АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Мак 2203 МАКРОЭКОНОМИКА 16 страница

Читайте также:
  1. II. Макроэкономика
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

Нарық – тауар айырбас қатынастарының жиынтығы: сатушы мен сатыпалушының өзара әрекеттесуінің механизмі: ел іші мен елдер арасындағы айырбас саласы.

Нарықтық бәсекелстік – тиімділікті жоғарлату немесе мемлекеттік қолдау есебінен өніммен қызмет көрсету нарығының сегментін тұрақты ұстап қалу.

Нарықтық инфрақұрылым - жеке нарықтарда шаруашылық байланыстарды қалыптастыру мен қызмет етуінің механизмі: мысалы, тауар және қор биржалары, коммерциялық банктер және т.б.

Негізгі капиталды тұтыну- негізгі капиталды бағалау, жапы ішкі өнімді құру үшін пайдаланады.

Номиналды (атаулы) жалақы – баға деңгейін ескермейтін ақшалай жалақы.

Номиналды (атаулы) жалпы ішкі өнім – ағымдағы бағамен есептелген жалпы ішкі өнім (баға өзгерісін ескермейді)

Номиналды (атаулы) пайыз мөлшерлемесі – инфляцияны ескермейтін ағымдағы бағам

Номиналды (атаулы) табыс – жеке тұлғалар немесе белгілі топтың белгілі уақыт аралығында алған ақша қаражатының көлемі.

Номиналды еңбек ақы - белгілі бір уақыт аралығында (апта, ай, жыл, және т.б.)жалдама жұмысшының ақша сомасы.

Номиналды табыстар - белгілі бір уақыт аралығында жеке азаматтардың немесе жанұяның алған ақша табыстарының сомасы; бағалар өзгерісін ескермейді.

Номиналды табыстар - өзінің номиналды табыстарына белгілі бір уақыт аралығында жеке азамат немесе жанұя сатып алалатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің көлемі.

Облигациялар - (табыстық, артықшылығы бар, жинақ) әдетте үлкен партиялармен шығарылатын қарыз міндеттемелері.

Ойын теориясы - бұл теория бойынша кәсіпкерлердің іс-әрекеттерін шахмат, покермен салыстыруға болады.

ОПЕК елдері – 1970 жылы 13 мұнай өндіруші елдер арасында қалыптасқан картель, басты мақсаты мұнайға баға белгілеу, ОПЕК-ке мүше елдердің мұнайды экспорттауға мүмкін көлемін орнату. Әлемдік дәрежеде мұнай экспорттауда үстемдік ететін елдер арасындағы картель.

Орталық банк - негізгі функциясы мемлекеттегі ақша массаларымен жұмыс істеу болып табылатын банк.

Оукен заңы – жұмыссыздық пен ЖҰӨ арасындағы кері байланысты білдіреді. Жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1% - ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды.

Өндіріс факторлары - тауарлар мен қызметтер өндіруге қажетті ресурстар (еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік)

Өсуші сала – фирмада экономикалық кірістер болған кезде өндіру көлемі ұлғая түспек.

Өсуші экономика – бұл экономикада таза ішкі инвестицияның нөлден жоғары болуы.

Пааше индексі - ағымдық жылғы тауарлар мен қызметтер бағасына негізделеді.

Пайда – кең мағынада алынған түсім мен көтерген шығындар арасындағы айырмасы: тар мағынада- нақты капиталдан түскен табыс.

Пайыз мөлшерлемесінің әсері - бағаның көтерілуі ақшаға сұраныстың өсуіне әкеледі, осыған байланысты пайыз ставкасының өсуіне әкеледі және мемлекет ішіндегі жалпы шығынның қысқаруына әкеледі.

Пайыз теориясы- бұл теория бойынша несие беру орталықтарына сұраныс олардың пайызына байланысты.

Пайыздық мөлшерлеме - қолданылған ақшаның бағасы немесе капитал.

