АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Таза экспорт - экспорттан импортты шегереміз 3 страница

Читайте также:
  1. e) Сауда экспорты
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

в) макроэкономикалық модельдерді құруа қажетті мәліметтер базасының жиынтығы.

ТАҚЫРЫП 2: МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР.

Жаттығулар, есептер, тапсырмалар:

1. Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд. долл.):

Трансферттік төлемдер 4,0
Жалпы ішкі инвестициялар 16,2
Бизнеске салынатын жанама салық 7,0
Жеке табыс салығы 2,6
Таза экспорт 1,1
Корпорацияның бөлінбеген пайдасы 2,8
Амортизация 7,9
Жеке тұтыну шығындары 77,2
Корпорацияның пайдасына салынатын салық 1,4
Әлеуметтік сақтандыру салымдары 0,2
Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу 8,5

А) ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер.

Б) Жеке жинақтардың көлемі қанша?

В) Экономикадағы капитал қорының көлемі қаншаға өсті? (есеп ЖІӨ=ЖҰӨ жағдайында шығарылады).

 

2. Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:

Тұтыну шығындары (С) = 2300

Инвестициялар (I) = 700

Мемлекеттік шығындар (О) = 800

Мемлекеттік трансферттер (TR) = 100

Мемлекеттік қарыз бойынша %-ті төлеу (N) = 100

Салықтар (T) = 800

ЖІӨ = ЖҰТ

Есептеңдер:

А) жеке жинақтар;

Б) мемлекеттік жинақтар;

В) мемлекеттік облигациялардың бағасын (құнын) және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін шығарылған қосымша ақша көлемін. Мына жағдай анық: тапшылық 80%-ке облигация шығарумен қаржыландырылады.

 

3. 3 игілік өндіріледі және тұтынылады дейік. Кестеде саны және бағасы (1 бірлікке) 2 кезеңге берілген Ласпейрес, Пааше, Фишер индекстерін (1992 ж. базистік кезең) есептеңдер:

Жылдар        
бағасы саны бағасы саны
кітаптар        
джинсілер        
теледидарлар        

4. Тұтынушы ай сайын 1 кг сиыр еті мен 1 кг балық сатып алады деп ұйғарайық. Базистік жылы сиыр етінің де, балықтың да 1 кг-ның бағасы 1000 теңге болды дейік. 2002 жылы сиыр етінің бағасы көтеріліп, 200 теңге болды, ал балықтың бағасы өзгермей, бұрынғы қалпында қалды. Осыған орай 2002 жылы ТБИ қандай болады.

 

5. Экономика келесідей мәліметтермен берілген:

ЖҰӨ - 4800, Таза инвестиция – 800, Тұтыну – 300, Мемлекеттік сатып алымдар – 960.

Табу керек: таза экспортты, қолда бар табысты, жинақты, таза ұлттық өнімді.

 

6.­Төмендегі берілген мәліметтерді пайдалана отырып есептеңіз (ақша бірлікпен): а) ТҰӨ -ді; б) ҰТ – ты; в) жеке табысты; г) қолда бар табысты.

- ЖҰӨ - 7800.

- Амортизациялық аударымдар – 500.

- Корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 300.

- Әлеуметтік сақтандыру жарналары – 350.

- Мемлекеттің жеке тұлғаларға төлетін трансферттік төлемдері – 530.

- Корпорацияның пайдасына салық салу – 140.

- Азаматтардан алынатын табыс салығы – 650.

- Бизнеске деген жанама салықтар – 490.

7.- Шикізат өндіру (мақта) – 100.

- Шикізатты өңдеуге жеткізу – 160.

- Шикізатты өңдеу (мата) – 300.

- Өңделген шикізатты дайындаушыға жеткізу (тігін фабрикасына) жеткізу – 370.

- соңғы өнімді шығару (көйлек) – 550.

- соңғы өнімді көтерме сатушыға жеткізу – 610.

- соңғы өнімді бөлшек сатушының сатуы – 710.

Осы мәліметтерді пайдалана отырып сатудың жалпы құнын және қосылған құнды анықтаңыз (ақша бірлікпен).

