АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Таза экспорт - экспорттан импортты шегереміз 6 страница

Читайте также:
  1. e) Сауда экспорты
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

а) халық қолындағы ақша массасы азаяды; ә) инвестиция көлемі азаяды; б) халық қолындағы ақша массасын арттырады; в) ақша массасына әсері болмайды.

24. Ақша-несие саясатының кейнсиандық үлгісінің негізгі құралы:

а) қор жинау нормасы; ә) есеп мөлшерлемесі; б) банктік пайыз мөлшерлемесі; в) ақша ұсынысы.

25. Ақша массасы – бұл:

а) қолма-қол формадағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы; ә) айналыс және қор жинау құралы қызметін атқаратын қолма-қол және қолма-қолсыз формадағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы; б) тарихи қалыптасқан ақша айналысын ұйымдастыру формасы; в) бағалы металдар мен бағалы тастар.

26. Ақша агрегаттарын М1, М2, М3 деп бөлудің ерекшелігі:

а) олардың өтімділік дәрежесі; ә) айналыс жылдамдығы; б) қор жинау функциясы; в) төлем қызметі.

27. Баумоль – Тобин үлгісі бойынша қолма-қол ақшаға деген сұраныс келесі факторларды көздемейді:

а) атаулы пайыз мөлшерлемесін; ә) банкке байланысты шығындар мөлшерін;

б) клиенттердің табыс денгейін; в) фирма табыстарының денгейін.

28. Ақша базасы 200, ақша ұсынысы 600, онда ақша мультипликаторы нешеге тең:

а) 800; ә) 1/3; б) 400; в) 3.

29. Ақша ұсынысы дегеніміз:

а) қолма-қол ақшалар мен депозиттер; ә) ақша базасы + қолма – қол ақшалар;

б) депозиттер мен резервтер сомасы; в) қолма-қол ақшалер + резервтер.

30. Ақша-несие саясатының құралдарына не жатпайды?

а) мемлекеттік шығындар өзгерісі; ә) есептік мөлшерлеменің өзгерісі; б) міндетті резервтер нормасының өзгерісі; в) ашық нарықтағы операциялар.

ТАҚЫРЫП 7: ТАУАР ЖӘНЕ АҚША НАРЫҚТАРЫНДАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. IS-LM ҮЛГІСІ



Жаттығулар, есептер, тапсырмалар:

1. Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс?

а) Ақша-несие саясатының шараларын жүргізу нәтижесінде IS және LM қисықтары бір уақытта өзгереді.

б) Ақша ұсынысының ұлғаюы және мемлекеттік сатып алымдардың өсуі ЖІӨ динамикасына бірдей әсер етеді.

в) Ақша ұсынысының ұлғаюы және салық ставкаларының төмендеуі нарықтық пайыз мөлшерлемесіне бірдей әсер етеді.

г) Ақша ұсынысының қысқаруы және салық ставкаларының төмендеуі жиынтық сұраныс қисығына бірдей әсер етеді.

д) Егер баға деңгейі төмендесе, онда жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды, ал LM қисығы солға жылжиды.

 

2. IS – LM үлгісіне сәйкес пайыз мөлшерлемесі, табыс деңгейі, тұтыну мен инвестиция көлемі қалай өзгереді? Егер:

а) Орталық банк ақша ұсынысын қысқартса.

б) Мемлекет тауарлар мен қызметтерді сатып алуды төмендетсе.

в) Мемлекет салықтарды қысқартса.

г) Мемлекет сатып алымдарды және салықтарды бірдей мөлшерде төмендетсе.

 

3. Экономика келесі теңдеулермен сипатталады:

C = 300 + 0.8 Yd;

I = 200 – 1500 R;

Xn = 100 – 0.04 Y – 500 R;

Md = (0.5 Y – 2000 R) P.

G = 200 (мемлекеттік шығындар);

t = 0.2 (салық салу мөлшерлемесі);

M = 550 (атаулы ақша ұсынысы);

P = 1(бағаның тұрақты деңгейі),

а) пайыз мөлшерлемесінің және табыстың тепе-теңдік деңгейін анықтаңыз;

‡агрузка...

