АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Таза экспорт - экспорттан импортты шегереміз 7 страница

Читайте также:
  1. e) Сауда экспорты
  2. IX. Карашар — Джунгария 1 страница
  3. IX. Карашар — Джунгария 2 страница
  4. IX. Карашар — Джунгария 3 страница
  5. IX. Карашар — Джунгария 4 страница
  6. IX. Карашар — Джунгария 5 страница
  7. IX. Карашар — Джунгария 6 страница
  8. IX. Карашар — Джунгария 7 страница
  9. IX. Карашар — Джунгария 8 страница
  10. IX. Карашар — Джунгария 9 страница
  11. Августа 1981 года 1 страница
  12. Августа 1981 года 2 страница

а) мемлекеттік шығындар салықтан түсетін табыстардан асып кетсе; ә) салықтан түсетін табыстар мемлекеттік шығындардан асып кетсе; б) салықтан түсетін табыстар тұтыну шығындарынан асып кетсе; в) салықтан түсетін табыстар инвестициялардан жоғары болса.

7. Ашық нарықтағы операциялар ұғымы нені мазмұндайды?

а) халықты несиелеуге байланысты коммерциялық банктердің қызметін; ә) Орталық банктің коммерциялық банкке қарыз беру қызметін; б) Орталық банктің мемлекеттің бағалы қағазын сату-сатып алуға байланысты қызметін; в) Орталық банктің банктік қор көлемін өзгертуге байланысты операцияларын.

8. Ақшаның жалпы массасы өседі, егер коммерциялық банктер:

а) халыққа ұсынатын несиелер көлемін өсірген жағдайда; ә) Орталық банктегі өз салымдарын өсірген жағдайда; б) ағымдық шоттардағы өз міндеттемелерін өсірсе; в) Орталық банктегі өз салымдарының бір бөлігін алса.

9. ІS қисығы тік орналасқанда:

а) фискалдық саясат тиімсіз; ә) монетарлық саясат тиімді;

б) фискалдық саясат тиімді; в) монетарлық саясат тиімсіз.

10. Мемлекеттік шығындардың өсуі IS қисығын қалай жылжытады:

а) төмен-солға; ә) жоғары-оңға; б) жоғары-солға; в) төмен-оңға.

11. Егер Орталық банктің валюталық резервтерінің мөлшері өзгермесе, онда барлық тең жағдайларда:

а) сауда балансының сальдосы міндетті түрде нөлге тең болады; ә) ағымдық операциялар есебінің сальдосы міндетті түрде нөлге тең болады; б) капитал қозғалыстары есебінің сальдосы міндетті түрде нөлге тең болады; в) ресми есеп-айырысулар балансының сальдосы міндетті түрде нөлге тең болады.



12. Салықтар мен мемлекеттік шығындар арқылы жүзеге асатын мемлекеттің экономикалық саясаты:а) фискалдық саясат; ә) монетарлық саясат; б) валюталық саясат; в) сауда саясаты.

13. Автоматты тұрақтандырғыштар:

а) олардың әрекет етуі үшін заң шығарушы биліктің қызметтерін талап етпейді; ә) экономикада циклдік жұмыссыздықтың болмауына кепілдік береді; б) нарықтық экономикасы дамыған елдерде жұмыссыздық бойынша жәрдемақылардың маңызды бөлігін қамтиды; в) циклдік толқулардың күшеюіне мүмкіндік жасайды.

14. Фискалдық саясаттың проблемасы – бұл:

а) ығыстыру әсері; ә) импорттық сатып алу әсері; б) табыс әсері; в) алмастыру әсері.

15. Мемлекеттің қаржы жоспары – бұл:

а) мемлекеттік қарыз; ә) мемлекеттік бюджет; б) мемлекеттік жоспарлау; в) салық салу.

16. Кедейшілік деңгейі қалай анықталады?

а) ең төменгі жалақы бойынша; ә) ең төменгі зейнетақы бойынша; б) өмір сүру деңгейінің минимумы арқылы; в) орташа зейнетақы мөлшері арқылы.

17. Экономикада құлдырау орын алса, онда фискалдық саясаттың қандай шаралары қолданылады?

а) салықтарды төмендету, шығындарды өсіру және мемлекеттің бюджет тапшылығын арттыру; ә) бюджетті баланстау үшін салықтарды арттыру және мемлекеттік шығындарды азайту; б) қорғанысқа кететін шығындарды азайту және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру; в) үкіметтің өспелі шығындарын қолдау.

