеттер: интернет көздері, Тіл туралы заң.

2-тапсырма. «Ақша айырбастау орнында» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.

АПТА

Сабақтың тақырыбы: Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер

Лексикалық тақырып: 1. Халықаралық, мемлекеттік атаулы күн, мерекелер.

2. Ұлттық мейрамдар.

3. Діни мерекелер.

Грамматикалық тақырып: қайталау

1-тапсырма. Жаңа жыл мерекесі қай елде, қалай тойланатындығы жөнінде мағлұматтар жинаңыз.

2-тапсырма. «Халықаралық атаулы күндер – адамзаттың аса маңызды проблемаларын шешудің бір құралы» тақырыбына эссе дайындаңыз.

3-тапсырма. Өз біліміңізді тексеріңіз.

ӨЗІН-ӨЗІ ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Сіздің назарыңызға бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тест тапсырмалары ұсынылады. Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз.

1. Сөйлемді аяқтаңыз. Халықаралық атаулы күндерді... белгілейді.

A)мемлекеттер, елдер

B) Біріккен Ұлттар Ұйымы

C) БҰҰ-ның арнаулы мекемелері

D) халықаралық үкіметтік жиындар

Е) халықаралық үкіметтік емес жиындар

2. Сөйлемді толықтырыңыз. Халықаралық күндер мен апталарды барлық мемлекеттер атап өтуге...

A) тиіс

B) мәжбүр

C) міндетті

D) тырысады

Е) міндетті емес

3. Қазақстанда қандай халықаралық күндер аталып өтіледі?

A) Бүкіләлемдік денсаулық күні

B) Халықаралық мұғалімдер күні

C) Халықаралық қарт адамдар күні

D) Халықаралық балаларды қорғау күні

Е) Халықаралық журналистердің ынтымақ күні

4. Сөйлемді толықтырыңыз. Халықаралық атаулы күндер... аталып өтіледі

A)адамзатты табиғи апаттардан қорғау мақсатында

B) халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында

C) адамзаттың аса маңыздымәселелерін жемісті түрде шешу үшін

D) адамзаттың аса маңызды проблемаларына назар аудару мақсатында

Е) дүниежүзілік қауымдастық өміріндегі белгілі бір маңызды оқиғаларды есте қалдыру үшін

 

5. Сөйлемді аяқтаңыз. Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері...

A) Жеңіс күні

B) Аналар күні

C) Бабалар күні

D) Наурыз мейрамы

Е) Конституция күні

6. Ресми стильге қандай қағаз үлгілері жатады?

A) заңдар

B) очерктер

C) қаулылар

D) үкімет хабарлары

Е) халықаралық шарттар

7. Сөйлемді толықтырыңыз. Экспрессивті-эмоционалдық сөз тіркестері... өте сирек пайдаланылады

A) сөйлеу стилінде

B) ғылыми стильде

C) іс қағаздар стилінде

D) көркем әдебиет стилінде

Е) публицистикалық стильде

8. Сөйлемді толықтырыңыз. «Стиль» сөзі латын тілінен аударғанда... деген мағынаны береді

A) жазу мәнері

B) жазу құралы

C) сауатты жазу

D) тіл мәдениеті

Е) мәдениетті сөйлеу

9. Қазіргі қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары

A) көркем әдебиет стилі

B) қоғамдық-саяси стиль

C) публицистикалық стиль

D) ауызекі сөйлеу тілінің стилі

Е) ғылыми-көпшілік әдебиет стилі

10. Дұрыс аудармасын табыңыз: отмечаются

A) мерекелік

B) тойланады

C) мейрамдар

D) белгіленген

Е) аталып өтіледі

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

Семестр

Апта

Халық медицинасы.

Бақсылық деген не?

