АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Бірлестіктер экологиясы – синэкология

Читайте также:
  1. Бірлестіктер_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
  2. Дара экологиясы – аутэкология.
  3. Популяция экологиясы – демэкология.
  4. Синэкология. Экосистема как единица организации жизни на Земле. Понятие и структура экосистемы. Вклад А. Тенсли. Концепция экосистемы.

Синэкология – әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяцияларының ассоциацияларын, олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгрессте бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К. Шертер болып есептеледі.

22. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе, туралы түсініктер.

Биоценоз – өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар қауымдастығы.

Биотоп – биоценоздың тіршілік мекені, бұл мекеннің абиотикалық жағдайлары біртекті қалыптасқан болып келеді.

Биогеоценоз – белгілі бір кеңістікте оналасқан, ұрпақ алмасу барысында заттар айналымының арқасында ұзақ тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар қауымдастығынан тұратын күрделі жүйе.

Экожүйе дегеніміз- зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

23. Экожүйедегі түр аралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооп ерация және т.б.)

Бәсекелестіктің екі түрін ажыратады: түрішілік және түраралық. Ч. Дарвин түрішілік бәсекелестікті табиғи сұрыпталудың интенсивтілігін арттыратын маңызды форма деп белгілеген болатын.

Нейтрализм - бейтарап селбесу.

Комменсализм. Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді. Комменсализм паразитизмге қарағанда симбиозға жақындау.

Жер бетінде мекендейтін қоңыздарда гамазды кенелердің дернәсілдері кездеседі.Осы әдіспен олар таралады.

24. Түр аралық бәсекелестік – бірлестіктердің түрлік құрамын сақтайтын механизм ретінде.

Әр алуан түр дарақтарының арасындағы тіршілік үшін күрес. Мысал: қоян-қасқыр, мысық-тышқан. Бұл барынша сан алуан және жан-жақтылықты қамтитын өзара әрекет. Жақын туысты түрлер арасындағы бәсекелестіктер жатады. Өсімдіктерде бәсекелестіктің мұндай түрі жүйелік алшақ топтарда айқын көрінуі мүмкін. Мәселен, орманда жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда, ал шалғында біржарнақты және қосжарнақтылар бәсекелеседі.

25. Г.Ф. Гаузенің бәсекелістік принципі. Экологиялық орта: потенциалды және шынайы.

Гаузе бәсекелестік ығысу принципін ұсынды: «бір экологиялық жағдаймен сипатталатын екі түр бір экологиялық ортада ұзақ уақыт бірге тірішілік ете алмайды».

Биогеоценоздарда бәсекелестік көп ретте жанама түрде байқалады. Белгілі бір экологиялық қуысты мекендейтін әр түрлі популяциялар экологиялық факторларға өзінше әр қилы жауап береді. Биоценозда неғұрлым түрлер алаундылықпен сипатталса, соғұрлым сол биогеоценозда бәсекелестік бәсең болып келеді.

26. Экожүйедегі химиялық элементтер мен энергия ағымының айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші бастамалары.

Энергия - материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғаласының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді. Жүйедегі энергияның өзгеруі жұмыс орындалғын кезде жүреді.

Термодинамиканың бірінші заңы -энергияның сақталу заңы-табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалып кетпейді.Ол тек бір түрден екінші түрге айналады. Ал энергияның мөлшері тұрақты болып қалады. Бұл заңға табиғатта белгілі барлық процестер бағынады.

Термодинамиканың екінші заңы бойынша энергияның өзгерісімен байланысты процестер тек энергия концентрленген түрден таралған күйге өткенде ғана өздігінен жүре алады. Энергияның қандай да бір бөлігі пайдалануға болмайтын түрде таралғандықтан энергияның өздігінен өзгеруінің тиімділігі барлық уақытта 100 %- дан кем болады.

27. Лидерманның 1% және 10% энергия туралы ережесі.

