АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Эпидемиологиясы. Еңбекке жарамды халық ішінде соқырлыққа әкелетін басты себеп

Читайте также:
  1. Эпидемиологиясы
  2. Эпидемиологиясы
  3. Эпидемиологиясы
  4. Эпидемиологиясы
  5. Эпидемиологиясы
  6. Эпидемиологиясы
  7. Эпидемиологиясы
  8. Эпидемиологиясы
  9. Эпидемиологиясы
  10. Эпидемиологиясы
  11. Эпидемиологиясы

Еңбекке жарамды халық ішінде соқырлыққа әкелетін басты себеп. ҚД-мен сырқаттанған науқастарда соқырлықтың даму қаупі жалпы популяциямен салыстырғанда 10–20 есе жоғары. ҚД-1 түрінде 5 жылдан кейін — науқастардың 8%-да, 30 жылдан кейін — 98%-да анықталады. ҚД-2 диагностикалау барысынла науқастардың 20–40%-да, ал 15 жылдан кейін — 85%-да көрініс береді. ҚД-1 кезінде салыстырмалы түрде жиі пролиферативті ретинопатия, ал ҚД-2 — макулопатия (75 % макулопатия жағдайларында) анықталады.

 

Клиникалық көрінісі

Жалпылай қабылданған жіктемеге сай ДР-ның 3 сатысын ажыратады (7.18 кесте).

 

Диагностикасы

Торлы қабықты суретке түсірумен сипатталатын тікелей офтальмоскопиямен офтальмологиялық тексеру ҚД-1-мен сырқаттанған науқастардың барлығына дерлік сырқаттың манифестациясынан 3–5 жылдан кейін, ал ҚД-2-мен сырқаттанған науқастарға анықталғаннан бастап тағайындалады. Мұндай зерттеуді жыл сайын қайталап отыру қажет.

 

7.18 кесте.Диабеттік ретинопатияның жіктемесі

ДР сатылары Тән өзгерістер
Пролиферативті емес Торлы қабықтағы микроаневризмалар, қан құйылулар, ісіну, экссудативті ошақтар. Қан құйылулар үлкен емес нүкте, штрихтар немесе дөңгелек формалы дақтар түрінде көз түбі ортасында немесе торлы қабықтың терең қабаттарында ірі көктамырлар бойында орналасады. Қатты және жұмсақ экссудаттар көз түбінің орталығында орналасып, сарғыш немесе ақшыл түске ие болады. Бұл сатының басты элементі макулярлы аймақта және ірі қантамырлар бойында орналасатын торлы қабықтың ісінуі болып табылады (7.11 а сурет)
Препролиферативті Көктамырлық аномалиялар: тәспі тәрізді, иректелген, екі еселенген және көлемі өзгерген қантамырлар. Көп мөлшерде қатты және «мақталы» экссудаттар. Интраретинальді микроқантамырлық аномалиялар, көптеген ірі ретинальді геморрагиялар (қан құйылулар) (сурет 7.11 б)
Пролиферативті Көру жүйкесі дискісінің және торлы қабықтың басқа бөлімдерінің неоваскуляризациясы, шыны тәрізді денеге қан құйылу, преретинальді қан құйылу аймақтарында фиброзды тіннің түзілуі. Жаңа түзілген қантамырлар өте жіңішке және нәзік, сондықтан жиі қан құйылулар дамиды. Витреоретинальді тракциялар торлы қабықтың сыдырылуына әкеледі. Нұрлы қабықта дамыған жаңа қантамырлар (рубеоз) жиі екіншілік глаукоманың дамуына себеп болады (7.11 в сурет)

Салыстырмалы диагностикасы



ҚД-мен сырқаттанған науқастарда дамитын басқа да көз аурулары.

 

Емі

Диабеттік ретинопатияның басқа да асқынуларды емдегендей басты емдеу қағидасы ҚД-нің оңтайлы компенсациясы болып табылады. Диабеттік ретинопатины емдеудің және соқырлықтың алдын алудың ең әсерлі әдісі-лазерлі фотокоагуляция. Лазерлі фотокоагуляцияның басты мақсаты гемофтальм, торлы қабықтың тракционды сылынуы, нұрлы қабықтың рубеозы және екіншілік глоукома секілді асқынуларға әкелетін жаңа түзілген қантамырлардың функциясын жою болып табылады.

 

 

‡агрузка...

7.11 сурет.Диабеттік ретинопатия:

а) пролиферативті емес; б) препролиферативті; в) пролиферативті

7.11 сурет Ретинальные геморрагии-ретинальды геморрагиялар Твердые экссудат.очаг- қатты экссудативті ошақтар Формирование мягких экссудатив.очагов- жұмсақ экссудативті ошақтардың қалыптасуы Извитость сосудов- қантамырлардың иректелуі Мягкий экссудатив.очаг- жұмсақ экссудативті ошақтар Ретинальные геморрагии- ретинальды геморрагиялар Папиллярно новообразованные сосуды в области диска зрительного нерва- көру жүйкесінің дискісі маңындағы папиллярлы жаңа тамырлар Рост новообразованных сосудов- жаңа түзілген тамырлардың өсуі Вены неравномергого калибра- біркелкі емес калибрлі веналар

 


1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 |


При использовании материала, поставите ссылку на Студалл.Орг (0.006 сек.)