АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 11 страница

Читайте также:
  1. II. Макроэкономика
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

Амортизация төмендегідей жағдайларда ескеріледі: жылдағы капиталдың тозуының салдарынан капиталдың тұрақты бір бөлігі ығысып отырады (d – ығысу нормасы), онда ығысу көлемі капитал көлеміне пропорционал болады және мынаған тең: d * k Бұл жағдай 57,ә -суретте бейнеленген.

Инвестицияның және ығысудың капитал қорының динамикасына әсерін былайша өрнектеуге болады: Δk = i – dk

Немесе инвестиция мен қор жинағының теңдігінен төмендегіні алуға болады: Δk = s * f(k) – dk

Капитал қоры (к) (Δк > 0), инвестиция ығысу шамасына тең болғанша өседі: S * f(k) = dk

Бұл жағдайдан кейін бір жұмысшыға есептегендегі капитал қоры өзгермейді, өйткені әсер етуші екі күш бір-біріне теңеледі (Δk = 0). Инвестиция ығысуға тең болған кездегі капитал қорының деңгейі еңбектің қормен қаруландыруының тепе-теңдік деңгейі деп аталады және к* арқылы белгіленеді. Экономика к* жеткен кезде ұзақ мерзімдегі тепе-теңдікке ие болады.

Тепе-теңдік тұрақты деп есептеледі, өйткені к-ның алғашқы мәнінен тәуелсіз экономика тепе-теңдік к* мәніне ұмтылады.

Егерде алғашқы к1 < к* болса, онда жалпы инвестиция (s * f(k)) мәні ығысудан (dk) үлкен болады және капитал қоры таза инвестиция көлеміне өседі.

Қор жинағының нормасы қор мен қаруландырудың тұрақты деңгейіне әсер етеді. Қор жинағы нормасының өсуі S1-ден S2 инвестиция қисығын жоғары оңға, S1 * f(k)-дан S2 * f(k) деңгейіне қозғайды (58-сурет).

Бастапқы жағдайда экономика капиталдың тұрақты қор жинағына, к*1-ге тең, бұл жерде инвестиция ығысуға тең.



Инвестиция қор жинағы нормасының (i’1 – i1) деңгейіне өскеннен кейін, капитал қоры (к*1) тең және ығысу (dk1)-ге тең болып бұрынғы қалпында қалды. Мұндай шарттарда инвестиция ығысуды үлкейтеді, демек капитал қорының деңгейі k1*-ден k2* өседі деген сөз.

Қор жинағының нормасы неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым өнім көлемі мен капитал қоры тұрақты тепе-теңдік жағдайына ұмтылады. Қор жинағы нормасының өсуі қысқа мерзім кезеңіндегі экономиканың өсуін жылдамдатады. Бұл жағдайда экономика жаңа тепе-теңдік нүктесіне жетеді. Дегенмен, қор жинағының үрдісі де, қор жинағының нормасы да, экономика ның тұрақты өсуі механизмін түсіндіре алмайды. Экономиканың бір тепе-теңдік жағдайдан екінші тепе-теңдік жағдайға көшуін көрсетеді.

Жинақтаудың "Алтын ережесі".Қор жинағының «алтын ережесін» 1961 жылы американ ғалымы Э.Фельпс ұсынды. Ол ереже бойынша» дамыған экономика жағдайында халықтың жан басына шаққандағы тұтыну өзінің максималды деңгейіне капиталдың шекті өнімі экономикалық өсу қарқынына тең болғанда жетеді. Алтын ережеге» сәйкес келетін капитал қорының оңтайлы (оптималды) жағдайында мына шарт орындалуы тиіс: МРК = d, vұндағы МРК – капиталдың шекті өнімі, d –амартизация, ал егер халық өсімінің қарқыны мен техникалық прогрессті есепке алатын болсақ, онда МРК = d+ n+g.

‡агрузка...

