АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 10 страница

Читайте также:
  1. II. Макроэкономика
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

Табыс өскенде ақшаға сұраныс өседі де ақшаға сұраныс қисығы оңға-жоғары жылжиды. (25-сурет).

Ұлттық банктің ақша ұсынысын қысқартқан жағдайда ақшаға ұсыныс қисығы солға жылжиды, пайыз мөлшерлемесі өседі. (26-сурет).

Ақша рыногындағы тепе-теңдіктің ұзақ сақталуы құнды қағаздар рыногы жақсы дамыған жағдайда ғана мүмкін болады. Тауар нарығындағы теңдік IS қисығымен көрсетіледі. Бұл графикте «IS-LМ» моделінің бір құрамдас бөлігі IS моделі көрсетілген. IS моделі төрт айнымалы (Y, I, S, r) арасындағы байланысты көрсетеді. IV квадрантта инвестиция мен пайыз мөлшерлемесі арасындағы кері байланыс көрсетілген. Пайыз мөлшерлемесі өскен сайын инвестиция көлемі қысқарады (r0 пайыз мөлшерлемесіне I0 инвестиция көлемі сәйкес келеді).III квадрантта I=S теңдігі көрсетілген. II квадрантта қор жинағы мен табыс арасындағы байланыс көрсетілген. Табыстың өсуімен байланысты қор жинағы да өседі. I квадрантта пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы байланыс бейнеленеді. Егер пайыз мөлшерлемесі өссе мынадай өзгеріс болады: инвестиция азаяды, аз инвестиция мөлшеріне қор жинағының да төмен мөлшері сәйкес келеді, қор жинағының төмендеуі табыстың да азаятынын көрсетеді. Қорытынды: IS қисығы инвестиция мен қор жинақтау тең болған жағдайдағы пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы кері байланысты көрсетеді.

 

IV r I

r1 IS1

 

I r0 IS0

IS

 

I I0 I1 Y1 Y0 Y

S1

 

I=S S0 S

III II

S

Сурет 1. «IS» моделі

LМ қисығы ақша нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. LМ қисығының графигі – ақша ұсынысының (МS) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен табыстың арасындағы тура арасындағы байланысты көрсетеді.

 

r MS LM

 

E2

r2 r2

E1 MD2

r1 r1

MD1

 

 

Y1 Y2 Y

Мысалы, Y1 ұлттық табыс өндірілсін. Оның көлемі ақшаға деген сұранысты анықтайды, ол МD арқылы көрсетілген. Егер ақша ұсынысы МS көрсетілсе, ақша нарығындағы тепе-теңдік Е1 нүктесінде орнығады. Яғни табыстың Y1 мәніне r1 процент мөлшерлемесі сәйкес келеді. Табыс мөлшерінің Y1 –ден Y2–ге өсуі ақшаға деген сұранысқа тек пайыз мөлшерлемесі әсер етпейді, сонымен бірге табыс та әсер етеді. Табыстың өсуіне байланысты тауарларды сатып алу да көбейеді, ақша сұранысы артады. ақшаға деген сұранысты өсіреді, демек пайыз мөлшерлемесін r1-ден r2-ге өсіреді. Неғұрлым табыс жоғары болған сайын, пайыз мөлшерлемесі де жоғары болады. Осылай табыс мөлшерін өзгерту арқылы ақша нарығында тепе-теңдікті орнықтыратын бірнеше пайыз мөлшерлемелерін анықтауға болады. Осындай ақша нарығында тепе-теңдікті орнықтыратын табыс пен процент мөлшерлемелеріне сәйкес нүктелер жиынтығынан LМ қисығын тұрғызуға болады.

Қортынды : LМ қисығы пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы тура байланысты көрсетеді. Неғұрлым табыс көп болған сайын пайыз мөлшерлемесі де жоғары.