б) жиынтық сұраныс қисығының теңдеуін анықтаңыз.

 

4. Айталық, үкімет мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту үшін және инфляция деңгейін төмендету үшін салықтарды өсірді. IS – LM үлгісін пайдалана отырып Орталық банк өндіріс көлемінің деңгейін өзгертпеу үшін қандай іс-шараларды жүргізу керек. График арқылы көрсетіңіз.

 

5. Егер Орталық банк инфляция деңгейін төмендету мақсатында қатаң ақша-несие саясатын жүргізсе, онда қысқа мерзімде мынадай жағдайлар орын алады:

а) жиынтық сұраныс қисығы оңға жылжиды, жоспарланған шығындар қисығы жоғары жылжиды, ал LM қисығы солға жылжиды;

б) жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды, жоспарланған шығындар қисығы төмен жылжиды, ал LM қисығы оңға жылжиды;

в) жиынтық сұраныс қисығы өзгеріссіз қалады, жоспарланған шығындар қисығы төмен жылжиды, ал LM қисығы солға жылжиды;

г) жиынтық сұраныс қисығы солға төмен жылжиды, LM қисығы солға жоғары жылжиды, ал жоспарланған шығындар қисығы төмен жылжиды.

 

Тест сұрақтары:

1. IS және LM қисықтарының қиылысу нүктесінде:

а) жоспарланған шығындар мен нақты шығындар теңеседі; ә) ақша ұсынысы олардың сұранысына тең; б) тиімді сұраныс қалыптасады; в) аталғандардың барлығы дұрыс.

2. Егер инвестициялар пайыз мөлшерлемесіне аса сезімтал болса, онда:

а) IS қисығы абсцисса осіне перпендикуляр болады; ә) IS қисығы аса жатыңқы болып келеді; б) IS қисығы аса тіктеу болып келеді; в) IS қисығы абсцисса осіне параллель болып келеді.

3. Қандай фактор IS қисығын солға жылжытады?

а) салықтардың жоғарылауы; ә) мемлекеттік шығындардың артуы; б) салықтардың төмендеуі;в) қолда бар табыстың өсуі.

4. ІS қисығы тік орналасқанда:а) фискалдық саясат тиімсіз; ә) монетарлық саясат тиімді; б) фискалдық саясат тиімді; в) монетарлық саясат тиімсіз.

5. Мемлекеттік шығындардың өсуі IS қисығын қалай жылжытады:

а) төмен-солға; ә) жоғары-оңға; б) жоғары-солға; в) төмен-оңға.

6. Ақша ұсынысының молайуы:

а) LM қисығын жоғары (солға) жылжытады; ә) LM қисығын төмен (оңға) жылжытады;

б) IS қисығын оңға жылжытады; в) IS қисығын солға жылжытады.

7. Сеньораж дегеніміз - бұл:

а) елдің шекарасынан өтетін тауарлардан, мүліктер мен құндылықтардан алынатын мемлекеттің ақшалай алымдары; ә) мемлекеттің айналысқа қосымша ақша шығаруы нәтижесінде алатын табысы; б) мемлекеттік бюджет есебінен жергілікті билік органдарына, заңды және физикалық тұлғаларға берілетін ақшалар; в) мемлекеттің және басқа да субъектілердің экономиканың жекелеген салаларына, кәсіпорындарға және олардың иелеріне мақсатты түрде берілетін қаржылық жәрдемақылардың түрлері.

8. Егер жиынтық табыстың тепе-теңдік деңгейі әлеуетті деңгейінен жоғары болса, онда ұзақ мерзімде:а) LM қисығы оңға жылжиды; ә) IS қисығы жоғарыға жылжиды;

б) LM қисығы солға жылжиды; в) IS қисығы төменге жылжиды.

 

ТАҚЫРЫП 8: БЮДЖЕТ-САЛЫҚ САЯСАТЫ

Жаттығулар, есептер, тапсырмалар:

1. Экономистердің болжауынша, келесі жылы ел ішіндегі экономикалық жағдай мына мәліметтермен сипатталды:

C = 10 + 0,7Y

I = 50 млрд. тг.