‡агрузка...

18. Орталық банктің ақша-несие саясатының соңғы мақсаттарына жататындар:

а) толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету; ә) пайыз мөлшерлемесі мен ақша ұсынысы;

б) экономикалық өсу; в) а) және б) жауаптары дұрыс.

19. Лаффер қисығы қандай байланысты көрсетеді:

а) салық мөлшерлемесі мен бюджетке төленетін салықтық түсімдер арасындағы байланысты; ә) жұмыссыздық пен әлеуетті шығарылым көлемі арасындағы байланысты; б) жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланысты; в) инфляция мен әлеуетті шығарылым көлемі арасындағы байланысты.

20. Салық дегеніміз – бұл:а) айып пұл санкциясы; ә) міндетті төлем; б) есептелінген сома – айып пұл; в) мемлекеттің көмегі.

21. Арзан ақша-несие саясаты кезінде:а) инвестиция қысқарады; ә) пайыз мөлшерлемесі өседі; б) ақша ұсынысы өседі; в) ақша ұсынысы қысқарады.

22. Бюджет артықшылығы өскен кезде және экономикада ақша қоры төмендегенде:

а) жиынтық шығарылым көлемі төмендеп пайыз мөлшерлемесі артады; ә) жиынтық шығарылым көлемі өсіп пайыз мөлшерлемесі төмендейді; б) жиынтық шығарылым көлемі де, пайыз мөлшерлемесі де төмендейді; в) дұрыс жауабы жоқ.

23. Табысқа салық салудың прогрессивтік жүйесінен пропорционалды жүйесіне өту кезінде:

а) IS қисығы аса тіктеу болып келеді, ал фискалдық саясаттың тиімділігі төмендейді; ә) IS қисығы аса жатыңқы болып келеді, ал фискалдық саясаттың тиімділігі артады; б) IS қисығы аса жатыңқы болып келеді, ал фискалдық саясаттың тиімділігі төмендейді; в) IS қисығы аса тіктеу болып келеді, ал фискалдық саясаттың тиімділігі артады.

24. Орталық банктің ақша-несие саясатының аралық мақсаттарына жататындар:

а) толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету; ә) пайыз мөлшерлемесі мен ақша ұсынысы;

б) экономикалық өсу; в) валюта нарығының тұрақтылығы.

25. Мемлекеттік бюджетте салық мөлшерлемесі мен салық түсімдері арасындағы өзара байланысты қалай көруге болады?а) Лоренц қисығы арқылы; ә) ұсыныс қисығы арқылы; б) Лаффер қисығы арқылы; в) Филлипс қисығы арқылы.

26. Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс емес:

а) мемлекетің табыс көздері ретінде салықтық емес түсімдер болуы мүмкін; ә) құлдырау кезінде салықтарды төмендету қажет; б) бюджет тапшылығын қаржыландырудың ең тиімді әдісі – салық мөлшерлемелерін көтеру; в) әртүрлі бюджет деңгейлерінің дербес табыс көздері болады.

27. Қымбат ақша-несие саясаты кезінде:а) пайыз мөлшерлемесі төмендейді; ә) инвестициялар қысқарады; б) ақша ұсынысы өседі; в) жұмыссыздық қысқарады.

28. Халықтың табыстарын бөлудегі теңсіздіктерді өлшеу үшін қандай көрсеткіш қолданылады?

а) Лаффер қисығы; ә) Лернер индексі; б) Джини коэффициенті; в) Фишер индексі.

29. Салықтардың жоғарылауынан:а) еңбек ұсынысы төмендейді; ә) жинақтау мөлшері төмендейді; б) салықтық түсімдердің көлемі төмендейді; в) аталғандардың барлығы дұрыс.

ТАҚЫРЫП 11: ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТА БАҒАМЫ

Тест сұрақтары:

1. Демпинг дегеніміз – бұл:

а) экспорттаушыларға мемлекеттің жеңілдеткен несиелері; ә) қорғаныс өнеркәсібі салаларын қорғау құралы; б) отандық өндірушілерге мемлекеттік субсидия; в) тауарларды шетелде ішкі рыноктікінен төмен бағамен сату.