 

8.Төмендегі мәліметтеріне сәйкес жеке табысты, қолда бар табысты, жеке жинақтарды анықтаңыз:

Көрсеткіштер (ағ.бағамен,млрд.тг.) 2000 ж.
1. Еңбекақы 2. Әлеуметтік трансферттер 3. Меншіктен түскен табыстар 4. Басқа да табыстар 5. Салықтар және басқа да төлемдер 6. Тұтыну шығындары 2453,7 502,6 268,4 517,9 291,1 2911,4

 

9.Кестені толтырыңыз:

  Y C I G Xn T Sp (жеке жинақтар) Sg (мем.жинақтар) Sn (ұлттық жинақтар)
                   
                   
                   

10.Төмендегі мәліметтерді пайдалана отырып ЖҰӨ-ді екі әдіспен (шығындар әдісімен және табыстар әдісімен) есептеңіз (млн.тг.):

Тұтыну шығындары – 3226; жалпы ішкі таза инвестициялар – 765; жеке салықтар – 590; трансферттік төлемдер – 768; мемлекеттік сатып алымдар – 964; корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 79; корпорацияның пайдасына салық салу – 145; экспорт - 202; импорт – 295; әлеуметтік сақтандыру жарналары – 445; амортизациялық аударымдар – 505; бизнеске деген жанама салықтар – 393; жалақы – 2905; арендалық төлемдер – 20; пайыздар – 392; жеке салымдардан түскен табыс – 325; дивидендтер – 98.

 

11.ЖІӨ - 4000, тұтыну – 2500, инвестициялар – 400, мемлекеттік шығындар – 1200, экспорт – 200. Табу керек: а) Импорт көлемі қаншаға тең? б) Жеке жинақтардың көлемі қаншаға тең?

 

12. ЖІӨ - 5000, жеке қолда бар табыстар – 4100, мемлекеттік бюджет тапшылығы – 200, тұтыну – 3800, инвестициялар – 200. Табу керек: а) Таза экспорт көлемі қаншаға тең? б) Жеке жинақтар көлемі қаншаға тең?

 

13. Мына берілгендер бойынша а) ЖҰӨ-ді (шығындар бойынша және табыстар бойынша), б) ТҰӨ-ді, в) ҰТ-ты есептеңіздер.

Берілгендер (млрд. тг.):

- несиеге деген пайыз – 12,

- жалпы жеке инвестициялар – 55,

- жалақы – 218,

- корпорацияның пайдасы – 113,

- жанама салықтар, салықтық емес төлемдер – 22,

- ренталық төлемдер – 20,

- корпорацияның пайдасына деген салықтар – 50,

- таза экспорт – 9,

- мемлекеттік сатып алымдар – 90,

- таза жеке инвестициялар – 45,

- меншіктен түсетін табыстар – 21,

- мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар беру – 2,

- тұрғындарға берілетін трансферттік төлемдер – 23,

- тұтыну шығындары – 260.

 

14.Ұлттық өндіріс мынадай 2 тауардан тұрады делік: Х (тұтыну тауарлары), У (өндіріс құрал-жабдықтары). Ағымдағы жылы Х өнімінің 500 мөлшері өндірілді, әрқайсысының бағасы 2 теңге, ал У тауарының 20 мөлшері өндірілді, олардың әрқайсысының бағасы 10 теңгеге тең. Жыл аяғына қарай пайдаланудағы 5 машина жаңартылды. Табу керек: а) ЖҰӨ - ді, б) ТҰӨ - ді, в) Тұтыну көлемін және инвестиция көлемін, г) Таза инвестициялар көлемін.

 

15.Өткен жылы белгілі бір мемлекетте мынадай көрсеткіштер орын алды (ақша бірлікпен): ЖҰӨ - 500, жеке сектордың жеке инвестициялары – 75, мемлекеттік сатып алымдар – 80, үй шаруашылықтарының тұтынулары – 250, мемлекеттік бюджетке тікелей салықтардың түсуі – 30, жанама салықтардың түсуі – 20, кәсіпкерлерге субвенциялар – 25, экспорт – 150, импорт – 110. Табу керек: а) үй шаруашылықтарының қолда қалған табыстарын; б) амортизациялық қорды; в) мемлекеттік бюджет жағдайын.