 

 

Бақсылық өнері тәңірдің сиы, құпиясы деген ұғымда болды. Бақсы ол өз ортасыныда басшы және шипагері қызметін атқарып өзінің болжампаздық, көріпкелдік, құма-лақшылық, сиқырлық, ақын-сазгерлік ерекшеліктерімен халықты өзіне иландыру сенімі арқылы емдеді. Халық шипагерлері өркендей келе әртүрлі емдеу тәсілдері ішінде шамандық діни сенімі тәсілімен: қайтыс болған киелі әруақты адамдардың кесенесі басына ауру адамды түнету арқылы мал сойғызып, әруақтарға арнап дұға оқытып ауруынан жазылуына, нәрестелі болуына немесе жолы ашылуына тілектер тілету арқылы / бүгінде жалғасуда – З.Қ/ және уқалау, ұшықтау, қақтыру, аластау, қорықтық құю, үшкіру, дем салу, шошындыру, дұғалық ішірткі беру, тұмар жазып беру, аштау, бақсылардың көмегіне жүгіну, ауруды көшіру, ауруды қуу, көшіріп емдеу, ұқсастық табу арқылы емдеу, ықылықты емдеу, арбау сөздеріменде, емдеу деген иландыру әдістерімен, шешек ауруын емдеу, жылан, бүйі және қарақұрт шаққаннан емдеу, шабақтау, сорбақта т.б. шипалық тәсілдерді пайдалану арқылы өрісін кеңейте бастады. Мәселен, шипагерлер қан қысымы өзгерген, бет-аузы қисайған, қол-аяқтың тартылуын адам организміндегі нервтердің зақымдануы деп болжап, қажетті емін пайдаланып, сырқатты жаза білді. Ол үшін науқасқа күйдірілген ыстық қышқаш темірді жалатқанда, одан адамның тілі күймей, керісінше адамның артқы миы мен тұлабойы тітіркенген. Осының әсерінен денедегі зақымдалған нерв талшықтары оянып, қалыпты жұмыс істей бастауынан аурудың беті бері қараған. Ұшықтауда да тітіркендіру әдісін пайдаланып бетке суық сумен бүрку және жүгенмен ұшықтау арқылы, немесе шошындыру үшін аурудың үйіне атпен шауып кіру тәсілі бойынша да, шошынған нервтердің қалпына келуі үшін емдік шаралар қолданған. Бұл емдік шипалық тәсіл бүгінгі ғылыми медицинадағы шартты рефлекстік шошындыру мен өзін-өзі иландыру тәсіліне ұқсастығын білдіреді.

Шипагерлер ішкі ауруларды көбінесе қан кетіру, денені уқалау мен ысқылау, денесін қалың жамылғышпен жауып қымтап жылту, ішін айдату, құстыру, тамақты аздап беріп ашықтыру, қайнатылып жасалған дәрі–дәрмектің тұнбасын немесе ұнтақтарын ішкізумен терлету, зәрін шығару, ішін жүргізу, қақырық түсіру арқылы емдесе, ал табиғи минералды сулар және балшықтар арқылы аяқ – қолдары мен тері ауруларын емдеген. Халықтық шипагерлікте шипагерлер сыртқы жара, ойық жара, сынық, буын шығу, күйік, ісік, сіңірдің тартылуы әрі созылуы мен үзілуін және ісікті де емдей білген.

Кейбір деректер бойынша, қазақ халық шипагерлігінде оташылық XIX- XX ғасырдың басында жақсы дамығандығы баяндалып оның ғылыми құрал саймандық оташылықтан онша алшақтығы байқалмаған. Оташылар: қан тоқтату, қан алу, үсіген жерлерді емдеу, күйікті, жылан мен қарақұрт шаққанды, адам денесіндегі бездерді, көздің ағын сылып алу, желкеге шыққан шиқанды кесіп алу, ісіктің аузын шығару т.б. емдік көмектерін жасаған. Мәселен, қанды тоқтату үшін адамның өзінің аққан қанын жинап алып, оны шағын ыдыста күйдірген де, одан кейін жанған қанның күлін жараның үстіне сепкен. Құмырсқаның илеуін суға қайнатып ісіген жерге таңу арқылы аузын шығарған. Кейде қарапайым тәсілмен жасалған «Қимай» майын жағумен сыртқы жараны емдеген. Бұл туралы қазақтың халық емін дамытып ғылыми анықтама берген медицина ғылымдарының докторы, профессор Естөре Оразақов былай анықтама береді: «Қимай» алу үшін қойдың қиын қаластырып жағады, жер ошаққа өртеген қойдың құмалағы мен қиының будақтаған қою қара түтінінің үстіне қазанды төңкергенде жіңішке түтікпен жанындағы жабық ыдысқа тамшылап ағатын майын қимай дейді»[4, 24 б].