G = 100 млрд. тг.

Осыған сәйкес, келесі жылы ЖҰӨ-нің болжанбалы деңгейінің қанша көлемде болатындығын есептеңіз.

 

2. Белгілі бір елде тұтыну шығындары мен инвестициялар көлемі мына теңдіктермен беріледі:

C = 8 + 0,6Y

I = 0,1Y

Экономистердің бағалауынша, келесі жылы мемлекеттік шығындар көлемі 50 млрд. теңгені, ал таза экспорт 5 млрд. теңгені құрайды. Онда келесі жылы ЖҰӨ-нің болжанбалы деңгейінің қанша көлемде болатындығын есептеңіз.

 

Тест сұрақтары:

1. Кузнец циклінің ұзақтылығы: а) 5 жыл; ә) 15 жыл; б) 20 жыл; в) 1 жылға дейін.

2. Стагнация – бұл:

а) уақыттың ұзақтылығына байланысты өндірістің тұрақтап қалуынан орын алатын жағдай; ә) жұмыссыздық пен бағалар деңгейінің бір уақытта жоғарылауы; б) экономикадағы ұзақ мерзімді толқулар; в) экономиканың көтерілу фазасында монетарлық саясаттың шаралары арқылы бағаларды қалпына келтіру.

3. Н.Д. Кондратьевтің «ұзын толқындары» теориясын кім дамытты:

а) С. Кузнец; ә) Дж.М. Кейнс; б) Й. Шумпетер; в) В. Леонтьев.

4. Экономикалық циклде неше фаза бар:

а) 5 фаза; ә) 6 фаза; б) 3 фаза; в) 4 фаза.

5. Экономикада құлдырау орын алса, онда фискалдық саясаттың қандай шаралары қолданылады?

а) салықтарды төмендету, шығындарды өсіру және мемлекеттің бюджет тапшылығын арттыру; ә) бюджетті баланстау үшін салықтарды арттыру және мемлекеттік шығындарды азайту; б) қорғанысқа кететін шығындарды азайту және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру; в) үкіметтің өспелі шығындарын қолдау.

6. Іскерлік экономикалық циклдің фазаларына не жатпайды?

а) тоқтап қалу; ә) өрлеу; б) жандану; в) құлдырау.

7. Экономикалық циклдің төрт фазасы – бұл:

а) өндіріс, еңбек бөлінісі, мамандандыру, сауда; ә) сұраныс, ұсыныс, сұраныс пен ұсыныстың өзара әсерлесуі, нарықтық тепе-теңдік; б) жандану, өрлеу, құлдырау, дағдарыс; в) өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну.

8. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілген:

а) кезеңділік тек нарықтық экономикаға ғана тән; ә) кейнсиандықтардың айтуы бойынша циклдік толқулардың себептері ақша айналысының бұзылуына байланысты байқалады; б) экономикалық циклдердің ұзақтылығы бірнеше айдан 100 жылға дейін созылуы мүмкін; в) қантқа деген бағаның өсуі инфляцияны білдіреді.

9. Қай көрсеткіштің сандық мәні өрлеу фазасында азайып, құлдырау фазасында өседі?

а) құнды қағаздар бағамы; ә) ЖҰӨ көлемі; б) жұмыс аптасының орташа ұзақтығы; в) өңдеуші өнеркәсіптегі тауар қорларының көлемі.

10. Экономикалық құлдырау кезінде жұмысын жоғалтқан адам қандай жұмыссыздықтың түрін арттырады?

а) құрылымдық; ә) фрикциондық; б) циклдік; в) табиғи.

11. Самуэльсон – Хикс үлгісі – бұл:

а) қарапайым кейнсиандық үлгі, жиынтық сұранысты және жиынтық ұсыныстың өндірістік қуаттарын ұлғайтудағы инвестицияның екіжақты рөлін зерттеуге және ұзақ мерзімде толық жұмысбастылық мәселелерін айқындауға негізделеді; ә) халықтың өмір сүру деңгейіне жинақтың, еңбек ресурстарының және ҒТП-тің есер ету механизмдерін айқындайтын экономикалық өсудің неоклассикалық үлгісі; б) үй шаруашылығы мен фирмалар жұмыс істейтін игіліктер нарығын қарастыратын кейнсиандық динамикалық үлгі; в) кәсіпкерлердің психологиялық тәртіптерін талдауға жүгіне отырып балансталған экономикалық өсуді қамтамасыз ету механизмдерін сипаттауға негізделеді.