 

16. Кестенің мәліметтері бойынша 2005 жылдың бағалар индексі мен дефляторды анықтаңыз:

Өнім 2004 ж 2005 ж
Баға Саны Баға Саны
НАН І      
ЕТ        
КИІМ        

 

17. Мынадай көрсеткіштер берілген (ақша бірлікпен): ЖҰӨ - 480, жалпы инвестиция көлемі – 80, таза инвестиция көлемі – 30, үй шаруашылықтарының тұтыну көлемі – 300, мемлекеттік шығындар – 96, мемлекеттік бюджет артықшылығы – 3. Табу керек: а) таза ұлттық өнімді; б) таза экспортты; в) үй шаруашылықтарының қолда қалған табыстарын және олардың жинақтау көлемін.

 

18. Мынадай көрсеткіштер берілген (ақша бірлікпен): ҰТ – 500, қолда бар табыс – 410, жанама салықтардың субсидиялардан асып кетуі – 20, үй шаруашылықтарының тұтынуы – 380, сауда балансының тапшылығы (импорттың экспорттан асып кетуі) – 10. Табу керек: а) жинақтар мен жеке инвестициялар көлемін; б) мемлекеттік шығындарды; в) тікелей салықтар сомасын, егер мемлекеттік бюджет тапшылығы 10-ға тең болса.

 

19. ЖҰӨ - 8281, амортизациялық төлемдер – ЖҰӨ көлемінің 6 пайызын құрайды, корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 470, жанама салықтар – 520, субсидиялар – 250, корпорацияның пайдасына салықтар – 157, табыс салығы – 723, трансферттік төлемдер – 605, әлеуметтік сақтандыру жарналары – 115.

Табу керек: а) ТҰӨ-ді; б) ҰТ-ты; в) халықтың қолда қалған табыстарын.

 

20. Жалақы – 1800, корпорацияның пайдасы – 300, амортизациялық аударымдар – 600, ренталық табыстар – салынған капитал құнының 15 пайызын құрайды, трансферттер – 150, жанама салықтар – 300, капитал құны – 6000. ЖҰӨ көлемін есептеу қажет. Бұл есепте қай әдісті қолданамыз?

 

21. Келесі макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесін қолдана отырып мемлекеттік жинақтар көлемін және үй шаруашылықтарының жинақтау көлемін есептеңіз:

  1. Нақты ұлттық табыстың тепе-теңдік көлемі – 8500.
  2. Экспорт – 160.
  3. Импорт – 80.
  4. Тұрғындардың төлейтін табыс салықтары – 630.
  5. Мемлекеттік бюджеттен трансферттер формасында төленетін төлемдер – 280.
  6. Инвестициялар көлемі – 1480.
  7. Экономикадағы шеңбер айналымын қамтамасыз ететін үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары – 6200.

Тест сұрақтары:

1. Компанияның қосылған құны мынаған тең:

а) сату көлеміне; ә) пайдаға; б) сату көлемін аралық өнім құнынан шегергенге; в) шикізат пен жалақы құнына.

2. Мыналардың қайсысы «ағынға» жатпайды?

а) қолда бар табыс; ә) тұтыну шығындары; б) банк шотындағы ақша сомасы; в) ЖІӨ.

3. ЖІӨ-ді есептеу кезінде инвестицияға не жатпайды?

а) корпорацияның акцияларын сатып алу; ә) фирманың өнім өндіруге қажетті компьютерлер сатып алуы; б) компанияның өнім өндіруге қажетті жаңа зауытты сатып алуы; в) жанұяның қайта салынған үйді сатып алуы.

4. ЖІӨ мынаған тең:

а) фирмалардың жиынтық табыстарына; ә) факторлық табыстардың сомасына және капиталдың тозу құнына; б) соңғы табыстардың сомасына; в) осы аталғандың барлығына.

5. Мыналардың қайсысы таза жеке инвестицияға жатады?