Сынықшылар ешқандай дәрі көмегінсіз әрі гипссіз сынықты салып, қарапайым әдіспен таңып мерізімдік шарттық әдіспен қосымша емін жасап, сынықтың толық әрі мінсіз бітуін қадағалаған. Қазақтың көреген оташылары нәрестенің опырылып кеткен бас сүйегінің ұсақ сынған бөлшектерін еппен алып, оның орнына жас тасбақаның сауытын жапсырып, оны жаңа сойған тайдың ішегімен орап таңып тастап қалыпты түрде жазып алуы, халықтық шипагерлердің емдеу мәдениеті сатысының жоғарылығын көрсетеді.

Дегенмен, біздің заманымыздың III-IV ғасырларында Орталық Азияда өркениеттің дамығанын бүкіл дүниежүзілік ғалымдары мойындайды. Бұған дәлел Орталық Қазақстан-дағы Қарабие моласын археологиялық қазу кезінде бас сүйегін тесіп хирургиялық операция жасалған жас адамның қаңқасы табылады. Бұл адамның өмір сүруін білгір ғалымдар болжаммен біздің заманымызға дейінгі V-III ғасырлар деп болжайды [6, 11 б]. Бұл біздің дәуіріміздің III – IV ғасыр-ларында Орталық Азияда өркениеттің кең дамығандығы оның өнерінің бір саласы халықтық шипагерліктің ертеден – ақ дамып отырғанын аңғартады.

Ғұлама шипагер Ө. Тілеуқабылұлы сырқаттың пайда болуы туралы өз ой тұжырымын: «аурудың пайда болуының негізі көзге көрінбейтін майда құрттардың әсерінен» [1, 102 б] дейді. Осыған байланысты ғұлама шипагер ауру түрі де үш түрлі: тума, тұқым қуалайтын және жұқпалы болатынына да тоқталады. Шипагердің осындай аурудың жұғуы мен асқынуына байланысты танымдық тұжырымдамасы, бүгінгі медицина тілімен түсіндіргенде ауру қөзге көрінбейтін ұсақ микроптардан жұғады деген ұғымға жақындайды. Шипа-гердің емін қолданғанда аурулардың түріне қарай бөлек рецепін пайдаланып, кейде өзі де ауруларға берілетін дәрмегін ішіп улануы, қайтадан оның емін табуы, одан кейін қана ауру адамды емдеуге пайдалануы шипагердің батылдығы мен өз ісіне деген танымдық қатал жауап-екршілігін білдіреді.

Бұл шипагердің ұлты мен оның ұрпағының болашағын зор сеніммен бағалап, өзіне-өзі есеп беретін таза ғылыми адам екенін көрсетеді. Ғалым шипагер Ө.Тілеуқабылұлы өлім аузына іліккен үсіген адамдарды сусыз жерлерде «тұншық-тырма», ал өзен суы бар жерлерде «малма» деген емдеу жолдарын қолданса, күйікке ұшырағандарды күйіктің дәрежесіне қарамай емін жалғастырып нәтижесін көреді. Қысқасы, Ө. Тілеуқабылұлы қарамаған аурулар сирек шығар, ол бәріне тәуекел етіп Аллаға сиынып шипагерлік өнерін іліми тұрғыда дәлелдеп дамыта білді.

Табиғат кеңістігінің шексіз шипалы емге бай екенін түсінген шипагер Ө. Тілеуқабылұлы еуропалық медицинасы ғылымынан бұрын-ақ, рахитпен ауыраған баланы жылы киіндіріп күн шуаққа шығарып тұрса сырқатынан жазылып, аяғын басып кетеді деген ұсынысынан қазақ халқының шипагерлік емдік тәсілінің табиғатан нәр алып, ертеден дамығандығының негізгі бір дәлелі болумен қатар, оның философиялық танымдық ойының тереңдігінің нәтижесін айқындайды.