«Алтын ережеге» сәйкес келетін капитал қорының оңтайлы нормасы тұтынудың максималды деңгейіне сәйкес келетін тепе-теңдік экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Қорытатын болсақ, «алтын ережеге» сәйкес келетін капитал қорын анықтау - бұл капитал қорының оңтайлы нормасы мәселесін шешу дегенді білдіреді. Егер экономикадағы капитал қоры «алтын ереже» жағдайынан үлкен болса, онда қор жинағының нормасын төмендететін бағдарлама қажет. Мұндай бағдарлама тұтынуды көбейтеді және инвестицияны төмендетеді. Экономика тепе-теңдік қалпынан шығып, «алтын ережеге» сәйкес келетін пропорцияға жетеді. Егер де қарастырылып отырған кезеңде экономикада капитал қорының мөлшері төмен болса, онда қор жинағының нормасын көтеруге бағытталған бағдарлама қажет. Бұл бағдарламаның барысында инвестиция өседі және тұтыну төмендейді, бірақ капиталдың қоры өскен соң, белгілі бір уақыттан кейін тұтыну өсе бастайды. Нәтижесінде экономика жаңа тепе-теңдік жағдайына жетеді, бұл жағдай «алтын ережеге» сәйкес болады, демек тұтыну бастапқы жағдайынан жоғарылайды. Жоғарыда қарастырған Солоу үлгісі экономиканың өсуінің ұзақ мерзімдегі механизмін сипаттайды. Мұнда экономика тепе-теңдікте болады және факторлар толық қамтылады..

Экономикалық өсу: мақсаттары, түрлері, факторлары, қарқындары.Экономикалық өсу – барлық елдер үшін негізгі экономикалық проблема. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық өсу түсінігін әржақты пайымдайды. Бір экономистер экономикалық өсуді әлеуетті және нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) көбейуі деп түсіндірсе, басқалары экономикалық өсуді өндірістік қуаттың өсуі, адам басына шаққандағы нақты өні көлемінің өсуі деп сипаттайды. Отандық әдебиеттерде экономикалық өсуді нақты өнім көлемінің ұзақ мерзімді өсуі ретінде қарастырады. Экономикалық өсу – ұлттық өнімнің сан жағынан көбейуі мен сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсудің қайнар көзі неде?

Экономика өсуінің қайнар көзі – экономикалық ресурстар, экономикалық мүдделер мен ынталандыру. Олар атқаратын қызметтің көлемін ұлғайтуға және сапасын арттыруға белгілі уақыт кезеңінде барынша мүмкіндік жасайды. Экономикалық дамудың ерекше қайнар көзі инвестиция (күрделі қаржы) болады. Бүгін салынған қаржы көлемі келешектегі табысты ұлғайтуды көздейді. Бұған Жапония елі айқын дәлел: халық шаруашылығын дамытуға жұмсалған жоғарғы деңгейдегі инвестиция әлемдік қауымдастықта оны дамыған мемлекеттің қатарына көтерілуге ықпал жасады. Экономикалық өсудің сапалық жаңа типінің түпкі мақсаты адам болып табылады. Оның ҒТР жетістігімен қаруланған білімін, еңбегін де айта аламыз. Сондай-ақ оның барлық кездегі көп түрлі тұтыныстар әлеуметтік-экономикалық прогрестің басты критериі болмақ. Экономикалық өсу процесі өзара байланысты бірнеше факторларға байланысты. Макроэкономикада экономикалық өсу факторларының 3 тобын бөліп қарастырады:

1) Ұсыныс факторлары:

- табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі;

- еңбек ресурстарының сапасы мен көлемі;

- негізгі капитал қорының көлемі;

- технология деңгейі.

2) Сұраныс факторлары:

- баға деңгейі, тұтыну шығындары, инвестициялық шығындар;

- мемлекеттік шығындар, таза экспорт.