12. Кейнсиандық бағыттың өкілдері циклділікті былай түсіндіреді:

а) экономикаға мемлекеттің араласуы; ә) тұтынуға деген бейімділіктің жеткіліксіздігі;

б) ақша айналысының бұзылуы; в) экономикаға мемлекеттің араласпауы.

 

ТАҚЫРЫП 9: КАПИТАЛДЫҢ ЖИНАҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Жаттығулар, есептер, тапсырмалар:

1. Егер бағалар:

а) 2 есе өсе;

ә) 5 %-ға өссе;

б) 30 %-ға өссе, онда ақшаның сатып алу қабілеті қалай өзгереді?

Егер ақшаның сатып алу қабілеті 40 %-ға төмендесе, онда бағалар қанша пайызға өсті?

 

2. Белгілі бір елде инфляция қарқыны 4 пайызға тең. Бұл елдегі бағалардың өсуі қанша жылдың ішінде екі еселенеді?

А) 17 жылда

В) 17,5 жылда

С) 66 жылда

D) 74 жылда

Е) 11 жылда

 

3. Номиналды пайыз мөлшерлемесі R және инфляция қарқыны π берілген. Фишердің дәлдік және жуықтық формуласы бойынша нақты пайыз мөлшерлемесін r табу керек:

а) R = 5 %, π = 2%.

ә) R = 50 %, π = 20%.

б) R = 500 %, π = 200%.

Фишердің дәлдік формуласы: r = R – π / 1 + π;

Фишердің жуықтық формуласы: r ≈ R – π.

 

4. Егер:

а) номиналды табыс 10% - ға өссе, ал баға деңгейі 7% - ға өссе;

ә) номиналды табыс 30 мың теңгеге тең болса, ал осы жылы бағалар индексі 106% - ға тең болса, онда нақты табыс мөлшері қалай өзгереді?

 

5. Экономикада Х және У тауарлары өндіріледі. Тұтынушылар өз табыстарының жартысын Х тауарын сатып алуға, ал қалған жартысын У тауарын сатып алуға жұмсайды.

Бір жылдың ішінде Х тауарының бағасы 5 % - ға, ал У тауарының бағасы 15% - ға өсті. Тұтыну тауарлары бағаларының индексін есептеңіз (өткен жылғы бағалар индексі 100 – ге тең).

 

6. Дұрыс / дұрыс емес:

- Әлеуетті және нақты ЖҰӨ көлемдері тең болған жағдайда, жиынтық шығындардың өсуі инфляцияға алып келеді, бұл жерде өндірістің әріқарай мүмкін болмайды.

- Егер бағалар мен жалақы абсолютті түрде қатаң болмаса, онда экономикада рецессияның орын алмауы мүмкін.

- Инфляция – бұл өндірістің жалпы өсуі.

- Күтілетін және күтілмейтін инфляция табыстардың қайта бөлінуіне бірдей әсер етеді.

- Жыл сайынғы бағалардың 5% - дық төмендеуі кезінде тұрақты табыс алатын жанұялардың нақты табысы жылына 5% - ға өседі.

- Жыл сайынғы бағалардың 10% - дық өсуі кезінде, олардың деңгейі әрбір он жылда екі еселеніп отырады.

- Жер, өнер туындылары, акциялар, облигациялар, тұрғын үйлер - инфляция уақытында қаржы активтерінің құнсыздану қаупін төмендету қажеттілігіне мүмкіндік беретін инвестициялаудың дәстүрлі объектілері.

- Инфляция барлық тұрғындардың нақты табыстарының төмендеуіне алып келеді.

 

7. Кестеде жылдар бойынша бағалар индексі берілген:

Жыл Бағалар индексі Инфляция деңгейі (пайызбен)
100,00  
112,00  
123,00  
129,00  

 

а) Әрбір жылға инфляция деңгейін (қарқынын) есептеңіз.