Қазақ халқының шипагерлері оба, тырысқақ, шешек, алапес, сүзек, күйдіргі, қызылша сияқты қауіпті індет ауруларының өте қауіпті екенін және одан қорғану мен сақтанудың, ал кейбіреулерін емдеудің жолдарына да өте сауатты болған. Мәселен, оба ауруына ұшыраған адамды оңаша бөлек үйде ұстау, ешқандай жақын қатынаста болмау, тамағын ұзын ағаштың ұшына байлап беру, егер өте қауіпті болса өзімен бірге мүлкінде өртеп бұл орыннан елі тұтас көшіп кетіп қайта оралмаған. Бұл тәсілдердің бүгінгі ғылыми медицинаның гигиналық сақтану мен қорғану талаптарына ұқсатығын білдіреді. Дегенмен, көптеген жұқпалы әрі қауіпті аурулардың пайда болу себептерін, анықтау жолдары мен емдік тәсілдерін ғалым шипагер Ө. Тілеуқабылұлының XV ғасырда-ақ ғылыми анық-тамалық жүйесі бойынша оң нәтижеге жетуге деген іс-әрекеті орындалғанын байқауға болады. Ол арманын көбіне дала тәжірибесінің жетістіктерінің болжамына қарай іске асыра білді. Шипагер емдіктің халықтық сипатын ғылыми жүйеге толық жақындата алды. Халықтық шипагерлік өнері халықпен бірге жаралып, бірге өмір сүріп, әдіс-тәсілдерін жалғастырып өркендейтініне ерекше мәндік көзқараспен қарады. Оның болашағына жауапкершілікпен қарағаны халықтың «жеті өлшеп, бір рет кес» деген ойының шеңберінің талабын орындағанын көрсетеді. Шипагердің осындай терең танымдық ой толғанысы оның «Шипагерлік баян» еңбегінен анық байқалады. Халық шипагерлігі жөнінде алғаш «Қазақтың халық медицинасының құпиясы» атты моно-графиялық еңбектерін жазған медицина ғылымдарының докторы, профессорлар А.Алдашев пен Ж.Әлімханов: «Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының халық емшісі дегеніміз – халық ұғымы бойынша қолынан әр түрлі өсімдіктерден, минералдық заттардан, жануарладың әр түрлі ағза мүшелерінен дәрі – дәрімек жасап сол бойынша әр түрлі ем қолдана білетін, сол ем домын өз ортасының қоғамдық, мәдени және діни ұғымдарына сайкес халыққа медициналық көмек бере алатын адам», – дегенанықтамасы негізінде халық емшілігінің шипагерлік өнерінің тарихи кезеңінің қажеттілігіне тоқталады [ 7, 137 б. ]. Ғұлама шипагер Ө.Тілеуқабылұлы өзіне дейінгі көне танымдық шамандық діни сенімдік пен иландыру арқылы емдік жүйелерінің пайдасынан зиянның молдығын анықтап, ол нақты ілімдік әрі ғылыми жүйе бойынша ауруды емдеудің шипалық дәрі-дәрмектік тәсілін ұсынды. Халықтық шипагерліктің өткеніне зер салсақ оның даму сатысының біртіндеп өсіп отырғанын байқауға болады.

Ғұлама баба шипагерлердің өзін екі топқа: Дарымдылық және Болжамалы деп бөліп, бұл шипагерлерді 24 түрге жіктеп әр атаудағы шипагердің / теңдессіз шипагер, емші, қаншы, тамыршы, оташы, сынықшы, бақсы, балгер, әулие, әнбие т.б. / жеке-жеке шипалық емдік сипаттарына тоқталып, әрбір шипагер өз қолынан келген емін қана қолдануды және емші деген атаудан шипагер атауы дұрыстығын анықтап берді. Бұндай шипагерлердің атаулық ғылыми анықтамалары осыдан бес жарым ғасыр бұрын белгілі болғанымен, ол жүйелік шипагерлік атаулар бүгінде әлі ғылыми анықтамаға енбеуі салдарынан төрт-бес шипагерлік атауы ғана / емші, бақсы, құмалақшы, сынықшы т.б./ аталуда. Бұл шипагерлік өнерінің ғылыми зерттеулерде әлі жоқтығын аңғартады. Аурудың пайда болуының себеп-салдарын адамдардың ортасындағы кейбір денесінен кері қуат бөлетін адамдардан болатынын шипагерлер ертеден-ақ сезді және кері қуат бөлетін адамдарды да, оның туғызатын ауруы түрінде анықтап білген. Мәселен, адам сырқатының пайда болуының кейбір себептері тіл сұғы мен көз сұғы бар деген адамдардың кері әсер күшінен болатынын қарапайым халықтық түснік болса, шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы оны іліми негізде дәлелдеп жазады.

