АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Есепті бейнелеу

Читайте также:
  1. B. магнитті дискжетек
  2. C) келісімшарт бойынша таза табыстан белгіленген пайыз
  3. C) персоналды орналастыру
  4. C) Персоналды орналастыру
  5. D) икемділік принципі
  6. E) салыстырмалы
  7. IIIIIIIIIIIIIIIIIIII
  8. Mission Control
  9. А) Бернард Арно
  10. а) инженерлік шаралар
  11. Абулия дегеніміз -
  12. Адам мотивациясы немен тікелей байланысты болады

Кіріспе

 

Біз бұл курстық жұмыста, зертхана жұмыстарында және практика сабақтарында алған білімімізді бекіту үшін тапсырма ойластырамыз. Осы курстық жұмыстың орындалу нәтижесі болып симуляторда немесе нақты қондырғыда орындалған бағдарламалық қамсыздандыру болып келеді.

Қазіргі уақытқа сай жергілікті автоматтандыру және басқару жүйелерінде басты элемент микропроцессорлы контроллер болып табылады.

Микропроцессорлы жүйе міндетті түрде нақты уақытта жұмыс істеу қажет. Жүйенің бөлшектерін бір-біріне синхрондауын таймерлер арқылы орындайды. Сонымен қатар, аналогты датчиктердің сигналдары ең ұзақ уақытта өңделеді.

Микропроцессордың даму тарихына келетін болсақ, ол автоматизация есептерінің қолданылуының қиындықтарына байланысты жасалған. Бірақ микропроцессор сипаттамасының реалды масштаб уақытында обьектіні басқару есептерінің жақсаруының дамуы, қуаттылығы жоғары есептегіш жүйелер – дербес компьютерлердің пайда болуына алып келді. Дүниежүзілік микропроцессорлық техниканың басқару есептерінде дамуы 20 ғасырдың 90 жылдарына жатады.

 

Есепті бейнелеу

 

Есепті бейнелеу дегеніміз, есепті түсіндіретін технологиялық сұлбаны келтіріп, сол бойынша есептің берілгенін дәлелдеу болып келеді. Есепті дәлелдеу кезінде автоматтандырудың мақсатын ашып жазу қажет.

Тапсырма:

Сусындарды құю және қаптау жұмысы қарастырылады. Конвейер «START» және «STOP» батырмалары арқылы іске қосылып, тоқтатылады. «START» батырмасы басылғанда конвейер іске қосылады және бөтелке Д1 датчигіне дейін жетеді. Конвейер тоқтайды, бөтелкеге сусын құятын механизм (М1) іске қосылады. Механизмнің бастапқы және соңғы жағдайын Д2 және Д3 датчиктері қадағалайды. Сусын белгіленген мөлшерге жеткенде Д4 датчигі бөтелкенің толғаны жайлы сигнал береді және лампа жанады (Л). Кейін конвейер Д5 датчигіне жеткенше қозғалысын жалғастырады. Д5 датчигінен сигнал жеткенде механизм (М2) затбелгіні 5 секунд (Т) жапсырады. Осыдан кейін қаптау процесі басталады. Бір қаптамада 6 бөтелке болуы тиіс, олардың санын санауыш (С) санайды. Санауыш Д6 датчигі сигнал бергенде жұмысын бастайды. Мөлшеріне жеткен кезде механизм (М3) бөтелкелерді қаптайды. Механизмнің бастапқы және соңғы жағдайын Д7 және Д8 датчиктері қадағалайды. Сонымен қатар қол режимінде «авт/қол» батырмасы арқылы басқарылады. Қол режимінде «алға» және «артқа» батырмалары арқылы конвейерді басқару мүмкін.

 

 

1.2. Автоматтандыру жүйесінің құрылымдық сұлбасын жасау

 

Автоматтандыру жүйесінің құрылымдық сұлбасын жасау кіріс және шығыс сигналдардың түрлерін (аналогты немесе дискретті) және санын анықтау үшін жасалады.

Кіріс элементтері ретінде:

«START» және «STOP» батырмалары, қол режиміндегі «алға» және «артқа» батырмалары;

Д1,Д2,Д3,Д4,Д5,Д6,Д7,Д8 – датчиктері.

Орындаушы элементтер ретінде конвейер (К), М1,М2,М3 – орындаушы механизмдері және лампа (Л) жатады.

 

START K

STOP

Д1 M1

Д2 M2

CPU
Д3 M3

Д4

Д5

Д6 Л

Д7

Д8

Авт/қол

алға

артқа

 

1- сурет. Құрылымдық сұлба

 

 

1.3. Автоматтандырудың электрлік сұлбасын жасау

Автоматтандырудың электрлік сұлбасын құрастыру Siemens фирмасының құжатты каталогы негізінде орындалады. Каталогтың құжаттарынан контроллердің фронталды байланыстар сұлбасын көшіріп, тапсырма бойынша таңдалған құрылғыларды ғана қосып, электрлік сұлбаны құрастыру қажет. Контроллердің фронталды байланыстар сұлбасы әртүрлі болады, солардың ішінен құрылымдық сұлбасына негізделіп дискретті, аналогты сигналдарды қосу сұлбаларын алу керек.

 

2- сурет. Электрлік сұлбасы

Қорытынды

 

Қорыта келгенде, біз бұл курстық жұмыста есепті бейнеледік. Сонымен қатар оны зерттей отырып,біз автоматтандыру жүйесінің құрылымдық сұлбасын жасау кіріс және шығыс сигналдардың түрлерін (аналогты немесе дискретті) және санын анықтау үшін жасалатындығын ескердік. Кейін автоматтандырудың электрлік сұлбасын жасадық. Бұл жұмыс курстық жұмыстың бірінші тапсырмасы болып табылады.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Петров И.В. Программируемые контроллеры. Стандартные языки и приемы прикладного проектирования / Под ред. Проф. В.П.Дьяконова.-М.:СОЛОН-Пресс,2004.-256с:ил.-(Серия «Библиотека инженера»).

2. Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер.А.Ә.Көпесбаева, Г.Ж.Бигельдиева. – Алматы:АЭжБИ, 2010-22б.

3. Басқару жүйелеріндегі микропроцессорлық кешендер.А.Ә.Көпесбаева.Дәрістер жинағы – Алматы:АЭжБИ, 2009-47б.

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.005 сек.)