АвтоАвтоматизацияАрхитектураАстрономияАудитБиологияБухгалтерияВоенное делоГенетикаГеографияГеологияГосударствоДомДругоеЖурналистика и СМИИзобретательствоИностранные языкиИнформатикаИскусствоИсторияКомпьютерыКулинарияКультураЛексикологияЛитератураЛогикаМаркетингМатематикаМашиностроениеМедицинаМенеджментМеталлы и СваркаМеханикаМузыкаНаселениеОбразованиеОхрана безопасности жизниОхрана ТрудаПедагогикаПолитикаПравоПриборостроениеПрограммированиеПроизводствоПромышленностьПсихологияРадиоРегилияСвязьСоциологияСпортСтандартизацияСтроительствоТехнологииТорговляТуризмФизикаФизиологияФилософияФинансыХимияХозяйствоЦеннообразованиеЧерчениеЭкологияЭконометрикаЭкономикаЭлектроникаЮриспунденкция

Кіріспе. 1 Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. Кіріспе
  7. Кіріспе
  8. Кіріспе
  9. Кіріспе
  10. КІРІСПЕ
  11. Кіріспе

ЖОСПАР

 

Кіріспе. 3

1 Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы.. 3

Төңкеріс алдындағы Англия. 3

Төңкерістің орын алу себептері 5

Индепенденттік республика және Кромвельдің протектораты.. 8

революция және оның салдары.. 9

2 ХVІІ ғасырдағы Англия. 9

Қорытынды.. 11

Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе

Қазіргі замандағы Ұлыбритания (Great Britain) немесе Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдығы (The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Батыс Европада орналасқан аты әлемге мәшһүр мемлекет. Бұл мемлекет «Үлкен жетілік» елдерінің құрамына және ядролық клубқа мүше ел болып табылады.

Бұл елдің әлемдік мемлекет пен құқыққа қосқан үлесі өте мол. Қазіргі таңдағы ең жан-жақты жетілген әрі орнықты мемлекетті басқару жүйесі де осы ағылшындарда десек қателесе қоймаймыз. Сондықтан осы елдің мемлекеті мен құқығының даму тарихына аса мән бергеніміз жөн.

Осы жұмысымыз ағылшын-саксондық құқық жүйесін зерделеуге, оны ой елегінен өткізуге арналған. Сонымен қатар буржуазиялық мемлекеттің орнауына еңбек сіңірген Оливер Кромвельдің қарама-қайшылықты өмір тарихынан біршама хабардар боламыз және Англияның буржуазиялық кезеңге өтудегі тап болған тарихи қысылтаяң, тар жол тайғақ кешу заманасына көз жүгіртіп құқығының даму үрдісін пайымдаймыз.

 

1 Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы

Төңкеріс алдындағы Англия

1640 жылғы Англиядағы буржуазиялық төңкеріс бүкіл дүниежүзілік тарихқа әсерін тигізіп, халық өмірін жоғары нысандағы қоғамдық саяси ұйымға келтірді. Англияның төңкерісі буржуазиялық төңкеріске жатады. Бұл жағдайды өнеркәсіптің ауыстырылуы және басқа қанаушы таптар билікті өз қолына алды деп түсінуге болады. Ағылшын буржуазиялық төңкерісінің феодализмнің дамуына байланысты көп ерекшеліктері бар болатын. Төңкеріс кезінде Англияның мемлекеттік құрылысы аяқталмаған шексіз феодалдық монархияға жататын. Корольдің билігі шексіз бол­са да, ол парламентті таратқан жоқ еді. Англияның жергілікті өзін-өзі басқару органдары демократиялық принциптерін сақтаған болатын және қуатты төрелік сот өзінің қызметтерін тоқтатқан жоқ еді. Феодализмнің капитализмге өтуін тоқтатқан және шектеген бірталай жағдайлар болған еді. Оларды түсіндіру үшін орта ғасырлардың құқықтық нормалары мен әдеттері туралы айтқанымыз дұрыс. Буржуазияның наразылығын туғызған феодалдық монополиялар. Олар сауда қызметтерін еркін жүргізгісі келетін, бірақ король патенттерінің бәрін өзі сататын. Ал патентсіз сауда жасауға немесе өнеркәсіп ашуға бір де бір адамдарының құқықтары болмайтын еді. Корольге патенттерді сатып өзінің қазынасын толтыратын осындай жүргізген саясаты пайдалы екені анық.