2. Мына тұжырымдардың қайсысы кіші ашық экономикаға тән емес:

а) инвестиция мөлшері әлемдік пайыз мөлшерлемесіне тәуелді; ә) ұлттық жинақтар инвестицияға тең; б) таза экспорт мөлшері ұлттық табысқа тәуелді; в) импорт мөлшері импорттауға деген шекті бейімділікке байланысты.

3. Егер Германия үкіметі жоғары импорттық тарифтер енгізсе, онда ұзақ мерзімде:

а) Германияның таза экспорты өседі; ә) неміс валютасының нақты бағамы өседі;

б) Германия капиталының оң сальдосы төмендейді; в) жоғарыда аталғандардың барлығы жүзеге асады.

4. Егер евроның нақты қымбаттауы орын алса, онда мына жағдайды болжауға болады:

а) евро зонасындағы елдердің тауарларының бәсекелік қабілеттілігі әлемдік нарықта артады;

ә) евро зонасындағы елдердің ағымдық операциялар балансы жақсарады; б) евро зонасындағы елдердің тауарлары әлемдік нарықта қымбаттайды; в) евро зонасындағы елдердің таза экспорты өседі.

5. Мына келісімдердің қайсысы Францияның ағымдық операциялар балансының оң сальдосын арттырады:

а) «Аэроспесиаль» компаниясы Хорватиямен бартерлік келісім жасасты – 500 мың евроға бағаланатын ұшақты адриат теңізі жағалауындағы сондай сомаға бағаланатын қонақүйге айырбастады; ә) Франция мемлекеті Кувейт мұнайын 600 млн. евроға сатып алады; б) Франция Оңтүстік Африка Республикасына 10 млн. евроға әскери ұшақ сатты; в) Франция мемлекеті өзінің Швейцариядағы ұзақ мерзімді міндеттемелерін 1 млн. евроға сатады және сол Швейцарияда банк депозитін ашады.

6. Егер нақты валюта бағамы өссе, онда таза экспорт:

а) төмендейді; ә) өзгермейді; б) өседі; в) нөлге тең болады.

7. Елдегі төлем балансы тапшылығының өсуі:

а) Орталық банктің валюталық резервтерін ұлғайды; ә) Орталық банктің валюталық резервтерін төмендетеді; б) елдің ақша массасының көлемін ұлғайтады; в) елдің ақша массасының көлеміне әсер етпейді.

8. Мыналардың қайсысы ұлттық валютаның айырбас бағамын арттырады:

а) сол елдегі пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі; ә) шет елдегі пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауы; б) сол елдегі бағалар деңгейінің жоғарылауы; в) сол елдегі еңбек өнімділігі деңгейінің жоғарылауы.

9. Салыстырмалы артықшылықтар теориясын алғаш рет кім ұсынды?

а) А. Смит; ә) В. Леонтьев; б) Д. Рикардо; в) А. Маршалл.

10. Елдің төлем балансының құрамдас бөлігі – ағымдық операциялар есебіне мыналардың қайсысы жатпайды:

а) тауар импорты; ә) инвестициядан түсетін таза табыс; б) шет мемлекеттерге көліктік қызмет көрсету; в) сол елдің шет елдегі активтерінің өзгерістері.

11. Төлем балансының тапшылығы қандай жолмен қаржыландырылуы мүмкін:

а) валютаны девальвациялау жолымен; ә) сыртқы қарызды ұлғайту арқылы; б) шетел валютасының резервтерін пайдалану жолымен; в) сыртқы қарызды ұлғайту және шетел валютасын көбірек жұмсау жолымен.

12. Олин – Хекшер теоремасы – бұл:

а) белгілі бір елдің аз шығынмен тауарлар өндіру мүмкіндіктеріне ие болуын айтамыз; ә) белгілі бір субъектілердің халықаралық саудаға қатысушы ретінде өндіріс факторларын интенсивті жолмен пайдалану нәтижесінде өндірген тауарларын экспорттауға ұмтылуы туралы дәлелдеме; б) салықтық түсімдерді арттыру есебінен мемлекеттік шығындарды өсіргендегі ұлттық табыстың өсімін тудыратындығы туралы дәлелдеме; в) белгілі бір елдің белгілі бір тауар түрін өндірудегі қабілетсіздігі немесе кемшілігі.