Көзі мен тілінің сұғы бар адамның сыртқы және ішкі денелік мүшелерінің белгісіне дейін шипагер дәйекті негізде дәлелдеді деп, оның «Шипагерлік баянында» анық айқындама берілді деуге толық негіз бар. Дегенмен, қараүзген шипагер Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы қазақ халқының емдік тәсілінің халықтық жүйесіне үлкен өзгеріс жасады. Ө. Тілеуқабыл-ұлының «Шипагерлік баян» еңбегі халық шипагерлігіне жаңа қадам, жаңа танымдық көзқарас туғызып, жаңадан ғалымдар мен зерттеушілердің бір тұтас ұлттық этникалық халықтық емдік жүйесін жасауына ең негізгі сенімді құралға айналды.

Бүгінде көптеген ғылым жүйесінің ғалымдары мен зерттеушілері ғұламаның медициналық энциклопедиялық еңбегіне өздерінің оң тұжырымдамалық бағаларында беруі мен зерттеу жұмыстарын бастап жалғастыру, осы ғұлама еңбегінің жетістігі мен ғылымнамалық нәтижесі екенін аңғартады. Бұның дәлелін ғалым медиктің ой тұжырым-намасынан табамыз. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ш. Абдуллаев «Тамыр – жан сезімі» деген ғылыми мақаласында Ө. Тілеуқабылұлының еңбегіне: «Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің «Шипагерлік баян» атты еңбегі арқылы бүгінде есімі дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Бабамыз өткен ғасырдағы дана ғалым, одан қалды Европаның әйгілі оқымыстыларының ой пікірі бір – бірімен жалғасып, елімізді жұртшылықты өте қуанышқа бөлей отырғаны мәңгілік тарихта ұмытылмайтын оқиға» деген анықтамасын береді

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша жазбаша әңгімелеңіз.

 

Апта

1.Қазақстан спорт әлемінде. Көсемше категориясы

 

Тапсырмалар:

1. Қазақстанның заманауи футболы командасы туралы шағын мәлімет дайындаңыз.

 

Апта

Ұлттық табиғи саябақтар

Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.

Елімізде соңғы жылдары Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) жәнеКөлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.

Табиғи қорықшалар

Табиғи қорықшалар — белгілі бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.

Табиғат ескерткіштері

Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.

 

Тапсырмалар: Ақсу –Жабығалы қорығы туралы шағын әңгіме дайындаңыз.

 

Апта

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРЫ

Табиғи резерваттар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді

Қаракөл қорықшасы – республикалық мәні бар қорықша. 1986 жылы Маңғыстау облысында Ералиев ауданында ұйымдастырылған. Жерінің аумағы 137,5 мың га. Қорықшаны құрудағы мақсат – Қарақия ойпатында сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтау. Қорықша аумағына 9 бұлақ және 3 атпалы су көздері кіреді. Жер бедері кертпештеніп келген тік, жарқабақты. Олар желмен және аққан судың әсерінен жарылып, жеке төбелерге бөлініп кеткен. Өсімдік түріне аса бай емес. Қорықшада Қазақстанфаунасында өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан жануарлар түрлері: Үстірт арқары, қоқиқаз, безгелдек, қарабауыр бұлдырық, қарақұйрық, шағыл мысығы, ұзын инелі кірпі, үнді жайрасы мекендейді. Бұл жануарлардың барлығы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген

Алматы қорықшасы – сирек кездесетін әрі жойылып бара жатқан жануарларды қорғау мақсатында Алматы облысының Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ және Райымбек аудандары аумағында 1978 ж. құрылған мемлекеттік қорықша. Теңіз деңгейінен 1000 – 3400 м биіктікте орналасқан. Аумағы 724 мың га. Қорықшада өсімдіктің 590-нан астам түрі (мүк, қына, саңырауқұлақ, жабайы алма, өрік, долана, сарыағаш, ұшқат, т.б.); аң мен құстың 180 түрі (марал, арқар, таутеке, елік, барыс, жабайы шошқа, аю, сілеусін, ұлар, кекілік, бұлдырық, жетісу қырғауылы, т.б.) мекендейді. Алматы қорықшасында тіршілік ететін Тянь-Шань қоңыр аюы, шұбар күзен, Орта Азия тас сусары, Түркістан сілеусіні, арқар, барыс, орақтұмсық, сақалтай, жұртшы, бүркіт, көкқұс Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Сондай-ақ онда тоғай бұғысы, бұлғын, қоян, сарышымшық пен ақ тиін жерсіндірілген.

Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Алтай тауларының көп бөлігін алып жатқан Шығыс Қазақстанда туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар. Шөл даладан бастап ну орман алқаптары, биік шыңдардағы альпы шалғындары мен мұздықтарға дейін созылған ландшафтты-климаттық аймақтардың біртұтас жиынтығы. Орман мен өзендерге, балық пен балға, емдік шөп пен кенге, туристердің көзін тартар табиғи естеліктерге бай бұл жердің анағұрлым аумағының табиғаты тұмса және экологиялық таза болып сақталынған. Мұнда Сібір мен Алтайдың ең биік шыңы-қасиетті Белуха тауы бар (4506 м).
Табиғатының әсемдігі жақсы сақталынған, терең өзендерге бай, «қара» және «қызыл» балығы мол, аң және құс аулау мүмкіндігі, қарлы маусымы ұзаққа жалғасатын таулы аймақтар, курорттар(радонды бастаулар мен пантымен емдеу)-мұның барлығы зор табыс әкелетін қуатты туристік индустрияны құруға мүмкіндік туғызады. Қазақстанның Алтай аумағында ТМД және Прибалтика елдерінің туристері көп жылдар бойында әртүрлі саяхат құруда,бұл:альпы шыңдарын бағындыру және ат үстіндегі саяхаттар. Жыл сайын біздің аудан Европа және Америка елдерінің туристерін, балық аулаушыларын және аңшыларын қабылдайды.
1998 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі Катонқарағай ұлттық мемлекеттік табиғи паркін ұйымдастыру жөнінде Қаулы қабылдады.2001 жылдың шілдесінде парк құрылып қызметін бастады. Табиғи парктің негізгі міндетіне: әлемнің негізгі биотикалық кешендерінің репрезентативті үлгісі ретінде экожүйені сақтау;-табиғи ортаның экологиялық әртүрлілігін қолдау; -мәдени мұраның учаскелерін және нысандарын сақтау; -табиғаттың әсем жерлерін сақтау; -ауданның экономикалық дамуында қосымша күш құру; Парк аумағының жалпы ауданы 6500 шаршы шақырым.

 

 

Оқыңыз, қызық

Үнді мұхитының бір аралында ғажайып бір көл бар. Оның сұлулығындай көлді ешкім көрмеген болар. Күндіз ол айнадай жарқырап тыныш жатады. Ал, қалай кеш батты десеңіз, сол – ақ екен, көл үсті отша жанып, өртене бастайды. Кәдімгі бейне бір салют беріп жатқандай. Міне, бұрқ етіп шоқтар ұшты. Олар су үстіне сол сөнбеген қалпы қайта жауып жатыр. Қайсібір жерде ол сақиналар дөңгелеп, біріне – бірі соғысып атылады. Енді бір жерде шұбалаңдаған арқан тәріздес оттар көрінеді. Кәдімгі айдаһардан бір де кем емес. Егер де осындай тамашаны көріп тұрған сіз ол суға шомылатын болсаңыз, онда өзіңіз де отша жанып, жарқылдап кетер едіңіз.

Көлдің бұлай от болып жарқырау себебі оның үстіндегі миллиардтап жыбырлап жүрген бір клеткалы организмдердің әсері екен. Өйткені ол органикалық фосфорлық қабыққа оранған. («Ғалам ғажаптары» кітабынан)

Сөздік

Үнді мұхиты – Индийский океан

ғажайып – дивный, редкостный отша жану – гореть как огонь

айдаһар – дракон шоқ – горящий уголь

сөнбеген – непотухший от сақина – огненное кольцо

қабық – оболочка

Тапсырма

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

2. Мәтін бойынша 8 сұрақ құрастырыңыз.

3. Мәтіннен жіктеу, болымсыз және белгісіз есімдіктерін табыңыз.

 

 

Апта

 

1.Туризм индустриясы. Шарт мәнді сөйлем.