28. Биоценоздың трофтық құрылымы (продуцент, консумент, редуцент)

Бірлестіктердегі қоректік байланыстар – бір ағзадан екінші ағзаға энергия берудің механизмдері. Әр қауымдастықтарда қоректік тізбектер күрделі торларға айналған. Биоценоздардағы трофтық тізбектер өте күрделі, алайда жасыл өсімдіктермен жинақталған энергияның нақты порциясының жолы өте қысқа.

Трофтық деңгейлер — қоректік тізбектегі әр звеноның өз орны.

1-ші трофтық деңгей —продуценттер,

2-ші трофтық деңгей — шөпқоректі консументтер;

3-ші торфтық деңгей — жыртқыштар, етқоректі консументтер.

Әр қоректік тізбекте қоректің барлығы салмақ жинау мақсатында қолданылмайды. Оның жартысы ағзаның энергетикалық сұраныстарын өтеуге жұмсаладаы: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын қалыпты сақтауға және т.б. Бұл ретте бір звенодағы биомасса келесі звеномен толық өңделмейді.

Экожүйе продуценттері синтездейтін органикалық заттардың химиялық байланыстарында күн энергиясын белгілеу жылдамдығы қауымдастықтың өнімділігін айқындайды. Уақыт бірлігіне шаққандағы өсімдіктер түзіп шығарған органикалық заттар массасын қауымдастықтың біріншілік өнімі деп атайды. Бұл өнімнің жартысы сол өсімдіктердің тіршілігі барысында жұмсалып қояды.

Бірінші өнімді пайдаланатын консументтер өз кезегінде екіншілік өнімді түзеді.

29. Қоректік және трофтық деңгейлер, қоректік торлар

Биоценоздардағы қоректік торлар көптеген қысқа қатарлардан түзіледі. Бұл қатарларда ағзалар бір-біріне заттар мен жасыл өсімдіктер жинаған энергияны беріп отырады. Алдыңғы түр келесі түр үшін азық болып табылатын мұндай қатарларды қоректену тізбегі деп атайды. Қоректену тізбегінің жеке звенолары трофтық деңгейлер деп аталады.

Қоректік тізбектердің екі түрін: жайылымдық және денритті бөліп көрсетуге болады.

Қоректік тізбектер бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоректену торын түзеді. Әр өндірушіде бірнеше консумент болады. Ал консументтердің көпшілігі полифагтар, яғни бір емес, бірнеше қоректену көзін пайдаланады.

Көптеген түрлер әр түрлі қоректік тізбектерге кіруі және әр түрлі орында болуы мүмкін.

30. Экологиялық пирамидалар (сан, биомасса, энергия)

Ø Сандар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі ағзалардың санын көрсетеді. Орманның жайылымдық қоректік тізбегінде, продуцент-ағаш, ал бірінші ретті консумент- бунақденелілер болғанда, біріінші реттік консументтердің деңгейі саны жағынан өндірушілер деңгейімен салыстырғанға байланысты. Бұл кезде сандар пирамидасы кері болады.

Ø Биомассалар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалры құрғақ массасын сипаттайды. Өндірушілері өте ұсақ және консументтері ірі болған экожүйелерде соңғысының жалпы массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасы да кері болады.

Ø Энергия пирамидасы кезекті трофтық деңгейлердегі энергия ағымының шамасын немесе «өнімділігін» көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді. Бірақ тамақпен бірге жүйеге түсетін барлық энергия көздері есепке алынуы керек.

31. Экожүйелер өнімділігі (біріншілік және екіншілік)

Экожүйелердегі органикалық заттың жасалу жылдамдығын - биологиялық өнімділік деп атайды.

Бірінші реттік өнімділік деп, бірінші реттік өндірушілердің биомассасының түзілу жылдамдығын атайды.Бұл маңызды көрсеткіш. Себебі, ол экожүйенің биотикалық компоненті арқылы өтетін жалпы энергия ағынын, яғни экожүйеде мүмкін болатын тірі ағзалардың санын анықтайды.