IS және LM қисықтарын шығару. IS қисығы тауар рыногындағы тепе-теңдікті көрсетеді. IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі (G,T) пайыз мөлшерлемесі (R) мен жиынтық табыс (Y) арасындағы байланысты көрсетеді. IS қисығын инвестиция мен қор жинағы фунциялары негізінде құрамыз. IS қисығының бойындағы кез келген нүкте қор жинағы мен инвестицияның тепе-теңдігін көрсетеді. 27-суретте қор жинағы функциясы бейнеленген табыстың (өнім көлемінің) Y1-ден Y2-ге көбейуіне байланысты қор жинағы S1-ден S2-ге өседі. 28-суретте инвестиция функциясы бейнеленген, қор жинағының өсуі пайыз мөлшерлемесін R1-ден R2-ге азайтады, ал инвестиция I1-ден I2-ге өседі. Бұл жағдайда I1=S1, ал I2=S2 болады. 29-суретте IS қисығы берілген, пайыз мөлшерлемесі төмендеген сайын, табыс деңгейі (жиынтық сұраныс) жоғары болады және керісінше. IS қисығының бойымен жылжу игіліктер рыногында тепе-теңдік сақталуы үшін пайыз мөлшерлемесі өзгергендегі ұлттық табыс деңгейінің қалай өзгеретінін көрсетеді. Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа факторлар (G, T) әсер еткенде IS қисығы жоғары немесе төмен жылжиды. Мәселен, егер кез келген пайыз мөлшерлемесінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда жиынтық сұраныс көбейеді. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай жылжытады, керісінше, берілген пайыз мөлшерлемесінде қолда бар табыстың төмендеуі сұранысты төмендетеді, IS қисығы солға қарай жылжиды.

LM қисығы ақша рыногындағы тепе-теңдікті көрсетеді. LM қисығының графигі – ақша ұынысының (МS) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныс (табыстың) арасындағы байланысты көрсетеді. LM қисығының бойындағы кез келген нүктеде ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысы тең болады. 34-суретте – Ақша нарығының нақты қоры бейнеленген. Табыстың Y1-ден Y2-ге өсуі ақшаға сұранысты өсіреді. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесі R1-ден R2-ге өседі. Сұраныс қисығы оңға жылжиды. 35-суретте – LM қисығы бейнеленген. Неғұрлым табыс өскен сайын пайыз мөлшерлемесі де жоғары болады.

34-сурет Ақша нарығы 35-сурет LM қисығы

IS және LM қисықтарының көлбеуі және ығысулары. IS қисығының бойымен жылжу игіліктер рыногында тепе-теңдік сақталуы үшін пайыз мөлшерлемесі өзгергендегі ұлттық табыс деңгейінің қалай өзгеретінін көрсетеді. Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа факторлар (G, T) әсер еткенде IS қисығы жоғары немесе төмен жылжиды. Мәселен, егер кез келген пайыз мөлшерлемесінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда жиынтық сұраныс көбейеді. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай жылжытады, керісінше, берілген пайыз мөлшерлемесінде қолда бар табыстың төмендеуі сұранысты төмендетеді, IS қисығы солға қарай жылжиды. IS қисығын Кейнс кресінің үлгісін пайдаланып көрсетуге болады. 30-суретте инвестиция функциясы бейнеленген. Пайыз мөлшерлемесінің R1-ден R2ге өсуі жоспарлы инвестицияны I(R1)-ден I(R2)-ге азайтады.

31-суретте «Кейнс кресі» бейнеленген: жоспарлы инвестицияның I(R2)-ге азаюы табыс деңгейін Y1-ден Y2-ге қысқартады.

32-суретте IS қисығы пайыз мөлшерлемесі мен табыс арасындағы өзара байланыс нәтижесі түрінде берілген.

Ақша ұсынысының (МS) молайуы немесе баға деңгейінің төмендеуі LM қисығын оңға қарай жылжытады. LM қисығы экономикалық кеңістікті екі бөлікке бөледі: LM қисығының жоғарғы жағында М >L, яғни ақша ұсынысы сұраныстан жоғары, қисықтан төмен орналасқан нүктелерде М < L. ақша ұсынысы сұраныстан аз болады. (36-сурет).

36-сурет LM қисығы

IS-LM үлгісіндегі тепе-теңдік. Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік жағдайы IS және LM қисықтарының қиылысқан нүктесінде (R0 Y0) орнайды (37-сурет).

37-сурет IS-LM тепе-теңдігі

Игіліктер нарығы мен ақша нарығының тепе-теңдік деңгейіне сәйкес келетін жиынтық сұраныс көлемі тиімді сұраныс деп аталады.