ә) «70 шамасы ережесін» қолдана отырып, бағалар деңгейінің екі еселенуіне қажетті жылдар санын анықтаңыз (ол үшін а) пунктіндегі әрбір жылға есептелген инфляция деңгейін қолданыңыз).

б) Егер екінші жылы номиналды табыс бірінші жылмен салыстырғанда 15 пайызға өссе, және үшінші жылы екінші жылмен салыстырғанда 7 пайызға өссе, онда нақты табыстың пайыздық өзгерісін анықтаңыз.

в) Егер номиналды табыс екінші және үшінші жылдары 25 мың теңгеге тең болса, онда осы жылдары нақты табыстың абсолютті мөлшері қаншаға тең болады?

г) Егер несиеге деген пайыздың деңгейі екінші жылы 14% - ға тең болса және үшінші жылы 18% - ға тең болса, онда сол жылдары оның нақты деңгейі қаншаға тең болады?

 

8. Мына анықтамалардың терминдері қалай аталады?

- Бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуі.

- Ақшадан «қашу» құбылысын туындататын бағалардың өте жылдам қарқынмен өсуі.

- Өндіріс шығындарының өсуімен байланысты бағалардың өсуі.

- Инфляция бойынша түзетілген ақшалай нысандағы пайыз мөлшерлемесі.

- Бағалардың жалпы деңгейінің өсуі.

- Номиналды табыс сомасында сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің саны.

- Бағалар деңгейінің екі еселеуі кезеңінің ұзақтылығын есептейтін принцип.

- Бағалардың өсуінің нақты табысқа жағымсыз әсер етуін табыс алушылардың немесе мемлекет тарапынан алдын ала қабылданатын шаралардың жоқтығынан жоя алмау мүмкіндігі.

- Нақты ЖҰӨ – нің өзгеріссіз көлемі кезіндегі артық сұраныстың пайда болуынан туындайтын бағалардың өсуі.

- Өндірістің құлдырауымен және жұмысыздықтың жоғарғы деңгейімен қатар орын алатын инфляция.

 

Тест сұрақтары:

1. Ұсыныс инфляциясы ненің әсерінен пайда болуы мүмкін:

а) энергияға деген бағаның күрт артуынан; ә) экономикалық субъектілердің мінез-құлықтарының өзгеруінен; б) мемлекеттік шығындардың өсуінен; в) шикізатқа деген бағаның күрт төмендеуінен.

2. Дезинфляция – бұл:

а) ұлттық валюта бағамының ресми түрде төмендеуі; ә) бағалардың өсу қарқынының төмендеуі; б) айналысқа қажетті ақшалардың, тауарлар мен қызметтердің жетіспеушілігі; в) бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуі немесе ақшалардың сатып алу қабілетінің жоғарылауы.

3. Оливер – Танзи әсері – бұл:

а) инфляцияның өсуі жағдайында мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдердің мерзімдерін созу немесе инфляцияның өсуі нәтижесінде салық ауыртпашылықтарын төмендету мәселесі; ә) инфляцияның күтілген қарқынына байланысты атаулы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі; б) пайыз мөлшерлемесінің өсуі нәтижесінде жеке секторларда жоспарлы инвестициялардың төмендеуі; в) инфляцияның күтілген қарқынының өсуі нәтижесінде нақты пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі.

4. Филлипс қисығы нені көрсетеді:

а) атаулы және нақты жалақы арасындағы кері байланысты; ә) инфляция деңгейі мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы кері байланысты; б) инфляция деңгейі мен жұмыссыздық деңгейі арасындағы тікелей байланысты; в) жұмыссыздық деңгейі, инфляция қарқыны және атаулы жалақы арасындағы тікелей байланысты.

5. Шығындар инфляциясы қандай жағдайда пайда болуы мүмкін:

а) жұмыспен толық қамтылмаған жағдайдағы сұраныстың өсуі кезінде; ә) жалақының өсуінен; б) энергоресурстарға деген бағаның төмендеуінен; в) жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы сұраныстың өсуінен.