Өсімдіктердің энергияны жинау жылдамдығын жалпы бірінші реттік өнім деп атайды.

Гетеротрофты ағзалардың органикалық заттарды жинау жылдамдығын екінші реттік өнім деп атайды.

32. Экожүйенің табиғи дамуы (1-лік және 2-лік сукцессия)

Бір территориядағы антропогенді және табиғи факторлар әсерінен бір биоценоздың екінші бір биоценозбен алмасу процесі сукцессия деп аталады. Біріншілік және екіншілік сукцессияларды ажыратады.

Біріншілік сукцессия — бұл ретте қауымдастықтар таза, өлі субстартта орналасады.

Екіншілік сукцессия — бір қауымдастықтың сол ортаға бейімделген екінші бір қауымдастықпен алмасуы.

33. Экожүйелердің біртұтастылығы мен тұрақтылығы. Табиғи экожүйелер тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері мен критерийлері.

Экожүйе - зат, энергия, және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

 

34. Биосфера және оның тұрақтылығы.

Алғаш рет “Биосфера” терминін 1803 жылы Жан-Батист Ламарк өзінің Гидрогеология туралы еңбегінде Жер бетіндегі тірі заттар қауымдастығын белгілеу үшін қолданды. Кейін термин ұмыт болды.

Биосфера – грек тілінен аударғанда “биос” – тіршілік және “сфера” – шар, “тіршілік аймағы” мағынасында.

1875 жылы терминге жаңадан өмір берген Вена университетінің профессоры, геолог Эдуард Зюсс болды.

Биосфера терминін кейін 1914 жылы В.И. Вернадский өзінің Жер қыртысындағы рубидийдің тарихы туралы мақаласында қолданды.

1926 жылы академик В.И. Верндаский өзінің “Биосфера” атты классикалық еңбегін басып шығарды.

35. Биосфера концепциясының қалыптасуы, биосфера эволюциясы. В.И.Вернадскийдің Ноосфера және Биосфера туралы ілімдері.

В.И. Вернадский бойынша биосфера Жер шарының уникалды геологиялық қабықшасы, геохимиялық және энергетикалық ауысымдар тірі ағзалардың суммарлық белсенділігімен айқындалатын жердің ғаламдық күрделі жүйесі болып табылады.

В.И. Вернадский биосферада әр алуан, бірақ геологиялық тығыз байланысқан 7 типті заттарды бөліп қарастырды:

1. Тірі зат – Жерде мекендейтін барлық тірі ағзалардың жиынтығы.

2. Биогенді зат – тірі ағзалардың тіршілік әрекеті негізінде түзілген геологиялық жыныстар: тас көмір, әктас және т.б.

3. Косты зат – тірі заттың қатысынсыз түзілетін заттар қауымдастығы, мысалы, жанартау атқылағанда түзілетін тау жыныстары.

4. Биокосты зат – костты процестер және тірі ағзалардың бірлесе атқарған іс- әрекеттері нәтижесінде түзілетін заттар (топырақ).

5. Радиоактивті заттар - өздігінен сәулеленетін және радиактивті сәуле шығару қабілеті бар заттар және олардың изотоптары, мысалы, уран, торий, стронций және т.б.

6.Шашыраңқы атомдар – гелий, сутегі, оттегі атомдары.

7. Космостық табиғаты бар заттар – метеориттер мен космостық шаң-тозаң.

Биосфераның орташа қалыңдығы 12-17 км-ге тең болса, максималды қалыңдығы – 33-36 км-ден аспайды. Бұл шектеулер шартты болып келеді.

Қоршаған ортаның және қоғамның дамуы біртұтас процеске айналған. Биосфераның келешектегі геологиялық кезеңін – ноосфера деп атайды. Ноосфера кезінде адамның саналы іс-әрекеті табиғаттағы басым бағыттаушы күш болып табылады.