  • Сізге жауап берген бала сияқты болып көрінсе де таныс емес кісіге телефоннан «сен» деп сөйлеу. Әсеріңіз алдамшы болуы мүмкін. Тек жақын достар ғана бір-біріне «сен» деп сөйлей алады.
  • «Апай», «ағай», «бикеш», «атай», «әжей» деген сияқты сөздерді қолданудан аулақ болыңыз, өйткені сіз телефонға кім жауап бергенін көріп тұрған жоқсыз, ал дауыстың алдамшы болуы мүмкін. Одан да бейтарап түрде «айтып жібермес пе екенсіз», «кешіріңіз», «айтып жіберіңізші» деген орынды болады.
  • Телефонда ұзақ отырып, достарыңыз бен туыстарыңызды адақтап соңғы жаңалықтарды айтып отыру.
  • Өзіңізге телефон соқпаса, телефон соққан кісіден «бұл кім» деп сұрау.
  • Біреуге телефон соғып, кім екеніңізді айтпастан «бұл кім?» деп сұрау дұрыс емес, мұндай жағдайда «сізге кім керек» деген қарсы жауап аларыңыз сөзсіз. Телефонға жауап берген кісі өзін сізге таныстыруға міндетті емес, себебі телефонды ол емес сіз соғып, жұртты мазалап тұрсыз. Ал егер телефон нөмірінен шатысып кеткен болсаңыз ше? Сондықтан телефонға кім жауап бергенін төгендеп тұрғанша, өзіңізге кім керек екенін айтыңыз.
  • Ұялы телефонмен қоғамдық орында қатты дауыстап сөйлесуге болмайды. Өйткені айналаңыздағы кісілерге кедергі келтіресіз, әрі сіздің біреумен әңгімеңіздің жұртқа не керегі бар. Мысалы: Жапонияда метрода ұялы телефонмен сөйлесіп, айналасындағыларға кедергі келтірген адамды қалған жолаушылардың сабап тастауы сияқты жағдайлар да кездескен. Олар бұл кісінің телефонмен сөйлесуін мылжыңдық және өздерін кемтсіту деп таныған.
  • Мейрамхана, шаштараз, кинотеатр мен театр, кинода отырып ұялы телефонмен сөйлесу әдепсіздік болып саналады. Өйткені қасыңыздағы кісілердің мұны жаратпай қалуы мүмкін.
  • Жеңіл әзіл, еріккеннен мазақ қылу үшін біреуге телефон соғу - нағыз әдепсіздік. Біреуге қоңырау соғып, аузыңа келгенді айта салу немесе әзілдегенде тұрған не бар деп ойлайтындар да болар, сіз үшін әрине онда тұрған ештеңе болмауы да мүмкін. Ал сіз телефон соққан кісіге қалай әсер етерін ойладыңыз ба? Мүмкін ол кісі аса маңызды қоңырау күтіп немесе өзіне бір жерге телефон шалу керек болар. Тіпті болмаса ол кісі демалып ұйықтап жатқан шығар. Сіздің орынсыз әзіліңіз бұған кедергі боларын ойладыңыз ба?! Егер өзіңізді түннің бір уағында осындай әзілкеш оятса қайтер едіңіз? Сонда өзіңіздің орынсыз әзіліңіздің қандай боларын түсінер едіңіз.
  • Телефон арқылы орынсыз әзілдің бір түрі «жедел жәрдемге», «өрт сөндірушілерге», «төтенше жағдай қызметіне» жалған шақыру жасау. Бұл барып тұрған өрескелдік. Себебі бұл қызметтер шақырылған жерге бару, құтқаруды ұйымдастыру үшін қанша қаражат жұмсайды. «Телефон тентектерін» оңай құрықтауға болатынын ұмытпа. Ол үшін үйге анықтағышы бар телефон аппаратын орнату жеткілікті. «Телефондағы тентектіктің», яғни жалған шақырудың артында үлкен жаза тұрғанын ұмытпаған жөн.

Әдетте телефон арқылы кештерге, мерекелерге, туған күн т.б. жағдайларда қонаққа шақырып жатамыз. Бірақ автоқабылдағышқа қонаққа шақырған хабарлама қалдыру сөкеттік. Кейде тіпті бұл хабаралма пайдасыз да болады. Өйткені сіз шақыруыңызды ол кісі қабыл алды ма, жоқ па, қонақтығыңызды қанша кісіге есептеу керек екенін де білмейсіз. Сондықтан қонаққа өзіңіз жеке сөйлесіп шақырғаныңыз дұрыс.

Тапсырмалар:

1. «Туристік сапар» атты тақырыпта шығарма жазыңыз.