3) Бөлу факторлары:

- ресурстарды өндірісте толық әрі ұтымды пайдалану;

- ресурстарды пайдаланудың тиімділігі.

Экономикалық өсуде ең маңызды орынды ұсыныс факторлары алады. Жоғарыда берілген экономикалық өсу факторларының өзара байланысын өндіріс мүмкіншіліктер сызбасы бейнелейді. Бұл берілген технология деңгейінде, берілген еңбек пен табиғи ресурстар көлемінде өндіруге болатын әр түрлі игіліктер сәйкестігін көрсетеді. (56-сурет).

Экономикалық өсуді өлшеу үшін нақты өнімнің жалпы (ЖҰӨ, ЖІӨ) немесе адам басына шыққандағы көлемінің абсолютті өсімі мен өсім қарқыны қолданылады.

∆У = Уt – Уt-1 немесе Уt = ∆Уt / Уt-1

мұндағы: t – уақыт индексі.

Экономикалық өсу көрсеткіштері:

· Өсу коэффиценті = есептік кезең көрсеткіші/ базистік кезең көрсеткіші

· өсу қарқыны = өсу коэффиценті х 100%

· өсім қарқыны = өсу қарқыны – 100%

Номиналды (атаулы) экономикалық өсу – ағымдық бағамен есептелген экономикалық өсу.

Нақты экономикалық өсу – базалық бағамен есептелген экономикалық өсу.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты өнімнің өсу жылдамдығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерісінің арасындағы сәйкестік әртүрлі болуы мүмкін. Соған байланысты экономикалық өсудің бірнеше типтерін ажыратады:

Экономикалық өсуді екі типке бөледі:

Экстенсивті – тұрақты техника негізінде еңбектің орташа өнімділігін сақтай отырып қосымша қорларды пайдлану арқылы өнім көлемін көбейту

Интенсивті (қарқынды) – бұл технология деңгейін көтеру арқылы өнім көлемін көбейту, яғни өндіріс факторларының тиімділігін арттыру арқылы өнімді ұлғайту.

Аралас – факторлардың өсуімен қатар техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнім көлемінің өсуі.

Экономикалық өсу факторларын көбінесе экономикалық өсу типіне қарап топтастырады. Мысалы, экстенсивті факторларға капитал көлемін, еңбек көлемін ұлғайту, ал интенсивті факторларға технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, жұмысшылардың білім деңгейін көтеру, ресурстарды бөлуді жақсарту т.б. жатқызады.

Экономикалық өсудің Кейестік үлгісі.Экономикалық өсу үлгілері:

- қарапайым кейнстік үлгі (Е.Домар мен Р.Харрод);

- неокласикалық үлгі (Солоу үлгісі).

Домар мен Харродтын үлгісі бір үлгі ретінде қарастырылады. Бірақ олардың бір-бірінен зерттеу объектісі бойынша да, экономикалық мағынасы бойынша да өзгешіліктері бар.

Сонымен Домар үлгісі мынадай алғышарттарға негізделеді:

· үлгіде тек игіліктер нарығы қарастырылады;

· өндіріс технологиясы Леонтьев функциясы арқылы беріледі;

· факторлар өзара орын ауыстырмайды;

· еңбек нарығында артықшылық;

· капиталдың орташа өнімділігі және қор жинау нормасы тұрақты.

Харрод үлгісінде де игіліктер нарығы беріледі. Оның тек өзіне тән ерекшеліктері бар:

· инвестиция эндогенді өзгермелі болады, Домарда ол экзогенді өзгермелі;

· капитал сиымдылығы тұрақты (к/у);

· кәсіпкерлердің іс әрекеті сұранысты күтуіне байланысты.