AD-AS және IS-LM үлгілерінің өзара байланысы. AD-AS үлгісі мен Кейнс кресінде пайыз мөлшерлемесі сыртқы (экзогендік) өзгермелі болып табылады және тауар рыногының тепе-теңдігіне тәуелсіз бола отырып ақша рыногында өздігінен орнайды. IS-LM үлгісі арқылы экономиканы зерттеу осы ақша рыногы мен тауар рыногын бір жүйеге келтіру. Соның нәтижесінде рыноктық пайыз мөлшерлемесі ішкі (эндогендік) өзгермеліге айналады және оның шамасы тек ақша рыногындағы үрдістерді емес, сондай-ақ тауар нарығындағы жағдайларды сипаттайды.

Сондықтан да, IS-LM үлгiсi AD-AS үлгiсiнiң нақ­тыланған түрi болып табылады. Инвестициялар пайыз мөлшерлемесiнiң терiс функ­ция­сы, ал тұтыну – нақты табыстың оң функциясы екенiн бiлемiз, демек жиынтық сұраныс теңдеуi төмен­дегiдей:

AD = C (Y) + I (R)

Ал ұсыныс, Кейнстiң айтуынша, мынадай болады: AS = C (Y) + S (Y)

Тауар нарығындағы тепе-теңдiк жағдайы келесi тең­дiктi орындағанда ғана орын алады.

I (R) = S (Y)

Берiлген теңдеудi Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы классикалық тепе-теңдiк жағдайы үлгiсi­нен басқаша. I (R) = S (R)

ТАҚЫРЫП 8: БЮДЖЕТ-САЛЫҚ САЯСАТЫ

Мақсаты: Бюджет-салық саясатының мақсаттары. Дискрециялық және автоматты фискалдық саясат. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы. Салық мультипликаторы. Баға деңгейі өзгергендегі ынталандырушы бюджет салық саясаты. Бюджет-салық саясатының тиімділігі. Ығыстыру эффектісі туралы түсініктер қалыптастыру. Ол үшін дәріс сабағына мына сұрақтар шығарылады.

Дәріс жоспары:

1. Бюджет-салық саясатының мақсаттары.

2. Бюджет-салық саясатының тиімділігі.

Тақырыптың мазмұны:

Бюджет-салық саясатының мақсаттары. Бюджет-салық саясаты (фискалдық саясат) — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жургізіледі.

Ынталандыратын бюджеттік-салық саясаты (қазыналық экспансия) – бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды өcipiп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Тежеуші бюджет-салық саясаты (қазыналық шектеу) — экономикадағы циклдік өсуді тежеу мақсатын көздейді. Бұл саясатты жүзеге асыру үшін, мемлекеттік шығындар төмендеп (G), салық мөлшері (Т) жоғарылайды немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзімдік кезенде бұл шаралардың нәтижесінде, өндірістің қулдырауы және жұмыссыздық денгейінің өcyі салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.

Дискрециялық және автоматты фискалдық саясат. Қазыналық саясаттың екі түрі (типі) болады: дискрециялық және дискрециялық емес.

Дискрециялық казыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін максатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған. Бұл жағдайда көбінесе заңдар қабылданады.

Дискрециялық саясаттың негізгі құралдары:

салық мөлшерлемесін өзгерту;

қоғамдық жұмыс жобалары;

халықты жұмыспен қамту.

Дискрециялық емес казыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімін талап етпейді, өйткені ол мемлекеттік бюджетке түсетін табыс пен шығындардың автоматты өзгеруін қамтамасыз етіп отыратын кіріктірме тұрақтандырғыштарға негізделеді.