В.И. Вернадский ноосфера туралы ой-пікірлерін тек өмірінің соңына қарай қарастырған болатын. Оның ойы бойынша қоғамның табиғат жағдайларын ескере отрыпы дамуы үшін арнайы құрылымдық ұйымдар мен комиссиялардың құрылуы қажет. В.И.Вернадскийдің “Ғылыми ой – планеталық құбылыс” атты еңбегінде ноосфераны қалыптастыру үшін нақты жағдайлар қатары келтірілген:

Ø Адам Жердің барлық аудандарында орналасу керек;

Ø Мемлекеттер арасында ақпараттармен алмасу құралдарын алмастыру;

Ø Мемлекеттре арасындағы саяси байланыстарды нығайту;

Ø Адам өзінің геологиялық іс-әрекетін өзге әрекеттерге қарағанда жоғары қою керек;

Ø Биосфера шектерін кеңейтіп, ғарыштық кеңістікті игеру;

Ø Энергияның жаңа көздерін ашу;

Ø Әр дінге және нәсілге жататын адамдардың арасында теңдіктің орнауы;

Ø Ішкі және сыртқы саяси сұрақтарды шешуде қоғамның ролінің басым болуы;

Ø Қоғам өмірінде соғыстарды болдырмау;

Ø Ғылыми ойдың тар шеңбердең шығуы;

Ø Халықтық білім берудің ойластырылған жүйесін қалыптастыру.

36.В.И.Вернадскийдің Ноосфера және Биосфера туралы ілімдерідегі тірі заттардың концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролін анықтау.

Тірі зат – Жерде мекендейтін барлық тірі ағзалардың жиынтығы.

В.И. Вернадский тірі заттың, яғни биотаның Жер қабаттарының физикалық және химиялық қасиеттерін түзуде және сақтап тұруда маңызды ролін алғаш айтқан болатын. Барлық тірі заттар жиынтығы өзінің аз массалық үлесіне қарамастан су қабатында және Жер бетінде өтетін барлық физикалық, химиялық процестерде және геологиялық эволюцияларда өте үлкен орын алады.

Тірі зат барлық биосфераны қамтып, оның түзілуінде және өзгеруінде маңызды роль атқарады.

Қазіргі таңдағы есептеулер бойынша жалпы тірі заттардың салмағы 2420 млрд т. құрайды.

Тірі заттың орташа элементарлы құрамы жер қыртысының құрамынан көміртегінің көп мөлшерімен ерекшеленеді. Тірі ағзалар өздерінің дене құрылысына ғана жұмсалатын элементтерді сіңіреді. Тіршілік барысында ағзалар оңай сіңірілетін атомдарды пайдаланып, олардан күрделі жоғары молекулалық қосылыс түзеді.

Қазіргі есептеулер бойынша биосфера осыдан 3,5-4,5 млрд жыл бұрын пайда болған. Оның эволюциясы маңызды екі фактордың арқасында жүріп отырды:

1. планетадағы геологиялық және климаттық өзгерулер;

2. биологиялық эволюция барысында қалыптасқан тірі ағзалардың саны мен алуан түрлілігі.

Адам қоғамының дамуы өз кезегінде биосфераның қалыптасуында маңызды роль атқарды.

Жер биосферасының эволюциясын ғалымдар 3 кезеңге бөледі:

1.Бірінші кезең – тотықсыздану – космостық жағдайларда басталып, Жерде гетеротрофты биосфераның пайда болуымен сипатталады;

2. Екінші кезең - әлсіз тотығу - фотосинтез пайда болды. Аэробты фотосинтез цианобактериялардың тегінен басталып, кейін көк –жасыл балдырлармен жалғасты. Биосинтездің пайда болуы атмосфераның сипатын күрт өзгертті. Оттегінің көп мөлшерде синтезделуі өз кезегінде анаэробты ағзалардың көп түрінің жойылуына және аэробты ағзалардың жаңа түрлерінің пайда болуына себепкер болды.

3. Үшінші кезең – тотығу – фито-автотрофты биосфераның дамуымен сипатталды. Құрлықтарда өсімдік жамылғысының артуына байланысты фотосинтез қарқынды түрде жүріп, оттегінің мөлшері күрт ұлғайды.