ХVІІ ғасырдың басында Англия Еуропаның басқа елдеріне қарағанда әлдеқайда жақсы дамыды. Ауқымды колониалдық отарлау саясаты, дамыған мануфактуралық және жеңіл өнеркәсіп мемлекеттің әлемдік нарықтағы алғашқы орындардың бірін иеленуіне жағдай жасады. Елде екі шаруашылық нысаны сақталды: капиталистік және феодалдық. Капиталистік шаруашылықтың артықшылықтары көп болды, себебі, қауымдық жерлерді жинақтаудың нәтижесінде шаруаларды жаппай жерінен айыру процесі жүргізілді. Абсолютизм жерінен айырылған мыңдаған шаруаларды жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алмады. Ол әлеуметтік тұрғыда былай көрініс тапты: мемлекет халқының оннан тоғыз бөлігі парламенттік сайлауларға қатысу құқығынан айырылған тұлғаларды құрады. Ер адамдардың тек оннан бір бөлігін ғана басқаруға қатыса алатын джентельмендер, бюргерлер және ауқатты шаруалар құраған. Дворяндар табы да өз құрамы бойынша біртектес болған жоқ: оларды ескі дворяндар және жаңа дворяндар немесе джентри құрады. Жаңа дворяндар өзінің шаруашылық нысанына байланысты буржуазия болып табылды. Халықтың әртүрлі таптары тартылған революцияның болуына жағдай туды.

Төңкерістің алдында Англияның әлеуметтік жағдайы да өте қызық еді. Олардың дворяндар топтары екіге бөлінетін. Бұндай жағдай басқа да Еуропа мемлекеттерінде болған еді. Мысалы, Францияда дворяндар ескі және жаңа дворяндарға бөлінеді. Бірақ Англиядағы жағдай ерекше қалыптасты. Жаңа дворяндар джентри деп аталды. Олар ақсүйектерге жатпайтын, дворян атағын сатып алушы адамдар еді, сондықтан олар жерлерін таза пайдаланғаннан басқа, өнеркәсіппен немесе саудамен де айналысатын.

Төңкерістің орын алу себептері

Халықтың көпшілік бөлігінің және қалыптасып келе жатқан буржуазияның көңілі толмауының себептерінің бірі болып І Карл Стюарттың (1600-1644 ж.ж.) католик дініне сенетін француз ханшайымына үйленуі болды. Протестанттық Англия корольдің бұл әрекетін Рим Папасымен одақтасуға ұмтылысы деп түсінді.

Шиеліністің қатысушылары болып, бір жағынан, король, екінші жағынан, корольге қарсы буржуазиялық оппозицияның жағында болған парламент табылды. 1628 жылы парламент корольге Құқық туралы петицияны ұсынды. Құжатта І Эдуард пен ІІІ Эдуардтың заңдары бұзылғандығы аталып өтті, бұл заңдарға сәйкес парламенттің келісімінсіз ешқандай салықтарды енгізуге болмайтын. Сонымен қатар, петицияда жерге жеке меншікті патшаның шенеуніктерінің қол сұғуынан қорғалмау фактісі көрсетілді. Ұлы еркіндік хартиясына сілтеме жасай отырып, петицияда ешбір ағылшындық азаматтың сот үкімінсіз ұсталуына, түрмеге қамалуына, жерінен айырылуына және қудалануына жол берілмейтіндігі аталып өтті. Бесінші бапта, “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы комиссияның” (саяси трибунаның) қызметтері де жалпы құқық соттарына бағынбастан, Хартияға қайшы келетіндігі көрсетілді. Сонымен қатар, петицияда солдаттар мен матростардың бейбіт халықтың жанында орналасуына және әскери жағдайды енгізуге қарсылық білдірілді. Мемлекеттің әдет-ғұрпына қайшы шығарылған көптеген өлім жазалары және жоғарғы шенеуніктердің жазасыздығы да Петицияда көрініс тауып, сынға алынды.

Оныншы бапта қорытындылай келе, төменгі палата парламенттің келісімінсіз ешбір салықтарды енгізбеуді және ешкімді сотсыз қамауға алмауды сұрады. Негізгі мазмұны бойынша Петицияда жаңа артықшылықтарды бекіту емес, бұрынға құқықтар мен бостандықтарды қалпына келтіру талап етілді.

І Карл петицияны бекітуге мәжбүр болды — ол заңға айналды. 1629 жылы король мен парламенттің арасында жаңа қақтығыс орын алды. Осы кезде І Карл парламентті таратып, мемлекетті өзі жалғыз басқара бастады. Корольдің үстемдігінің күшеюі елде революциялық жағдайдың туындауына алып келді.