Кіріктірме (автоматты) тұрақтандырғыштар – үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық денгейінің циклдік ауытқуын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Мұндай турақтандырғыштарға үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі жатады. Экономиканың өрлеуі кезеңінде кіріктірме тұрақтандырғыштар бюджетке салық төлемдерінің көп түсуіне және бюджет артықшылығына

Мемлекеттік шығындар мультипликаторы. Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы (француздың сөзі «budget») табыс пен шығындарды бөлу. Мемлекеттік бюджет табысы ең алдымен жергілікті және орталық билік органдары алатын салықтардың есебінен, әлеуметтік сақтандыру бойынша түсімдердің есебінен, капиталмен операциялардан түсетін кірістер т. б. есебінен қалыптасады. Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі: экономиканы қаржыландыру, әлеуметтік-мәдени, ғылыми бағдарламалар, мемлекеттік басқару, қорғаныс, сыртқы экономикалық қызметті іске асыру, мемлекеттік қарыздарды жабу бағыттарында жұмсалады. Мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдер: қаржы бөлу – мекемелер мен кәсіпорындарды қаржыландыруға берілетін ақшалай қаржы, субсидиялар – мемлекеттік ақшалай көмек түрі, субвенциялар – дамудың нақты мақсаттарына арналған мемлекеттік ақшалай көмек, дотациялар – шығындарды жабуға арналған ақшалай қаржы. Егер шығындар табыстардан асып кетсе (G > T), онда бюджет тапшылығы пайда болады. Оның негізгі себептері: мемлекеттік аппарат шығындарының көбеюі, әскери мақсаттарға шығындардың көбеюі, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық қызметінің кеңеюі, сондай-ақ шектен тыс өндіру нәтижесінде бюджетке түсетін салық көлемі азаяды, сол кезде мемлекет әлеуметтік қажеттіліктерге шығындарын көбейтуге мәжбүр болады (жұмыссыздарға жәрдемақы беру). Бюджет тапшылығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығының тұрақтандыру денгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

1) Ақша-несие эмиссиясы (ақша шығару);

2) Займ шығару;

3) Мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.

Тапшылықты жою үшін ақша шығару жағдайында мемлекет сеньораж табады. Сеньораж – мемлекеттің айналымға қосымша ақша шығару аркылы табатын пайдасы. Нақты ЖҰӨ өсуінің қаркынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл кұбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Бұл жағдайда экономикалык агенттер инфляциялык салық төлейді және олардың табыстарының бip бөлігі бағаның жоғарылауы аркылы мемлекетке түседі.

Қазіргі кезде сеньораж ақша шығару арқылы пайда табу ғана емес, сондай-ақ коммерциялық банктердің резервтерін құру арқылы да жүзеге асырылады. Егер мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекеттік займ шығару аркылы каржыландырылса, онда орташа рыноктік пайыз мөлшерлемесі өседі, ол жеке секторларға берілетін инвестицияны төмендетеді. Бұл таза экспорттың және тұтыну шығындарының төмендеуіне алып келеді. Осыдан ығыстыру әcepi пайда болады, ол қазыналық саясаттың ынталандырушы әсерін төмендетеді. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру тәсілдерінің ешкайсысы бір-бірінен аса оқшауланбайды және де ешкайсысын инфляциялық емес деп айтуға болмайды. Бюджет тапшылығын циклдық және құрылымдық деп бөледі. Құрылымдық тапшылық – толық жұмысбастылық жағдайында мемлекеттік шығындардың салық түсімдерінен асып кетуі. Циклдық тапшылық – нақты бюджет тапшылығы мен құрылымдық тапшылық арасындағы айырма. Мемлекетке түсетін салықтар (мемлекет табысы) мемлекеттік шығындардан жоғары болған жағдайда бюджет артықшылығы пайда болады. Бюджет артықшылығы экономикалық өрлеу кезінде болады. Сондықтан қаржының бір бөлігі халыққа төлемақы ретінде берілетіндіктен сұраныс инфляциясы өседі. Мемлекеттік қарызды талдамай бюджеттік тапшылық деңгейін анықтау мүмкін емес. Мемлекет Ұлттық банктің несие қорынан, тұрғындардың халықтық банктегі салымынан, сақтандыру қоғамдары қорынан белгіленген бөлігін алып отырады. Олардың жиынтығы мемлекеттік қарызды құрайды. Бұл мемлекеттің ішкі қарызы. Бюджет тапшылығын бәсендету үшін мемлекет тек қана ішкі мүмкіндіктермен ғана шектелмей сыртқы зайымдарды да пайдаланады. Ол мемлекеттің сыртқы қарызын құрайды. Мемлекеттік қарызды басқару шаралары:

1) Жаңа займдар шығару;

2) Конверсия – табыстылығына қатысты займдардың шарттарын өзгерту;

3) Консолидация – қысқа мерзімдік облигацияларды орташа және ұзақ мерзімдікке ауыстыру.