Оттегімен тыныс алатын жануарлар пайда бола бастады. Прокариоттар басымдығы эукариоттардың басымдығымен алмасты. Тірліктің құрлыққа ауысуы нәтжесінде салмақтық үлесі де ұлғайды.

37. Антропогендік фактор қуатты геологиялық және геохимиялық күш ретінде. Оның концепциясы.

38. Адамның экологиялық жүйедегі алар орны. Биосферадағы заттар айналымы.

39. Ғаламдық биогеохимиялық циклдер. В.И. Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.

40. Қазіргі биосфера. Өндіріс пен салмақтың қоршаған ортаға тигізер әсерінің артуы.

41. Тұрақты даму концепциясы. «Тұрақты даму» түсінігінің пайда болу тарихы: Рим клубы, Медоуздер мен Форестердің («Өсім шегі, 1972») жұмыстары.

“Тұрақты даму” термині алғашында табиғатты пайдалануда, атап айтқанда балық және орман шаруашылығында Канадада 1960-шы жылдары пайдаланылды (sustained yield). Бұл терминді су қоймаларында 10-ған жылдар бойы өнім бере алатын балық қорын максималды деңгейде аулуада пайдаланды.

1970-ші жылдардың ортасына қарай бұл терминді sustainable yield термині алмастырып, мағынасына өзгеше сипат енгізді. Табиғат қорын (балық ресурсын) оның таусылу шегін және орнын қайта толықтыра алу қабілетін ескере отырып пайдаланыу, қолданысқа енгізу. Табиғатқа деген оптималды көзқарастың қалыптасуымен ұласты.

1981 жылдан бастап Л.Браун sustainable development терминін экологиямен байланыстыра отырып, оның аясынан шығып адамның өзге іс-әрекеттерінде пайдалануды алғаш ұсынды (қалалар даумы, ауыл шаруашылығы, өндіріс, экономика және т.б.).

Рим клубы – адамзат болашағы мәселесі мазалаған қоғам қайраткерлері мен әр түрлі саладағы ғалымдарды біріктірген үкіметтік емес ұйым болып табылады. Бұл ұйым 1968 жылы Италияның қоғам қайраткері Аурелио Печчейдің бастауымен құрылған.

Клубтың алғашқы президенті – А.Печчеи;

Қазіргі президенті - А.Кинг.

1972 жылдың соңында Д.Н.Медоуз, Д.Л.Медоуз, Л.Кондер және В.Беренс “Өсім шегі” атты кітап жазып, Рим клубына тапсырады. Бұл кітап Дүние жүзі шаруашылығын ұйымдастырудың екінші үлгісі болып табылады.

Дүние жүзін он аймаққа бөліп, 5 өркениет, 5 артта қалған елдер аймағы болды. 70-ші жылдардың жаңа көрсеткіштерін салып,өркениет елдер мен артта қалған елдер арасындағы алшақтықты азайтып, азық-түлік және энергетика тапшылығын шешу жолдарын ұсынды.

42. Қоршаған орта туралы БҰҰ-ның бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972).

БҰҰ –ның Адамды қоршаған орта мәселелері бойынша алғашқы коференциясы Стокгольм қаласында 1972 жылы өтті. Бұл коференция барысында маңызды 3 халықаралық бағдарламалар, 7 үкім және 26 принцип қабылданды.

Бағдарламалар:

1. M&B – Адам және Биосфера;

2. GKP – Бүкіләлемдік климатық бағдарлама;

3. GBGP – Бүкіләлемдік биосфера-геосфералық бағдарлама.

Конференция декларациясында басты назар қазіргі қоғамның барлық шаруашылық, өндірістік, ғылыми – техникалық бағыттарын эколоияландыру мәселесіне ауысқан болатын. 7 үкімнің тоқетерін айтқанда, бұл сатыға шығу үшін адам өзінің биосфераның қорын тек пайдаланушы ретіндегі ролін сол ресурстарды қайта қалпына келтіруші негізгі күш немесе механизм роліне алмастыру керек.

