АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж. Тақырыбы: Тарихи грамматика-пәні, мақсаты мен міндеті, сипаттамалық, грамматикалық өзгешелігі мен байланысы

Читайте также:
  1. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж
  2. Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж

Лекция тезистері

№ 1 лекция

Тақырыбы: Тарихи грамматика-пәні, мақсаты мен міндеті, сипаттамалық, грамматикалық өзгешелігі мен байланысы.

Жоспар:

1.«Тарихи грамматика» терминінің кең және тар мағынасы, зерттеу нысаны, салалары,тіл білімінде алатын орны.

2.Түркологияда, қазақ тіл білімінде тарихи грамматиканың зерттелу жайы,басқа пәндермен байланысы.

3.Қазақ тілі тарихын зерттеудің әдіс-тәсілдері. Ретроспективті, перспективті, тарихи диохрондық, салыстырмалы –тарихи, типологиялық т.б. әдістер туралы.

4.Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының тарихи дамуы, зерттелуі. «Көне қазақ тілі» терминін енгізу мәселесі туралы ғылыми пікірлер: Н.А.Баскаков, А.Н.Самойлович С.Е.Малов М.Т.Томанов және т.б. Қазақ тілінің өзге тілдерден негізгі айырмашылықтары, ерекшелігі.

Пайдалынатын әдебиеттер:

1. Аманжолов С. Тарихи грамматика курсына қажетті материалдар. А., 1984ж

2.Ағыманов Е. Қазақ тілінің тарихи синтаксисі. А., 1986ж

3. Ескі түркі жазба ескерткіштері туралы зерттеулер. А., 1993ж

Жолдасбеков М. Асыл арналар. А., 1990ж

5. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. (XIV ғасырда Алтын Орда мен Египетте жазылған ескерткіштер тілі негізінде) А., 1983ж

6. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. А., 1988ж

7.Керімұлы Ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар. А., 1999ж

8. Қордабаев Т., Томанов М Тарихи грамматика мәселелері. А., 1975ж

Тіл тарихы жалпы тіл білімінің бір саласы. Зерттеу нысаны – бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер, яғни жүйеленген әдеби тіл ескерткіштерінің де, халықтық сөйлеу тілінің де өзгерістері мен даму заңдылықтарының негізін анықтайды. Тіл тарихы ескерткіштер тілін зерттеп қана қоймай, жазу қолданғанға дейінгі көне дәуірде болған болған тілдің сипатын жобалауға да ұмтылады. Тіл тарихы өз зерттеулерін бүгінгі тіл фактілеріне талдау жасаудан бастап, сол қорытындылар негізінде өткен дәуірлерге үңіледі. Тіл білімінде бұндай әдіс – регроспективтік әдіс деп аталады. Жазба әдеби тілдің өзі халық тілі негізінде қаланатындығын, сондықтан оның құрамында варианттар мен жарыспа элементтер болатынын былай қойғанда, ол ауызекі сөйлеу тілімен тығыз қатынаста, тығыз байланыста болады.



Тіл тарихы пәнінң негізгі мақсаты – біртұтас халық, ұлт тілінің қалыптасу процесін айқындау болып табылады.

Қазақ тілі – түпкі түркі тілін сақтаған байырғы тіл.

Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар. Қазақ тілі түркі тілдерінің бір тармағына жатады.

Бір негізден өрбіп, түркі ата тілінен тарағандықтан. әзербайжан, балқар,башқұрт, гагауыз, қазақ, қарақалпақ, қарайым, қарашай, құмық, қырғыз, ноғай, өзбек, саха, татар, тува, түрік, түрікмен, ұйғыр, чуваш, қақас тілдері түркі тілдері деп аталады. Түркі тілдерін бұтақтары тармақталып жапырақ жайған алып бәйтерекке ұқсатады А.Байтұрсынұлы.

Қазақ тілінің түркі тілдерімен туыстас болатын себебі ай, тәңір,көк, жер, су тәрізді зат есімдер: бас, тіс, көз, қол, аяқ тәрізді дене мүше атаулары, ақ қара, сары, қызыл тәрізді сын есімдер: ондық, жүздік, мыңдықты білдіретін сан есімдер: бар, кел, тұр, ұш, отыр, жат тәрізді етістік. Апа, қарындас, ата, келін, қайын т.б. сияқты туыстық атаулар ортақ болып келеді.Өмірлік мәні бар мұндай атаулар, әдетте ауыс-түйістікке жатпайды,олар түркі тілдерінің бір негізден, бір ата тілден тарағандығының белгісі болып табылады. Грамматикалық шақ, жақ көрсеткіштері мен негізгі септіктердің түркі тілдеріне ортақ болып келуі – олардың бір ата тілден тарағандығын, туыстығын көрсететін ең сенімді тілдік деректер.

‡агрузка...

Туыстығы жағынан қарақалпақ, ноғай, өзбек тілінің қыпшақ диалектісі, сондай-ақ татар, қырғыз тілдері қазақ тіліне ең жақын тілдерге жатады.

Туыстығы алыс саха, чуваш тәрізді тілдерді туыстығы біршама жақын, туыстығы өте жақын тілдердің деректерін салыстыру арқылы тіліміздің қандай көнелік белгілерді сақтағанын, дыбыстық, мағыналық жағынан қандай өзгерістерді өткергенін айқындап береді. Ғылыми мәні зор болғандықтан, тілдердің туыстығына зерттеушілер ерекше көңіл бөледі.

Сонымен, түркі тілдерінің туыстығы олардың лексикалық мағыналарынан, грамматикалық құрылысынан, дыбыстық жүйесінен нақты байқалады. Сондай-ақ түркі тілдерінің әрқайсысына тән лексикалық, грамматикалық, фонетикалық өзгешеліктері де болады. Ондай өзгешеліктерді туыс тілдердің деректерін салыстыру арқылы байқауға болады.

Басқа түркі тілдерінде ғ,г,б дыбыстары келетін орындарды қазақтың у,қ,к дыбыстарын қолдануы аба-ауа, тағ-тау, гелді-келді, ғырмызы-қырмызы.

Басқа түркі тілдерінде ш дыбысы келетін сөздерде қазақтар С дыбысын қолданады:

Баш-бас, таш-тас т.б. Басқа түркі тілдерінде сөз басында Й келетін жерде қазақ тілінде Ж дыбысы қолданылады: йаш-жас, йол-жол, йаз-жаз, йыл-жал т.б.

Кейбір түркі тілдерінде дауысты дыбыстың созылыңқы түрі болса, қазақ тілінде ол жоқ. Тау-тоо, сағат-саат т.б.

№2-лекция.

Тақырыбы: Тарихи лексикология, зерттеу нысаны. Зерттелу тарихы.

Жоспар:


1 | 2 | 3 | 4 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.006 сек.)