Салық мультипликаторы. Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ- нің мөлшерін азайтуға жеткізетін табыстардың қысқаруын тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді. Бұлардың барлығы табыстар-шығыстар жүйесінен кему болып табылады, яғни ішкі тұтынысты шалмайды. Инвестициялармен, экспортпен және мемлекеттік сатып алумен толтырылуы мүмкін шығыстардағы үзілімді жасай отырып, тұтыныс азаяды. Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстар графигінің ауысуын және ТҰӨ- нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-қарсы салық мулътипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді. Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның табыстардың тұтыну компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең: m1=TxMPC

мұндағы: Т - салықтық төлемдердің мөлшері.

Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен MPS-тің осы мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекет шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Табыстар мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін баланстандырылған бюджет мультипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен G әр қайсысы 10 миллиард теңгеге көбейтетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 миллиард теңгеге көбейетінін күтуге болады. Сонымен, баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады: mь=me+ mt=1

мұндағы:

mь - баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы;

me - шығыстардың мультипликаторы;

mt — салықтардың мультипликаторы.

Баға деңгейі өзгергендегі ынталандырушы бюджет салық саясаты.

Бюджет-салық саясатының тиімділігі.

Ығыстыру эффектісі

ТАҚЫРЫП 9: КАПИТАЛДЫҢ ЖИНАҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Мақсаты: Капиталды жинақтау ұғымы және оның түрлері. Жинақтаудың "Алтын ережесі". Экономикалық өсу: мақсаттары, түрлері, факторлары, қарқындары. Экономикалық өсудің Кейестік үлгісі. Р.Солоудың неоклассикалық үлгісі. Тұрғындар санының өсуі мен ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық өсуге әсері. Экономикалық өсуді ынталандырудың негізгі бағыттары. Осыларды қарастыру үшін мына сұрақтар талқыға түседі.

Дәріс жоспары:

1. Капиталды жинақтау ұғымы және оның түрлері.

2. Экономикалық өсу: мақсаттары, түрлері, факторлары, қарқындары.

3. Экономикалық өсудің Кейестік үлгісі. Р.Солоудың неоклассикалық үлгісі.

Тақырыптың мазмұны:

Капиталды жинақтау ұғымы және оның түрлері. Капитал (немісше kapіtal, ағылшынша capіtal, латынша capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік.

Капиталмен қарулану өскен сайын капиталдың шекті өнімділігі кеміп отырады. Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныс инвестиция және тұтынумен анықталады: y = i + c, мұндағы, i – бір жұмысшыға шаққандағы инвестиция, c – бір жұмысшыға шаққандағы тұтыну. Табыс қор жинағының нормасына байланысты тұтыну мен қор жинағының арасында бөлінеді. Тұтынуды төмендегідей өрнектеуге болады: C = (1 – s)y s – қор жинағы, y = c + i = (1 – s) y + i, бұдан i = s * y

Тепе-теңдік жағдайында инвестиция қор жинағына тең және табысқа пропорционал болады.

Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік шарты төмендегідей өрнектеледі.

F(k) = c + i немесе f(k) = i / s

Тауар рыногындағы ұсынысты өндіріс функциясы анықтайды, ал капитал қоры өндірілген өнімге деген сұранысты анықтайды. Өнім көлемінің динамикасы капитал көлеміне тәуелді. Капитал көлемі инвестиция мен капиталдың ығысуы әсерінен өзгереді. Инвестиция капитал қорын өсіреді, ал ығысу – азайтады. Инвестиция қордың қарулануы мен жинақ нормасына тәуелді, бұл экономикадағы ұсыныс пен сұраныстың теңдігінен туындайды: i = s * f(k). к-ның кез келген мәні үшін, жинақ нормасы өнімді инвестиция мен тұтынуға бөледі. y = f(k), i = s * f(k), c = (1 – s) * f(k) (57,а-сурет)


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.014 сек.)