Домар үлгісі 1840 жылы ұсынылды. Өндіріс технологиясы Леонтьевтің өндіріс функциясы негізінде берілген. Онда капиталдың шекті өнімділігі тұрақты, ал ресурстар артық. Домар үлгісінде еңбек ұсынысы өте жоғары болғандықтан баға деңгейі де тұрақты болады. Өндіріс көлемі бір ғана ресурс капиталға тәуелді. Экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың өсу факторлары инвестиция өсімі болып табылады. ∆УAD = ∆I х m = ∆Iх 1 / 1-b = ∆I х 1/ s

мұнда: m – шығындар мультипликаторы;

b – тұтынуға шекті бейімділік;

s – қор жиынғына шекті бейімділік.

Жиынтық ұсыныстың молаюуы ∆УAS = λ х ∆к

мұнда: λ – капиталдың шекті өнімділігі (тұрақты),

∆к – инвестиция көлеміне байланысты сондықтан былай жазуға болады:

∆УАS = λ х I

Тепе-теңдік экономикалық өсу сұраныс пен ұсыныс тенескенде қалыптасады

∆I / S = λ х I немесе ∆I / I = λ х S

Р.Солоудың неоклассикалық үлгісі.Р.Солоудың экономикалық өсу үлгісі - қор жинағы, еңбек ресурстарының және ғылыми-техникалық прогресстің халықтың өмір сүру деңгейі мен оның динамикасына әсер ету механизмін бейнелейтін экономикалық өсудің неоклассикалық үлгісі. Р.Солоу үлгісі 1956 жылы дүниеге келді және ол қор жинағы, қапитал қорлануы арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Р.Солоу Кейнс үлгісіндегі динамикалық тепе-теңдік тұрақсыздығының себебі, өндіріс факторларының бірін-бірі алмастыра алмайтындығында екендігін өзінің үлгісінде көрсетіп берді. Ол үлгіде Леонтьев функциясының орнына Кобб-Дугластың өндіріс функциясы пайдаланды. Бұл функцияда өндіріс факторлары субституттар болып табылады, яғни олар бірін-бірі алмастырады. Р.Солоу үлгісі мынадай алғышарттарға негізделеді:

· өндіріс факторлары нарығында бәсеке жетілген және толық жұмысбастылық бар;

· игіліктер рыногында баға икемді;

· капиталдың кемімелі шекті өнімділігі;

· масштаб әсерінің тұрақтылығы;

· ығысудың (капиталдың тозуы) тұрақты нормасы;

· инвестициялық лагтардың болмауы.

Р.Солоу үлгісі алдымен техникалық прогресс жоқ масштаб әсерінің тұрақтылығы жағдайында қарастырылады. Кейін үлгігіге капитал қоры нормасының өзгерісі нәтижесіндегі технологиялық жетістіктер енгізіледі. Солоу үлгісі экономикалық динамиканы сипаттайтын теңдеулерден құралады. Ұсыныс тұрақты масштаб әсері бар өндіріс функциясы арқылы өрнектеледі: Y = F (K,L) және кез келген z > 0 үшін: zF (K,L) = F (zK, zL). Онда, егерz = 1 / L, онда Y / L = F(K / L, 1), мұндағы Y / L – бір жұмысшыға шаққандағы орташа еңбек өнімділігі, K / L – бір жұмысшыға шаққандағы капиталмен қаруландыру. Егер Y / L = y; K / L = k деп белгілеп, жоғарыдағы функцияны былайша өрнектеуге болады: ү = f(k).

Сонымен бір жұмысшыға шаққандағы өндіріс көлемі оның капиталмен қаруландыру функциясы болып табылады, яғни бұл функция өнімділік және капиталмен қаруландыру арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Аталмыш өндіріс функциясының тангенс бұрышы капиталдың шекті өніміне сәйкес келеді.