Паритетті баға (паритетная цена)- ауылшаруашылық өніміне баға, бұл баға өнім иесіне өнім көлемін өзгертпей жылдан жылға ақшалай табысын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Патентті заңдар (патентные законы)- федералды заңдар, жасап шығарушылар үшін 17 жыл мерзімде белгілі бір өнім мен машина өндірісіне берілетін ерекше құқық.

Прогрессивті (үдемел») салық- салықтың орташа мөлшерлемесі салық төлеушінің табысы өскен сайын көтеріледі, табысы төмендесе ставкасы да төмендейді.

Прогрессивті салық салу – салық базасы өскен сайын салық ставкасын жоғарлату кезіндегі салық салу әдісі.

Пропорционалды салық - салықтың орташа мөлшерлемесі табыстың жоғарылауы мен төмендеуіне байланыссыз.

Протекционалық баға салығын рұқсат етпеу - ішкі тауар өндірушілерін шетелдік өндірушілердің бәсекелесінен сақтау мақсатындағы баға.

Протекционизм – жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты.

Рационалдық күтімдер теориясы- бұл гипотеза бойынша фирмалар және шаруашылықтар ақша-несие саясаты және мемлекеттің бюджет саясаты оларға белгілі әсер етеді деп ойлайды, және өздері көп пайда табу үшін белгілі іс-әрекеттер жасап, бұл саясатты жоққа шығарады.

Ревальвация – валюта құнының жоғарылауы.

Ревальвация - ұлттық валютаның басқа елдердің валюталарына қатысты бағамын жоғарылату

Регресивтік салық (кері үдемелі)– салық төлеушінің табысы жоғарлаған сайын төленетін салықтың орташа мөлшерлемесі азаяды.

Резервтік норма – депозиттік міндеттемелердің минималды орнатылған пайызы.

Ресми резервтер (официальные резервы)- мемлекеттің орталық банкісіндегі шетел валютасы.

Ресурстар нарығы – бұл нарықта үй шаруашылықтары сатылады, ал фирмалар сатып алады.

Рецессиондық үзіліс – тепе-теңдік ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес денгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың (жиынтық шығындардың) өсуіне қажетті көлем.

Рикардо эквивалентінің теориясы- бұл теория бойынша мемлекеттің қарыздық көлемі тауар өндіру көлеміне және жұмыспен қамтуға әсер етеді немесе әсер етпейді.

Сақтандыру мекемесі – сақтандыру ассоцациясы, сақтандыру банкі немесе кредиттік союз.

Сақтандыру шоты – депозиттік мекемедегі шот, бұл салымшыға пайыздық кіріс әкелкді және кез – келген кезде ала алады.

Сақтау мерзімі жоқ салымдар – коммерциялық банктегі салымдар, оған чек беріледі, ағымдағы есеп және ағымдық есептегі ақша.

Салалық бақылау - өнім өндіру көлеміне және өнім бағасына үкімет тарапынан бақылау орнауы, әлеуметтік бақылауға кері бақылау түрі.

Салықтың орташа мөлшерлемесі - жалпы төленетін салықтың сомасының жалпы болжанған салық көлеміне қатынасына тең.

Салыстырмалы артықшылық теориясы – Д.Рикардо ұсынды Ол теория бойынша мамандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда баламалы шығындары аз болуы қажет. Сонда жалпы өнім де жоғары деңгейде болады.

Сатып алу қабілетінің паритеті (ППС) – валюталардың сатып алу қабілетін теңестіру үшін қолданылатын валютаның айырбас бағамының деңгейі.

Сауда мен тариф жөнінлегі бас келісім – бұл келісім 1948 жылдан бастап жұмыс істейді. Келісімнің мақсаты саудадағы кемсітушілікті бірте-бірте жою, тарифтік емес бірқатар шектеулерді алып тастау.

Сей заңы – макроэкономиканың қағидасы, игіліктер ұсынысы өздігінен сұранысты тудырады

Селлер –Кефовер заңы – клейтон заңына ішінара өзгерту, егер бір фирма басқа фирма активін алу арқылы бәсекелестікті төмендетсе, онда ол активті алуға тыйым

Сеньораж – мемлекеттің айналымға қосымша ақша шығару аркылы табатын пайдасы.