а) амортизация; ә) осы жылда өндірілген құрал-жабдықтарды сатып алу; б) қайтадан салынған кәсіпорындардың акцияларын иелену; в) жеке пайдалануға қажетті жаңа үйді сатып алу.

6. Фирма 3,5 млн. долл. сомамен автомобильдер өндіреді. Оның 1 млн. доллары жартылай фабрикаттарды пайдалануға кетсе, ал 2 млн. доллар жұмысшыларға жалақы төлеуге кетті. Сондай-ақ фирма амортизациялық қорға 300 мың долл. аударды. Қосылған құн қаншаға тең? а) 3,2 млн. долл.; ә) 3 млн. долл.; б) 2,5 млн. долл.; в) 2 млн. долл.

7. Мыналардың қайсысы ұлттық байлықтың құрамына жатқызылады?

а) жер және табиғи ресурстар; ә) айналым қорлары; б) патенттер мен авторлық құқықтар;

в) аталғандардың барлығы.

8. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

а) ЖІӨ - қосылған құндар сомасы; ә) ЖІӨ резиденттердің ел сыртында өндірген тауарлары мен қызметтерінің құнын есепке алмайды; б) ЖІӨ - белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бір елдің территориясында өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны; в) ЖҰӨ - нақты елдің ішінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі.

9. Мемлекеттік сатып алымдар мен таза экспорт болмайтын үлгідегі соңғы өнімнің нарықтық құны:

а) жиынтық тұтыну мен таза инвестицияға тең; ә) жиынтық жинақ пен жиынтық тұтынуға тең; б) жиынтық тұтыну мен жиынтық инвестицияға тең; в) ешқайсысына тең емес.

10. Жалпы ішкі өнім - бұл:

а) нақты бір елдің территориясында экономикалық субъектілердің өндірген соңғы тауарлары мен қызметтерінің құны; ә) нақты бір елдің резиденттерімен өндірілген аралық тауарлар мен қызметтердің құны; б) нақты бір елдің резиденттерінің ел ішінде және шет елдерде өндірген соңғы тауарлары мен қызметтерінің құны; в) ұлттық өндірушілердің өндірген тауарлары мен қызметтерінің құны.

11. Әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйелік сипаттама:

а) микроэкономикалық үлгі; ә) макроэкономикалық үлгі; б) макроэкономикалық жүйе;

в) дұрыс жауабы жоқ.

12. Мына табыстардың қайсысы ЖІӨ-ге (ЖҰӨ-ге) кіреді?

а) медбикенің табысы (жалақысы); ә) ескі жиһазды сатудан түскен табыс; б) 1984 жылы салынған қала сыртындағы үйді сатып алу; в) жақын туысыңа ақша аудару.

13. Жалпы ішкі өнімді (ЖҰӨ-ді) шығындар бойынша есептегенде мына элементтердің қайсысы қолданылады?

а) несиеге деген пайыз; ә) жалпы жеке инвестициялар; б) тауарлар мен қызметтердің таза импорты; в) мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар беру.

14. Мыналардың қайсысы «қор» категориясына кіреді?

а) қазынадағы алтын қоры; ә) мемлекеттік қарыз мөлшері; б) жұмыссыздар саны; в) аталғандардың барлығы.

15. Қолда бар табыс мыналардың қайсысының айырмасына тең?

а) жеке табыс пен ұлттық табыстың; ә) жеке табыс пен жеке салықтардың; б) жеке табыс пен трансферттік төлемдердің; в) ешқайсысының айырмасына тең емес.

16. Егер атаулы ЖҰӨ 1200 млн. долл., ал нақты ЖҰӨ 1000 млн. долл. болса, онда ЖҰӨ дефляторы қаншаға тең? а) 0,12; ә) 1,2; б) 120; в) 200.

17. Мыналардың қайсысы «қорға» жатпайды?

а) мемлекеттік бюджет тапшылығы; ә) елдегі жұмыссыздар саны; б) экономикадағы капитал құны; в) банк шотындағы салымдардың мөлшері.

18. Мыналардың қайсысы мемлекеттік сатып алымдарға жатпайды?