6. Дефляция – бұл:

а) айналыстағы артық ақша массасын қысқарту немесе бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуі; ә) тауарларды шет мемлекеттерге төмен бағамен сату; б) несиелендіруді ұлғайту мақсатында орталық банктің жүргізетін экспансиялық ақша-несие саясатының салдарынан несиенің арзандауы; в) инфляцияның өсу қарқынын тежеу.

7. Инфляция қарқынын азайту үшін үкімет:

а) мемлекеттік шығындарды арттыру керек; ә) ақша массасын қысқарту керек; б) ақша массасын арттыру керек; в) а) және ә) жауаптары дұрыс.

8. Сеньораж дегеніміз - бұл:

а) елдің шекарасынан өтетін тауарлардан, мүліктер мен құндылықтардан алынатын мемлекеттің ақшалай алымдары; ә) мемлекеттің айналысқа қосымша ақша шығаруы нәтижесінде алатын табысы; б) мемлекеттік бюджет есебінен жергілікті билік органдарына, заңды және физикалық тұлғаларға берілетін ақшалар; в) мемлекеттің және басқа да субъектілердің экономиканың жекелеген салаларына, кәсіпорындарға және олардың иелеріне мақсатты түрде берілетін қаржылық жәрдемақылардың түрлері.

9. Баға деңгейі мен табысқа қатаң бақылау жасау – бұл:

а) сұраныс инфляциясы; ә) ашық инфляция; б) жабық инфляция; в) шығындар инфляциясы.

10. Антиинфляциялық фискалдық саясат нені талап етеді?

а) салық салудың өсуімен мемлекеттік шығындардың азаюын; ә) салық пен мемлекет шығындарының азаюын; б) салық пен мемлекет шығындарының көбеюін; в) салық азаюы мен мемлекет шығындарының өсуін.

11. Сұраныс инфляциясы ненің әсерінен пайда болуы мүмкін:

а) шикізатқа деген бағаның өсуінен; ә) мемлекеттік шығындардың өсуінен; б) Орталық банктің заимдары көмегімен мемлекеттік бюджет тапшылығын жою нәтижесінде;

в) энергияға деген бағаның күрт артуынан.

 

ТАҚЫРЫП 10: БЮДЖЕТТІК ТАПШЫЛЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЫЗЫ

Тестік тапсырмалар:

1. Бюджеттік тапшылық – бұл:

а) бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен артып кетуі; ә) бюджеттің кіріс бөлігінің шығыс бөлігінен артып кетуі; б) бюджеттің шығыс және бөлігі арасындағы тепе-теңдік; в) мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін қаржының жетіспеуі.

2. Бюджет тапшылығының артуы – бұл:

а) мемлекеттік қарыздың төмендеуіне әкеледі; ә) мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеледі;

б) сыртқы мемлекеттік қарыздың өсуіне, ал ішкі мемлекеттік қарыздың төмендеуіне әкеледі;

в) сыртқы мемлекеттік қарыз төмендейді.

3. Экономиканың төмендеу жағдайына сәйкес келетін фискалдық саясатты анықтаңыз:

а) салықтарды азайту, шығындарды арттырып, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын арттыру;

ә) бюджет тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін салықтарды өсіріп, шығындарды азайту;

б) қорғанысқа, әлеуметтік бағдарламаға жұмсалатын шығындарды азайту;

в) мемлекеттік шығындарының өсуін қамтамасыз ету.

4. Банктер несие беріп, ағымдық шоттар ашады. Мұның нәтижесінде ақша массасы:

а) депозиттер сомасынан артық шамаға өседі; ә) өспейді де, кемімейді де; б) депозиттер сомасынан кем шамаға өседі; в) депозиттер сомасына тең шамаға өседі.

5. Міндетті резервтер нормасы қалай жүргізілуі мүмкін:

а) салымдарды алудан сақтандыру құралы ретінде; ә) пайыз мөлшерлемесін реттеу құралы ретінде; б) ақша массасын реттеу құралы ретінде; в) бюджет салымдарын жабу құралы ретінде.

6. Мемлекетте бюджет тапшылығы орын алады, егер:


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.055 сек.)