13. Егер ұлттық валютаның нақты айырбас бағамы жоғарыласа, онда:

а) отандық тауарлар қымбаттайды; ә) экспорт қысқарады, импорт ұлғаяды; б) таза экспорт қысқарады; в) аталғандардың барлығы дұрыс.

14. Манделл – Флеминг үлгісі бойынша қалқымалы валюталық бағам кезіндегі ынталандырушы бюджет – салық саясатының қызметі:

а) табысты өсіреді; ә) айырбас бағамын арттырады; б) таза экспортты ұлғайтады; в) ешқандай өзгерістерді тудырмайды.

15. А мемлекеті бір бірлік ресурсты пайдалана отырып 1 тонна бидай немесе 4 тонна көмір өндіре алады. Б мемлекеті бір бірлік ресурсты пайдалана пайдалана отырып

2 тонна бидай немесе 5 тонна көмір өндіре алады. Олай болса:

а) А мемлекеті бидай экспорттайды және көмірді импорттайды; ә) Б мемлекеті бидайды да, көмірді де экспорттайды; б) А мемлекеті бидайды экспорттамайды және импорттамайды;

в) Б мемлекеті көмірді экспорттамайды және импорттамайды.

16. Кіші ашық экономикада, егер сыртқы әлемнің жинақтары төмендесе, онда:

а) валютаның нақты қымбаттауы және таза экспорттың төмендеуі орын алады; ә) валютаның нақты қымбаттауы және таза экспорттың өсуі орын алады; б) валютаның нақты құнсыздануы және таза экспорттың төмендеуі орын алады; в) валютаның нақты құнсыздануы және таза экспорттың өсуі орын алады.

17. А мемлекетінің сауда балансы – 110 млрд. долл., ағымдық операциялар балансы – 105 млрд. долл., шетел валютасының ресми резервтерінің өсуі – 5 млрд. долл. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

а) ресми есеп-айырысулар балансының оң сальдосы – 5 млрд. долл.; ә) таза қызмет көрсетулер мен таза ағымдық трансферттер оң шаманы құрайды; б) А мемлекетіне капиталдың құйылуы орын алады; в) А мемлекетінде ұлттық жинақтар инвестициялардан асып түседі.

18. Егер Орталық банктің валюталық резервтерінің мөлшері өзгермесе, онда барлық тең жағдайларда:

а) сауда балансының сальдосы міндетті түрде нөлге тең болады; ә) ағымдық операциялар есебінің сальдосы міндетті түрде нөлге тең болады; б) капитал қозғалыстары есебінің сальдосы міндетті түрде нөлге тең болады; в) ресми есеп-айырысулар балансының сальдосы міндетті түрде нөлге тең болады.

19. Протекционизм дегеніміз – бұл:

а) халықаралық саудадағы қосымша шектеулер; ә) елге алдын-ала импортталған тауарларды басқа елдерге қайта сату мақсаты; б) ұлттық экономиканы қорғауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясаты; в) тауарларды шет елдерге төмендетілген бағамен сату.

20. Леонтьев парадоксы мынадай тұжырымға негізделеді:

а) белгілі бір елдің белгілі бір тауарды өндіргенде салыстырмалы артықшылығы жоғары болса, онда бұл тауарды экспорттаған тиімді болып табылады; ә) егер мемлекетте капитал факторы көп болса, онда ол еңбек факторын көп қажет ететін тауарды экспорттайды да, капиталды көп қажет ететін тауарды импорттайды; б) импорттық тарифтердің енгізілуі тұтынушының ұтымдылығын арттырады және өндірушілердің артықшылықтарын төмендетеді;

в) егер мемлекет өндіріс факторларының белгілі бір бөлігімен үлкен дәрежеде қамтамасыз етілсе, онда бұл фактордың бағасы жоғары болады.

21. Орталық банк тағайындалған айырбас бағамы жағдайында төлем балансының тапшылығын қалай реттейді?

а) ірі телекоммуникациялық компанияның акция пакетін сату арқылы; ә) ұлттық валютаны девальвациялау арқылы; б) импортталатын тауарларға көтермелі кеден баждарын енгізу арқылы; в) қолма-қол ұлттық валютаны қосымша эмиссиялау арқылы.

22. «Төлем балансы» терминін алғаш рет ғылымға кім енгізді?