а) зейнетақылар; ә) мемлекеттік автомобиль жолдарын салу; б) милицияға шағымдану;

в) «а» және «б» жауаптары.

19. Ұлттық есеп-шот жүйесіндегі «жинақтау» термині:

а) жанұяның барлық активтерінің сомасы; ә) белгілі бір мезетте алынатын, бірақ тұтынылмайтын табыс; б) жанұяның барлық активтерінен міндеттілік сомасының айырмашылығы; в) белгілі бір мезетте алынатын табыс.

20. Егер ұлттық табыстан корпорация пайдасына салынатын салықты, бөлінбеген пайданы, әлеуметтік сақтандыру нормасын айырып, сосын трансферттік төлемдерді қосса, не шығады?

а) жеке табыс; ә) амортизация; б) қолда бар табыс; в) ТҰӨ.

21. Ұлттық табыс көрсеткіші таза ұлттық өнім мен:

а) трансферттік төлемдердің айырмасына тең; ә) корпорация пайдасына салынатын салықтардың айырмасына тең; б) жанама салықтардың айырмасына тең; в) амортизацияның айырмасына тең.

22. Мыналардың қайсысы жеке табысқа жатпайды?

а) мемлекеттік трансферттер; ә) пайыздық табыс; б) жеке салықтар; в) жанама салықтар.

23. Атаулы ЖҰӨ - бұл:

а) ағымдық бағалармен есептелетін жалпы өнім; ә) бір жылдың ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтердің сомасы; б) белгіленген бағалармен есептелетін жалпы өнім; в) өткен жылғы бағалармен есептелетін жалпы өнім.

24. Жалпы ұлтық өнім – бұл:

а) тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемі; ә) бір жылда елдің ішінде ғана емес, шет елде де ұлттық тауар өндірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны; б) бір жылда елдің ішінде ғана емес, шет ел тауар өндірушілері өндірген тауарлар мен қызметтердің құны; в) бір жылда шет елде ұлттық тауар өндірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.

25. Ұлттық экономикада табыстардың жалпы сомасы қалай құрылады?

а) өндіріс факторлары иелерінің табыстарынан; ә) амортизациялық аударымдардан; б) мемлекеттің табыстарынан; в) осы аталғандардың бәрі дұрыс.

26. ЖҰӨ-ді өндірістік тәсілмен есептегенде ол қалай анықталады?

а) аралық тауарлар мен қызметтердің сомасы арқылы; ә) қосылған құндар мен жанама салықтардың сомасы арқылы; б) табыстар сомасы арқылы; в) шығындар сомасы арқылы.

27. Таза экспорт қалай анықталады?

а) экспорт пен импорттың сомасы ретінде; ә) экспорт пен импорт мөлшерінің арасындағы айырма ретінде; б) бір жылдағы экспорт көлемі ретінде; в) бір жылдағы импорт көлемі ретінде.

28. Орталықтан басқарылатын экономикалық жүйелерде ұлттық өндіріс көлемін бағалаудың негізгі көрсеткіші: а) қоғамдық жиынтық өнім; ә) ТҰӨ; б) ЖҰӨ; в) ЖІӨ.

Ұлттық есеп-шоттар жүйесінің әдістемесі мыналардың қайсысына сүйенеді?

а) қайталап есептеу принципе; ә) бухгалтерлік баланстарға; б) тепе-теңдік теориясына;

в) аталғандардың барлығына.

29. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс: а) ҰЕЖ-ң негізінде шеңберлі ағын үлгісі жатыр; ә) орталықтан басқарылатын елдерде ҰЕЖ 1968 жылдан бастап қолданыла бастады; б) үй шаруашылықтарының салықты төлегенге дейінгі алатын табыстары-бұл қолда қалған табыс; в) компанияның акция сатып алуы ЖІӨ мен инвестицияны арттырады.

30. Ұлттық экономикада табыстардың жалпы сомасы қалай құрылады?

а) жалақыдан; ә) ренталар мен пайыздардан; б) жанама салықтардан; в) барлық жауаптар дұрыс.