Революциялық қозғалыстың идеологиялық негізі болып пуританизм нысанындағы Реформация идеологиясы табылды. Пуританизм діни ағым ретінде елдегі революциялық жағдайдан әлдеқайда ертерек пайда болған, алайда, ХVІІ ғасырдың 20-30 жылдарында абсолютизмге қарсы оппозицияның идеологиясына айналды. Революция барысында пуританизм біртіндеп жойылды.

Пресвитерианство ірі буржуазия мен ақсүйектерді біріктірді, конституциялық монархия идеяларын уағыздады. Индепенденттік қауым орта және ұсақ буржуазия қатарынан жақтаушыларды тапты. Жалпы алғанда олар конституциялық монархия идеясына қарсы болмады, бірақ, парламенттегі өз жақтаушыларының санын көбейту және еркін адамның ар-ождан және сөз бостандығын тану үшін сайлау округтерін қайта бөлуді талап етті. Левеллерлердің қозғалысы айрықша радикалдық сипатта болды, бұл қозғалыс қолөнершілер мен еркін шаруаларды біріктірді, олар республиканың орнауын және барлық азаматтардың теңдігін талап етті.

1629-1640 ж.ж. патша билігінің үстемдік құруымен сипатталды, себебі, бұл кезде парламент таратылған болатын. Мұның нәтижелерінің бірі ретінде Шотландиядағы қарулы көтерілісі табылды, шотландықтардың Англияға басып кіру қаупі туды.

Әскери сәтсіздіктер және қаржының жетіспеушілігі І Карлды парламентті шақыруға мәжбүр етті, бұл парламент 1640 жылдың 13-сәуірінен 5-мамырына дейін жұмыс істеді және ол тарихта Қысқа парламент деген атқа ие болды. Қауымдар палатасы патшаның шотландықтармен соғысын қаржыландырудан бас тартты және І Карлдың саясатын талдап қарастыруға көшті. Жалғызілікті басқару жылдарында І Карл парламентті таратып жіберді, осы әрекеті арқылы ол өз жағдайын одан әрі нашарлата түсті.

Бұл парламентті патша 1640 жылдың қараша айында шақырды, ол 1652 жылға дейін жұмыс істеді, сол себепті де, ол Ұзақ парламент деген атқа ие болды. Парламент Конституциялық деп аталған революцияның (1640 ж. 3-қараша — 1642 ж. 22-тамыз) бірінші кезеңінің басталуына әсер етті. Ұзақ парламент парламенттің патшаның еркіне қарамастан әрбір үш жыл сайын шақырылуын көздеген үшжылдық акт және парламентті оның (парламенттің) келісімінсіз таратуға тыйым салған акт сияқты маңызды құжаттарды қабылдады. Арнайы актімен “Жұлдызды палата” мен “Жоғарғы комиссия” таратылды.

1641 жылы 1-желтоқсанда Ұлы Ремонстрация қабылданды, мұнда Англиядағы дін мен мемлекеттік құрылымды өзгертуге талпыныс жасаған “жаман ниетті партиямен” байланысты қауіп аталып өтті. Бұл “партияның” әрекеттері ретінде Шотландиядағы соғыс, Ирландиядағы көтеріліс және патша мен парламенттің арасындағы шиеленіс түсіндірілді. Ремонстрацияда епископтарды лордтар палатасынан аластату және шіркеуге қатысты реформалар жүргізу, сонымен қатар, қауымдық жерлерді жинауға және салық алудағы патша билігінің кемшіліктерін жоюға тыйым салу талап етілді.

Ұзақ парламент қабылдаған барлық актілер патша билігін шектеді, оларды патша бекіткенімен, шиеленіс шешілмеді. Нәтижесінде патша мен парламенттің арасындағы азаматтық соғысқа алып келді. Патша Оксфордқа көшіп кетті, сөйтіп, мемлекетті іс жүзінде Лондон мен Оксфордтағы екі үкімет басқарды.

Бұл соғыс екі кезеңге бөлінді: 1) парламенттік әскерді басқару пресвитериандардың қолында болған кезең және 2) индепенденттердің қолында болған кезең. Парламенттік әскердің патша әскерімен соғысындағы алғашқы сәтсіздіктер оны генерал О. Кромвельдың (1599-1658) “Жаңа үлгісі” бойынша қайта құрылуына әкеп соқты. Индепендент болғандықтан, О. Кромвель жоғарғы лауазым орындарын индепенденттік қауымға берді. Әскери басшылықтан ақсүйектерді аластату үшін парламент мүшелеріне әскерде басшылық қызмет атқаруға тыйым салатын “Өздігінен бас тарту туралы биль” қабылданды. 1645 жылы патша әскері соғыста ойсырай жеңілді. І Карл Шотландияға қашып, ол жақтан парламентке берілді.