а) Джеймс Стюарт; ә) Адам Смит; б) Ян Тинберген; в) Дж. Поллак.

23. Егер мемлекет белгілі бір тауарды өндіргенде абсолютті артықшылыққа ие болса, онда ол:

а) басқа елдерге қарағанда сол тауарды аз шығынмен өндіреді; ә) сол тауарды өндіргенде салыстырмалы артықшылыққа ие болады; б) сол тауарды көп мөлшерде өндіреді; в) сол тауарды өте аз мөлшерде өндіреді немесе өндіруді тоқтатады.

24. Ашық экономикада Манделл – Флеминг үлгісіне сәйкес айырбас бағамының жоғарылауы:

а) IS қисығын оңға жылжытады; ә) IS қисығын солға жылжытады; б) LM қисығын оңға жылжытады; в) LM қисығын солға жылжытады.

25. Тарифтік емес шектеулердің түрлері:

а) кеден бажы; ә) лицензиялар мен шетелдік квоталар; б) шетелдік квоталар, лицензиялар және еркін экспорттық шектеулер; в) кеден бажы мен еркін импорттық шектеулер.

26. Еркін қалқымалы айырбас бағамы жүйесінің артықшылықтары:

а) Орталық банктің ресми валюталық резервтерін ұлғайту; ә) төлем балансының теңсіздігін автоматты түрде реттеу; б) халықаралық келісімдерді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді азайту; в) елдегі инфляция қаупін төмендету.

27. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс:

а) валюта бағамының толқулары бағаларды өзгертпейді; ә) девальвация әрқашанда сауда балансын жақсартуға бағытталады; б) нақты пайыз мөлшерлемесі жоғарылаған кезде елдің валюта бағамы төмендейді; в) ел ішіндегі инфляциялық күтімдердің жоғарылауы оның валюта бағамын құнсыздандырады.

28. Егер Қазақстан үкіметі жоғары импорттық тарифтер енгізсе, онда ұзақ мерзімде:

а) Қазақстанның таза экспорты өседі; ә) ұлттық валютаның нақты бағамы өседі;

б) Қазақстан капиталының оң сальдосы төмендейді; в) жоғарыда аталғандардың барлығы жүзеге асады.

29. Манделл – Флеминг үлгісі бойынша қалқымалы валюталық бағам кезіндегі ынталандырушы ақша-несие саясатының қызметі:

а) табысты азайтады; ә) айырбас бағамын арттырады; б) таза экспортты ұлғайтады;

в) ешқандай өзгерістерді тудырмайды.

30. Сауда балансының сальдосы:а) төлем балансына жатады; ә) төлем балансына жатпайды; б) үнемі оң мәнге ие; в) үнемі теріс мәнге ие.

31. Ашық экономикада шығындар мультипликаторының мөлшері:

а) жабық экономикадағы шығындар мультипликаторынан үлкен болады; ә) жабық экономикадағы шығындар мультипликаторынан кіші болады; б) жабық экономикадағы шығындар мультипликаторының мөлшеріне тең болады; в) ол импорт көлеміне байланысты, сондықтанда ол туралы ешнәрсе айта алмаймыз.

32. Елдің төлем балансының құрамдас бөлігі – ағымдық операциялар есебіне не жатпайды?

а) тауарлы экспорт; ә) инвестициядан түсетін таза табыстар; б) елдің шет елдегі активтерінің өзгерісі; в) бір жақты трансферттік төлемдер.

33. Протекционизм дегеніміз – бұл:

а) халықаралық саудадағы қосымша шектеулер; ә) елге алдын-ала импортталған тауарларды басқа елдерге қайта сату мақсаты; б) тауарларды шет елдерге төмендетілген бағамен сату; в) ұлттық экономиканы қолдауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясаты.

34. Мына тұжырымдардың қайсысы кіші ашық экономикаға тән емес:

а) инвестиция мөлшері әлемдік пайыз мөлшерлемесіне тәуелді; ә) ұлттық жинақтар инвестицияға тең; б) таза экспорт мөлшері ұлттық табысқа тәуелді; в) импорт мөлшері импорттауға деген шекті бейімділікке байланысты.

35. Девальвация дегеніміз – бұл:а) тағайындалған айырбас бағамы жағдайында ұлттық валюта бағамының ресми түрде жоғарылауы; ә) әртүрлі елдердің валюталарының арақатынастары; б) халықаралық нарықтарға бекітілген ортақ бағалар туралы заң; в) тағайындалған айырбас бағамы жағдайында ұлттық валюта бағамының ресми түрде төмендеуі.