Тұрғындар санының өсуі мен ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық өсуге әсері.Cолоу үлгісін жетілдіру үшін, екі алғышартты кезек-кезек алып тастаймыз. Бірінші – халықтың саны тұрақты және жұмыспен қамтылғандар тұрақты болады. Екінші – технологиялық прогресс жоқ деп есептейміз. Халықтың саны тұрақты n қарқынымен өседі. Бұл қормен қаруландыруға инвестиция және ығысумен қатар әсер ететін жаңа фактор болып табылады. Бір жұысшыға шаққандағы капитал қорының өзгерісі төмендегідей бейнеленеді:

Δk = i – dk – nk немесе Δk = i – (d + n)k

Халық санының өсуі ығысу сияқты қормен қаруландыруды төмендетеді. Капитал қорының төмендеуі нәтижесінде емес, ол өскен халыққа қайта бөлу арқылы болады. Бұл жағдайда капиталдың ығысуын қамтамасыз ететін және пайда болған жаңа жұмыс орындарын капиталмен қамту үшін қажетті инвестиция көлемі болуы тиісті. n * k мәні бір жұмысшыға шаққанда қанша қосымша капитал қажет болатындығын көрсетеді. Экономикадағы тұрақты тепе-теңдік шартын тұрақты қормен қаруландыру (к*) жағдайында төмендегідей жазуға болады:

Δk = s * f(k) – (d + n)k = 0 немесе s * f(k) = (d + n)k

Бұл жұмыспен толық қамтылған жағдайда бейнелейді.

Экономиканың тұрақты жағдайында капитал және бір жұмысшыға шаққандағы өндірілетін өнім, басқаша айтқанда қормен қаруландыру (к) және еңбектің өнімділігі (y) тұрақты болады. Бірақ халық саны өскенде қормен қаруландыру тұрақты болу үшін, халық қандай қарқынмен өссе, капитал соншалықты өсуі керек.

ΔY / Y = ΔL / L = ΔK / K= n

Сонымен халық санының өсуі тепе-теңдік жағдайындағы экономиканың үздіксіз өсуінің негізгі бір себебі болып есептеледі. Халықтың өсу қарқынының ұлғаюына байланысты (d + n) * k қиысығының бұрыштық коэффиценті өседі, мұндай жағдай тепе-теңдік қормен қарулану деңгейінің (к*) төмендеуіне немесе у-тің төмендеуіне әсер етеді.

Р. Солоу үлгісіндегі технологиялық өзгерістер нәтижесі. Р.Солоу үлгісінің негізгі идеясы экономикалық өсу капиталмен қарулану есебінен емес, ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс. Үлгіге техникалық пргрессті қосу алғашқы өндіріс функциясын өзгертеді. Бұл жағдайда өндіріс функциясы былайша бейнеленеді:

Y = F (K, L * E),

мұндағы E – еңбек тиімділігін көрсетін өзгермелі, ал (L * E) – тұрақты еңбек тиімділігі..

Неғұрлым E үлкен болған сайын, осы берілген жұмысшылар соғұрлым өнімді көп өндіреді. Егер бір жұмысшыға шаққандағы еңбек тиімділігі Е тұрақты g = 0,03 қарқынымен өседі деп жорамалдасақ, онда әр бірліктен қайтарымдылық 3 %-ға өседі. Өйткені жұмыс күші n қарқынымен, ал қайтарымдылық – g қарқынымен өссе, онда тепе-теңдіктің тұрақты жағдайындағы өнім көлемі n+g қарқынымен өседі. Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс қарастырылады және жоғары тұтынуды қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді

Экономикалық өсуді ынталандырудың негізгі бағыттары.Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мелекеттің ролі туралы әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Олардың негізгілері:

· ең алдымен қоғамда заңдылық пен тәртіпті орнату қажеттілігі. Заңдардың сақталмауы еңбек ресурстары мен табиғи ресурстардың дұрыс пайдаланбауына әкеледі;

· әлеуметтік тауарлар мен қызметтердің тапшылығы, инфрақұрылымның жеткілікті деңгейде дамымауы экономикалық өсуге тежеуші болады. Ал қоғамдық тауарлар мен қызметтерді тек мемлекет қамтамасыз ете алады;

· міндетті жинақ пен капитал салымдарын мелекет тарапынан реттеудің қажеттігі.

Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясы мен ішкі жинақтың жоғары деңгейіндегі экономикалық ашықтық негізінде экономикалық өсуге қол жеткізу. Экономикалық өсуге қол жеткізу барысындағы міндеттер:

· Мемлекеттің белсенділігімен қатар экономикаға араласуды шектеу.

· Қатаң монетарлық, фискалдық шектеулер қою.

· Шетелге қаржылық инвестиция шығару туралы стратегия құру.

· Құқықтық қорғау.

· Энергетикалық және басқа да табиғи ресурстарды өңдеу.

· Инвестициялық саясатты жүзеге асыру.

· Индустриалдық технология стратегиясын жасау.

· Өндіріс диверсификациясын жүргізу.

· Өндіріс салаларының бәсекелік қабілеттілігін дамыту.

ТАҚЫРЫП 10: БЮДЖЕТТІКК ТАПШЫЛЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕЕТТІК ҚАРЫЗ

Мақсаты:Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздар. Мемлекеттік қарыздар салдары. Мемлекеттік бюджет құрылымы. Мемлекеттік бюджетті теңестіру. Бюджет тапшылығы және оның түрлері. Мемлекеттік бюджеттің алғашқы тапшылығы және қарыздың өзіндік қайта өндіру тетігі. Мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру. Мемлекеттік қарызын басқару. Осы тақырыпқа мына сұрақтар талқылауға шығарылады.

Дәріс жоспары:

1. Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздар

2. Бюджет тапшылығы және оның түрлері.

Тақырыптың мазмұны:

Ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыздар.Ішкі мемлекеттік қарыз - Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы орғандардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік қарызының құрамдас бөлігі. Сыртқы мемлекеттік қарыз - Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік қарызының құрамдас бөлігі.

Мемлекеттік қарыздар салдары.Мемлекеттік қарыз - мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері, несиелері және оларға байланысты төленбеген пайыздары бойынша берешегінің жалпы сомасы. Тағы бір анықтамасы — мемлекеттің үкімет немесе орталық (ұлттық) банк арқылы жүргізетін қарыздарлық қатынасы. Бұл — басқа мекелерден, елдерден мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабу үшін алынатын қарыз. Барлық елдер экономикалық саясатты жүзеге асыру тетіктерінің бір ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланады. Мемлекеттік қарыз бір жағынан, экономикаға ауыртпалық түсіреді және экономикалық жағдаяттың нашарлауына байланысты әсер түсіреді. Екінші жағынан, Мемлекеттік қарыз бен бюджеттен қаржыландыру - экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы. Ол ақша айналысына, тұтыну, жинақ ақша, инвестиция деңгейіне тұрақтандырушы ретінде де, тұрақсыздандырушы ретінде де әсер етуі ықтимал, яғни экономикалық өсуге серпін беруі де, оны тежеуі де мүмкін. Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы қарыздарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы қарыздарға, мерзіміне қарай

қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;

орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін;

ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - қарыз түрлеріне бөлінеді.

Мемлекеттік кредит кызметінің нәтижесінде мемлекеттік қарыз түзіледі. Мемлекеттік қарыз- бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік қарыз ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік қарызды мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы мемлекеттік қарыз болып бөлінед

Мемлекеттік бюджет құрылымы.Бюджет арнайы экономикалық нысандар-бюджет шығыстары мен кірістерінен қалыптасады. Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік –экономикалық жағдайында жүзеге асырылатын бюджеттік және салықтық саясаттарының бағыттарына байланысты. ҚР мемлекеттік бюджетінің кірістерінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдер жүйесі арқылы анықталады. 1996 жылдан бастап мемлкеттік бюджеттің құрылымы 5 бөлімнен тұратын жаңа сыныпталу (жіктелу) негізінде қалыптасады.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.036 сек.)