2. Есте сақтаңыз! Мынадай әрекеттер әдепсіздік болып саналады:

 

Апта

1.Көлік тасымалы – логистика. Байланыс. Білік, дағды мәнді сөйлем.

 

Құбыр көлігі

Құбыр желісі

Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің артуына байланысты жедел қарқынмен дамуда. Ұзындығы 4,5—5 мың км болатын мұнай және газ тасымалдайтын құбырлар Ресей, Канада, АҚШ жерінде орналасқан. Құбыр көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.[1]

Су көлігі

Су көлігі

Теңіз көлігі

Теңіз көлігі

Теңіз көлігінің үлесіне елдер арасындағы жүк тасымалының 80%-ы, дүниежүзілік жалпы жүк айналымының 60%-ы тиеді. Ірі теңіз державалары арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген ірі кемелер салық тұрғысынан ұтымды болатын дамушы елдердің туы астында жүзеді. Сондықтан теңіз жүк тасымалындағы жетекші елдер қатарынан Панама, Либерия, Грекия, Кипрді көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания, Жапония, Норвегия, АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары. Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы — Атлант мүхиты. Ірі порттары: Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург (ГФР). Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды дамуы Тынық және Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде. Бұл аймақтағы халықаралық маңызы бар ірі порттар қатарына Кобе, Нагоя, Иокогама (Жапония) және Сингапур жатады. Теңіз жолдарының түйіскен жері жіңішке бұғаздар мен теңіз каналдары болып табылады. Ла-Манш бұғазы арқылы тәулігіне 500, Зонд бұғазы арқылы 175, Гибралтар бұғазы аркылы 140 кеме өтеді. Сонымен қатар Ормуз, Малакка, Босфор бұғаздарының маңызы зор. Адамзаттың ақыл-ойы мен еңбегінің нәтижесінде пайда болған жасанды бұғаздар — Суэц, Панама және Киль каналдары экономикалық жағынан аса тиімді теңіз кақпасы болып табылады.[1]

Кеме жүзетін ірі каналдар

Каналдың аты Тереңдігі, м Ені, м Ұзындығы, км Орны
Суэц 16,2 120—318   Жерорта теңізі — Қызыл теңіз
Панама 12,5 150—305 81,6 Атлант мұхиты — Тынық мұхит
Киль 11,3 104—214   Солтүстік теңіз — Балтық теңізі

Жүк айналымында мұнай мен мұнай өнімдері алдыңғы орынды алып, сол сияқты құрғақ жүк деп аталатын темір кені, көмір, астық, ағаш және т.б. жүктер де көбеюде. Мамандандырылған кемелердің, әсіресе танкерлердің үлесі артуда.

Өзен-көл көлігі

Өзен-көл көлігі көбінесе жеке елдердің, сондай-ақ халықаралық жүк тасымалының да бір бөлігін қамтиды. Еуропада Рейн, Дунай, Эльба, Одер, Америкада Әулие Лаврентий, Парана өзендері мен Ұлы көлдер ірі халықаралық су жолдары болып саналады. Біздің еліміздегі Каспий теңізінің де осындай маңызы бар.

Әуе көлігі

 

Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып келе жатқан түрі. Әуе көлігі көбінесе жолаушы тасымалы мен тез бұзылатын (жемістер мен көкеністер) жүктерді тасымалдауда үлкен маңыз алуда. Соңғы жылдары турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі әуе көлігінің тиімділігін арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе тасымалын қамтамасыз ететін "Боинг— 747" (АҚШ), "Ил—86" (Ресей), "Аэробус" (ГФР— Франция — Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың км/сағ-қа жететін "Конкорд" (Франция — Ұлыбритания) ұшақтары бар.

Әуе көлігі ең күшті дамыған ел — АҚШ, ол дүниежүзіндегі жолаушылардың 50%-ын тасымалдайды. Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлар: "О' Хара" (Чикаго), Даллас, Лос-Анджелес, Атланта, "Хитроу" (Лондон), "Ханеда" (Токио) және т.б.

Тапсырмалар:

1. Су көлігі тақырыбына қатысты слайд жасаңыз. Ауызша баяндаңыз.

ҒАРЫШ ӘЛЕМІ

1.Ғарыш әлемі. Мезгіл мәнді сөйлем.

2.Ғарыш айлағы.

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.06 сек.)