36. Олин – Хекшер теориясына сәйкес:

а) белгілі бір тауар түрін өндіргенде артық өндіріс факторы жұмсалса, онда сол тауар экспортталады, ал сол тауар түрін өндіргенде тапшы өндіріс факторы жұмсалса, онда сол тауар импортталады; ә) халықаралық сауданың тиімділігін «екі ел – екі тауар» үлгісі арқылы саудалық және өндірістік мүмкіндіктер қисығының көмегімен көрсетуге болады; б) пртекционизм саясаты әрқашанда өндірушілер үшін тиімді болып табылады; в) мемлекеттік реттеу мәселесі нарықтың кемшіліктерін жоя отырып қоғамның әл-ауқатын арттырады.

37. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілген:

а) Меркантилистер экспортты шектеу керек деп санаған; ә) Д. Рикардо – абсолюттік артықшылықтар теориясының авторы; б) субсидиялар сауда саясатының әдісі болып табылмайды; в) тариф – бұл бюджет табыстарының маңызды көзі.

38. Манделл – Флеминг үлгісі бойынша тағайындалған валюталық бағам кезіндегі ынталандырушы бюджет-салық саясатының қызметі: а) табысты өсіреді; ә) айырбас бағамын арттырады; б) таза экспортты ұлғайтады; в) ешқандай өзгерістерді тудырмайды.

39. Абсолютті артықшылықтар теориясы – бұл:

а) елдің негізгі өндіріс факторларының көлеміне байланысты салалардың бәсекелік қабілеттіліктерінің қалыптасуы жайлы шарттар; ә) кез келген елдің ерекше ресурстары мен жағдайларының болуы нәтижесінде басқа елдермен салыстырғанда артықшылықтармен қамтамасыз етілуі, сондықтан сол елде тауарды аз шығынмен өндіру мүмкіндіктері пайда болады; б) салықтар мен трансферттік төлемдер арқылы тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын ынталандыру мақсатында үкіметтің жүргізетін дербес саясаты; в) дамыған ердердің экономикасында шаруашылық белсенділіктің жинақтардың ұлғаюы арқылы көрінуі, осының нәтижесінде адамдар байып, ақшаны инвестициялау мүмкіндіктері қысқарады.

40. Нақты айырбас бағамы – бұл:

а) екі елдің тауарларының салыстырмалы бағасы; ә) алтынның бағасы; б) айырбас пункттеріндегі бағам; в) Ұлттық банктің валютаны сату бағамы.

41. Манделл – Флеминг үлгісі бойынша тағайындалған валюталық бағам кезіндегі ынталандырушы ақша-несие саясатының қызметі: а) табысты өсіреді; ә) айырбас бағамын арттырады; б) таза экспортты ұлғайтады; в) ешқандай өзгерістерді тудырмайды.

42. Ревальвация дегеніміз – бұл:

а) әртүрлі елдердің валюталарының арақатынастары; ә) тағайындалған айырбас бағамы жағдайында ұлттық валюта бағамының ресми түрде жоғарылауы; б) халықаралық нарықтарға бекітілген ортақ бағалар туралы заң; в) тағайындалған айырбас бағамы жағдайында ұлттық валюта бағамының ресми түрде төмендеуі.

43. Импорттық тарифтердің енгізілуі:а) тұтынушылардың ұтымдылығын арттырады;

ә) өндірушілердің ұтымдылығын арттырады; б) мемлекеттің бюджеттік табыстарын төмендетеді; в) қоғам үшін таза жоғалтуларға алып келеді.

44. Мемлекеттің сыртқы сауда саясатын жүргізудің екі түрі бар, олар қандай?

а) фискалдық және монетарлық саясат; ә) протекционистік және инновациялық саясат;

б) валюталық және фритредерстік саясат; в) протекционизм және еркін сауда саясаты.

45. Икемді валюталық бағамдар:

а) бағамның жылдам өзгеруін және сауда балансы жағдайының өзгерісін тудырады; ә) бағамдарды өзгертпейді; б) импорт жағдайын қиындатады; в) валюта нарығының тепе-теңдігін болдырмайды.


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.029 сек.)