Конференцияның 1-ші принципі:

- Адам тек қана таза ауа, таза қоршаған ортаға және берекелі өмірге құқылы ғана емес, сонымен қатар сол ортаны қайта қалпына келтіруге, бұзбауға міндетті.

43. Рио-де-Жанейродағы (1992) және Йоханнесбургтегі (2002) бүкіләлемдік саммиттер.

БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау мен дамыту проблемаларына арналған екінші Конференциясы мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өтті. Бұл маңызды конференцияда 114 елдің басшысы мен 178 елдің дипломаттары, 1600 мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері болды.

Осы конференцияда қоршаған ортаның проблемалары мен дамуын бір бірінен бөліп қарауға болмайтыны атап көрсетілді, елдің экологиялық, кедейлік және даму деңгейінің бір-бірімен байланыстығы айтылды, сол сияқты әлемдік қоғамдастықтың ХХІ ғасырда тұрақты түрде даму жолына түсу керектігіне шешім қабылданды.

Конференцияда 6 бағдарламалар, 27 принциптер қабылданды.

Бағдарламалар:

1. Қоршаған орта мен оның дамуы туралы Рио декларациясы;

2. ХХІ ғасыр күн тәртібі;

3. Орманның барлық түрінің тұрақты даму, басқарылу мен сақталу принциптері туралы Өтініш;

4. Климаттың өзгеру проблемаларының Рамалық Конвенциясы;

5. Биоәртүрлілік бойынша Конвенция;

6.Тұрақты даму концепциясы.

2002 жылы Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка) өткен тұрақты даму бойынша жоғарғы деңгейдегі Дүниежүзілік кездесудің Декларациясы мен шешімдерін орныдау жоспарында қайта білім берудің негізгі факторларының бірі ретінде білім беру жүйесінің барлық тұрақты дамыту тұжырымдамасын енгізу қажеттігі атап көрсетілді.

Бұл жоғарғы деңгейдегі кездесу қызығушылық танытқан жақтардың үлкен тобын ұйымдастырды. 22 мыңнан астам қатысушы болды, соның ішінде 100 – ден астам мемлекет басшылар, 8000-нан астам ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар)-ң белсенділері, бизнесмендер, 4000-нан астам БАҚ қызметкерлері есептелді.

Мемлекет-жақтастар Тұрақты даму бойынша Йоханнесбург Декларациясын және Шешімдердің орныдалу Жоспарын талқылап, қабылдады.

Бұл кездесу тұрақты дамудың халықаралық күн тәртібіндегі маңызды сұрағы екенін тағы бір дәлелдеді. Тұрақты даму концепциясы құжатына толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, жаңа әлемнің сипатына сай жасалды.

44. Европалық қалалардың тұрақты дамуының хартиясы (Дания, Ольборг қаласы, 1994).

45. Тұрақты даму факторлары: экологиялық (өркениет дамитын коридор шегі), экономикалық (нарықтық жүйенің өзгеруі), әлеуметтік (ауыл шаруашылық саласы, адам құқығы, демография).

Әлеуметтік даму – бұл дамуда табиғат ресурстарын пайдалану адамзаттың теңдігі мен әлеуметтік шындықты, әділеттілікті жүзеге асыруға бағыттайтын болу керек.

Экономикалық даму – қазіргі кезде қалыптасқан адам капиталы (ақпараттық, мәдени капиталы) материалды капитал және табиғи капиталды сақтап қалу. Мұнда материалды капиталды барынша қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына бағыттау.

46. Тұрақты дамудың бағдарламалары мен принциптері - жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық, ғаламдық.