31. Егер сіз танысыңыздан үй сатып алсаңыз, онда ЖІӨ қалай өзгереді?

а) артады; ә) төмендейді; б) өзгеріссіз қалады; в) ЖІӨ-ге мүлдем әсер етпейді.

32. ЖІӨ-ді анықтаудың негізінде не жатыр?

а) территориялық сипат; ә) ұлттық сипат; б) аймақтық сипат; в) дұрыс жауабы жоқ.

33. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

а) ұлттық байлыққа пайдалы қазбалы мен ормандар жатады; ә) жеке табыс – бұл үй шаруашылықтарының жұмсауға арнайтын табыстары; б) қосылған құн – бұл өнімді өндіру сатып алынған және қолданылған бұйымдардың шығындарын шегергендегі сатылған өнімдердің құны; в) ЖІӨ-ге қымбат тұратын коттеджден гөрі арзан тұратын үйдің құрылысы маңызды түрде әсер етеді.

34. Тұтыну бағаларының индексі - бұл:

а) тұтынушылардың сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің жалпы құнын есептейтін көрсеткіш; ә) атаулы ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ-ге қатынасы; б) нақты ЖҰӨ-ң атаулы ЖҰӨ-ге қатынасы; в) өткен жылғы тауарлар мен қызметтердің саны.

35. ТҰӨ мыналардың қайсысының айырмасына тең?

а) ЖҰӨ мен жанама салықтардың; ә) ЖҰӨ мен амортизациялық аударымдардың; б) ЖҰӨ мен ұлттық табыстың; в) ЖҰӨ мен тікелей салықтардың.

36. Мыналардың қайсысы жеке табыстың құрамына кіреді?

а) корпорацияның бөлінбеген пайдасы; ә) әлеуметтік сақтандыру жарналары;

б) трансферттік төлемдер; в) амортизация.

37. Үй шаруашылықтарының үй сатып алуға жұмсаған шығындары мыналардың қайсысына кіреді?

а) тұтыну шығындарына; ә) инвестициялық құрал-жабдықтарға; б) мемлекеттік шығындарға; в) кәсіпкерлердің табыстарына.

38. ЖҰӨ дефляторы – бұл:

а) атаулы ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ-ге қатынасы; ә) нақты ЖҰӨ-ң атаулы ЖҰӨ-ге қатынасы;

б) инфляция деңгейі; в) дұрыс жауабы жоқ.

39. ЖҰӨ дефляторы мәні жағынан нені сипаттайды?

а) инфляция қарқынын; ә) тұтыну бағаларының индексін; б) ЖҰӨ-ң өсу қарқынын;

в) ЖҰӨ-ң төмендеуін.

40. Ұлттық табыс мыналардың қайсысының айырмасына тең?

а) таза өнім мен жеке табыстардың; ә) таза өнім мен амортизациялық аударымдардың;

б) таза өнім мен жанама салықтардың; в) дұрыс жауабы жоқ.

41. Егер корпорация 1 млн. долларға акциясын сатса, онда ЖІӨ:

а) төмендейді; ә) артады; б) өзгеріссіз қалады; в) ЖІӨ-ге мүлдем әсер етпейді.

42. Қоғамдық жиынтық өнім көрсеткішінің кемшілігі:

а) қайыра есептеуге алып келеді; ә) есептеу үрдісі тек материалдық өндіріс саласында ғана жүргізіледі; б) есептеу үрдісі тек материалдық емес өндіріс саласында ғана жүргізіледі;

в) «а» және «ә» жауаптары дұрыс.

43. Ұлттық есеп-шот жүйесінің негізін қалаған кімдер?

а) меркантилистер; ә) физиократтар; б) классикалық мектеп өкілдері; в) кейнсшілдер.

44. ЖҰӨ-ді анықтаудың негізінде не жатыр?

а) территориялық сипат; ә) ұлттық сипат; б) аймақтық сипат; в) дұрыс жауабы жоқ.

45. Ұлттық табыс - бұл:

а) таза ұлттық өнім + жанама салықтар; ә) ТҰӨ - жанама салықтар; б) ЖІӨ - амортизация;


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.023 сек.)