Парламент пен әскер арасындағы қақтығыс пресвитериандар мен индепенденттердің және басында көсемі Джон Лильберн тұрған олардың радикалды қанаты левеллерлердің революцияның мақсатына жету жолдарына қатысты әртүрлі көзқарастарының нәтижесінде өрши түсті. 1648 жылы көктемде патша мен пресвитериандық парламенттің арасындағы екінші азаматтық соғыс басталды. Индепенденттік әскер левеллерлердің (радикалық-революциялық қанат) арқасында жеңіске жетті. О. Кромвель парламенттен пресвитериандарды қуды, ал парламенттің қалған мүшелері толығымен оған бағынды.

Индепенденттік республика және Кромвельдің протектораты

1649 жылы патшаны өлтірілген соң парламент Англияны республика ретінде жариялады. Лордтар палатасы жойылды, ал қауымдар палатасы өздерін жоғарғы биліктің иесі ретінде жариялады. Атқарушы жоғарғы орган ретінде Мемлекеттік кеңес құрылды.

Индепенденттер мен левеллерлердің арасында бұл оқиғаларға дейін бекітілген “Халықтық келісімде” келесі әрекеттер мақсаттар ретінде көзделді: Ұзақ парламентті тарату, барлық ер адамдардың қатысуымен жаңа сайлауларды ұйымдастыру, барлығының заң алдындағы теңдігі және т.б. Алайда, Кромвель үшін “Халықтық келісім” әрекеттердің шынайы бағдарламасы емес, айлалық мойынұсыну болып табылды. Мұны білген левеллерлер бірнеше әскери бөлімдердің қолдауымен көтеріліс бастады. Бірақ, Кромвель көтерілісті басып тастады. 1653 жылы парламенттен қолдау таппаған Кромвель оны таратып жіберді.

1653 жылдың соңында О.Кромвельдің диктатурасын нығайта түскен “Басқару қаруы” атты конституция қабылданды. Бұл актіге сәйкес жоғарғы заң шығару билігі лорд-протектор мен бір палаталы парламентке тиесілі болды. Атқарушы жоғарғы билік лорд-протектор мен құрамында 13-тен 21-ге дейін мүшесі бар Мемлекеттік кеңеске берілді. Кейінірек Кромвель парламентті шақыруды тоқтатты және Мемлекеттік кеңестің мүшелерін өз қалауы бойынша тағайындайтын болды. 1657 жылы парламенттің жоғарғы палатасы қалпына келтірілді. Осылай, Кромвельдің өзіндік диктатурасы революциялық көтерілістерді басып тастады — мемлекетте республиканың орнына монархияға ұқсас жалғызілікті билік орнады.

революция және оның салдары

Жаңа патша ІІ Яков (1633-1701) буржуазияға қарсы саясатты жүргізді, сөйтіп, парламент вигилармен біріге отырып (парламенттің құрамында негізінен торилар болатын), “революцияны” жүзеге асырды. 1689 жылы таққа Нидерланды штатгальтері Вильгельм Оранский (1650-1702) отырды. Осы кезден бастап Англияда конституциялық монархия түбірімен орнады. Жаңа патша, таққа отырған соң, “Құқықтар туралы биллді” бекітті, оның негізгі мәні парламенттің заңнама саласындағы үстемдігін бекітуде болды. Алайда, патшада парламенттің заң жобаларына абсолюттік вето құқығы сақталып қалды.

1701 жылы конституциялық заң — “Тақты мұрагерлікке алу туралы заң” қабылданды. Бұл заң екі маңызды ережені орнықтырды: контрассигнатура ережесі, оған сәйкес, патшаның заң шығару актілері тек министр бекіткенде ғана күшіне енетін, және соттардың ауыстырылмайтындығы еді.

2 ХVІІ ғасырдағы Англия

Парламент екі палаталы болды: жоғарғы палата (лордтар палатасы), өз орнын мұрагерлік бойынша, немесе лауазымы бойынша, немесе патшаның тағайындауы бойынша иеленген тұлғалардан құралды; төменгі палата (қауымдар палатасы), сайлау құқығының негізінде құрылды.

1710 жылы арнайы заң қабылданды, оған сәйкес, жылжымайтын мүліктен селолық жерлерде 500 фунт стерлинг, қалалық жерлерде 300 фунт стерлинг табыс табатын тұлғалар ғана парламентке сайлана алатын. 1707 жылы патшаның вето құқығы тоқтатылды, сөйтіп, заң шығару билігі толығымен парламентке тиесілі болды. 1716 жылы парламенттің төменгі палатасының өкілеттіктерінің мерзімін 3 жылдан 7 жылға ұзартқан заң қабылданды. Осы кезде министрлер кабинеті — мемлекеттік құрылымда ерекше орынды иеленген орган құрылды, себебі, бұл орган патшаның атқарушылық билігін шектейтін болды.