Симпсон – Родина заңы - осы заң 1982 жылы АҚШ – та тұрушыларға легалдық дәрежені қажетті құжат жоқ тұлғаларға әкелді және жоққа шығарды.

Сирек ресурстар – жердің жетіспеуі, капиталдың, еңбектің және кәсіпкерлік ыңғайдың жоқтығы.

Соңғы өнім – сатып алынған тауардың соңғы мақсатқа қолдану, яғни қайта сатуға, қайта өңдеуге немесе қайта өңдеуге емес.

Специализация – индивидтерді қолдану барысында фирманың бір тауарды өндіруге жұмсалатын ресурстар.

Стагфляция – жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты бір мезгілде бағаның өсуі.

Статикалық күту концепциясы - концепция бойынша экономикалық субъектілер болашақта өткен жағдайлар қайталанады деп күтеді.

Статикалық экономика – бұл экономикада таза жеке ішкі инвестиция нольге тең, ал жалпы ішкі жеке инвестиция амортизациялық төлемдерге тең.

Субсидия- мемлекетпен немесе фирмалармен төленетін қайтарымсыз төлем.

Сыртқы қарыз – мемлекеттің шетел азаматтарына қарыз болуы, фирмаларға және мекемелерге.

Сыртқы сауда тапшылығы – ақшамен бағаланған шетелден тауар әкелудің шетелге тауар шығарудан артықтығы.

Сыртқы төлемдер – жеке адамдардың, фирмалардың және үкіметтің басқа елдердің тауарларын сатып алуға қызмет түрлерін пайдалануға валюта жұмсауы. Сыртқы төлемдерге шетелге ақша аудару, инвестициялық табысты басқа елде ұстау, капиталды шетелге шығару.

Табиғи монополия – тауар өндіру, тауар сату мен қызмет көрсетуде ресми түрде мойындалған дара иелік. Мұндай дара иелік монополистің табиғи құқығына, не болмаса мемлекет пен барлық халық үшін экономикалық пайда келтіреді, деген ұғымынан туындайды. Мемлекеттік дара иелік көпшілік жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, энергия жүйелері темір жол, мұнай, газ құбырларын пайдалану, салаларында т.б.

Табиғи ресурстар - жер мен жер қойнауы, өсімдік және жануарлар әлемі орман және су ресурстары, ауа бассейіні және климат.

Табыс – жұмысшылардың алатын ақшалай кірісі, жалақа ставкасына теңестірілген, кеткен еңбектің көлеміне көбейтіндісіне тең (істелген уақыт саны).

Табыс дифференциясы –бір адам басына табыс денгейінің айырмашылығы.

Табыс саясаты- наминалды жеке табысқа, тауар мен қызметтер бағасына үкімет саясатының әсері.

Табыстар саясаты - дифференцияланған салық салу жолымен мемлекеттік бюджет арқылы халық табыстарын қайта бөлістіруге бағытталған мемлекеттік саясат.

Табыстарды индекстеу - инфляция денгейіне байланысты номиналды табыстарды (еңбек ақы, әлеуметтік төлемдер) жоғарлату.

Таза бәсекелестік- фирмалардың стандартталған тауарлар сататын нарығы, мұнда кіруге де шығуға да болады, және фирма баға қалыптастыра алмайды, фирмалар көп, сатып алушылар көп.

Таза жалақы – номиналды еңбекақысына жұмыскердің алатын тауар мен қызметтер көлемі.

Таза пайыздық мөлшерлеме – ақшалай қатынастағы пайыздық мөлшерлеме. Инфляцияның төмендеуіне байланысты номиналды пайыздық мөлшерлемеге тең.

Таза салықтық түсімдер- үкіметтің салықтық түсімдерінен трансферттік төлемдерді аламыз.

Таза ұлттық өнім - жалпы ұлттық өнім мөлшерінен белгілі бір жылда тұтынылған ө.қ.ж. құнын алып тастағаннан қалған бөлігі

Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) жиынды ішкі өнімнен амортизациялық аударуларды шегеріп тастағанға тең.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.013 сек.)