БҰҰ-ның 1992 жылы өткізген Рио-де-Жанейродағы конференциясында Тұрақты дамудың стратегиясы қабылданды. Стратегияның негізінде қоршаған орта, оның ресурстары мен планета адамзатының саны мен экономикасы арасында балансты жағдайды қалыптастыру жатыр. Осы стратегиялық ақпарат бірнеше деңгейде атқарылуы тиіс:

1. Жергілікті;

2. Ұлттық;

3. Мемлекттік;

4. Аймақтық;

5. Халықаралық;

6. Ғаламдық.

Тұрақты дамудың негізгі принциптері:

1. Жердегі барлық тірлік иелеріне құрметпен және қамқорлықпен қарау;

2. Өмір сапасын арттыру;

3. Экожүйелер алаунтүрлілігін сақтау;

4. Экожүйе сыйымдылығы шегінде даму;

5. Адам іс-әрекеті стереотиптерінің өзгеруі;

6. Қалпына келмейтін ресурстарды тиімсіз пайдаланудың алдын алу;

7. Әлеуметтік-экономикалық даму және қоршаған ортаны қорғау интеграциясын қарастыратын ұлттық концепциялар құрастыру.

47. Әр деңгейдегі тұрақты дамудың мүмкіндігін айқындайтын факторлар.

48. Тұрақты дамуды қамтамасыз етеін халықаралық қызметтестік

49. Тұрақты даму теориясын ғылыми негіздеуде халықаралық ұйымдардың атқарар қызметі.

50. Тұрақты дамудың бір аспектісі ретінде – табиғат ресурстарын тиімді пайдалану.

Табиғи ресурстар қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттіктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процестерінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.

Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты болып, оның ресурстарын өз қажеттілігіне жұмсап келген. Сонымен бірге адамдарда үнемі табиғатты “бағындыру” арманы болған. Қалай болғанда да адамның табиғатқа, табиғи ортаға деген көзқарасы болашақ ұрпақ мүддесі үшін тиімділілікті, саналылықты керек ететін көзқараспен ұштаса жүруі қажет.

Табиғат ресурстарының классификациясы.

Ресей геологы Протасов 1985 жылы табиғат ресурстарын шығу көзіне, өндірісте пайдаланылуына, сарқылу деңгейіне байланысты жіктеп берді.

Биологиялық ресурстар – биосфераның барлық тірі компоненттері, өсімдік және жануарлар әлемі.

Минералды ресурстар – қолдануға жарамды литосфераның заттық құраушы бөлігі, шаруашылықта минералды шикізат немесе отын көзі ретінде пайдаланылады. Егер шикізат отын түрінде (көмір, мұнай, газ, ағаш, атом энергиясы), сонымен қатар, двигательдерде энергия көзі түрінде пайдаланылса, онда оны отын – энергетикалық ресурс деп атайды.

Энергетикалық ресурс – Күн, космос, атомды-энергетикалық, отын –энергетикалық, термальды энергия және энергияның т.б. көздерінің жиынтығын атайды.

Табиғатты қорғау аспектілері:

- қоршаған ортаны ластауға қойылған лимиттер (шектеулер) – ластағыш затардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы түсу көлемінің, сондай-ақ қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістер мен өзге де зиянды физикалық ықпалдар әсері деңгейлерінің қолайлы қоршаған орта сақталатын шектері.

- шығарылудың, тасталудың үлес нормативі - өнімнің, қуаттың, көлік немесе өзге де жүріп-тұру құралдарының бірлігіне шаққанда атмосфераға, су объектілеріне зиянды (ластаушы) заттарды шығарудың, тастаудың ең көп массасының нормативі. Ол технологиялық процестер мен жабдықтардың қозғалмалы және тұрақты көздері үшін белгіленеді.

-өндіріс қалдықтары - өнімдерді шығару, өзге технологиялық жұмыстарды орындау кезіде пайда болған және техногендік минералдық түзілімдер мен ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтарын қоса алғанда, тиісті өндірісте қолдануға қажетті бастапқы тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан шикізаттардың, материалдардың, химиялық қосылыстардың қалдықтары.

- коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар – адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған қалдықтар;

- қалдықтардың түрі – ортақ химиялық, физикалық, биологиялық белгілері бар қалдықтардың жиынтығы;

- қалдықтардың қауіптілік сыныбы – адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсер ету дәрежесі бойынша анықталатын қалдықтардың зияндылық көрсеткіші.

- қалдықтарды орналастыру объектісі – полигондар, күл-қоқыс сақтау орындары, қалдық сақтау орындары, кен жыныстарының үйінділері мен қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған басқа да арнайы жабдықталған орындар.

-қалдықтардың паспорты – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасын куәландыратын құжат.

51. Табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі ретінде – қоршаған ортаны оптимизациялау.

52. Жердің компоненттерінің сипаттамасы: Литосфера, гидросфера және атмосфера.

В.И. Вернадский биосферада негізгі 3 геосфераны бөліп қарастырды:

Ø Газ қабаты (атмосфера);

Ø Су қабаты (гидросфера);

Ø Қатты қабат (литосфера).

Жердің газды немесе газтәрізді қабаты – атмосфера басқа аспан денелерінің газтәрізді қабатынан әлдеқайда ерекшеленіп тұрады. Жер атмосферасы газдар қоспасынан, су буларынан және қатты заттардың ұсақ бөлшекетерінен тұрады. Атмосфера негізі – ауа, ол өз кезегінде келесі газдар қоспасынан құралған: азот, оттегі, аргон және көмірқышқыл газы.

Литосфера – (гр. “литос” - тас) жер қыртысының жоғарғы қабатын құрайды. Литосфераның құрамына жер қыртысы және жердің жоғарғы мантиясының бөлігі кіреді. Қалыңдығы: құрлықта- 50 км-ден 75 км-ге дейін, мұхит түбінде – 5-10 км. Литосфераның жоғарғы қабатын (2-3 км тереңдікте) литобиосфера деп атайды. Бұл қабатта анаэробты тіршілік иелері шоғырланған.

Гидросфера- Жердің су қабаты. Ол мұхит, теңіз, көл, өзен суларымен бірге жер асты суларын және мәңгі қар мен мұздық суларын да түгелдей қамтиды.

53. Табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін.

1. Сарқылатын ресурстар – жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар. Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым болып табылатындықтан, ол өз кезегінде келесідей жіктеледі:

- қалпына келетін (фауна, флора);

- қалпына келмейтін (пайдалы қазбалар);

- салыстырмалы қалпына келетін (топырақ ресурсы, орман қоры).

2. Сарқылмайтын ресурстар – шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздер мен мұхиттардың толуы мен қаутуы энергиялары. Бұл ұғым да салыстырмалы болып табылады. Мысалы, Күн энергиясын шектелген мөлшерден артық пайдалану, жер температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.

54. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі. Табиғатты тиімді пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар.

Биологиялық ресурстар – биосфераның барлық тірі компоненттері, өсімдік және жануарлар әлемі.

Аз қалдықты технология - өнімдер бірлігін шығару кезінде осы өнімдерді алудың қолданылып жүрген тәсілдерімен салыстырғанда қалдықтардың аз саны пайда болатын өнімдерді шығару процесі;

Қалдықсыз технология – белгілі бір өндіріс кешенінің немесе цехтың жарамсыз қалдықтары келесі бір өндіріс кешеніне немесе сол өндірістің келесі цехына шикізат болып келетін тұйық жүйе.

Адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеудің мынадай мүмкіндіктері белгілі. Олар:

- ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін қалдықсыз технологияны енгізу;

- ортаның ластануын барынша азайту;

- су шығынын едәуір азайтуға мүмкіндік беретін өндірістік суды тазартып, қайта пайдалану;

- топырақтың ылғал жинауына және ауадағы атмосфералық газдардың тепе – теңдігін сақтауға мүмкіндік беретін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру;

- жылу мен энергияны табиғи көздерден өндіру;

- жаңа технологиялық әдістерді кең пайдалану.


1 | 2 | 3 |

Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.034 сек.)