Патшаның министрлер кабинетіне әсер етуін әлсіреткен маңызды ереже болып патшаның жоғарғы мемлекеттік лауазымды тұлғаларды тағайындау және қызметінен босату құқығын шектеу табылды, бұл парламент пен саяси партиялардың күшеюіне алып келді. Патша парламенттік көпшіліктің көзқарасымен санасуға мәжбүр болды. Мысалы, 1727 жылы ІІ Георг 1721-1742 ж.ж. премьер-министрді қызметінен босатты, алайда, бұл әрекетті парламент қолдамаған соң оны қайтадан билікке шақыруға мәжбүр болды.

Патшаның министрлер кабинетіне қатысты билігінің әлсіреуімен қатар парламент тарапынан бақылау күшейе түсті. ХVІІІ ғасырдың ортасында мынадай маңызды қағида қалыптасты: министрлер кабинеті парламенттен қолдау тапқанда ғана билік басында болатын. Құрамына парламенттік көпшіліктің (партияның) бетке ұстарлары кірген кабинетке парламент тарапынан қолдау қамтамасыз етілетін. Осылай, кабинет партиялық негізде құрылатын болған. Үкіметтің құрамына кірген парламенттегі партияның лидерлері қауымдар палатасының алдында ұжымдық түрде жауапкершілікте болатын. “Жауапкершілікті үкімет” — ХVІІІ ғасырдың соңындағы Англияның парламенттік жүйесінің айрықша белгісі болған.

 

 

Қорытынды

Англиядағы буржуазиялық революцияның жеңіске жетуі жаңа құқықтық (буржуазиялық) жүйенің қалыптасуына алып келді, бұл жүйе жаңа экономикалық қатынастарды реттеуге бағытталған болатын.

Буржуазиялық қоғамда ерекше орынды шарт иеленеді. Кәсіпкерлер арасындағы, кәсіпкерлер мен жұмысшылар және т.б. арасындағы қатынастар шарттық негізде қалыптасады. Кез келген шартты бекітудің алғышарттары болып жеке бас бостандығы бар тұлғалардың заңды түрдегі теңдігі мен жалпы құқыққабілеттілік табылады. Заңды теңдік қағидасымен заңдылық қағидасы тығыз байланысты, бұл қағида бірдей құқықтар мен міндеттерді, және заң алдындағы бірдей жауапкершілікті білдіреді. Осы ережелердің барлығы буржуазиялық құқыққа жалпы мағына берген.

Сонымен қатар, буржуазиялық құқықтың шегінде екі негізгі құқық жүйелері байқалады: континенталдық және ағылшын-саксондық. Құқықтың континенталдық жүйесі француздық және германдық құқықтың әсерімен қалыптасты, ал бұл құқықтарға, өз кезегінде, рим құқығы ерекше әсер етті.

Ағылшын-саксондық құқықтық жүйесі Англияда ХІ-ХІІ ғасырларда пайда болған жалпы құқыққа негізделеді. Құқықты жеке және жариялық деп бөлу бұл құқық жүйесіне тән емес, сонымен қатар, материалдық және процессуалдық құқықтар да аса ажыратылмаған. Құқық салалары да нақты анықталмаған. Және бұл құқық жүйесінде кодификация орын алмаған.

Құқықтың ағылшын-саксондық жүйесінің елдерінде құқықтың негізгі қайнар көзі сот прецеденті болып табылады, ол барлық соттар үшін ұқсас істерді қарау барысында міндетті болып табылды. Сот құқықты жасайды, алайда, жалпы емес, казустық нормаларды, яғни, нақты бір істі шешуге арналған ережелерді шығарады. “Құқық” және “заң” түсініктері бір мағынаны білдірмейді. Парламенттік заң елдің құқығына оны сот қолданған және түсіндірген жағдайда ғана айналған. Бұл елдерде конституциялық әдет-ғұрыптар мен келісімдер де ерекше орынды иеленген. Келісімдер мемлекеттік билікті жүзеге асыру саласында аса кең қолданылатын.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999ж.

2. Булгакова Д. А. Истаев А. Ж.Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы, Алматы, 2004 ж.

3. Всеобщая история государства и права – Под ред. К.И. Батыра – М., 1993

4. Федоров К.Г., Лисневский Э.В. История государства и права зарубежных стран. Ч 1- Ростов на Дону 1994

 

 


Поиск по сайту:



Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Студалл.Орг (0.01 сек.)